Философия,саясат ,казіргі заман



1 Философия,саясат ,казіргі заман
2 Т Мор мен Т Кампанелланың утопистік. социалистік ілімдері
3Саяси және қуқык сана мәселері
4 Қазакстан тәуелсіздігінің нышандары
5 Cаяси философияның қалыптасу ерекшеліктері
6 ХХ ғасырдағы Қазакстандағы қоғамдық. саяси, философиялык ойлар
Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, Джон Локк.
«Ағарту» Ш.Монтескье, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, К.Гельвеци, Ж.Ламетри, Ж.Мелье, Морелли, Г.Мабли, Р.Н. Радишев.
Жаңа және жаңаша уақыт И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.Гегель, К.Сен – Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн, Н.Чернышевский, А.Герцен В.Белинский, Н.Добролюбов, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Қазақ ойшылдары.
Қазіргі кездегі саяси ілім
XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм" ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.
Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето.
3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау.
4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек.
5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның
және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс.
6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады.
7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: 1 Философия,саясат ,казіргі заман
2 Т Мор мен Т Кампанелланың утопистік- социалистік ілімдері
3Саяси және қуқык сана мәселері
4 Қазакстан тәуелсіздігінің нышандары
5 Cаяси философияның қалыптасу ерекшеліктері
6 ХХ ғасырдағы Қазакстандағы қоғамдық- саяси, философиялык ойлар

Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей қаласы 2015жыл
1 Философия,саясат ,казіргі заман

Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе - халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, Джон Локк.
Ағарту Ш.Монтескье, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, К.Гельвеци, Ж.Ламетри, Ж.Мелье, Морелли, Г.Мабли, Р.Н. Радишев.
Жаңа және жаңаша уақыт И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.Гегель, К.Сен - Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн, Н.Чернышевский, А.Герцен В.Белинский, Н.Добролюбов, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Қазақ ойшылдары.
Қазіргі кездегі саяси ілім
XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм" ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.
Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето.
3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау.
4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек.
5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның
және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс.
6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады.
7. "Консервативтік" - мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.

2 Т Мор мен Т Кампанелланың утопистік- социалистік ілімдері
Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, екіншісі -- (Н.Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса, үшіншісі -- (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

3Саяси және қуқык сана мәселері

Жалпы саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекетгің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет адцындағы мақсатгы жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі -- мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдцелері мен мақсат-тары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақгап қалу міндетгері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқгы құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдцелерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;
3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым (күнделікті тұрмыстык) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағ-ды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттыңтереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Соңдықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.
Ториялык саяси сана қарапаиым саяси сананың непзінде іши-да болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өндеп, мәдени өзгертіп отырады. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады. Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.
Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді та-нып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси психология бір денгейде. Сондыктан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып, жымдасып жатады.
XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) "Идеологияның ақыры" деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми-техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте-бірте өшеді-міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты, қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқаңда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондықтан ескірген "идеологиясыздандыру" (деидеологизация) тұжырымдамасының орнына "қайтадан идеологиялану" (реидеологизация) ой-тұжырымы алғатартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдін идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті, "идеологиясыздандыру" теориясының негізін қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, онын қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген токтамға келді.

4 Қазакстан тәуелсіздігінің нышандары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен ұлттық валютасы ел Тәуелсіздігінің нышандары болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге. Қазақстан теңгесі 1993 жылдың 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен айналымға шықты.

Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы -- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Тудың көгілдір біртүстілігі, аспанның бұлтсыз таза күмбезін еске түсіріп, Қазақстан халқының бірігудің жоғары және игілікті идеясына бейімділігін бейнелейді. Мемлекеттік жалаудың көгілдір аясы, Қазақстан халқының жаңа мемлекет құруға ұмтылу ниетінің тазалығы мен көтеріңкілігін көрсетуге шақырады. Өз сәулесіне шомылған алтын Күн, тыныштық пен байлықты білдіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы дала бүркіті қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің биіктігін танытады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы -- дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

Тұлпар -- дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар -- қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдызбар. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар дегенді нұсқайды. Ал төменгі бөлігінде Қазақстан деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын Менің Қазақстаным әні ретінде танымал болған Қазақстанның Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. "Менің Қазақстаным" әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурация кезінде орындалды.

Әнұранның әуені 1950 жылдардан бері Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні болғанымен мәтіні аз кем өзгертілген. Әні - композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

5 Cаяси философияның қалыптасу ерекшеліктері

Қазақ философиясы дүние мен адамның қатынасындағы әмбебапты негіздерді зерттейді. Оларды өзара байланыстырып, қабыстырып тұрған тетік -- мәдениет, ал ол қашанда этникалық сипатта болады. Егер философия мәдениеттің рухани мәйегін, өзегін, күре тамырын құраса, онда әрбір этномәдениеттің өзіндік философиясы бар екендігі анық. Осыдан әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы анық дәлелденеді. Ұлттық философияда ұлттық мәдениет өз қисындылығына жетеді. Бұл арада философия мен жеке ғылымдардың арасындағы айырмашылық анық көрініс табады. Табиғаттану ғылымдарынан өзгеше философия, (метафизика) пәні физиканың арғы жағында жатыр. Айталық, неміс химиясы жоқ, бірак иеміс философиясы бар. Философтын ойы бойынша, негізінен алғанда, Жаңа дәуірге -машиналық индустрия пайда болғанға дейін -- қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сондықтан, біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберінде осы іспен айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас июді, оған табынуды талап етті -- қазақ халқы баска да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркіне сай етіп кайта өзгерту мақсатын өз алдына койған жок. Сондыктан, қазіргі тілмен айтқанда, ежелден казақ халкының экологиялық санасы биік болды, оған тән саяси формалар -- соғыс демократиясы, әрі кеткенде -- алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерінде ешкашанда болған жоқ, ол көшпелілік шаруашылық формасының табиғатынан шығады. Екіңшіден, қазақ философиясында онтологиялык (болмыс) және пюсеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді; Үшіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне экзиетеициалдық тұрғыдан қаралады және ол көшпелілік өмір туған жеріннің ұлан-ғайыр уакыт пен кеңістік әлемінде жалпы дүние болмысымен барынша бауырластығына сену көркемдік таным игілігінін манызды бір шарты болып табылады. Кешегі мен бүгінгінің бәрін аялап, адамзат ұрпағын бір-бірімен сабақтастырып жатқан дей алмаймыз. Бұл дүние -- нақты құбылыс пен адам бауырластығынан туатын шындық.
Төртіншіден, көшпелі халықтың арасындағы әлеуметтік айырмашылықтар аз болғандықтан теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы. Сондықтан да бүгінгі таңда жүріп жатқан қайта әлеуметтік топталу -- рестратификация -- (аса байлармен қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан дүниесінде ауыр жарақаттар қалдыруда; Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау -- бұл да халықтың қанына терең сіңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланыста бар нәрсеге қанағат ету де қазаққа тән нәрсе; Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау -- ол да көшпелілік өмір салтынан шығатын құндылық; Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында әрқашанда неше-түрлі қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келеді -- ол ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етеді. Сондықтан, беске келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, біздің бабаларымыздың көбі 20-25-індс елін аман сақтау жолында өмірлерін қия білгенАқындар мен жыраулар, саясаткерлер мсн батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер -- бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек етіп, жалпы алғанда жоғарылай даму тенденциясы шеңберінде қазак халқының қоғамдық, саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар -- анайы реализм, білімнің негізгі жақтары, еркіп ойлау, денстік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа карсы күресу, құқтың саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржақтыққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа және білімсіздікке, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Мұны да қазақ философиясынын қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі деп атап айтуға болады.

6 ХХ ғасырдағы Қазакстандағы қоғамдық- саяси, философиялык ойлар

XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.
Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша тоқталайық.
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болғпн еді.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөзқ ететін Записка о судебной реформе, Очерки Джунгарии, о мусульманстве в степи, Следы шаманства у киргизов, Тенгри сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси философия
Макиавеллидің саяси философиясы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Әлемдік әлеуметтану»
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi
Философиялық тарих
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Мұсылман философиясы
Әлеуметтанушылар туралы мәліметтер
Пәндер