Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері жайлы



1. Әлемдік тілдер.
2. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері
Тіл абстракциялық дүние ретінде тіл иелерінің санасында болады. Ал қоғамда тіл түрлі қолданыста көрініс беріп, өмір сүру формалары болады. Ұлттық тіл тілдің өмір сүру формаларының ең негізгісі болып, бәрінің басын қосады. Тілдің өмір сүру формалары бір-бірінен ерекшелене отырып, қоғамдық құбылыс ретінде тілдің негізгі өзіндік белгілері мен қызметін сақтайды. Тілдің өмір сүру формасы (орыс. формы существования языка) – табиғи тілдің түрлері; белгілі әлеуметтік, аймақтық немесе кәсіби ортада қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзара байланысты тіл варианттарының жүйесі. Тілдің өмір сүру формаларының жоғарғы формасы әдеби тіл, басқа формалары: жергілікті диалектілер, говорлар, койне, әлеуметтік диалектілер (арго, жаргон т.б.), қарапайым сөйлеу тілі. Бұлардың бәрі де жалпыхалықтық тілдің, ұлттық тілдің формалары болып табылады (Ғ.Қалиев. Тіл білімі термин.түс. сөздігі. 361-б.). Тілдің негізгі өмір сүру формалары: әдеби тіл; ауызша және жазбаша формалар; территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы; әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формасы; Ұлттық тіл – белгілі бір қоғамның барлық саласында коммуникацияны қамтамасыз ететін, күрделі, жан-жақты жүйелердің жүйесі. Тілдің негізгі өмір сүру формасы ретінде ауызша тіл болса, жазбаша тіл оған бағынышты болады. Бүгінгі таңда 300 тілдің жазуы болса, әлемде 3 мыңнан 7-8 мыңға дейін, тіпті 10-ға жуық тіл бар деп жатады. Жазу ауызша тілден әлдеқайда кейін пайда болған. Егер ауызша тілге 50 мың жылдай уақыт болды десек, ең көне жазуға, мәселен, шумер сына жазуына 6 мың жыл уақыт болған. Ауызша тілде тұрғындардың барлығы сөйлейтін болса, ал жазбашасын қоғамның белгілі бір бөлігі ғана қолданады. Ауызша тілдің мүмкіндігі жазбашамен салыстырғанда ақпаратты беруде, түсінікті, тұшымды, мәнерлі етіп жеткізуде әлдеқайда кең. Б.Шоу «жоқ пен бар» деген сөзді айтудың 50 түрлі әдіс-тәсілі бар деген екен. Әдеби тіл – өркениетті қоғамның ең маңызды, жоғарғы формасы. Әдеби тілдің дамуы сол елдің мәдениетінің, экономикалық өрлеуінің нәтижесінде дамиды. Әрі бұл форма қоғамда сөздері үлгі ретінде ұғынылатын біртуар жазушылардың, публицистердің, қоғам қайраткерлерінің үлес қосуымен қалыптасады. Орыс әдеби тілінің негізін салған А.С.Пушкин деп жатады. Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы дегеніміз ең алдымен территориялық диалектілер (наречие, говор, подговор). Территориялық диалектілер этникалық ұжым қолданылатын ұлттық тілдің варианттары (нұсқалары). Территориялық диалектілердің қолданылу аясы тұрмыстық қарым-қатынас, ал бір диалектінің негізінде халықтық поэтикалық шығармашылық пайда болады. Елдің сауаттылығының артуымен, халықтың көшіп қонуымен байланысты дамыған елдерде диалектілердің қолданылу аясы тарыла бастайды. Диалект иесі біртіндеп әдеби тілге көшеді. Дегенмен диалектілік сөзде әсіресе фонетикалық құбылыстар сақталып қалады. Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формаларына ареалдық тіл де жатады. Негізгі мекеніне бөлек елдерде қолданылатын ұлттық тіл (АҚШ, КАнада, Австария, Жаңа Зеландиядағы ағылшын тілі; Австрия мен Швейцариядағы неміс тілі, Канала, Бельгия, бұрынғы отар елдердегі француз тілі). Ареалды тіл негізгі тілдің белгілерін сақтай отырып, аймақтық та ерекшеліктерге ұшырайды, әсіресе лексикалық қорынан байқалады. Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формалары әдеби тілге қарама-қарсы қойылады. Әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формалары да әдеби тілге қарсы қойылады. Оларға ең алдымен әлеуметтік диалектілер, әлеуметтік жаргондар жатады. Әлеуметтік диалект – белгілі бір әлеуметтік топтың сөйлеу ерекшелігі. Әлеуметтік диалектілерге кәсіби диалектілер жатқызылады.
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы,1973;
2. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білім, А., 2004
3. Бенневист Э. Общая лингвистика.Москва,1974.
4. «Тіл білімі сөздігі» Алматы , 1998.
5. Березин. Ф.М. «Очерки по языкознанию в Россий. Москва,1968.
6. Кодухов В.И. Общее языкознания. Москва,1974.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері

Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Самекбаева Э.М.

Семей- 2015

1. Әлемдік тілдер.
2. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері

Тіл абстракциялық дүние ретінде тіл иелерінің санасында болады. Ал қоғамда тіл түрлі қолданыста көрініс беріп, өмір сүру формалары болады. Ұлттық тіл тілдің өмір сүру формаларының ең негізгісі болып, бәрінің басын қосады. Тілдің өмір сүру формалары бір-бірінен ерекшелене отырып, қоғамдық құбылыс ретінде тілдің негізгі өзіндік белгілері мен қызметін сақтайды. Тілдің өмір сүру формасы (орыс. формы существования языка) - табиғи тілдің түрлері; белгілі әлеуметтік, аймақтық немесе кәсіби ортада қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзара байланысты тіл варианттарының жүйесі. Тілдің өмір сүру формаларының жоғарғы формасы әдеби тіл, басқа формалары: жергілікті диалектілер, говорлар, койне, әлеуметтік диалектілер (арго, жаргон т.б.), қарапайым сөйлеу тілі. Бұлардың бәрі де жалпыхалықтық тілдің, ұлттық тілдің формалары болып табылады (Ғ.Қалиев. Тіл білімі термин. түс. сөздігі. 361-б.). Тілдің негізгі өмір сүру формалары: әдеби тіл; ауызша және жазбаша формалар; территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы; әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формасы; Ұлттық тіл - белгілі бір қоғамның барлық саласында коммуникацияны қамтамасыз ететін, күрделі, жан-жақты жүйелердің жүйесі. Тілдің негізгі өмір сүру формасы ретінде ауызша тіл болса, жазбаша тіл оған бағынышты болады. Бүгінгі таңда 300 тілдің жазуы болса, әлемде 3 мыңнан 7-8 мыңға дейін, тіпті 10-ға жуық тіл бар деп жатады. Жазу ауызша тілден әлдеқайда кейін пайда болған. Егер ауызша тілге 50 мың жылдай уақыт болды десек, ең көне жазуға, мәселен, шумер сына жазуына 6 мың жыл уақыт болған. Ауызша тілде тұрғындардың барлығы сөйлейтін болса, ал жазбашасын қоғамның белгілі бір бөлігі ғана қолданады. Ауызша тілдің мүмкіндігі жазбашамен салыстырғанда ақпаратты беруде, түсінікті, тұшымды, мәнерлі етіп жеткізуде әлдеқайда кең. Б.Шоу жоқ пен бар деген сөзді айтудың 50 түрлі әдіс-тәсілі бар деген екен. Әдеби тіл - өркениетті қоғамның ең маңызды, жоғарғы формасы. Әдеби тілдің дамуы сол елдің мәдениетінің, экономикалық өрлеуінің нәтижесінде дамиды. Әрі бұл форма қоғамда сөздері үлгі ретінде ұғынылатын біртуар жазушылардың, публицистердің, қоғам қайраткерлерінің үлес қосуымен қалыптасады. Орыс әдеби тілінің негізін салған А.С.Пушкин деп жатады. Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы дегеніміз ең алдымен территориялық диалектілер (наречие, говор, подговор). Территориялық диалектілер этникалық ұжым қолданылатын ұлттық тілдің варианттары (нұсқалары). Территориялық диалектілердің қолданылу аясы тұрмыстық қарым-қатынас, ал бір диалектінің негізінде халықтық поэтикалық шығармашылық пайда болады. Елдің сауаттылығының артуымен, халықтың көшіп қонуымен байланысты дамыған елдерде диалектілердің қолданылу аясы тарыла бастайды. Диалект иесі біртіндеп әдеби тілге көшеді. Дегенмен диалектілік сөзде әсіресе фонетикалық құбылыстар сақталып қалады. Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формаларына ареалдық тіл де жатады. Негізгі мекеніне бөлек елдерде қолданылатын ұлттық тіл (АҚШ, КАнада, Австария, Жаңа Зеландиядағы ағылшын тілі; Австрия мен Швейцариядағы неміс тілі, Канала, Бельгия, бұрынғы отар елдердегі француз тілі). Ареалды тіл негізгі тілдің белгілерін сақтай отырып, аймақтық та ерекшеліктерге ұшырайды, әсіресе лексикалық қорынан байқалады. Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формалары әдеби тілге қарама-қарсы қойылады. Әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формалары да әдеби тілге қарсы қойылады. Оларға ең алдымен әлеуметтік диалектілер, әлеуметтік жаргондар жатады. Әлеуметтік диалект - белгілі бір әлеуметтік топтың сөйлеу ерекшелігі. Әлеуметтік диалектілерге кәсіби диалектілер жатқызылады. Кәсіби диалектілер - белгілі бір кәсіп иелерінің сөйлеу ерекшелігі. Кәсіби диалектілер әртүрлі еңбек құралдарын, олармен жұмыс істеу әрекеттерін өзінше атаудан пайда болады. Негізінен арнайы терминдерден тұрады, мысалы орыс тілді құс өсірушілер мынадай бірліктерді пайдаланады екен: пульканье, клыканье, гусачок, раскат т.б. Мұның бәрі құстың сайрауын сипаттайтын сөздер. Әлеуметтік диалектілер жергілікті шаруалар диалектісіне жақын болып келеді. Бұларда басқаша шартты тілдер деп атайды. ХІХ ғ. Ресейде деректерге қарағанда мұндай тілдің 70 түрі болған. Бұлар кең территорияға тарап, он мыңдаған кезбе саударгерлердің (офенея, шерстобитов, шорников, овчинников, портных, ремесленников) қарым-қатынас жасауына қызмет еткен. Мұндай шартты тілдерге қайыршылар тілі де жатады. Бұлардың тілі қоғамнан аластатылған, ұрылар, қылмыс әлемінің жаргонына өте жақын [Ю.С.Степанов. Основы общего языкознания. Москва, Просвещение 1975. стр. 198]. Гендерлекті - бір ұлттың ішіндегі әйелдер мен ерекетердің сөйлеу тілінің ерекшелігі. Бұл құбылысқа соңғы жылдары ерекше мән беріле бастады. Осымен байланысты гендерлік лингвистика (ағыл. gender - жыныс) тіл мен сөйлеудегі гендерлік жіктелісті зерттейтеуге байланысты пайда болады. Қоғамдық дамуы сатысы жағынан жоғары тұрмайтын, тек дәстүрлі өмір салтын ұстанатын кейбір халықтың тілінде тілдің әйелдік және еркектік нұсқалары бар. Мәселен, Алтайдағы кейбір айлтай түркілерінің тілінде бір сөзді ерлер бөрі, әйелдер ұлушы деп, ерлер бала, әйелер ұран, тауықты ерлер құш, әйелдер - ушар, тісті ерлер тиш, әйелдер азу деп атайтын құбылыстар байқалады. Әйелдер көбіне көне формаларды, ерлер жаңа формаларды қолданады екен. Мұндай құбылыс әлемдегі көптеген халықтың тілінде кездеседі. Әлеуметтік жаргон - белгілі бір әлеуметтік топтардың ауызша сөйлеуінде қолданылатын пәс, төмендетілген, экспрессивті (айрықша, құлаққа тосын, ерекше қолданылатын сөздер) тілдік бірліктердің жиынтығы. Әлеуметтік жаргондарға кәсіби жаргондар да жатады. Кәсіби жаргондар - белгілі бір кәсіп иелерінің ауызша сөйлеуінде қолданылатын төмендетілген, экспрессивті кәсіби сөздердің жиынтығы. Мысалы радиомеханиктердің кәсіби жаргонында конденсатор сөзін кондер, напряжение - напруга т.б. қолдану. Спортшы, көлік жүргізуші, теңізші, ұшқыш, дәрігерлердің қолданылатын кәсіби жаргондары болады.
Қылмыстық жаргон. Қылмыстық жаргон негізінен Ресейде жан-жақты зерттелген. Соңғы кездері мұндай сөздіктер көптеп жарыққа шықты. Кейде бұл жаргонды ұрылар жаргоны, арго деп те атайды. Орыс тіліндегі қылмыстық жаргон мочить, медвежатник (сейф ашатын), рыжье (алтын), щипач, щирмач, трассагон (қалта ұрысы) т.б. Қаңғыбастар жаргоны Ресейде 20-жылдары 30-жылдардың басына дейін болған. Балалар жаргоны бір-бірімен сөйлесу үшін және құпия сақтау үшін қолданылады. Көбіне оған сөздердің арасына буын қосып сөйлеуді жатқызуға болады. Ол қазақ тілінде де солай сөйлеу әрекеттері болған. Жастар жаргоны - 14-25 жас аралығындағы қоғам мүшелерінің сөйлеу ерекшелігі. Жастар өз ортасында солай сөйлеуді әдет қылып, есейген соң қолданудан қала бастайды. Орыс тіліндегі клево, облом, тормоз, понтовый, башню сносить т.б. Қазақ тілінде де сондай мысалдарды келтіруге болады: қуу, лақтыру, қораға кіргізу т.б. Әлеуметтік жаргондардың ерекшелігі - жүйелелігі әлсіз, көлемі аздау болуы, жаңа сөздермен жаңарып отыруы және ондай лексикалық бірліктердің әр өңірге тән, жергілікті сипаты болуы. Топтық (корпоративті) жаргондар уақытша топтасып біріккен адамдардың сөзіндегі ерекшелік. Көбіне оған солдат және студент жаргондары жатқызылады. Әскер қатарында болу, ЖОО оқу арнайы кәсіп, тұрақты жұмыс болмағандықтан, әскери қызметте, оқу барысында жастар аталған жаргонның тіл жұмсаушысы болып, белгілі бір уақыттан кейін ондай сөздер қолданыстан шығып қалады. Солдат жаргоны: дембиль (увольнение запас), самоволка (әскери бөлімшеден өз бетімен кету), губа (гаупвахта), дух, черпак, дед, қазақша шал, ұшып жүру (жүгіріп жүру), асыл (қинал) деп қолдану т.б. Студенттер жаргонына степуха (стипендия), препод (преподователь), шпора, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Әлемдік тілдер жайлы
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ежелгі дәуір тіл білімі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Пәндер