М.Әуезов әңгімелеріндегі тарихи және көркем шындық жайлы



1. Жазушының шығармаларындағы шындық бейнесі
2.Алаш идеялары
Заманымыздың ұлы суреткері М.Әуезов – тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, парасатты, шын мәніндегі асқан талант иесі. Ұлы жазушы М.Әуезовтің көркем мұрасы – біздің төл әдебиетіміз, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістігі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған әңгімелері мен повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына енеді.
Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің алғашқы кезеңде 1919-1932 жазылған шығармаларын қарастырудың ерекше мәні бар. Суреткердің бұл кезеңдегі шығармалары оның іздену, өсу жолынан, әдеби стилі мен творчествосының қалыптасуынан мол хабар береді. 1916-1917 жылдары қолына қалам алған М.Әуезов өз тұсындағы өзгерістерден еш бейтарап қала алмады. Патшалық құрылыстың құлап, елдің ескі отаршыл құрылысқа қарсы атой салуы жас қаламгерді әлеуметтік өмірге араластырды.
Оның туындылары өз заманының келбетінен сыр береді және сол дәуірдің ағымымен түрлі тағдырды арқалаған адам өмірін сипаттайды. Мұхтар Әуезов туындыларына уақыт өзі өлмейтін нұр дарытқан, себебі әрбір шығарма халқына деген ерекше махаббатынан туған. Суреткер шығармаларындағы қорғансыздар тақырыбы – ең негізгі тақырып. Байырғы қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық, отаршылдық, жалпы айтқанда қорғансыздар күні жазушы шығармаларының өзекті мәселесі. Алайда жазушы тәуелсіздікке ұмтылған халықтың қаншама қорғансыз болғанмен, рухтары мықты, намысқор екенін әр шығармасында көрсетіп отырған.
Негізінен Мұхтар Әуезов әңгімелері трагедияға құрылған. Шығарма тақырыбы, оқиға барысы, сюжеттік желісі, кейіпкерлер арасындағы тартыста қарама-қайшылықтар кездесіп отырады. Аталмыш әңгімелерінде зұлымдық, жауыздық, озбырлық үстемдікке шығады. Бас қаһармандар қайғылы халге ұшырап, оқиға трагедиямен аяқталады.
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің өзге салаларымен қатар жарыстыра, өмірінің аяғына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген Мұхтар Әуезов 1921 жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазды.
Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: «С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен енсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жағадай жалғыз болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды»
Қаһарлы қыстан бөлек жылы маусымдардың өзінде де Күшікбай асуы өзінен ызғар шашуын тоқтатпады. Маңынан әлдебір суықты сеземін. Бәлкім, ол ызғар маған ғана сезілер, бәлкім, басқа жандарға да сезілетін болар... Сол суықтың ызғары сол күні қорғансыз қалған Ғазизаның ащы зары мен сорғалап аққан көз жасының қарғысы іспеттес. Рас, Ғазизаны қорлаған қорқауларға қандай зауал келсе да артық емес.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы: М.Әуезов әңгімелеріндегі тарихи және көркем шындық

Орындаған: Мұратов Серік
Жу-301
Тексерген: Секей. Ж

Семей, 2015
Жоспар
1. Жазушының шығармаларындағы шындық бейнесі
2. Алаш идеялары

Заманымыздың ұлы суреткері М.Әуезов - тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, парасатты, шын мәніндегі асқан талант иесі. Ұлы жазушы М.Әуезовтің көркем мұрасы - біздің төл әдебиетіміз, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістігі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған әңгімелері мен повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына енеді.
Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің алғашқы кезеңде 1919-1932 жазылған шығармаларын қарастырудың ерекше мәні бар. Суреткердің бұл кезеңдегі шығармалары оның іздену, өсу жолынан, әдеби стилі мен творчествосының қалыптасуынан мол хабар береді. 1916-1917 жылдары қолына қалам алған М.Әуезов өз тұсындағы өзгерістерден еш бейтарап қала алмады. Патшалық құрылыстың құлап, елдің ескі отаршыл құрылысқа қарсы атой салуы жас қаламгерді әлеуметтік өмірге араластырды.
Оның туындылары өз заманының келбетінен сыр береді және сол дәуірдің ағымымен түрлі тағдырды арқалаған адам өмірін сипаттайды. Мұхтар Әуезов туындыларына уақыт өзі өлмейтін нұр дарытқан, себебі әрбір шығарма халқына деген ерекше махаббатынан туған. Суреткер шығармаларындағы қорғансыздар тақырыбы - ең негізгі тақырып. Байырғы қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық, отаршылдық, жалпы айтқанда қорғансыздар күні жазушы шығармаларының өзекті мәселесі. Алайда жазушы тәуелсіздікке ұмтылған халықтың қаншама қорғансыз болғанмен, рухтары мықты, намысқор екенін әр шығармасында көрсетіп отырған.
Негізінен Мұхтар Әуезов әңгімелері трагедияға құрылған. Шығарма тақырыбы, оқиға барысы, сюжеттік желісі, кейіпкерлер арасындағы тартыста қарама-қайшылықтар кездесіп отырады. Аталмыш әңгімелерінде зұлымдық, жауыздық, озбырлық үстемдікке шығады. Бас қаһармандар қайғылы халге ұшырап, оқиға трагедиямен аяқталады.
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің өзге салаларымен қатар жарыстыра, өмірінің аяғына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген Мұхтар Әуезов 1921 жылы Қорғансыздың күні әңгімесін жазды.
Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен енсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жағадай жалғыз болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды
Қаһарлы қыстан бөлек жылы маусымдардың өзінде де Күшікбай асуы өзінен ызғар шашуын тоқтатпады. Маңынан әлдебір суықты сеземін. Бәлкім, ол ызғар маған ғана сезілер, бәлкім, басқа жандарға да сезілетін болар... Сол суықтың ызғары сол күні қорғансыз қалған Ғазизаның ащы зары мен сорғалап аққан көз жасының қарғысы іспеттес. Рас, Ғазизаны қорлаған қорқауларға қандай зауал келсе да артық емес. Бір айтарым, Ғазизаны қорлаған шақтағы борап тұрған қанды дауыл менің кеудемде әлі күнге дейін соғуын тоқтатпады. Көзіммен көрмесем де, оқырман менің ішім сезген жетімдік қасіретінен жүрегім қан жылайды.
Қаламгердің шығармасындағы Ғазиза қыз тағдырына Күшікбай асуы куә болған ел аузындағы трагедиялы қаза оқиғасы әр жолаушының көзіне жас ұялатпай қоймайтыны анық. Мұхаң қаламынан қан ағызып ауыр оқиғаны әңгімесіне арқау етті.
Адам жанын айтпай түсініп, жүрекпен жеткізу ұлы суреткердің даралық, даналық қасиеті ғой. Келесі бір әңгіме Жетімде дүниеқоңыз, безбүйрек ағайынсымағы Иса мен оның ұрысқақ долы қатыны Қадишаның өгейлік тепкісіне төзе алмай жанжалдасып шығып, қараңғы түн ішінде ата-анасының зиратын іздеп келе жатып үрейі ұшып өлген он жасар кішкене Қасым жетімдігі баяндалады.
Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бой ұсынған сияқты - деп Жетім әңгімесін оқи бастаймыз. Он жастағы тұл жетім Қасымның өне-бойыңды шымырлататын бейшаралық халін жазушы осылай елестетеді: кеш те қоңыр, жел де қоңыр салқын төбелер де қоңырқай тартып барады. Тыныштыққа қарай бой ұсыну да бар.
Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп еді. Одан жарты жыл бұрын өзін туған әке-шешесі өлген... Өз әке-шешесі өлгенде Қасымның кішкентай әлсіз басы тағдырдың бұның басына келерлік барлық соққысын түгелімен көріп шыққан. Алдыңғы өлімнен кейін жарты жыл өткенде кәрі әжесі өліп еді. Бұрынғы бала - бұрын еркелікпен жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді. Басына аспан құлағандай уайымды сол күні көріп еді. Тағдыр кішкентай байғұс балаға сондай қатал мінез көрсетті. Аранын аждаһадай ашқан өлім Қасым туыстарын бірінен кейін бірін жалмады. Баланы шын жетім етті. Ата-ана, кәрі анасы, бәрі, бәрі қара жер құшағына енді. Тек Қасым ғана жарық күнді көруде. Бірақ - қу жалғыз. Осы жалғыздық, панасыздық бала жүрегін ауыртты. Сәби жаны, кішкентай жүрегі үлкен қайғыға душар болды. Шығарма оқырманды толқытып, тебірентеді. Бұл жерде біз тағы да жазушы шеберлігіне тәнті боламыз.
Қасым ұйықтаса, бақытқа жеткендей болып, өзін алдына алып сүйіп уатып, көзін сүртіп жүрген әке-шешелерін көреді. Бәрі де біз тіріліп келдік, енді өлмейміз... Сен қорғансыз емессің, сен жыламайсың, сенің көз жасың бізді қайтып алып келді..., - деуші еді. Қасым түсінде еркелеп, әжесінің төсін иіскеп, мені неге жылаттың? - деп өкпе де айтатын.
Ата-анасынан ерте айырылған Қасымның бөтен бір ағайынсымақтан көрген моральдық, материалдық жәбірі аздай, зират ішінде де әлдебір құбыжық оның зәресін соншалықты ұшырып еді. Қасымның жан тапсырар сәтін жазушы да бар қорқынышты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері
М. Әуезов әңгімелеріндегі тақырып пен идея
Әлем әдебиеті Мұхтардың шығармалары арқылы ұлы
М.Әуезов әңгімелеріндегі тарихи және көркем шындық
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға
Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Қазақ прозасындағы әңгіме жанры, зерттелуі
Пәндер