Химиялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Химиялық барлау мен бақылаудың аспаптары. Радиациялық барлаудың мақсаттары мен міндеттері. Радиациялық барлауды жүргізу мен ұйымдастыру



1. Химиялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2. Химиялық барлау мен бақылаудың аспаптары.
3. Инженерлік барлаудың мақсаттары мен міндеттері.
4. Радиациялық барлаудың мақсаттары мен міндеттері.
5. Радиациялық барлауды жүргізу мен ұйымдастыру.
Химиялық барлау — әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады. Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Химиялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Химиялық барлау мен бақылаудың аспаптары. Радиациялық барлаудың мақсаттары мен міндеттері. Радиациялық барлауды жүргізу мен ұйымдастыру.
Орындаған:Амиргазинова Б.Б.
Топ: БЖ-315
Тексерген: Бакирова Л.С.

Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы

Жоспар:
1. Химиялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2. Химиялық барлау мен бақылаудың аспаптары.
3. Инженерлік барлаудың мақсаттары мен міндеттері.
4. Радиациялық барлаудың мақсаттары мен міндеттері.
5. Радиациялық барлауды жүргізу мен ұйымдастыру.

Химиялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
Химиялық барлау мен бақылаудың аспаптары.
Химиялық барлау -- әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады. Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады.
Химиялық барлау аспаптары -- ауадағы, жергілікті жердегі, ұрыс техникасындағы, киім-кешектегі және басқа да заттардағы улағыш заттарды аныктауға, сондай-ақ зақымданған материалдардан (жер, қар, су, тағам) сынама алуға және ауадағы улы немесе бейтарап түтіндерден сынама алып, іріктеуге арналған құрал. Дала жағдайында уланған заттарды анықтауға арналған аспаптардың ішінде неғұрлым кең қолданылатыны -- ПХР54 және ПХР деп аталатын химиялық барлау аспаптары. ПХР-54 құралы ішіне қол сорғысы (насос), индикаторлы түтікшелері бар кағаз (таспалары, түтінге қарсы сүзгісі, сынама алуға арналған құтысы, сорғы саптамасы, корғаныш қалпакшасы) орнатылған қақпағы бар тұрқыдан (корпус) тұрады. Сонымен бірге құрал жиынтығына сынама алуға арналған қалақша, залалданған бөлікті көрсететін таспа, қалта электр фонары, жазбаларды түсіріп отыратын конверт пен нұсқау кіреді.
Радиациялық және химиялық барлау құралдары.
Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады.
Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады.
Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін Мастер-1, Сосна, Белла тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.
Радиациялық және химиялық барлау аспаптары. ИД - 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы.

Радиациялық және химиялық барлау аспаптары түрлі объектілердің зақымдану дәрежесі мен радиация деңгейін табуға, сондай-ақ сәлелендіру мөлшерін өлшеуге арналған. Олардың көбінде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде ионизациялық әдісті пайдаланады.
Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген - олардың өздері таратылатын ортаны ионизациялау қабілетін, яғни, нейтралды молекула немесе атомдарды буға ыдыратуды көрсетеді. Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері - анодқа, екіншілері - катодқа жылжиды. Осының нәтижесінде электродтар аралығында ионизацияланған ток пайда болады, оның көлемдегі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады. Ионизацияланған ток күші бойынша радиоактивті сәулелену қарқындығын анықтау керек.
Сәулеленуді дозиметриялық бақылау үшін ИД-1 мөлшерінің жалпы әскери өлшеуіші, ИД-11мөлшерінің дербес өлшеуіші, ДП-22толымынан алынған өлшеуіштер мен ДП-70МП мөлшерінің дербес химиялық өлшеуіштері пайдаланылады.
ИД - 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін бағалау мақсатында алған аралас гамма нейтронды сәулеленумен жұтылған гамма мөлшерін өлшеуге арналған.

ИД-1дозасын өлшеуіш толымы: 1-ИД-1 дозасын өлшеуіш, 2-заряд құрылғысына арналған ұя, 3-құты, 4-окуляр, 5-ұстағыш, 6-қорғауыш, 7-ЗД 6-ның зарядты құрылғысы 8-зарядты-контактілі ұя, 9-зарядты құрылғысының тұтқасы, 10-бұру айнасы.
Аспап толымына 10 ИД-1 мөлшері өлшеуіштер мен ЗД-6 зарядты құрылғысы кіреді. ИД-1 мөлшері өлшеуіші 100радсекундке дейінгі мөлшер қуаты кезінде 20-дан 500 радиусқа дейінгі диапазондағы аралас гамма нейтронды сәулеленудің жұтылған мөлшерін өлшейді. Өлшенетін мөлшер есебі өлшеуіштің ішінде орналасқан шкала бойынша жүргізіледі.

Инженерлік барлаудың мақсаттары мен міндеттері.
Инженерлік Барлау - жаудың инженерлік құрылыстарының дәрежесі және ұрыс қимылдары жүріп жатқан жердің сипаты жөніндегі деректерді дер кезінде алуға арналған барлау түрі. И. б. инж. бақылау постылары, инж. барлау топтары, инж. фотоға түсіру постылары арқылы жүргізіледі. Инженерлік барлау - инженерлік әскерлердің командиріне инженерлік жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізу үшін және жалпы әскер командиріне шешім қабылдау үшін кажет мәліметтерді, ұрыс жүріп жатқан ауданның жер өзгешелігі мен қарсыластың инженерлік жұмыстары туралы мәліметтер алу және жинау мақсатымен жүргізіледі. Инженерлік барлаудың негізгі міндеттері:
* қарсыластың инженерлік жабдықтарының жай-күйін
* қорганыс шебі мен позицияларының орналасуын және олардың жаппай кырып-жоятын қаруды есепке ала отырып қалай жабдықталғанын
* миналандырылған жерлердің және танктер мен жаяу әскерлерге қарсы бөгеттерінің
* табиғи кедергілерінің баржоғын және қай жерде екенін анықтау
* қарсыластың жаңадан қолданатын инженерлік қаруы мен оны қолдану жолын білу
* жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жайы туралы және т.б. мәліметтер жинау болып табылады.
Инженерлік барлау -- осы саладағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық және радиациялық барлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері
Барлау
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Қорғаныс ғимараттары
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Зақымдану ошақтарын барлау
«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
Радиациялық қауіпті обьектілер және олардың қысқаша сипаттамасы
Пәндер