Аударма өнері және көркемдік – эстетикалық, шеберлік проблемалары



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПУШКИНТАНУ ІЛІМІНІҢ ТУУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ АУДАРМА.

1.1. Көркем аударма бастаулары (А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» повесінің қазақша нұсқалары бойынша) ... ... ... ... ... ..
1.2. Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс (А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының Абай нұсқасы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Эпикалық шығарма және аударма ( А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының екінші қазақша нұсқасы) ... ..

ІІ. АУДАРМА ӨНЕРІ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК . ЭСТЕТИКАЛЫҚ, ШЕБЕРЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
2.1. Аудармадағы ұлттық болмыс және шеберлік сипаттары (А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесінің қазақша нұсқасы)..
2.2. А.С.Пушкиннің шағын эпикалық шығармалары және оның қазақша нұсқасы ( «Боран» әңгімесі негізінде) ... ... ... ... ... ...

ІІІ. ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ.
3.1. Көркем аударма және әдеби байланыстың кейбір мәселелері...
3.2. «Алты топтамаға» енген аудармалар жайында ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі секілді поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық, лингвопоэтикалық, сондай – ақ психологиялық және семиотикалық табиғатын түзетін көркемдік құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылаудағы басты міндеттер қатарына жатады. Оның үстіне аударма шығармада оның авторы мен аудармашының шығармашылық шеберлігі мен даралығы қатар көрініс табады. Әрі түпнұсқа тілі мен аударма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді.
Кез келген ұлт тарихтың қай кезеңінде болсын дүниежүзілік қоғамдық даму процесінен оқшау өмір сүре алмайды. Қай ұлттың тарихын алсақ та, ол өзгелермен байланысу жолдарынан басқа ұлттар мен әлеуметтік–экономикалық қарым–қатынас жолдарынан тұрады. Ал, қарым–қатынастың басты құралы тіл екені баршаға аян. Ұлтаралық қарым–қатынасқа келсек, әр тілді сөйлейтін адамдардың арасында тілдік дәнекер керектігі өзінен - өзі белгілі. Міне, осы тұста аударманың қажеттілігі туады. Осы тұрғыдан келгенде, аударманың бастау көздері тым әрі, тарихтың тым ескі терең қойнауына кетеді.
Аудару іс - әрекетінің өмір сүруі ұлт тарихының көне қойнауымен астарлас. Ал, іс - әрекет шыққан соң, заңдылықтарын білу өмір талабы. Сондықтан аударма заңдылықтары туралы алғашқы ойлар халық көкейінде, аударушылардың немесе соған қатысы бар адамдардың ауызша пікірінде болса керек. Дей тұрғанмен, тіл зерттеу тарихында аудармаға байланысты балаң жазба аудармалар көне Греция, Рим кезеңдерінен басталады. Ал, аударма заңдылықтарын мақсатты зерттеу Қайта өрлеу заманында арнайы қолға алына бастады. Жаңа ел, жаңа жерлердің ашылуы осыны талап етті. Ал, алғашқы теориялық еңбектер ХVІІІ ғасырдың еншісіне тиеді. Аталған дәуірлерден бүгінгі күнге дейін аударма және оны зерттеу үздіксіз даму үстінде. Жалпы аударма және оның тарихы жөнінде орыс тіліндегі әдебиеттерде кеңінен айтылады. Мысалы: Ғ.Сатыбалдиев (1), В.Н.Комиссаров (2), А.В.Федоров (3), ө.А.Айтбаев(4) және т.б. Қазақ тіліне аудару, қазақ тілінен аудару мәселелері орта ғасырдағы араб тілі, түркі танушы ғалымдардың еңбектерінен бастау алады. Бұл замандағы түркі тілдерін зерттеушілер кей сөздерді, сөз өрнектерін араб тілінде қалай жеткізу керек деген мәселеге кезі келгенде назар аударып отырыпты. Алайда, бұл еңбектерді аударма заңдылықтарына арналған теориялық еңбектер деп айта қою қиын. Орта ғасырдағы Араб Халифаты тұсындағы ғалымдардың басты еңбегі – түркі тілдерін басқа тілдермен қарым – қатынасқа түсіруі, түркі тілдеріне, түркі тілдерін қалай аударуға болады деген мәселеге із салуы.
Қазақ тіліне, қазақ тілінен аудару заңдылықтары туралы жекелеген қарапайым топшылаулар ХІХ ғасырдың басынан бастап “ Түркістан уалаятының газеті ” мен “ Дала уалаятының газетінде ” елеусіз болса да бой көрсете бастады. Ал, аударма мәселесі жайында алғашқы арнайы пікірлер, үлкен теориялық деңгейде болмаса да, сыни дәрежеде 1914 жылы “ Айқап ” журналында жарияланған И.Дихановтың қазақ өмірінен жазған “ Манап ” драмасының аудармасы жөнінде айтылды. Аталған аударманың сипаты жөнінде пікір айтқандар С.Сейфуллин мен М.Дулатов болды.
Сәкен Сейфуллин әріпқой аударудың кесірінен бұл аудармада қазақ тілінің, қазақи сөз саптауларының ескерілмегендігін сынайды (5, 156).
Міржақып Дулатов бұл аударманың кемшіліктерін көрсете келіп, аударманың мақсатына жол нұсқағандай болады. Мақаладан байқалатындай, аудармашы, ең алдымен, қандай шығарманы аудару керек, ол келесі ұрпаққа қандай рухани пайда әкеледі ? Осыны айқындап алу керек. Яәни, аудармада қоғамдық қызмет, қоғамдық мақсат болу керек. Екінші, “ орысшасын өзгертпей тәржіма қылу ” аударманы “ тірі жанға түсініксіз ” етеді. үшінші, еркін кетіп “ мағынасы алыс хата тәржіма етуге ” болмайды. Төртінші және ең бастысы, “ аударма ” орыс, қазақтан бірдей соққы жемеу керек, яәни, екі тілдің де тазалығын, мән – мағына, бояуын сақтай білу керек (6,261,265).
ХХ ғасырдың 20 жылдары жазылған аударма мәселесі жайлы еңбектер ретінде Ж.Аймауытовтың (7), Е.Алдаңғаровтың (8), Б.Кенжебаевтың (9) мақалаларын атаймыз. Бұл мақалалардың біріншісінде ( Ж.Аймауытов) аударманың толыққандылығы туралы сөз болса, екіншісінде ( Е. Алдаңғаров) Пушкин поэмаларының қазақ тіліндегі аудармалары туралы, үшіншісінде (Б.Кенжебаев) Абайдың аудармашылық шеберлігі туралы сөз қозғалады.
Аударма зерттеушісі ө.Айтбаевтың пікірі бойынша “отызыншы жылдардың орта шеніне дейін көркем аударма туралы айтылған пікірлер белгілі бір шеңбер шегінен шыға алмады, көбі, жай тілек тұрғысынан аспады ” (5,15).
30 – жылдардағы аударматанудағы ең сүбелі үлес М.Әуезовке тиесілі. Ол өзінің “ Пушкинді қазақша аудару тәжірибелері туралы ”, “ Ревизордың аудармасы туралы ”, “ Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді ? ”,
“ Евгений Онегиннің қазақшасы туралы ”, “ Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар ” деген сияқты мақалаларында түпнұсқадағы сөз, ой байлығын, стильдік ерекшеліктерді неғұрлым толық жеткізу мәселелерін салмақты әдеби, теориялық тұрғыдан сөз етті. М.Әуезов ұсынған дәлелді принциптер аударма заңдылықтарын бұдан былай үңіле тексеруге қозғау салды. М.Әуезов бұдан кейін де әр жылдары аударма мәселелеріне үн қосып отырды. Осы жылдары әдебиетші М.Қаратаев А.С.Пушкин шығармаларының қазақ тіліне аударылуы турасында пікірлер айтты.
30 – жылдары белгілі тілші – ғалымдар Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың да аудармаға назар аударғаны мәлім болып отыр. Қ.Жұбановтың кезінде жарияланбаған аударма туралы этюдтері, басқа жол – жөнекей пікірлері, С.Аманжоловтың марксизм – ленинизм классиктері шығармаларының аудармасы туралы мақаласы (10), аударманың лингвистикалық қырын, сипатын көздеген бастама еңбектердің санатына жатады.
Зерттеуші ө.Айтбаевтың көрсетуінше, 40 – жылдардың еншісіне бір ғана мақала тиесілі (ауд), алайда С.Жиенбаевтың (11) аударманың тіліне арналған мақаласы лингвистикаға бет бұрған алғашқы еңбектердің бірі екенін айтпай кетуге болмайды.
Байқап отырғанымыздай, 30 – 40 жылдары аударманың зерттелуі айтарлықтай мандымаған екен. Біздіңше, бұған себеп 30 – жылдардағы зұлмат пен екінші дүниежүзілік соғыс. 1929 жылдан бастап халқымыздың оқыған зерделі адамдарын қудалау, ашаршылық, соғыс жалғыз аударматануды ғана емес, жалпы қазақ ғылымын кісендеп тастады. 30 – жылдары шыққан еңбектердің жалпы бағытының өзі “ ұлтшылдық ” атты жала оғының бетін ары бұрудың бір амалы іспеттес болып көрінгендей. Алайда, бұл сол кездердегі еңбектердің теориялық құнын түсіре алмайды.
Аудармаға ғылыми мән беріліп, теориялық құнды пікірлер айтудың белең алған тұсы - 50 – жылдар. Соғыстан халықтың мойынының босауы, зұлматтан кейінгі “ жылымық ”, зұлмат жоқ қылған зиялы оқымыстылардың орнына ғылымға өртеңге шыққан гүлдей жаңа ұрпақтың келуі, аса “ сақтықтан ” арылу аударма ғылымының дамуындағы айырықша қоғамдық факторлар болды.
Бұл кезеңдегі жарияланған М.Әуезовтің (12), М.Қаратаевтың (13), С.Талжановтың (14), Ғ.Сатыбалдиевтің (1), С.Нұрышевтің (15), К.Шәріповтің (16), М.Жанғалиннің (17), З.Ахметовтің (18), Е.Ландаудың (19), К.Кереева – Канафиеваның (20) т.б. ғылыми жарияланымдары Қазақстанда аударманың ғылым ретінде қалыптасуына айырықша әсер етті, аударма мәселелерін жолға қойды. Бұған қоса елуінші жылдардың ішінде өткен аударма мәселелеріне арналған Бүкілодақтық, республикааралық, республикалық жиындар аудармаға қажетті ұсыныстар, байсалды принциптер ұсынды.
Бұл кезеңге дейін негізінен көркем аудармаға ден қойылса, 50 – жылдары аударманың стильдік, жанрлық, әдеби, тілдік мәселелеріне де назар аударылды. Бұрын орыс тілінен қазақ тіліне аудару туралы сөз болып келсе, 50 – жылдары қазақ тілінен орыс тіліне аудару мәселесіне арналған алғашқы диссертация қорғалды (17).
50 – жылдары жекелеген мақалалардан басқа арнайы ірі еңбектер жиі жарық көре бастады, диссертациялық еңбектер көбейді. Мысалы, С.Талжанов “ О некоторых основных проблемах художественного перевода ”, А.С.Сатыбалдиев “ Развитие культуры художественного перевода в казахской литературе ”, С.Құспанов “ Переводы поэзий Абая на русский язык ”, Х.Садыков “ Об основных принципах перевода казахской прозы на русский язык ”.
Бұл кезеңдегі аударма теориясына айырықша үлес қосқандар – С.Талжанов пен Ғ.Сатыбалдиев. Алғашқы ғалым аудармаға әдеби тұрғыдан келіп, жеке жазушы (Н.В.Гоголь) стилін бағамдаса, Ғ.Сатыбалдиев Л.Н.Толстой шығармаларының қазақша аудармасын арқау ете отырып, әдеби тұрғыдан келсе де, тілдік талдаулар жасауға айырықша ұмтылыс жасайды. Аударманың дәлдігіне шарттар қоя отырып, реалистік аударма ұғымын ұсынады.
50 – 60 жылдарда бой алған аударматану ілімі айырықша дами түсті. Ол жылдардан бері А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтындағы аударма бөлімі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты аударманы зерттеуді жоспарлы түрде жүргізіп келе жатыр. Библиографиялық материалдарға қарап отырсақ, содан бері осы мәселеге арналып, бірнеше диссертациялық еңбектер, ғылыми жинақтар, монографиялар жарық көріпті. 60 – жылдардан бергі аудармаға байланысты жарық көрген еңбектерге тән ерекшеліктердің кейбірі мынадай: аударманың жеке нақты проблемаларын зерттеу ( ө.Айтбаев, А.С. Ермағамбетова т.б.). Зерттеудің обьектісі етіп, орыс тілі мен қазақ тілі ғана емес, басқа шетел тілдерін де алу ( Б.Репин, Ю.Сушков, М.Ж. Құрманов , К.И.Дүйсетаева т.б.) ; аударма мәселелеріне арналған ғылыми жинақтар шығару ; аударманы зерттеудің аспектілері ажыратылады. Кей ғалымдар (М.Әуезов, С.Талжанов, Ғ.Тұрарбеков және т.б.) аударманы әдебиеттанудың обьектісі етіп алса, екінші бірі бұны лингвистикалық тұрғыдан қарады (Ө.Айтбаев, А.Ермағамбетова және т.б.). Ал, үшінші топ бұны әдебиет пен тілге тел құбылыс ретінде зерттеді.
Шындығына келгенде, аудармаға әдеби деңгейден қарайтын зерттеушілер тілге соқпай, тілдік тұрғыдан зерттейтіндер әдебиет категорияларына соқпай өте алмайды. өйткені әдебиет дегеніміздің өзі – сөз өнері (24), тілдің эстетикалық қызметі, “ Тіл әдебиеттің бірінші элементі ”. Оның үстіне, қазіргі дүниежүзілік лингвистика деңгейі жеке сөз, сөйлем шегінен шығып, тұтас мәтінді талдау дәрежесіне көтерілді. Ал, әр тілдегі көркем ойды беру ерекшелігі салыстырмалы стилистикада қарастырылатыны белгілі. Алайда өкініштісі сол – қазақ тіл білімі мәтін лингвистикасын, салыстырмалы стилистиканы ойдағыдай қолға алмай келеді. Аударманың келесі бір қыры –оны коммуникативтік тұрғыдан зерттеу. Бұл - әлі қазақ филологиясының аяқ баса қоймаған аңғары.
Осы кезге дейін бірталай жекелеген зерттеулер болғанымен қазақ тілін обьекті етіп алған аударманың мәселелерін жүйелі түрде қорытындылай көрсететін іргелі еңбектер, оқулықтар, аударма тарихы, теориясы бойынша ғылыми дүниелер жеткілікті дәрежеде әлі жарық көрмей келеді. Қазіргі таңда аударма мамандарын дайындау күн тәртібіне қойылып отырған заманда бұл мәселе дереу шешуді қажет етеді. Осындай көкейкесті мәселелері бола тұра зерттеулердің нәтижелеріне қарап, біз аударма теориясы Қазақстанда ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады деп айта аламыз. Ал, кейінгі жылдары бұл салаға өзіндік үлес қосқан Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Шәмшиябану Сәтбаева. Ғалым өз еңбектерінде әдебиеттер байланысын зерттеп, әдебиеттер қарым – қатынасы туралы бірсыпыра тың деректер негізінде жүйелі сөз еткен (25).
Тәуелсіздік таңы атқан соң дербес Қазақстанда мемлекет тарапынан ғылыми – зерттеу жұмыстары алдына ауқымды мәселелерді зерделеу, қазақ руханият мұраларын әлемдік деңгейде салыстыра саралау, ұлттық шеңберде қалып қоймау, зерттеу нысанының басқа ғылым түрлерімен байланысын ашу сияқты міндеттер қойылғаны мәлім. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, Пушкинтану ілімінің тарихпен, лингвистикамен, философия және мәдениеттанумен және прогресшіл идеялар тамырымен тығыз байланыста екенін байқай қиын емес. Әдебиеттегі типологиялық байланыс, нақты шығармада өзара ұқсас жайттардың көрініс табуы қаламгердің өзі дүниеге ұлттық топырақтағы тарихи тағлым тамырларының сабақтастығын ғана емес, сондай – ақ, басқа ұлт әдебиетін меңгеру барысындағы оның дүниетанымын, рухани үндестік сырларын, аудару процесі барысындағы нәзира дәстүрін, тұжырымдай айтсақ, адами таным – түйсіктің ұлттық деңгейден әлемдік биікке көтерілуін де айғақтайды. Ғалым А.С.Исмақова:
“ Именно с Абая начинается большая переводческая эпоха, проблема, заслуживающая специального исследования. Какие литераторы когда и кого переводили, исходя при этом прежде всего из своих национальных жанрово – стилевых требований ? Чем обусловлено эта местная потребность ? Проблема эта была характерна для всей мировой литературы, она, в конечном счете, определяла ориентир той или иной литературы в потоке мирового литературного процесса. Как мы уже упоминали, обращение к опыту более зрелых со стадиальной точки зрения литератур – это своего рода становления литературы. Если мы будем понимать такое обращение как свидетельство недостатка своих корней, то нам придется обьявить несамостоятельными все литературы мира. Творчество Абая убеждает нас в самостоятельности развития новой казахской литературы. Но дело не в пассивном испытывании влияния, речь идет об активном и исходящем из уже высоко развитых собственных потребностей овладении художественным опытом русской литературы. Без понимания этого Абай не мог бы создать классический стиль ”(26, 88-89), - деп жазса, Абайдан басталған Пушкинтану ілімінің аударма өнері арқылы туып, қалыптасуы бұл проблеманың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы және күні бүгінге дейінгі рухани өмірімізге тән екендігі, сондай – ақ, Шәкәрім мұрасының ол жасаған аудармадағы шеберлік сипаттарының айырықша маңызды екендігі ғалымдар З.Бисенғали (27), Б.Әбдіғазиұлы (28), Б.Мамыраев (29) т.б. еңбектерінде айырықша аталғанын айту абзал.
Сондықтан да, Пушкиннен, Толстойдан, шығыс әдебиеті үлгілерінен қазақ тіліне аударылған дүниелерде белгілі бір дәрежеде дүниетаным, нәзира дәстүрі, көзқарас бірлігі, іштей үндестік қасиеттері бар екенін айырықша атап өткіміз келеді. Мұның өзі жалпы аударма өнеріндегі белгілі бір дәрежедегі жүйеліліктің бар екенін, ал бұл жайт қазақ әдебиеттану ғылымындағы үлкен құбылыс, арналы ілімнің қалыптасқанын көрсетсе керек.
Кейінгі жылдары өзіміз сөз етіп отырған аударма саласында да біраз ғылыми жұмыстар жасалғанын атап өткеніміз жөн. Мысалы, 2000 жылдың өзінде ғана аудармаға байланысты диссертациялық жұмыстарды атайтын болсақ, олар: А.С.Көпбасарованың “ Абай өлеңдерінің образдылығы және оның орыс тіліндегі көркемдік сипаты ” (30), Г.Б.Асаубаеваның “ Басенные традиций в казахской литературе и переводы из И.А.Крылова ”(31), Д.Т.Атахановтың “ Восточные мотивы в творчестве А.С.Пушкина ”(32), С.Д.Ізтілеуованың “ Шәкәрім поэзиясындағы тұлға мәселесі ”(33), С.Абдрахмановтың “ Евгений Онегин романының қазақ әдеби және фольклорлық дәстүріндегі орны ”(34), Б.Атығайдың “ Абайдың ақындық мектебіндегі аудармалық дәстүрдің қалыптасуы ” (35), Б. Әбдіғазиұлының іргелі еңбегі(28) және т.б.
Бір ғана аударма төңірегіндегі еңбектерді көктей шолып өткеннің өзінде – ақ недәуір іс тындырылғанын көру қиын емес. Алайда бұл салада тындырылуға тиіс іс тіпті көп. Олай дейтініміз: біз қарастырған проблемаға жоғарыда аталған еңбектер бір табан жақын болғанымен, әр қайсының жекелеген мәселелерді арнайы нысан етіп алуы; атап айтқанда, Б.Әбдіғазиұлы Шәкәрім шығармашылығына қатысты ғылыми еңбегінде ақын жасаған аудармаларды түбегейлі зерттеу негізгі мақсаты болмағандықтан, шолу түрінде қарастырған; С.Абдрахманов Пушкиннің
“ Евгений Онегин ” романын қазақ әдеби және фольклорлық дәстүрінде алатын орны тұрғысынан зерттеген; Б.Атығай диссертациялық еңбегінде Пушкиннің тек “ Дубровский ”, “ Боран ” шығармаларынан Шәкәрім жасаған аудармаларды талдаған. Ғылыми тұрғыдан тереңдей үңілсек, Пушкин ілімі мен Абай мұрасы, Шәкәрім өсиеті телегей – теңіз қазына екендігімен ғана емес, қос халықтың әлемдік жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына қосылар асылы да. Қандай ірі тұлға, руханият әлемінде өшпес із қалдырған жан болса да, ол тек өз ұлтының шеңберінде ғана қалса, әлем бас иетін данышпанға айнала алмайтыны мәлім. Пушкиннің немесе Абайдың, Шәкәрімнің барша әлемге паш етілуі тек аударма өнері арқылы ғана жүзеге асатыны және белгілі. Пушкиннің ілімі – түпсіз әлем. Абай әлемі – тылсым, терең дүние. Шәкәрім де сондай. Ендеше, Пушкин ілімін сөз қылғанда оны тек аударма өнері арқылы қалай жүзеге асып еді деп қана емес, Абай, Шәкәрім ұлылықтарымен іштей қалай үндесті, әсіресе, эпикалық шығармаларды аударуда белгілі дәрежеде қалыптасқан дәстүр қандай, біз қарастырған шығармаларда аударушының өз “ Мені ” қалайша көрініс тапқан, бәрінен бұрын, ұлттық болмыс пен көркемдік – эстетикалық шеберлік сипаттары қандай деген сауалдарды терең талдау – бүгінгі өмір талабы екені айтпаса да түсінікті. Біз өз еңбегімізде осынау мәселелерді зердеден өткізбекпіз. Бұл, сөз жоқ, жұмыстың көкейкесті проблеманы арқау еткенін көрсетсе керек.
Еңбектің басты мақсаты – орыс әдебиетінің классик жазушысы А.С.Пушкиннен әр кезеңде қазақ ақын – жазушылары жасаған аударма туындыларын түпнұсқамен салыстыра отырып, адам мен заман бейнесін жасаудағы шеберліктің, шығармашылық даралық пен көркемдік – эстетикалық, ақындық нысананың берілу, көріну жолдарын зерттеп зерделеу. Сондай – ақ, аударма жұмысына біз Қазақстандағы Пушкинтану ілімінің туып, қалыптасуы тұрғысынан келдік. Яәни, аударма арқылы осы саладағы дәстүр сабақтастығы мен жалғастығы деген ұғымдарды Пушкинтану ілімінің игерілуі деген ұғыммен тығыз байланыстыруға тырыстық. Бұл жерде біз аударма өнерін сөз ету арқылы, әсіресе, бірінші тарауда Пушкиннің ақындық тұлғасына, қоғамдағы алатын орнына, жалпы, рухани, мәдени кеңістікте атқарған рөліне кеңінен тоқталдық, себебі, Пушкин нендей сипат – қасиеттерімен қазақ халқына жақын болды – деген жайттарды ашуға тырыстық. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- А.С.Пушкиннің ақындық ерекшелігі мен тілдік кестелерін, сөз өрнектерін қазақ аудармашыларының аудармашылық нысанасының аударма жүйесіндегі болмыс – бітімін, табиғатын түпнұсқамен салыстыра отырып бағалау;
- қазақ аудармашылары жасаған тәржімалық еңбектердегі, әсіресе эпикалық шығармалардағы ұлттық болмыс – бітім сипаттарын зерделеу;
- аударма барысында шығармашылық тұрғы мен ұлттық ойлау, бейнелеу даралығының аудармада берілу жолдары мен ерекшеліктерін анықтау;
- аудармада аудармашылардың лирикалық және эпикалық суреттеу тәсілдерінің көркемдік – эстетикалық қызыметінің сақталу деңгейі мен оны жеткізудің шығармашылық тәсілдерін , амалдары мен құралдарын олардың түпнұсқаға сәйкестігі тұрғысынан сараптау;
- орыс ақынының көркемдік бейнелеу құралдарын , поэтикалық тілін аударудағы жетістіктер мен кемшіліктерді жүйелеу мен жинақтау;
- мазмұн мен пішін арасындағы келісім мен бірліктің түпнұсқа табиғатына көркемдік қатынасын анықтау;
- ғылыми жұмыс барысында аударуға қойылатын талаптар мен міндеттерді бүгінгі күн сұраныстарына орай белгілеу және ғылыми негіздеу.
Зертттеудің теориялық және методологиялық өзегі Қазақстан және сырт елдер ғалымдарының көркем әдебиеттің , көркем аударманың теориялық және методологиялық мәселелері туралы еңбектеріне негізделеді. Зерттеу пәні болып отырған мәселе алуан қырлы , көп салалы. Соған орай диссертацияда әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерімен қатар тіл білімінің зерттеу принциптері де қолданылды. Негізінен әдебиеттану ғылымындағы салыстырмалы зерттеу әдісі басшылыққа алынып , жүйелі зерттеу талаптары мен мағыналық – құрылымдық ( структуралық) талдау өлшемдері ескерілді.
Зерттеудің материалы ретінде А.С.Пушкин шығармаларының түпнұсқадағы және қазақ тіліндегі басылымдары пайдаланылды. Орыс ақынының қазақ тіліндегі әр жылдарда жарық көрген талдаулар , пікірлер де қамтылды.
Қазақ әдебиеттануында бұрында азды – көпті сөз болған А.С.Пушкиннің шығармашылығы, оның ішінде прозасының аударылуы жайлы , аударма жүйесіндегі дәстүр жалғастығы , мән – маңыз , түпнұсқа, аудармадағы ұлттық болмыс және оның түрлі аудармалары аясында салыстырмалы талдау нәтижесінде бағаланды. ұлттық ойлау менбейнелеу даралығының қазақ тіліндегі аудармада берілу жолдары мен көркемдік деңгейі анықталды. Орыс ақынының лирикалық және эпикалық суреттеу тәсілдерінің көркемдік – эстетикалық қызметінің аудармада сақталу сапасы мен оны жеткізудің шығармашылық жолдары , амалдары мен құралдары сарапталды. Ақын шығармаларының көркемдік бейнелеу құралдарын , поэтикалық тілін , оның ұлттық реңін аударудағы жетістіктер мен кемшіліктер жүйеленді. Орыс ақынының әр кезеңде жасалған аудармалары қазақ әдебиеттануы мен көркем аударма теориясы саласындағы бүгінгі жетістіктерге сәйкес белгіленіп , ғылыми тұрғыда негізделді.
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің мәселелеріне арналған лекциялық және практикалық курстарға теориялық, деректік негіз бола алады. Сондай – ақ, Абайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ілияс Жансүгіровтің, Әбділда Тәжібаевтың шығармашылықтары туралы арнайы курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға болады. Сондай – ақ, “ басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті ”, “ аударма ” мамандықтары бойынша арнайы курстар ұйымдастырып, соларда пайдалануға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сатыбалдиев Ғ. Рухани қазына. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232б.
2.Комиссаров В.Н. Теория перевода. - М: Высшая школа, 1990. – 332с.
3. Федоров А.В. Основы общей теорий перевода. – М: Высшая школа, 1983. – 122с.
4. Айтбаев ө.А. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы: Ғылым, 1975.- 189б.
5. Сейфуллин С. Ләйлә - Мәжнүн. – Алматы: ҚКҒБ, 1935.-75б.
6. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 325б.
7. Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989.
8. Кәкәшев Т. Қазақ әдебиеті/ 1990 2 наурыз, 6б.
9. Кенжебаев Б. Пушкин туралы бір – екі сөз.// Қазақ әдебиеті, 1934 23 октябрь.
10.Аманжолов С. О языке перевода классиков марксизма – ленинизма.// Труды Казахского института национальной культуры. А – Ата, М, 1935. – Т.1. – с.14-27.
11.Жиенбаев С. Аударманың тілі туралы. –Қазақ ССР Ғылым академиясы.
12.Әуезов М. Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері туралы. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1962. – 274б.
13. Қаратаев М. Пушкин қазақ әдебиетінде. // Әдебиет майданы, 1937, № 2.
14. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1975. – 286б.
15. Нұрышев С. “ Евгений Онегиннің ” аудармасы. // Әдебиет және искусство. 1950, №7. 81-88б.
16. Шарипова Г. Пушкин в переводах казахских поэтов. // Казахстанская правда. 1936 24 декабрь.
17. Жанғалин М. А.С.Пушкин. Алматы, 1950. –58б.
18. Ахметов З. Пушкин және қазақ әдебиеті.// Қазақ әдебиеті, 1957.
19. Ландау Е. Русские переводы песен Джамбула. – Автореф. дис... канд. филол. наук. – А –Ата, 1953.
20. Кереева – Канафиева К.Ш. Русско – казахские литературные отношения. А- Ата: Казахстан, 1980. – 280с.
21.Куспанов С.К. Переводы поэзий Абая на русский язык. - Автореф. дис... канд. филол. наук. – А –Ата, 1966.
22. Садыков Х. Об основных принципах перевода казахской прозы на русский язык. - Автореф. дис... канд. филол. наук. – А –Ата, 1968.
23.Мұқанов С. Пушкин - қазақтың да ақыны. // Әдебиет майданы, 1937, № 3. 19-26 б.
24. Қабдолов З.Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1992.
25. Сәтбаева Ш. Достық дастандары. – Алматы: Жазушы, 1983. – 248 б.
26. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. – Алматы: Ғылым, 1998. – 394 с.
27. Бисенғали З.К. Казахская проза начало ХХ века: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 220 с.
28. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығың дәстүрлік және көркемдік негіздері. Монография. Алматы: КенжеПресс, - 2000. – 214 б.
29. Мамыраев Б. Основные тенденции развития казахской литературы первой четверти ХХ века. Алматы, 1998.
30. Көпбасарова А.С. Абай өлеңдерінің образдылығы және оның орыс тіліндегі көркемдік сипаты. Автореф. дис... канд. филол. наук. – Алматы, 2000.
31. Асаубаева Г.Б. Басенные традиции в казахской литературе и переводы из И.А.Крылова. Автореф. дис... канд. филол. наук. – Алматы, 2000.
32. Атаханов Д.Т. Восточные мотивы в творчестве А.С.Пушкина. Автореф. дис... канд. филол. наук. – Душанбе,2000.
33. Ізтілеуова С.Д. Шәкәрім поэзиясындағы тұлға мәселесі. – Ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2000.
34. Абдрахманов С.Біздің Пушкин./ Зерттеу. – Астана: Елорда, 1999. – 192 б.
35. Атығай Б. Абайдың ақындық мектебіндегі аудармалық дәстүрдің қалыптасуы. Ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 2001.
36. Луначарский А. А.С.Пушкин.// Әдебиет майданы, 1937,№2.- 30- 32 б.
37. Горкий М. История русской литературы. Москва, 1939.- 296 б.
38. Белинский В.Г. Сочинения Александра Пушкина. Москва, 1969.
39. Алексеев М.П. Пушкин. Сравнительно – исторические исследования.Ленинград, 1984.
40. Ахматова А. О Пушкине. М, 1989.
41.Челышев Е. Постижение русского национального таланта.// Книжное обозрение. 1999 1 июня.
42. Чуковский К. Онегин на чужбине.// Дружба народов. 1988, - 4.
43. Эткинд. Е. Поэзия и перевод. М, 1963.
44.Гачечиладзе Г.Художественный перевод и литературные взаимосвязи. М, 1972.
45. Лотман Ю. Роман А.С.Пушкина “ Евгений Онегин ”. Коментарий. Ленинград, 1983.
46. Бөжеев М. “ Евгений Онегин ” Абай аудармасында./ Абай тағылымы: Жинақ. Алматы, 1986.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПУШКИНТАНУ ІЛІМІНІҢ ТУУЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ АУДАРМА.

1. Көркем аударма бастаулары (А.С.Пушкиннің Капитан қызы повесінің
қазақша нұсқалары бойынша) ... ... ... ... ... ..
2. Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс
(А.С.Пушкиннің Евгений Онегин романының Абай
нұсқасы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
3. Эпикалық шығарма және аударма ( А.С.Пушкиннің Евгений Онегин
романының екінші қазақша нұсқасы) ... ..

ІІ. АУДАРМА ӨНЕРІ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК – ЭСТЕТИКАЛЫҚ, ШЕБЕРЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
2.1. Аудармадағы ұлттық болмыс және шеберлік сипаттары
(А.С.Пушкиннің Дубровский повесінің қазақша нұсқасы)..
2.2. А.С.Пушкиннің шағын эпикалық шығармалары және оның қазақша
нұсқасы ( Боран әңгімесі негізінде) ... ... ... ... ... ...

ІІІ. ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ.
3.1. Көркем аударма және әдеби байланыстың кейбір мәселелері...
3.2. Алты топтамаға енген аудармалар
жайында ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол
адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Көркем
аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді
қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі
секілді поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық, лингвопоэтикалық,
сондай – ақ психологиялық және семиотикалық табиғатын түзетін көркемдік
құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылаудағы басты
міндеттер қатарына жатады. Оның үстіне аударма шығармада оның авторы мен
аудармашының шығармашылық шеберлігі мен даралығы қатар көрініс табады. Әрі
түпнұсқа тілі мен аударма тілінің заңдылықтары қатар қызмет атқарады.
Осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы да өте көп,
алуан түрлі екендігін көрсетеді.
Кез келген ұлт тарихтың қай кезеңінде болсын дүниежүзілік қоғамдық
даму процесінен оқшау өмір сүре алмайды. Қай ұлттың тарихын алсақ та, ол
өзгелермен байланысу жолдарынан басқа ұлттар мен әлеуметтік–экономикалық
қарым–қатынас жолдарынан тұрады. Ал, қарым–қатынастың басты құралы тіл
екені баршаға аян. Ұлтаралық қарым–қатынасқа келсек, әр тілді сөйлейтін
адамдардың арасында тілдік дәнекер керектігі өзінен - өзі белгілі. Міне,
осы тұста аударманың қажеттілігі туады. Осы тұрғыдан келгенде, аударманың
бастау көздері тым әрі, тарихтың тым ескі терең қойнауына кетеді.
Аудару іс - әрекетінің өмір сүруі ұлт тарихының көне қойнауымен
астарлас. Ал, іс - әрекет шыққан соң, заңдылықтарын білу өмір талабы.
Сондықтан аударма заңдылықтары туралы алғашқы ойлар халық көкейінде,
аударушылардың немесе соған қатысы бар адамдардың ауызша пікірінде болса
керек. Дей тұрғанмен, тіл зерттеу тарихында аудармаға байланысты балаң
жазба аудармалар көне Греция, Рим кезеңдерінен басталады. Ал, аударма
заңдылықтарын мақсатты зерттеу Қайта өрлеу заманында арнайы қолға алына
бастады. Жаңа ел, жаңа жерлердің ашылуы осыны талап етті. Ал, алғашқы
теориялық еңбектер ХVІІІ ғасырдың еншісіне тиеді. Аталған дәуірлерден
бүгінгі күнге дейін аударма және оны зерттеу үздіксіз даму үстінде. Жалпы
аударма және оның тарихы жөнінде орыс тіліндегі әдебиеттерде кеңінен
айтылады. Мысалы: Ғ.Сатыбалдиев (1), В.Н.Комиссаров (2), А.В.Федоров (3),
ө.А.Айтбаев(4) және т.б. Қазақ тіліне аудару, қазақ тілінен аудару
мәселелері орта ғасырдағы араб тілі, түркі танушы ғалымдардың еңбектерінен
бастау алады. Бұл замандағы түркі тілдерін зерттеушілер кей сөздерді, сөз
өрнектерін араб тілінде қалай жеткізу керек деген мәселеге кезі келгенде
назар аударып отырыпты. Алайда, бұл еңбектерді аударма заңдылықтарына
арналған теориялық еңбектер деп айта қою қиын. Орта ғасырдағы Араб Халифаты
тұсындағы ғалымдардың басты еңбегі – түркі тілдерін басқа тілдермен қарым –
қатынасқа түсіруі, түркі тілдеріне, түркі тілдерін қалай аударуға болады
деген мәселеге із салуы.
Қазақ тіліне, қазақ тілінен аудару заңдылықтары туралы жекелеген
қарапайым топшылаулар ХІХ ғасырдың басынан бастап “ Түркістан уалаятының
газеті ” мен “ Дала уалаятының газетінде ” елеусіз болса да бой көрсете
бастады. Ал, аударма мәселесі жайында алғашқы арнайы пікірлер, үлкен
теориялық деңгейде болмаса да, сыни дәрежеде 1914 жылы “ Айқап ” журналында
жарияланған И.Дихановтың қазақ өмірінен жазған “ Манап ” драмасының
аудармасы жөнінде айтылды. Аталған аударманың сипаты жөнінде пікір
айтқандар С.Сейфуллин мен М.Дулатов болды.
Сәкен Сейфуллин әріпқой аударудың кесірінен бұл аудармада қазақ
тілінің, қазақи сөз саптауларының ескерілмегендігін сынайды (5, 156).
Міржақып Дулатов бұл аударманың кемшіліктерін көрсете келіп,
аударманың мақсатына жол нұсқағандай болады. Мақаладан байқалатындай,
аудармашы, ең алдымен, қандай шығарманы аудару керек, ол келесі ұрпаққа
қандай рухани пайда әкеледі ? Осыны айқындап алу керек. Яәни, аудармада
қоғамдық қызмет, қоғамдық мақсат болу керек. Екінші, “ орысшасын өзгертпей
тәржіма қылу ” аударманы “ тірі жанға түсініксіз ” етеді. үшінші, еркін
кетіп “ мағынасы алыс хата тәржіма етуге ” болмайды. Төртінші және ең
бастысы, “ аударма ” орыс, қазақтан бірдей соққы жемеу керек, яәни, екі
тілдің де тазалығын, мән – мағына, бояуын сақтай білу керек (6,261,265).
ХХ ғасырдың 20 жылдары жазылған аударма мәселесі жайлы еңбектер
ретінде Ж.Аймауытовтың (7), Е.Алдаңғаровтың (8), Б.Кенжебаевтың (9)
мақалаларын атаймыз. Бұл мақалалардың біріншісінде ( Ж.Аймауытов)
аударманың толыққандылығы туралы сөз болса, екіншісінде ( Е. Алдаңғаров)
Пушкин поэмаларының қазақ тіліндегі аудармалары туралы, үшіншісінде
(Б.Кенжебаев) Абайдың аудармашылық шеберлігі туралы сөз қозғалады.
Аударма зерттеушісі ө.Айтбаевтың пікірі бойынша “отызыншы жылдардың
орта шеніне дейін көркем аударма туралы айтылған пікірлер белгілі бір
шеңбер шегінен шыға алмады, көбі, жай тілек тұрғысынан аспады ” (5,15).
30 – жылдардағы аударматанудағы ең сүбелі үлес М.Әуезовке тиесілі. Ол
өзінің “ Пушкинді қазақша аудару тәжірибелері туралы ”, “ Ревизордың
аудармасы туралы ”, “ Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді ? ”,
“ Евгений Онегиннің қазақшасы туралы ”, “ Қазақ сахнасындағы аударма
пьесалар ” деген сияқты мақалаларында түпнұсқадағы сөз, ой байлығын,
стильдік ерекшеліктерді неғұрлым толық жеткізу мәселелерін салмақты әдеби,
теориялық тұрғыдан сөз етті. М.Әуезов ұсынған дәлелді принциптер аударма
заңдылықтарын бұдан былай үңіле тексеруге қозғау салды. М.Әуезов бұдан
кейін де әр жылдары аударма мәселелеріне үн қосып отырды. Осы жылдары
әдебиетші М.Қаратаев А.С.Пушкин шығармаларының қазақ тіліне аударылуы
турасында пікірлер айтты.
30 – жылдары белгілі тілші – ғалымдар Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың да
аудармаға назар аударғаны мәлім болып отыр. Қ.Жұбановтың кезінде
жарияланбаған аударма туралы этюдтері, басқа жол – жөнекей пікірлері,
С.Аманжоловтың марксизм – ленинизм классиктері шығармаларының аудармасы
туралы мақаласы (10), аударманың лингвистикалық қырын, сипатын көздеген
бастама еңбектердің санатына жатады.
Зерттеуші ө.Айтбаевтың көрсетуінше, 40 – жылдардың еншісіне бір ғана
мақала тиесілі (ауд), алайда С.Жиенбаевтың (11) аударманың тіліне арналған
мақаласы лингвистикаға бет бұрған алғашқы еңбектердің бірі екенін айтпай
кетуге болмайды.
Байқап отырғанымыздай, 30 – 40 жылдары аударманың зерттелуі
айтарлықтай мандымаған екен. Біздіңше, бұған себеп 30 – жылдардағы зұлмат
пен екінші дүниежүзілік соғыс. 1929 жылдан бастап халқымыздың оқыған
зерделі адамдарын қудалау, ашаршылық, соғыс жалғыз аударматануды ғана емес,
жалпы қазақ ғылымын кісендеп тастады. 30 – жылдары шыққан еңбектердің жалпы
бағытының өзі “ ұлтшылдық ” атты жала оғының бетін ары бұрудың бір амалы
іспеттес болып көрінгендей. Алайда, бұл сол кездердегі еңбектердің
теориялық құнын түсіре алмайды.
Аудармаға ғылыми мән беріліп, теориялық құнды пікірлер айтудың белең
алған тұсы - 50 – жылдар. Соғыстан халықтың мойынының босауы, зұлматтан
кейінгі “ жылымық ”, зұлмат жоқ қылған зиялы оқымыстылардың орнына ғылымға
өртеңге шыққан гүлдей жаңа ұрпақтың келуі, аса “ сақтықтан ” арылу аударма
ғылымының дамуындағы айырықша қоғамдық факторлар болды.
Бұл кезеңдегі жарияланған М.Әуезовтің (12), М.Қаратаевтың (13),
С.Талжановтың (14), Ғ.Сатыбалдиевтің (1), С.Нұрышевтің (15), К.Шәріповтің
(16), М.Жанғалиннің (17), З.Ахметовтің (18), Е.Ландаудың (19), К.Кереева –
Канафиеваның (20) т.б. ғылыми жарияланымдары Қазақстанда аударманың ғылым
ретінде қалыптасуына айырықша әсер етті, аударма мәселелерін жолға қойды.
Бұған қоса елуінші жылдардың ішінде өткен аударма мәселелеріне арналған
Бүкілодақтық, республикааралық, республикалық жиындар аудармаға қажетті
ұсыныстар, байсалды принциптер ұсынды.
Бұл кезеңге дейін негізінен көркем аудармаға ден қойылса, 50 –
жылдары аударманың стильдік, жанрлық, әдеби, тілдік мәселелеріне де назар
аударылды. Бұрын орыс тілінен қазақ тіліне аудару туралы сөз болып келсе,
50 – жылдары қазақ тілінен орыс тіліне аудару мәселесіне арналған алғашқы
диссертация қорғалды (17).
50 – жылдары жекелеген мақалалардан басқа арнайы ірі еңбектер жиі
жарық көре бастады, диссертациялық еңбектер көбейді. Мысалы, С.Талжанов “ О
некоторых основных проблемах художественного перевода ”, А.С.Сатыбалдиев “
Развитие культуры художественного перевода в казахской литературе ”,
С.Құспанов “ Переводы поэзий Абая на русский язык ”, Х.Садыков “ Об
основных принципах перевода казахской прозы на русский язык ”.
Бұл кезеңдегі аударма теориясына айырықша үлес қосқандар – С.Талжанов
пен Ғ.Сатыбалдиев. Алғашқы ғалым аудармаға әдеби тұрғыдан келіп, жеке
жазушы (Н.В.Гоголь) стилін бағамдаса, Ғ.Сатыбалдиев Л.Н.Толстой
шығармаларының қазақша аудармасын арқау ете отырып, әдеби тұрғыдан келсе
де, тілдік талдаулар жасауға айырықша ұмтылыс жасайды. Аударманың
дәлдігіне шарттар қоя отырып, реалистік аударма ұғымын ұсынады.
50 – 60 жылдарда бой алған аударматану ілімі айырықша дами түсті. Ол
жылдардан бері А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтындағы аударма
бөлімі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты аударманы зерттеуді
жоспарлы түрде жүргізіп келе жатыр. Библиографиялық материалдарға қарап
отырсақ, содан бері осы мәселеге арналып, бірнеше диссертациялық еңбектер,
ғылыми жинақтар, монографиялар жарық көріпті. 60 – жылдардан бергі
аудармаға байланысты жарық көрген еңбектерге тән ерекшеліктердің кейбірі
мынадай: аударманың жеке нақты проблемаларын зерттеу ( ө.Айтбаев, А.С.
Ермағамбетова т.б.). Зерттеудің обьектісі етіп, орыс тілі мен қазақ тілі
ғана емес, басқа шетел тілдерін де алу ( Б.Репин, Ю.Сушков, М.Ж. Құрманов ,
К.И.Дүйсетаева т.б.) ; аударма мәселелеріне арналған ғылыми жинақтар шығару
; аударманы зерттеудің аспектілері ажыратылады. Кей ғалымдар (М.Әуезов,
С.Талжанов, Ғ.Тұрарбеков және т.б.) аударманы әдебиеттанудың обьектісі етіп
алса, екінші бірі бұны лингвистикалық тұрғыдан қарады (Ө.Айтбаев,
А.Ермағамбетова және т.б.). Ал, үшінші топ бұны әдебиет пен тілге тел
құбылыс ретінде зерттеді.
Шындығына келгенде, аудармаға әдеби деңгейден қарайтын зерттеушілер
тілге соқпай, тілдік тұрғыдан зерттейтіндер әдебиет категорияларына соқпай
өте алмайды. өйткені әдебиет дегеніміздің өзі – сөз өнері (24), тілдің
эстетикалық қызметі, “ Тіл әдебиеттің бірінші элементі ”. Оның үстіне,
қазіргі дүниежүзілік лингвистика деңгейі жеке сөз, сөйлем шегінен шығып,
тұтас мәтінді талдау дәрежесіне көтерілді. Ал, әр тілдегі көркем ойды беру
ерекшелігі салыстырмалы стилистикада қарастырылатыны белгілі. Алайда
өкініштісі сол – қазақ тіл білімі мәтін лингвистикасын, салыстырмалы
стилистиканы ойдағыдай қолға алмай келеді. Аударманың келесі бір қыры –оны
коммуникативтік тұрғыдан зерттеу. Бұл - әлі қазақ филологиясының аяқ баса
қоймаған аңғары.
Осы кезге дейін бірталай жекелеген зерттеулер болғанымен қазақ тілін
обьекті етіп алған аударманың мәселелерін жүйелі түрде қорытындылай
көрсететін іргелі еңбектер, оқулықтар, аударма тарихы, теориясы бойынша
ғылыми дүниелер жеткілікті дәрежеде әлі жарық көрмей келеді. Қазіргі таңда
аударма мамандарын дайындау күн тәртібіне қойылып отырған заманда бұл
мәселе дереу шешуді қажет етеді. Осындай көкейкесті мәселелері бола тұра
зерттеулердің нәтижелеріне қарап, біз аударма теориясы Қазақстанда ғылыми
пән ретінде қалыптаса бастады деп айта аламыз. Ал, кейінгі жылдары бұл
салаға өзіндік үлес қосқан Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент
мүшесі, филология ғылымдарының докторы Шәмшиябану Сәтбаева. Ғалым өз
еңбектерінде әдебиеттер байланысын зерттеп, әдебиеттер қарым – қатынасы
туралы бірсыпыра тың деректер негізінде жүйелі сөз еткен (25).
Тәуелсіздік таңы атқан соң дербес Қазақстанда мемлекет тарапынан
ғылыми – зерттеу жұмыстары алдына ауқымды мәселелерді зерделеу, қазақ
руханият мұраларын әлемдік деңгейде салыстыра саралау, ұлттық шеңберде
қалып қоймау, зерттеу нысанының басқа ғылым түрлерімен байланысын ашу
сияқты міндеттер қойылғаны мәлім. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, Пушкинтану
ілімінің тарихпен, лингвистикамен, философия және мәдениеттанумен және
прогресшіл идеялар тамырымен тығыз байланыста екенін байқай қиын емес.
Әдебиеттегі типологиялық байланыс, нақты шығармада өзара ұқсас жайттардың
көрініс табуы қаламгердің өзі дүниеге ұлттық топырақтағы тарихи тағлым
тамырларының сабақтастығын ғана емес, сондай – ақ, басқа ұлт әдебиетін
меңгеру барысындағы оның дүниетанымын, рухани үндестік сырларын, аудару
процесі барысындағы нәзира дәстүрін, тұжырымдай айтсақ, адами таным –
түйсіктің ұлттық деңгейден әлемдік биікке көтерілуін де айғақтайды. Ғалым
А.С.Исмақова:
“ Именно с Абая начинается большая переводческая эпоха, проблема,
заслуживающая специального исследования. Какие литераторы когда и кого
переводили, исходя при этом прежде всего из своих национальных жанрово –
стилевых требований ? Чем обусловлено эта местная потребность ? Проблема
эта была характерна для всей мировой литературы, она, в конечном счете,
определяла ориентир той или иной литературы в потоке мирового
литературного процесса. Как мы уже упоминали, обращение к опыту более
зрелых со стадиальной точки зрения литератур – это своего рода становления
литературы. Если мы будем понимать такое обращение как свидетельство
недостатка своих корней, то нам придется обьявить несамостоятельными все
литературы мира. Творчество Абая убеждает нас в самостоятельности развития
новой казахской литературы. Но дело не в пассивном испытывании влияния,
речь идет об активном и исходящем из уже высоко развитых собственных
потребностей овладении художественным опытом русской литературы. Без
понимания этого Абай не мог бы создать классический стиль ”(26, 88-89), -
деп жазса, Абайдан басталған Пушкинтану ілімінің аударма өнері арқылы туып,
қалыптасуы бұл проблеманың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы және
күні бүгінге дейінгі рухани өмірімізге тән екендігі, сондай – ақ, Шәкәрім
мұрасының ол жасаған аудармадағы шеберлік сипаттарының айырықша маңызды
екендігі ғалымдар З.Бисенғали (27), Б.Әбдіғазиұлы (28), Б.Мамыраев (29)
т.б. еңбектерінде айырықша аталғанын айту абзал.
Сондықтан да, Пушкиннен, Толстойдан, шығыс әдебиеті үлгілерінен
қазақ тіліне аударылған дүниелерде белгілі бір дәрежеде дүниетаным, нәзира
дәстүрі, көзқарас бірлігі, іштей үндестік қасиеттері бар екенін айырықша
атап өткіміз келеді. Мұның өзі жалпы аударма өнеріндегі белгілі бір
дәрежедегі жүйеліліктің бар екенін, ал бұл жайт қазақ әдебиеттану
ғылымындағы үлкен құбылыс, арналы ілімнің қалыптасқанын көрсетсе керек.
Кейінгі жылдары өзіміз сөз етіп отырған аударма саласында да біраз
ғылыми жұмыстар жасалғанын атап өткеніміз жөн. Мысалы, 2000 жылдың өзінде
ғана аудармаға байланысты диссертациялық жұмыстарды атайтын болсақ, олар:
А.С.Көпбасарованың “ Абай өлеңдерінің образдылығы және оның орыс тіліндегі
көркемдік сипаты ” (30), Г.Б.Асаубаеваның “ Басенные традиций в казахской
литературе и переводы из И.А.Крылова ”(31), Д.Т.Атахановтың “ Восточные
мотивы в творчестве А.С.Пушкина ”(32), С.Д.Ізтілеуованың “ Шәкәрім
поэзиясындағы тұлға мәселесі ”(33), С.Абдрахмановтың “ Евгений Онегин
романының қазақ әдеби және фольклорлық дәстүріндегі орны ”(34), Б.Атығайдың
“ Абайдың ақындық мектебіндегі аудармалық дәстүрдің қалыптасуы ” (35), Б.
Әбдіғазиұлының іргелі еңбегі(28) және т.б.
Бір ғана аударма төңірегіндегі еңбектерді көктей шолып өткеннің өзінде
– ақ недәуір іс тындырылғанын көру қиын емес. Алайда бұл салада тындырылуға
тиіс іс тіпті көп. Олай дейтініміз: біз қарастырған проблемаға жоғарыда
аталған еңбектер бір табан жақын болғанымен, әр қайсының жекелеген
мәселелерді арнайы нысан етіп алуы; атап айтқанда, Б.Әбдіғазиұлы Шәкәрім
шығармашылығына қатысты ғылыми еңбегінде ақын жасаған аудармаларды
түбегейлі зерттеу негізгі мақсаты болмағандықтан, шолу түрінде қарастырған;
С.Абдрахманов Пушкиннің
“ Евгений Онегин ” романын қазақ әдеби және фольклорлық дәстүрінде алатын
орны тұрғысынан зерттеген; Б.Атығай диссертациялық еңбегінде Пушкиннің тек
“ Дубровский ”, “ Боран ” шығармаларынан Шәкәрім жасаған аудармаларды
талдаған. Ғылыми тұрғыдан тереңдей үңілсек, Пушкин ілімі мен Абай мұрасы,
Шәкәрім өсиеті телегей – теңіз қазына екендігімен ғана емес, қос халықтың
әлемдік жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына қосылар асылы да. Қандай ірі
тұлға, руханият әлемінде өшпес із қалдырған жан болса да, ол тек өз ұлтының
шеңберінде ғана қалса, әлем бас иетін данышпанға айнала алмайтыны мәлім.
Пушкиннің немесе Абайдың, Шәкәрімнің барша әлемге паш етілуі тек аударма
өнері арқылы ғана жүзеге асатыны және белгілі. Пушкиннің ілімі – түпсіз
әлем. Абай әлемі – тылсым, терең дүние. Шәкәрім де сондай. Ендеше, Пушкин
ілімін сөз қылғанда оны тек аударма өнері арқылы қалай жүзеге асып еді деп
қана емес, Абай, Шәкәрім ұлылықтарымен іштей қалай үндесті, әсіресе,
эпикалық шығармаларды аударуда белгілі дәрежеде қалыптасқан дәстүр қандай,
біз қарастырған шығармаларда аударушының өз “ Мені ” қалайша көрініс
тапқан, бәрінен бұрын, ұлттық болмыс пен көркемдік – эстетикалық шеберлік
сипаттары қандай деген сауалдарды терең талдау – бүгінгі өмір талабы екені
айтпаса да түсінікті. Біз өз еңбегімізде осынау мәселелерді зердеден
өткізбекпіз. Бұл, сөз жоқ, жұмыстың көкейкесті проблеманы арқау еткенін
көрсетсе керек.
Еңбектің басты мақсаты – орыс әдебиетінің классик жазушысы
А.С.Пушкиннен әр кезеңде қазақ ақын – жазушылары жасаған аударма
туындыларын түпнұсқамен салыстыра отырып, адам мен заман бейнесін жасаудағы
шеберліктің, шығармашылық даралық пен көркемдік – эстетикалық, ақындық
нысананың берілу, көріну жолдарын зерттеп зерделеу. Сондай – ақ, аударма
жұмысына біз Қазақстандағы Пушкинтану ілімінің туып, қалыптасуы тұрғысынан
келдік. Яәни, аударма арқылы осы саладағы дәстүр сабақтастығы мен
жалғастығы деген ұғымдарды Пушкинтану ілімінің игерілуі деген ұғыммен тығыз
байланыстыруға тырыстық. Бұл жерде біз аударма өнерін сөз ету арқылы,
әсіресе, бірінші тарауда Пушкиннің ақындық тұлғасына, қоғамдағы алатын
орнына, жалпы, рухани, мәдени кеңістікте атқарған рөліне кеңінен тоқталдық,
себебі, Пушкин нендей сипат – қасиеттерімен қазақ халқына жақын болды –
деген жайттарды ашуға тырыстық. Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай
міндеттерді шешу көзделеді:
-         А.С.Пушкиннің ақындық ерекшелігі мен тілдік кестелерін, сөз
өрнектерін қазақ аудармашыларының аудармашылық нысанасының аударма
жүйесіндегі болмыс – бітімін, табиғатын түпнұсқамен салыстыра отырып
бағалау;
-         қазақ аудармашылары жасаған тәржімалық еңбектердегі, әсіресе
эпикалық шығармалардағы ұлттық болмыс – бітім сипаттарын зерделеу;
-         аударма барысында шығармашылық тұрғы мен ұлттық ойлау,
бейнелеу даралығының аудармада берілу жолдары мен ерекшеліктерін
анықтау;
-         аудармада аудармашылардың лирикалық және эпикалық суреттеу
тәсілдерінің көркемдік – эстетикалық қызыметінің сақталу деңгейі мен
оны жеткізудің шығармашылық тәсілдерін , амалдары мен құралдарын
олардың түпнұсқаға сәйкестігі тұрғысынан сараптау;
-         орыс ақынының көркемдік бейнелеу құралдарын , поэтикалық тілін
аударудағы жетістіктер мен кемшіліктерді жүйелеу мен жинақтау;
-         мазмұн мен пішін арасындағы келісім мен бірліктің түпнұсқа
табиғатына көркемдік қатынасын анықтау;
-         ғылыми жұмыс барысында аударуға қойылатын талаптар мен
міндеттерді бүгінгі күн сұраныстарына орай белгілеу және ғылыми
негіздеу.
Зертттеудің теориялық және методологиялық өзегі Қазақстан және сырт
елдер ғалымдарының көркем әдебиеттің , көркем аударманың теориялық және
методологиялық мәселелері туралы еңбектеріне негізделеді. Зерттеу пәні
болып отырған мәселе алуан қырлы , көп салалы. Соған орай диссертацияда
әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерімен қатар тіл білімінің зерттеу
принциптері де қолданылды. Негізінен әдебиеттану ғылымындағы
салыстырмалы зерттеу әдісі басшылыққа алынып , жүйелі зерттеу талаптары
мен мағыналық – құрылымдық ( структуралық) талдау өлшемдері ескерілді.
Зерттеудің материалы ретінде А.С.Пушкин шығармаларының түпнұсқадағы
және қазақ тіліндегі басылымдары пайдаланылды. Орыс ақынының қазақ
тіліндегі әр жылдарда жарық көрген талдаулар , пікірлер де қамтылды.
Қазақ әдебиеттануында бұрында азды – көпті сөз болған А.С.Пушкиннің
шығармашылығы, оның ішінде прозасының аударылуы жайлы , аударма
жүйесіндегі дәстүр жалғастығы , мән – маңыз , түпнұсқа, аудармадағы
ұлттық болмыс және оның түрлі аудармалары аясында салыстырмалы талдау
нәтижесінде бағаланды. ұлттық ойлау менбейнелеу даралығының қазақ
тіліндегі аудармада берілу жолдары мен көркемдік деңгейі анықталды. Орыс
ақынының лирикалық және эпикалық суреттеу тәсілдерінің көркемдік –
эстетикалық қызметінің аудармада сақталу сапасы мен оны жеткізудің
шығармашылық жолдары , амалдары мен құралдары сарапталды. Ақын
шығармаларының көркемдік бейнелеу құралдарын , поэтикалық тілін , оның
ұлттық реңін аударудағы жетістіктер мен кемшіліктер жүйеленді. Орыс
ақынының әр кезеңде жасалған аудармалары қазақ әдебиеттануы мен көркем
аударма теориясы саласындағы бүгінгі жетістіктерге сәйкес белгіленіп ,
ғылыми тұрғыда негізделді.
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары ХХ ғасырдың басындағы қазақ
әдебиетінің мәселелеріне арналған лекциялық және практикалық курстарға
теориялық, деректік негіз бола алады. Сондай – ақ, Абайдың, Шәкәрім
Құдайбердиевтің, Ілияс Жансүгіровтің, Әбділда Тәжібаевтың
шығармашылықтары туралы арнайы курстар мен арнайы семинарларда
пайдалануға болады. Сондай – ақ, “ басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі
мен әдебиеті ”, “ аударма ” мамандықтары бойынша арнайы курстар
ұйымдастырып, соларда пайдалануға болады.

І. Қазақстанда Пушкинтану ілімінің тууы,
қалыптасуы және аударма.
1.1. Көркем аударма бастаулары (А.С.Пушкиннің “ Капитан қызы ” повесінің
қазақша нұсқалары бойынша).
Әрбір ұлы ақын – қашанда мәңгілік және бүкіл адамзаттық құбылыс. Оның
өмірінде бір-ақ мезгіл болады. Ол – туу мезгілі. Уақыттың өзге қатал
заңдары оның алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі
бір кезең мен жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп,
өзінің соны сипаттарын әр кез және баршаға бірдей аша, ақтара түседі,
жаңара, жасара береді. Ол әр адам үшін де, әр буын үшін де – қашан да
ерекше жаңалық, жаңа бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі,
шексіз–шексіз өнер мұхиты, поэзия мұхиты. Сондықтан да ол әрқашанда қандай
қауым мен халықтыі да жүрегіне тікелей жол тауып, оның ең сүйер ұлы, ең
сырлас замандасы болып кетеді. Оны әр ұрпақ өзінше оқиды, одан әркім
керегін табады. өйткені әрбір ұлы ақын бүкіл адамзаттық көтереді, оларды
мәңгі ескірмес жаңа тұрғыда ғана шешеді, бейнелейді. Әлемдік поэзияның
өрісін кеңейтіп, оған өлшеусіз зор үлес қосқан, адамзаттың көркемдік ойын
батыл ілгері дамытқан Александр Сергеевич Пушкин осындай ұлы ақын еді.
Пушкиннің ақындық данышпандығын табиғатта тек күнмен салыстыруға болады.
Ақын Пушкин әдебиет әлеміне келісімен оған дейінгі онан кейінгі және өзімен
тұстас өзге ақындар екінші, үшінші қатарға ығысып, күн шыққанда өзге жарық
денелердің күңгірт тартып көрінбей кететініндей, ұлы ақынға жол береді.
Сонымен қатар оның тағы да бір елден ерек, қайталанбас қасиеті - арады
қанша уақыт өткеніне қарамастан өзінің нұрлы сәулесін өзінен кейінгі
әдебиетке заманалар биігінен түсіріп келеді. Сол себепті де А.Луначарский:
Пушкин - орыстың көктемі, пушкин – орыстың жарқырап атқан таңы, Пушкин –
орыстың Адам - атасы. Италияда Данте мен Петрарка, Францияда ХVІІ ғасырдың
алыптары, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете не жасаса, Пушкин біз үшін соны
жасады дейді.
өмірде де, өнерде де, қоғамнан тыс, оның өсіп, өркендеу қадамынан тыс
ұлылық жоқ. ұлы ақын, кемеңгер азамат Пушкин - өз дәуірінің жемісі.
Наполеон Россияға басып кірген кезде орыс халқы өз бойындағы алып күшті
алғаш сезінеді, - деп жазады декабрист Бестужев, - сонда ғана әрбір жүректе
тәуелсіздік сезімі оянды, алғаш ол саяси тәуелсіздік сезімі түрінде
көрінсе, кейін бүкіл халықтық тәуелсіздік сезіміне ұласты. Міне, Россиядағы
бостандық туралы ойлардың басы қайда жатыр!. 1812 жылғы Отан соғысындағы
ұлы жеңіс тек орыс солдаты қаруының ғана жеңісі болып қалған жоқ, бүкіл
орыс халқының жеңісі жеңісі болды, оның ұлылығын бар әлемге танытты, қоғам
өмірінің әр саласында әсерін тигізді, халықтың ұлттық санасын оятып,
патриоттық сезімдер тәрбиеледі, азаттық күресіне бастады. 1815-25 жылдар
арасында белең алған ел ішіндегі саяси толқулар мен жиі–жиі шаруалар
көтерілісі осының тікелей нәтижесі еді. Орыс революционерлерінің алғашқы
буыны – декабристер де осы бүкіл халықтық қозғалыс толқынында туып
қалыптасты.
Данышпан Пушкиннің ақындық, азаматтық өмірі, міне, осы қоғамдық, саяси
әлеуметтік ортада өтті. Сол өрлеу дәуірінің философиясы, азаттық рухы ақын
шығармашылығының түбегейлі өзегін, айнымас бағыты мен ажырамас мазмұныны
белгіледі, асқақ идеялармен абзал мұраттармен, өршіл ойлармен
қанаттандырады. Сол, 1812 жылдан, сол Пушкин шығармашылығына басталған және
оның поэзиясына өшпес өмір берген азаттыққа ұмтылушылық идеялары Пушкиннен
кейінгі тұста да орыстың озық мәдениеті мен әдебиетінің ұлттық, халықтық ең
жоғарғы қасиеті болып сақталып қалды. Демек, Пушкин және бір таптың емес...
тұтас халықтың, ұлттың, тілдің, тарихи тағдырдың ояну көрінісі. Сол
бастапқы ұрықтар ақырында келіп біздің күндей жарқыраған революциямызға
ұласты.
Лицейдің соңғы жылдарында Пушкин әртүрлі әдеби ұйымдарға қатысады, гусар
полкінің үкіметке қарсы ниеттегі жас офицерлерімен танысады, басыбайлылықты
сынап, еркіндікті аңсаған көптеген өлеңдер жазады. Бірақ олар баспа бетін
көрмей, қолжазба күйінде тарайды. Оның 1817-20 жылдардағы саяси өлеңдері
мен эпиграммаларынан декабристер идеологиясының бар эволюциясын көреміз.
Жас ақын өзінің Еркіндік, Чаадаевке, Ертегілер, Қыстақ тәрізді
саяси лирикаларында ел ішіндегі қараңғылық пен қаталдықты батыл сынап,
езілуші көпшілікті құлдықтан босату идеясын асқақ жырлайды, жастықтың жалын
атқан отты жігерін Отанға арнауға шақырады.
Пушкин 1820 жылы азаттық жырлары үшін оңтүстікке жер аударылады. Мұнда
ол декабристердің оңтүстік ұйымымен байланысады. 1824-26 жылдары туған
селосы – Михайловскіге оралып, онда жергілікті әкімдердің бақылауында
болады. 1826 жылы І Николай шақыртып алып: 14 декабрь күні Петербурге
болған болсаң, декабристер көтерілісіне қатысар ма едің?, - деп сұрағанда,
ол ешбір тайсалмастан: Сөз жоқ, тақсыр, бар достарым қатысқанда, мен
қатыспай қала алмас едім, - деп жауап береді. Осыған қарамастан патша оны
өз ақыны жасамақ ниетімен, оның цензоры да болады.бұл цензордың
қамқорлығы сонша, тіпті ақынның әйеліне жазған хаттарын да жасырын
тексеріп отырады. Еркіндік аңсаған ақынды қанша бұлқынса да, маңайынан
ұзатпайды, бұғауынан босатпайды. Бірақ декабристер көтерілісі жеңіліп, ел
ішінде реакция қанша етек алса да, жаулары тарапынан қандай қорлық пен
зорлық көрсе де, Карамзин мен Жуковский тәрізді ақылгөй қариялар
айналасынан алыстап, жалғыз қалса да ақын өз шығармашылығының негізгі өзегі
– азаттық сүйгіш армандарынан бас тартпайды. Сол үшін де ол қыршын жас
күйінде, талантының нағыз кемел шағында, қатал өмірдің қатыгез қыспағында,
жалдамалы жау қолынан қаза табады. Ақын Пушкин осы тұстан бастап, мәңгілік
өмір көгіне біржолата самғайды.
ұлы ақынның аз өмірі теңдесі жоқ шығармашылық ерлікке толы. Оның
алғашқы лирикаларында айқын бой көрсеткен өмірге құштарлық, достық пен
махаббат, сұлу табиғат пен елдік, ерлік тақырыптары бірте–бірте ақын
шығармашылығында тамырын тереңдей жаяды. Жиырмаға жаңа шыққан жас жігіт
оңтүстікте айдауда жүргеннің өзінде жалғыздығы мен жағдайының ауырлығына
қарамастан Қанжар, Тұтқын, В.Л.Давыдовқа т.б. тәрізді өлеңдерін
жазып, орыс өмірінің еңсесін басқан қатал тәртіптерге қарсылығын ашық жыр
етеді.
Пушкин поэзиясы да аса принципті проблеманың бірі – халыққа, оның
фолкьлорына тікелей қатысты. Туған халқы мен оның ауыз әдебиетін жанындай
жақсы көрген болашақ тіпті сәби кезінен тәрбиешісі Арина Родионовна арқылы
сол халық даналағының асыл маржандарын бойына сіңіре, одан тағлым ала
өседі. Есейген шағында да көркемдіктің осы аналық негізінен қол үзбей,
өзінің Руслан мен Людмила, Алтын әтеш, Балықшы мен балық туралы т.б.
тамаша өлең ертегілерін жазады. Бұлар ақын талантының қайнар бұлағы халық
даналығында да жатқандығының баға жетпес айғағы.
Халық өмірінің тереңінде буырқанған алып күшпен тыныстаған ақын алғашқы
күрделі туындылардың көбін романтикалық сарында жазады. Романтизм ақынның
асқақ көңіл күйіне, дүниетанымына, өршіл мұраттарына тікелей жауап береді.
Кавказ тұтқыны, Бақша сарай фонтаны, Ағайынды қарақшылар, Цыгандар
поэмасында ол тәкаппар өр де Кавказдың поэзиялық сұлу бейнесін жасаумен
қатар, сол асқар тауы мен әсем табиғатына лайық өжет жандардың бойындағы
өлшеусіз күш-жігерді, азаттықты аңсаушылықты асқан шеберлікпен бейнелейді,
адамның жан–дүниесіндегі нәзік құбылыстарды өнімді суреттейді. Адам мен
қоғам арасындағы қайшылықтар алғаш осы туындыларда еркін бой көрсетіп,
ақынның кейінгі шығармаларында күрделі философиялық әлеуметтік жинақтаушы
ойлармен толыса, молыға түседі.
Тарих, заман, болашақ проблемаларды Пушкин поэзиясында органикалық
бірлікте, диалектикалық тұтастықта, бүтіндікке қойылып шешіледі. Қоғам мен
халықтың келешегіне зор үмітпен қараған ақын өз заманының көкейкесті
проблемаларын терең түсіну үшін тарихқа жүгінеді. Жалпы историзм – Пушкин
мұрасындағы аса жанды да үздік принциптердің бірі. Оны әркез толғантқан ең
негізгі мәселе – ақынның өз сөзімен айтсақ - Адам мен халық. Адамзат
тағдыры халық тағдыры. Пушкиннің Борис Годунов трагедиясындағы ең өзекті
идея – тарихты жасаушы халық, халықтың қостауы мен қолдауынсыз қашан да,
қандай да үлкен тірлік жасамаған да, жасалмақ та емес дегенге саяды. Тарихи
тақырып – ақын шығармашылығының халық өмірі және оның бұлтартпас заңдарын
көркемдік құралдармен ашу кілті. Шығармада Годунов трагедиясы – оның өз
басының жеке қасиеттеріне байналысты емес, халықтан қол үзуінде, халықты
өзіне қарсы қоюында, оны менсінбеуінде, елемеуінде. Борис Годунов
трагедиясынан бастап Пушкин поэзиясында реализм жетекші орын ала бастайды.
Оның осы тұстағы лирикаларының ішінде Анна Петровна Кернге арналған
өлеңі, Андре Щенье, Анчар, Сибирь рудаларының тереңінде..., Арион
тәрізді саяси өлеңдері ақындық пен азаматтықтың шебер қиысқан мерей асыл
үлгілері. Махаббат тақырыбындағы жырларында ол сезім тұңғиығына тереңдей
бойлап, соған лайық құдыретті сөз бен ой үйлесімін, сұлулығын тек данышпен
ақынға тән шынайы шеберлікпен табады.
Атақты Болдино күзінде топтамасында (1830) жазылған шығармаларының
қайсысы да ақын талантының кемеліне келгендігінің айғағы. Бұлардың ішінде,
әсіресе, Белкиннің повестері - шын мәніндегі орыс прозасының басы
болуымен қатар, әдебиетке айқын бағыт-бағдар сілтеген ерекше көркем де
шынайы туынды. Мұнда орыс қауымының бар саласы, әсіресе, Кішкентай
адамның өмірі, оның қуанышы мен қайғысы, арманы мен биік адамдық
қасиеттері нақты көркем де шыншыл бояуын таба суреттеледі. Шағын
трагедияларында ақын адамзаттың мәңгілік проблемаларын белгілі тарихи-
әлеуметтік, философиялық–этикалық мақсатта, жоспарда шешеді. Сөйтіп ол 30-
жылдардағы прозаларында сыншыл реализмнің негізін қалайды.
Декабристер көтерілісі жеңілгеннен кейін Пушкинді көп толғантқан
қоғамдық мәселелердің бірі – шараулар көтерілісі. Қазан, Орынбор сапарының
нәтижесінде Пугачев тарихы атты еңбегін жазады. Патша оны Пугачевте тарих
болуы мүмкін емес деп жаратпай қайырады. Алайда еңбектің жазылу және
алғашқы нұсқасының өзгермеу фактісі ақынның қарапайым құл емес, оның да
тарихи болғанын және болатынын дәлелдегенінің куәсі. Капитан қызы
повесінде де Пушкин Емельян Пугачевтің жанды бейнесін тарихшыға тән
білімділікпен жасайды, Дубровскийде де шаруалар бойындағы алып күшті
сүйсіне суреттеуі ерекше назар аударарлық.
Мыс салт атты - Пушкин поэзиясының асқар биігі. Поэмада ақын бір
жағынан І Петрдің Ресей алдындағы тарихи еңбегін мадақтай бейнелесе, екінші
жағынан Кішкентай адам мен патша арасындағы, халық пен патша арасындағы
бітіспес қайшылықты суреттейді, халық пен халық өкілінің аянышты тұрмысын
тебіріне жырлайды.
Адамзат мәдениетінің өткен ұзақ жолында Гомердің Илиада мен
Одессеясы, Дантенің Тағдыр тәлкегі, Бальзактың Адамзат комедиясы,
Л.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік эпопеясы тәрізді көлемді көркемдік
шыңдары бар. Пушкиннің Евгений Онегині – осы қатардағы дүние. Орыс
өмірінің энциклопедиясы аталған бұл негізгі кітабында ақын орыс қоғамының
бүтін бір кезеңін әр алуан типтік бейнелер арқылы асқан шыншылдықпен
суреттейді. Шығарманың бүкіл рухы жоғары қауым өмірінің адамды аздыру
ерекшеліктерін, адамдық бақытқа қарама-қарсылығын әшкерелейді. Онегин өз
қауымының ұлы да құлы да. өз ортасының өмір салты оны өз кезінің артық
адамы дәрежесіне жеткізеді, қанша бұлқынса да уысынан шығармайды. Татьяна
болса ақын гуманизмінің бүкіл жарқын сипаттары осы бір аяулы, асыл жанның
бойынан көрінеді. Романда эпикалық жанр мен лирика шебер қисынын тапқан.
Шығарма, Белинскийдің сөзімен айтсақ, ақынның бүкіл өмірі, жаны, бар
махаббаты, барша сезімі, түсінігі, асыл мұраттары.
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді. Халықтың сөйлеу
тілін ол әдеби тілдің негізгі көзі ретінде пайдаланды. Халық тілі Пушкиннің
ақындық даналығының арқасында не бір терең философиялық, әлеуметтік, саяси
ойларды асқан көркемдікпен бейнелеудің аса құдыретті құралы дәрежесіне
көтерілді.
ұлы тұлға А.С.Пушкиннің орыс халқының перзенті ретінде сол халықты
әлемдік деңгейге көтергені мәлім. Ақынның дүние танымы, шығармаларындағы
ұлттық рух, патриотизм, философиялық сипат, адам өмірінің мән-маңызы,
мазмұны жайлы терең толғамдар, нәзік те сыршыл лиризм, тұңғиық
психиологизм, адамзат баласын жер бетіндегі ең күшті де күрделі жаратында
ретінде қарастыруы, оптимизм, азаттық. Бостандыққа негізделген гуманизм
т.б. сипаттары оның жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына қосылған мол
мұрасының негізгі қасиеттеріне жатады.
Сондықтан да Пушкинді тек бір ұлттың перзенті ретінде қарастыру әбестік,
ол барша адамзаттың ұлы мақтанышы. Ол туралы айтқанда қазақ топырағында
Пушкинтану ілімінің тууы мен қалыптасуын айтамыз. Әдебиеттердің өзара
әсер–ықпалын айтамыз, ұлы тұлғалардың өре-деңгейін айтамыз, іштей
үндестгін, пікір бірлігін айтамыз. Асылы түрлі ұлттар әдебиетін сөз
еткенде, ағылшын әдебиеті, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті т.с.с. деп шартты
түрде жіктеп жатсақ та, ең ұлы руханият мұрасы ұлы арна - әлем әдебиетінен
барып мекен таппақ.
Жалпы Пушкинтану іліміне азды-көпті қатысы бар еңбектердің дүниеге
ертелі-кеш келіп жатқандары баршылық. Әлі де келмек, себебі, кез-келген
үлкен өнердің болмысына ортақ бір тамаша қасиет бар, ол қасиет, әдетте, сол
өнердің алды–артындағы рухани шүйгіндікпен дараланады. Себебі шын мәніндегі
үлкен өнерді әбден орныға шыңдалған, рухани дәстүр ғана дүниеге әкелмек. Ал
Рухани дәстүр дегеніміз ұлттық болмысты бойына терең сіңірсе ғана мәуелі
ағаш сияқты тамырын тереңінен тартып, бұтағын кеңге жаяды. Нағыз өнердің
уақыт пен кеңістік аясындағы өміршеңдігіне оыс сияқты рухани сабақтастық
қана айғақ болса керек.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тіліне Пушкиннің,
Лермантовтың, Крыловтың бірталай шығармалары аударылды. Бірақ ол аудармалар
заманның жағдайына қарай баспаның, мерзімді баспасөздің болмауы салдарынан
жұртшылық арасында ауызша тарады. Абай аудармаларының бірқатары уақытында
хатқа түсірілмей, баспа бетін көрместен жоғалып кетті.
Ал хатқа түсіріліп, баспа бетінде жарияланғаны А.С.Пушкиннің Капитан
қызы повесінің Молданияз Бекімов жасаған жасаған алғашқы нұсқасы.
М.Бекімов есімі зерттеушілер мен оқушы жұртшылыққа 1930-1911 жылдарда
ғылыми басылымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары
мен аударма кітаптары арқылы таныс. А.С.Пушкиннің Капитан қызы повесі
М.Бекімов аудармасында 1903 жылы Қазанда Харитоновтар бапаханасында басылып
шыққан.
М.Бекімов еңбегі зерттеулер мен мақалаларда, оқулықтар мен әдебиет
тарихына қатысты еңбектерде әркез лайықты бағаланып келеді.
М.Бекімовтың шығармашылық қызметін төрт салаға бөліп қарауға болады:
1)  Қазақ әдебитеті нұсқаларын жинауы;
2)  Аудармашылығы;
3)  Әдет-ғұрыпты зерттеуі;
4)  Ағартушылық – методистік қызметі;
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларынан М.Бекімов жинап-жарияланған материалдар
көптеп кездеседі. Жинаған материалдарының бәрін де орысша басылымдарда орыс
тілінде жарияланған. Демек, М.Бекімов қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын шебер
аударып, орысша басылымдарда жариялап, өзге халықтарға таныстырушы да.
М.Бекімовтың қазақ тіліне аударып, жариялаған елеулі қызметі – бүгінде
өзіміз тілге тиек етіп отырған А.С.Пушкиннің Капитан қызы повесі. Кітап
көлемі қырық сегіз бет. Араб әріпнде басылған.
Аударушы кітаптың сыртқы бетіне: Шығарушы Россияның артық шешен поэті
А.С.Пушкин, перевод еттім М.Бекимов деп жазған. Кітатптың ішкі бетіне ол
өзінің ұстазына екі тілде (орыс және қазақ), арнау жазған. Бағыл еттім
переводымды, есімі өшірілмес үшін сүйікті ұстазым Дмитрий Николаевия
Григорьевке, - деген.
М.Бекімов повесі бастан – аяқ толық дәл аудармай, көп жерін ықшамдап,
тіпті қысқартып, келте аударған. Мәселен, аударушы түпнұсқадағы мәні үлкен
эпиграфтарды, повестегі тарихи оқиға, өлке, қала, жер, күн райы
суреттелетін тұстарды бірқатар кейіпкерлердің бейнелерін, кірме өлең,
әңгімелерді қысқартып, тіпті тастап кеткен. Аудармашы Пушкиннің
түпнұсқадағы айтайын деген ойын дұрыс ұқпаған. Орыс жазушысы бұл
туындысында шарулардың Емельян Пугачев бастаған қозғалысын суреттеуді басты
мақсат еткен, тек сол кездегі патша үкіметінің цензурасынан жасқанып, соның
көзін бояу үшін өз шығармасының атын бұрмалап, Капитан қызы деп атаған.
А.С.Пушкин творчествосы – ұлан байтақ Россия елінің понарамасы іспетті.
А.С.Пушкин творчествосында оның отаны жан-жақты қамтылуы табиғи еді, -
деп жазды В.Брюсов. Пушкиннің поэзиясында Россияның барлық облыстарының
суреттері көз алдыңнан өтіп жатады. Ол өзі ерекше жақсы білетін орталық
аймақтың (лирикалық топтамасы, Евгений Онегин, Граф Нулин повестері
тағы сондайлар) ғана емес, сонымен бірге Россияның бүкіл шет аймақтарының –
фин заливі жағалаулары Мыс салт атты (және Неманнан (Мицкевичтен) Қара
теңізге, Қырымға, Кавказ бен Закавказьеге (Грузия, Арзрум) дейін Мало
Росиия) Полтава (Бссарабия), Цыгандар (арқылы Дон, Урал, Волга бойымен
барып, кейде бір сәнді понарамаға айналатын) Онегиннің саяхаты (Россия
әлеуметтік өмірінде ұшығы көріне бастаған ынтымақтық, досьық идеялары
Пушкин творчествасында терең тамыр жайды. А.С.Пушкин ұйымдастырып,
редакциялаған Литературная газета, Современник сияқты басылымдарда ақын
үлгісімен Россия халықтары өмірін демократтық, гуманистік бағытта
көрсететін шығармалар, хабарлар басылып тұру дәстүрге айналды. А.С.Пушкин
ықпалымен көптеген ақын-жазушылар Россияның шет аймағында халықтар, ұлттар,
бұрын белгісіз тайпалар хал-жайына көңіл бөле бастады. Пушкиндік дәстүр ХІХ
ғасырда көрініс берген кейбір буржазиялық – отаршылдық ағымдарға қарсы
дамыды. Орыс әдебиетінде басқа халықтар өмірінде жанашырлық көзқарас
қалыптасты. Сөйтіп, әдебиеттер байланысы тарихы пайда болды. Ал біздің
дәуірімізде қазақ және орыс әдебиеттерінің ынтымақ, байланысы үлкен тарихи
маңыз-мазмұнға ие болды.
Зерттеуші М.И.Фетисов түрлі ұлттар әдебиетіндегі тығыз байланыс
мәселесін сөз ете келіп, ұлы ақынның қазақ әдебиетіне деген қарым-қатынасын
былайша түйіндейді: ...соответствующие факты представ-ляют большой историко-
литературный интерес, поскольку они свиде-тельствуют о внимательном и
дружеском отношении поэта к истории, социальному положению, устно-
поэтическому творчеству, языку казахского народа, к его участию в массовом
крестьянском движении под руководством Емельяна Пугачева. Автордың
төмендегі мына бір ойы Пушкинтану ілімінің қазақ даласына кеңінен қалай
тарай бастағанынан да хабар береді. Если при жизни Пушкин достаточно
определенно и ясно высказал чувства дружбы к казахскому народу, чем и
известной мере укреплял русско-казахские общественно-литературные связи, то
во второй половине ХІХ века пушкинское наследие уже становиться активным
фактором в развитии культуры и особенно новой демократичечкой литературы
Казахстана.
Ақын Орынбор, Орал сапарынан кейін Болдинадо Пугачев тарихын тәмамдап,
Капитан қызы повесін жазуға кіріседі. А.С.Пушкинді орыс әдебиетнің
реформаторы деген В.Г.Белинский анықтамасының терең мазмұны – орыс сөз
өнерінде ұлы ақынның Пугачев көтерілісі тақырыбын тұңғыш көтерумен де,
ойшыл қауымның назарын шаруалар көтерілісінің шежіресіне алғаш рет
аударумен қатар, бұл тарихи құбылыстың мән-маңызын алғаш ашуымен де
айқындала түседі. А.С.Пушкин Пугачев жайындағы тарихи беттер ұрпақ үшін
жоғалып қалмауға тиіс - деп, кейінгілерге өсиет қалдырды.
Россия империясының басқа халықтарының, оның ішінде қазақтардың да
Пугачев көтерілісіне қатысуының кейбір жайлары ақынның әйгілі Капитан
қызы повесінде айтылған болатын. Мысалы, шығарманың Қамал деген үшінші
тарауында Белогор крепосы Орынбордан қырық шақырым жерде. Жолы жайықтың
биік жарлы жағасын қуалай жүреді. өзен әлі қатпапты. Оның қорғасын түстес
толқыны біркелкі қарлы жиекпен жарыса мұңая түнереді. Арғы беті
қырғыз–қазақ даласына ұласады деген суреттемелер бар. Осы тарауда
комендант Башқұрттар үркіп қалған халық, қырғыздар да дәмін татқандай
болған. Бізге жұғысулары мүмкін емес дейді дейді. Капитан қызының
Пугачевшіл-дік деп аталатын алтыншы тарауы өз көзім көрген керемет
оқиғаны суреттеместен бұрын, сол 1773 жылдың аяқ кезіндегі Орынбор
губерниясының хал-ахуалы жайында бірер сөз айта кетейін деп басталады.
Бұл жері байтақ мол өлкені Россия патшалығына жақында ғана бағына
бастаған алуан түрлі тағылау елдер мекен етеді. Сәл күдік алса, шоршып
түсетін, ішкі тәлім, тәртіпке үйренім болмаған жеңілтек, қатыгез елдер
үкімет тарапынан кірпік қақпай бақылауды, тізерлеп күшпен ұстауды керек
қылатын. Қолайлы орындарға крепостар соғылып, оған Жайық жағасын ертеден
иеленген казактар орнықан-ды. Бірақ осы өлкенің тыныштығын күзетуді үкімет
алдында міндетіне алған Жайық казактары біраздан бері толқи бастап, өздері
қауіпке айналған еді. Осы тарауда Пугачевтің Белогорск крепосына жақындап
қалғаны туралы хабарды естігенде Василиса Егоровна жиырма екінші жыл жасап
келеміз осында. Башқұртын да, қырғызын да көргенбіз: ендеше пугачевке де
беріспей шыдармыз! - дейді. Бұл соғысқа әзірліктің себебі не болды екен?
деп ойлады комендант әйелі: - Әлде қырғыздар шабылуын күтер ме екен?
Міне, Капитан қызынан келтірілген бұл мысалдардан қазақ даласы да жым-
жырт үнсіз жатпағаны, онда да толқыныс дүбірі тоқталмағаны аңғарылады.
Ақынның Орынбор, Жайық өлкелерінде болған кездегі әсерлері де осы шығармада
көркем бейнеленген.
Ал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма өнері және көркемдік түсініктер туралы
Поэтикалық аудармаға түсінік
Түпнұсқа және тәржіма: саймасайлық мәселесі
Қазақ авторлары шығармаларын аударудың стилистикалық мәселелері
Ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі (көркем аударма туындысы негізінде)
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Әдеби портрет ұғымының әдебиетте қолданылуы
Аударманың түрлері
Жазбаша аударма және оның түрлері
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Пәндер