Өрт қауіпсіздігі негіздері.Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі Эвакуация уақыттын есептеу.Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу



Өрт қауіпсіздігі негіздері.Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі Эвакуация уақыттын есептеу.Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды /алуды/ білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.
Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.
Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар /оттегі/ керек.
Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.
Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.
Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:
Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын /СНжЕ П-А 5-70/, жанатын.
1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.
2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.
3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.
Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыс-тардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп –I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.
Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді:
А,Б,В,Г,Д,Е. Бұл СНжЕ 01-М 2-92 құжаты бойынша қабылданған.
1. Қ.Т. Жантасов, М. Қ. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. Наукенова. «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.
2. Ш.Т. Бейсебаев. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі», Оқу-әдістемелік құрал, Шәкәрім атындағы СМУ. Семей.2011 ж.
3. М.А. Нұржасаров и другие. Охрана труда. Астана.2007 ж.
4. Қазақстан Республика-сының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Заңы
5. «Жеке кәсіпкерлік туралы» (2008 жылғы 29 желтоқсанға дейінгі өзгерістермен және толықтырулармен)
6. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» (2008)
7. google.kz

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Өрт қауіпсіздігі негіздері.Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі Эвакуация уақыттын есептеу.Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу..

Тобы:АГ - 413
Орындаған:Қыдырқұлова Ә.Д.
Тексерген: Бейсебаев Ш.Т.

Семей 2015ж

Жоспары:
1.Өрт қауіпсіздігі негіздері.
2.Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.
3.Өрт кезіндегі Эвакуация уақыттын есептеу.
4.Өрт сөндіруге қажетті мөлшерін есептеу.
5.Пайдаланған әдебиеттер.

Өрт пен су тілсіз жау деп халқымыз тегін айтпаған. Адамдар от жағуды білмеген кездің өзінде найзағайдан, вулкандардан шыққан өрттерден көп зиян шеккен. Адамдар от шығаруды алуды білгелі олардың өміріне үлкен өзгеріс әкелсе, от алудың әдістері көбейген сайын өрт қаупі де көбееді.
Арнайы жану құрылғыларынан тыс, бақылап реттеуге келмейтін залал-зиян келтіретін жануды өрт дейміз.
Жану дегеніміз күрделі физико-химиялық процесс. Жану көзінде жанатын зат пен тотықтырушылар қосылады да жылу және жарық шығарады. Қандай зат болмасын жану үшін мөлшерлі жылулық және тотықтырғыштар оттегі керек.
Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертолет тұзы т.б.
Жанатын заттар: қатты, сұйыө және газ күйінде кездесуі мүмкін, олардың барлығы да жанған кезде жарық пен жылу шығарады.
Жанудың бірнеше түрлері бар, олар:
Жарық етіп жану, Тұтанып жалындау, Өздігінен жалындау ,Өздігінен жану, Атылып жану
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын СНжЕ П-А 5-70, жанатын.
1.Жанбайтын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанбайды бықсымайды, көмірге айналмайды.
2.Қиын жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтанады, бықсиды, көмірге айналады.
3. Жанатын заттар оттың немесе жоғары температураның әсерінен тұтынып жанады, бықсиды, және әрі қарай жана береді.
Өрт кезінде өзінің тіреуіш және қорғағыш күйін сақтау қасиетін заттардың отқа шыдамдылығы дейді.Өндірістік ғимараттар мен құрылыс-тардың отқа шыдамдылығы(огнестойкость) сағатпен беріліп - I,II,III,IV,V әріптермен белгіленген дәрежелерге бөлінеді.
Өрт қауіптілігіне байланысты өңдіріс орындағы технологиялық процестердің қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді:
А,Б,В,Г,Д,Е. Бұл СНжЕ 01-М 2-92 құжаты бойынша қабылданған.


Өрт қауіпсіздігінің негіздері:
Халық шаруашылығында өртті сөндіруге негізінен мына заттар пайдаланылады: су, құм, топырақ, химиялық көбік егер бар болса инертті газдар мен арнайы ұнтақтар т.б. пайдаланылады.
Суды өрт сөндіруге жиі пайдалану себебі. Ол шаруашылықтың әр жерінде кезігеді, оның өртті сөндіруге суығы әсер етеді (жылу сыйымдылығы 2213,8 КДжкг, град ) және буымен әсер етеді мысалы: 1кг су 1700 л буға айналады. Су тоқ өткізеді, кейде жануды да қолдайды. Сондықтан оны пайдаланған кезде байқау керек.
Химиялық көбіктер от сөндіргіштерде пайдаланады. Бұл көбіктер тік қабырғада да жабысып тұрып жанып жатқан заттың сөнуін тездетеді, ал су болса ағып кетеді.
Инертті газдар мен арнайы ұнтақтар ол: тоғынан шыққан, жанар-жағар майлардан щыққан да өртті өшіре алады, бірақ олар шаруашылықтарда сирек кездеседі. Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әртүрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын от сөндіргіштер, гидропульттер, су құйылған ыдыс, құм салынған жәшік, киіз т.б. заттар жатады.
Өрттің алдын алу шаралары:
1. Құрылыс кезінде: генплан жасалған кезде құрылыс объектілерін дұрыс орналастыру ережелерін сақтау; құрылысты жоспарлаған кездегі ережелерді сақтау; құрылысты жүргізген кездегі ережені сақтау.
2. Тәртіпті сақтау: құрылыс пен құрылғыларды пайдалану тәртібі, машиналармен құралдарды пайдалану тәртібі, күнделікті өмірде, далада, орманда жүргенде:
3. Түсіндіру жұмыстары арқылы: өрт қауіпсіздігінің ережелерін шығару, халықты өрт қауіпсіздігі тәртібіне оқыту, үйрету, өрт қауіпсіздігін кино, телевизор, радио арқылы уағыздау.
Әр түрлі шаруашылықтарда мынадай себептерден өрт шығады:
1. құрылыс салған кезде өрт қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы, желдің негізгі бағытын есептемеу және өндіріс технологиясының қаупін есептемеу т.б;
2. жылу орталықтарын пайдаланған кездегі тәртіп бұзу;
3. электр жүйесін жүргізген эл. құрылғыларын пайдалану кезіндегі тәртіп бұзу т.б.
4. пішіндердің, қилардың, торфтардың өздігінен қызып жануы, оларды сақтау тәртібін бұзу;
5. тез тұтанатын заттардың құбырдағы тағы басқа жерлердегі үйкелістері кезіндегі қауіп;
6. керосинді шам, ашық отты пайдаланған кездегі тәртіпті бұзу;
7. жай оттарының әсерінен болған өрт.
Өрт сөндіргіш құралдар.
Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әр түрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алынып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын өрт сөндіргіштер, гидропульттер,бастапқы құралдар- су құйылған ыдыс, шелек, құм салынған жәшік, кигіз т.б. заттар жатады.
Сондықтан әр объектіде өрт сөндіру тақталары болу керек. Онда лом, темір, балта, күрек, аша сияқты құралдар болу міндетті. Гиропульт дегеніміз - қолмен жұмыс істейтін, суды сорып оны қысыммен жанып жатқан жерге беруге арналған сорғыш құрылғы. Қолға алып жүретін от сөндіргіштер өрт басталған кездегі шамалы өрт көздерін сөндіруге арналған құрылғылар. Олар: химиялық - көбікті және ауа көбікті, газбен (көмір қышқыл газымен, т.б) сөндіретін, ұнтақпен сөндіретін болып бөлінеді.
Химиялық - көбікті ОХП-10 ОХВП-10 қол от сөндіргіш - кернеу берілген электр құрылғыларынан басқа,қатты заттар мен жанғыш сұйықтар мен болған алғашқы от көздерін сөндіруге арналған. Сыйымдылығы 10л; сұйықты шашырату қашықтығы - 4м, жұмыс уақыты - 60 секунд. Мойын тұсында шашыратқыш тесігі бар. Оның сыртқы қорабы цилиндр тәріздес болат темірден жасалған. Мойынға қақпақ бұралады. Қышқыл бөлігі полиэтиленді кішкене ыдысқа құйылса, негіз бөлігі сыртқы қорапқа құйылады. Екеуі араласқан кезде химиялық реакция жүріп, нәтижесінде көбік пайда болады. От сөндіргіш сұйығы қыста қатып қалмау үшін оның негіз бөлігіне этиленгликоль немесе РАС көбіктендіргіш қосады.
Ауа көбікті ОВП-10 тектес от сөндіргіштері органикалық негіздегі қатты заттармен, сұйық жанғыш заттармен болған жануды сөндіруге арналған. Бұл өрт сөндіргіштерді ауаның қатынасынсыз жанатын заттарды, жанған металдарды және кернеу беріліп тұрған электр құрылғыларында болған жануды өшіруге қолдануға болмайды. Ыдыс сыйымдылығы 10л. Көбікті ағынның жету қашықтығы - 4-5 м. Ағынның шығу мерзімі 45 сек. Жұмысшы газы - көмірқышқыл газы. От сөндіргіш сұйығы - 6 процеттік ПО-1 көбіктендіргіштің судағы ерітіндісінен тұрады.
Көмір қышқыл газды от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 жаңа бастаған қатты, сұйық заттардың от көздерін, сонымен қатар 1000 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған өртті өшіруге арналған. От сөндіргіш ретінде сұйық көмірқышқылы пайдаланылады. Ыдыстың жұмысшы қысымы 5,8 - 6 мПа. Қарлы ағынның үздіксіз шығу мерзімі қоршаған орта температурасы 200С болғанда 15 сек. От сөндіргіштің сыртқы қорабы болат темірден істелген. Оның мойын жағына бекітетін және іске қосатын тетік бұралады.
Ұнтақты от сөндіргіштер ОП-1, ОП-8 Б
Негіздік металдармен, олардың қоспаларымен, 380 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған және басқа заттармен болған жануды тоқтату үшін қолданылады. От сөндіргіш зат ретінде ПСГ-2; П-1 А немесе ПСБ ұнтақтары пайдаланылады. Бұл ұнтақтар улы емес және шашыраған сумен, көбікпен, газдармен қосып пайдалануға бола береді. Ыдыстың ішінен ұнтақты үрлеп шығаруға көмір қышқыл газы немесе қысылған ауа пайдаланылады. Ыдыс сыйымдылығы 1 немесе 8 литр. Ағынның шығу мерзімі 10 - 25 сек. Жету қашықтығы 6 метр. Жанып жатқан қабатқа түскенде ұнтақ отты оттегінен бөліп тастайтын жанбайтын қабат құрайды.
ОП-1 Момент-2П өрт сөндіргіш үзік - үзік әрекет етеді, сондықтан бірнеше рет пайдалануға жарайды. Ол ұнтақ құрам толтырылған корпустап 1 және корпусқа бұралып жабылатын қақпақтан тұрады
Қолданылуы: Өрт кезінде от сөндіргішті бекітілген орнынан ағытып алып қақпаның шегесін қатты нәрсеге соғу керек. Сонан соң от сөндіргіштің жұмыс істеген сәтінде шыққан ұнтақтың тыныс органдарына және көзге тимегені абзал.

18-Сурет. ОСП-1 өрт сөндіргіштің әрекеті сызбасы:
а - өздігінен қосылған кезде;
б - қолмен қосқан кезде.
Өрт сөндіргіштің типі мен қажетті санын таңдау олардың өртті сөндіру қабілетіне, аумаққа және өрттің класына байланысты болады.
Өртті сөндірудің алғашқы құралдары дәліз бен өтпелерде адамдарды көшіруге бөгет болмауы тиіс. Оларды шығатын есікке тақау, көрнекі жерге, 1,5 метрден аспайтын биіктікте орналастыру қажет.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
-- жанған затқа оттың тікелей әсері;
-- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
-- жану зонасында иісті газбен улану;
-- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
-- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Орман өрттері, яғни, орманның кенеттен бақылаусыз жануы өте көп зақым тигізеді. Осындай апаттар мен одан пайда болған төтенше жағдайлар елдің көмтеген аймақтарында болып тұрады. Бұл жағдайлар кейде адамдардың іс-әрекеттерінен де болады.
Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кезіндерінде, егер жауын-шашын 15-18 күн бойы болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады.
Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.
Өрттен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары туралы
Өрт қауіпсіздігі негіздері туралы
Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы мәлімет
Өрт қауіпсіздігі негіздері туралы мәлімет
Өрт қауіпсіздік негіздері туралы
Өрт және оның түрлері, өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы ақпарат
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
Пәндер