Психолог экспериментатордың әдеп принциптері



Психолог-экспериментатордың жұмыс істеу принциптері. Сыналушылармен қарым қатынас жасаудың жалпыға тән нормалары мен әдеп ережелері. «Зиян келтірме» принципі. Психологиялық практика мен теорияда сыналушылардың сенімін сақтау.
Кез келген салада қызмет ететін психолог психологиялық көмек көрсету барысында этикалық принциптерді қолда-нады. Психологиялық көмек көрсету бары-сындағы «психодиагностика» бағыты елеулі орынға ие. Өйткені, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу барысында этикалық принциптерге арқау артпаса, онда психолог психодиагностикалық жұмысы-ның адекваттылығына ешқандай кепілдік бере алмаймыз.
Сондықтан да психологиялық диаг-ностиканың этикалық-құқықтық аспек-тілері психологтың назарын талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Жалпы алғанда, психодиагностика - жеке адамның даралық-психологиялық, даралық-психофизиологиялық ерекшелік-терін тану және бағалаудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін психологияның бір саласы болмақ және психологиялық диаг-ноз қоюдың ғылымы мен практикасы бо-лып табылады.
«Диагноз» термині организімнің қа-лыпты қызмет етудің ретінде немесе даму-дың кез келген ауытқу ретінде тану және нақты обьектінің жағдайын анықтау ретінде түсініле бастады. Диагностикалық жұмыстың мақсаттарына байланысты пси-хологтың қойған диагнозының тағдыры әр түрлі болуы мүмкін. Қойылған диагноз зерттелініп отырған жеке тұлғаның қасиет-тері туралы ақпараттар мен коррекциялық-дамыту нұсқаулары маманадарға (дәрігер, педагог, дефектолог, логопед, психолог) ұсынылып, олар оны зерттелініп отырған жеке тұлғамен жұмыс істеуде қолдана алады Яғни, зерттеу нәтижесінен кейін психолог зерттелушімен коррекциялық-дамыту, консультациялық, психотерапевтік жұмыстарды жүргізеді.
Сонымен бірге педагог психолог тек диагноз қоюмен ғана шектелмейді, жеке тұлғаның дамуын және оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін бағдарламаны құрып, сол бағдар-ламаның және нұсқаулардың орындалуын қадағалауы қажет. Психологиялық қызметтегі диагнос-тиканың басты мағынасы - балаларды бір-бірімен салыстыру емес, әрбір баланың ішкі дүниесіне терең үңіле біліп және баланың жан дүниесін түсіну болып табылады.
1. Введение в психодиагностику. Акимова М.К., Борисова Е.М., Гуревича К.М. - М., 1998. -192 с.
2. Вачков И.В. Введение в профессию «психолог» /В.И. Вачков, И.Б
Гриншпун, Н.С. Пряжников. - М., 2003.
3. Овчарова Р.В. Практическая психология образования. - М., 2003. – 448 с.
4. Положение о правовом статусе психолога психологической службы в организациях образования Республики Казахстан. - Алматы, 2001.
5. Рабочая книга практического психолога. Серия «Психологический практикум». - Ростов н/Д:Феникс, 2005. – 320 с.
6. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы. Қазақстан Респуб-ликасының Заңы. - Алматы: «ЮРИСТ», 2003. – 22 б.
7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. - Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002.
8. Основы психологии. Практикум / ред.-сост. Л.Д. Столяренко. – Ростов-н-Д, 1999.
9. Психологическая диагностика: проблемы и исследования. / Под. ред. К.М. Гуревича. - М.: «Педагогика», 1981.
10. Психологические тесты /Под ред. А.А. Карелина: В 2 т. - М., 2000. Т. 1, 2
11. Практикум по общей и экспериментальной психологии. / Под. ред. Крылова А.А. - ЛГУ, 1990.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№10

Тақырыбы: Психолог экспериментатордың әдеп принциптері.

Оқытушы: псх.ғ.к. Кулмышева Н.А
Магистрант: Таурбекова И.М
6М010300 педагогика және психология

Семей 2015
Психолог-экспериментатордың жұмыс істеу принциптері. Сыналушылармен қарым қатынас жасаудың жалпыға тән нормалары мен әдеп ережелері. Зиян келтірме принципі. Психологиялық практика мен теорияда сыналушылардың сенімін сақтау.
Кез келген салада қызмет ететін психолог психологиялық көмек көрсету барысында этикалық принциптерді қолда-нады. Психологиялық көмек көрсету бары-сындағы психодиагностика бағыты елеулі орынға ие. Өйткені, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу барысында этикалық принциптерге арқау артпаса, онда психолог психодиагностикалық жұмысы-ның адекваттылығына ешқандай кепілдік бере алмаймыз.
Сондықтан да психологиялық диаг-ностиканың этикалық-құқықтық аспек-тілері психологтың назарын талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Жалпы алғанда, психодиагностика - жеке адамның даралық-психологиялық, даралық-психофизиологиялық ерекшелік-терін тану және бағалаудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін психологияның бір саласы болмақ және психологиялық диаг-ноз қоюдың ғылымы мен практикасы бо-лып табылады.
Диагноз термині организімнің қа-лыпты қызмет етудің ретінде немесе даму-дың кез келген ауытқу ретінде тану және нақты обьектінің жағдайын анықтау ретінде түсініле бастады. Диагностикалық жұмыстың мақсаттарына байланысты пси-хологтың қойған диагнозының тағдыры әр түрлі болуы мүмкін. Қойылған диагноз зерттелініп отырған жеке тұлғаның қасиет-тері туралы ақпараттар мен коррекциялық-дамыту нұсқаулары маманадарға (дәрігер, педагог, дефектолог, логопед, психолог) ұсынылып, олар оны зерттелініп отырған жеке тұлғамен жұмыс істеуде қолдана алады Яғни, зерттеу нәтижесінен кейін психолог зерттелушімен коррекциялық-дамыту, консультациялық, психотерапевтік жұмыстарды жүргізеді.
Сонымен бірге педагог психолог тек диагноз қоюмен ғана шектелмейді, жеке тұлғаның дамуын және оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін бағдарламаны құрып, сол бағдар-ламаның және нұсқаулардың орындалуын қадағалауы қажет. Психологиялық қызметтегі диагнос-тиканың басты мағынасы - балаларды бір-бірімен салыстыру емес, әрбір баланың ішкі дүниесіне терең үңіле біліп және баланың жан дүниесін түсіну болып табылады.
Психодиагностика көмегімен прак-тик психолог мына негізгі міндеттерді ше-шеді (Немов Р.С., 1995):
- Адамда психологиялық қасиет-тердің немесе мінез-құлық ерекше-ліктерінің болуын анықтау;
- Белгілі қандайда бір қасиеттің даму деңгейін анықтау (сандық және сапалық);
- Адамда диагносталған психоло-гиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін бейнелеу;
- Әртүрлі адамдардың зерттелген қасиеттерінің даму деңгейін салыстыру;
Сонымен бірге психодиагностика адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыдан талдайды. Психологтың кәсіби іс-әрекеті этика-лық нормалар мен талаптар аясынан шықпауы керек. Яғни, психолог психоло-гиялық зерттеу әдістерін және әдісте-мелерін жақсы білуі қажет және оларды тәжірибеде қолдануда кәсіби-этикалық принциптерді білуі және сақтауы маңызды.
Білім саласындағы психологтың мін-деттері және құқықтары мынадай:
- Баланың қызығушылықтарын бел-сене қорғау;
- Өзінің құзыреттілігі негізінде кәсіби шешімді өзбеттілік қабылдау;
- Егер балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері баланың қызығушы-лықтарына сәйкес келмесе әрі зиян келтіретін болса, онда араласуға міндетті;
- Егер әртүрлі медико-психолого-педагогикалық және басқа комиссиялардың бала тағдырын шешуіне байланысты мә-селе туындаса, онда психолог дауыс беруге және әрекет етуге құқығы бар. Егер комис-сияның шешімімен келіспеген жағдайда (екінші жылға қалдыру, басқа мектепке ауыстыру және т.б.) психолог өзінің пікірін жоғары инстанцияларға жеткізуге құқығы бар;
- Балаларға дефектологиялық, меди-цина-психологиялық, соттық - психоло-гиялық сараптаманы жүргізуде және оларды зерттеуде өзі қатысуы міндетті;
- Білім мекемесіндегі әкімшілікке және педагогтар ұжымына негізгі мәсе-лелерді шешуде, оқушылардың психика-лық дамуына және олардың индивиду-алдық мәселелеріне байланысты мәселе-лерді шешуде көмек көрсету.
Қазіргі кезде психодиагностиканың негізгі тәсілі психологиялық тестілеу болып табылады.
Тест термині ағылшын тілінен аударғанда сынау, тексеру дегенді білдіреді. Психологиядағы тест бұл зерт- телген қасиеттінің даму деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік беретін психодиагностиканың стандартталған әдістемелері.
Психолог жұмысында зерттеу нә-тижесінің сапалығын арттыру үшін психодиагностикалық әдістемелерге мы-нандай талаптар қойылады:
- Психодиагностикалық және психо-коррекциялық әдістерді таңдауда, нәтиже-лерін қорытындылауда абай болып және баланың құқығын бұзбауы керек;
- Психологиялық білімі және кәсіби дайындығы жоқ адамдар психология мәсе-лелері бойынша психодиагностикалық, психокоррекциялық және басқа жұмыс-тардың жүргізулеріне жол бермеу қажет;
- Кәсіби тәуелсіздік принципін сақтау;
- Ғылыми талаптарға (сенімділік, валидтілік, нақтылық) сәйкес келуі қажет.
Әрбір психодиагностикалық әдістеме ғылыми талаптарға сәйкес келгенде ғана алынған нәтиженің адекватылығына еш күмән болмайды. Алайда кез келген психодиагностикалық әдістемелерді қолда-нушыларға төмендегі ережелерді жадыда сақтаса артық болмас деп ойлаймыз:
- Адамды өзінің келісуінсіз, еркінен тыс немесе алдау жолымен психологиялық зерттеуге мәжбүрлей алмаймыз, тек соттық және медициналық тәжірибе жағдайла-рында ғана мәжбүрлей алады;
- Кез келген адам өзінің зерттеу нәтижелерін білуге құқылы;
- Кәмелетке толмаған балаларды тестілеуде олардың ата аналары тестілеудің нәтижелерін білуге құқылы;
- Зерттеушілерге психологиялық тес-тілеудің қорытындысы ұғынықты әрі жеткілікті деңгейде түсіндірілуі керек;
- Егер тестілеу адамның ақыл ой деңгейін анықтау (конкурстық таңдау немесе жұмысқа орналастыру) мақсатында жүргізілсе, онда зерттелінуші тестілеудің мақсаттарын және нәтижелерге қойылатын талаптарды білуге құқылы;
- Психолог диагностика нәтижесінде алынған мәліметтерді таратуға және барлығына жария етуге болмайды (егер мәлімет оқушыға және айналасын-дағы-ларға зиян келтірсе, егер зерттелушіге кұ-пиялықты сақтаймын деп кепілдік берсе) құпиялықты сақтауы қажет;
- Психолог психодиагностикалық жұ-мыстың қорытындысының адекватты-лығына жауапты және кәсіби психо-диагностиканың барлық талаптарына сәй-кес келуі керек.
Психологтың ұстанатын этикалық принциптері баланың мүддесін қорғаумен бірге, оның жан дүниесіне зиян келтіруге мүмкіндік бермейді.
Әрбір психолог этикалық-құқықтық ережелерді жұмыс барысында ұмытпағаны жөн, бұл психологтың кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, өзін өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді. Осындай қасиеттерге Н.Н. Обозовтың пікірінше:
- Ұстамдылық және Шыдамдылық.
- Жоғары мәдениеттілік деңгей.
- Жағдайды талдау біліктілігі.
- Коммуникативтік біліктілігі.
- Мінез-құлықтың икемділігі.
- Кәсіби әдептілік.
- Конфликтология негіздерін білу.
- Өзін ұстау біліктілігі.
- Ұйымдастырушылық біліктілігі.
Әрине жоғарыда аталған кәсіби және тұлғалық қасиеттердің барлығы педагог психологтың жұмыс тәжірибесінде, оның кәсіби іс-әрекетінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Бірақ психологтың кәсі-би іс-әрекетінде диагностикалық, ұйымдас-тырушылық, коммуникативтік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау
Нөл-гипотеза ұғымы, оның эксперименттегі мәні
Эксперименттік әдістің теориялық негіздері
Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы
Психология ғылымының зерттеу әдістері
Үшінші блок көрсеткіштері
Пәндер