Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың математикалық негіздері



Негізгі математикалық функциялар Турбо Паскальдің жүйелік кітапханасында алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде фунцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет.
Турбо Паскальдің негізгі математикалық функцияларына мыналар жатады:
Abs(X)- X-тің абсолюттік шамасын
Cos(X), Sin(X) -Х санының косинусын (синусын) береді, мұндағы Х – радиан бұрышы.
Тангенс және котангенс функциялары Турбо Паскаль тілінде жоқ. Оларды есептеу үшін sin(x)/cos(x) (немесеcos(x)/sin(x) – котангенс үшін) өрнегі қолданылады.
ArcTan(X) -Х санының арктангенcін береді.
Exp(X) -е-нің Х дәрежесін есептейді.
Ln(x) — Х санының натурал логарифмін есептейді.
Pi-дің мәні, pi = 3.14159265
Sqr(X)- X-тің квадратын есептейді .
Sqrt(X)-X-тің квадрат түбірін есептейді. Trunc(X)Х нақты санының бүтін бөлігін береді. (Х санының бөлшек бөлігі алынып тасталып, функция нәтижесінің типі Longint болады)
Frac(X)- X санының бөлшек бөлігін береді.
Int(X) -Х санының бүтін бөлігін береді. Бұл функцияның Trunc функциясынан айырмашылығы есептеу нәтижесінің типі real түрінде болады.
Round(X)- Х нақты санын бүтін санға дөңгелектейді.
Random(X) -0..Х диапазоны арасынан кездейсоқ бүтін санды анықтайды.
Программада Random функциясын қолданбас бұрын, әуелі кейдейсоқ сандардың генераторы Randomize процедурасын іске қосқан жөн. Егер бұл процедура жазылмай кетсе, кездейсоқ сандардың бір тізбегі қайта-қайта шыға беретін болады.
Мысал .-10..10 диапазоны арасынан кездейсоқ 5 санды шығару.
var i: integer;
begin
randomize;
for i:=1 to 5 do writeln(random(21)-10);
end.
Inc(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке арттырады. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, Х-тің мәні автоматты түрде 1-ге артады.
Dec(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке кемітеді. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, X-тің мәні 1-ге кемиді.
Паскаль тіліндегі программа құрылымы
Паскаль тілінде программа үш бөліктен: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.
Программаның тақырыбында программаның аты жазылады, мысалы:
Program ESEP;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Магистранттың межелік бақылау жұмысы №2

Тақырыбы: Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың математикалық негіздері

Орындаған: Жумахан Алия
Тексерген: Арынгазина Ж.Н.

Семей-2015

Негізгі математикалық функциялар Турбо Паскальдің жүйелік кітапханасында алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде фунцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет.
Турбо Паскальдің негізгі математикалық функцияларына мыналар жатады:
Abs(X)- X-тің абсолюттік шамасын
Cos(X), Sin(X) -Х санының косинусын (синусын) береді, мұндағы Х - радиан бұрышы.
Тангенс және котангенс функциялары Турбо Паскаль тілінде жоқ. Оларды есептеу үшін sin(x)cos(x) (немесеcos(x)sin(x) - котангенс үшін) өрнегі қолданылады.
ArcTan(X) -Х санының арктангенcін береді.
Exp(X) -е-нің Х дәрежесін есептейді.
Ln(x) -- Х санының натурал логарифмін есептейді.
Pi-дің мәні, pi = 3.14159265
Sqr(X)- X-тің квадратын есептейді .
Sqrt(X)-X-тің квадрат түбірін есептейді. Trunc(X)Х нақты санының бүтін бөлігін береді. (Х санының бөлшек бөлігі алынып тасталып, функция нәтижесінің типі Longint болады)
Frac(X)- X санының бөлшек бөлігін береді.
Int(X) -Х санының бүтін бөлігін береді. Бұл функцияның Trunc функциясынан айырмашылығы есептеу нәтижесінің типі real түрінде болады.
Round(X)- Х нақты санын бүтін санға дөңгелектейді.
Random(X) -0..Х диапазоны арасынан кездейсоқ бүтін санды анықтайды.
Программада Random функциясын қолданбас бұрын, әуелі кейдейсоқ сандардың генераторы Randomize процедурасын іске қосқан жөн. Егер бұл процедура жазылмай кетсе, кездейсоқ сандардың бір тізбегі қайта-қайта шыға беретін болады.
Мысал .-10..10 диапазоны арасынан кездейсоқ 5 санды шығару.
var i: integer;
begin
randomize;
for i:=1 to 5 do writeln(random(21)-10);
end.
Inc(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке арттырады. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, Х-тің мәні автоматты түрде 1-ге артады.
Dec(X,Y) Х-тің мәнін Y-ке кемітеді. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, X-тің мәні 1-ге кемиді.
Паскаль тіліндегі программа құрылымы
Паскаль тілінде программа үш бөліктен: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.
Программаның тақырыбында программаның аты жазылады, мысалы:
Program ESEP;
Сипаттау бөлімінде:- кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі;
-- белгілерді сипаттау бөлімі;
-- тұрақтыларды сипаттау бөлімі;
-- типтерді сипаттау бөлімі;
-- айнымалыларды сипаттау бөлімі;
# процедуралар мен функцияларды сипаттау бөлімдері
Кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі USES түйінді сөзімен басталып, сипаттау бөлімінде басқаларынан бұрын жазылуы керек. Программада қолданылатын модуль атауларының саны бірнеше болса, олардың арасы үтірмен ажыратылып жазылады:
uses CRT, Graph; Программадағы кез келген операторды белгімен белгілеп қоюға болады.Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады. Белгі ретінде төрт цифрдан аспайтын кез келген санды немесе сөздерді қолдануға болады. Оператор тек бір белгімен ғана белгіленеді. Бір белгі бірнеше операторды белгілей алмайды. Белгілер операторлар бөлімінде сол оператордың алдына жазылып, арасы қос нүктемен ажыратылады. Сипаттау бөлімінде белгілер label түйінді сөзінен кейін жазылады. Мысалы:
label 3, 471, 29, Quit;
Программадағы тұрақтылар өз мәнімен (мысалы, 5,14,13.5, т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы берілуі мүмкін. Тұрақтылар өз атауы арқылы берілсе, онда оның атауын жаза отырып программаның кез келген жерінде пайдалануға болады, бірақ оның атауы мен мәні тұрақтыларды сипаттау бөлігінде төмендегідей түрде көрсетілуі тиіс. Мысалы:
const p=3.14; e=2.7; a='bol'; max=1000;
Айнымалыларды сипаттау бөлімінде программада қолданылатын барлық айнымалалыларды және олардың типтерін көрсету қажет:
var P,Q,R: Integer;
A,B: Char;
F1,F2: Boolean;
Паскаль тілінде программа құрған кезде программада қолданылатын барлық компоненттер (айнымалылар, олардың типтері, тұрақтылар, белгілер т.б. ) сипаттау бөлімінде көрсетіліп кетуі қажет. Олай болмаған жағдайда программа қате деген мәлімет береді.
Операторлар бөлімінде программа мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше оператордың болуы мүмкін. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылады. Операторлар бөлімі begin түйінді сөзінен басталап, end сөзімен аяқталады. Begin мен end сөздерін операторлық жақшалар деп те атайды. Сәйкесінше begin - ашылатын, end - жабылатын жақшалар. Оператор дегеніміз -- алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлардың жалпы жазылу түрі төмендегідей болады:
BEGIN
1-оператор;
2-оператор;
... ... ... ... .;
n-1-оператор;
n-оператор
END.
Әдетте программа мәтіні end сөзімен аяқталып, одан кейін нүкте қойылады. Егер программада бір емес, бірнеше операторлық жақшалар қолданылатын болса, онда нүктені тек ең соңғы орналасқан end сөзінен кейін қою қажет. Басқа end сөздерінен кейін нүктелі үтір (;) қойылады. Паскаль тілінде құрылған қарапайым программалардың біріне мысал келтірейік:
Program bastau; {программа тақырыбы}
const pi=3.14159; { PI тұрақтысының мәнін беру}
var r, l :real; {r, l мәндерінің нақты сан екенін сипаттау}
begin {Операторлар басы}
readln(r); { r мәнін енгізу}
l:=2*pi*r; {Шеңбер ұзындығын есептеу}

write(`шеңбердің ұзындығы= ', l); {Нәтижені экранға шығару}

end. {Программа соңы}
Мұнда программа мәтіні қарайтылған қаріппен терілген, ал оң жақ шетте пішінді жақша ішінде түсініктеме мәтіні берілген, түсініктеме программа мәтініне ешқандай әсер етпейді, оны түсінуді жеңілдетеді, сондықтан әрбір программа түсініктемемен толықтырылуы тиіс.
1-мысал
program misal; {екі санның қосындысын есептеу}
var
x,y,s: integer;
begin
WriteLn(`Бос орын арқылы екі сан енгіз `);
ReadLn(x,y);
s := x + y;
WriteLn(`Екі санның қосындысы `,s);
end.
Бұл программа пернетақтадан екі санның енгізілуін сұрап, олардың қосындысын есептейді және нәтижесін экранға шығарады. Енді бұл программаға аз ғана өзгерістер жасайық. Программа әуелі экранды тазалап, кейін нәтижені сол мезетте экранға шығару үшін қол данушының кез келген пернені басуын талап ететін болсын.
2-мысал
program misal; {екі санның қосындысын есептеу}
uses Crt; {экранды тазалауға және кідіруге қажетті процедураларды орындауға мүмкіндік беретін модульді іске қосу}
var
x,y,s: integer;
begin
ClrScr; {экранды тазалау}
WriteLn(`Бос орын арқылы екі сан енгіз `);
ReadLn(x,y);
s := x + y;
WriteLn(`Екі санның қосындысы `,s);
ReadKey; {перненің басылуын күту}
end.
Енгізу және шығару операторлары
Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады.
Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ (READ - ағылшынша оқу) операторының жалпы түрі (пішімі) төмендегідей:
READ(a1, a2, ..., an);
READLN(a1, a2, ..., an);
READLN;
мұндағы a1, a2, ..., an - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read line - қатарды оқу деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернелерден мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады.
Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, real, char немесе string (сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардың мәндері енгізілмейді. Айнымалылар мәндері өз типтеріне сәйкес Паскаль тілінің ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол шарт бұзылса (мысалы, а1 типі integer болса, ал енгізгенде char типтес мән терілсе), онда экранға енгізу-шығару қатесі шығады, оның пішімі мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы
Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Фортран
JavaScript негізгі ерекшеліктері
ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
Delphi бағдарламасын қолданып мәтіндік редакторын құру және онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Delphi-де «Инженерлік калькулятор» құру
Java тілінде қарапайым сағат құру
Пәндер