Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар



1. Л.С.Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері теориялары
2. Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы
3. Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.
Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:
- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас);
- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):
- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас):
- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас);
- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)
- 17 жас дағдарысы.
Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек. Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне байланысты. Сондықтан әр жас шамасында балалық шақ кезеңі әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Іс-әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекеттермен қамтылған. А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды.
1.Элконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах.М.,1996 г.
2.Мухина В.С. Детская психология. 1997 г.
3.Люблинская А.А. Детская психология М.,1971 г.
4.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., «Мектеп» 1981ж.
5. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова Балалар психологиясы , Алматы, 2012 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар.

Орындаған:БабиеваА.Қ

Топ:П-407

Тексерген:Кулмышева Н.А.

Семей 2015 жыл

Дәріс жоспары:
1. Л.С.Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері теориялары
2. Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы
3. Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты
болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте
өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа
психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым
тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен
2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.
Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше
дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан
екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс –
қалыпты емес, ауытқушылық құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі.
Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды,
бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында
көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы
мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да
Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:
- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас);
- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):
- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас):
- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас);
- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)
- 17 жас дағдарысы.
Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский
тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үдерісінде балалар
өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп
отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер
етпей қоймайды.
Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін жас
кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек. Әр жас
кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне байланысты. Сондықтан әр
жас шамасында балалық шақ кезеңі әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік
кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан,
бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланың денесінің және психикасының
әр кезеңде біркелкі дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Іс-
әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде
болатын тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер
жетекші іс-әрекеттермен қамтылған. А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш
белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа
түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді:
рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады.
Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады.
Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта
бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі
жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік
пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен
дүниеге келеді:
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
2) тамақтану (сору, жұту);
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға
бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала
өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл тамақтандыруға деген рефлекс.
Танымдық дүниенің дамуы.Дүниеге келген кезде көру және есту
анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде
болады. 2-3-ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы.Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада
жандану кешені пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде
күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
Жандану кешені балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік
қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалыпты
психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты даму
дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей ұқсас жағдайда өмір
сүретін балаларда пайда болады және осыған қарап нақты жас кезеңдеріне
бөлуге болады.
Қазіргі кездегі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің
тіршілік етуіне байланысты өзгеріс дағдарыстарды санамағанда баланың
туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерін 3 дағдарысты
кезеңге бөлуге болады.
1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас
ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:
1.Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы
1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;
2.Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;
3.Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;
4.Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;
5.Жас өспірім 12-15 жас;
6.Жастық кезең 15-18 жас.
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ
балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген.
Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып
келді. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың
ерекшелігінің билеуі. Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа
әлеумет жасы кездеседі. Әлеумет жасы мен хронологиялық жастың арасында
едәуір айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің
туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып
келеді.
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай жасында
қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі
кезеңдерге бөлген.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына 0-7
және еңбектеу жасына 7-12 ай );
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы;
3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы;
7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы;
11-ден 15 жасқа дейін – бозбала жасы;
15-тен 20 жасқа дейін – үлкендер жасы
Осы мағлұматтар баланың өз жасынан басқа әлеумет жасының кездескеніне
дәлел бола алады.
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың
есеюіне әсер ететін себептері: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың
өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық дағдарыс кез кездеседі.
Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей
топтастыруға болады.
1.Жаңа туған бала – 1 күннен – 10 күнге дейін;
2.Емшек жасындағы бала – 10 күннен – 1 жасқа дейін;
3.Ерте балалық шақ – 1 жастан-3 жасқа дейін;
4.Бірінші балалық шақ – 4 жастан – 7 жасқа дейін;
5.Екінші балалық шақ – 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (қыз
балалар);
6.Жеткіншек шақ – 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12 жастан 15 жас
(қыз балалар);
7.Жас өспірімдік шақ – 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-20 жақа
дейін (қыз балалар);
Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгермейтін нәрсе
емес. Заманның өзгеруіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай
жастарды топтастырудың азды-көпті өзгерістері болып отырады.
Баланың дамуы психологиялық заңдылықтарды қамтитынын төменгі бағыттар
бойынша түсіндірді:
- бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа уақытпен сәйкес
келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір ритмі басқа өмір ритімімен
сәйкес келмейді. Баланың психикасында сапалық өзгерістер болады;
- дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып толықтырылып
отырады;
- біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті қызметтер
дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың құрылымы жүйелі және
мағыналы болады;
- жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы сыртқы
әрекеттің ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.
Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С.Выготский
үш топқа бөледі:
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес
онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басшы тұлғасының психологиясы.
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Рыноктық қатынастар
Экономикалық дамудың циклдық теориялары
Экономикалық даму
Экономикалық цикл теориялары
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛ. ЦИКЛДЫҢ КЕЙНСТІК, НЕОКЕЙНСТІК ЖӘНЕ МОНЕТАРЛЫҚ Т¥ЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Экономикалық өсудің теориялары
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы
Пәндер