Сөздің анықтамасы. Сөз мағынасының өзгеру себептері. Көп мағыналылық туралы ақпарат



Сөз тілдің,оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды,олардың қасиеттерін,шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі бірлігі,дербес бөлшегі болып табылады.Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі бірлігі бола отырып,сөз жеке тұрып та,басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп,ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отырады.
Біріншіден,сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады,дыбыссыз сөз жоқ.Сөз – дыбыстық құрылымның жиынтығы,сол арқылы жарыққа шығады.Сөзді жасайтын дыбыстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес,тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан.
Екіншіден,сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып,зат, құбылыс,іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті,қоғамдық деңгейде қалыптасып,қауым таныған ұғымды білдіреді. Мысалы,мал,қол,үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын білдіріп тұр.
Үшіншіден,сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады,соларға телулі.Сөз таптарына біртұтас сөз тұлғаларын жасап,грамматикалық бірлік бола алады.Бұл – оның сөз тіркесінен өзгешелігін көрсетеді.Сонымен бірге әрбір сөз не түбір морфемадан,не түбір мен қосымша морфемалардан тұрады,солардың жиынтығы болып табылады.Мысалы,бас десек,бір ғана түбір морфемадан,бастық десек,түбір морфема мен қосмша морфемадан,бастыққа десек,бір түбір морфема,екі қосымша морфемадан жасалып тұр.
Cөз табиғатының күрделілігіне байланысты қазіргі тіл білімінде оның басқа да қасиеттері көрсетіліп жүр.
1.Сөз құрылымның тұйықтығы.Дербес сөз болу үшін оның құрылымына өзгеріс енгізуге,басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы шарт,яғни сөздің құрылымдық тұйықтығы,тұтастығы сақталуы керек.
2.Сөздің сөйлеу үстінде даяр қалпында үнемі қайталанып отыратындығы.Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйінде қолданылады,ол сөйлеу үстінде жасалмайды.Сөз даяр,тұтас бірлік ретінде жұмсалу қасиеті жағынан фразеологизмдерге ұқсас. [1,64-65 бет]

Сөз мағынасының өзгеруінің,оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар:1.сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері;2.тілдік немесе лингвистикалық себептер.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып,сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді.Мысалы,жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге,1)идея,бағыт 2.тәсіл тәрізді абстракты,қосымша мағыналарға ие болған.
1) Ғ.Қалиев,Ә.Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы .Алматы 2006,-264 бет
2) К.Аханов Тіл білімінің негіздері Алматы,2002,-664 бет
3) Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.112 бет
4) http://referattar.kazaksha.info

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мелекеттік университеті

Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Тақырыбы: 1.Сөздің анықтамасы; 2.Сөз мағынасының өзгеру себептері; 3.Көп мағыналылық. Омонимдер; 4.Синонимдер. Антонимдер.

Орындаған: Бахытбекова М.Б. ІІ курс студенті, Фи-403 топ. Тексерген: Қалиева С.Е., ф.ғ.к., доцент.

Семей,2015

Сөз тілдің,оның сөздік құрамының заттар мен құбылыстарды,олардың қасиеттерін,шындық өмірдегі қатынастарын атап білдіретін негізгі бірлігі,дербес бөлшегі болып табылады.Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі бірлігі бола отырып,сөз жеке тұрып та,басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп,ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырады.
Біріншіден,сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады,дыбыссыз сөз жоқ.Сөз - дыбыстық құрылымның жиынтығы,сол арқылы жарыққа шығады.Сөзді жасайтын дыбыстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес,тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан.
Екіншіден,сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып,зат, құбылыс,іс-қимыл жайында жалпыға түсінікті,қоғамдық деңгейде қалыптасып,қауым таныған ұғымды білдіреді. Мысалы,мал,қол,үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын білдіріп тұр.
Үшіншіден,сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда сөз таптарына тікелей қатысады,соларға телулі.Сөз таптарына біртұтас сөз тұлғаларын жасап,грамматикалық бірлік бола алады.Бұл - оның сөз тіркесінен өзгешелігін көрсетеді.Сонымен бірге әрбір сөз не түбір морфемадан,не түбір мен қосымша морфемалардан тұрады,солардың жиынтығы болып табылады.Мысалы,бас десек,бір ғана түбір морфемадан,бастық десек,түбір морфема мен қосмша морфемадан,бастыққа десек,бір түбір морфема,екі қосымша морфемадан жасалып тұр.
Cөз табиғатының күрделілігіне байланысты қазіргі тіл білімінде оның басқа да қасиеттері көрсетіліп жүр.
1.Сөз құрылымның тұйықтығы.Дербес сөз болу үшін оның құрылымына өзгеріс енгізуге,басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы шарт,яғни сөздің құрылымдық тұйықтығы,тұтастығы сақталуы керек.
2.Сөздің сөйлеу үстінде даяр қалпында үнемі қайталанып отыратындығы.Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйінде қолданылады,ол сөйлеу үстінде жасалмайды.Сөз даяр,тұтас бірлік ретінде жұмсалу қасиеті жағынан фразеологизмдерге ұқсас. [1,64-65 бет]

Сөз мағынасының өзгеруінің,оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар:1.сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері;2.тілдік немесе лингвистикалық себептер.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып,сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді.Мысалы,жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге,1)идея,бағыт 2.тәсіл тәрізді абстракты,қосымша мағыналарға ие болған.
Сөздің қолданылу аясының өзгеруі,мысалы,бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеуіне әсер етеді.Мысалы,түбір деген сөз жалпы халықтық лексикада күллі өсімдік атаулының жерде қалған тамыры мен түбі деген жалпылама мағынаны білдірсе,лингвистикалық терминологияға ауысқанда,морфема деген арнаулы терминдік мағынаны білдіреді.Сөз мағынасы қоғамның қатынас пен өндіріс тәсілінің дамуымен байланысты өзгеріп түрленуі де мүмкін.
Сөз мағынасы функционалды семантика заңы бойынша да өзгеруі мүмкін.Функциональды семантика заңы заттардың қызмет бірлігіне негізделеді.Мысалы,ағылшын тілінде қазірде руль деген мағынаны білдіретін rudder деген сөз алғашында ескекдеген мағынаны білдіреді.
Сөз мағынасының өзгеруінің сыртқы себептеріне қарағанда,ішкі,яғни лингвистикалық себептері тіл білімінде аз зерттелген.Сөз мағынасының өзгеруінің лингвистикалық себептері алуан түрлі болуы мүмккін,бірақ оның бәрі ақыр аяғында мынаған келіп тіреледі:сөз жеке-дара күйінде емес,әдетте,басқа сөздермен әрқашан белгілі бір байланыста,қарым-қатынаста,өмір сүреді.
Сөз мағынасының өзгеріп,қосымша мағынаға ие болуына оның тұрақты сөз тіркестерінде немесе сөйлемде қолданылуы әсер етуі мүмкін.Мысалы,жел деген сөздің ауаның ағымы деген мағынасы-бастапқы,негізгі мағына да, бос деген мағынасы - туынды,фразеологиялық мағына. [2,138-140 бет]

Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірд ен - бір белгісі - сөздің көп мағыналығы.Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы дейміз.Сөздің көп мағыналығы - негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет.Себебі,бұлар - ұзақ жылдар бойы өмір сүріп,тілде жаңа сөз,тың мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер.Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да,сапа жағынан да дамып тұрақтанып қалыптасқан.Мәселен,қанат алғашында құстар мен шыбын - шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген.Онан кейін балықтың жүзу мүшесін,киіз үйдің керегелерін,арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты,белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі,екі жағы мағыналарын білдіріп,көп мағыналы сөзге айналды.Көп мағыналылықтың негізінде семантикалық байланыс жатыр.Санадағы белгілі бір зат,құбылыс туралы түсінік басқа бір зат,құбылыспен түрі,түсі,қызметі т.б. белгілері жағынан байланысып жатады.Мәселен,судың асты мағынасындағы түп сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар:1.Бір заттың төменгі,ішкі қабаты 2.Өсімдіктің жер астындағы бөлігі.3.Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік.4.Түкпірдегі,шеткі.5.Адамны ң шыққан тегі,арғы заты.6.Бір нәрсенің жаны,қасы. [1,94-95 бет]

Дыбысталуы бірдей,мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады.Мысалы:
1.Жүз - жүз (сан есім)
2.Жүз - өң,бет,әлпет (зат есім)
3.Жүз - суда жүз (етістік).
Полисемия мен омонимдерді бір-бірінен ажырата білу керек.Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасы омонимдердің барлығына бірдей қатысты емес.Мысалы дене мүшесі - өкпе мен наз,реніш мағынасындағы өкпе сөзінің омонимдес екені ешбір күмән тудырмайды.
Полисемия мен омонимдерді бір-бірінен ажыратуда мағыналардың арасында семантикалық байланыстың жойылуы немесе жоқтығы кейде негізгі критерий бола алмай қалуы мүмкін.Мысалы,түркі тілдерінде 1.той (зат есім),2.той (етістік),т.б. осындай омонимдер бар. [ 3,25 бет]

Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал-тәсілдері бар,солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
1.Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер.Бұл тіліміздегі ең өнімді тәсіл.Мысалы:Жал 1.Жан-жануардың желкесіне шыққан қыл.2.Ұзыннан-ұзақ созылып жатқан белес,қырқа.Жылы 1.Ыстық пен суықтың аралық қалпы.2.Жылы қалыпқа келу,жылыну.
2.Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап,дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер.Сан алуан фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде кейбір сөздер ең алдымен дыбыстық тұлғасын жаңартып,басқандай сөздермен дыбысталуы жағынан үйлесіп келгенде омонимге айналады.
Қазақ тіліндегі атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбысталу қалпы егер болған,онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының сусып түсіп қалу салдарынан,егер сөзі ер формасына ауысқан.Осылайша сөздік құрамда өмір сүріп келе жатқан еркек,батылұғымында жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей болып айтылып,омоним жасалғандығы белгілі.
Қазақ тілінде екі адам бір есімге ортақ болып келсе,екеуі адас болады.Адас деген сөз аттас деген сөздің конвергенциялық өзгеріске ұшырауынан пайда болғандығы сөзсіз.Бұл сөз жалғыз жүріп жол тапқанша,көппен бірге адас дегендегі адас деген етістікпен омонимдік топ құрып тұр.
3.Аффикстер жлғану арқылы жасалған туынды омонимдер.Түбір сөзге әр түрлі -қосымшалар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді.Туынды омонимдерге біздің тіліміз өте-мөте бай.Мына сияқты жұрнақтар арқылы келіп шыққан:
а)Омонимдер - ма,-ме, -па, - пе, -ба, -бе жұрнақтары арқылы жасалған.Мысалы,Айналма 1.Көшенің бұрылатын жері,бұрылыс.2.мал ауруы,делбе.Баспа 1.Газет,журнал,кітап басып шығаратын орын,мекеме.2.Тамақ ауруы.
ә)Омонимдер - ыс,-іс,-с жұрнақтары арқылы жасалған.Атыс 1.Ұрыс,соғыс 2.Жанжал салып төбелесу,қырқысу,соғысу.
б)Омонимдер -ық,-ік,-қ,-к жұрнақтары арқылы жасалған.Қорық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздің анықтамасы
Сөздің анықтамасы. Сөз мағынасының өзгеру себептері Көп мағыналылық Омонимдер Синонимдер Антонимдер туралы ақпарат
Сөздің анықтамасы. Сөз мағынасының өзгеру себептері. Көп мағыналылық. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы
Ағылшын тіл жүйесіндегі полисемияның рөлі
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі туралы
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Көп мағыналы сөздерді ғылыми тұрғыдан талдау
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Пәндер