Ақпарат ұғымы, түсінігі



І. Кіріспе
Ақпарат ұғымы, түсінігі.
ІІ. Негізгі бөлім
Ақпарат анықтамалары:
2.1. Ақпарат ұғымы, тарихы;
2.2. Ақпарат хат ретінде;
2.3. Ақпарат жүйесі, оның түрлері.
ІІІ. Қорытынды.
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, сематикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметте.
1. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі / Биекенов К., Садырова М.
2. Менеджмент / Рахимбаев А.О., Сабатаева Б.О.
3. Менеджмент / Бердалиев К.Б./
4.. Ақпараттық жүйелер / Байшоланова Қ. С.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тексерген: Кушуков Г.С.
Орындаған:Уәлиханова Д.Ә.
Тобы: Дя - 307

Семей қаласы
2015 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе
Ақпарат ұғымы, түсінігі.
ІІ. Негізгі бөлім
Ақпарат анықтамалары:
2.1. Ақпарат ұғымы, тарихы;
2.2. Ақпарат хат ретінде;
2.3. Ақпарат жүйесі, оның түрлері.
ІІІ. Қорытынды.

І. Ақпарат ұғымы, түсінігі.

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, сематикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметте.

ІІ. Ақпарат анықтамалары.

Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

2.2. Ақпарат хат ретінде.

Ақпарат - қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар - заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін "ақпарат - хат" моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, "мыңдаған биттерден тұратын ақпарат" деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады. Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым - Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканың геометриялық түсінігі
Әкімшілік процесте
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі
Ақпараттық жүйе ұғымы туралы
Ақпарат, оны өрнектеу жолдары
Информатика жайлы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Пәндер