Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Агротехникалық күресу шаралары
2.Биологиялық күрес шаралары
3.Генетикалық күрес шаралары
4.Химиялық күрес шаралары
5.Механикалық күрес шаралары
6.Физикалық күрес шаралары
7.Өсімдік карантині
8.Интегралды күрес шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянксстсрімсн күресу шаралары агротехникалық, биологиялық, генетикалық, химиялық, механикалық, физикалық жәнс өеімдіктер карантині деп аталатын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.Күресудің агротехникалық тәсілі өсімдіктер мен зияикестердің және сыртқы ортаның арасындағы өзара к.арым-қатынастарға негізделгсн. Агротехникалық шаралардың әсерінен зиянкес организмдердің өсіп-өніп, дамуы үшін қолайсыз жағдайлар, ал зақымданатын өсімдіктер мен пайдалы организмдср үшін қолайлы жағдай туады. Селекцияның көмегімен өсімдіктердің закымдануға төзімді немссе зақымданбайтын сорттары (формалары) шығарылады. Сөитіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың қырылуына әкеліп соқтырады.
Өсімдік қорғау түрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты ендсу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арам шөптсрмсн күрссу, егінді егу мсн өнімді жинаудың тәсілі мсн мсрзімі жатады.
1 Агротехникалық күресу шаралары
Агротехикалық күресу шаралары өсімдіктер мен зиянкестердің және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға негізделген. Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады.
Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, егінді егу мен өнімді жинаудың тәсілі мен мерзімі жатады. Селекцияның көмегімен өсімдіктердің зақымдануға төзімді немесе зақымданбайтын сорттары (формалары) шығарылады. Сөйтіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың қырылуына әкеліп соқтырады.
1.О. Нәлеев– Астық сақтау технологиясы (оқулық) Алматы, 1993ж
2.Мұсынов Қ.М.,Мұқатова Ш.Қ., Ысқақов М.Ә. – «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы». Астана, 2004ж.
3.Жүргенов Ж.С-Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қңдеу технологиясы. Алматы-2011
4.Интернет

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясыкафедрасы

СӨЖ №4
Тақырыбы: Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары

Дайындаған: Ақылбекова Ә ТП-415
Тексерген:Нургазезова А.Н

Семей қаласы , 2015жыл
Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Агротехникалық күресу шаралары
2.Биологиялық күрес шаралары
3.Генетикалық күрес шаралары
4.Химиялық күрес шаралары
5.Механикалық күрес шаралары
6.Физикалық күрес шаралары
7.Өсімдік карантині
8.Интегралды күрес шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянксстсрімсн күресу шаралары агротехникалық, биологиялық, генетикалық, химиялық, механикалық, физикалық жәнс өеімдіктер карантині деп аталатын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.Күресудің агротехникалық тәсілі өсімдіктер мен зияикестердің және сыртқы ортаның арасындағы өзара к.арым-қатынастарға негізделгсн. Агротехникалық шаралардың әсерінен зиянкес организмдердің өсіп-өніп, дамуы үшін қолайсыз жағдайлар, ал зақымданатын өсімдіктер мен пайдалы организмдср үшін қолайлы жағдай туады. Селекцияның көмегімен өсімдіктердің закымдануға төзімді немссе зақымданбайтын сорттары (формалары) шығарылады. Сөитіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың қырылуына әкеліп соқтырады.
Өсімдік қорғау түрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты ендсу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арам шөптсрмсн күрссу, егінді егу мсн өнімді жинаудың тәсілі мсн мсрзімі жатады.
1 Агротехникалық күресу шаралары
Агротехикалық күресу шаралары өсімдіктер мен зиянкестердің және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға негізделген. Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады.
Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар ішінде өте маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, егінді егу мен өнімді жинаудың тәсілі мен мерзімі жатады. Селекцияның көмегімен өсімдіктердің зақымдануға төзімді немесе зақымданбайтын сорттары (формалары) шығарылады. Сөйтіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың қырылуына әкеліп соқтырады.
1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі
Ауыспалы егістер дақылдарды алмастырып тұру, топырақтағы қоректік заттарды, ылғал қорын, тыңайтқыштарды және т.б. толығымен пайдалану үшін қажет. Сонымен қатар өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда ауыспалы егіс танаптарының қайсысын болса да зиянкестердің қоректенуін қиындататындай немесе олар зақымдай алмайтындай етіп құруға болады. Бұл ең ақырында өнімнің жоғары болуын немесе оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Ауыспалы егісті пайдалану әсіресе монофагтардың сан мөлшері мен зияндылығын азайту үшін өте тиімді. Мысалы, бұршақтың аса қауіпті зиянкесі дәнек қоңызы бұршақтан басқа ешбір өсімдікте дами алмайды. Сондықтан бұршақты ауыспалы егіс жүйесінен 2-3 жыл қатарымен шығару арқылы осы зиянкестің сан мөлшерін және зияндылығын едәуір азайтуға болады. Ауыспалы егісті олигофагтардың да зиянды әсерін төмендету үшін пайдалануға болады. Мысалы, Қазақстанның солтүстік облыстарында және солармен шектес Рессейдің бірқатар аудандарында тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бидайды бірнеше жыл қатарынан ауыстырмай егу нәтижесінде дәннің сұр көбелегі жаппай өніп-өсіп көп шығынға ұшыратқан. 1957 жылы дәннің сұр көбелегі жаппай көбейген кезде Омбы облысында әртүрлі учаскелердегі пардан кейін егілген бидайдың осы зиянкеспен зақымдануы 6-12%, ал бидайдан кейін қайтадан бидай себілген учаскелерде 25-94,5% болған. Бұл мысалдан астық тұқымдастардың олигофагтармен зақымдану мөлшері ауыспалы егістегі алдынғы дақылға байланысты екендігі анық көрінеді.
1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі
Ауылшаруашылық дақылының өсуі, дамуы және олардың өнімінің жоғары болуы үшін минералдық, органикалық және сидералдық тыңайтқыштардың қандай жағымды әсері бар екені жалпыға мәлім. Осыған қоса тыңайтқыштар өсімдіктердің регенеративті қабілеттілігін зиянкестердің зақымдануына төзімділігін арттырады, ал кейбір жағдайларда зақымдану қарқынын төмендетеді.Тыңайтқыштардың көптеген түрлерін зиянкестерді құрту үшін пайдалануға да болады. Мысалы, тозаң түйірлі суперфосфатты шашу жалаңаш шырыштармен күресудің тиімді тәсілі болып саналады. Қышқыл топырақты известеу және аммиак тыңайтқыштарымен жерді өңдеу сымқұрттар, жалған сымқұрттар, қызылша бізтұмсығының личинкалары сияқты топырақты мекендейтін зиянкестердің дамуы үшін қолайсыз жағдайлар тудырады. Бірқатар ғалымдардың зерттеулері бойынша минералды тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын, қырыққабат егістігінде қолданғанда өсімдіктердің химизмі, химиялық құрамы өзгеретіндігі және соның нәтижесінде ондай өсімдіктер жапырақ жегіш жұлдызқұрттардың қоректенуі үшін қолайсыз болып табылатындығы анықталған. Мұндайда жәндіктердің өсімталдығы төмендеп, сан мөлшері кемиді.
1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері
Топырақ көптеген зиянкестер үшін тіршілік ортасы болып есептеледі. Зиянды жәндіктердің кейбіреулері мысалы, бұзаубас немесе шыртылдақ қоңыздардың личинкалары топырақты тұрақты мекендейді, басқалары, мысалы, көбелектердің көптеген түрлері топырақта қуыршаққа айналады. Өсімдік қоректі нематодтардың да көпшілігінің тіршілігі топырақпен тығыз байланысты. Сондықтан топырақты баптап өңдеген кезде байқалатын әртүрлі физикалық өзгерістер оның тығыздығының, құрлымының, ылғалдылығының, температурасының және т.б. өзгеруі сонда тіршілік ететін зиянкестерге әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Топырақты баптау арқылы онда кездесетін зиянкестерді тікелей құртуға да және олардың өсіп-өніп көбеюін, тіршілік қабілеттілігін, даму қарқынын тежеуге де, сөйтіп ақырында сан мөлшері мен зиянкестік әрекетін төмендетуге болады.
Зябь жырту мен тұқымды себер алдында жырту және отамалы дақылдардың қатар аралығын баптау жұмыстарын дер кезінде дұрыс жүргізу аса қауіпті зиянкестердің көптеген түрлерімен күресудегі агротеникалық шаралардың ең маңыздылары болып саналады.
1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері
Ерте көктемде егілген егістерде өсімдіктер ерте көктейді және өсу фазаларынан тез өтеді де зиянкестер шығатын мерзімге дейін жақсы түптеніп олардың зақымдануына төзімді болады. Мысалы, бапталған тұқыммен қолайлы мерзімінде ерте егілген жаздық егістер астық шыбындарының личинкаларымен аз зақымданады. Егінді ерте мерзімде егіп, бүрге қоңыздардың, әсіресе зығырдың аса қауіпті зиянкесі зығыр бүргесінің зияндығын едәуір дәрежеде төмендетуге болады. Қант қызылшасының басты зиянкесі қызылша бізтұмсығы осы дақылдың кеш егілген егістіктеріне өте зор шығын келтіреді. Қыстап шыққан қоңыз қызылшасының жаңа шыққан жас көгіне шабуыл жасап, тұқым жарғақтарының төменгі өскінін қырқып тастайды немесе өсу нүктесін жеп қояды, соның нәтижесінде өсімдік біржола солып, қурап қалады. Ал жақсы дамыған өсімдіктерде ерте егілген егістікте қызылша бізтұмсығы жапырақ тақтасын ғана зақымдайды, одан өсімдік өлмейді. Сондықтан оның зияндылығы онша жоғары болмайды.
Кейбір жағдайларда, өсімдік қорғау тұрғысыннан қарағанда, егінді кешіктіріп, бірақ қолайлы мерзімде еккен де жөн. Мысалы, Қазақстаның солтүстік және орталық облыстарында кешіктіріліп егілген жаздық бидай дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұрттармен аз зақымданады.
1.6 Арам шөптермен күресу
Арам шөптер ауылшаруашылық зиянкестерінің көптеген түрлерінің өсіп-өніп көбеюіне мүмкіндік туғызады. Мысалы, ерте көктемде шығатын крестгүлдердің бүрге қоңыздары алғашында крестгүлді арам шөптерде қоректеніп, одан соң турнепс, тарна, шалқам, қырыққабат сияқты крестгүлді дақылдарға көшіп едәуір зиян келтіреді. Қырыққабат және басқа крестгүлді көкөніс дақылдарына орасан зор зиян келтіретін қырыққабат бітесінің де көктемгі өсіп-өніп көбеюі жабайы өсетін крестгүлді өсімдіктерде өтеді. Дәнді дақылдардың көптеген қауіпті зиянкестері, мысалы, астық шыбындары жаздық егінді орып жинау мен күзде себу арасындағы кезеңде тек астық тұқымдас арамшөптерде дамиды. Гүлденген кезде арамшөптер көбелектің түрлері үшін нектар көзі болып есептеледі. Нектармен жеткілікті түрде қоректенген көбелектердің өсімталдығы жоғары болады да, олардың зияндылығы едәуір көтеріледі. Көптеген жәндіктер көбінесе жұмыртқаларын арамшөптерге салады, одан соң олардан шыққан жұлдызқұрттар қызылшаға көшеді. Күздік көбелек туралы да осыны айтуға болады. Отамалы дақылдардың егістігінде ол жұмыртқаларын дала шырмауғының жапырағына салуды көбірек ұнатады. Зиянкестердің кейбір түрлері арамшөптерді қысқы мекен ретінде де пайдаланады.

2 Биологиялық күрес шаралары
1971 жылы қабылданған биологиялық күрестің Халықаралық ұйымның уставы бойынша зиянды организмдердің зақымдауынан болатын шығынды азайту үшін немесе оны болдырмау үшін тірі организмдерді немесе олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін пайдалануды биологиялық күрес тәсілі деп атайды.
Зиянкестер, аурулармен күресуде зиянкестердің табиғи жауларына: жыртқыш паразиттік тіршілік ететін жәндіктер мен кенелер, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің түрлері, сүтқоректілер мен құстар, ауру тудыратын бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар жатады. Ал тірі организмдердің тіршілік өнімдерінен қолданылатындар жыныс аттарктанттары немесе жыныс феромондары, сонымен қатар гормондар және олардың синтетикалық аналогтары.
Зиянкестердің табиғи жауларын биологиялық күресте пайдаланудың мынадай жолдары бар интродукция және акклиматизация, ареал ішінде тарату, маусымды колонизациялау, сонымен қатар жергілікті энтомофагтарды қорғау және оларды пайдалану.
2.1 Интродукция және акклиматизация(жерсіндіру)
Интродукциялауда тиімділігі жоғары энтомофагтарды өздерінің бұрынғы ареалынан жаңа, олар кездеспейтін аймаққа әкеліп жібереді. Ал акклиматизациялауда басқа аймақтан әкелінген энтомофагтарды жаңа аймақтың жағдайларының азды-көпті ерекшеліктеріне жерсіндіреді. Интродукцияланған этномофагтардың көмегімен шет елдерден әкелінген зиянкестерге қарсы биологиялық күрес, жергілікті зиянкестерге қарсы биологиялық күреспен салыстырғанда көпшілік жағдайда өте тиімді болады. Мысалы, алма ағашының аса қауыпті зиянкесі шет жерлік қанды бітемен күресу үшін оның паразиті афелинус (aphelinus mali Hald.) 30-жылдары КСРО-ға интродукцияланған болатын. Қысқа мерзім ішінде ол қанды бітенің барлық ареалына түгел таралып, жақсы көндікті де, оның зияндылығын онша сезілмейтіндей дәрежеге төмендетті. Цитрус ағаштарының қауіпті зиянкесі австралиялық сымыр ицериямен күресу үшін жыртқыш қоңыз родолиді және цитрустың мұды сымырымен күресу үшін оның паразиті сары коккофагусты интродукциялау да өте жақсы нәтиже береді.

2.2 Ареал ішінде тарату
Нәтижелері жоғары этномофагтар мен ауру қоздырғыштары зиянды организмдердің көп мөлшерде таралған ескі ошақтарынан, олардың табиғи жаулары кездеспейтін, болмаса кейбір себептермен жеткілікті мөлшерде қорланып шоғырланбаған жаңа ошақтарына әкеліп жіберуге негізделген. Алма және жеміс күйелерінің тиімді паразиті агениасписті (Ageniaspis fuscicolais Dalm.) Қырғызстаның солтүстік тау бөктеріндегі аудандарынан оның оңтүстігіндегі жаңғақты-жеміс ормандарына әкеліп тарату осы тәсілді пайдаланудың сәтті мысалы бола алады.
2.3 Маусымды колонизациялау
Зиянды организмдердің табиғи жауларын қолда өсіріп табиғатқа оқтын-оқтын жіберіп тұруға негізделген. Ол үшін этномофагтарды арнаулы биологиялық лабораторияларда немесе биофабрикаларда жаппай қолдан өсіреді де, одан соң оларды жыл сайын зиянкестер шыққан кезде егістік жерлерге, жеміс бақтарына, көкөніс плантацияларына, теплицаларға таратып жібереді. Маусымды колонизациялау жергілікті жердің табиғи этномофагтары мен патогендік микроорганизмдері әртүрлі себептермен жылдық циклінің иесінің дамуымен синхронды болмауы, суыққа төзімділігінің төмендеуі нәтижесінде көп мөлшерде қырылып қалуы, пестицидтердің әсерінен популяциясының едәуір бөлігінің құрып кетуі және т.б. зиянкестердің өсіп-өніп, көбеюін бақылай алмайтын жағдайда қажет болады. Сондықтан зиянкес көбейер алдында этномофагтарды жаппай жіберу немесе өсімдіктерді микробиологиялық препараттармен өңдеу оның зияндығын күрт азайтуға мүмкіндік туғызады.
2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану
Биологиялық күресті жүзеге асырудың бұл бағыты пестицидтерді тек дақылдардың өніміне тікелей қауіп төнген кезде ғана пайдалануды қарастырады. Мұндай жағдайда өсімдіктерді пестицидтермен баптау жұмысы мүмкіндігінше талғап әсер ететін препараттар мен этномофагтар үшін қауіпсіз кезеңде жүргізіледі. Сонымен қатар этномофагтардың белсенділігін арттыратын бірқатар агротехникалық шаралар жүзеге асырылады. Ондай шараларға жататындар паразиттердің және кейбір жыртқыштардың қосымша тамақтануы үшін қорек базасын жасау. Мысалы, жеміс бақтарының аралықтарына, жол бойымен жер суарғыш канал жағасында нектары мол өсімдіктер егу, отамалы дақылдардың егістіктерінде топырақты қопсытып жұмсарту және т.б.
2.5 Жыныс аттрактанттары

Жыныс аттрактанттары, немесе жыныс феромондары өсімдік қорғау ісіне екі бағытта қолданылады: агробиоценозда популяцияның күйін бақылау, сигнал беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дән массасының өзіндік физиологиялық қасиеті
Астық қорының зиянкестерінің қарсы күрес шаралары
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары жайлы
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары
Өсімдік қорғау
Сұлы зиянкестері және дәнді дақылдар зиянкестерімен күресу шаралары
Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы
Итальяндық шегірткелердің Қазақстанда кездесуі
Астық қоңыздары
Техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері
Пәндер