Консорция. Түрлік консорция туралы ақпарат



Қазіргі кезде тіршілік ететін жер бетіндегі өсімдіктердің ең көне түрлеріне плаун тәрізділер жатады.Алғашқы плаун тәрізділер девон дәуірінде кездеседі.Палеозой дәуәрәнде плаун тәрізділер папоротник тәрізділер ,сына жапырақтылар және кейбір жалаңаш тұқымдылармен бірігіп, жер бетінде ең көп тараған өсімдіктер түрлерін құраған.Плаун тәрізділер жер бетінде мезозой дәуірінде біртіндеп азайып, керісінше жалаңаш тұқымды өсімдіктер үстем бола бастайды.Сүректі формалары карбон дәуірінде құрып кеткен, ал қазіргі уақытта тек шөптесін формалары ғана сақталып қалған.
Спорофитінде үш вегетативтік орган –тамыры, сабағы, жапырағы болады.Плаун тәрізділердің негізгі ерекшеліктеріне тамырлары мен сабақтарының дихотомиялы типте тармақталуы және микрофилия құбылысы тән. Анотомиялық және морфологиялық құрылыстары жағынан өте қарапайым келген, көлемі жағынан ұсақ және бүтін жиекті жапырақтары болады.Жапырақтары қарама-қарсы немесе топтасып орналасады.Кейбір плаун тәрізділердің жапырақ тақталарының оське қараған ішкі жақтарында өсінді- тілше немесе лигула түзілген.
Спорадан тақта түріндегі ,кейде жіпше тәрізді гаметофит дамиды.Изоспоралы формаларына бір үйлі гаметофит тән. Isoetales қатарына жататын өкілдерінен басқалары мүктердегідей екі талшықты спермотозоидтар түзеді. Сонымен қатар, плаун тәрізділер дене бөліктері арқылы вегетативтік жолмен де көбейе алады.
Плаун тәрізділер бөлімі –плаундар (Lycopodiopsida) және изоэтопсидалар (Isoetopsida) кластарына бөлінеді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасың Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Геоботаника пәнінен

СӨЖ

Тақырыбы:Консорция.Түрлік консорция .Популяциялық эндоконсорттар.Эпиконсорттар.Коммен салдар.Даралардың және популяцияның ассосациялануы.Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану.

Орындаған:Амренова М.А
Тобы: БЛ-409
Тексерген: Жилкыбаева С.Д

Семей 2015

Плаун тәрізділер(Lycopodiophyta немесе Lycophyta) бөлімі
Қазіргі кезде тіршілік ететін жер бетіндегі өсімдіктердің ең көне түрлеріне плаун тәрізділер жатады.Алғашқы плаун тәрізділер девон дәуірінде кездеседі.Палеозой дәуәрәнде плаун тәрізділер папоротник тәрізділер ,сына жапырақтылар және кейбір жалаңаш тұқымдылармен бірігіп, жер бетінде ең көп тараған өсімдіктер түрлерін құраған.Плаун тәрізділер жер бетінде мезозой дәуірінде біртіндеп азайып, керісінше жалаңаш тұқымды өсімдіктер үстем бола бастайды.Сүректі формалары карбон дәуірінде құрып кеткен, ал қазіргі уақытта тек шөптесін формалары ғана сақталып қалған.
Спорофитінде үш вегетативтік орган - тамыры, сабағы, жапырағы болады.Плаун тәрізділердің негізгі ерекшеліктеріне тамырлары мен сабақтарының дихотомиялы типте тармақталуы және микрофилия құбылысы тән. Анотомиялық және морфологиялық құрылыстары жағынан өте қарапайым келген, көлемі жағынан ұсақ және бүтін жиекті жапырақтары болады.Жапырақтары қарама-қарсы немесе топтасып орналасады.Кейбір плаун тәрізділердің жапырақ тақталарының оське қараған ішкі жақтарында өсінді- тілше немесе лигула түзілген.
Спорадан тақта түріндегі ,кейде жіпше тәрізді гаметофит дамиды.Изоспоралы формаларына бір үйлі гаметофит тән. Isoetales қатарына жататын өкілдерінен басқалары мүктердегідей екі талшықты спермотозоидтар түзеді. Сонымен қатар, плаун тәрізділер дене бөліктері арқылы вегетативтік жолмен де көбейе алады.
Плаун тәрізділер бөлімі - плаундар (Lycopodiopsida) және изоэтопсидалар (Isoetopsida) кластарына бөлінеді.

Плауындар (Lycopodiopsida) класы
Бұл класс тең споралы плаундарды біріктіреді.Бұл астероксилондар ,дрепанофикустар және плаундар қатарларына бөлінеді.

Астероксилон (Asteroxylales) қатары
Девон дәуірінің орта кезеңінде тіршілік еткен астероксилон қатарындағы өсімдіктер жер бетінен мүлдем жойылған өсімдіктерге жатады.Жер асты қалдықтарында сақталып қалған бөліктері бойынша бұл өсімдіктер дихотомиялы түрде бұтақтанған, аласа келген шөптесін өсімдік болуы мүмкін.Ұсақ тікенекті жапырақтары негізгі және жанама бұтақтарын тегіс жауып тұрған.Астероксилондар сыртқы пішіні жағынан қазіргі кездегі плаундарға ұқсас болған. Жапырақ тақтасы толық жүйкеленбеген, жүйкесі тек түп жақтарында болған. Мұндай жапырақтарды сабақтың қысқа өсінділері немесе энациясы ретінде қарастырады. Жапырақтардың қойнауында қысқа келген тұғырда бүйрек тәрізді спорангийлер ретсіз орналасқан.Спорангийлері жоғарғы жақтарында түзілген саңылаулары арқылы ашылған.Сабақтарының сыртқы беті устьицалары бар эпидермамен қапталған. Сабақтың көп бөлігі тығыз келген паренхималық клеткалардан тұратын қабықтан және борпылдақ аэренхимді клеткалардан тұрған.Орталық бөлігінде экзархты ксилемаларды флоэмалар қоршап орналасқан.Астероксилонның жер асты органдары белгісіз.

Дрепанофикус (Drepanophycales) қатары
Бұл қатар 2 туыс жіне 7 түрді қамтиды.Дрепанофикус девон дәуірінде тіршілік еткен, барлық материктерде кең таралған өсімдіктер қатарына жатады.Бұлар ұзындығы 50 см , вертикальді немесе төселіп өсетін тең дихотомиялық типте бұтақтанған өсімдіктер болған.Астероксилондардан негізгі ерекшелігі , олардың жапырақ тақтасы толық жүйкеленген.Спорангийлері жапырақтың қойнауында, болмаса вегетативтік жапырақтардың араларындағы спорофиллдің бет жақтарында орналасады.Ең көне түрлерінің қатарына австралиялық барагванатия туысы жатады. Жер асты қазбаларынан табылған сабағының ұзындығы 30 см,жуандығы 6,5 см-ге дейін баратын біршама ірі өсімдіктердің қатарына жатады. Осыған байланысты бұл сүректі өсімдік болуы мүмкін.Дихотомиялық типте бұтақтанған сабақтарында біршама ұзын жіңішке келген жапырақтары орналасқан.Кейбір жапырақтарының жоғарғы жағы айыр тәрізді бөлінген. Сабақтарындағы вегетативтік жапырақтарының араларында онша айқын көрінбейтінспора түзуші аймақтары болған , бірақ анық стробилдері жоқ.Спорофиллдердің беткі жақтарында бүйрек тәрізді спорангийлері орналасқан.Өзінің дамуын жалғастырған плаун тәрізділер топтарының араларында,дрепанофикустар қатары эволюциялық дамудың жанама бұтағында орналасуы мүмкін. Сонымен, бұл қатардың басты ерекшеліктеріне:
1.жапырақтарының жүйкеленуін немесе жапырақтарының васкуляризациялануын;
2.спорангийлердің жапырақ қойнауында орналасуын, олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін, спорангийлерді сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғауын;
3.өсімдікте жүйесіз орналасқан спорофиллдердің арнайы спора түзетін сабақтарда орналасуын жатқызамыз.Жер бетінен жойылған дрепанофикус және оларға тақау орналасқан өсімдіктер филогенетикалық тұрғыда плаун тәрізділердің 3 тармағының негізін құрайды.Оларға тең споралы сүректі бетінде жойылған тең споралы сүректі лепидендрондықтар қатарлары жатады.

Плаундар (Lycopodiales) қатары
Плаундар қатарына тең споралы плауындардың жер бетінен мүлдем жойылған түрлерімен қатар, қазіргі кезде тіршілік ететін шөптесін түрлері кіреді.
Бұл қатарға екі туысты біріктіретін плаундар тұқымдасы жатады. Плаун туысына 200-ге жуық космополитті түрлер кіреді ,ал монотипті филлоглоссум туысына Австралия мен осы құрылық айналасындағы аралдарда таралған түрлер жатады.Плаундардың басым көпшілігі ылғалды тропиктік және субтропиктік аймақтарда , аздаған түрлері қоңыржай және суық аймақтарда кездеседі.Қазақстанда плаундардың 5 түрі кездеседі, кейбірі өте сирек кездесетін, жойылудығ алдында тұрған түрлерге жатады.Мысалы, таңдамалы плаун Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларының шыршалы белдеулерінде, субальпілік, сирек жағдайларда альпілік шалғындықтарында, көлеңкелі тастақты жерлерде өседі.
Тіршілік формаларына байланысты, кейбір турлері эпифитті түрлерге жатады. Барлық түрлерінің сабақтары дихотомиялық типте бұтақтанған. Дихотомиялық тең түрде тармақталған түрлердің сабақтары вертикальді түрде орналасады, негізгі сабағынын төменгі бөлігінен топтасып тамырлар түзіледі.
Әр түрлі дихотомиялық тармақталған түрлердің сабақтары төселіп өсетін және тік өсетін сабақтарға бөлінеді. Жерге төселіп өсетін сабақтардың бүйір жақтарынан 2-5 жыл тіршілік ететін жанама тамырлар пайда болады. Плаун туысының негізгі өкілі түйреуіш тәрізді плаун (Lycopodium clavatum) қылқан жапырақты ормандарда жиі кездесетін көп жылдық өсімдік.
Жіңішке үшкір жапырақтары бар, сабағының ұзындығы 3 м-ге дейін жететін, дихотомиялы түрде бұтақтанатын, қосалқы тамырлары бар, жапырақтары жиі орналасқан жатаған шөптесін өсімдік.
Плаун сабағының анатомиялық құрылысы: бір қабаттан тұратын устьициалы эпидерма, оның астында қабық, кабықтың ішкі қабаты эндодерма, одан кейін перицикл, ал ең ортасында паренхималық клеткалар мен сүзгілі түтіктерінен тұратын флоэмамен қоршалған сақиналы, спиральді немесе сатылы трахеидтерден тұратын ксилема орналасады. Орталық цилиндрі плектостель типті. Тамырлары түкті болып келеді. Жалғыз жүйкелі, устьицалары бар жіңішке жапырақтары кезектесіп, қарама-қарсы немесе шоғырланып орналасады. Плаундардың жыныссыз көбею жолдары арнаулы спорангияларда түзілген бүйрек тәрізді споралар арқылы жүзеге асады.
Сабақтың ұшында түйреуішке ұқсас масақтар (стробилалар) түзіледі. Масақтың бойында спорофиллдер орналасады. Масақтың осінде орналасқан спорофилл жапырақтары вегетативтік жапырақтармен салыстырғанда көлемі жағынан кіші және түсі сарғыш болады. Спорофиллдің төменгі түп жағы жалпақ, ал жоғарғы ұшы сүйірленіп келеді. Спорофиллдердің үстіңгі бетінде бүйрек пішіндес спорангийлер дамиды, олар қысқа сағақта орналасқан. Спорангийдің ішінде көлемі жағынан бірдей тең споралар жетіледі. Спораларының саны өте көп, тетраэдр пішіндес үш бұрышты қырлары болады. Спорангиядан жерге шашылған споралар 3-8 жылдан кейін ғана жетіледі. Жетілген споралар топырақта гаметофит немесе өскінше түзеді. Сонымен, спорадан түзілген гаплоидты гаметофитте (өскіншеде) жыныс органдары дамиды.
Өскіншесінің аумағы небәрі 5 мм-дей, куб пішіндес, түссіз, бір үйлі, төменгі бетінде өте көп ризоидтары болады. Жыныс органдары өскіншенің үстіңгі бетінде дамиды: ортасында антеридийлер, ал шет жақтарында архегонийлер орналасады. Бірінші болып гаметофиттің ұлпасына толық кірігіп орналасқан антеридий түзіледі. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің арасында плаундардың сперматозоидтары ең ұсақ. Олар екі талшықты құрт тәріздес. Өскіншеге кірігіп орналасқан архегонияның тек мойын клеткалары ғана өскінше бетінде шығып тұрады. Архегонийдің төменгі құрсақ бөлігі жұмыртқа клеткасынан, жоғарғы бөлігі мойын клеткаларынан тұрады. Архегоний жетілген мерзімде оның жоғарғы ашылған бөлігі арқылы сперматозоидтар ішке қарай өтеді сперматозоидтардың біреуі төменгі құрсақ бөлігінде орналасқан жұмыртқа клеткасын ұрықтандырып, зигота түзеді. Зиготадан ұрық дамиды. Ұрықтың жоғарғы клеткасы гаметофиттің ұлпасына кірігіп орналасқан ілмек өсіндіге айналады да, ол ұрықты гаметофиттегі қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Ұрықтың төменгі клеткасы бірнеше рет бөлініп, ұрық бастамасын береді. Жетілген ұрықтан жас өсімдік түзіледі. Гаметофиттің дамуы өте баяу жүреді, архегония мен антеридийдің толық өсіп жетілуі үшін 6-15 жыл қажет. Гаметофит саңырауқұлақтармен симбиоз күйінде тіршілік етеді. Пішіні жіп тәріздес өскінше жер бетінде жетіледі. Ал тропиктік түрлердің өскіншесі ағаш қабығында дамиды. Жыныстық жолмен көбеюі тіршілігінің екінші жартысында басталады.
Плаундарға вегетативтік көбею жолы тән. Өсімдік денесінің кез келген бөліктерінен жаңа организм түзіледі. Бірақ, көбею бүршіктері немесе түйнектері арқылы вегетативтік түрде көбею жолдары сирек кездеседі. Тек баранец плауны ғана жапырақ қойнауларында орналасқан көбею бүршіктері арқылы вегетативтік көбейе алады. Плаундар өте ертеден тіршілік етуіне байланысты спорофиті мен гаметофитінің құрылыстары өте қарапайым. Олардың қарапайым белгілеріне: 1) сабағы мен тамырының дихотомиялық типте бұтақтануы; 2) жанама тамырларының түзілмеуі;
3) тамыр мен сабақтың анатомиялық құрылыстарының ұқсастыгы;
4) қарапайым типті протостель және актиностельдерінің болуы;
5) гаметофиттің тіршілік ұзақтығы; 6) архегонияның мойын клеткаларының ұзындығы және т.б. қасиеттерін жатқызуға болады.
Құрғақ аймақтарда таралған Драммонд филлоглоссумы (Phylloglossum drummondii) ұзындығы бірнеше сантиметрді құрайтын аласа өсімдік. Өсімдіктің төменгі бөлігінде етжеңді түйнегінен жер бетінде ұзындығы 1,5-2 см тебен тэрізді жапырақтары таралады. Жер асты түйнектерінен тамыр және жаңа түйнек түзетін цилиндр тәрізді жанама өскін түзіледі. Барлық жер асты органдары келесі жылы көктемде тіршілігін жояды, ал түзілген жас түйнектен жаңа тамыр мен сабақ пайда болады. Ересек өсімдіктері жер бетінде жоғарғы жағында стробилдері бар жапырақсыз сабақтар түзеді. Филлоглоссумның өскіншелері жасыл түсті. Плаундардың практикалық маңызы бар. Плаун споралары фейерверктер мен бенгал оттарын жасауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлестік экологиясы–синэкология
Консорция. түрлік консорция. популяциялық эндоконсорттар. эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы. биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану
Биоценоз
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы
Экология ғылымы туралы түсінік
Этнос
Биоценоз классификациясы
Глоссарий
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер
Пәндер