Жасыл тыңайтқыштар



1. Жасыл тыңайтқыш туралы түсінік.
2. Жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын дақылдар.
3. Сидерациялық дақылдарды өсіріп жыртқандағы негізгі шарт.
4. Жасыл тыңайтқышты қолдану топырақ құнарлылығын арттырудың агротехникалық тәсілдерінің бірі.
5. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жасыл тыңайтқыш(орыс. Зеленое удобрение, сидерат) — топырақтың құнарлылығын арттыру үшін жыртар алдында топыраққа көк күйінде араластырылатын өсімдіктер.
Жасыл тыңайтқыш ретінде, көбінесе, органикалық заттарға және азотқа бай бұршақ тұқымдас өсімдіктер (бөрібұршақ, ноғатық, сиыр жоңышқа, т.б.) егіледі. Бұлар түйнек бактериялары арқылы ауадағы азотты сіңіреді. Топырақтың барлық түрінде, әсіресе құмды және құмдауыт топырақта қолданылады. Жасыл тыңайтқышты ауыспалы егіс жағдайында көңмен және минералды тыңайтқыштармен араластырған тиімді.
Жасыл тыңайтқыштар немесе сидерация деп әр түрлі көп жылдық не бір жылдық шөптерді өсіп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Бұл мынаған байланысты. Көптеген топырақтағы органикалық заттар және азот мөлшері аз, ал олардың топырақтағы аз ғана қоры оңтүстіктің – ыстық климаты жағдайында тез күйіп кетеді.
Жасыл тыңайтқыштарға арналған шөптер көбінесе фосфор мен калийге кедей болғандықтан оларды жыртпас бұрын топыраққа фосфор менкалий минералды тыңайтқыштарын шашу керек.
Жасыл тыңайтқыштарды пайдалану үшін тасбеде, жаздық сиыржоңышқа, екпе ноғатық, шабдар, бөрібұршақ сияқты дақылдарды өсіреді де, вегетациялық және тамыр мүшелері әбден жетілген шағында көктей жыртып тастайды. Көбінесе техникалық дақылдар ауыспалы егіске қолданылатындықтан жоғарыда көрсетілген дақылдарды 5-ші немесе 6-шы танапқа орналастырады.
1. Қазақ энциклопедиясы
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Тілемісов Х., Рамазанов Е., Ауыл шаруашылығы сөздігі, А., 1992.
4. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Жасыл тыңайтқыштар.

Орындаған: Қаппасова С
Тобы: АГ-313 с
Курс: ІІI
Тексерген: Мухаметжанова О.Т

Семей 2015

Жоспар׃
1. Жасыл тыңайтқыш туралы түсінік.
2. Жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын дақылдар.
3. Сидерациялық дақылдарды өсіріп жыртқандағы негізгі шарт.
4. Жасыл тыңайтқышты қолдану топырақ құнарлылығын арттырудың агротехникалық тәсілдерінің бірі.
5. Пайдаланылған әдебиеттер.

Жасыл тыңайтқыш (орыс. Зеленое удобрение, сидерат) -- топырақтың құнарлылығын арттыру үшін жыртар алдында топыраққа көк күйінде араластырылатын өсімдіктер.
Жасыл тыңайтқыш ретінде, көбінесе, органикалық заттарға және азотқа бай бұршақ тұқымдас өсімдіктер (бөрібұршақ, ноғатық, сиыр жоңышқа, т.б.) егіледі. Бұлар түйнек бактериялары арқылы ауадағы азотты сіңіреді. Топырақтың барлық түрінде, әсіресе құмды және құмдауыт топырақта қолданылады. Жасыл тыңайтқышты ауыспалы егіс жағдайында көңмен және минералды тыңайтқыштармен араластырған тиімді.
Жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын дақылдар.

Бөрі бұршақ

Ноғатық

Сиыр жоңышқа

Эспарцет

Тригонелла

Чина

Шабдар

Жасыл тыңайтқыштар немесе сидерация деп әр түрлі көп жылдық не бір жылдық шөптерді өсіп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Бұл мынаған байланысты. Көптеген топырақтағы органикалық заттар және азот мөлшері аз, ал олардың топырақтағы аз ғана қоры оңтүстіктің - ыстық климаты жағдайында тез күйіп кетеді.
Жасыл тыңайтқыштарға арналған шөптер көбінесе фосфор мен калийге кедей болғандықтан оларды жыртпас бұрын топыраққа фосфор менкалий минералды тыңайтқыштарын шашу керек.
Жасыл тыңайтқыштарды пайдалану үшін тасбеде, жаздық сиыржоңышқа, екпе ноғатық, шабдар, бөрібұршақ сияқты дақылдарды өсіреді де, вегетациялық және тамыр мүшелері әбден жетілген шағында көктей жыртып тастайды. Көбінесе техникалық дақылдар ауыспалы егіске қолданылатындықтан жоғарыда көрсетілген дақылдарды 5-ші немесе 6-шы танапқа орналастырады.
Сидерацияға арналған дақылдарды жырту одан кейінгі егілетін дақылдар ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, сидерациядан кейінгі егілетін дақылға бірінші уақытта азот көбірек керек болса, сидерациялық дақылдарды ертерек жыртады және керісінше. Сидерациялық дақылдардың тез ыдырауы ұшін оларды ертерек және тайызырақ жырту керек.
Сидерациялық дақылдарды өсіріп жыртқандағы негізгі шарт - топырақтағы неғұрлым азот пен органикалық заттардың мол қорын жасау болғандықтан, оған аса көңіл бөлу керек. Бұл дақылдардың бәрі дерлік атмосферадан азот жинайды, ал мұны күшейту үшін бұл дақылдарды екпес бұрын дәндерін арнаулы препараттармен өңдейді. Бұл шара сидерациялық дақылдардың атмосферадан азот сіңіруін күшейтеді, топырақта мол жиналуына көмектеседі.
Жасыл тыңайтқышты қолдану топырақ құнарлылығын арттырудың агротехникалық тәсілдерінің бірі. Жасыл тыңайтқыш үшін өсірілетін дақылдарды сидераттар деп атайды. Жасыл тыңайтқыш ретінде бөрі бұршақ, сераделла, сиыр жоңышқа, эспарцет, тригонелла, чина, шабдар, қыша, нут сияқты дақылдарды пайдаланады. Жасыл тыңайтқыштар топырақтағы органикалық заттар мен азоттың қорын арттырады және фосфор, калий тағы басқа қоректік заттарды сіңімді түрлерімен байытады. Топырақтың ауа, су өткізгіштігі жақсарады. Микробиологиялық процестің жүруі жылдамдайды. Жасыл тыңайтқыш құрамындағы азотты өсімдіктің пайдалануы көңдегі азотқа қарағанда екі есе жоғары болады. Топыраққа еңгізілген жасыл тыңайтқыштар оның негізбен қанығу дәрежесін, сіңіру сыйымдылығын, буферлігін жақсартады. Жасыл тыңайтқыштар жеке немесе басқа дақылдармен бірге егілуіне қарай дара және тығыздалған (аралас) болып екіге бөлінеді. Дара сидераттар алқапқа бір-екі маусым немесе бірнеше жыл қатарынан егіледі. Вегетациялық дәуірі қысқа негізгі дақыл жиналған соң, ол алқапқа жасыл тыңайтқышты орналастырады, күзге қарай көк балаусаны топырақты жырту арқылы сіңіреді де күздік дақыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыш түрлері
Өсімдіктер үшін қажет элементтер тобы
Минералды тыңайтқыштармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
Тыңайтқыштардың түрлері
Ауыл шаруашылықты химияландыру
Орман екпелерінің жағдайын бағалау
Тыңайтқыштар классификациясы
Органикалық тыңайтқыштардың классификациясы
Азотты тыңайтқыштар
Пәндер