Макроэкономикалық тепе-теңдіктер



«AD-AS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қыжетті базалық модель болып табылады. Бұл модельдің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының әртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.
Жиынтық сұраныс – макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде ( әдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемініңэкономикадағы бағаның жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.
Жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштары – үй шаруашылықтарының тұтыну сұраныстары, фирмалардың инвестициялық сұраныстары, мемлекеттік шығындар мен таза экспорт.
Жиынтық сұраныстың бағалық факторларына және оның қисығының теріс көлбеулігіне әсер факторлар Кейнс әсерімен, Пигу әсерімен және импорттық сатып алымдар әсерімен түсіндіріледі. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына оның құрауыштарындағы кез келген өзгерістер, сонымен қатар,ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығы жатады.
Жиынтық ұсыныс классикалық ұзақ мерзімде және кейнстік қысқа мерзімде қарастырылады. Қысқа мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі бағалардың өзгермеуіне және өндіріс көлемінің өзгеруіне алып келеді. Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі бағалардың өзгеруіне және өндіріс көлемінің өзгеруіне алып келеді.
Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлардың (ақша ұсынысының төмендеуі, мемлекет шығындаруының қысқаруы, салықтардың көтерілуі) әсерінен қысқаруы салдарынан өнім көлемінің қысқаруы мен баға деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизмді «тегеріш» әсері деп атайды.
Экономикада қандай да бір фактордың әсерінен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруін сілкіністер деп атайды. Сұраныс сілкіністері ақша ұсынысының немесе ақша айналымы жылдамдығының күрт өзгеруі, инвестициялық сұраныстың күрт өзгеруі және басқа да факторлардың салдарынан туындауы мүмкін. Ұсыныс сілкіністері ресурстарға бағалардың күрт өсуімен, табиғат апаттарына, кәсіподақтар белсенділігінің күшеюіне, заңдылықтардағы өзгерістерге және қоршаған ортаны қорғау бойынша шығындардың маңызды түрде артуына байланысты, сонымен қатар басқа да факторлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
Сілкіністер арқылы туындаған ауытқуларды жұмсартуға, өндірістің тепе-теңдік көлемін қалпына келтіруге және жұмысбастылықты қалыпты деңгейіне жеткізуге бағытталған іс-шараларды мемлекеттің тұрақтандыру саясаты деп атайды.
1. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ А.Н.Доғалов, Н.С.Досмағанбектов – 2бас., өңд. Және толықт. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 20012. -416 б.
2. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы:
Макроэкономикалық тепе-теңдіктер

Тексерген: Қуантқан Б.
Орындаған: Мұхатбек А.
ГУ-409 тобы

Семей, 2015 жыл
AD-AS үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қыжетті базалық модель болып табылады. Бұл модельдің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының әртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.
Жиынтық сұраныс - макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде ( әдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемініңэкономикадағы бағаның жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.
Жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштары - үй шаруашылықтарының тұтыну сұраныстары, фирмалардың инвестициялық сұраныстары, мемлекеттік шығындар мен таза экспорт.
Жиынтық сұраныстың бағалық факторларына және оның қисығының теріс көлбеулігіне әсер факторлар Кейнс әсерімен, Пигу әсерімен және импорттық сатып алымдар әсерімен түсіндіріледі. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларына оның құрауыштарындағы кез келген өзгерістер, сонымен қатар,ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығы жатады.
Жиынтық ұсыныс классикалық ұзақ мерзімде және кейнстік қысқа мерзімде қарастырылады. Қысқа мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі бағалардың өзгермеуіне және өндіріс көлемінің өзгеруіне алып келеді. Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныстың өзгерісі бағалардың өзгеруіне және өндіріс көлемінің өзгеруіне алып келеді.
Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлардың (ақша ұсынысының төмендеуі, мемлекет шығындаруының қысқаруы, салықтардың көтерілуі) әсерінен қысқаруы салдарынан өнім көлемінің қысқаруы мен баға деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизмді тегеріш әсері деп атайды.
Экономикада қандай да бір фактордың әсерінен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруін сілкіністер деп атайды. Сұраныс сілкіністері ақша ұсынысының немесе ақша айналымы жылдамдығының күрт өзгеруі, инвестициялық сұраныстың күрт өзгеруі және басқа да факторлардың салдарынан туындауы мүмкін. Ұсыныс сілкіністері ресурстарға бағалардың күрт өсуімен, табиғат апаттарына, кәсіподақтар белсенділігінің күшеюіне, заңдылықтардағы өзгерістерге және қоршаған ортаны қорғау бойынша шығындардың маңызды түрде артуына байланысты, сонымен қатар басқа да факторлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
Сілкіністер арқылы туындаған ауытқуларды жұмсартуға, өндірістің тепе-теңдік көлемін қалпына келтіруге және жұмысбастылықты қалыпты деңгейіне жеткізуге бағытталған іс-шараларды мемлекеттің тұрақтандыру саясаты деп атайды.
Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты - ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.
Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:
* сұраным мен ұсыным;
* тауар және ақша массасы;
* жинақақша мен инвестициялар;
* инфляция және жұмыссыздық;
* еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;
* қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;
* мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;
* бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;
* төлем балансының активі мен пассиві.
Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.
Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.
Батыстың қаржы теориясыңда мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін мультипликатор ұғымы пайдаланылады.
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:
* 1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
* 2) табыстар (немесе бөлу) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың ара қатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салықтық төлемдердегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнңғ одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды. Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады:
ЖІӨ = C + Ig + ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер жайлы
Экономикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлешу, жалпы ұлттық өнім жұө (жіо), қор және ағын
Игіліктер нарығындағы тепе-теңдіктер
Ұлттық өнім территориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Макроэкономикалық көрсеткіштер жайлы ақпарат
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер
Қаржылық реттеу түсінігі
Макроэкономика
Ашық экономика мәні
Макроэкономикалық динамиканың үлгілері
Пәндер