Былғары және мехтің сапасы мен оны басқару



Кіріспе
1 Сапа және сорт.
2 Былғары мен мехтық микроқұрылымының сипаттамасы.
3 Былғарының, мехтің, және тондық қой терісінің химиялық құрамы мен қасиеттері.
Колданылган әдебиеттер тізімі
Былғары және мех шикізаттарының және өнімдерінің сапасын тексеру өте маңызды шара болып табылады. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін тигізіп,тұтынушыларға тек сапалы өніммен жасалған өнімнен жасалған былғары бұйымдарын сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, міндетті түрде пайдаланатын шикізаттың, былғарының және мехтардың құрамын химиялық,физико-химиялық, механикалық әдістермен анықтап, оның мемлекеттік стандартка сайкес болуын қадағалау керек. Былғары мен мехтың құрамында болатын хром, цироний, титан қоспалары, өсімдіктен алынатын және синтетикалық илегіш заттар, әртүрлі майлар, бояулар, әрлеу заттары дайын өнімнің сапасына өздерінің әсерін тигізеді.
Сонымен қатар,былғары тканінің және түгінің физика механикалық қасиеттерін анықтаудың да өте маңызы бар. Өйткені былғары және мех өнімдерінің тұтынысқа төзімділігі де сол көрсеткіштерге байланысты.
Оқулықта осы мәселелердің бәрі толығымен қамтылған. Оқулық жоғарғы оқу орындарының жеңіл өнеркәсіп саласында оқитын студенттерге, ғылыми мамандарға және инженер-техник қызметкерлеріне арналған.
Былғары мен мехтің сапасын анықтайтын қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1. Өнімді дайындаған кезде қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп салалары: тігін, аяқ киім, былғары, былғары галантерея өнімдеріне беріктік термошыдамдылық, белгілі қалыңдық және тығыздық беру керек.
2. Былғары мен мех өндірісінде технологиялық жағынан материал және еңбек, энергия шығындары аз жұмсалуы керек. Тұтынымдық сапасының қасиеттері өнімнің комфорттылығын, эстетиқалық әдемілігін сақтауға және беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.
Өнімнің сапасын бағалау кезінде оның сорттылығы ескеріледі. Былғары, мех және тондық қой терілерін сорттау, олардың физиқа-механиқалық көрсеткіштерін анықтап, химиялық талдау жасалынғаннан кейін атқарылады.
Сапалық көрсөткіштері болмаған кезде сорттау жүргізілмейді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің былғарысының сортын анықтау ауданда және ақау кемістігіне байланысты жүргізіледі. Былғары зауыттары жоғары сортты өнімді көп шығарса, өнімнің сорттылық коэффициен ті де жоғары болады. Сорттылық коэффициенті деп - барлық дайын өнім бағасын ең жоғарғы сортты өнімнің бағасына келтірілген көрсеткішті айтады.
1 http://ansya.ru/health/5v072600-jeil-nerksibi-bjimdarini-tehnologiyasi-jne-rastirilui/pg-11.html

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Былғары және мехтің сапасы мен оны басқару.

Тексерген:Муслимова Н.Р.
Дайындаған: Нұржанқызы Жібек

2015ж.

Жоспар:

Кіріспе
1 Сапа және сорт.
2 Былғары мен мехтық микроқұрылымының сипаттамасы.
3 Былғарының, мехтің, және тондық қой терісінің химиялық құрамы мен қасиеттері.
Колданылган әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Былғары және мех шикізаттарының және өнімдерінің сапасын тексеру өте маңызды шара болып табылады. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсерін тигізіп,тұтынушыларға тек сапалы өніммен жасалған өнімнен жасалған былғары бұйымдарын сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, міндетті түрде пайдаланатын шикізаттың, былғарының және мехтардың құрамын химиялық,физико-химиялық, механикалық әдістермен анықтап, оның мемлекеттік стандартка сайкес болуын қадағалау керек. Былғары мен мехтың құрамында болатын хром, цироний, титан қоспалары, өсімдіктен алынатын және синтетикалық илегіш заттар, әртүрлі майлар, бояулар, әрлеу заттары дайын өнімнің сапасына өздерінің әсерін тигізеді.
Сонымен қатар,былғары тканінің және түгінің физика механикалық қасиеттерін анықтаудың да өте маңызы бар. Өйткені былғары және мех өнімдерінің тұтынысқа төзімділігі де сол көрсеткіштерге байланысты.
Оқулықта осы мәселелердің бәрі толығымен қамтылған. Оқулық жоғарғы оқу орындарының жеңіл өнеркәсіп саласында оқитын студенттерге, ғылыми мамандарға және инженер-техник қызметкерлеріне арналған.

1 САПА ЖӘНЕ СОРТ

Былғары мен мехтің сапасын анықтайтын қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1. Өнімді дайындаған кезде қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп салалары: тігін, аяқ киім, былғары, былғары галантерея өнімдеріне беріктік термошыдамдылық, белгілі қалыңдық және тығыздық беру керек.
2. Былғары мен мех өндірісінде технологиялық жағынан материал және еңбек, энергия шығындары аз жұмсалуы керек. Тұтынымдық сапасының қасиеттері өнімнің комфорттылығын, эстетиқалық әдемілігін сақтауға және беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.
Өнімнің сапасын бағалау кезінде оның сорттылығы ескеріледі. Былғары, мех және тондық қой терілерін сорттау, олардың физиқа-механиқалық көрсеткіштерін анықтап, химиялық талдау жасалынғаннан кейін атқарылады.
Сапалық көрсөткіштері болмаған кезде сорттау жүргізілмейді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің былғарысының сортын анықтау ауданда және ақау кемістігіне байланысты жүргізіледі. Былғары зауыттары жоғары сортты өнімді көп шығарса, өнімнің сорттылық коэффициен ті де жоғары болады. Сорттылық коэффициенті деп - барлық дайын өнім бағасын ең жоғарғы сортты өнімнің бағасына келтірілген көрсеткішті айтады.

K= x1a1+x2a2+x3a3+x4a4 мұндағы:
X1(a1+a2+a3+a4)

а1 - 1м2 I сортты былғарының бағасы - х;
а2 - 1м2 II сортты былғарының бағасы - х2;
а3 - 1м2 III сортты былғарының бағасы - х3;
а4 - 1м2 IV сортты былғарының бағасы - х4.
Мехтің сорты оның түкті жабынының жағдайына байланысты болады. Мехтің сапасын анықтау кезінде сорттиан басқа кемістіктері ескеріледі және жеке-жеке есепке алынады. Өнімнің сорттылығын көтеру үлкен маңызды мәселе.
Сапаны бағалау сынақ құралдарына байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Атап айтсақ инструменталды әдіс техникалық құралдардың көмегімен іске асырылса, органолептикалық әдіс керу, ұстап көру арқылы анықталады. Экспертті әдіс мамандардың көзқарасына негізделген де, социологиялық әдіс тұтынушылардың талап тілегін қолдауға негізделген. Есептеу әдісі басқа әдістерді колдану арқылы алынған тұжырымдарды есептейді.
Былғары мен мехты, тондық қой терісінің сапасын инструменталды әдіспен бағалаған кезде химиялық талдау жасалынады, микроскопиялық және физикалық-химиялық сынақ жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдістердің негізінде терінің химиялық құрамы анықталып, микроқұрылымына сипаттама беріледі жәие физиқалық-химиялық қасиеттері аныкталады. Сапаны тәжірибелік әдіспен бағалау (киіп жүру) өте сирек колданылады, себебі бұл әдісті қолдану уақытты көп алады және материал шығынын қажет етеді. Қазіргі кезде былғары мен мехтің сапасын анықтау динамикалық жағдайда сынақтан өткізетін неше түрлі құралдардың көмегімен атқарылады. Бұл құралдар өнімді пайдалану кезіндегі оған әсер ететін күштерді модельдеу арқылы қысқа уақыт ішінде өнімнің сапасын анықтап береді. Оларға былғары мен мехтің беріктігін, созылмалығын, иілгіштігін үйкеліске төзімділігін, су өткізгіштігін және басқа қасиеттерін анықтайтын құралдар жатады.
Лабораториялық жағдайда өнімнің сапасын талдауда, әр өнімнің сапасын жеке-жеке анықтау мүмкін болмағандықтан, математиқалық статистика әдісі қолданылады. Сондықтан лабораториялық талдауда орташа сынақ алу үлкен манызға ие. Химиялық талдау жасаған кезде былғары мен мехтің және тоңдық қой терісінің ылғалдылығы, минералды және май тектес заттардың мөлшері, көн заты, илегіш заттар, толықтырғыштар, қышқылдылық, талшықтағы негізділік, кей жағдайда ондағы ас тұзы мен ауыр металдар мөлшері анықталады.
Химиялық талдау нәтижесі технологиялық үрдістердің жүру барысы туралы мәлімет береді. Өнімнің химиялық құрамы анықталып болған соң, физикалық-механикалық сыннақ жүргізіледі де сортталады, одан кейін сапасы бойынша қатегорияларға бөлінеді. Физикалық-механикалық сынақтар, лабораториялық талдаулардың көрсеткіштері өнімнің сапалық негізгі қасиеттерін анықтайды. Мысалы: былғары мен мехтің және қой терісінің киюге төзімділігі, беріктігі, термошыдамдылығы, гигиеналық қасиеттері және басқалары анықталады.
Микроскопиялық талдау микроқұрылымдық элементтерде болып жатқан өзгерістерді, терідегі, жүндегі және өндіріс барысындағы, сонымен бірге жартылай фабрикатпен байланысқан заттардың орналасуын көрсетеді. Көбірек қолданылатын әдіс электронды микроскоппен зерттеу әдісі.

2 БЫЛҒАРЫ МЕН МЕХТЫҚ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ.

Өзеңнің микроқұрылымын сипаттайтын элементтеріне құрылымдық элементтердің реттілігі (регулярность) мен жинақылығы (компақтность), өрілу бұрышы (угол переплетения) талшықтардың түзулігі (извитость) және талшықтар тобының жіктелу дәрежесі жатады. Былғары мен мех және тоңдық қой терісі әртүрлі қалыңдықтағы талшық топтарынан тұрады, олар күрделі шиеленіскен тұйық ілмектер құрайды.
Өрілу бұрышы - талшықтар тобының көлденең қимаға көлбеу бұрышын сипаттайды. Бұрыштың көлбеулігін анықтағанда, талшықтар тобының бағытын ескереді. Талшықтар тобының үш түрлі өрілуі бар: тік (вертикальды)- ең үлкен бұрышпен; көлденең (горизонтальды) - ең кіші және аралық бұрышпен.
Өрілу бұрышы шикізат және оның топографиясына байланысты болады. Мысалы, жонарқа терісі (чепрақ) тығыз және үлкен бұрышпен өрілген талшықтармен сипатталады, ал қол терілері ең кіші бұрышпен өрілген талшықтардан тұрады. Бұл реттілік өндеу барысында өзгеріске ұшырайды. Оны микрокимада микроскоп арқылы өлшеуге болады. Егер өрілу бұрышы 10-20°С төмен болса, теріде технологиялық және эксплуатациялық ақау бар деп есептелінеді.
Өрілудің жинақылығы өзең қабатындағы талшықтар тобының жақындасу дәрежесін сипаттайды. Ол көрсеткіш шикізат түріне, топографиясына, өндірістік үрдістің режиміне байланысты болады. Мысалы, жібіту толық жүрмеген кезде талшықтар тобының өте жақын орналасуы теріс фактор деп есептеледі. Бұл көрсеткішке механикалық әсердің ықпалы бар. Мысалы, былғарыны майыстырып созғанда талшықтар жіктеліп, былғары жұмсақ болады. Ал, престеу, нығыздау (проқатқа) жүргізгенде керісінше, талшықтар құрылымы тығыздалады, былғары да сондай қасиетке ие болады.
Талшықтар тобының түзулігі, негізінеи теріні қышқылдармен және сілтілермен өндеу сипатына байланысты. "Жас" теріде, оның бүктеліп бос жатуына байланысты, талшықтар тобы тасқыңды, керілмеген, созылмаған. Ал, өңделген теріде талшықтардың табиғаты өзгеріске ұшырап, ұзындығы қысқарады.
Талшықтар тобының түзулігі былғарының серпімділік қасиеттерімен тығыз байданысты. Талшықтар тобының жіктелуіне шикізаттың түрі және оны өңдеу тәртібі әсер етеді. Егер талшықтар тобы, талшыққа одан әрі фибрилдерге және одан да әрі жіктелсе, былғары жұмсарып, беткі қабаттың тартылуы болмайды. Жүн талшығының микроқұрылымдық көрсеткіштеріне кортекс қабатының анық контуры, қабыршақ қабатта саңылаулар мен деформациялардың болу болмауы, қабаттың өсуі мен сақталуы жатады. Шаштың микроқұрылымы жүнді жабынының эксплуатациялық және эстетикалық қасиеттерінің ішіндегі төзімділігіне, шыдамдылығына, жалтырауына әсер етеді.

3 БЫЛҒАРЫНЫҢ, МЕХТІҢ, ЖӘНЕ ТОНДЫҚ ҚОЙ ТЕРІСІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ.

Былғары, мех және тонға арналған қой терісінің химиялық құрамын талдау кезінде оның ылғалдылығы, минералды, ақуызды, майлы және органиқалық заттары, қышқылдылығы, негізділігі, хлорлы натрий мен ауыр металдар тұздарының құрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары және мехтің сапасы мен сапаны басқару
Былғары және мехтың сапасы мен оны басқару
Үлбір шикізатын бояу
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жасанды былғары жасау процессінде қолданылатын әдістер
Жасанды былғары жасау процессінде қолданылатын үрдістер
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Пәндер