Қазақ философиясы тарихын логикалық-құрылымды кестелер арқылы оқыту әдістемесі



Философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық сабақтардың (әсіресе практикалық) мазмұнында эмпирикалық білімдерге басты назар аудару тенденциясының орын алғаны байқалды. Біздің мұнымен не айтқымыз келеді? Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты мысалдармен, өзекті оқиғалармен, практикалық сұрақтармен және тарихи деректерге бай материалдармен берілуде. Алайда, бұл бағытпен тым әуестену сабақ мазмұнының теориялық бөлігінің жеткілікті қарастырылмайтынын, тіпті оның эмпирикалық материалдардың көптігінен ығыстырылуына алып келуде. Аталмыш жағдайда дәстүрлі және вербальды дидактикалық құралдарды пайдалану жеткіліксіз болып табылуда. Сондықтан философия пәнін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіру мәселесі қажеттілікке айналуда.
Теориялық мазмұнға бағытталған оқу қызметін басқару әдістемесін құру құралдарының бірі-логикалық-құрылымды немесе графиктік кестелер болып табылады.
Кестелер оқыту процесінде түсіндіру, есте сақтау, бекіту қызметін атқарушы көрнекілік құралдары немесе оқу ақпараттарын, мазмұндағы білім элементтерін белгілі бір құрылымдық жүйемен жеткізу формасы ретінде қолданылады.
Логикалық құрылымды кестелер нақты модель, яғни білімді өрнектеудің шартты материалданған формасы ретінде студенттерге ұғымдарды, заңдылықтарды кестелер түрінде көрсетілген сыртқы заттық (материалданған) әрекеттерді меңгеруден бастауға мүмкіндік береді. Кестелер ұғымдарды мазмұнға сай меңгерудің маңызды шарты болып табылады.
Сонымен қатар оқу процесін логикалық-құрылымды кестелер негізінде ұйымдастыру және өткізу, біздің ойымызша, студенттердің оқу-танымдық қызметін басқару әдісі ретінде теориялық білімдерді тиімді меңгеруді қамтамасыз етеді.
Логикалық-құрылымды кестелер соңғы кезде жоғары оқу орындарында түрлі пәндерді оқытудың құралы ретінде кең қолданылуда.
Философия пәнін оқытуда логикалық-құрылымды кестелерді қолдану жеткіліксіз жүргізілуде. Философиядан сәйкес кафедраларда құрылатын кестелер теориялық білімдерді толықтай қамтымайды және логикалық құрылымды кестелерге қойылатын талаптарға сай келе бермейді, сондықтанда философияның теориялық мәселелерін шешу міндеттерін жеткілікті орындай алмайды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫН ЛОГИКАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ

Р.Е. Джуншеев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық
сабақтардың (әсіресе практикалық) мазмұнында эмпирикалық білімдерге басты
назар аудару тенденциясының орын алғаны байқалды. Біздің мұнымен не
айтқымыз келеді? Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты
мысалдармен, өзекті оқиғалармен, практикалық сұрақтармен және тарихи
деректерге бай материалдармен берілуде. Алайда, бұл бағытпен тым әуестену
сабақ мазмұнының теориялық бөлігінің жеткілікті қарастырылмайтынын, тіпті
оның эмпирикалық материалдардың көптігінен ығыстырылуына алып келуде.
Аталмыш жағдайда дәстүрлі және вербальды дидактикалық құралдарды пайдалану
жеткіліксіз болып табылуда. Сондықтан философия пәнін оқытудың негізгі
міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және
түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын
іздестіру мәселесі қажеттілікке айналуда.
Теориялық мазмұнға бағытталған оқу қызметін басқару әдістемесін құру
құралдарының бірі-логикалық-құрылымды немесе графиктік кестелер болып
табылады.
Кестелер оқыту процесінде түсіндіру, есте сақтау, бекіту қызметін
атқарушы көрнекілік құралдары немесе оқу ақпараттарын, мазмұндағы білім
элементтерін белгілі бір құрылымдық жүйемен жеткізу формасы ретінде
қолданылады.
Логикалық құрылымды кестелер нақты модель, яғни білімді өрнектеудің
шартты материалданған формасы ретінде студенттерге ұғымдарды, заңдылықтарды
кестелер түрінде көрсетілген сыртқы заттық (материалданған) әрекеттерді
меңгеруден бастауға мүмкіндік береді. Кестелер ұғымдарды мазмұнға сай
меңгерудің маңызды шарты болып табылады.
Сонымен қатар оқу процесін логикалық-құрылымды кестелер негізінде
ұйымдастыру және өткізу, біздің ойымызша, студенттердің оқу-танымдық
қызметін басқару әдісі ретінде теориялық білімдерді тиімді меңгеруді
қамтамасыз етеді.
Логикалық-құрылымды кестелер соңғы кезде жоғары оқу орындарында түрлі
пәндерді оқытудың құралы ретінде кең қолданылуда.
Философия пәнін оқытуда логикалық-құрылымды кестелерді қолдану
жеткіліксіз жүргізілуде. Философиядан сәйкес кафедраларда құрылатын
кестелер теориялық білімдерді толықтай қамтымайды және логикалық құрылымды
кестелерге қойылатын талаптарға сай келе бермейді, сондықтанда философияның
теориялық мәселелерін шешу міндеттерін жеткілікті орындай алмайды.
Философия пәнінен логикалық-құрылымды кестелерге арналған осы
әдістемелік құрал жоғарыда аталған кемшіліктердің орнын толтыруға
бағытталған және кафедрада философия оқу бағдарламасына сай жасалынып
жатқан оқу құралының бір бөлімінен (қазақ философиясының тарихы) логикалық-
құрылымды кестелер жасау үлгісі болып табылады.
Оқу құралының алдына қойылған мақсаттың іске асуын бағалауды
оқырмандардың үлесіне қалдырамыз.
Аталған оқу құралын құрастыру барысында авторлар төмендегіндей
мақсаттарды көздейді:
- философиядан оқу материалдарын дайындауда оқытудың жүйелік
принципін жүзеге асыру;
- студенттердің философия ғылымының категориялық аппараты
туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, олардың ұғымдық
ойлауының қалыптасуына жағдай жасау;
- студенттердің аналитикалық ойлауын және оқу материалын жүйелі
меңгеру қабілеттерін дамыту;
- студенттердің бағдармалық материалды толық меңгеруіне жағдай
тудыру.
Бұл әдістемелік құралдағы кестелер қазақ философия тарихына арналған.
Философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емес, өзінің төл
санасында жататын құбылыс. Осы философия халқымыздың әлеуметтік
психологиясына, әлеуметтік дүниетамына әбден сіңген.
Халықта даналығымен, әділдігімен көзге түскен көптеген билер,
жыраулар, ақындар болған. Мәселен, аты алашқа әйгілі болған: Төле би, Қаз
дауысты Қазыбек, Әйтеке би (оларды халық Тура би деп атаған). Билер
көбінесе құбылысты астарлап ашып, тұспалдап сөйлейтін шеберлігін танытып
отырған. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды
тіршілікте өте жоғары бағалаған. Жырау-әлі қоғамдық ғылымда тереңірек
зерттелмеген, сыры толық ашылмаған, күрделі ұғым. Оған Бұқар жырау, т.б.
сияқты тұлғалар шығармашылығы кепіл.
Қазақ қоғамдық ойының философиялық тұрғыдан көрініс беруіне үлкен үлес
қосқан ғұлама ойшылымыз Абай болып табылады. Абайдың философиялық
дүниетанының таза материалистік немесе идеалистік деген түсінік
сыңаржақтылыққа әкеліп соқтырады. Ол Шығыс мәдениетінің қазақ жеріндегі
данышпандық тұрғыдан сарапталуына, қазақты іштей жеп жатқан ала ауыздық
тамырына балта шабу керектігіне шақырған ұлы тұлға. Оның ойларын әрі қарай
дамытып, тарихқа өзіндік дүниетанымын қалыптастырған ойшылардың қатарына
Шәкәрім де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлік философиясы
Қоғамтану пәнін оқытудың тиімді жолдары
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Ежелгі дәуір тіл білімі
Оқушыларды оқыту процесіндегі этнопедагогиканың рөлі
Информатиканы оқыту әдістемесі
Тарихи-педагогикалық білім беруді жетілдіру
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Пәндер