Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм.Фрейд және психоанализ. Ф. Ницше және аса кушті адам



1. Абай және казіргі заман.
2. Шокан және географиялык детерминизм.
3. З.Фрейд және психоанализ.
4. Ф. Ницше және аса кушті адам.
Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл—демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845- 1904ж.ж.) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай—қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол “ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде” деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай—өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы-демократтарының көбісінде кездесетіндей, “нағыз” дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақыл мен танымды қарсы қойды. Немесе, оның өз сөзімен айтқанда “алла табарака уатагаланың шәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына, ...хақтығына бірден дәлел жүргізелік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек” (Қара сөздер, 13-сөз).
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге болады. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам " ...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады" (А.Құнанбаев Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет) - дейді.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде , отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. “Мен”
және “менікі” деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша “мен”—ақын, жан, “менікі”—адам денесі. “Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, “менікі” өлсе өлсін, оған бекі” деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.
1. Философия. – оқулық. – Серік Мырзалы: Алматы «Эверо» 2011 ж.
2. Философия: Учебник для студентов вузов /Гарифолла Есим, Т.Х.Габитов и др. Алматы, 2006.
3. Ермакова Е.Е. Философия. М., 1999.
4. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней и средневековой философии. М., 1991.
5. Радугин А.А. Философия: курс лекций. – М., 1998.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ

Тақырыбы: Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм. З.Фрейд және психоанализ. Ф. Ницше және аса кушті адам.

Тексерген: Кенжебулатова А.М.
Орындаған: Серікова З.С.
Эн -401 тобы

Семей, 2015 жыл
ЖОСПАР:
1. Абай және казіргі заман.
2. Шокан және географиялык детерминизм.
3. З.Фрейд және психоанализ.
4. Ф. Ницше және аса кушті адам.

Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм. З.Фрейд және психоанализ. Ф. Ницше және аса кушті адам.
Абай Құнанбайұлы (1845- 1904ж.ж.)
Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл -- демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845- 1904ж.ж.) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай -- қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол "ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде" деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай -- өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы-демократтарының көбісінде кездесетіндей, "нағыз" дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақыл мен танымды қарсы қойды. Немесе, оның өз сөзімен айтқанда "алла табарака уатагаланың шәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына, ...хақтығына бірден дәлел жүргізелік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек" (Қара сөздер, 13-сөз).
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге болады. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам " ...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады" (А.Құнанбаев Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет) - дейді.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде , отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. "Мен"
және "менікі" деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша "мен" -- ақын, жан, "менікі" -- адам денесі. "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, "менікі" өлсе өлсін, оған бекі" деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдардың бейнесін көруге болады. „Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек"деген өлеңінде:
- Жас қартаймақ, жол тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек,-
деп, отыз екінші қара сөзінде:
- Дүние -- үлкен көл,
Заман - соққан жел.
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер, -
деп, дүниенің өзгерісте, дамуда екенін болжайды. Мұнымен бірге әр нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуін білмек - бір үлкен керек іс деген пікір айтады. Өлеңдер мен қара сөздеріне зер салып қарасақ, көптеген философиялық мәселелерді қарастырып, өзіндік ой-пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз. Шығармаларының басым көпшілігінде өмір, өмірдегі адамның орны, оның мақсаты, мұң-мұқтажы туралы ой шертіледі. Ендеше, философияның негізгі мәселесі Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге болады.
Ақынның эстетикалық және этикалық мәселелер жөніндегі ой-пікірлері сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белгісі болып табылады. Оның "Құлақтан кіріп бойды алар", "Құр айғай бақырған құлаққа ән бе екен" деген өлендерінде әннің, күйдің адам сезіміне эсер етер қуатты құдіреті, шипалы шапағаты көркем суреттеледі. Әсіресе, жақсы ән мен тәтті күйдің ассоциативтік ой туғызып, адмның өткен өміріндегі ең бір тамаша кездерін еске түсіретіндігін шебер көрсетеді. "Жазғытұрым", "Жаз" деген өлеңдерінде табиғаттың көркем бейнесін ардақтап, оның адам ойы мен сезіміне шипалы эсер ететіндігі баяндалады. Абай көркем сөздің эстетикалық маңызына ерекше көңіл бөлді.
"Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жүмыр келсін айналасы",-
деп өлеңнің "іші алтын, сырты күміс" болуын, бөтен сөзбен сөз арасы былғанбауын, әркімді мақтап қайыр тілеуге арналмай, адамгершілікті, инабаттылықты дәріптеу керектігін баса айтады.
Абай шығармашылығындағы негізгі тақырып моральдық проблемалар десек қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде:
"Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері - қу борбай сымпыс шолақ", -
деп, өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне:
"Ары кеткен алдамыш Мені-ақ алда сөкпейін.
Балы тамған жас қамыш,
Ормасайшы көктейін",-
деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді.
"Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!"-
деп, эр адам қоғамда өзінің орнын алуы керектігін, ол үшін өнер мен білімге ұмтылуы қажет екендігін айтады.
Қоғам өмірін түсінуде Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Ол кездегі қазақ халқының әлеуметтік даму даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді. Дегенмен, ақын алғашқы кезде әлеуметтік істерге біраз араласып, орта жүз руларының басы қосылған Қарамола съезінде 76 баптан тұратын жаңа заң ережелерін ұсынады. Қазақ даласында реформалар енгізуге талпынады. Алайда, ескі, феодалдық тәртіпті берік сақтағысы келген бай-манаптар және отаршыл саясатты қолданған патша өкіметі бұл реформаларды аяқсыз қалдырды. Орыстың алдыңғы қатарлы демократтарымен таныс болып, пікірлескен Абай реформалық талпыныстарының жүзеге аспайтынына бірте-бірте көзі жетеді. Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын "Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай", тағы басқа өлеңдерінде өмірді реалистік тұрғыдан суреттейді, қалың бұқараның ауыр тағдырына жаны ашиды, құтылар жол іздейді.
Yenлы ақын да Шоқан, Ыбырай сияқты қазақ халқының шырғалаңнан құтылар жолы - білім игеру, кәсіпті дамыту, аянбай еңбек ету деп біледі. Әсіресе, еңбекті дәріптейді.
"Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның, тіленбей",
немесе,
"Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалан сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық",-
деген сөздерде қанша философиялық тұжырым, ой жатыр. Аянбай еңбек етудің арқасында ғана адам дұрыс тұрмыс құра алады, ағайын-туысқа шапағаты тиіп, құрметке бөленеді деп тұжырымдайды.
Абайша, сену үшін алдымен түсіну қажет. Бұл ойлары Пьер Абеляр, Фарабиге жақын. Абай адам мәселесін оның қайшылыққа толы қоғамдық болмысының аясында қарастырады. Осыдан келіп адамның әлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкінділігінің шексіздігі туралы идея туады. Ал Адам -- өз тағдырының қожасы және құрушысы. Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылығы эр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары - Абай тұжырымдамасындағы негізгі идеялар. Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу - жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.
Адамдардың әр түрлілігі жайлы айта келіп, Абай әр адамның өмірде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді. Адамның өз орнын, өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру - ағартушының, бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан келіп "Адам бол!" деген Абай этикасының негізгі принципінің мағынасы мен мәні ашыла түседі: эр адам өзінің шығармашылық мүмкінділігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.
Абай - ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист. Ол құдай идеясын адамнан жоғары сырт күш деп қабылдайды. Өлмес жан туралы, мәңгілік, шексіздік жайлы ой қозғағанмен, бұл ұғымдар діни мағынада емес, Фараби секілді игі істер мен ойдың әлеумет жадындағы мәнгіліктілігі деген түсінікте кетіріледі.
Абай әредік "мен" және "менікі" деп метафизикалық түрде адамның рухани дүниесіне тән тіршілігін, биологиялық болмысын қарама-қарсы қояды. Әйтсе де бұл қарама-қарсылықты жан мен тән дуализміне дейін өрбіте қоймайды. Осылайша Абай адам мәселесін этикалық, қоғамдық-саяси, т.б. аспектілерде ғана қарастырып қоймай, толық философиялық дәрежеде ұғынуға ұмтылғанын атап өтуіміз қажет. өз халқын шын пейілімен сүйген Абайға ұлтшылдық, шовинизм, діни төзімсіздік жат. Ол өз халқын бір орында тұрып қалмауға, тұйықталмауға, рухани байлықтарын әр халықтың, соның ішінде орыс халқының жетістіктерімен байытуға шақырды. Абайдың өмірі, шығармалары терең адамгершілік мағынаға ие және ағартушылық-тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес құнды дүние.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865жж)
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға, 18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының қалыптасуына негізделген.
Шоқан қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты-материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы дейді. Сот реформасы жайында хат деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады. Әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарасында географиялық детерменизм бағытында болған.
Қырғыздардағы шамандықтың іздері еңбегінде Шоқан зорастризм және шаманизм дінідерін қазақтардың ежелгі діні деп, ондағы наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.
Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған.Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Едіге, Ер Қосай, Ер Көкше, қырғыздардың Манас жыры. Сондай-ақ оның философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.
Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұймдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Аймақтың халықтары тағдырында осы бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық қажеттілік туды. Ол қажеттілік XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған және қоғамдық сананың дамуында жетекші рөл атқарған ағартушылық-демократиялық ой түрінде көрініс береді.
Қазақстанда ағартушылық-демократиялық ойдың мәнін түсіну үшін мынадай методикалық және теориялық қағидаларды ескеруіміз қажет: біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мәдениетімен кең танысу және сол арқылы европалық өркениеттен сусындау -- Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастыққа - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстан ағарушылық идеологиясын оқып үйренуде жалпы ағартушылық құбылысқа тән белгілермен қатар оны тудырған мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшелігіне де баса назар аудару қажет. Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі оның азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі Кеңес өкіметіне дейін және сол өкімет тұсында өз мәнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М.Дулатов -- "Оян қазақ!", М.Жұмабаев -- "Тәңір", "Мен кім", "Тез барам" т.б., А.Байтұрсынов -- "Қазақ өкпесі", "Тәні саудың жаны сау", "Қазақша оқу жайынан", Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.). Патша өкіметі мен сталиндік репрессияның зардабын басынан өткізіп, әділет пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға үндеген еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды. Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол даму реакциялық идеялық бағыттармен күреске толы болды. XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасыр бас кезеңінің өн бойында ағартушы демократтар исламның феодалды-клерикалды идеологиясымен және әр түрлі діни-мистикалық бағыттармен арпалысты. Қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың орта тұсында пайда болған дәстүрлі-консервативті шаманизм бағытын, XIX ғасырдың аяғындағы діни-реформаторлық джадидизмді, Ресейдің мұсылман халықтарының арасында панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың рөлі мен мәні реалды идеялық күрестің аясында көрінетіндіктен, берілген реакциялық бағыттар мен ілімдердің табиғатын жете ұғыну қажет. Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың 40 - 60 жылдарындағы орыс ағартушыларының, әсіресе, революциялық демократизмнің ықпалы қатты эсер етті. Орыс революционер-демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы-демократтарының жанына жақын келді.
В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын. Революциялық демократизмді практикалық іс-әрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты - әлеуметтік және ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты Қазақстан ойшыл-демократтары тұтас алғанда типтік ағартушылық позицияны ұстады. Яғни белгілі қоғамдық топқа, дәлірек, шаруаларға бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырылған революцияшыл- демократтарға қарағанда Қазақстан демократтары XVIII ғасырдағы Европа демократтары секілді ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледі. Бұл, біржағынан берілген кезеңде берілген аймақтың қоғамдық қатынастарының пісіп-жетілгенін аңғартса, екіншіден, осындай ерекше жағдайда (жалпы артта қалушылық, жаппай сауатсыздық, отаршылдық қанау) жалпы халықтық прогресс идеясы өте актуальды болғанын және оның аса маңызды қоғамдық қажеттілікті бейнелегенін көрсетеді. Бесіншіден, Қазақстан ойшыл-демократтары ағартушылық позицияда қалғанмен, аңсаған қоғамды төңкеріс жолымен орнату әдістерін де қарсатырған. Әйтсе де барлығы еркін, азат қоғам құрудың бейбіт жолын таңдады: жоғарғылардың реформасы көмегімен немесе "әділ", "таза" білім мен басқару және ағарту, ғылым-білім арқылы өз халқының көзін ашып, көңілін оятып, өздерін-өздеріне танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды. Бұдан тарихи құрылымы мен қоғамдық күштердің жіктелуі әлде қайда өзгеше орыс революционер-демократтары секілді төңкеріс жолын қуаттап, оған бірден-бір шешуші әдіс, айқын жол деп шақырмауын кемшілікке жатқызу орынсыз болар еді. Керісінше, рух пен тән арасындағы, жалпы Аспан астындағы үйлесімділікті іздеп, ол жолда бойды сезімге емес, ақылға жеңдіртіп, мәселенің шеті мен шегіне ауытқымай асыл ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясының көрнісін аңғарғандаймыз. Алтыншыдан: "тоқырау" "семіп қалу", "артта қалушылық", дәстүршілдік ұғымдары жалпы Шығыс мәдениетінің мәңгі-бақи арылмайтын атрибуттары деген сияқты абстрактылы және табиғатынан ғылымға, тарихи объективтілікке сай келмейтін тұжырымдама, бірыңғай, іштей біркелкі Шығыс феноменінен принциптік айырмашылығы бар Батыс феноменін мойындау, екіншіден "тоқырау", "артта қалу құбылыстарын метафизикалық абсолюттендіру және оларды тек Шығысқа иманентті деген түсінікке негізделген. Дұрысында, қай халықтың болмысын мәдениеті дамуының кейбір кезеңіндегі тоқырау, құлдырау құбылыстары адамзат дамуы тарихи жалпы диалектикасының белгілі кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс. Өйткені ол өзгеріс бола қалғанда өз қарама-қарсылығы өрлеу, өркендеу, дамуға көшетін нақты тарихи жағдайлардың нәтижесі. Қазақ халқының тарихи өткеніне келетін болсақ, шетелдік және отандас шығыстанушы ғалымдардың зерттеулері берілген аймақтың Таяу және Орта Шығыстың ежелгі заманнан (біздің дәуірімізге дейінгі II мың жылдықтан бастап) XII ғасырда бұл аймақтар барлық критерийлері бойынша Шығыс пен Батыс мәдениетінен әлдеқайда озық және жоғары тұрады. XIII ғасырдағы Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін ғана даму қарқыны бәсеңдеп, XVI ғасырдан толық артта қалу процесі белең алды. Жалпы алғанда, бүкіл Таяу және Орта Шығыс ежелгі заман мен орта ғасырдың өн бойында көрсетілген дәуірлерде Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың - бүкіләлемдік мәдени-тарихи процестің "орталық зонасына" айналды. Яғни, қарастырылып отырған аймақ әлемдік өркениеттің шалғай ауданы емес, керісінше, XV ғасырға дейін Шығыс пен Батыстың ирандық, үнділік, сириялық, византиялық, грек-эллинистік мәдени дәстүрлерімен тығыз байланыста дамығанын көреміз.
Демек, Қазақстан мәдениетінің тоқырауы жөнінде сөз қылғанда, бұл ұғымды сол аймақ мәдениет дамуының өн бойына емес, тек белгілі кезеңінде -- XV ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралыққа қатысты алынатынын жадымызда тұтуымыз қажет. Ресейге қосылу бұл аймақ халықтарына әлеуметтік-экономикалық саладағы түпкі зардаптарын қозғамаса да, жалпы артта қалушылықты жою, қоғамдық прогреске жету мүмкіндігін әперді деп айта аламыз. Жетіншіден, Қазақстан ағартушы-демократтарына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепоснойлық тәртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан патриархалды-феодалдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық ынтымақ, достық, орыс халқы мәдениетінің жетістіктері мен игі әсері жайлы ойлармен астасып жатады.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 - 1865) демократикалық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уалиханов өз бойында шын мәнінде европалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уалихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.
Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни 1855-1859 жылдар аралығы) және
2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан -- өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазастан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы -- демократ. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Ол "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы", "Даладағы мұсылмандық жөнінде", "Тәңір (құдай)" деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен Ш.Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде "сыртқы дүние -- күн, ай, жұлдыздар және жер -- алғашқы құдірет болып табылады" деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, "Тәңір (құдай)" мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңданудың пәні болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның табиғатқа қатынасын танып білу қажеттілігін шамандықтан туды деп тұжырымдайды. Бұдан Ш.Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуының бір себебі табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе адам, адамның терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамның ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе есебінде қаралды.
Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұхара молдаларының таратып жүрген діни қағидаларының халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары "ой мен сезімнің дамуын тежейтін өлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді" деп көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың Мұаммед ілімін тазартуға болады деген пікіріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін емес дейді.
Шоқанның прогресті халықтың материалды тұрмыс жағдайының жақсаруымен тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық түрғыдан түсінудің бірден-бір белгісі деуімізге болады. Сонымен бірге Ш.Уалиханов қоғамның топқа, жікке бөлінетіндігін, үстем топтың мүддесі қалың бұқараның мұң-мұқтажына қайшы келетіндігін атап көрсетеді. Ерекше назар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай және қазіргі заман. Шоқан және географиялық детерминизм. З.Фрейд және психоанализ. Ф.Ницше және аса күшті адам
Абай және қазіргі заман, Шоқан және географиялық детерминизм, Фрейд және психоанализ, Ницше және аса кушті адам
Абай және казіргі заман Шоқан және географиялык детерминизм З.Фрейд және психоанализ 4.Ф.Ницше және аса кушті адам
Шоқан және географиялық детерминизм. Абай және қазіргі заман. Фрейд және Ницше
Абай және қазіргі заман
Абай және казіргі заман. Шокан және географиялык детерминизм
Абай және қазіргі заман. Шоқан және географиялык детерминизм.Фрейд және психоанализ
Экзистенциализм және өмір философиясы
Фейербах және антропологиялык материализм
Философия (Оқу құралы)
Пәндер