Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Ветеринариялық.санитариялық сараптау кезіндегі қаралатын негізгі мәселелер
2. Ветеринариялық . санитариялық сараптау зертханасында жабайы жануарлар өнімдерін зерттеуді ұйымдастыру
3. Ветеринариялық.санитариялық сараптау зертханасы қызметкерлерінің құқығы
4. Жабайы жануарлар етінің ветеринариялық . санитариялық тексеру тәртібі
5. Жабай жануарлар мен ауланатын құстардың зерттелетін ветеринариялық.санитарлық сараптау зертханасының құжаттары
6. Қазақстанда ауланатын негізгі жабайы жануарлар мен ауланатын құстар

7. Жабайы жануарлардың және ауланатын құстардың сойғаннан кейінгі ұшасын және мүшелерін тексеру.
8. Жабайы жануарлар етiнің жекелеме індеттерге байланысты ветеринариялық.санитариялық сараптамасы

III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын соның ішінде жабайы аңдар мен ауланатын құстардың аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық – санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам нарығына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық – санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру. Ветеринариялық-санитариялық сарапшылар тағам базарларындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық зертханаларда,мал сою, ет өңдейтін кәсіпорындарында (ет комбинаттары, құс фабрикалары қасапханалар, құс сою пункттері, шұжық және консерві заводтары) жануарлар ауруларына қарсы күресетін мекемелерде, ветеринариялық зертханаларда, шекара және көлік ветеринария пункттерінде, сүт, ара, балық зауыттарында, ғылыми-зерттеу институттарында, тағам өнімдерін сертификаттайтын зертханаларда және басқа да мекемелерде жұмыс атқара алады.
1. Д. Хусайнов , Н. Ахметсадықов, Г.Шабдарбаева , О.Беркинбай және т.б.// менеджмент в ветеринарии и организация ветеринпарного дело/ Алматы,2015 187 200. С
2. И.Н. Никинтин , В.Ф Воскобойник Организация и экономика ветеринарного дела 1999г Москва 237 С
3. Бияшев Қ.Б. және т.б.// Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 1999. 68 бет
4. Дүйсембаев С.Т Ветеринариялық санитариялық сараптау 2013ж
5. Ветеринариялық заңнама II том 2005жыл

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары

Орындаған: Темешова Ж.А.
Тобы:ВС-203
Тексерген:СероковаА.Т.

Семей 2015 ж

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Ветеринариялық-санитариялық сараптау кезіндегі қаралатын негізгі мәселелер
Ветеринариялық - санитариялық сараптау зертханасында жабайы жануарлар өнімдерін зерттеуді ұйымдастыру
Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы қызметкерлерінің құқығы
Жабайы жануарлар етінің ветеринариялық - санитариялық тексеру тәртібі
Жабай жануарлар мен ауланатын құстардың зерттелетін ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасының құжаттары
Қазақстанда ауланатын негізгі жабайы жануарлар мен ауланатын құстар

Жабайы жануарлардың және ауланатын құстардың сойғаннан кейінгі ұшасын және мүшелерін тексеру.
Жабайы жануарлар етiнің жекелеме індеттерге байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптамасы

III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын соның ішінде жабайы аңдар мен ауланатын құстардың аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам нарығына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық - санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру. Ветеринариялық-санитариялық сарапшылар тағам базарларындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық зертханаларда,мал сою, ет өңдейтін кәсіпорындарында (ет комбинаттары, құс фабрикалары қасапханалар, құс сою пункттері, шұжық және консерві заводтары) жануарлар ауруларына қарсы күресетін мекемелерде, ветеринариялық зертханаларда, шекара және көлік ветеринария пункттерінде, сүт, ара, балық зауыттарында, ғылыми-зерттеу институттарында, тағам өнімдерін сертификаттайтын зертханаларда және басқа да мекемелерде жұмыс атқара алады.

Ветеринариялық-санитариялық сараптау кезіндегі қаралатын негізгі мәселелері

Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі бөлімдеріне жабайы жануарлардың өнімдерін өңдеу; ұша мен ағзаларды сойғаннан кейінгі сараптау; жабайы жануарлар мен ауланатын құстардың өнімдерін зертханаларда зерттеу әдістері; ет және оның өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау; шартты түрде жарамды және тағамға жарамсыз өнімдерді залалсыздандыру әдістері мен әдістемеліктері; жабайы жануарлардың өнімдерін сараптамадан өткізу енгізілген.
Оған қоса, жабайы жануарларды союға дайындау және сою, жабайы жануарлар мен ауланатын құстар өнімдерін сату, сояр алдындағы дайындық, союға айдап апару, малды және өнімдерді тасымалдау, ет, сүт, тауық жұмыртқасы, тері, жүн, былғары өнімдерді өңдеу және сақтау кезеңдерінде және тағы басқа жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау мәселелері қарастырылады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау барысында тасымалдаудың барлық көліктердегі санитариялық талаптары, импорт және экспорттаудағы жануарлар мен өнімдерді ветеринариялық - санитариялық бақылау, шикізат пен өнімдерді дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін кәсіпорындарда аң аулау шаруашылықтарында ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуы қарастырылады.
Жаппай зақымдайтын қаруды қолдану кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі ерекшеліктеріне зақымдау көзін анықтау, жануарлардың терісін ветеринариялық өңдеу, зақымдалған өнімдерде радиоактивті, залалды химиялық заттарды анықтайтын арнайы дозиметриялық аспаптарды зертханаларда қолдана білу жатқызылады.

Ветеринариялық - санитариялық сараптау зертханасында жабайы жануарлар өнімдерін зерттеуді ұйымдастыру

Базардағы тағам өнімдерінің сапасын бақылау мақсатында ветеринариялық - санитариялық сараптау зертханасы ұйымдастырылады. Бұндай зертханалар адамға және жануарларға ортақ індетті аурулардың адамдарға жұқпауын, тарап кетпеуін және сату орындарында санитариялық ережелердің орындалуын қадағалайды. Зертхана базардың ішінде орналасады. Зертхананың барлық бөлімдері орналасу үшін 0,01 ға жер бөлінуі керек.
Базар зертханасында жабайы жануар етінің ұшаларын және ауланатын құс өнімдерін тексеретін бөлме, ет және ет өнімдерін, жануарлар майын зерттейтін зертхана, ыдыстарды жуу бөлмесі, залалсыздандырғыш химикаттар сақтайтын бөлме, зертхана меңгерушісінің бөлмесі болуға тиісті.

Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасы қызметкерлерінің:
- Жарамсыз өнімдерді сатуға рұқсат бермеуге, оларды залалсыздандыруға жіберуге, жойып жіберуге, денатурация жасауға;
- Базардағы өнімдер сақталатын қоймаларды, тоңазытқыштарды және сату орындарын тексеруге;
- Ветеринариялық - санитариялық сараптаудан өтпеген не болмаса сапасы өте төмен және ветеринариялық куәлігі (анықтамасы) жоқ, санитариялық ережелерге сәйкес сақталмаған өнімдерді сатқызбауға;
- Базар қоймасына өнім қабылдап, өнім шығаруға қатысуға және сатуға рұқсат беруге құқы бар.
Зертхана меңгерушісі жеке адамдарға және қызметтегі адамдарға ауыл шаруашылығы өнімдерін сатқанда ережелерді бұзып ветеринариялық- санитариялық - гигиеналық талаптарды орындамағаны үшін айып салуға құқы бар. Айып мөлшері істеген қателік деңгейіне байланысты болады.
Базарда мына өнімдер ветеринариялық - санитариялық сараптаудан өтуге тиісті: барлық ауыл шаруашылығы және жабайы малдардың еті; қосымша өнімдер (суб өнімдері); жануарлар майы;

Жабайы жануарлар етінің ветеринариялық - санитариялық тексеру тәртібі

Базарда сатуға әкелінген еттің иесі ветеринариялық куәлік, не анықтама тапсырады. Ветеринариялық құжатта еттің індетті аурулар жоқ жерден, сау малдан, құстан алынғаны жөнінде және ветеринариялық байқаудан өткені жөнінде мәліметтер болуға тиіс. Егер ет бір ауданның әкімшілігінде сатылса, онда анықтама беріледі, ал егер әкімшілігі басқа ауданда сатылса онда ветеринариялық куәлік берілуге тиіс.
Егер бұндай құжаттар жоқ болса, ет күмәнді деп есептелініп, бактериологиялық зерттеуден өткізеді.
Қазіргі қабылданған ережелерге сәйкес ет ұшасы келесі тәртіппен зерттеледі: еттің сыртын жағжайын және етті тіліп тексереді (түсі, консистенциясы, иісі) қоңдылығын, қансыздануын және жалпы патологиялық өзгерістерді анықтайды (бұлшық етті зақымдануы, қанталауы, ісіктер т.б.) лимфа түйіндерін жарып тексереді, базарда сойыс өнімдерін зерттеудегі қажетті және ыңғайлы лимфа түйіндерді жарып тексереді. Шошқа және ірі қара ұшасын цистицеркозға зерттейді (тіл, жүрек, шайнау, мойын, қол, арқа, бел, сан бұлшық еттері).
Шошқа ұшасын міндетті түрде трихинеллезге зерттеп, ұша буындарына, құрсақ шандырына ерекше назар аударады.
Бас, жұтқыншақ, көмей лимфа түйіндерінде аздаған ғана патологиялық өзгерістердің болуы (қанталауы, некроз) топалаңға күмәндандырады. Бұндай жағдайда, лимфа түйіндерін, ішкі ағзаларды, ұша сынамасын бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулерге жібереді.
Ұсақ малдардың ұшасын тексергенде өкпе пневмониясының (өкпенің қабынуы) және плевритінің (плевраның қабынуы) бар жоқтығы еске алынады.
Өйткені, бұл аурулар екінші қатардағы салмонеллез тудыруы мүмкін. Сондықтан да, бұндай ұшалар бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі. Бұндай зерттеулер, егерде малдәрігерлік құжаты жоқ еттер сатылуға әкелінгенде, не болмаса індетті ауруларға күмәнданғанда және ет еріксіз сойылған малдан алынғанда да жүргізіледі.
Бактериологиялық зерттеулерге ұлпалы мүшелердің бөлегі, ұшаның алдыңғы және артқы бөлігінен бір-бірден лимфа түйіндерін, екі кесек ет және жілік жіберіледі.

Жабай жануарлар мен ауланатын құстардың ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасының құжаттары

Сараптаудың қорытындысы бойынша, арнайы журналдарда, сараптамаға келген өнімдер саны және түрі мал түріне қарай бөлек-бөлек тіркеледі.
Шартты түрде жарамды, жарамсыз өнімдер жеке журналға жазылуы тиіс.
Егер өнім жарамды деп табылса Ветеринариялық тексеру таңбасы соғылады. Таңбаны ұшаның әр бөлігіне соғады. Ұш бұрышты қызыл таңба шартты түрдегі етке соғылып, жанына санитариялық өңдеу таңбасы қоса соғылады.
Егерде өнімнің сапасы нашар болып, сараптаудан өтпей қалса, онда қандай жолмен залалсызданғаны, өңделгені жөнінде т.б. қолдануы жайында акт жасалынады.

Қазақстанда ауланатын негізгі жабайы жануарлар мен ауланатын құстар:

Оларға: тоқал бұғы, бөкен, тау ешкі, жабайы қошқар, қабан,бұлан, елік, жабайы солтүстік бұғысы, шұбар бұғы, құдіретті бұғы (марал, изюбр және т.б.), , аю, борсық, қоян, құндыз және ауланатын құстар етін пайдалануға рұқсат етілген. Ауланатын құстарға сырғалығы бар құстар яғни тауықтар отряды (құр тұқымдасы, қырғауыл) . Оларға құр шіл, саңырау құр, қырғауыл, бөдене, безгелдек және басқа да құстар жатады. Аулау кезінде суда жүзетін құстардың ішінде шүрегей үйрек, жабайы қаздың салмағы жағынан жоғары болып келеді.

Жабайы жануарлардың және ауланатын құстардың сойғаннан кейінгі ұшасын және мүшелерін тексеру.

Еттің иесі (ұша, ұшалардың) әкелген кезде ветеринариялық - санитариялық сараптауға ветеринариялық куәлікті немесе жабайы жануарлар және ауланатын құстардың жұқпалы аурулары жоқ жөнінде анықтаманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау
Ұшадан теріні сыпыру
Ірі қара финнозы
Саз құндыз жабайы жануар етінің құндылығы және індетті, инвазиялық, жұқпайтын ауруларына ветеринариялық-санитариялық сараптау
Салқындатылған ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Пәндер