Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні,
мақсаттары мен міндеттері 4
1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде 6
1.3 Кәсіпорынды басқару функциялары 7

2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері...14
2.2 Қаржылық есеп берушілік 16
2.3 Баланс 20
2.4 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп беру 28
2.5 Ақша ағымы туралы есеп беру 31
2.6 Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау 33
2.2 КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.2.1 Кіріс құжаттары 37
2.2.2 Шығыс құжаттары 37
2.3 АҚПАРАТТЫҚ БАЗА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.4 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ
2.4.1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы ... ... ... ... 42
2.4.2 Программалық жабдықтау құрылымы ... ... ... ... ... ... ... .44

3.ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
3.1 Құқықтық қамтамасыз ету 60
3.2 Ақпараттық қамтамасыз ету 61
3.3 Техникалық қамтамасыз ету 62

4.АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
4.1 АЖ.ны құруға кететін шығындарды бағалау ... ... ... ... ... ... ...63
4.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды
жаңарту кепілдемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

ҚОРЫТЫНДЫ 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69

ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В
КІРІСПЕ


Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқарудағы ақпараттық жүйе - ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындарда сапалы ақпараттық жүйені тұрғызу арқылы кәсіпорынның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуді қарастыру.
Жұмыс барысында өз алдыма мынадай міндеттер қойылды:
1) кәсіпорынды басқару жүйесін талдау;
2) қаржылық есеп берулермен талдап көрсеткіштердің есептелу жолдарын талдау;
3) кәсіпорынды басқаруға жәрдемдесетін қаржылық есеп берулерді автоматтандыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1) К.Нәрібаев,С.Жұмамбаев. Менеджмент Алматы1998ж.
2) Вейл П. Искусство менеджмента Москва 1993г.
3) Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік-анықтамалық Болашақ 1999ж.
4) Веснин В.Р. Основы менеджмента Мрсква 1996ж.
5) Қ.Р Азаматтық кодексі 75-бап. Алматы 2000ж
6) Герчикова И.Н. Менеджмент Москва1995г.
7) Гвашиани Д.М. Организация и управление Москва 1972г.
8) Мескон М.Х. Основы менеджмента Москва 1992г.
9) Речмен Д.Дж. Современный бизнес Москва 1995г.
10) Санталойнен т. Управление по результатам Москва 1993г.
11) Травин В.В. Основы кадрового менеджмента Москва 1995г.
12) Мескон М.Х. Основы менеджмента Москва 1992г.
13) Андреев В.Д. Практический аудит Москва1994г.
14) Андросов А.М. Бухгалтерскмй учет Москва 1996г.
15) Палий В.Ф. Палий В.В Финансовый учет Москва 1998г.
16) Баймуханова С.Б.,Балапанова А.Ж. Бухгалтерлік есеп Алматы 2003ж.
17) Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит Москва 1994г.
18) Кеуілімжаев Қ.К. Қаржылық есеп Алматы 2001ж.
19) Шишкин А.К. Учет, анализ, аудит на предприятии Москва 1996г.
20) Хорнгрен Ч.Т. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. Москва 2000г.
21) Подольский В.И. Аудит Москва 1997г.
22) Павлова Л.Н. Финансовый менеджмент Москва 1995г.
23) Благодатских В.А. Экономика, разработка и использование программного обеспечения. Москва 1995г.
24) Абрамов С.А. Экономическое обоснование автоматизации обработки информации. Москва 1974г.
25) Автоматизированные информационные технологии в экономике. Под ред. Титаренко. Москва 1998г.
26) Антонюк. Информационные системы в управлении. Москва 1986г.
27) Стассман Поль А. Информация в век электроники: (Проблемы управления): Пер. с англ. с сокр. / науч. ред. и авт. предисл. Б.З. Мильнер. – Москва Экономика.
28) Степанова, Соболев. Экономическое обоснование создания и внедрения АСУ. Москва 1990 В.А. Грабауров Информационные технологии для менеджеров. – Москва Финансы и статистика, 2001г.
29)В.Г. Шипунов, Е.Н. Кишкин Основы управленческой деятельности. – Москва Высш. шк., 1999г.
30)М.А. Винокуров, Р.Д. Гутгарц, В.А. Пархомов Автоматизация кадрового учета: Инфра – Москва 2001г.
31) В.В. Брага, Н.Г. Бубнова, Л.А. Удовенко Автоматизированные информационные технологии. – Москва Компьютер: ЮНИТИ, 1999г.
32) Бабкин Ф.В. «Электронная коммерция и новые организационные формы компаний», Менеджмент в России и за рубежом, выпуск 1, 2000г.
33) Щиборщ К.В. «Интегрированная система управления промышленных предприятий России», Менеджмент в России и за рубежом, выпуск 4, 2000г.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні,
мақсаттары мен міндеттері
4
2. Кәсіпорын басқару объектісі ретінде
6
3. Кәсіпорынды басқару функциялары
7

2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері...14
2.2 Қаржылық есеп берушілік
16
2.3 Баланс
20
2.4 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп беру
28
2.5 Ақша ағымы туралы есеп беру
31
2.6 Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау 33
2.2 КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.2.1 Кіріс құжаттары 37
2.2.2 Шығыс құжаттары 37
2.3 АҚПАРАТТЫҚ БАЗА
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық
база ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық
база ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.4 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ
2.4.1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің
құрылымы ... ... ... ... 42
2.4.2 Программалық жабдықтау
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..44
3.ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
1. Құқықтық қамтамасыз ету
60
2. Ақпараттық қамтамасыз ету
61
3. Техникалық қамтамасыз ету
62
4.АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
4.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды
бағалау ... ... ... ... ... ... ...6 3
4.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды
жаңарту
кепілдемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...67

ҚОРЫТЫНДЫ
68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
69

ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В

КІРІСПЕ

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді
басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды
айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын
қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға,
өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді
шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат
қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа
ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқарудағы ақпараттық жүйе - ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты
жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды
атқарады. Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық
қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында
тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға
керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық
қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы
ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара
байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-
есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге
асады.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды
басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың
барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен
қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау,
есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындарда сапалы ақпараттық
жүйені тұрғызу арқылы кәсіпорынның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуді
қарастыру.
Жұмыс барысында өз алдыма мынадай міндеттер қойылды:
1) кәсіпорынды басқару жүйесін талдау;
2) қаржылық есеп берулермен талдап көрсеткіштердің есептелу жолдарын
талдау;
3) кәсіпорынды басқаруға жәрдемдесетін қаржылық есеп берулерді
автоматтандыру.

1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Басқарудың қажеттілігі мен мәні, мақсаттары мен міндеттері

Басқарудың мәнің оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай
ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі
табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы
басқару (әлеуметтік басқару).
Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:
1) басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;
2) басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі – кәсіпорын
болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда
зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі
корпорацмяларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша
айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін
анықтауда және т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.
Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың
арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе
байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын
үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік
өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған.
Меншік иесі – капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы
қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының бүртүтас
жүйесі пайда болды.
Өндіріс орны техникалық, материалдық және адам ресурстарының күрделі
қисындастыруы деп атауға болады. Техникалы-технологиялық жүйе мен
кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен органикалық
бірлікте болады. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін,
ұйымдасу мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспекиілерді
ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процессінде адамдардың бірлескен
әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастар
жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және
т.с.с. зерттейді.
Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше
нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін
асыра сілтеу дұрыс емес , әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады.
Кәсіпорынды басқарудың мәнән анықтай отырып, онда кез-келген басқа
жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын
естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін
толығырақ сипаттайды .
Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында,
ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т.с.с.,
бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше
заңдылықтарымен тығыз байланысқан.
Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің
мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың
жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.
Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды,
принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық
тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын
қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау,
ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процесстері әр
түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей
емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және
әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет.
Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған
қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің
біртұтас бірігуі процесстерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және
нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы
болып табылады.
Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар
тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай
дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-
білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.
Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару
ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылами негізделіп
келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала
береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттардда
басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдануөнерін меңгере білуімен
қамтамасыз етіледі.

1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде

Кәсіпорын – қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған
дербес өндірістік-шаруашылық бірлік (шаруашылық жүргізуші субъект);
өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен өнім өндіру,
жұмысты орындау, қызметтерді көрсету үшінқұрылады және өндіріс құрал-
жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға
құқықтарына ие болады, шаруашылық есеп принципінде әрекет етеді және өзінің
құрлымында басқа заңды тұлға болмайды.
Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін,
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы
иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп
саналып, заңды тұлға құқығына ие болады.Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру
туралы шешімді немесе құрылтайшыоардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және
басқа құжаттарды ұсынады. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның
келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық
жүргізуші субъектілер , сондай – ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу
құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган
арқылы мемлекет , еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде
шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік
нысандарына қарай кәсіпорын Жеке , мемлекеттік ұжымдық немесе аралас
меншіктегі , сондай – ақ қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында
құрылуы мүмкін . Олар жекеше кәсіпорын, серіктес ( жарнапұлға негізделген
серіктестік) , акционерлік қоғам , мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық
кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс
істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық
бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, биржалар,
коммерциялық банктер құрудың тиімділігі пайда болды.

1.3 Кәсіпорынды басқару функциялары

Жоспарлау.
Амарикандық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты
функциясы функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда,
жоспарлау жүйесі келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек,
қашан, кім және қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін
қандай ресурстар қажет. Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша
қызметтерді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау болып табылады.
Жоғарыда аталған этаптар неғұрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланыста
болса, соғұрлым басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі бір
уақыт кезеңінде болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін
анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Жалпы сипаиттама бойынша жоспарлауға енетіндер:Сыртқы қоршаған ортаның
даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды
қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оны орындауға
қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау өнімдері жоспарлар жүйесі
болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және оперативті. Жоспарлау
процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортақ мақсаттарына сай
келетін қызметтердің орындалуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етуі
керек.
Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар
қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды
қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасынлда дұлыс бөледі.Белгілі
өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас
білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы
теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып,
әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты.
Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі
болып табылады .
Жоспарлау мәні – кәсіпорынның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін
қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды
пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі
шешімдер қабылданады:
1) ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларын таңдау;
2) қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін немесе қатерлі
жағдайларды жеңіп шығатынұйғарымды бағыт пен іс-қимылдарын тудыру;
3) бақылау жүргізу үшін оперативиі қызметтердің стандарттарын
қалыптастыру;
4) өзгеріп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта қарау.
Болашақ мүмкіндіктер зерттеліп, сыртқы ортаның түрлі факторларының
әсері анықталып, ықтимал шектеулер бағаланғаннан кейін кәсіпорынның болашақ
іс-әрекет мақсаттары қалыптастырылады. Ең маңызды мақсаттар қатарына
мыналар жатады: пайданың белгілі бір деңгейін, сату көлемін қамтамасыз ету,
товарлардың жылдам өтуі, рынокқа ену, өнімдер сапасын арттыру, еңбек
өнімділігін жоғарлату, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өндірісті
ырғақпен, бір қалыпта жүргізу.
Фирманың басты мақсаты – белгіл бір пайда көлемін табу – ұйым
қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген
жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады.
Бұл үшін мақсаттар ағашын құрастыру әдісі қолданылуы мүмкін.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін:
1) негізгі жалпыэкономикалық және рыноктағы жағдайлар, фирманың және оның
бәсекелестерінің нарыққа тигізетін әсері, өткен мерзімдердегі сатулар
мен түскен пайда туралы мәлімет қажет;
2) ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып, әр берілген уақытта
қызмет көрсету мен өндірістің оптималды құрылымын анықтау керек;
3) қолда бар ресурстарды жедел есептеп және оларды икемді, шебер
пайдалану қажет;
4) жоспардың орындалу барысын бақылап және қажет болған жағдайда өз
уақытында жоспарды түзетіп отыру керек.
Жоспарлау – тиімді басқаруды ұйымдастыруда жауапты да қиын жұмыс,
өйткені көбінесе мақсаттарды, туатын мүмкіндіктерді, проблемалар мен
альтернативаны белгілеуде орасан қиындық кездеседі. Сонымен қатар нарықты
экономикада коньюктура ұдайы құбылып тұрғандықтан жоспарларды түзету, оны
дәлірек анықтау қажеттігі жоспардың орындалуын қосымша қиындата түседі.
Ұйым жоспарларының өзара байланысы. Ұйымның стратегиясын қойылған
мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін қажетті іс- әрекеттердің жалпы
жоспары ретінде анықтауға болады; ал мақсаттар – болашақ іс белсенділігінің
қалаулы түпкі нәтижелері деп анықтауға болады. Ұйым стратегиясы қоршаған
жағдайды және күтпеген жағдайды есепке ала отыпып, кәсіпорын қызметінің
болашақ перспективаларын зерттеу нәтижесінде туады. Ол үшін іс-әрекеттердің
ықтимал бағыттар диапазоны қарастырылып немесеәрі қарай тәптіштеп зерттеу
үшін бірнеше вариантын белгілейді. Болашаққа бағытталған жоспардың негізгі
баптарын қойыоған мақсаттарға сай, сыртқы және ішкі факторларға сүйеніп
орнатады.
Қандай өнім шығару не қызмет көрсету керек екендігін анықтайды,
кәсіпорын ресурстарын және бәсекелестер күшін есепке ала отырып, рыноктағы
өзінің іс-әрекетінің бағытын қалыптастырады.
Ортақ немесе негізгі мақсаттар келесі түрде орнатылады. Жоғарғы
басшылар әр бөлімше үшін бірнеше жылдық кезеңге алғы бастағы жалпы және
таза табыс шамасының түрлі варианттарын ұсынады. Әр бөлімше әбден
талқылағаннан кейін өздерінің ой-тұжырымдарының білдіреді, одан кейін оны
штаб қызметкерлері мен тікелей басшылар алдын-ала дәйекті талқылайды.
Сөйтіп, жалпы стратегияны жобалауға негіз салынады. Бекітілген мақсаттар
кәсіпорын не оның болімшелері үшін өзгергенге дейін өз күшін сақтайды.
Стратегиялық жоспарды құру кезінде көптеп қабылданған шешімдер ішінде
кәсіпорынның жалпы, басты мақсаттарын белгілеу маңызды орын алады. Қалған
шешімдердің маңыздылығы төмендеу, олар ортақ мақсаттарды тиімді орындау
үшін арналған.
Ұзақ мерзімді жоспарларға тән мына ерекшеліктерді атап өтуге болады:
1) жоспарлар әдетте іс-әрекеттің тек бір стратегиясын қамтып көрсетеді;
2) қоршаған ортада қолайлы мүмкіндіктер немесе қатерді талдағанда
кәсіпорынның барлық әлсіз және күшті жақтары бағаланады;
3) жоспарлар әдетте алғы шарт пен болжауларды қамтиды, бірақ олар
тәптіштеліп жасалынбайды. Көптеген жағдайларда тәуекелділік дәл
анықталмайды, алайда есептеуіш техникалардың дамуы және қолдануы
жақсарған сайын тәуекелділікті талдау мен ықтималдылықты бағалау жиі
ескерілетін болды;
4) жоспарлар кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерін белгілейтін
нақты мақсаттарға негізделеді. Мақсаттар қаржы көрсеткіштері арқылы
тұжырымдалады;
5) ұзақ мерзімді жоспарда қаржы жағына көп назар аударылады.
Жоспарланатын бүкіл іс-әрекет қаржылық сипаттамалармен бейнеленіп,
тиісті құжаттарда қамтып көрсетіледі.
Бүкіл кәсіпорынның стратегиялық жұмыстарын белгілеу жұмысты аяқталған
соң, мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін олар, көрсеткіштер жинағы түрінде
беріледі.
Бұл өндірістік кәсіпорындардың басқару жүйесінде қолданылатын
іріктелген стандартты көрсеткіштер.
Тиімді жоспарлау жүйесін құрудың қажетті шарттарының бірі болып ұзақ,
орта және қысқа мерзімді жоспарлардың өзара үйлесімдігі танылады. Ол үшін
басқарушылардан жоспарлау пәнін тек түсініп қана қоймай, сонымен қатар
жоспар жасауды жеңілдететін талдау құралдамасына ие болу, оны жаңартуға
және іс жүзіне асыруға дайындық керек. Осы күнгі информациялық технологияны
қолдану арқасында жоспар құрастыру дәрежесі өсуде және жан-жақты жобаларды
тығыз үйлесуімен олардың орындалуын дәл бақылау үшін көп мүмкіндіктер туды.
Жоспарлаудың ұзіліссіздігі және икемділігі, жоспардың орындалу фазасы
оның жобалану фазасының тікелей жалғасы деп қарастыру арқылы қамтамасыз
етіледі. Теория жоспардың орындалу мәселесін шешу үшін бір қатар тиімді
ұйымдастырушылық әдістерді ұсынуда. Олардың бірі болып мақсат боынша
басқару әдісін атауға болады.
Бұл әдіс бойынша кәсіпорынның ресми перспективалық жоспарымен
сабақтасқан әр басқарушылардың жеке жоспарларын жасау арқылы жоспарлаудың
үзіліссіздігі мен икемділігін қамтамасыз етеді. Басқарушы мен оның қол
астындағы қызметкерлердің жоспарларын үйлестіретін прцедураларды тиісті
түрде ұйымдастырылса ықылас, ынта өсіп ой-туу интенсивтілігі елеулі
жоғарлайды. Мұнда әрдайым жоғары басшылар жағынан мұқият бақылауды және
жеке жоспарларды үнемі қайта қарауды және уақытында қайта қарауды және
уақытында қаралуды талап етеді.
Бұл процедуралар арнайы, болашаққа бейімделген кадрлар біліктілігін
жоғарылату мен оларды тиімді қолдану бағдарламасымен толықтырылады. Мұндай
мақсаттарды орындау процедуралары және қызметкерлердің мотивациялау
бағдарламалары жоспарды жақсартуына және оның тиімді орындалуына өз себебін
тигізеді.
Ұйымдастыру.
Кәсіпорын басшысы ұйым құру проблемасымен кездеседі. Адамдар топты
әрекетесудің артықшылықтарын түсінгеннен кейін бері бұл мәселені шешуге
әрдайым зейін аударып отырады. Басшылар ұйым құрылымын жобалау үшін белгілі
бір теориялық негіздерге суйенулері қажет.
Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл процесс көмегімен
жұмыстар мен өкілеттіктер құрылымы жасалады. Бұл процесс кезінде түрлі
құрылымдардыңсалыстырмалы артықшылықтарын бағалай отырып шешім қабылданады.
Ол бір ретте немесе бірте-бірте дамуы мүмкін, онымен бір басшы немесе
басшылар тобы шұғылдануы мүмкін.
Құрылым кәсіпорын ішіндегі әр түрлі жұмыстар арасындағы біршама
белгіленген арабайланыс қатарына жатады. Тұрақты арабайланыстар шешімдер
қабылдау прцесінің нәтижесі болып табылады, ал соңғысы мынаны түсіндіреді:
1) Бөлімнің жалпы тапсырмасы тізбектелген ұсақ жұмыстарға бөлінеді және
оның әрқайсысын орындау үшін бөлім қызметкерлері маманданады;
2) Жұмыстардың жеке түрлерін қайтадан қиыстырып топты құруды рационалдау
үшін топтастырады; бөлімдерге бөлудың мәні осында жатыр;
3) Бір бастық алдында есеп беретін топтың шамасы анықталуы тиіс; бұл
жерде әңгіме бақылау мәселесі туралы туады;
4) Өкілеттіктер жұмыстар немесе жұмыс топтары арасында үлестіріледі. Бұл
жерде өкілеттіктерді табыстау туралы мәселе шешіледі.
Осы төрт мәселені шешудің нәтижесі болып кәсіпорын құрылымы болып
табылады. Кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар дәл
анықталып, бірыңғай бөлімдер және бақылаудың тарылған салалары мен
орталықтанған өкілеттері анық болуы тиіс.
Ынталандыру.
Басқарушы үшінынталан ынталандыру қажеттілігі адамдардың дұрыс немесе
теріс реакциясы пайда болуына байланысты мәселе. Егер де осы қойылған
сұраққа жауап оң болса , өндіріс жоғарылайды, ал теріс болған жағдайда
өндіріс іркіледі. Басқарушының тұрақты мақсаттарының бірі-өнімділікті және
орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып табылады. Тиімділікті
өсірудің шегі бар, еңбек бірлігінің құндылығын үнемдеуге әлбір қызметкерге
шаққандағы өнімді арттыру арқылы жетуге болады.
Мұны жүзеге асырудың көптеген жолы бар. Бірақ, оның ішіндегі ең
жақсысы – еңбек өнімділігін өсіру стимулы (ынтасы) ретінде материалдық
мадақтауды пайдалану.
Ынталандыру және өнімділік.
Ұйымның жоғары өнімділіккке жетуі көптеген факторлардың әсерінен
туатын нәтиже. Станоктар және материалдар түрінде жүзеге асырылған ғылым
мен техниканың жаңа жетістіктері, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың озық
әдістері өнімділікті жоғарылатты. Әйтсе де, машиналарға жұмсалған
қаражаттар жансыз болады. Тек адам элементі енгізілгенде ғана олар
өнімділікке айналады.
Өндірістің жансыз факторларымен жұмыс істей отырып, басқару кіріс-
шығыстың ара қатыныстарын дәл анықтай алады. Адамдарды қарастырғанда жігер,
көңіл күй немесе қалау еркіндігі сияқты материалдық емес факторларды ескеру
керек. Жұмысшылар өз қалауымен өнімділікті төмендете немесе жоғарылата
алады. Осындай адам қасиеттері басқаруду өте шиеленіскен проблема –
ынталандыру мәселесіне әкеліп соқтырады.
Бақылау.
Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне
бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың – жоспарлау, ұйымдастыру және
мотивациялау сияқты функциялармен үнемі байланымты болуы керек. Бақылау
функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрлымын
жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.
Бақылауды ұйымдастыру қазіргі замандағы басқарудың күрделі мәселесі
болып табылады, өйткені бақылау функциясы көбіне тікелей басшылардың
мойнында бұрынғышақалып отыр. Басқарушылық бақылау ұйым жұмысының
тиімділігін көрсететін және стратегиялық шешімдерді түзету, күнделікті
қызметті реттеу туралы сапалы ақпарат беру керек. Ол болашақта көптеген
ішкі және сыртқы материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын пайдалану
тиімділігін талдауды қамтиды. Бұл жерде сандық көрсеткіштен басқа да
бағалау қажет, басқаша айтқанда санмен сипаттана алмайтын факторларды
ескеру қажет.
Практика жүзінде бақылаудың жалпы басқару аспектілеріне оперативті
бақылаудың мәселелеріне қарағанда аз көңіл аударылады. Көп мамандар мұндай
практиканың теріс жағын айтып, жалпы бақылау маңыздылығын төмендетпеу
керектігін айтады.
Басқарушылық бақылаудың тиімділігі ұйым тіршілігінде ең маңызды роль
атқарды. Басқарушылық ьақылау алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз
етуден тұрады,ақпараттың бағытын ұйымдастыру арқылы орындап тұрады. Бақылау
әртүрлі бөлімшелер жұмыстарының нәтижесі туралы ақпаратты жинап, өңдеп және
баға береді.
Бақылау процесі ретінде келесі этаптардан тұрады:
1) Өндірістік процестерді орындау саласы және басқа операциялард
салаларында стандарттарды тағайындау;
2) Нақтылы нәтижелерді нормалармен салыстырып ауытқуларды анықтау;
3) Ауытқуларды жоюға немесе жоспар мен нормаларды қайта құру арқылы іс-
қимылдар ұйымдастыру.
Бақылау жүргізу үшін сандық және сапалық нормалар (стандарттар) орнату
керек. Нормалар ретінде жұмыстың нәтижесін бағалайтын критерийлер
қолданады. Жұмыс істеу нормаларына қойылатын талаптар: олар дәлелді, икемді
болуы қажет және жаңа жоспар құрылған сайын жаңартылып тұру керек.
Жұмысты талдау дегеніміз – нақты көрсеткіштерді нормалармен салыстыру,
жетіспеушіліктер мен ауытқуларды анықтау және олардың себебін түсіндіру.
Кез-келген ауытқуларды дер кезінде зерттеп талдау керек, өйткені олар
кезекті шешімдерді дер кезінде қабылдауға және түзетулерді уақытында
енгізуге мүмкіншілік береді. Бұл әрекеттер – нақты нәтижелерді жоспарлық
нәтижелерге жақындату – бақылаудың басты және соңғы фазасының негізін
құрайды. Бұл жерде жоспарларды түзететін және жаңа норма қайта құру
процедурасын ойластырады.
Бақылаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді
қабылданатынына тәуелді.
Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру
жүйелерін ұйымдастыруға негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық
қызметтер орындары ақпаратты жинап өңдейді, бұл ақпарат бұрынғы
жетістіктерді сипаттайды, мақсатттарды белгілеуге қажет тенденцияларды
айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді
жоспармен салыстыруға т.б. ақпаратты жеткізеді.
Жауапкершілікті есептеу концепциясының негізгі ойы қарапайым: әрбір
басшы жалпы жұмыстардың белгілі бөлігіне жауап береді. Есеп жүйесі басшы
жауап беретін іс-әрекеттердің нәтижелерін өлшеуге мүмкіншілік беруге
құралады. Ол үшін жауапкершілікті әрбір басшыға табыстау оңай болу
мақсатымен оларға тапсырмалар тәптіштеп орнатылады. Бақылаудың тиімділігі
жоғары болсын десек, есеп беру жүйесі жоспарлау жүйесіне сай болу керек.
Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер
шешімдерінде болады. Егер қызмет барысы жоспар бойынша жүріп жатса басшыға
ешқандай ақпарат түспеу керек . Ауытқу бойынша басқару принципі басшының
назарына әр түрлі ауытқуларды туғызатын жағдайлар ғана түседі. Ауытқу барын
белгілейтін бақылау ақпараты басшыларға тез талдау жасап, қажетті шаралар
қолануға итереді. Осының нәтижесінде басшылар маңызды және ”тар жерлерге”
көңіл бөліп оларды жоюға мүмкіндік алады.
Бөлімшенің және оның басшыларының жұмысына бақылау мақсаттық әдісіне
негізделген. Бұл әдіс бойынша әр бөлімше, әр басшыға өз функциясына сай
нақтылы және мақсат қойылады және сан мен сапалы көрсеткіштерінен тұратын
жоспар бегітіледі.
Мақсатты әдіс бақылауда дәстүрлі тәжірибенің кемшіліктетін жоюға ,
оның ішінде адамдардың моральдік-психологиялық факторларын елемеуден
айырады; ынталандыру факторы ретінде қызмет етеді, өйткені қызметкерлердің
өзінің рөлін түсінгендіктен алдына қойылған мақсаттарды орындауға ат
салысады.
Мақсат бойынша басқару әдістерінің негізгі қолдану проблемасы ретінде
субъективизмді, мақсаттардың қойылымының дұрыс болмауын, өсу қарқынына
негізделген жоспарлау тәжірибесінен аралу болып табылады. Әр түрлі
қызметкерлер және бөлімшелер мақсатын салыстыруға болмайтындықтан, сапа
жағынан айырмашылығы олардың қызметін дәл бағалау критериі ретінде
пайдалануға көп кедергі туады.

2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ

2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері

Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы
болып басқаруды жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен
формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық
құралдардың көмегі арқылы ақпараттың жиналуы, өңделуі мен жіберілуінің
әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы
негізінде жүріп жатыр.
Түрлі ақпаратты-техникалық жаңалықтарды басқару аппаратының арзандауы
мен кішіреуі ретінде қабылдау керек. Мысалы телефон, радио, телевидение,
персоналды компьютерлер, локальді және глобальді – Интернет компьютерлік
желілердің шығуы кәсіпорынды басқарудағы ақпаратық қамсыздандыруының
дамуына алып келді. Сонымен кәсіпорынды басқаруда ақпараттың маңызы әрдайым
өсіп келе жатыр, оның себебі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктердің
өзгеруі, техника және технология саласында жаңа жетістіктері, ғылыми
ізденістер. Ғылыми-техникалық революция ақпаратты өндіріс процессінің
маңызды факторы ретінде шығарды. Ақпараттық процесс жұмыс күшінің
өнімділігінің жоғарлату, өндіріс процессінің тиімді ұйымдастыру құралы
ретінде жаңа техниканың жұмыс істеу шарты болып табылады. 24, 45-бет
Басшыларға әсіресе, қаржылық бөлімдердің басшыларына бүкіл кәсіпорынға
байланысты күрделі шешімдер қабылдау керек. Ал жедел міндеттердің
шешімдермен толы болуы басқару процессін одан әрі күрделендіреді.
Кәсіпорындаға жақсы ақпараттық жүйе мыналарды береді:
• Біртұтас мәліметтер базасы негізінде басшылар мен қызметкерлерге
толық, шынайы және жедел ақпаратты қамтамасыз ете отырып кәсіпорынды
басқару тиімділігін жоғарлату.
• Документтердің айналымын оптимизациялау мен стандарттау арқылы іс
жүргізу процессін жеңілдету.
• Процесстерді автоматтандыру арқасында қызметкерлерді көптеген
жұмыстардан босатып оларды мамандық ісіне бағыттауға мүмкіндік береді.
• Басқарудың барлық деңгейінде ақша құралдары мен материалды-тауарлы
запастардың сенімді бақылануын қамтамасыз етеді
• Орталық аппарат пен бөлімшелердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз
ету
• Ақпаратты өңдеудің барлық деңгейлерінде ақпарат қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорындағы ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары мыналар болып
табылады:
• Кәсіпорын қызметі және сыртқы орта туралы ақпаратты жинау, өңдеу,
сақтау және қаржылық немесе кез-келген басқа талдау үшін ыңғайлы
түрде беру және басқарушылық шешімдерді қабылдауда оларды
пайдалану.
• Кәсіпорынның бизнесс (технологиялық) операцияларын автоматтандыру
Ақпараттық жүйенің нағыз тиімділігін бағалау үшін жақсы құрылған
ақпараттық жүйенің атқаратын міндеттерін түсіну қажет.
Өндіріс процессін жоспарлау. Түрлі деңгейлердегі стратегиялықтан бастап
жеделге дейін өндіріс жоспарларын құру және өндіріс қуаты мен адам
ресурстарына сәйкес олардың жүзеге асу мүмкіндігін тексеру. Жоспарлардың
нақтылануы әр деңгецде әртурлі болып келеді – стратегиялық жоспарлау
міндеттерін шешуге керекті өнім жиынынан бастап өндірісті жедел басқаруға
керекті нақты материалдар мен өндіріс операцияларға дейін; 25, 67-бет
Сатып алуды, сатуды, запастарды басқару. Бұл сатып алу, сату, өндіріс,
қойма запастарын есепке алу және жоспарлау процесстерін автоматтандырылуы;
Қаржыны басқару. Әдетте бұл бугалтерияны жүргізу, дебитор мен
кредиторлармен есеп айырысу, негізгі құралдарды есепке алу, қолма-қол
ақшаны басқару, қаржылық қызметті жоспарлау;
Қызметкерлерді басқару. Қызметкерлерді басқару жүйеастында
қызметкерлермен жұмыс істеуге байланысты барлық істер жүзеге асырылған:
қызметкерді жұмысқа алу, босату, қызметкер туралы мәліметтерді есепке алу,
олардың қызметте жоғарлауын жоспарлау, жалақыны есептеу және жұмыс уақытын
есепке алу. Қызметкерлерді белгілі бір ресурс ретінде қарастыра отырып
ақпараттық жүйені пайдалану өндіріс жоспарларын қызметкерлердің
потенциалымен салыстыруға мүмкіндік береді; 27, 105-бет
Проекттер мен бағдарламаларды басқару. Бүгінгі кәсіпорын қызметі түрлі
өндірістік проекттер мен бағдарламаларды жүзеге асырумен ерекшеленеді;
Өнім мен технологиялық процесстерді жоспарлау. Өнім құрамы, оны
өндірудің технологиылық жолдары, тапсырушының талаптарына сәйкес өнімді
жетілдіру туралы ақпарат және осындай өнім шығарған кездегі кәсіпорынның
шығындарын анықтау;
Көріп отырғанымыздай ақпараттық жүйелер көп нәрсені істей алады. Алайда
мұндай жүйені қаржыландыру тиімдігін жоғарлату үшін қандай жүйенің керек
екендігін анықтап алу керек. Мұндай жерде неғұрлым функция көп болса
соғұрлым жақсы деп ойлау да қате болады. Себебі жүйе үлкен болған сайын ол
қымбат болады және оның барлық функционалдық мүмкіншіліктері пайдалынбауы
мүмкін, содан ол өз-өзін ақтамауы мүмкін.

2.2. Қаржылық есеп беру

Белгілі бір кәсіпорынды басқарудың ақпараттық база жүйесін құру
кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен, құқытық-ұйымдастырушылық формасымен,
шаруашылық қызметтің диверсификациясының көлемі мен дәрежесіне және тағы
басқа жағдайлармен байланысты
Сондықтан кәсіпорынды басқаруда қолданылатын ақпараттық базаға
енгізілетін көрсеткіштерді ақпарат көздері бойнша жіктеуге болады. Олар:
1) Мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын ерекшелейтін көрсеткіштер.
Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштері стратегиялық шешімдерді қабылдау
кезінде кәсіпорынның сыртқы орта жағдайын болжамдау үшін қолданылады. Бұл
топқа келесі көрсеткіштер енеді:
1) мемлекеттік бюджет кірісі;
2) мемлекеттік бюджет шығысы;
3) бюджеттік дефицит көлемі;
4) ақша эмиссиясының көлемі;
5) халықтың ақша табысы;
6) халықтың банкке салымдары;
7) инфляция деңгейі,
8) Ұлттық Банктің пайыздық қойылымы.
2) Кәсіпорынның саласына байланысты көрсеткіштер
Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі кәсіпорыннның оперативті шешімдер
қабылдауына жәрдемдеседі. Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
1) өнімнің баға индексі;
2) негізгі қызметтен түскен пайда бойынша салық ставкасы;
3) активтердың жалпы құны, соның ішінде айналым активтері;
4) қолданылып жатқан капиталдың жалпы құны, соның ішінде өзіндік
капитал;
5) өндірілген және сатылған өнімнің көлемі.
Бұл топқа бәсекелестер қызметін ерекшелейтін көрсеткіштерді жатқызған
жөн.
Бұл топтың көрсеткіштерін құру көзі болып прессадағы жария етілген есеп
беру материалдар, сәйкесінше рейтингтер, ақпараттық қызмет нарығындағы
ақылы бизнес-мәліметтер.

3) Қаржылық нарықтың конъектурасын ерекшелейтін көрсеткіштер.
Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштер жүйесі ұзақмерзімді қаржылық
салымдар портфелін құру кезінде, қысқа мерзімді қаржылық салымдарды және
басқа операцияларды жүзеге асырған кезде қолданылады.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
1) биржалық және биржалық емес қор нарықтарында айналысқа түсетін
бағалы қор құралдарының (акция, облигация және т.б.) негізгі
түрлері;
2) негізгі бағалы қор құралдарының ұсыныс және сұраныс бағалары;
3) негізгі бағалы қор құралдары бойынша мәміле көлемдері мен
олардың бағалары;
4) қор нарығындағы баға динамикасының жалпы индекстері
5) кейбір валюталардың ресми бағамдары;
6) банкаралық биржаларында кейбір валюталардың сату-сатып алу
бағамдары және т.б.
Бұл топ көрсеткіштерінің жүйесінің құрылу көзі болып комерциялық
басылымдардың мәліметтері болып табылады.
4) Кәсіпорынның ішкі ақпарат көздерінен құралатын көрсеткіштер.
Осы көрсеткіштер жүйесі негізінде талдау, жобалау, болжамдау және
басқарудың барлық бағыттарындағы оперативті шешім қабылдаулар жүзеге асады.
Бұл топтың артықшылығы болып олардың құрылуының қалыптылығы,
сенімділігі мен шынайлығы табылады. Осы көрсеткіштердің ең негізгі көзі
болып қаржылық есеп берушілік болып табылады.
Қаржылық есеп берушілік – қолданушының шешім қабылдауы үшін
кәсіпорынның жағдайы туралы объективті, шынайы, жанажақты ақпаратты ыңғайлы
және түсінікті формада беру мақсатында документтерге негізделген қаржылық
есеп көрсеткіштер негізінде құрылған есепберушілік формаларының жиынтығы
14,45-бет.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп берушілікке келесі
қолданушылар қызығушылық білдіреді:
1) міндеттері сала немесе аймақтың экономикалық өсуі болып табылатын
мемелекеттік органдар үшін, сонымен қатар бюджеттік қаржыландыру
қызметкерлері, салықтық есептеулер мен есепберушіліктің дұрыстығын
тексеретін салықтық орган қызметкерлері үшін;
2) Кәсіпорын саясатын реттеу мақсатында салынған ресурстарының
нәтижелігін бағалауы қажетті кәсіпорынның иеленушілері, акционерлер
үшін;
3) өзінің кәсіпорының дамуы үшін банктен несие алғысы келетін немесе
инвесторларды тартқысы келетін кәсіпорынның басқарушылары үшін.
Қаржылық есеп берушілік олар үшін инвесторларға үшін проекттің бизнес-
жоспарын талдап ұсынуға мүмкіндік береді, есепберушілік мәліметтер
негізінде қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті анықтауға болады,
инвестициялық шешімдердің дұрыстығын, капитал құрылымының тиімділігін,
дивиденттер саясатының негізгі бағыттырын бағалауға болады.
4) қызметтік байланыстардың сенімділігін анықтайтын сатушылар мен сатып
алушылар үшін;
5) осы кәсіпорында жұмыс істеу перспективасын бағалау үшін қызметкерлері
үшін;
6) жеке және институционалды несие берушілер, инвесторлар, сақтандандыру
компаниялар үшін инвестициялық проекттердің тиімділігін бағалауға,
несиенің беруі мен ұзартылуы немесе несиені қайтарылу кепілдігі
жөнінде несие шарттарының дұрыстығын бағалауға жәрдемдеседі;
7) қор биржалар үшін кәсіпорынды тіркеген кезде есеп берушілікте берілгкн
ақпаратты бағалаған кезде;
8) контракт шарттарын орындауын, пайданы бөлу, диведенттерді төлеу,
зейнетақылық қамсыздандыру шарттарын анықтау кезіндегі заңға
сәйкестіліктін бағалау үшін керекті есепберушілік ақпаратқа деген
қажеттілігі бар заңгерлер үшін;
9) ақпараттық агенттіктер мен баспа үшін сала мен кәсіпорын қызметін
талдау мақсатында даму тенденцияларын, сондай-ақ статистикалық
көрсеткіштерді бағалаған кезде;
10) сауда-өндірістік ассоциациялар үшін есепберушілікті кәсіпорынның
қызмет нәтижесін сала деңгейінде бағалау мен салыстырмалы талдау үшін
пайдаланады;
11) еңбек келісімдердің шарттарын анықтау кезінде және кәсіпорын жататын
саланың даму тенденцияларын бағалағау кезінде есепберушілік ақпаратқа
қызуғушылық білдіретін профсоюздер үшін;
12) есепберушілікті капиталды орналастыру жөнінде клиенттер үшін кеңесті
құру кезінде консультальтациялық фирмалар, қаржылық мәселелер жөнінде
кеңесшілер үшін;
13) аудиторлық қызмет үшін инвестор мүддесін қорғау мақсатында
есепберушілік ақпаратының заңдық талаптарына, шарттары мен
стандарттарына сәйкестігін тексеру кезінде.

Қаржылық есеп беру – бұлкәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-
шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған
көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының 1996
жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны
мен қызмет түріне қарамастанБухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына
көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп
берунысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,
мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процессінің соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына
сипаттама беретін жиынтық деректер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
нәтижелерікөрсетіледі.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылықұ жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын
және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін көрсететінкөрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашырытылған құралдардың
(яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым)
құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорының меншікті
қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берулердің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз
көздерімен қамтамасыз етілетіндігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық
есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттігін, яғни оның міндеттемелер
бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік
береді.Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу
дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым
өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның
мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді
пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға
болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес-кәсіпорындардың ортасында
жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды 16,62-63-бет.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау
кезінде өте маңызды болмақ.
Кәсіпорынның қаржылық есепберушілігінің мақсаттары:
1) қаржылық жағдай туралы потенциалды несиие берушілер мен инвестрларға
сенімді және шынайы ақпаратты ұсыну;
2) бар инвесторларға ақша ағымдарының қозғалысы, экономикалық ресурстар,
капитал және жалпы табыс жөнінде ақпарат ұсыну.
Қаржылық есепберушілік бухгалтерлік мәліметтердің жинау, өңдеу және
соңғы жалпылау нәтижесі болып табылады. Қаржылық есепберушіліктің
Қазақстандағы негізгі формалары болып табылады:
1) Баланс (форма 1);
2) Табыс пен шығын туралы есеп беру (форма 2);
3) Ақша қозғалысы туралы есеп беру (форма 3).

2.3. Баланс

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті
талдауда,басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың,
ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алу үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы,
құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері
туралы мәліметтер алады.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен
белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және
олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3.09.1994ж №10-41143
хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің
түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен
кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның
сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі
көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни
баланс пассиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі
баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі
топтарда көрсетілмегендігімен түсіндіріледі.
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады.
Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу
көздеріне сәйкес келеді. Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда
болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің
көрсеткіші бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты
жасаған кездебұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың
экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады 16,16-бет.
Кәсіпорынды құрған кезде иеленушілер әдетте инвестиция ретінде ақша
құралдарын, өндіріс құралдарын, товарлы-материалды құндылықтарды т.б.
салады. Кәсіпорын қызметі басында активтер құндылығы иеленушілердің осы
салымдарына тең болады.
Активтерді сондай-ақ несие берушілерден алуға болады. Мысалы кәсіпорын
бір нәрсе сатып алу үшін несиеге ақша алуы мүмкін. Сонымен бұл жерде несие
берушілер кәсіпорын активын арттырып отыр. Несие берушілер құралдары
міндеттемелер деп аталады.
Бухгалтерлік есептің негізгі принципі: Өзіндік капитал мен
міндеттемелердің қосындысы активтерге тең және оны мына түрде көрсетуге
болады:

АКТИВТЕР = МІНДЕТТЕМЕЛЕР+ӨЗІНДІК КАПИТАЛ (1)

Баланстың жалпы түрін 1-кесте түрінде көрсетуге болады:

1 Кесте “Баланс“34

АКТИВТЕР ПАССИВТЕР
I. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ АКТИВТЕР III. МЕНШІК КАПИТАЛ
Материалдық емес активтер 010 Жарғылық капитал 150
Материалдық емес активтердің 020 Төленбеген капитал 160
амортизациясы
Материалдық емес активтердің 030 Қайтарылып алынған капитал 170
баланстық құны
Негізгі құралдар 040 Қосымша төленген капитал 180
Негізгі құралдардың тозуы 050 Қосымша төленбеген капитал 190
Негізгі құралдардың баланстық 060 Резервтік капитал 200
құны
Инвестициялар 070 Бөлінбеген табыс (жабылмаған210
зиян)
Дебиторлық борыштар 080 Жалпы меншік капитал 220

1 Кестенің жалғасы
Жалпы ұзақмерзімді активтер 090 IV. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ КАПИТАЛ 220
II. АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР Несиелер 230
Жалпы тауарлы-материалдық 100 Кейінге қалдырылған 240
құндылықтар корпоративті табыс салығы
Қысқамерзімдік дебиторлық борыш 110 Жалпы ұзақ мерзімді 250
міндеттемелер
Қысқамензімді қаржы V. АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР 260
инвестициялар
Ақша Қысқамерзімді несиелер мен 270
овердрафт
Жалпы ағымдағы активтер Ұзақмерзімді активтердің 280
ағымдағы бөлігі
Қысқамерзімді кредиторлық 290
борыш
Бюджетпен есеп айырысу 300
Еншілес (тәуелді ) 310
серіктестіктердің бірлесіп
бақыланатын заңды
тұлғалардың алашағы
Басқадай алашақ борыштар 320
Жалпы ағымдағы міндеттемелер330
БАЛАНС БАЛАНС

Енді осы баланстың негізгі баптарының есептелу формулаларын қарастырып
өтейік:
Матералдық емес активтер ( 010-ші бап) деп – белгілі бір нақты табиғи
пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, бағаға бағаланатын болғандықтан
субектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын
активтерді айтамыз.
Және ол былай есептелінеді:

(010-ші бап) = Лицензиялық келісімдер+Программалық
жабдықтау+Патенттер+ұйымдастыру шығындары+басқадай материалдық (2)
емес активтер

(030-ші бап) – Материалдық емес активтардің баланстық құны – осы
материалдық емес активтердің тозуын алып тастағаннан кейінгі қалдық құнын
айтамыз және ол былай есептелінеді:

(030-ші бап) = (010-ші бап) - (020 –ші бап)
(3)

Негізгі құралдар (040 – ші бап) = деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір
жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын
(пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған
жұмысқа, көрсетілген қызметке бірітіндеп бөліп-бөліп есептелген
аммортизациялық аударым мөлшеріне ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни
материалдық активтерді айтамыз және ол былай есептелінеді (040).
(050) Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы
басқалары) өндіріс прцессінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте
тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын,
жаңадан жасалған өнімдерге бірітіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс
амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің
өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды.
Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған
кезде қайларып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнның
кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады. Бухгалтерлік есептің
6-ші стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін
мынадай әдістер бегітілген 17,127-бет.
1) Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі

ААі =БҚn
(4)

Мұндағы: ААі – і–ші жылдың амортизациялық аударымы;
N – негізгі құралды пайдалану мерзімі;
БҚ – негізгі құралдың бастапқы құны.

2) Құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең
мөлшерде есептен шығару әдісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызу
Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру
Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттык жуйесін тұрғызу
Несиелік операцияларды басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Белсенді жастармен жұмыс істеуге деректер базасын құру
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі
Пәндер