Қан алу мен оның физикалық қасиеттерін анықтау туралы ақпарат



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау
2.2Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
2.3 Қан сарысуынды анықтау.
2.4Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
2.5Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу
2.6Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қанның қызметі
Қан келесі қызмет атқарады:
асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау.
Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.
Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.
1. Ермахан Әмірбек «Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы» Алматы 2006 ж. (33-40 б).
2. А.В. Васильев Диагностика внутренних болезней домашних животных. – М.: Сельхозиздат,1998
3. В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.- М.: Колос, 1964
4. П.С. Ионов, И.М. Беляков, Б.В. Уша, М.Х. Шайхаманов, И.П. Шаптала. Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии.- М.: Колос, 1985

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау

Орындаған: Онгарова Д.Б
Тобы: ВС-303
Тексерген: Муратбаев Д.М

СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау
2.2 Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
2.3 Қан сарысуынды анықтау.
2.4Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
2.5Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу
2.6Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis -- қан) -- ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Қанның қызметі
Қан келесі қызмет атқарады:
* асқорыту - қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
* бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
* тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
* регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
* қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
* терморегуляторлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау.
Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.
Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.
Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.
Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.

Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.
Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы өте зор.
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы тығыздығын әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен анықтайды. Мыстың қанық сульфатын дайындау үшін 900гр бес сулы сульфатын ұнтаққа айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият 5 мин араластырады. Ерітіндінің температурасын 0,5 С[0] дейін анықтап сүзіп алады. Алынған ерітіндіден 1,100 салыстырмалы тығыздығы бар негізгі ерітіндіні жасайды Бұл үшін негізгі ерітіндінің 15гр С[0] 529 мл алып, дистильденген сумен 1л жеткізеді. Ерітіндінің мөлшері оның температурасына байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 16[0] 521; 19[0] 496; 15,5[0] 492гр; 20[0] 488; 20,5[0] 484; 21[0] 480; 21,5[0] 477; 22[0] 473.
Негізгі қалыпты ерітіндіден тығыздығы 1,030 дан 0,075 дейін мыс сульфатының жұмысшы ерітіндісін жасайды. Өлшегіш колбаға дайындалатын ерітіндінің соңғы 2 сандарының тығыздығына сәйкес келетін қалыпты ерітінді құйып алады да, дистильденген сумен 100 мл жеткізеді. Мысалы, тығыздығы 0,050 ерітіндіні дайындау үшін 49 мл негізгі қалыпты ерітіндіден алып, 100 мл дейін су қосады. Ерітіндіні қақпағы жабылған қараңғы ыдыстарда сақтайды.
Анализ үшін гепаринмен, натрий оксалатымен, Б трилонымен қалыпқа түскен қанды пайдалануға болады, центрифугаланған қанды зерттеу үшін жарамсыз.
Пипеткаға зерттеуге алынған қанды алып, пробиркаға ауыстырады. Бұл пробиркада мыс сульфатының ерітіндісі болуы керек. Сақтықпен пипетканың ұшын ерітінді деңгейінен 1см қойып, 1 тамшы қан жібереді. Тамшы қан 2-3 см тереңдікке түсіп, одан әрі түбіне шөге бастайды не жоғары көтеріледі. Сөйтіп қан тамшыны, түбіне шөккен ерітіндіні табады. Бұл жағдайда қан тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.
Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай түрде ауытқып тұрады:
ІҚМ - 1,047 - 1,055; қойда 1,042- 1,052; ешкіде-1,044-1,053; жылқыда-1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056; тауықтарда-1,039-1,057.
Қанның салыстырмалы тығыздығының ұлғаюы оның қоюлануы, терлеу, полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.
Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сарыауру, кахексия, гидремияда болады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін мынадай жолмен жүргізеді. Капиллярға Р белгісіне дейін 5 пайыздық натрий цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне үрлейді. Осы капилляр мен қанды 2 рет К белгісіне дейін құйып алады да, 2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау. Қан алу
Субөнімдердің тұтынушылық қасиеттері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
ШАЙДЫ БҰРМАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Модельдеуге кіріспе әдістемелік құрал
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Пәндер