Әдебиеттің тегі мен түрі. Эпос, лирика, драма



1. Әдебиеттің тегі мен түрі;
2. Эпос, лирика, драма;
3. Әдебиет тектерінің шығу төркіні;
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.
Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл — эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында Мағжан осы тәсілді шебер іске асырады. Жорыққа аттануға әскерін жинаған Абылай ханға Баян батырды күттіру арқылы оның тұлғасын ғана биіктетіп қоймайды, сол арқылы поэмаға қосымша талай оқиғаларды суреттеп, шығарма ауқымын барынша кеңейтеді, құлашын кең жазады. Эпос оқиғасы сырт оқиға ғана емес. Қаһарманның ішкі дүниесіне бойлау, оның жан диалектикасын ашу қандайда қызғылықты оқиғадан кем әсер етпейді. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан басталады. Аңыз, ертегі, дастан, жырлар — біздің баға жетпес ұлттық мұрамыз. Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын “бетін өзгертпейді” (Аристотель). Өлеңнің лирик. кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирик. кейіпкер — жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирик. өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай: “Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің” десе, бұл — лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты перзент туады. “Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз” деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирик. жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеум. лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды.
1. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А., 1986.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –А.,1964.
3. Қабдолов З. Сөз өнері. –А., 1992.
4. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – А., 2003
5. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – А.,

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Әдеби тек. Эпос, лирика, драма.

Орындаған: Шарыпова М. Қ - 213 топ
Тексерген: Ақманова А.С.

Семей қаласы, 2015 жыл.
ЖОСПАРЫ:

1. Әдебиеттің тегі мен түрі;
2. Эпос, лирика, драма;
3. Әдебиет тектерінің шығу төркіні;
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

Әдебиеттің тегі мен түрі әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма
дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі
деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау
тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе
де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.
Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау
жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың
еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің
бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы
шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін
секілді. Шын мәнінде бұл — эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін
қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені
қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең
тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында Мағжан осы тәсілді шебер
іске асырады. Жорыққа аттануға әскерін жинаған Абылай ханға Баян батырды
күттіру арқылы оның тұлғасын ғана биіктетіп қоймайды, сол арқылы поэмаға
қосымша талай оқиғаларды суреттеп, шығарма ауқымын барынша кеңейтеді,
құлашын кең жазады. Эпос оқиғасы сырт оқиға ғана емес. Қаһарманның ішкі
дүниесіне бойлау, оның жан диалектикасын ашу қандайда қызғылықты оқиғадан
кем әсер етпейді. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан
басталады. Аңыз, ертегі, дастан, жырлар — біздің баға жетпес ұлттық
мұрамыз. Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында
негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал,
әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі
көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін
шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі”
(Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік
сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп
сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі,
гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым. Эпоста
автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына
айналады. Және өз қалпын “бетін өзгертпейді” (Аристотель). Өлеңнің лирик.
кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирик. кейіпкер — жүрегін от
сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирик. өлеңдегі сұрапыл тебіреніс,
толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім.
Абай: “Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің”
десе, бұл — лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады,
сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты перзент туады. “Қуатты ойдан бас
құрап, Еркеленіп шығар сөз” деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан
жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен.
Лирик. жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында
қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода
(мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл,
композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ
поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеум. лирика түрлері де дамыды.
Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен
қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін
шығармалар тудырды.
Әдебиеттің үшінші тегі — драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады.
Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет
үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға
қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері.
Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік —
адамның өзегі, алтын арқауы. Атом бөлшектенгенде орасан зор энергия пайда
болатыны мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы сол ядроның
қуатын қалай “босата” алғанына, яғни кейіпкердің мінезін қалай аша
білгендігіне байланысты. Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста,
тартысқа көрінбек. Қшінде бүккен сырлары, әлеум.-саяси көзқарасы, өзге де
адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық қасиеттері жан алып, жан берген
күрес, шайқастарда ашыла түспек. Ғ. Мүсіреповтың драмаларындағы характерлер
дәл сондай шиеленіс, күрес үстінде ашылады. Біреулері махаббаттай пәк, асыл
да асқақ сезім үшін, сүйген жарының жолында өзін құрбан етеді. Сөйтіп
рухани сұлулығымен көрермен жүрегінде мәңгі ұялайды. Қайсыбірі ұсақтығымен,
арам, арсыздығымен жирендіреді. Екеуі жиылып адамның іштей жуылуына,
жаңғырып шыңдалуына бастайды.
Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық бар.
Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен
тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің фольклор, дара
ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға
азық, жанға сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер
етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс., жаңа эпос-роман
жанры психологизм, драматизм құралдарын барынша пайдаланады. Демек, лирика,
драма жанрларынан өзіне керекті нәр алып отырады деген сөз. Роман жанры
бірден бүгінгі кемеліне келе қойған жоқ. Оның ілкі өркендері ертеректе,
фольклор қойнауларында шым-шымдап өсіп жетілді. Соңғы жылдары фольклортану
ғылымы дастан эпосының қайсыбір белгілерінен новелла, роман жанрларының
нышандарын тауып, зерттеп жүргені тегін емес. Ертегілік дастандармен қатар,
новеллалық, романдық дастандар дейтін түрлер ғыл. айналымға енгізілді.
Жанрлық ауыс-күйіс — әдебиет дамуындағы табиғи процесс. Әдебиеттің үш текті
жанрларға жіктелуі күллі көркемсөз дүниесіне қатысты заңдылық. Міне, осы
ортақ заңдылықтан фольклор, дара ақындық ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті
саларын бір-біріне қарсы қоймай, араларына өтпес ор қазбай, қайта оларды
бір-бірімен тығыз байланыста тұтас өнер жұйесі ретінде қарап зерттеу
қажеттігі туындайды.
Драма – (гр. dramo — әрекет) — әдебиеттің эпос, лирика сынды үш
тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар
желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма
театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады.
Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып,
синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке
тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль,
моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары
қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда
болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында
жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық
бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта
өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега,
П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада
классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында
лирикалық (Джордж Байрон, Александр Александрович Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б.
лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.)
көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді.
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне
жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы
көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау
болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы
дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді
жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп
атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни
репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда
да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған
сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең
түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың
құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына
байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық
тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі,
шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше,
яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек
трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан
соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис,
яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке
толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы
драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр;
2) Драмалық шығармалардың бір жанры (қ. Драматургия). Трагедия бас
кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен
әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса, драма адамдар
мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады. Осы
қақтығыстың сипатына, әлеум. мән-маңызына байланысты зерттеушілер қазіргі
қазақ драмаларын қаҝармандық драма (мысалы, Әуезовтің “Қара Қыпшақ
Қобландысы, 1945; Сәкен Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлары”, 1922, т.б.), саяси-
әлеуметтік драма (мысалы, Әуезовтің “Еңлік — Кебегі”, 1917, т.б.), тарихи-
ғұмырнамалық драма (мысалы, Әуезовтің “Абайы”, 1950; Мүсіреповтің “Ақан
Сері — Ақтоқтысы”, 1972, т.б.) деп бөліп жүр.

Сөздік көркем туындыларды әу бастан әдебиеттердің тектері деп үш
үлкен топқа бөлу етек алды. Олар эпос, драма және лирика. Осылай десек те,
қаламгерлердің (әсіресе, XX ғ.) өмірге әкелгендерінің бәрі осы үшемге
(триадаға) жата бермесе де, олар күні бүгінге дейін әдебиеттану құрамында
өздерінің маңыздылықтары мен беделдерін сақтап келеді.
Платонның Мемлекет трактатының үшінші кітабында  Сократ поэзияның
тегі турасында ой толғайды. Ақын, бәлкім, біріншіден, өз атынан тікелей
сөйлейді, бұл  дифирамбаларда басымдықпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Әдеби тек.драма.эпос.лирика
Әдеби тек. Драма. Лирика. Эпос
Қазақ өлеңдерінің құрылысы. Әдебиеттің тегі мен түрі. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби үрдіс, көркемдік тәжірибелер
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары
Әдеби жанрлар
Әдеби көркемдеу құралдары және әдеби көркем тіл
Лирика
Пәндер