Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері



1.Дүниетанымның мәні және оның түрлері
2. Ежелгі Қытай философиясы
3. Философиядағы адам мәселесі
4. Гносеология және эпистемология
5. Диалектика және онын әдістері
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:1. Дүниетанымның мәні және оның түрлері, 2.Ежелгі Қытай
философиясы 3.Философиядағы адам мәселесі, 4.Гносеология және
эпистемология, 5.Диалектика және онын әдістері

Орындаған:Слямбекова М.

Тобы:ФН-407

Тексерген:Кенжебулатова А.М.

Семей,2015

Жоспар:

1.Дүниетанымның мәні және оның түрлері

2. Ежелгі Қытай философиясы

3. Философиядағы адам мәселесі

4. Гносеология және эпистемология

5. Диалектика және онын әдістері

1.Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны
қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі,
сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі
өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет
принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам
санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек жеке
тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық
таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, Дүниетаным
когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті
дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми
және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік).
Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде
жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық
құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына
сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың,
процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және
тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен
әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы,
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі,
өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі
ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер
жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен
меңгеру нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші
дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім,
ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық
процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және
басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың
жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес,
сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде
қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары
дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер,
қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер
толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау
стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның
іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді
шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және
бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен
күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне
байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер
сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті
арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып
келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол
адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-
әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз
көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз
дүниетанымы болады.

2.Қытай философиясы

Конфуций

Көне Қытай философиясының негізін қалаушысы-Конфуций
Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі.
Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады.
Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау
әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы
құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын
білдіретін Аспан асты (Тянь ся) ұғымы қалыптасты. Қытай философиясы екі
мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік
философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо
цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа
қалыптасты. Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен
бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық
буддизмді (чань-буддизм) құрады. Елдің әлеуметтік-мемлекеттіл құрылымының
түбірлі өзгеруі нәтижесінде мемлекет басқаруға философтарды қатыстыру мен
философтар академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік
сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш
ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін қалаған
конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге
айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік
ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп
болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік,
онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы ілімді
Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о
бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға
дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан –
зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады,
ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-
цзы адамгершілікпен басқару (жэнь чжэн) теориясын жасаса, Сюнь-цзы
басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз
халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін,
әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға
алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен
тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, баршаның
мейірбандылығы принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік
орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге
айналған Тәңір құдіретіне сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару
орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына
байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты
ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ
мүддеге шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты.
Бұл ілім Дао дэ цзин, Чжуан-цзы атты кітаптарда баяндалған. Даосизм
бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық дао (жол) бар деп
дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-
әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық
ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік
б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай
халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда
буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда
буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді
уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм
ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен
сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-
цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм
тұрғысынан талдады.
3.Философиядағы адам мәселесі
Философиялық антропология – адамның  мәні, құрылымының мәні туралы ғылым.
Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың
метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық,  психологиялық жеке
рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи
және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.Алайда әлемнiң қазiргi
ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде
қалып отыр. Бұл жағдай адам феноменiн тамаша зерттеушi, атақты француз
философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң
мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам эволюцияның өзегi мен шыңы болып
табылады және адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол
қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз.
Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы
ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк
және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған
жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн
түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: адамдарды
жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады.
Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған
кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмipiн жанама жолмен
өздерi өндiредi. Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты
критерий оның мәдениеттенуi – бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi.
Адамның әлеуметтiк — биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельс ұсынған
антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияны жақтаушылар
еңбек биологиялық заңдар әcepiн тepicкe шығармайды, бiрақ ол табиғи
сұрыпталу әpeкeтi сипатын өзгертедi, қалыптасушы адам өз жеке өлшемi
бойынша табиғатты өзгерту қабiлетiне және адамның өзi қалыптасуына ықпал
етедi деп санайды. Еңбек әpeкeтi арқасында адамның биологиялық және рухани
қажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгу ауқымы көбейе түседi. Еңбек
арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық және ақыл — ой қабiлеттерiн көрсете
алады.
Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды.
Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция
ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек
әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде
адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық
қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны
жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда
түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: адамның мәнділігі
жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық
қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Әлеуметтiлiк пен биологиялық мәселелердi қарастырғанда eкi көзқарастан
бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтiк факторды абсолюттендiру мен биологиялық
факторды абсолюттендiру. Бiрiншiсiнде адам әлеуметтiк ортаның абсолюттiк
нәтижесi болып көрiнедi. Екiншi концепцияға әр түрлi биологияландырушы
iлiмдер жатады. Оның iшiнде, мысалы, табиғи тұрғыда бiр нәсiлдi екiншiсiнен
жоғары қоятын нәсiлшiл теорияларды жатқызуға болады. Нәсiлшiлдiлiктiң
баянсыздығын адам генотипi ерекшелiгiнiң нәсiлдiк емес, индивидуалдық
деңгейде көрінетiндiгi арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын
нәсiлдiк, ұлттық немесе әлеуметтiк генотиптер өмip сүрмейдi.
Философия тарихында адам табиғатына көптеген пікірлер айтылады. Көне
философтар адамды ғарыштың бір бейнесі ретінде кіші ғарыш бейнесінде
қарастырады. Сократтан бастап адамды екі жаратылыстан: көне философтар дене
және рухтан тұрады деп ойлайды.Орта ғасыр философиясында адамды анықтауда
оның денелік және жандық жаратылысы арасын межелеп болу көбірек байқалады.
Құдаймен теңестіріліп сенім, махаббат, үміттердің жоғары сезімдерінде орын
алатын жандық бастау бірінші орынға қойылды. Жаңа дәуірде адамның
ерекшелігі ойлауда, ақылды, ұтымдылығында қалады. Жанның анық құрамы бұл —
сана.(Декарт, Кант)Жаңа дәуірде адам ақылды тұжырымдамасымен бірге басқа
адам әрекетшіл концепциясы жетістіктерге жетті. Онда адамның басты
ерекшелігі әрекет етуге қабілеттілігін іске асыруы екені көтеріліп, әрбір
жеке адамның әрекеті оның қимылынан тұратыны бекітілді.XX ғасыр философиясы
адамның шынайылығын іздеуді жалғастырды. Феноменологияның өкілдері адам
табиғатының шынайылығын, оның санасының тәжірибесін – идеяның, түсініктің 
бөлігі өмірдің, әлемнің мәніне сәйкес герменевтика өкілдері, адамның
шынайылығын оның әлемдегі пайда болуына, осы әлемнің дүниелерін түсінуде,
адамның шекарасымен оның шекарасының бірігуінде жүргізіледі.
Постмодернистердің пікірінше адам әкімшілік, ұжымдық, біркелкіліктен құтылу
және асқақтықты іздейтін жаратылыс.Жоғары адам табиғатына түсініктеме
берілгендердің қатарына ХХ ғасыр бойы тек философтарды ғана емес, сонымен
бірге психолог, биологтардың назарын қаратқан тағы бір түсінікті қосқан
дұрыс болар еді.Адамды анықтауда жеке адам, жеке даралық, жеке тұлға деген
терминдар қолданылады. Жеке адам – адам тегінің жекелік өкілі,
адамгершіліктің барлық психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік,
қажеттілік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері жайлы
Дүниеге көзқарас туралы ақпарат
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі.Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері жайлы мәлімет
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Дүниеге қөзқарас және онын типтері.Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы. Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері туралы ақпарат
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер