Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері.
1.1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы ... ... ... ... ... .5
1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2 тарау. «Аққайнар» АҚ . ның қаржылық жағдайын талдау.
2.1. «Ақайнар» АҚ . ның 2009.2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. «Аққайнар» АҚ. ның 2009.2010 жылдардағы негізгі құрал . жабдықтардың көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3. «Аққайнар» АҚ . ның қаржы.шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22


Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Компанияның қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқашаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндікқұн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
1. Назарбаев Н.А. «Казахстан-2030. Послание Президента страны народу Казахстана» Алматы «Білім», 1997ж.
2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы 7 мамырдағы Жарлығы. Алматы, 2001ж.
3. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2009-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2003г.
4. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы 19.06.1997ж., №131-1.Алматы, 1997ж.
5. Қазақстан Республикасының Шаруашылық субьектілері Алматы, 2002ж.
6. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Сағындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория».
7. Мейірбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы «экономика».
8. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік».
9. Исабеков Б.Н. « Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық инновациялық саясат және кәсіпкерлік». Алматы, 2001ж.
10. К. Бердалиев « Менеджмент» Экономика, 2005ж.
11. Шаруашлық субъектілерінің қаржылық ресурстарын тиімді басқару кезеңдерін құру // ҚазЭУ Хабаршысы – 2006 № 5, 97-101 б.
12. Қаржы ресурстарының экономикалық мәні мен қызметтері // ХҚТУ Хабаршысы,2006 , №3, 165- 173 б.
13. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастырудың объективті қажеттіліктері мен жалпы принциптері // Экономика және статистика. 2007, , №1. 34-37 б.
14. Шаруашлық субъектілерінің ақшалай ресурстарын болжау // Қазақстан ғылыми әлімі, №1, 2007, 123-129 б.
15. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың принциптері // «Қазақстан Республикасының қаржы тетігін дамытуды жетілдіру – бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы» атты халықаралық ғылыми – практикалық конферецияның материалдары. – Шымкент, 2007. 202 – 204 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының
экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды
басқару ерекшеліктері.
1.1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы
... ... ... ... ... .5
1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың
түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...7
1.3. Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 14
2 тарау. Аққайнар АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау.
2.1. Ақайнар АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен
құрылымын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...16
2.2. Аққайнар АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың
көрсеткіштерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3. Аққайнар АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

3 тарау. Қазіргі кезде компанияның ақша қаражаттарын басқарудың
тиімділігін арттыру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22

Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..32

Кіріспе

Компанияның қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқашаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндікқұн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін
бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың ең
жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын анықтауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мен бұл курстық жұмысымда негізінен нарықтық экономика жағдайындағы
байланысты компанияның ақша қаражаттарының қалыптасу ерекшеліктері мен
даму жағдайы, оның экономикалық мәні, олардың қызметтері мен міндеттері
және басқаруды жоспарлауды, яғни компанияның ақша қаражаттарын басқаруды
қалыптастырудың экономикалық механизмдерін дамытуы мен оны жетілдірудің
жолдарын қарастырғалы отырмын.

1 тарау. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының
экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды
басқару ерекшеліктері
1.1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы

Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі
бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және
модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде
кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық
жауапкершіліктерін шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің
өзгерісін негізе алды.
Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық
өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы
тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық
қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды
себептерінің бірі экономиканың нақты секторындағы реформаның тежелуі.
Кәсіпорындары басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресурстарын
тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені
кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен
процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің
өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке
әкелмейтіндгігі анықталады және бәсекелестіктердің пайда болуы дәстүрлі
пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда
пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.
Компанияның ақша қаражаттарын басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды
төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін
кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын
мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын
қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын
есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу
көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен
қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу
диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорындарда әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге
нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға
мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті
қажеттілігі де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік
иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық , өндірістік және
технологиялық ерекшеліктеріне ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары
үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар диссертациялық
зерттеу тақырыбы ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың
экономикалық механизмін мақта тазалау кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның
өзекті мәселелерін таңдауды анықтады.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесінің тәжірибесі шағын кәсіпорынның
қаржы ресурстарын қалыптастыру проецесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы
ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Осы
мәселелерге қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов
А.М., Жуйриков К., Ильясов К.К., Сатыбалдин А.С., Отаров Э.К. және т.б.
Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы
түсінігімен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын
басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын басқарудың
тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды. Сондықтан да нарықтық экономика
жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық
механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді және талдауды талап етеді.
Бұл жұмыстың басты мақсаты –кәсіпорындарының қаржы ресурстарын
басқарудың қазіргі заманғы жағдайын жүйелі - кешенді зерттеу және осы
сферадағы негізгі мәселелерді анықтауға негізделген қаржы ресурстарын
басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау жыне талдау жүргізу болып табылады.

1.2. Компанияның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны
басқарудың түрлері

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылықтұрақтылығын және оныңөз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен
өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылықтұрақтылығы нені білдіреді?
Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты өз қаражаттарын шебер пайдалану
қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының
жеткілікті болуы деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншіктіжәне қарыз
қаражаттырының байланысы деп жазады.
Енді біреулер өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және деөз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады деп жазады.
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді жәнеоларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылықтұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық
қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М.Радионова мен М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) Пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
2) Нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
3) Құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
4) Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдасьтыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі
факторларды атап көрсетуге болады:
• Кәсіпорынның салалық топқа жату;
• Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
• Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және т.б. жатады.
Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін
бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың
еңжақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынныңдаму бағытын анықтауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
• Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
• Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестіктік,
оларды таратудағырационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу;
• Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
• Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
• Кәсіпорынның активтерін және оның міндеттемелерінің құрылымын
зерттеу ;
• Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
• Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін анықтау;
• Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп
шығару;
• Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылыққызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетінқызметіболып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдаудың қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған
мыналар жатады:
• Кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
• Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрылымдық динамикасын талдау;
• Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• Баланс өтімділігін талдау;
• Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін
талдау.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен
жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары, объективті қажеттілігі мен
мақта өңдеу кәсіпорындарының салалық, технологиялық, өндірістік
ерекшеліктері және олардың қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруға
тигізетін әсері сипатталады.
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және
басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды
қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект – меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық
субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: Қаржы ресурстары деп –
шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге
асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын
жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер.
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол
төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның
кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден
түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады,
қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар – бұл меншік акцияны және
облигацияны және басқа да құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу
тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар – бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар,
концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай
жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Қаржы ресурстары – кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі,
қаржы – несие жүйесі алдандығы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды
материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге
асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар – деген анықтама беру
толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде:
кез келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе
одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің
жоқ екендігін және барлық қаржы ресурстарының айналымға салынғандығын
сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының
көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың
теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың
арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені,
стандартты есептілікке қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері –
міндеттемелер мен капитал сипатталады.
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті
қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың
қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған
кірістерді бөлуі, оларды шағын кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы
ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін
қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы
ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
➢ Қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
➢ Мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары;
➢ Кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
➢ Қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты
пайдалану;
➢ Қаржы ресурстарының сақталуы.
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы
түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген
элементтерінің қатынассын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының
жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі
принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта
бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілген форма амортизациялық
аударым, жиынтық кіріс, айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі,
тұрақты пассивтер және т.б., сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар
айналымы процесіндегі рөлін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің
есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық
қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың
қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудың алынатын қаражаттар; ашық
және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен
орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері
басқа заңды қайнар көздер. Мәселен, кәсіпорындардың, ұйымдардың
азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары.
Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен
шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты
тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі
де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналды тұрғын үй, жолаушылар
транспорты, ауыл шауашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да
кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі
кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән
және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.

1.3. Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың
ерекшеліктері

Қаржылық жоспарлау – бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның
барлық кірістері мен ақшалай қаражатарының шығындалу бағыттарын жоспарлау
болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен
объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды
құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсатты әртүрлі кәсіпорындарда әр
қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне
кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін:
➢ Бюджет экономикалық болжау ретінде,
➢ Бюджет бақылау негізі ретінде,
➢ Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі,
➢ Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте
кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар
осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді құру
бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып
алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар
бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлемшелерде болашақта жасалуы
мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық облыста
жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тиімділігі) мен
қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет ( жоспар)
пен қаржылық жоспар ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементтері болып
табылады.
Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар
ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын
білікті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттарға
салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана бар
займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге
болмайды. Бөлшекті түрде, ауқытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып
тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары болғанда қаржы алмау және
т.б.

2 тарау. Аққайнар АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
2.1. Ақайнар АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен
құрылымын талдау

Бұл бөлімде Ақайнар АҚ - ның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын
басқаруды ұйымдастырудың талдауы қарастырылады. Оның ішінде басты назар
аударатын нәрсе қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау
жүзеге асырылады.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер талданады. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Оны келесі 1 - кестеде қарастырамыз.

1 - кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының 2009 жылы 220125 мың теңгені құрайтынын көретін болсақ, ал
2010 жылы 1235710 мың теңгені құрағанын көріп тұрмыз. Жалпы активтер
құнынының көрсеткіштерін 2009 жылын 2010 жылмен салыстырғанда 965715 мың
теңгені (1235710 – 220125) немесе 56,13% құраған. Оның ішіндегі ұзақ
мерзімді активтер 156214 мың теңгеге, негізгі құралдар 213114 мың теңгеге,
өндірістік құралдар 392482 мың теңгеге, дайын өнім 244530 мың теңгеге,
кәсіпорынның өндірістік потенциялының құны 605596 мың теңгеге артқан, ал
қаржылық салымдар 56900 мың теңгеге, ағымдағы активтер 1121929 мың теңгеге
кеміген.
Сонымен бұл кәсіпорынның 2009 жылы әрі қарайғы дамын көрсететіндігін,
оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды, ал 2010 жылы болса бұл көрсеткіштің
құлдырағанын көрсетіп отыр.

Кесте 1 - Ақайнар АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы баланс активтерінің
құрамы мен құрылымы

мың теңге
№ Өсу
Көрсеткіштер 2009жыл 2010жыл Ауытқуы қарқыны, %
(+,-)
1 Активтер құны, соның 2201425 1235710 -965715 56,13
ішінде
1.1 Ұзақ мерзімді активтер 70865 227079 156214 320,4
А Негізгі құралдар 13965 227079 213114 1626,1
Б Қаржылық салымдар 56900 - -56900 -
1.2.Ағымдағы активтер 2130560 1008631 -1121929 47,34
А Өндірістік қорлар - 392482 392482 -
Б Дайын өнім 3118 247648 244530 7942,5
2 Кәсіпорынның өндірістік 13965 619561 605596 4436,5
потенциалының құны

Сонымен, бұл кестедегі мәліметтері көрсеткендей, қаражаттарды ұзақ
мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына ағымдағы
активтердің пайдасына шешілді. Яғни, ағымдағы активтер құнының
кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын
активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Коэффициент артқан сайын
кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу
мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив
құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Компанияның ақша қаражаттары
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспарының ерекшеліктерін сипаттау
Банктің қарыз есебі
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Қысқамерзімді активтердің аудиті
Қаржылық талдау
Пәндер