Анаэробты байланысты процесс жайлы мәлімет



Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Ағынды сулардағы тұнбаларды анаэробты өңдеу
1.2 Анаэробты процесте қолданылатын арнайы қондырғылар
1.3 Анаэробты тазарту қондырғыларын бақылау әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі уақытта ағын суларды анаэробты жолмен тазарту кеңінен дамымаған. Ағын суды тазартуда қолданылатын анаэробты процестерді аэробы процестермен салыстырғанда біршама артықшылығы бар. Негізгісі, биомасса көлемінің өсуі барысында ластаушы заттардан көмірсудың түзілу деңгейі жоғары және қосымша құнды өнім – биогаз алынады.
Анаэробты өңдеудің кең таралған жəне жоғары деңгейлі технологиясы –ағынды судағы тұнбаларды ыдырату. Концентрацияланған тұнба ағынды суды аэробты тазалаудың бірнеше сатыларында түзіледі, яғни; торлардағы қатты зат бөлшектерін бөліп алу, біріншілік тұндырғышта жəне қалдықтарды екіншілік тазалау сатысында.
Өнеркәсіптік төгінділерді тазартқан кезде анаэробты әдістер көбінесе аэробты әдістердің алдында жүреді. Қалдықтардың ыдырауы арнайы қондырғыларда-метантенктерде жүзеге асырылады. Егер бір мезгілде асылып түрған заттарды тұндыру және оларды быжуға ұшырату қажет болса, септитенктерді эәне эмшрлерді пайдаланады.
1. Джусупова Д.Б. Экологиялық биотхнология: Оқулық- Алматы:2013.-177-183 беттер.
2. Молдабаева Ж.К. Экологиялық биотехнология: Биотехнология мамандығы үшін.- Семей,2008.-23 б
3. Әлмағамбетов Қ.Х. Биотехнология негіздері.-Астана, 2007.-208 бет.
4. Жұбанова А.А., Абдиева Ж., Шөпшібаева Қ. К. Биотехнология негіздері.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-256 б.

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:Анаэробты байланысты процесс

Орындаған: Ашкенова З.Н.
Тексерген: Кабденова А.Т

Семей қ. 2015 ж
Мазмұны

Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Ағынды сулардағы тұнбаларды анаэробты өңдеу
1.2 Анаэробты процесте қолданылатын арнайы қондырғылар
1.3 Анаэробты тазарту қондырғыларын бақылау әдістері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Қазіргі уақытта ағын суларды анаэробты жолмен тазарту кеңінен дамымаған. Ағын суды тазартуда қолданылатын анаэробты процестерді аэробы процестермен салыстырғанда біршама артықшылығы бар. Негізгісі, биомасса көлемінің өсуі барысында ластаушы заттардан көмірсудың түзілу деңгейі жоғары және қосымша құнды өнім - биогаз алынады.
Анаэробты өңдеудің кең таралған жəне жоғары деңгейлі технологиясы - ағынды судағы тұнбаларды ыдырату. Концентрацияланған тұнба ағынды суды аэробты тазалаудың бірнеше сатыларында түзіледі, яғни; торлардағы қатты зат бөлшектерін бөліп алу, біріншілік тұндырғышта жəне қалдықтарды екіншілік тазалау сатысында.
Өнеркәсіптік төгінділерді тазартқан кезде анаэробты әдістер көбінесе аэробты әдістердің алдында жүреді. Қалдықтардың ыдырауы арнайы қондырғыларда-метантенктерде жүзеге асырылады. Егер бір мезгілде асылып түрған заттарды тұндыру және оларды быжуға ұшырату қажет болса, септитенктерді эәне эмшрлерді пайдаланады.


3.1 Ағынды сулардағы тұнбаларды анаэробты өңдеу
Көп мөлшерде органикалық қосылыстардан тұратын қалдықтарды анаэробты жағдайда ыдыратуға болады. Анаэробты өңдеудің кең таралған жəне жоғары деңгейлі технологиясы - ағынды судағы тұнбаларды ыдырату. Концентрацияланған тұнба ағынды суды аэробты тазалаудың бірнеше сатыларында түзіледі, яғни; торлардағы қатты зат бөлшектерін бөліп алу, біріншілік тұндырғышта жəне қалдықтарды екіншілік тазалау сатысында.
Ағынды сулардағы тұнбаларын өңдеуде келесі кезеңдер қамтылады:
1. Метанды биоценоздың дамуы. Бұл кезеңде тұнбаның құрамындағы
қатты бөлшектері, əртүрлі бактериялар синтездейтін, гидролаза класының жасушадан тыс ферменттерінің (протеолитикалық, липолитикалық, жəне кейбір целлюлозалитикалық) əсерінен дисперсияланады немесе солюбилизденеді. Кейін, рН 4,0-6,5 ортада тіршілік ететін факультативті анаэробты, гетеротрофты қышқыл түзуші бактериялардың əсерінен, ерігіш органикалық заттардан май жəне ұшқыш қышқылдардың микробтық синтезделу реакциясы қарқынды жүреді.
2. Ферментация. Ферментация үдерісі облигатты анаэробты метан
түзуші бактериялардың қатысумен жүзеге асады. Мұндағы негізгі субстрат - сірке қышқылы.
Метан түзуші бактериялар құрылымы көп көміртекті субстараттарды ашытуға қабілетсіз, сондықтан анаэробты жағдайда микроорганизмдердің аралас дақылдарының əсерінен биогаз түзілуімен аяқталады. Бұл органикалық заттардың ыдырау үдерісін - метандық ашу деп атайды. Негізінде бұл ашу емес, ол электронның соңғы акцепторы - көмірқышқыл газы түзілетін анаэробты тыныс алу үдерісі екені дəлелденген. Бұл үдерістің энергиялық тиімділігі - түзілген метанның бір молінен екі моль АТФ құралады. Алынған биогаздың жылу беру қабілеттілігі табиғи газдан төмен (5800-6700 ккалм3 )болғанымен (табиғи газ жылуы 8900ккалм3), бірақ қазіргі кезде отын бағасының көтерілуіне байланысты, биогазға көбірек көңіл бөлінуде. 1983 жылы ҚХР-да биогазды қондырғылардың 7 млн. Түрі жұмыс істеп, 60-80 млн тонна шикі мұнайдың орнына жұмсалынып, 30 млн. шаруа адамдарды отынмен қамтамасыз етуге жеткен. АҚШ-да биогазды қала қоқыстарындағы қатты қалдықтарды өңдеу арқылы алады. Тұнбаны анаэробты өңдеуден кейін сусыздандырып, кептіріп, тыңайтқыш ретінде қолдануға болады, жинап қойылады, немесе жағып жіберіледі. Алынған тұнба құрамын анықтау мақсатындағы сараптамаларды арнайы зертханаларда жүргізеді.
1.2 Анаэробты процесте қолданылатын арнайы қондырғылар
Органикалық қалдықтар да анаэробты әдіспен зарарсыздандырыла және ішінара минералдана алады. Аэротенктерде түзілетін белсенді лайдың артық мөлшері, бастапқы тұндырғыштардағы тұнбалар, сондай-ақ кейбір, құрамында өте жоғары концентрациядағы органикалық заттар бар өнеркәсіптік төгінді сулар быжып ашуға ұшырайды. Өнеркәсіптік төгінділерді тазартқан кезде анаэробты әдістер көбінесе аэробты әдістердің алдында жүреді. Қалдықтардың ыдырауы арнайы қондырғыларда-метантенктерде жүзеге асырылады. Егер бір мезгілде асылып түрған заттарды тұндыру және оларды быжуға ұшырату қажет болса, септитенктерді және эмшрлерді пайдаланады.
1-Сурет. Септитенк
Септитенктер, немесе шірік тұндырғыштар осылар арқылы төгінді сұйықтық баяу (1-4 тәулік ішінде) ағып өтетін резервуарлар болып келеді. Бұл кезде түсетін тұнба кейін ұзақ уақыт (6-12 ай) ішінде анаэробты ыдырайды. Бір мезгілде оның зарарсыздануы және тығыздалуы жүреді. Быжыған кезде нашар иіс шығаратын газдар бөлінеді. Септитенктің ішіндегісі газдың шығарылған көпіршіктерінен, лай бөлшектерінен және онда дамыған микроорганизмдерден- көпшілік бөлігінде зеңді саңырауқұлақтардан тұратын қыртыспен жымылады. Қыртыстың астындағы су органикалық қосылыстардың анаэробтық ыдырауының іртүрлі өнімдеріне қанығады. Оны әрі қарай тазарту қиынға соғады. Дәл сондықтан септитенктер өте шектеулі қолданысқа ие және осында бұларды тұрғын массивтен алысырақ орналастыруға мүмкіндік бар ғимараттардың жекелеген тобынан немесе уақытша мекендерден келіп түсетін төгінді суларды тазартқан кезде пайдаланылады. Септитенктердің түр тармағы деп әдетте мал шаруашылығы фермаларының және құс фабрикаларының төгінділерін тазартуға арналған терең жер арықтары болып келетін анаэробты лагуналарды есептеуге бо лады.

2- сурет. Септитенк қондырғысында ағынды суды анаэробты тазалау
Септитенкттерден ерекшелігі, эмшерлік бассейндер екі ярусты тұндырғыштар болып табылады. Оларда өңделген тұнба кез келген уақытта кетіріле алады, бұл үшін септитенктерде осындай болғанындай, қондырғыны толығымен босату қажет болмайды. Быжыған лайды шығарған кезде эмшердің ішіндегілер араласады, бұл төгінді сұйықтықтағы органикалық заттардың биоыдырауына ықпал етеді. Олардың конструкцияларының ерекшеліктерінің арқасында, екі ярусты тұндырғыштардағы су анаэробты ыдыраудың өнімдерімен екінші қайтара ластанбайды және оңайырақ тазартылып бітеді. Эмшер бассейндері шағын биологиялық тазарту станцияларында пайдаланады.
Метантенктер- бұл тереңдігі 3-5 м жабық резервуар. Олар араластыруға, быжымаған тұнбаны енгізуге және быжыған тұнбаны шығаруға, сонымен ішіндегі заттарды қыздыруға арналған құрылғылармен жабдықталған(3-сурет).

3-сурет. Метантенктің схемасы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Биогазды биотехнологиялық жолмен алу. Метан газын алу технологиясы, метан түзуші микроорганизмдер және негізгі қондырғыларға байланысты мәлімет жинақтау
Су микробиологиясы
Галофитті өсімдіктер
Шағын биогаз қондырғысында қалдықтарды араластыру процесін жетілдіру жобасы
Биогаз технологиясы
Төменгі мөлшерлі сарқынды суларды тазарту үшін кең таралған әдіс биологиялық тазарту әдісі
Экологиялық биотехнология
Сарқылмайтын энергия көздері – жел, күн, биогаз энергияларын пайдалану
Ақаба және ағынды сулар
Пәндер