Дүниеге көзқарас туралы ақпарат



1. Дүниеге көзқарас
2. Ежелгі Қытай философиясы
3. Қытай философиясы . Қытай халқының дәстүрлі философиялық
4. Философиядағы адам мәселесі
5. Гносеология және Эпистемология
6. Диалектика және оның әдістері
Дүниеге көзқарас – қоршаған дүние туралы, адам туралы метафизикалық ойлаудың жалпы жиынтығы немесе әлемді біртұтас формада тану. Метафизикалық көзқарастың құрамына, біріншіден, ғасырлар бойы қалыптасқан нәсілдік, ұлттық, халықтық кәдімгі табиғи қоғамдық дәстүр-салттары, әдет-ғұрыптары, күнделікті өмірге деген көзқарастары; екіншіден, бірер жүйеге келтірілген ілімдік көзқарастар; үшіншіден, барлық ғылыми жетістіктердің өмірге, табиғатқа деген жалпы көзқарастары жатады.
Дүниеге көзқарасқа жалпы адамзаттың білімі жата бермейді. Оның пәні білімге философиялық тұрғыда қарастыратын көзқарасты айтамыз. Егер де, Аристотельдің айтуынша метафизика "бірінші философия" десе, ал философия дүниетанымның өзегі деп айтамыз. Дүниетанымдық көзқарастың өзіндік объектісі, сол адамды қоршап тұрған дүние мен адамның ара қатынасынан шығатын негізгі сұраулар жауабы. Атақты философ П.В. Копниннің айтуынша: "дүниеге көзқарастың пәні, "адам, оны қоршаған дүние" арасында, адамдар мен табиғат ара-қатынасындағы жалпы заңдылықты біле отырып, адам мәселесін шешуге болады" - деді.
Дүниеге көзқарас білімнің айрықша тұрғыдағы "селекциялық" көрінісі. Ондай "селекцияға" - адамның өмір сүру мақсаты, мәні, дүниедегі оның орны, өлімі мен өмірі туралы гносеологиялық эпистемологияны жатқызамыз. Оның онтологиялық эпистемоло-гиясына кіретіндер: болмыс және ешбір болмыс, дүние және о дүние, өмір және өлім, адам және құдай, материя және рух, жан мен тән және т.с. сұраулар жатады. Онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдағы дүниетаным сұрауларының шығуы, адамның ерте заманнан бастап осы кезге дейін өмір сүру жағдайларымен тікелей байланысты. Себебі, дүниеге көзқарастық адамның санасында ғана пайда болады да, оның осы дүниеде саналық, түсінікті өмір сүруімен тығыз байланысты. Атақты гуманист А. Швейцердің айтуы бойынша: "Қоғам және жеке адамдар дүниеге көзқарассыз өмір сүрсе, онда олар негізгі өмір сүру бағытынан айрылған, патологиялық аурумен ауырған қоғам болады", - деді. Сондықтан, қандай да бір адам болмасын, әлеуметтік мектептен өткен және бірер деңгейлік білімі бар адамның өмірге, дүниеге, өзінің кім екендігіне дүниетанымдық көзқарасы болады. Дүниетаным қоғамдық мәдениеттің қайнар көзі, оның бастамасы және соңы. Дүниетанымның адам өмір сүру тұрғысына тигізетін мағынасы өте зор. Жеке адамдардың күнделікті өмірлік көзқарастары дүние-танымдық көзқарасқа айналу үшін "адамдандырылған" дүниеден өту керек. Қарапайым көзқарастар адамның эмоциялық, субъективтік тәжірибеден өтіп, берікті сенімге деген тұрақты көзқарасы дүниетанымдық көзқарасына айналады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СРО

Орындаған: Мухамадиева Б. УА-405
Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей қаласы
2015 жыл
Дүниеге көзқарас

Дүниеге көзқарас - қоршаған дүние туралы, адам туралы метафизикалық ойлаудың жалпы жиынтығы немесе әлемді біртұтас формада тану. Метафизикалық көзқарастың құрамына, біріншіден, ғасырлар бойы қалыптасқан нәсілдік, ұлттық, халықтық кәдімгі табиғи қоғамдық дәстүр-салттары, әдет-ғұрыптары, күнделікті өмірге деген көзқарастары; екіншіден, бірер жүйеге келтірілген ілімдік көзқарастар; үшіншіден, барлық ғылыми жетістіктердің өмірге, табиғатқа деген жалпы көзқарастары жатады.
Дүниеге көзқарасқа жалпы адамзаттың білімі жата бермейді. Оның пәні білімге философиялық тұрғыда қарастыратын көзқарасты айтамыз. Егер де, Аристотельдің айтуынша метафизика "бірінші философия" десе, ал философия дүниетанымның өзегі деп айтамыз. Дүниетанымдық көзқарастың өзіндік объектісі, сол адамды қоршап тұрған дүние мен адамның ара қатынасынан шығатын негізгі сұраулар жауабы. Атақты философ П.В. Копниннің айтуынша: "дүниеге көзқарастың пәні, "адам, оны қоршаған дүние" арасында, адамдар мен табиғат ара-қатынасындағы жалпы заңдылықты біле отырып, адам мәселесін шешуге болады" - деді.
Дүниеге көзқарас білімнің айрықша тұрғыдағы "селекциялық" көрінісі. Ондай "селекцияға" - адамның өмір сүру мақсаты, мәні, дүниедегі оның орны, өлімі мен өмірі туралы гносеологиялық эпистемологияны жатқызамыз. Оның онтологиялық эпистемоло-гиясына кіретіндер: болмыс және ешбір болмыс, дүние және о дүние, өмір және өлім, адам және құдай, материя және рух, жан мен тән және т.с. сұраулар жатады. Онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдағы дүниетаным сұрауларының шығуы, адамның ерте заманнан бастап осы кезге дейін өмір сүру жағдайларымен тікелей байланысты. Себебі, дүниеге көзқарастық адамның санасында ғана пайда болады да, оның осы дүниеде саналық, түсінікті өмір сүруімен тығыз байланысты. Атақты гуманист А. Швейцердің айтуы бойынша: "Қоғам және жеке адамдар дүниеге көзқарассыз өмір сүрсе, онда олар негізгі өмір сүру бағытынан айрылған, патологиялық аурумен ауырған қоғам болады", - деді. Сондықтан, қандай да бір адам болмасын, әлеуметтік мектептен өткен және бірер деңгейлік білімі бар адамның өмірге, дүниеге, өзінің кім екендігіне дүниетанымдық көзқарасы болады. Дүниетаным қоғамдық мәдениеттің қайнар көзі, оның бастамасы және соңы. Дүниетанымның адам өмір сүру тұрғысына тигізетін мағынасы өте зор. Жеке адамдардың күнделікті өмірлік көзқарастары дүние-танымдық көзқарасқа айналу үшін "адамдандырылған" дүниеден өту керек. Қарапайым көзқарастар адамның эмоциялық, субъективтік тәжірибеден өтіп, берікті сенімге деген тұрақты көзқарасы дүниетанымдық көзқарасына айналады.
Дүниеге көзқарас адам санасының елеулі "селекциялық" бөлігі бола тұрып, оның өзіндік ішкі категориялық аспектілерінен тұрады. Ондай аспектілер адамды қоршап тұрған дүниемен тығыз байланыс ретінде қарастырады.
Қандай бір адам болсын оның өмірі үш дүниенің бірлігінде өтіп жатады:
1. Бізді жасаған дүние - табиғат.
2. Ғасырлар бойы өзіміз жасап жатқан дүние - қоғам.
3. Адамның ішкі рухани дүниесі - екі дүниенің жемісі. Осы "үш дүниенің" әсер-бейнелерін аспектілік бейне ретінде қарастырамыз. Ондай аспектілерді өздерінің бейнелену жағымен философиялық категориялармен көрсетсек онда: онтология, гносеология және логика аспектілері деп айтамыз. Дүниеге көзқарастың онтологиялық аспектісі, адам санасына берілген, зерттеуге болатын, бізді қоршап тұрған объективті болмыс десек, сол жалпы болмыстың ішінен "бізге берілген" болмысты біздің санамызға бейнелену процесін онтологиялық аспекті дейміз. Бұл жерде онтологиялық терминді метафизикалық мағынада қолдана отырып, бейнелеу теориясы мен тану теориясын біртұтас қарастырамыз, немесе Гегель айтқандай бұл аспектіні "бірінші сана" деп қарастырамыз.
Кез келген адамның дүниетанымдық көзқарасы болады. Олардың көзқарастарын компоненттік тұрғыда қарастырсақ, кез келген көзқарастың деңгейлік жағын, оның жалпы өмірге деген көзқарасын сәл де болса анықтай аламыз. Компоненттік талдау, дүниетанымдық құрастыру жолдарын және жеке адамдардың дүниеге көзқарасын зерттеу жолдарын көрсетуге жәрдем береді.
Келешекте, дүниетанымдық компоненттер ерекшеліктерін және қатынастарын пайдалана отырып, формальды және символикалық логиканың заңдылықтары мен жеке адамдардың ойлау деңгейлік сапаларын "есептеп" шығару деңгейіне де жетуіміз мүмкін.
Ежелгі Қытай философиясы

Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін Аспан асты ұғымы қалыптасты. Қытай философиясы екі мектеп түрінде пайда болды: даосизм және конфуций-шілдік философиясы. Кейін басқа мектептер: легизм, моизм, атаулар мектебі, ньян мектебі, тағы басқа қалыптасты. Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді құрады. Елдің әлеуметтік -мемлекеттік құрылымының түбірлі өзгеруі нәтижесінде мемлекет басқаруға философтарды қатыстыру мен философтар академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций .негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазы-ның этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылды-лық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан - зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы адамгершілікпен басқару теориясын жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алған Мо-цзы болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіз-діктен туады, баршаның мейірбандылығы принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншы-лыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған Тәңір құдіретіне сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүддеге шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты. Бұл ілім Дао дэ цзин, Чжуан-цзы атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық дао бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды . Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун, Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумерологияның методология-ның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан Чжоу Дуньидің идеялары жүз жылдан соң Чжу Си шығарм-нда шешімін тапты. Чжу Си ілімі 20 ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуцийшілдік ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық түрінің ерекше құқықтарына теория негіз болып, мемлкет ресми идеологияға айналды. 17 - 18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының киелі кітаптарына түсіндірмелер жазумен шұғылданып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды. 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Қытай реформаторлары абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен ауыстыруды талап етті. Олар мемлекет пен халық арасында жарасымды қатынасты орнату тұжырымдамасын ұсынды. Қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгертуге қарсы шығып, халықты конфуцийшілдік этика нормаларында тәрбиелеуді қуаттады. 20 ғасырда Қытайда саяси философия мен әлеуметтік теориялар кең өріс алды. ҚХР-дың құрылуымен Қытай философиясында бірден бір теория негіз - марксизм ілімі, диалект. және тарихи материализм тарала бастады.

Философиядағы адам мәселесі

Адам деген ұғым - адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды. Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деген ұғым бар, өмір адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман және Христиан діндері, иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап, адамның азап шегуін бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы дейді. Одан құтылудың жалғыз жолы - Құдайға құлшылық етіп, табына беру деп уағыздайды.
Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары
Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
Дүниеге көзқарастың түрлері
Дүниетаным, дуниеге көзқарас
Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және философияның ондағы ролі
Философия және дүниеге көзқарасы
Философия тарихы.
Мифология және философия
Философияның негізгі бағыттары
Пәндер