Маталардың құрылымдық түрлерін анықтау жайлы ақпарат



1 Матаның тарихы
2 Мата түрлері
3 Тоқыма жіптердің құрылымын иіру өндірісінде қалыптастыру
4 Матаның құрылымы
Орта Азияны мекендеген халықтар көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ауыса бастады. Көшпенді халықтардың киім тігуге пайдаланған маталары жайлы деректер кездеспейді. Олар жайлы алғашқы жазбалар Қазан революциясынан кейін пайда бола бастады. Қашқардан Орталық Азияға әкелінген маталар жайлы Шоқан Уәлихановтың күнделіктері мен сызбаларында жақсы баяндалған. Бұдан басқа деректерді түрік халықтарының сөздіктері бойынша қалыптастырған.
Халықтың дерлігі мал шаруашылығымен айналысқандықтан жүннен мата тоқуды жақсы меңгерген. Тазартылған жүн ұршықпен иіріліп, өрмек станогы арқылы мата тоқылған. Мата тоқуға түйе, қой, ешкі жүндері пайдаланылған. Қой жүнінен иірілген жіптер киімге тігуге аса көп қолданылмаған. Қой жүнінен тоқылған матаны қайнап тұрған суға салып жұмсартып, шапан, шекпен, шалбар, кебенек, аяқ орауыштар, белдіктер жасаған.
Отырықшылық тұрмыс қалпына көше бастаған қазақтар мақта өсіріп, мата тоқуды кәсіпке айналдыра бастады. Алайда бұл кәсіпті өзбектер мен түрікмендер жақсы меңгерген. Мақта маталардың ішінде бөз мата өте танымал болды. Оны сапасы төмендеу боялған мақтадан тоқитын.
Сонымен қатар, Орта Азия елдері зығыр өсімдігі талшықтарынан мата өндіруі жайлы қытай, орыс деректерінде айтылады. Оған қоса қарақалпақтардың кендірден мата өндіретіндігі жайлы жазбалар да бар. Ал жалпы жібек, жүн маталар ертеден шет елден алынып отырған. Оны ата-бабаларымыз сый ретінде, соғыстан түскен олжа және шаруашылық өнімдеріне ауыстырып отырған.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Маталардың құрылымдық түрлерін анықтау.

Тексерген:Муслимова Н.Р.
Дайындаған: Нұржанқызы Жібек

2015ж.
Жоспар:

1 Матаның тарихы
2 Мата түрлері
3 Тоқыма жіптердің құрылымын иіру өндірісінде қалыптастыру
4 Матаның құрылымы

1 МАТАНЫҢ ТАРИХЫ

Орта Азияны мекендеген халықтар көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ауыса бастады. Көшпенді халықтардың киім тігуге пайдаланған маталары жайлы деректер кездеспейді. Олар жайлы алғашқы жазбалар Қазан революциясынан кейін пайда бола бастады. Қашқардан Орталық Азияға әкелінген маталар жайлы Шоқан Уәлихановтың күнделіктері мен сызбаларында жақсы баяндалған. Бұдан басқа деректерді түрік халықтарының сөздіктері бойынша қалыптастырған.
Халықтың дерлігі мал шаруашылығымен айналысқандықтан жүннен мата тоқуды жақсы меңгерген. Тазартылған жүн ұршықпен иіріліп, өрмек станогы арқылы мата тоқылған. Мата тоқуға түйе, қой, ешкі жүндері пайдаланылған. Қой жүнінен иірілген жіптер киімге тігуге аса көп қолданылмаған. Қой жүнінен тоқылған матаны қайнап тұрған суға салып жұмсартып, шапан, шекпен, шалбар, кебенек, аяқ орауыштар, белдіктер жасаған.
Отырықшылық тұрмыс қалпына көше бастаған қазақтар мақта өсіріп, мата тоқуды кәсіпке айналдыра бастады. Алайда бұл кәсіпті өзбектер мен түрікмендер жақсы меңгерген. Мақта маталардың ішінде бөз мата өте танымал болды. Оны сапасы төмендеу боялған мақтадан тоқитын.
Сонымен қатар, Орта Азия елдері зығыр өсімдігі талшықтарынан мата өндіруі жайлы қытай, орыс деректерінде айтылады. Оған қоса қарақалпақтардың кендірден мата өндіретіндігі жайлы жазбалар да бар. Ал жалпы жібек, жүн маталар ертеден шет елден алынып отырған. Оны ата-бабаларымыз сый ретінде, соғыстан түскен олжа және шаруашылық өнімдеріне ауыстырып отырған.

2 МАТА ТҮРЛЕРІ

Сырт киімдік бағалы маталар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап.
Жібек маталар: баршын, кініпас, кіріс, кіләңкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.
Жұқа маталар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.
Арзанқол маталар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, аңзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.
Мата шығарудың ең алғашқы сатысы- талшықтардан жіп жасау. Тоқыма фабрикасына түскен талшықтарды арнайы машиналарда қопсытады,қоқыстардан тазартады,тарайды.Содан соң бірыңғай,ұзын таспа түрінде созады.Таспаны тегістеп,сәл айналдырады да,босаң жіп алады.Тоқыма машиналарында ұршықтың көмегімен оны иіреді.Дайын болған жіпті арнайы шөріктерге орайды.Талшықтан жіп шығару процесін иіру деп атайды.Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктары мата шығарады.Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жіп, ал көлденеңінен жатқан жіпті арқау жіп деп атайды. Мата негізгі және арқау жіптерін өріп тоқу арқылы жасалады.Матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін матаның жиегідеп атайды.Матаны алу процесін тоқу деп атайды. Мата жіптері әр түрлі тәсілдермен тоқылады, матаның сыртқы түрі мен сапасы өру түріне байланысты болады.Матадан жіптің әр түрлі айқасу жолдарын байқауға болады.Мата жіптерін тоқудың неғұрлым қарапайым түрі-кездемелік тоқу.Сонымен қатар кездемелік, саржалық, сәтендік (атластық) айқасу түрлері де бар. Кездемелік тоқуға негізгі жіптер мен арқау жіптерін неғұрлым жиі өру тән болады. Мұндай өру арқылы маталардың басым көпшілігі тоқылады.Негіз бен арқау бойынша кездемелік өрудің раппорты екі жіпке тең болады. Кездемелік айқасумен тоқылған маталарға өндірісте көп қолданылатын шыт,зығыр талшықтары аралас маталар жатады. Раппорт деп матаның ұзындық бойында да,енінде де суреттің қайталануын құрайтын жіптер санын атайды
Тоқыма айқаспаларының түрлері
қарапайым күрделі
кездемелік саржалық, атластық, сәтендік
Саржалық айқасуда негізгі жіптері, біреуін жіберіп отыра, екі арқау жіптерін жауып отырады. Раппортқа үшеуден кем емес жіп қатысады. Саржалық айқасуды матаға диагоналы бойынша түсетін бүртік арқылы айырады. Бүртік раппорттың орын ауыстыруы кезінде пайда болады.Саржалық айқасумен тығыз, қалың және ауыр маталар тоқылады.Бұл маталарға саржа, кашемир, шотланд, фланель маталары жатады.
Сәтендік айқаспада арқау жіп төрт немесе одан көп негізгі жіпті қамти айқасады.Ал атластық айқаспада ,керісінше негізгі жіп төрт немесе одан артық арқау жіптерді қамти айқасады. Сәтендік және атластық айқаспалармен тоқылған маталар біршама тығыз әрі салмақты келеді. Сәтендік айқаспамен сәтен және драп, атластық айқаспамен атлас, креп- сәтен, астарлық сәтен сияқты маталар дайындалады.
Мата жіптерінің және әртүрлі айқаспаларының түрлері мен құрылысы
Матаның түрлері мен құрылысы
Мата жіптерінің айқаспалары

Кездемелік
Саржалық
Сәтендік (атлас)
Матаның беті
тегіс
қиғаш бедерлі
Жылтыр
Матаның оң және теріс беттері
бірдей
әр түрлі
әр түрлі
Матаның тегістігі
орташа
жоғары
өте жоғары
Матаның сетінеуі
аз
орташа
Күшті
Матаның созылуы
аз
жақсы
Орташа
Матаның жұмсақтығы
орташа
жақсы
өте жақсы
Матаның қыртысталуы
орташа
жақсы
өте жақсы

3 ТОҚЫМА ЖІПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ИІРУ ӨНДІРІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тоқыма иірімжіптер, жіптер, мата және басқа материалдар ды өндіруге қажет жартылай өндірілген шикізат болып табылады. Қолданылатын материалдың түріне байланысты жіптерді өндіру технологиясының сипаттамасы әртүрлі. Ұзындығы шектелген (мақта, зығыр, жүн, штапельді химиялық талшық, табиғи жібек) талшықтардан жіптерді иіру процесінде ширату жолымен алады. Тоқыма жібін иірусіз өндіру басқа өндірісте бірнеше қарапайым және қүрама жіптерді біріктірумен қалыптастырады. Қысқа талшықтардан иіру процессінде ширатумен алынған тоқыма жіп иірілген немесе жәй жіп деп аталады. Бүл жіпке кең тараған иірімжіп жатады. Жіптің қасиеттері талшықтың түріне, иіру технология- сына және иіру үрдісінің сипатына байланысты болады. Жіп иіру процесі негізінен келесі технологиялық операциялардан түрады: талшықтарды қопсыту, тазарту және түту, араластыру, тарау, таспа алу, яғни бір-біріне паралель орналастырылған талшықтардан таспа жасау, таспаны жіңішкелету немесе созба дайындау, жіп иіру, яғни ширату нәтижесінде жіңішкеленген таспаны үздіксіз жіпке айнал- дыру.

Жоғары сапалы жіп алу үшін басты шарттың бірі шикізатты дүрыс таңдау. Мысалы, өте берік талшықтардан мықты жіп өндіруге болады немесе ұзын талшықтардан біркелкі және жіңішке жіптерді, ал қысқа талшықтардан - жуан, үлпілдек және қүрылымы бос (жеңіл) жіп алынады.
Жіп иіру үшін біртекті, бірақ әртүрлі сапалы (әртүрлі сортты) және әртектіталшықтар қолданылады. Талшықтарды араластыру бірнеше мақсатпен жүргізіледі: тоқыма шикізат ресурстарын тиімді пайдалану, жіпке және матаға белгілі қасиеттерді қамтамасыз ету (жүмсақтықты, беріктігін жоғарлату, серпімділік), дайын материалдың сапасын жоғалтпай бағасын төмендету қоспа жіптің және тоқыма материалдың жалпы сапасын айқындайды. Сондықтан талшық қүрамы техникалық шарттар көрсеткіштерінің бірі болып саналады және қажетті стандарт- та бекітіледі. Дайындалған қоспа біркелкі болуы үшін араластырылады, өйткені иірілетін жіптің қүрылымы және қасиеттік көрсеткіштері біркелкі болуы қажет. Араластыру технологиясы процестің әртүрлі операцияларында орындалады (қопсыту немесе таспа қосу).
Қопсыту - нығыздалған (престелген) бумалардан талшықтарды босату және дөрекі қоқыстардан тазарту болып саналады. Біріншіден қатты нығыздалған бумалардан тісті немесе металды суырғыштармен (қаққыштармен) талшықтар жұлынып алынады, одан кейін қопсыту машинасының жұмыс органдарының соққылау нәтижесінде бір-бірінен ажыратылады.
Интенсивті қопсыту процесі - түту деп аталады. Талшықтарды түту машинасында араластырғанда майлау, яғни, эмульсиялау талшығын өңдейді. Майлау талшықтың электрленуін азайту, талшықтардың бір-бірінен ығысуын жеңілдету үшін жүргізеді. Түту машинасынан талшықтар жұқа қабат - холстик түрінде шығады, яғни талшық холстикте әр түрлі бағытта орналасқан шатасқан түрде болады.
Тарау - процесінде талшықтар ағыны тарау машинасының жұмыс органдарының әсерінен өтеді. Жұмыс органдарының беті инелі (кардалық) таспамен немесе қатты металды аралы таспамен қапталған. Транспортермен талшықты ағын инелі жазықтардың ара- сынан өтеді. Гарнитуралардың әртүрлі жылдамдық жүру (қозғалу) нәтижесінде талшық жүйкелері ұсақ бөлшектерге бөлініп, кейіннен бөлек талшық ажыратылады. Тарау нәтижесінде талшықтар қабатынан ұйысқан талшықтар, түйіндер, қоқыстар ажыратылады, талшық қабаты жұқаланады, холстиктің жылжу бағытымен талшық паралель орналасады. Одан арнайы воронкадан өтіп таспа қалыптастырылады. Ұзын мақта, жүн талшығы жіңішке және біркелкі жіп иіру үшін кар- далы тарау машинасынан кейін қосымша тарақты тараудан өткізіледі. Ол үшін, кардалы тарау машинасынан алынған 16-20 таспаларды біріктіріп, холстик жасалынады. Осыдан кейін холстик тарақты тарау машинасында таралады, түзетіледі, паралелденіп, қысқа талшықтар таралып алынады. Тарау процесінен алынған таспа біркелкі болмайды, талшық жеткілікті
түзетілмейді және паралель орналаспайды. Біртегістеу үшін бірнеше таспаны қосып, негізгі таспаның жіңішкелігіне дейін созады. Жіптің жіңішкелігі бойынша біркелкілігі таспаның біркелкілігіне байланысты болады, сондықтан таспаны созу үрдісін 2-3 рет қайталайды.
Созба жасау. Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан болады, ал жіп алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық машиналарда созу қондырғысының көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және орау механизмдері арқылы созба дайындалады. Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланысты таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады.
Жіп иіру. Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес көрсеткішке дейін жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз патрон) орайды.
Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға кигізілген жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын собыққа оралады. Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады.
Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл бірнеше түрлі болады.
Мақта жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бойынша алынады.
Тарақты жүйе бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташажәне жіңішке - 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі.Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан жіңішке, біртегіс, біркелкі және берік жіп алынады, мұндай жіп жұқа, жоғары сапалы мата үшін қолданылады.
Кардалы тәсіл_бойынша орташа және ұзын матадан таза, химиялық талшықтармен араласқан түрінде сызықтық тығыздығы 83,3-11,8 текс- кедейін жіп иіріледі және әртүрлі маталар үшін негізгі шикізат болып табылады.
Аппараттық тәсіл бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маталар сапасының тұтынушылық көрсеткіштері
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруы
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
Сапаны анықтау әдісі
Тоқыма материалдарының қасиеттері
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау
Киімнің түрлі құрамдас пакетіне гигеналық талаптар
Pred-a-Porter стильдегі қыз- келіншектерге арналған «РУКМИНИ» атты киім үлгісін жобалау
Маталардың құрылымдық түрлерін аңықтау
Пәндер