Топырақ түрлері



Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақ үш фазадан тұрады: қатты, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және газ немесе топырақ ауасы. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте болады.
Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газы (СО2) 0,03% болса, ал топырақ ауасында оның мөлшері 0,3-1,0%, кейде 2%-3% немесе одан да көп болады.
Оттегі жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды. Топырақта ауаның мол болуы оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады.
Топырақ ерітіндісі оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып табылады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді. Тұздың топырақ ерітіндісіне сіңу процесі топырақтың мүжілуі және минералдардың бұзылуы, микроағзалардың топырақта органикалық заттарды ыдыратуы, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштар беру нәтижесінде іске асады. Әдетте, суда еритін тұздар топырақта шамамен 0,05 % болады. Олардың топырақ құрамында шамадан тыс көп мөлшерде (0,2%-дан аса) болуы өсімдікке зиянды әсер етеді.
Топырақтың қатты фазасында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың негізгі қоры бар. Ол топырақтың қатты фазасының 90-99% -ын құрайтын материалдардан және топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқаратын органикалық бөліктерден тұрады.Қатты фазаның жартысын оттегі, 1/3 юөлігін кремний, ал 10% -дан астамын алюминий мен темір, тек 7%ын басқа элементтер құрайды. Азот түгелімен топырақтың органикалық бөлігінде болады.
Топырақтың минералдық бөлігі әр түрлі минералдардан тұрады, олардың көлемі 1 мм-ге дейін және одан үлкен болады. Көлемі әр түрлі бөлшектерді механикалық элементтер деп атайды. Барлық фракцияларды негізгі 4 топқа бөледі: ұсақ тасты бөлік, құм,шаң және лай. Ұсақ топырақты екі фракцияға бөледі: физикалық құм және физикалық саз, 1 мм ірі бөлшектерді топырақ қаңқасы немесе оның бөлігі деп, ал 1 мм ұсақ бөлігін ұсақ топырақ деп атайды. Физикалық құм фракциясына көлемі>0,001 мм болатын барлық бөлшектерді жатқызса, физикалық саз фракциясына<0,001 мм барлық бөлшектер кіреді.
Топырақтың механикалық элементтерінің көлемі
(фракциялар), мм
1.Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

Студенттің өздік жұмысы
СӨЖ
Тақырыбы: Топырақ түрлері

Орындаған: Қажыкенова Жанар
Топ: Эл - 217
Тексерген: Жұмабеков С.Ж.

Семей 2015 жыл
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша -- қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақ үш фазадан тұрады: қатты, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және газ немесе топырақ ауасы. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте болады.
Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газы (СО2) 0,03% болса, ал топырақ ауасында оның мөлшері 0,3-1,0%, кейде 2%-3% немесе одан да көп болады.
Оттегі жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды. Топырақта ауаның мол болуы оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады.
Топырақ ерітіндісі оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып табылады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді. Тұздың топырақ ерітіндісіне сіңу процесі топырақтың мүжілуі және минералдардың бұзылуы, микроағзалардың топырақта органикалық заттарды ыдыратуы, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштар беру нәтижесінде іске асады. Әдетте, суда еритін тұздар топырақта шамамен 0,05 % болады. Олардың топырақ құрамында шамадан тыс көп мөлшерде (0,2%-дан аса) болуы өсімдікке зиянды әсер етеді.
Топырақтың қатты фазасында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың негізгі қоры бар. Ол топырақтың қатты фазасының 90-99% -ын құрайтын материалдардан және топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқаратын органикалық бөліктерден тұрады.Қатты фазаның жартысын оттегі, 13 юөлігін кремний, ал 10% -дан астамын алюминий мен темір, тек 7%ын басқа элементтер құрайды. Азот түгелімен топырақтың органикалық бөлігінде болады.
Топырақтың минералдық бөлігі әр түрлі минералдардан тұрады, олардың көлемі 1 мм-ге дейін және одан үлкен болады. Көлемі әр түрлі бөлшектерді механикалық элементтер деп атайды. Барлық фракцияларды негізгі 4 топқа бөледі: ұсақ тасты бөлік, құм,шаң және лай. Ұсақ топырақты екі фракцияға бөледі: физикалық құм және физикалық саз, 1 мм ірі бөлшектерді топырақ қаңқасы немесе оның бөлігі деп, ал 1 мм ұсақ бөлігін ұсақ топырақ деп атайды. Физикалық құм фракциясына көлемі0,001 мм болатын барлық бөлшектерді жатқызса, физикалық саз фракциясына0,001 мм барлық бөлшектер кіреді.
Топырақтың механикалық элементтерінің көлемі
(фракциялар), мм

Тасты бөлігі
3,00
Оның ішінде ірі құм
3,00-1,00
Орташа
1,00-0,25
Майда
0,25-0,05
Оның ішінде ірі шаң
0,05-0,01
Орташа
0,01-0,005
Майда
0,005-0,001
Лай
0,001
Топырақтың құрамындағы әр түрлі көлемдегі бөліктердің салыстырмалы немесе пайыздық шамасын топырақтың гранулометриялық құрамы деп атайды, Р.А.Качинскийдің топырақты гранулометриялық құрамы бойынша жіктеу принципіне физикалық құм мен физикалық саз бөлшектерінің пайыздық арақатынасы негізделген. Осы көрсеткіш бойынша оларды мынадай түрлерге бөлуге болады.
Топырақтың түршелері: Физикалық саз мөлшері,%
(далалық тип)

Құмды:

Бос (борпылдақ)
0-5
Байланысты
5-10
Құмдауыт
10-20
Балшықты:

Жеңіл балшықты
20-30
Орташа балшықты
30-45
Ауыр балшықты
45-60
Саз балшықты

Жеңіл саз балшықты
60-75
Орташа саз балшықты
75-85
Ауыр саз балшықты
85

Көлемі және формасы жағынан әр түрлі топырақ бөлшектеріне жабысқан агрегаттар топырақ құрылыфмын көрсетеді. Топырақтың агрегатқа жіктелуі қасиетін құрылымдылық деп атайды. Құрамында суға төзімді агрегаттары көп топырақ құрылымды деп аталады. Құрылымсыз топырақ деп жекелеген механикалық элементтері бір-бірімен байланыспаған (құм, шаң) топырақты атайды. Гранулометриялық құрамынан басқа топырақ пен аналық жынысты агрегаттық құрамғе бөледі. Табиғи топырақта жеке элементтер әдетте түйіршікке желімденіп жабысқан. Олардың көлемдері бірнеше милиметрдің мыңнан бір бөлігіне дейін ауытқиды. Осы түйіршіктерді агрегат деп атайды. Топырақ құрылымы осы агрегаттардың көлеміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: микроқұрылымы (бөлшектері 0,25 мм), макроқұрылым (0,25 мм-ден 10,00 мм дейін) және мегақұрылым (агрегатының көлемі 10,0 мм асады). Ал агрономиялық жағынан осылардың ең маңыздысы топырақ агрегаттарының көлемі 0,25-10,0 мм аралығында болатын макроқұрылым болып табылады.
Топырақ агрегаты құрылымының пішіні жағынан мынадай түрлерге бөлінеді: дән, жаңғақ, кесек, бағана және басқа тәріздес . Осылардың ішінде агрономиялық жағынан бағалысы-жаңғақ тәріздестері.
Топырақтың су өткізбейтін құрылымдарының түзілуіне және сақталуына ондағы қсақ дисперсиялы бөлшектер (ұсақ шаң және лай) көмектеседі. Өсімдіктердің мықты тамыр жүйесі, тыңайтқыштар, микроағзалар, топырақты үнемі өңдеу топырақты бұзылудан және шаңданудан сақтайды.
Топырақты дұрыс өңдемеу, бірнеше қайта тырмалау оның құрамдық элементтерін бұзуы мүмкін. Сондықтан да майда түйіршікті құрамды сақтау агрономиялық маңызы бар шаралар болып табылады.
Гранулометриялық құрамына байланысты топырақ жеңіл және ауыр деп бөлінеді. Жеңіл топырақ (құмды, құмдауыт) суды жақсы сіңіреді, оның ылғалды ұстау мүмкіндігі аз, олар құрылымсыз, құрамында қарашірік, қоректік элементтер аз. ауыр топырақ (ауыр сазды, саз балшықты) суды нашар өткізеді, ылғалды ұзақ уақыт ұстап тұрады. Ауыр топырақта қоректік элементтер мен қарашірік мол жиналады, олар жақсы құрылым түзуге көмектеседі. Мұндай топырақты өңдеу қиын, өйткені ылғал күйінде ол иеленіп қалады, бір-бірімен байланысы берік, әрі жабысқақ келеді.
Демек, топырақтың маңызды агрономиялық қасиеттері оның гранулометриялық құрамына, жылу, ауа, ылғал, қоректену режимдеріне, жерді өңдеу құралдарының жұмыс органдарының тозуына ықпал жасайды. Гранулометриялық құрамы әр түрлі топырақта егіс жұмыстарын бастау мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар ол топырақтың физикалық пісу мерзіміне де байланысты. Осыған орай өңдеу сапасы, еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ картасын құрастыру
Топырақ туралы мәлміет
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Топырақ микрофлорасы
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Топырақ — табиғат көркінің айнасы
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Топырақ туралы түсінік
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Пәндер