Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі



1. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық.түлік мәселесі.
2. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
3. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
4. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Өзінің салмақты және салиқалы болжамдарында Тәтімов демография ретінде 1990 жылы қазақтардың саны өз республикасында 41%-ке жетіп, 2005 жылы 57%-тен артып, ал түбінде 66%-тен асырып, алыс болшақта Қазақстандағы барлық тұрғындардың олар үштен екісін ғана емес, тіптен үшін құралақ деп есептейді. Оның алдағы жорамалы бойынша келесі 1989 жылғы халық санағында қазақтардың саны 6,6 миллионға жетіп, ал орыстар болса 6,2 миллионнан көп арта қоймайтынын аңғартады. 200 жылдарға таяу кезеңде, яғни осыдан 13 жылдан соң болатын кезекті санақта оның ғылыми болжамдары бойынша Қазақстанда қазақтардың саны 8,6 миллионға жетіп, ал орыстардың саны 5,1 миллион деңгейінде сақталып қалмақшы, кері миграция нәтижесінде кейбір ұлттардың саны қалмақшы, кері қазірде де кеми бастады. Ал орыстармен ассимляцияға түсудің салдарынан кейбір европалық ұлттардың, мысалы украйн мен беларустардың және поляктардың саны күрт төмендеуде.
2002 жылы 1 қаңтарға дейін тұрғындардың саны азайып отырды. 1 қаңтар 2003 жылдан бастап халық саны өсе бастады, сөйтіп 1 қаңтар 2004 жылы Қазақстан Республикасы тұрғындар саны 14,951 мың адамды құрады. Жан-жағынан біздің мемлекет ТМД елдер арасында, Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейін төртінші орынды алады.
1 қаңтар 2004 жылғы республикадағы әкімшілік-территориялық бөлініс келесі көрінісін топты, 14 облыс, республикалық маңыздылығына қарай 2 қала. Облыстардың құрамында 160 аудан, 39 облыстық, 45 аудандық қалалар, 174 поселка және 2267 ауылдық әкімшіліктер, 181 поселкалар, 7681 ауыл/село.[1]
1 қаңтар 2004 жылы тұрғындардың жастық құрамы келесі көріністе болды. 0-14 жасқа дейін – 3,741,6 мың бала (жалпы тұрғындардың 25%). 15-59 жастағылар – 7,602,4 мың адамды құрады (64,2%). 60 жастан жоғары жастағы адамдар – 1,607 мың (10,8%).
1997 жылы халық санағына қарағанда балалар саны 534,6 мың балаға (12,5%) азайды, ал 15-59 жастағы адамдардың саны 530-9 мыңға (5,9%) өсті, 60 жастан жоғары жастағы адамдардың саны 0,1% өсті.
Ұлттық құрамына қарасақ, көп санды ұлттардың саны сегіз. Олар: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар, беларустар – тұрғындардың 95,6% құрайды.Қазақстанда қазақ ұлтының саны 5 жылдың арасында 7,1% өсті, ал абсолюттік саны басқа ұлттарға қарағанда басымды болды, (халықтың өзгеруі диаграммада көрсетілді №1). Тұрғындардың жалпы санына табиғи өсім, бала туу және өлім-жітім процестерінің өзгеруі жатады.
1 Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра
2 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оку –әдістемелік құрал. Алматы. Экономика. 2002 ж.
3 Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
4 Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

Қазақстан Республикасының Білім мен Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану . Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Орындаған:Есенғалиев Д.Б.
Тобы: ВМ-401
Тексерген: Мурзалимова.А.К

Семей 2015
Жоспар:
1. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық-түлік мәселесі.
2. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
3. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
4. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.

Қазақстан Республикасыжәне Әлемнің демографиялық жағдайы 2014 -2015 жж
Өзінің салмақты және салиқалы болжамдарында Тәтімов демография ретінде 1990 жылы қазақтардың саны өз республикасында 41%-ке жетіп, 2005 жылы 57%-тен артып, ал түбінде 66%-тен асырып, алыс болшақта Қазақстандағы барлық тұрғындардың олар үштен екісін ғана емес, тіптен үшін құралақ деп есептейді. Оның алдағы жорамалы бойынша келесі 1989 жылғы халық санағында қазақтардың саны 6,6 миллионға жетіп, ал орыстар болса 6,2 миллионнан көп арта қоймайтынын аңғартады. 200 жылдарға таяу кезеңде, яғни осыдан 13 жылдан соң болатын кезекті санақта оның ғылыми болжамдары бойынша Қазақстанда қазақтардың саны 8,6 миллионға жетіп, ал орыстардың саны 5,1 миллион деңгейінде сақталып қалмақшы, кері миграция нәтижесінде кейбір ұлттардың саны қалмақшы, кері қазірде де кеми бастады. Ал орыстармен ассимляцияға түсудің салдарынан кейбір европалық ұлттардың, мысалы украйн мен беларустардың және поляктардың саны күрт төмендеуде.
2002 жылы 1 қаңтарға дейін тұрғындардың саны азайып отырды. 1 қаңтар 2003 жылдан бастап халық саны өсе бастады, сөйтіп 1 қаңтар 2004 жылы Қазақстан Республикасы тұрғындар саны 14,951 мың адамды құрады. Жан-жағынан біздің мемлекет ТМД елдер арасында, Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейін төртінші орынды алады.
1 қаңтар 2004 жылғы республикадағы әкімшілік-территориялық бөлініс келесі көрінісін топты, 14 облыс, республикалық маңыздылығына қарай 2 қала. Облыстардың құрамында 160 аудан, 39 облыстық, 45 аудандық қалалар, 174 поселка және 2267 ауылдық әкімшіліктер, 181 поселкалар, 7681 ауылсело.[1]
1 қаңтар 2004 жылы тұрғындардың жастық құрамы келесі көріністе болды. 0-14 жасқа дейін - 3,741,6 мың бала (жалпы тұрғындардың 25%). 15-59 жастағылар - 7,602,4 мың адамды құрады (64,2%). 60 жастан жоғары жастағы адамдар - 1,607 мың (10,8%).
1997 жылы халық санағына қарағанда балалар саны 534,6 мың балаға (12,5%) азайды, ал 15-59 жастағы адамдардың саны 530-9 мыңға (5,9%) өсті, 60 жастан жоғары жастағы адамдардың саны 0,1% өсті.
Ұлттық құрамына қарасақ, көп санды ұлттардың саны сегіз. Олар: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар, беларустар - тұрғындардың 95,6% құрайды.Қазақстанда қазақ ұлтының саны 5 жылдың арасында 7,1% өсті, ал абсолюттік саны басқа ұлттарға қарағанда басымды болды, (халықтың өзгеруі диаграммада көрсетілді №1). Тұрғындардың жалпы санына табиғи өсім, бала туу және өлім-жітім процестерінің өзгеруі жатады.
1-кесте-Қазақстан елі құрамындағы ұлттар көрсеткіші
Ұлттар
25.02.2014 ж
01.01.2015 ж
Қазақтар
Орыстар
Украиндар
Өзбектер
Немістер
Татарлар
Ұйғырлар
Белорустар
Басқа ұлттар
7985,0
4479,6
547,1
370,7
353,4
249,0
210,4
111,9
646,0
8550,8
4072,6
469,4
400,8
237,7
232,9
223,0
96,2
659,0
Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады. 1999-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болды. Туудың ең аз деңгейі (1000 адамға - 10,7) - Қостанай облысында, ең жоғары деңгейі (1000 адамға - 23,9) Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті.
Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп отыр, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.
Жалпы,демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі.Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын.Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ,көршіліс Өзбекстанның халық саны 30 млн жетіп отыр,ал Қазақстанда 17 млн жуықтап қалды. Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді.Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды.Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша,аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған.Сонымен қатар ,екінші дүниежүзілік соғыста 2 млн аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды.Демографтың ойынша,егер осы оқиғалар болмағанда қазақтардың саны осы күнгі 32-35 млн жетуі мүмкін еді.
Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық.Территориясының көлемі бойынша 9-шы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келді екен.Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184 - орында тұр.

Страна мира
Численность население стран
Дата
% от населения Земли
1
КНР
1 361 958 000
25 ноября 2013

19.28%
2
Индия
1 245 033 000
25 ноября 2013
17.57%
3
США
317 120 000
25 ноября 2013
4.48%
4
Индонезия
245 000 000
13 мая 2013
3.47%
5
Бразилия
201 016 812
25 ноября 2013
2.94%
6
Пакистан
184 979 527
25 ноября 2013
2.61%
7
Нигерия
173 615 000
1 июля 2013
2.45%
8
Бангладеш
163 654 860
16 июля 2012
2.31%
9
Россия
143 477 821
1 сентября 2013
2.03%
62
Казахстан
17 098 546
1 октября 2013
0.24%

Жер шарында халықтардың саны тез өсіп жекелеген халық көп қоныстанған аймақтардың экологиялық жүйелеріне түсетін ауыртпалықты жоғарылатып отыр.Сондықтан ,адамдар экологиясы қазіргі демографиялық жағдай және қалалардың тез өсуі қоршаған ортаға қандай ықпал жасайтынын жан-жақта зерттеп ,қажетті ұсыныстар жасауы тиіс. Демография деп халықтың құрам санының өсуін зерттейтін ғылым саласын айтады. Демографиялық зерттеулер халықтың санын қалай өсуде,орналасқан жерлері,құрамы,оның өзгеру себептері мен қорытындыларын,әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерін қамтиды.Қазіргі қалыптасқан демографиялық жағдай бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатуда.Өйткені біздің ғасырдың ортасында дүние жүзінде демографиялық жарылу деп аталатын құбылыс болды.Бұрын адамдар саны мың жылда екі пайызға көтерілсе, 20 ғасырдың 60-80 жылдарының ізінде жыл сайын осы мөлшерде өсті. Халықтың жыл сайын өсу мөлшері мұнан 1000 жыл бұрын пайыздың оннан бір бөлігіне жетпейтін болса, 20 ғасырдың екінші жартысында 1,7-2,0 пайызға жетті.
Азық-түлік мәселесі
Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне күрделі қауіп өндіруде.Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мәселесі де ушығып отыр.2050 жылы адам саны 9.5 млрд-қа дейін жетеді деген болжам бар.Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және онын алдын алу - әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселе. Бүгінде кең жазиралы жайылымдары мен егіншілікке қолайлы алқаптары бар Қазақстанның ғаламдық азық-түлік жүйесіндегі алар орнын шет елдік мамандар ерекше атап отыр.Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі өте өткір болып отырған елдердің бірсыпырасы Орталық Азия өңіріндегі импорттаушы елдер екені баршаға аян.Бұл тұста Орта Азия елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі алуан түрлі сипатта екенін айта кеткен жөн.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі өте өткір болып отырған елдердің бірсыпырасы Орталық Азия өңіріндегі импорттаушы елдер екені баршаға аян. Бұл тұста Орта Азия елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі алуан түрлі сипатта екенін айта кеткен жөн. Бірақ бес мемлекетке ортақ факторлар да баршылық. Мәселен, аймақ елдері теңізге шығатын жолдың жоқтығынан, қоғамдық институттардың әлсіздігінен, қатаң климаттық жағдайдан, сондай-ақ ортақ сауда айналымының дамымай қалуынан, су көздеріне қатысты түйткілдер мен кедейліктің аса жоғары деңгейде болуынан (25 пайыздан 60 пайызға дейін) зардап шегіп отыр. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак ДИУФ Соның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан секілді астықты сырттан тасымалдайтын елдердегі жағдайға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұлар, негізінен, ТМД аумағы бойынша дәстүрлі экономикалық қатынастарға тәуелді елдер. Бұл бес мемлекет азық-түлік мәселесін шешу үшін өңірлік-саудалық ынтымақтастықты арттыра түскендері дұрыс. Сондықтан да ауыл шаруашылығы инфрақұрылымдарын, сала технологияларын, оны дамыту мен тәжірибелер алмасуды дамыту қажеттігін ескерген жөн деген ойын айтқан-ды. Осы орайда шетелдік мамандардың елімізге көз тігіп отыруының басты себебі де еліміздің әлемдік астық нарығынан ойып тұрып өз орнын тауып, тұрақты сатып алушылары бар елдер қатарынан көрінуі. Әлемнің ең ауқымды ұн эспортшылары алтылығының қатарына кіретін Қазақстан ұн экспорты бойынша қатарынан үш жыл бірінші орында келді. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің алқасында министрліктің егін шаруашылығы мен фитосанитарлық қауіпсіздікті дамыту департаментінің директоры Анна Буць 2011 жылы еліміздің астық экспорттық әлеуеті өткен жылдар деңгейінде - шамамен алты-жеті миллион тонна көлемінде сақталатынынан құлағдар етті. Ауыл шаруашылығы министрлігі астық өнімі таза салмақта биыл 13,5 млн тонна болады деп болжап отыр. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отандық өнімдердің әлеуетін ерекше атап отырғанымен келіспеуге болмайды. Өзімізде өндірілген өнімді шикізат күйінде сыртқа сатқаннан бұрын, алдымен ішкі нарықты жан-жақты қамтамасыз ете отырып, шикізатты өңдеп, дайын өнім ретінде экспорттаудың барынша пайдалы екеніне мән беріп, елдегі тамақ өнеркәсібін жандандыруға назар қою керек. Азық-түлік тұтастай алғанда жекелеген елдер мен әлемнің жағдай салыстыру арқылы бағаланады оның көрсетілген қоректік қажеттіліктері бар қолжетімді азық-түлік, Энергетикалық құндылығы (калориялық), яғни, калория саны жем, тұқым мен азық-түлік емес мақсаттарға пайдалану үшін, сондай-ақ қозғалатын өнімдерін процесінде шығындар әрбір орташа есепке бір күн үшін адам. ФАО азық-түлік, бұл 1992 жылы, қолма-қол ақша қорларын бағалайды әлемде бір адам 2.718 ккал бұл көрсеткіш болды 1960 жылы (тәулігіне құрайды 2300 ккал). Бұл бағалау ескере қорларының импорты өзгерістер қабылдайды және экспортты елемейді өндірістен маркетинг азық-түлік. әрбір адамның қажеттіліктерін азық-түлік және оның қалыпты физиологиялық функцияларын қамтамасыз ету, оның жасына, жынысына, соның ішінде бірнеше факторлар анықталады, және т.б. биіктігі, салмағы, дене белсенділігі, резиденттердің орта есеппен қажеттілігін азық-түлік 8% дамыған елдер тұрғындардың қажеттіліктерін асып дамушы мемлекеттерге жатады.
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын - табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары - басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану.
Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары - Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы - Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
2. Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда , Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай. Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
3. Климаттық қорлар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел қуатына бай.
Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.
4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған. Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий және Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген. Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.
5. Топырақ-өсімдік қорлары. Республикадағы топырақ, өсімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл қор түрлерінің ерекшелігі - олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған. Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану - алдағы міндет. Өсімдік қорларын бірнеше топтарға бөлуге болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар негізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқап 11 млн га-ды немесе 4%-ды құрайды. Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене өседі.
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандықтан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе құрып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтаудың маңызы зор.
6. Жануарлар дүниесінің қорлары. Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 80 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде түлкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақұйрық кездеседі. Қорықтардың үйымдастырылуына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы мәлімет
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Пәндер