Нарықтық қатынаста бухгалтерлік есеп пен салық есебінің ақпараттық жүйе ретінде қалыптастыру ерекшеліктері



Елбасымыздың өз халқына жолдауында дәйекті жаңарту және экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Бүгінгі экономикалық конъюнктура нашарлаған жағдайда мемлекеттік холдингтердің, әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарының белсенділігін арттыру қолға алынуда.
Бүгінгі күні ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты, жаңа кәсіпкерлік нысандарының пайда болуына байланысты бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы арта түсті. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестендіру мақсатында бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілік пен салық есептілігін құрастырып ұсыну жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілуде.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сәйкес өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өз ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» деп атаған.[1]
Салықтар - барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2012 жылғы 14 желтоқсанда елордадағы жаңа опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің салық саясатына қатысты бірнеше мәселелерді қарастырды:
- өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу қажеттілігі, барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізілуі мен оларды мейілінше тиімді ету керектігі;
- салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыру, салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту жұмыстарын жүргізу;
- нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыру жолдарын іздеу шараларын жүргізу.
Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъектілерінің салық қызметімен диалогын азайтуға тиіс. Алдағы бес жылда онлайн-электрондық есептілік режіміне көшу қажет. 2020 жылдан бастап салықтық несиелендіру практикасын енгізу керек. Басты міндет - кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.
1.Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение – М: Инфр –М, 2002 – 650 б.
2.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012жыл 14 желтоқсан
3. «Налоговая учетная политика», ИД «БИКО» Алматы 2012, 63 б.
4.Нұрымов А.А., Шоимбаева С.А. / Салық және салық салу: Оқу құралы.- Астана, 2009 ж. - 284 б.
5.Д.С. Жақыпбеков «Қазақстандық кәсіпорындағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру», «Экономика» баспасы ЖШС, 2009 – 354 б.
6. А.Қ Шарипов «Салық есебі», «Экономика» баспасы ЖШС, 2009 – 334 б.
7. «Самоучитель по бухучету и налогообложению», ИД «БИКО», Алматы 2011, 98 б.
8.Л.Е. Заурбекова «Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның салық саясаты және есебі», М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік Университеті журналы, 160 – б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
Салық есебі пәні

СӨЖ №4

Тақырыбы: Нарықтық қатынаста бухгалтерлік есеп пен салық есебінің
ақпараттық жүйе ретінде қалыптастыру ерекшеліктері.

Орындаған: Жумагулова Гаухар
УА-205
Тексерген: Сарсенбаева А.А.

Семей 2015 жыл

Елбасымыздың өз халқына жолдауында дәйекті жаңарту және экономикалық
өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Бүгінгі
экономикалық конъюнктура нашарлаған жағдайда мемлекеттік холдингтердің,
әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарының
белсенділігін арттыру қолға алынуда.
Бүгінгі күні ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты, жаңа
кәсіпкерлік нысандарының пайда болуына байланысты бухгалтерлік есептің ролі
мен маңызы арта түсті. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына
сәйкестендіру мақсатында бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілік
пен салық есептілігін құрастырып ұсыну жүйесіне елеулі өзгерістер
енгізілуде.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сәйкес өзгерістерге ұшырап
келе жатқан, сондай-ақ өмірде өз ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі ғалым Б. де Солозано осы ғылым туралы Бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес - деген болса,
оның әріптесі Р.А. Фаулки Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы деп атаған.[1]
Салықтар - барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы
мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі,
ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін
және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2012 жылғы 14 желтоқсанда
елордадағы жаңа опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған
салтанатты жиналыстың барысында, Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында
мемлекеттің салық саясатына қатысты бірнеше мәселелерді қарастырды:
- өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері
үшін қолайлы салық режімін енгізу қажеттілігі, барлық қолданыстағы
салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізілуі мен оларды мейілінше тиімді
ету керектігі;
- салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру
саясатын жалғастыру, салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту
жұмыстарын жүргізу;
- нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес,
бәсекелестікке ынталандыру жолдарын іздеу шараларын жүргізу.
Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъектілерінің
салық қызметімен диалогын азайтуға тиіс. Алдағы бес жылда онлайн-
электрондық есептілік режіміне көшу қажет. 2020 жылдан бастап салықтық
несиелендіру практикасын енгізу керек. Басты міндет - кәсіпкерлердің
инвестициялық белсенділігін ынталандыру.
Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс. Бұл үшін 2015 жылдан
бастап ынталандыру шаралары кешенін, соның ішінде білім беруге, өзін, өз
отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар
мен компанияларды салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін
әзірлеу қажет.
Осылайша, бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты ішкі өсімді
ынталандыруы және сыртқы нарықтарға отандық экспортты, ал азаматтар
деңгейінде олардың қорларын, жинақтарын және салымдарын ынталандыруға
тиіс.[2]
2012 жылы 26 қарашада ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар,
қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды.
Аталған құжаттың мақсаты салық заңнамасының жекелеген нормаларын
нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қарау
және еліміздің салық жүйесін Кеден одағының кеден заңнамасы ережелеріне
сәйкестендіру болып табылады.
Бұл ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, компаниялар жұмысының
өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен оған
жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, салықтық әкімшілендіруді
жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактуралар енгізу көзделеді. Бұдан
бөлек, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына
таратудың салықтық тексерісін жүргізбей, камералық бақылау нәтижелері
негізінде таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді. Сондай-ақ, салық
есептілігін табыс етпейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың
арнаулы тетіктері енгізіледі.
Ал адал салық төлеушілер үшін салықтық тексеру нәтижелері туралы
хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін кепілсіз және банк
кепілдігінсіз күнтізбелік 36 айға дейінгі мерзімге өзгертуге мүмкіндік
көзделген.
Сонымен қатар, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ондай
құқық бұзушылықты алғаш жасағандарға ескерту секілді жазалау шарасын
енгізу қарастырылып отыр.[3]
Ұйымды басқару – бұл тиімді де орынды шешімдерді, қабылдап, оларды іс
- жүзінде іске асыру үшін орындалатын комплексті де күрделі процесстер
жиынтығы. Сондықтан да ұйым басшылары алға қоятын мақсаттары - ұйымдағы
салықтық міндеттемелерді орындау және жоспарлау бойынша атқаратын істердің
мақсаттарымен бірге теңеседі.
Салықтық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес салықтық есеп деп
аталатын бухгалтерлік есептің тағы бір құрастырушы бөлігі анықталды.
Қаржылық есеп пен салықтық есеп түрлерін бір бухгалтерлік есептің ішкі
жүйелері деп қарастыратын болсақ, онда әрине олардың арасында өзара
байланыс бар екендігі сөзсіз. Негізінен алғанда қаржылық есепті салық
есебінің негізі деуімізге болады, себебі салық салынатын табыс сомасын
анықтау мақсатында салық есебі қаржылық есептілік мәліметтеріне жүгінеді.
Бухгалтерлік есептің регистрлері салықтық төлемдер есептелуінің базасы
болып табылады.
Табысты максимилизациялау мен бюджетке төлем түріндегі қаржылық
ресурстардың шығынын минимилизациялау – мынадай көрсеткіштерді есептеу
әдістерінің таңдауымен жүзеге асады: амортизацияның есептелінуі, қорлардың
бағалануы, өндіріске материалдардың жіберілуі, күмәнді қарыздар бойынша
резервтерді қалыптастыру, салық салу, резервтер, алдағы кезең шығыстары мен
төлемдер мақсатындағы сатылымнан түсімді анықтау көрсеткіштері.
Қазіргі кезде ұйымдар салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды
Қазақстан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және
жағдайларда есептеме әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау
бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі
және салық әкімшілігінің құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің басты
мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құны мен банктің
нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады,
ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған. Соңғысы
бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынған банктің қаржылық нәтижесіне
байланыссыз анықталады.
Осы айырмашылықтарға қарамастан, есептің бұл екі түрі өзара тығыз
байланысты, себебі, салық есебінде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік
есеп мәліметтерінен алынып, содан кейін Салық Кодексінің талаптарна сәйкес
түзетулер жүргізіледі.[4]

Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы есепті кезең ішіндегі Қазақстан
Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстардан
тұрады. Жылдық жиынтық табыс сомасы бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу
нәтижесінде, есептеулер арқылы анықталады. Бухгалтерлік есеп бойынша
табыстар есебін жүргізетін 6-шы Табыстар бөлімінің шоттары 5610 Жиынтық
табыс (зиян) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Салық есебінің тіркелімдері
Заңды тұлғалардың салық есебі және жиынтық жылдық табысты талдау
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Аудиттің мәні
Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Туристік бизнестің бухгалтерлік есебі
Пәндер