Қыртысының тектоникалық құрылымы. Вулканизм. Жер асты суларының құрамы. Жер асты суларының құрылымы



1.Қыртысының тектоникалық құрылымы.
2.Вулканизм.
3. Жер асты суларының құрамы. Жер асты суларының құрылымы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тектоника (грекше tektonіkos – құрылыс), геотектоника – геологияның Жер қыртысының құрылысын, ондағы тектоникалық құрылымдарды және олардың орналасу, даму заңдылықтарын зерттейтін бөлімі. Тектониканың негізін 17 ғасырда даниялық ғалым Н.Стенон (1638 – 1686) қалаған. 18 ғасырда М.В. Ломоносов пен шотландтық ғалым Дж. Геттон (1726 – 1797) жер қыртысы құрылымы дамуының алғашқы көтерілу болжамын жасады. 19 ғасырдың басында бұл болжамды Германия ғалымдары А.Гумбольдт (1769 – 1859) пен Л.Бух (1774 – 1853) одан әрі дамытты. 19 ғасырдың ортасында геосинклиналь туралы ілімнің негізі болып саналатын жапсарлық (контракция) болжам (жер шарының суынуынан көлемі кішірейіп, жер қыртысының қысылуы) дүниеге келді. Оны француз геологы Эли де Бомон (1798 – 1874) ұсынған. Бұл болжамның дамуында үлкен рөл атқарды. 1930 жылдардың басында ғалымдар бұрынғы КСРО-ның ұсақ масштабты тектоникалық карталарын жасады. Терең жарылыстар және тектоносфераның жақпарлық құрылысы жөніндегі теория дамыды. Геосинклиналдар мен платформалар туралы жаңа көзқарастар пайда болып, мұхит түбіне арнаулы тектоникалық зерттеулер жүргізілді. Қазақстан геологтары да бірнеше дәл тектоникалық карталар жасап, терең сейсмикалық қималардың көмегімен жер қыртысының құрылысы жөнінде деректер алды. Тектоникалық құрылым және тектоникалық қозғалыстар тектониканың басты негіздері болып табылады. Тау жыныстары жатысының әр тектілігі тектоникалық құрылымды қалыптастырады. Мұндай әр тектілікке жер қыртысындағы және одан да тереңдегі тектоникалық қозғалыстар себеп болады. Зерттеу әдістерінің сипатына қарай тектоника бірнеше салаға бөлінеді. Морфологиялық тектоника немесе құрылымдық геология жер қыртысының тектоникалық қозғалысы салдарынан қалыптасқан құрылымдық пішіндерді зерттеп, оларды жіктеумен айналысады. Тау жыныстары қабаттарының және олардағы тектоникалық бұзылыстар қалыптасуының физикалық жағдайларын анықтаумен Тектониканың геомеханика тарауы айналысады. Аймақтық геотектоника әр түрлі тектоникалық бұзылыстардың қазіргі жер қыртысындағы таралуын зерттеп, тектоникалық карталарда көрсетілетін жеке геоқұрылымдық белдемдерді белгілейді. Тарихи геотектоника жер қыртысының тетелес дамуын және осы дамудың геологиялық тарихи сатылары мен кезеңдерін анықтайды. Мұның бір тарауы ретінде қазіргі геологиялық дәуірде жер қыртысының жаңа тектоникалық қозғалыстарын саралайтын неотектоника (ең жаңа тектоника) пәні оқытылады.
1. Ғаламтор желісі
2. Неклюкова К.П. Жалпы жертану. М 1985

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

СӨЖ

Тақырыбы: Қыртысының тектоникалық құрылымы. Вулканизм. Жер асты суларының
құрамы. Жер асты суларының құрылымы.

Орындаған: Бейсенбаева Б.Р
Тексерген: Кудеринова Н.А

Семей 2015 жыл

Жоспар

1.Қыртысының тектоникалық құрылымы.

2.Вулканизм.

3. Жер асты суларының құрамы. Жер асты суларының құрылымы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Қыртысының тектоникалық құрылымы

Тектоника (грекше tektonіkos – құрылыс), геотектоника – геологияның Жер
қыртысының құрылысын, ондағы тектоникалық құрылымдарды және олардың
орналасу, даму заңдылықтарын зерттейтін бөлімі. Тектониканың негізін 17
ғасырда даниялық ғалым Н.Стенон (1638 – 1686) қалаған. 18 ғасырда М.В.
Ломоносов пен шотландтық ғалым Дж. Геттон (1726 – 1797) жер қыртысы
құрылымы дамуының алғашқы көтерілу болжамын жасады. 19 ғасырдың басында бұл
болжамды Германия ғалымдары А.Гумбольдт (1769 – 1859) пен Л.Бух (1774 –
1853) одан әрі дамытты. 19 ғасырдың ортасында геосинклиналь туралы ілімнің
негізі болып саналатын жапсарлық (контракция) болжам (жер шарының суынуынан
көлемі кішірейіп, жер қыртысының қысылуы) дүниеге келді. Оны француз
геологы Эли де Бомон (1798 – 1874) ұсынған. Бұл болжамның дамуында үлкен
рөл атқарды. 1930 жылдардың басында ғалымдар бұрынғы КСРО-ның ұсақ
масштабты тектоникалық карталарын жасады. Терең жарылыстар және
тектоносфераның жақпарлық құрылысы жөніндегі теория дамыды. Геосинклиналдар
мен платформалар туралы жаңа көзқарастар пайда болып, мұхит түбіне арнаулы
тектоникалық зерттеулер жүргізілді. Қазақстан геологтары да бірнеше дәл
тектоникалық карталар жасап, терең сейсмикалық қималардың көмегімен жер
қыртысының құрылысы жөнінде деректер алды. Тектоникалық құрылым және
тектоникалық қозғалыстар тектониканың басты негіздері болып табылады. Тау
жыныстары жатысының әр тектілігі тектоникалық құрылымды қалыптастырады.
Мұндай әр тектілікке жер қыртысындағы және одан да тереңдегі тектоникалық
қозғалыстар себеп болады. Зерттеу әдістерінің сипатына қарай тектоника
бірнеше салаға бөлінеді. Морфологиялық тектоника немесе құрылымдық геология
жер қыртысының тектоникалық қозғалысы салдарынан қалыптасқан құрылымдық
пішіндерді зерттеп, оларды жіктеумен айналысады. Тау жыныстары қабаттарының
және олардағы тектоникалық бұзылыстар қалыптасуының физикалық жағдайларын
анықтаумен Тектониканың геомеханика тарауы айналысады. Аймақтық
геотектоника әр түрлі тектоникалық бұзылыстардың қазіргі жер қыртысындағы
таралуын зерттеп, тектоникалық карталарда көрсетілетін жеке геоқұрылымдық
белдемдерді белгілейді. Тарихи геотектоника жер қыртысының тетелес дамуын
және осы дамудың геологиялық тарихи сатылары мен кезеңдерін анықтайды.
Мұның бір тарауы ретінде қазіргі геологиялық дәуірде жер қыртысының жаңа
тектоникалық қозғалыстарын саралайтын неотектоника (ең жаңа тектоника) пәні
оқытылады. Жалпы (теориялық және динамикалық) геотектоника геотектониканың
барлық салалары мен ғылыми пәндері арқылы анықталған мәліметтерді жинақтап,
тектоникалық қозғалыстардың уақыт пен кеңістікте көрініс беру
заңдылықтарын, құрылымдар қалыптасуының Тектоникалық режимін және олардың
бір-біріне ауысу (мысалы, қозғалмалы белдеудің платформаға және керісінше)
заңдылықтарын нақтылап, Жер ғаламшары пайда болуының геологиялық
эволюциясын түсіндіреді. Тектоникалық бұзылыстар пайда болуының физикалық
себептерін зерттейтін жалпы Тектониканың тағы бір саласы – эксперименттік
тектонофизика. Тектоникада физикалық әдістер негізінде жеке құрылымдар мен
құрылымдық белдемдердің моделі жасалады, ал оның деректері жер қыртысы мен
тектоносферадағы құбылыстарды түсіндіруге пайдаланылады. Қолданбалы
геотектоника іздеу-барлау жұмыстарын дұрыс бағыттау үшін пайдалы қазындылар
таралуының тектоникалық жағдайларға байланыстылығын анықтайды. Тектониканың
бірнеше зерттеу тәсілдері бар. Құрылымдық талдау тәсілі геологиялық картаға
түсіру, геофизикалық зерттеу, т.б. нәтижелері бойынша тау жыныстары
қатпарларын, жарылыстарды, магмалық тау жыныстарының жатыс жағдайларын
зерттей отырып, құрылымдық карталар, қималар, т.б. жасау арқылы белгілі
аудандағы жер қыртысы деформацияларының механизмін және жеке құрылымдық
пішіндер қалыптасуының тетелестігін, сол ауданның тектоникалық құрылысын
анықтайды. Салыстырмалы тектоника әдісі бір-бірінен алшақ орналасқан, бірақ
тектоникалық табиғаты мен құрылымдарының типі мейлінше ұқсас келген жер
қыртысы бөліктерінің құрылымы мен даму ерекшеліктерін салыстыра келе
әрқайсысына тән жалпы заңдылықтарды анықтап, ондағы пайдалы қазындылар болу
ықтималдылығын болжайды. Геофизикалық әдістер қазіргі тектоникалық
қозғалыстарды байқауға және бұлардың Жер шарының әр жеріндегі бағыты мен
жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Геоморфологиялық әдістер теңіз,
өзен террассаларының, рельефтің геологиялық кезеңдердегі және қазіргі жаңа
тектоникалық қозғалыстардың нәтижелерін саралауға негізделген. Таскелбеттер
(жер қыртысындағы) мен қабат қалыңдықтарын талдау тәсілі жеке құрылымдардың
дамуын және тектоникалық қозғалыстардың тарихын зерттейді. Көлемдік тәсіл
таскелбеттер мен қабат қалыңдықтары картасы бойынша жасы, типі әр түрлі
шөгінділердің көлемін анықтау арқылы көтерілулер мен төмендеулердің
шамасын, уақыт бірлігі ішіндегі дамуын анықтауға мүмкіндік береді.

2.Вулканизм

Вулканизм (лат. vulcanus — от, жалын) — жалпылама түсінікте: магмалардың
және олармен сабақтаса түзілетін газды-булы өнімдердің жер қойнауындағы
қозғалыстарын, олардың жер бетіне шығу барысындағы барша процестер мен
құбылыстарды біріктіретін ұғым. Алайда бұл термин нақтылы жанартау атқылауы
мен оның фумаролды әрекетінен туындайтын құбылыстардың жиынтығы деген
түсінікті шектеулі мағынада да біршама жиі қолданылады.

Вулкандар типтеріне байланысты: орталықтанған, сызықты немесе жарықты
болып екіге бөлінеді. Суретте а - орталықтанған, б - сызықты вулканның типі
келтірілген.

Орталықтанған вулкан типі. Сызықты вулканның
типі

Вулканның типтері.

Атқылау түрлерімен кезеңдері. Газ күйіндегі заттар вулкан атқылау барысында
орталық кратер, бүйірлік кратерлер және т. б. жарықтар мен жарықшақтар
арқылы бөлініп шығады. Олардың негізгі құрамы (60 — 90%) су буынан түрады.
Атмосфера қабатында су буы конденсациялық процестерге байланысты суға
айналып, нөсер жаңбыр жауады. Бұл жағдай вулкан атқылау процестерімен
қабаттаса жүреді.

Газ күйіндегі вулкандық заттардың құрамында су буынан басқа НS2, SО2, СО,
СО2, НСІ, НР, NН4С1, NН3 Н3, Н2ВОз және басқа газдар қоса кездеседі.
Олардың құрамы температураның шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 180°С-
тан жорары температурада фумаролды газдар (латын тілінде “фума” — түтін
деген мағынада) бөлінеді. Олардың кұрамы күрделі (хлорлы-күкіртті-
көмірқышқылды) болып келеді. Әсіресе, хлорлы қосындылар басымырақ
кездеседі. Фумаролды газдар температураға қарай құрғақ, қышқыл және сілтілі
болып ажыратыладыҚұрғақ фумаролдар жоғары температурада (500°С) бөлініп
натрий, калий, темір және басқа элементтердің хлорлы қосындыларының
көптігімен сипатталады. Әдетте, олардың құрамында су болмайды.Қышқыл
фумаролдардық құрамында (құрғақ фума-ролдармен салыстырғанда) су буы
болады, сонымен қатар хлорлы сутек және күкіртті ангидрид бірге кездеседі.
Олар 300—400°С шамасында бөлінеді.Сілтілі фумаролдар 180°С шамасында хлорлы
аммонийден бөлініп шығып бұзыла келе бос аммиак бөліп шығарады. Кейінірек
фумаролды газдар (180—100°С шамасында) сольфатарлы газдармен (италья
тілінде “сольфатара” — күкіртті ыс деген мағынада) алмасады. Олардың
негізгі құрамы су буынан және күкіртті сутектен (күкіртті фумаролдар)
тұрады.Төменгі температурада (100°С) көмір қышқыл газдары және су буы
бөлініп шығады. Мұндай газдар мофеттер немесе мофетті газдар (көмірқышқылды
фумаролдар) деп аталады.Температурасы жоғары (хлорлы-күкіртті-
көмірқышқылды) фумаралды газдар вулкандық атқылау әрекеттерінің өте
қарқындылығын, сольфаторлы газдар — орташа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер планетасының қабаттары
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Жалпы геология курсы
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Геология оқу - әдістемелік кешен
Жалпы жертану (сұрақ-жауап түрінде)
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Адам, табиғат және климат
Сөнбеген жанартаулар
Пәндер