Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет



1. Көркем шығармадағы психологизм;
2. Тарихи тақырыптағы шығармалар;
3. Қазіргі қазақ прорзасындағы тақырыптық жанрлық іщденімтер;
Психологизм – көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінінің түйісер тұсы, «көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі – психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен – психологизм», сонымен қатар, кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе». Психологизм алғашқы көркем туындымен кіндіктес болғанымен оның әр дәуірдегі көрініс беруі әрқилы. Олай дейтін себебіміз, бірқатар ғалымдарымыз оның бастау арналарын Күлтегін жазбаларымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен («Ер Тарғын», «Қыз Жібек» жырларымен, айтыстармен) ұштастыра келе, Х-ХІІ ғасырлардағы көптеген ғұламалар еңбектерінде кездесетіндігін алға тартып, Әл-Фараби еңбектеріндегі («Өлең өнері туралы трактат»), Жанақ, Махамбет, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ішкі сезімдердің көрініс табуы ғасырлардан ғасырларға көркем әдебиетпен бірге өркендеп келе жатқан психологизмнің заңды жалғасы екендігін сөз етеді. Бұл туралы әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов: «Психологизм – көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм – көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі, әрі стиль көрінісі», – деп тұжырымдайды. Егер әдебиетті адам сезімдерінің сыртқа тепкен көрінісі деп қабылдасақ, оның көркем әдебиеттің ажырамас қасиеті болуы заңды да, бірақ психологизмнің бүкіл көркем әдебиетке тән жалпылық қасиетіне қоса, стильдік құбылыс ретіндегі даралық қасиеті де бар. Бұл туралы орыстың әдебиеттанушы ғалымдары А.Б.Есин, Л.Я.Гинзбург Л.С.Выготский өз зерттеулерінде біршама тоқталып өткен. Біз осы зертеулерге сүйене отырып, саралап қарасақ, жоғарыдағы шығармаларда психологизм элементтері кездескенімен, барлығының бірдей толыққанды стиль ретінде қалыптасқан психологизм талаптарына жауап бере алмайтындығына көз жеткіземіз, бұл шығармалардың кейбіріне психологизмнің жалпылық қасиеті тән болса, кейбірінде психологизмнің даралық сипатының алғышарттары қалыптаса бастағанын байқай аламыз. Біздің қарастыратынымыз көркем шығармалардағы психологизмнің даралық қасиеті.
1) Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ әңгімелері. –Алматы: «Жазушы», 1988. -174
2) Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. 2-том. –Алматы: «Білім», 1960.
3) Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. . –Алматы: «Ата мұра», 2003. -208 б.
4) Аймауытов Ж. Псиқолоғия. –Алматы: «Рауан», 1995. -309 б.
5) Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ғылым, 1979.
6) Бердібаев Р .Тарихи роман. - Алматы: Санат. 1997. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. - Алматы: Ғылым, 1991.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Өздік жұмыс

Орындаған: Шарыпова М. Қ - 213
Тексерген: Құрмамбаева Қ. С.

Семей, 2015 жыл
Жоспар:
1. Көркем шығармадағы психологизм;
2. Тарихи тақырыптағы шығармалар;
3. Қазіргі қазақ прорзасындағы тақырыптық жанрлық іщденімтер;

Психологизм - көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінінің түйісер тұсы, көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі - психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен - психологизм, сонымен қатар, кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Психологизм алғашқы көркем туындымен кіндіктес болғанымен оның әр дәуірдегі көрініс беруі әрқилы. Олай дейтін себебіміз, бірқатар ғалымдарымыз оның бастау арналарын Күлтегін жазбаларымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен (Ер Тарғын, Қыз Жібек жырларымен, айтыстармен) ұштастыра келе, Х-ХІІ ғасырлардағы көптеген ғұламалар еңбектерінде кездесетіндігін алға тартып, Әл-Фараби еңбектеріндегі (Өлең өнері туралы трактат), Жанақ, Махамбет, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ішкі сезімдердің көрініс табуы ғасырлардан ғасырларға көркем әдебиетпен бірге өркендеп келе жатқан психологизмнің заңды жалғасы екендігін сөз етеді. Бұл туралы әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов: Психологизм - көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм - көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі, әрі стиль көрінісі, - деп тұжырымдайды. Егер әдебиетті адам сезімдерінің сыртқа тепкен көрінісі деп қабылдасақ, оның көркем әдебиеттің ажырамас қасиеті болуы заңды да, бірақ психологизмнің бүкіл көркем әдебиетке тән жалпылық қасиетіне қоса, стильдік құбылыс ретіндегі даралық қасиеті де бар. Бұл туралы орыстың әдебиеттанушы ғалымдары А.Б.Есин, Л.Я.Гинзбург Л.С.Выготский өз зерттеулерінде біршама тоқталып өткен. Біз осы зертеулерге сүйене отырып, саралап қарасақ, жоғарыдағы шығармаларда психологизм элементтері кездескенімен, барлығының бірдей толыққанды стиль ретінде қалыптасқан психологизм талаптарына жауап бере алмайтындығына көз жеткіземіз, бұл шығармалардың кейбіріне психологизмнің жалпылық қасиеті тән болса, кейбірінде психологизмнің даралық сипатының алғышарттары қалыптаса бастағанын байқай аламыз. Біздің қарастыратынымыз көркем шығармалардағы психологизмнің даралық қасиеті. Ал, оның даралық қасиетінің өзіне ғана тән жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктері бар. Соның бірқатарын әдебиет зерттеушісі, ф.ғ.д. Г.С.Пірәлиева өз еңбектерінде атап көрсеткен болатын:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея, т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы - жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды.
Әдеби туындыны психологизмнің арнаулы бейнелеу құралдарының көмегімен суреттей отырып көркемдік құндылыққа жетуге болады. Әлемнің маңдай алды әдебиет зерттеушілері оның алғашқы пайда болу тарихын түрліше жорамалдайды. Әлем әдебиеті тарихында шын мәніндегі прозадағы психологизмнің алғашқы белгілерін ХҮІІ ғасырда Мадам де Лафайеттің Принцесса Клевская, Аббат Превоның Манон Леско, Шодерло де Лаклоның Қауіпті байланыстар романдарынан кездестіреміз. Ал нағыз психологиялық романның атасы Бенжамен Констанның Адольф (1807 жылы жазылып, 1815 жылы басылған) романы деген пікір бар. Прозадағы шын мәніндегі нағыз психологизм ХІХ ғасырда қалыптасқаны мәлім.
Орыс әдебиетінде прозадағы реалистік психологизмнің теориясын қалыптастырған жазушылар ретінде Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийді мойындайды. Л.Н.Толстой нағыз аналитикалық психологизмнің негізін салып, психологиялық бейнелеу әдіс-тәсілдерін жаңа үлгілермен байытты. Ф.М.Достоевский психологизмнің Бедные люди шығармасында эпистолярлық түрін, яғни хат арқылы ішкі сырды ақтару, Двойник, Қылмыс пен жаза сананың екіге жарылуы сынды әдістерді айналымға ендірді. Шамамен 1910-1920 жылдары Европа әдебиетінде Достоевский дәстүрін үлгі тұтқан шығармаларына адамның ішкі Менін және сезімдер әлемін, сана мен түйсіктің жұмысын арқау еткен модернизм ағымы пайда болды. Әлем әдебиетінде оның ірі өкілдері ретінде Марсель Пруст, Джеймс Джойс, Франс Кафка танылған. Бұл ағым өкілдері әдебиет пен басқа да өнер түрлерінде батыл жаңалықтар енгізуімен және түрлі эксперименттер жасауымен ерекшеленді. Соның негізінде әдебиетте дадаизм, сюрреализм, футуризм, экспрессионизм, сияқты басқа да авангардтық ағымдар бой көтерді. Бірақ модернизмнің негізгі бастауы ретінде С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев экзистенциализмі, З.Фрейдтің психоталдауы, Э.Гуссерльдің феноменологиясы танылды. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Ал ХХ ғасырдың 50-60 жылдары әлемді танудың көркемдік құралы ретінде постмодернизм ағымы қалыптаса бастады.
Ұлттық әдебиеттегі психологизм аясында әңгіме қозғасақ, поэзияда адам жанының құпияларын, сезімдердің нәзік иірімдерін психологиялық бейнелеу әдіс-тәсілдерін байыта отырып, сөз сиқырымен оқырманына жеткізудегі ең алғашқы қадамды Абай жасады десек, қателеспейтін тәріздіміз. Абайға дейін адам психологиясында болатын өзгерістерді суреттеудің екі түрі (психологиялық параллелизм, әр түрлі монологтар) бар болатын дей келе, өзіне дейінгі әдебиеттің өрістей алмаған жағын толықтырып, сезім дүниесінің сөз арқылы терең суреттеу әдісінің тамаша үлгілерін көрсеткен Абай қазақта бірінші ақын болды. Поэзияда адамның сезімінде болатын әртүрлі құбылыстарды тікелей суреттеу әдісін алғаш Абай енгізді. Ал, прозадағы психологизмнің алғашқы нышандарының әдебиет зерттеушісі, ғалым Майтанов ХІХ ғасыр соңында Дала уәлаяты газетінде жарияланған Бәти әңгімесінен көрініс беретінін айтады. Яғни, психологизм ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қазақ көркем прозасының пайда болып дамуымен бірге ілесе дамып келе жатқан көркемдік әдіс-тәсілдер деп тұжырымдауға негіз бар. Енді қалыптасып келе жатқан проза жанры ауыз әдебиеті мен өзге елдер әдебиетінен үйрену, өз табиғатымызға лайықтап сіңіре білу үдерісі үстінде болды. Жазуы ерте дамыған елдердегі осы игі дәстүрді қазақтың алғашқы жазушылары өз шығармаларында қолданысқа ендірді.
Бұл тәсілдерді пайдалану тәжірибесі прозада Ж.Аймауытовтың Ақбілегі, Қартқожасы, М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі, М.Әуезов Қорғансыздың күні, Қаралы сұлуы, т.т. шығармаларынан бастау алады. Әдебиеттегі психологизмді зерттеудің алғашқы нышандарын А.Байтұрсынов Әдебиет танытқыш еңбегінен байқауға болады. Аталмыш еңбектің дарынды сөз деген тарауында көркем шығармалардағы ішкі әлемнің көрінісін толғау деп атай келіп, оған былай деп анықтама беріп өтеді: Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілдің күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда.
Ал, өзі психолог-жазушы Ж.Аймауытов психология ғылымын едәуір дендеп зерттеуге барған. Оның Псиқолоғия және Жан жүйесі мен өнер таңдау (1926) еңбектері осы айтқандарымызға дәлел. Бірқатар психология терминдерінің қазақша баламаларын да ғылыми айналымға енгізуге атсалысқан. Мысалы, психоанализді жанталдау деп алып, адам мінездерін бірнеше түрге бөліп қарастырып, олардың қандай ерекшеліктері барын, қандай қызметке бейім болатынын анықтап, бұл терминдердің қазақша атауын төмендегіше береді: 1)күйгелек (нервный), 2)аяныш жанды (сентиментальный), 3)сарыуайымшыл (апатичний), 4)қызбалы (холерик), 5)ыстық қанды (сангвиник), 6)салқын қанды (флегматик), 7)құмартпалы (страстный), 8)ұйтқымалы.
Сонымен қатар, кісінің қылығын, психологиясын бақылауда келбеттің алатын орнына тоқталып, Кісінің қылығын қимылына қарап сынаймыз; көзге көрінетін қимыл беттікі дей келе, адамның қат-қабат сезім құбылыстарының сыртқы белгілеріне қарап ажыратуда көз әлпетінің беттің ымының (мимика), ауыздың құбылуының, ымдасу мен қол сермеудің де мәні зор екендігіне тоқталып өткен.
М.Жұмабаевтың Педагогика (1927), Психология, яки жан тілі еңбектері, Ш.Құдайбердиевтің Тіршілік жан туралы (1919) мақаласы адам жанының тылсым табиғатын зерттеудегі алғашқы қадамдар болатын.
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды алғашқы психологиялық шығармалардың авторларына шығарма шырайын ашатын күрделі образдар характері мен психологиясын сомдауда шеберлік шыңына жеткендігі адамның жаратылысы мен психологиясын жетік меңгергендігі, бұл саладағы ұлан-ғайыр білімі, ізденгіштігі басты себептердің бірі болса керек.
Прозадағы психологизмді қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан алдыңғы буын сөз зергерлері мен 60-80 жылдары әдебиетке құбылыс ретінде таныла келген шоқжұлдыздар шоғырын жалғаушы алтын белес, әрине, М.Әуезов шығармашылығы және оның ұлағатты ұстаздығы болды. Оның жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы повестері мен әңгімелерінде (Қорғансыздың күні, Қаралы сұлу, Жетім, Қасеннің құбылыстары (психологиялық очерк) әңгімелері мен Қыр суреттері әңгімелер циклы) кейіпкердің рухани әлеміне терең бойлап, оның ішкі сырын түрлі әдіс тәсілдер арқылы ашуға деген ұмтылыс айрықша байқалады. Жазушының Абай жолы дәуірнамасы және жоғарыда атап өтілген повесть, әңгімелері психологизмнің кейіпкер болмысының екіге жарылуы, психологиялық параллелизм, яғни пейзаждың символ ретінде қолданылып, кейіпкердің ішкі әлемін ашуға септесуі, т.б. сияқты әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, дамудың жаңа сатысына көтерді.
Прозада 60-80 жылдары Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, О.Бөкей, А.Сүлейменов, Т.Ахтанов, С.Мұратбеков, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Нұрпейісов, Т.Жармағамбетов шығармалары адамның қат-қабат көңіл түкпіріндегі сезім иірімдерін дөп басатын әдіс-тәсілдерді әдеби айналымға ендіруімен құнды. Айтылмыш жазушылар прозадағы психологизмді қалыптастыруда түрлі ізденістерге барды, фольклордан, әлем әдебиетінің озық дәстүрлерінен нәр алып, әрқайсысы өзіндік өрнегін жасап, даралығын танытты. Бұл жазушылар шығармашылығында психологизм, экзистенциализм ағымдарының көріністері орын алды. Алайда біз бұл көріністерді дүниежүзі әдебиетіндегі осы ағым өкілдерінің шығармаларымен салыстыра алмаймыз. Себебі әдеби орта, қоғам, ұлттық көзқарас, жазушының дүниетанымы, мақсаты, тіпті суреттеу обьектісі әр алуан. Ә.Кекілбаев шығармалары (Аңыздың ақыры, Күй, Шыңырау, Ханшадария хикаясы) сана ағымы тәсілінде жазылып, аңыз-әңгімелерге негіз болған тарихи тұлғалардың пенделік құпияларын ақтарса, Д.Исабековті (Тіршілік, Сүйекші) кішкентай адамдардың талайлы тағдырлары толғандырады, Т.Әбдіков (Тозақ оттары жымыңдайды, Оң қол, Парасат майданы) шығармаларында өмірден өз орнын таппаған, мағынасыздық пен мазмұнсыздықтан торыққан кейіпкерлеріне қарап батыстың постмодернизмінің, дәлірек айтсақ экзистенциализмнің стильдік белгілері қылаң береді деп батыл айта аламыз.
С.Мұратбеков (Менің қарындасым), Д.Исабеков (Гауһар тас), Т.Жармағамбетов (Нәзік бұлттар) прозасындағы лирикалық-психологиялық сипат та осы кезең тудырған жаңа бағыттардың бірі. Бұл қаламгерлер шығармаларында орын алған лирикалық сарын психологизм әдіс-тәсілдерімен үндесуі арқылы кейіпкердің бейнесін ашып көрсетуде жоғары эстетикалық деңгейлерден көрініп, адам болмысының нәзік құбылыстарын рухани тазалығын, адамгершілік қасиеттерін ішкі ой-сезімдерімен астастыра бейнелеу арқылы көркемдік биіктікке жеткен.
Қазақстанның тәуелсіздік алған 90-жылдардан бастап енген қоғамдағы түбегейлі өзгерістер қарқынды, көз ілеспес жылдамдықпен жүзеге асуына байланысты экономикалық әрі рухани дағдарыстарға апарып соқтырды. Осының нәтижесінде Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген кеңестік дәуірден қалған ұжымшылдық сананың жойылып, әрбір адамды өзінше тіршілік жасап, шешім қабылдауға мәжбүр еткен өзімшілдік сананың қалыптаса бастауы қоғам мінезіне белгілі дәрежеде төңкеріс әкелді. Осы өзгерістер барысында қоғамдағы біріне-бірі ұқсамайтын адамдардың қырық құбылған мінезі мен қилы іс-әрекеттеріне, бұрын соңды болмаған оқиғалардың орын алуына әкеліп соқтырды. Томаға тұйық жатқан елдің барлық шекара қақпасының ашылуы бір жағынан экономиканың қаз тұруына септессе, бір жағынан халықтың санасы рухани шабуылдауға ұшырады. Бұрын белгілі бір идеяның етегіне жармасып күн кешіп, енді оның күні бітіп күйреуі нәтижесінде дағдарысқа ұшырап, сансыраған сана еңсесін тіктеу үшін рухани ізденіске түсті, сол жолда сырттан енгеннің керектісі де керексізі де сіңірілді, талдап-талғау, түп қазықты табу оңайға түскен жоқ. Осы тәуелсіздік пен нарық қоғамы әкелген өзгерістер жазушыларға тың тақырыптар ұсынды.
Әдебиетіміздің бүгінгі өкілдері арасында адамның психологиясындағы ішкі шиеленістерді шығармаларына өзек еткен жазушылар баршылық. Р.Мұқанова, Д.Амантай, А.Кемелбаева, А.Жақсылықов, А.Ықсан, А.Алтай сияқты жас қаламгерлер шығармашылығы да жаңашыл, эксперименттерге бейім.
Асқар Алтай қаламынан туған Түсік, Лайбаран, Казино, Кентавр, Тұл, Шаһид, Жүсіпбек Қорғасбектің Өлі көл, Қасқыр-Адам, Жансебіл, Үрей, Талаптан Ахметжанның Нобель сыйлығы, Аслан Жақсылықовтың Ант ұрғандардың түстері (Сны окаяных) шығармалары тақырыптарының өзі жаңа қоғам тудырған жаңаша туындылардың дүниеге келгенінің айғағы болса керек.
Ф.ғ.к., әдебиет зерттеушісі Мақпал Оразбек те жоғарыда аталып өткен кейінгі толқын қаламгерлер ішінде Жүсіпбек Қорғасбек (Өлі көл, Қасқыр-Адам, Жансебіл, Үрей) шығармаларында экзистенциализм ұшқындары көрініс беретіндігін сөз етеді.
Міне, қазақ прозасының сәби кезінен меңгеріле бастап бүгініне дейін ұласып отырған бейнелеу принциптерінің бірі - психологизм өз дамуында түрлі кезеңдерден өтіп, дәстүрлердің тозығын қалдырып, озығын алып жаңғырып, жаңа түрлермен байып кемелдену үстінде.

Тарихи тақырыптағы романдар
Тарихи тақырыпқа деген қызығушылықтың артуы, халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалардың көптеп дүниеге келуі, бір жағынан, ұлттық сезімнің күшеюіне байланысты өз мүмкіншілігін сезіну, бүкіл адамзат тағдырын бейнелейтін тарихи шығармашылыққа өз үлесін қосу болса, екінші жағынан, өткен дәуір елесіне бүгінгі күн биігінен қарап, кешеден бүгінге жету соқпағының бастауында не тұрғаны туралы ой сүзгісінен өткізе отырып, жан-жақты бейнесін жасау жатқандығында. Бұл, әрине, ұлттық әдебиеттің өсіп-өркендеу биігіне байланысты болатыны да шындық. Дей тұрғанмен, қазіргі әдебиеттегі тарихи тақырып туралы сөз еткенде оның бастау-көзі көне фольклор мен ежелгі әдебиетте жатқандығын естен шығармау ләзім. Тарихилық мәселесі тарихи тақырыпқа жазылған қазіргі дәуір әдебиетіне ғана тән емес, тіпті халық ауыз әдебиетіне, фольқлорлық шығармаларға да қатысты болатыны белгілі. Ол туралы фольклорист-ғалымдар Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев еңбектерінде жан-жақты талданған. Стильдік кестесі, баяндау формалары сан алуан түрдегі, тақырып ауқымы жағынан бағзы заманнан бастап бүгінгі күн мәселелеріне дейін қамтитын, көркемдік биігі жоғары, бояулары айшықты, ішкі иірімдері мол романдар шоғыры дүниеге келді. Бұл құбылыс әсіресе жетпісінші-сексенінші жылдары ерекше қарқын алды. Д.Әбілов, А.Тоқмағамбетов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Д.Досжанов, С.Сматаев, Қ.Салғарин, З.Ақышев, Б.Жандарбеков және басқалардың тарихи романдары жарық көруі сан жағынан да, сапа жағынан да өсіп, арнайы зерттеу объектісі болатын дәрежеге жетті.
Бұл кезең тарихи роман жанрының ерекше дамып, гүлденген, жоғары биік белеске көтерілген жылдары болды. Дей тұрғанмен, осы биік белеске бір-ақ күнде қол жеткізіп, көтеріле қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай, бірде қақпай көріп бәсеңдеп, өшуге таяп барып, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып келді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әр түрлі деңгейде көрініс тапты. Тарихи тақырыптағы шығармалар, оның сыны мен зерттеу ісінің жолы әрқашан жіңішке болды. Соған қарамастан, жазушылар өзі діттеген мақсатқа жол табуға тырысты, оған бар қажырын жұмсады.
Ұлт-азаттық идеясын Одақ көлемінде көтеру мақсатында жазылған, сол кездегі қоғамдық пікірдің серкесі, ноян публицист, әлемге әйгілі жазушы Әнуар Әлімжановтың қаламынан туған Жаушы романы.
Жаушы - көлемі шағын болғанымен ағыны күшті шығарма. Есенберлин трилогиясынан ерекшелігі - жеке адамдардың тағдырына қүрылған тұтас сюжетті туынды. Дауылды оқиғалар көбіне жаушылардың хабары не сюжет барысында әлсін-әлі естілетін авторлық арынды сөз арқылы жеткізіледі.
Романның бірінші бөлімі жоңғар басқыншыларының елге кенеттен басып кіріп, тып-тыныш қаперсіз жатқан қазақты бесіктегі баласынан бастап қарттарына дейін қынадай қырған, қыздарын ат көтіне салып күң еткен жан түршігерлік ойранын суреттейді. Бұдан әрі қарай екінші бөлімнен - халық басына күн туған алмағайып кезең аяқталып, ел ес жинай бастағанын оқимыз. Сылдырап аққан бұлақтардан бара-бара айдын шалқар дария пайда болатыны сияқты, Малайсары, Саңырақ, Тайлақ, тағы да басқа батырлар бастаған қарулы топтардан бірте-бірте жүздік, мыңдық жасақтары бас құрайды. Ел бірлігіне шақырған үндеу Қазақ руларының ортақ ұранына айналады. Ордабасыдағы кеңестен соң үш жүздің біріккен күштері жоңғарға алғаш рет күйрете соққы береді.
Ол шайқас романда тікелей суреттелмеген. Жаудың ойсырай жеңілгені шығарманың басты кейіпкерлері Кенже батыр мен Сәнияның әсері арқылы беріледі. Соңында Кенже батыр жаушы рөлін атқарады. Ол қазақ елшілігінің құрамында Петербургқа аттанады. Әнуар Әлімжановтың романында тарихи оқиға әдейі жақсы мағынада бұрмаланған. Тарихи дерек бойынша қазақ елшілігі Петрбургке ақ патшадан Кіші жүзді қол астына алуды сұрану үшін жіберілмей ме? Жаушы романының авторы бұл оқиғаға мүлде басқа сипат берген.
ХХ ғасырдың 70-90 жылдары тарихи романның бірінен соң бірі жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы тақырыбын көтеріп сап түзеуі тіпті қайсыбір туындының сол кездегі кеңестік идеология диірменіне су құйды дегеннің өзінде де айналып келгенде ұлттың болашағын ойлаудан туғандығы еш күмән келтірмейді.
Жаңадан шыққан он томдық Қазақ әдебиетінің тарихы кітабында жазушы Әбіш Кекілбаевтың Үркер, Елең-алаң роман-дилогиясы жанры жағынан саяси философиялық роман деп анықталған.
Шығарманың сол кездегі саяси идеологиямен санаса жазылғандығы 1981 жылы жарық көрген Үркер романының аннотациясында ашық айтылған.
Әбіш Кекілбаевтың бұл кітабы Қазақстанның Россияға қосылуының 250 жылдығына орай жазылған... Шығарма халық тағдырының алды үмітсіздеу, белгісіз бір кезеңінде Әбілқайыр ханның орыс патшасына бодан болуға рұқсат сұрап, елші жіберіп, соның жауабын сарыла күткен күпті күйін суреттеуден басталған.
...Романда Қазақстанның Россияға қосылуының табиғи заңдылығы шынайы көрініс тапқан.
Роман-дилогияның екінші кітабы Елең-алаңға берілген қысқа аңғартуда да шығарманың негізгі желісіне Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуы кезеңіндегі оқиғалар өзек болған. - делінеді.
Тарих доңғалағы кері айналмайды. Қазақ елінің үш жүзі бірінен соң бірі ғасырға жуық мерзім ішінде Ресейге қосылғаны - бұлжымас факт. Ал, оның көркем шығармалардағы бағалануы әрқилы болғаны мәлім. Жоғарыда аталған тарихи романдарда, одан бері жазылған Софы Сматаевтың Елім-ай, кейіндері жарық көрген Қабдеш Жұмаділовтің Дарабоз дилогиясында басқасын қойып, бір Әбілқайыр хан Әбіш Кекілбаев романындағыдай жағымды кейіпкер емес, жағымсыз кейіпкер ретінде мүлде өзгеше бейнеленеді.
Бұндай алақұлалықтар сын мен әдебиеттану ғылымында да байқалады. Қайсыбірінде Әбілқайыр ханды даттаушылар мінеледі. Оны мадақшылар жақсы атайды.
Неге бұлай?
Біздіңше, қайшылықтың объективтік һәм субъективтік себептері бар. Қазақстанның Ресейге қосылуының пайдасы да, зияны да болды. Және бүгінгі тәуелсіздік мұнарасынан көзқарас кеңес дәуіріндегідегі көзқараспен жанаспай жататыны табиғи жәйт. Алғаш орысқа бодан болу мәселесін көтерген Әбілхайыр хан кеңестік тарихи әдебиетте прогресшіл қайраткер ретінде бағаланса, көркем әдебиеттегі образын шымқай қара, не шымқай ақ күйінде суреттелді деп айта алмайсың.
Үркер романы бас кейіпкері Әбілқайырдың аң аулап жүріп көрген бір аллегориялық сыпатты оқиғаға кезігуінен басталады. Көшпенділердегі Абылай ханның түсінде көргеніне ұқсас. Мұнда тек құрт-құмырсқа қайтадан қызыл түлкіге айналады. Мұны жорыған Мәті би: жау жан жақтан анталаған алмағайып заманда ел ұстайтын ердің де жол бастары тәуекелшіл жолбарыс, ашушаң арлан емес, айлакер түлкі болатын шығар. Заманына қарай амалы деген осы ғой. - дейді.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл рәміз - Әбілқайыр образының саяси-философиялық астары. Кіші жүзді Ресейге қосуға сұранғаны - елді жан-жақтан анталаған жаудан құтқару үшін істеген түлкі бұлаң айла-шарғысы, деген ойға мезгейтіндей. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі психологизм
Қазақ прозасындағы психологизм (Ж. Аймауытов Ақбілек романы)
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Көркем шығармадағы психологизм
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер
Көркем прозадағы психологиялық талдау
Пәндер