Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Кәсіпорынның өндіріс шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... .10
1.3 Өндіріс шығындары туралы концепциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

II «ГЕРМЕС» ЖШС ӨНДІРІСТІК.ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨНІМДІ ӨТКІЗУДІ ТӨМЕНДЕТУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 «ГЕРМЕС» ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 «ГЕРМЕС» ЖШС.нің өндірістік шығындарының өзіндік құнын
Талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19


III. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ТӨМЕНДЕТУДІ ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... 26

3.1 Өндірістік шығындарды төмендетуге шетелдік тәжірибелері ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез–келген тауарды өндіру–шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.
Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол өнімдерді өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайда алуға байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық экономикадығы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, өндіріс шығындарын азайту керек.
“Өндірістік шығындар және өнімді өткізу” атты тақырыбы оның қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.
Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді. Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай – ақ фирманың табысқа жетуі өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.
1. Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
2. Өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті және шығындарды басқару мен болжау кезінде пайда болады.
3. Өзіндік құн есепті кезеңнің аяғында материалды есептеулар жүргізгенте сальдоны анықтауда қажет болады.
Өзіндік құн өндірістік шығындардың қосындысын және өнімді өткізуді білдіреді.
Кәсіпорынның өндіріске, өнім өндіруге, сатуға кеткен шығындарын талдау барысында ЖШС «Гермес» кәсіпорнының шығындарын талдау негізінде мысал келтіріп өттім. Бұл кәсіпорын негізінен тағам өнімдерін шығарады. Сондықтан бұл кәсіпорын үшн аталған өндіріске, өндіруге, сатуға кеткен шығындарды тиімді басқарудың маңыздылығы зор болып табылады. Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы рөлі” деп алдым.
1) «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбеков. Алматы 2008 ж
2) «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы. Қабылбеков М. Т
3) Бочаров К. «Корпоративные финансы»
4) «Қаржы есебін талдау» , оқу құралы. Алматы 2002 ж
5) Волков О.И., Скляренко В.К. Экономика предприятия: Курс лекций. -М.: Финансы и статистика, 2001 – 280с.
6) Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
7) Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия. М: Банки и биржи, 1996г.
8) Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
9) Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
10) Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
11) Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
12) Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 1998.
13) Нурсеитов Н. А., Нурсеитов А. А. Финансовый менеджмент. – А, 1996.
14) Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия. – М, 1997.
15) «АДАЛ» АҚ-ның 2008-2009 жылдардағы «Жылдық қорытынды есебі» - www. railways. kz сайты.
16) Журнал. «Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана», Алматы 2006, 2007 годы.
17) Сухова Л.Ф., Чернова Н.А. «Практикум по разработке бизнес-плана и финансовому анализу предприятия». – М.: Финансы и статистика, 2001 г.
18) Экономический рост предприятий РК. Сборник научных трудов – Алматы: «Экономика» 2009г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Кәсіпорынның ӨНДІРІС шығындары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.1 Кәсіпорынның өндіріс
шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
... ... ... ... ... .10
1.3 Өндіріс шығындары туралы концепциялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

II ГЕРМЕС ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметі мен өнімді өткізуДІ
ТӨМЕНДЕТУ ФАКТОРЛАРЫН талдау

2.1 ГЕРМЕС ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын
талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 ГЕРМЕС ЖШС-нің өндірістік шығындарының өзіндік құнын
Талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

III. Өндірістік шығындарды төмендетудІ жетілдіру ... ... ... 26

3.1 Өндірістік шығындарды төмендетуге шетелдік
тәжірибелері ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 32

Кіріспе

Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін
анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез–келген
тауарды өндіру–шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің
белгілі бір бағалар болады.
Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол
өнімдерді өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайда алуға
байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына
байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері
өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық
экономикадығы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, өндіріс шығындарын азайту
керек.
“Өндірістік шығындар және өнімді өткізу” атты тақырыбы оның
қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық
экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы
мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр,
нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің
мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде
кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді
бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын
шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай
жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.
Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді.
Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы
бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс
деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай – ақ фирманың табысқа жетуі
өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.
1. Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік
бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
2. Өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті және шығындарды басқару мен
болжау кезінде пайда болады.
3. Өзіндік құн есепті кезеңнің аяғында материалды есептеулар
жүргізгенте сальдоны анықтауда қажет болады.
Өзіндік құн өндірістік шығындардың қосындысын және өнімді өткізуді
білдіреді.
Кәсіпорынның өндіріске, өнім өндіруге, сатуға кеткен шығындарын
талдау барысында ЖШС Гермес кәсіпорнының шығындарын талдау негізінде
мысал келтіріп өттім. Бұл кәсіпорын негізінен тағам өнімдерін шығарады.
Сондықтан бұл кәсіпорын үшн аталған өндіріске, өндіруге, сатуға кеткен
шығындарды тиімді басқарудың маңыздылығы зор болып табылады. Сондықтан мен
курстық жұмысымның тақырыбын “Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы
рөлі” деп алдым.

Экономикалық шығындар – фирмамен жүзеге асырылатын жабдықтаушыға
төленетін төлем. Сондай – ақ нақты бір фирма немес басқа өндіріс орнын
қолдануға тиісті, ресурстарға деген ішкі шығындар.

I Кәсіпорынның ӨНДІРІС шығындары

1.1 Кәсіпорынның өндіріс шығындары

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процессінің нәтижесі болып табылады.
Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы
төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді.
Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған
өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып
алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бугалтерлік және
статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Енді өнімнің өзіндік құнына қысқаша тоқталып кетсек. Кәсіпорынның іс-
әрекетіндегі басты көрсеткіштерінің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді
өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың
жиынтығы.Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы
өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы
арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизмция,
жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты
статиялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске
асырады: өздерінің қызметтеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу,
әлеуметтік обьектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын
жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және
пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құның маңызы оның
орындалу функцияларымен анықталады.
1.Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі,
өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2.Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып
табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

3.Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын,
яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты
төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзінік құның деңгейіне
кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы,
кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім
тұтынушыларда территориялық қашқтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын,
жабдықтар, электроэнергия, көлік тарифтері және т.б.

Кесте 1 - Сатылған тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың өзіндік құны

1 Шаруашылық субьектісінің басқа заңды және 801 221, 920
жеке тұлғалаларға сатқан тауарларының,
көрсеткен қызметтерінің өзіндік құны
2 Субьектінің сату үшін сатып алып, басқа заңды802 222
немесе жеке тұлғаларға сатқан тауарларының
өзіндік құны
3 Шаруашылық субьектісінің негізгі қызметі 803 900
болып саналатьын құрылыс-монтаж, жобалау –
зерттеу, ғылыми-зерттеу және геологиялық
барлау жұмыстарының өзіндік құны
4 Субьектінің жолаушылар мен жүктерді 804 900
тасымалдау боынша қызметтің өзіндік құны
5 Шаруашылық субьектісінің ұзақ мерзімге жалға 805 221-226
берген негізгі құралдардың өзіндік құны
6 Шаруашылық субьектісінің басқа заңды және 806 900
жеке тұлғаларға көрсеткен байланыстық
қызметінің өзіндік құны
7 Заңды және жеке тұлғаларды сақтандыруы 807 431, 432,
барысында шаруашылық субьектінің жұмсалған 441, 451,
шығындарының сомасы. Оларға: төлеген 452, 687
сақтандыру сомасы, сақтандыру келісім-шартын
мерзімінен бұрын тоқтатқан кездегі
сақтандырушыларға төлеген төлемдер сомасы
жатады.
8 Есепті жылдың соғында сатылған тауарлардың, 571 801-808
көрсетілген қызмттерінің өзіндік құны
бөлімше шоттары жиынтық табыс немесе зиян
шотымен жабылады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігінде
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып
өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындарға бөлінеді.

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын
ақшаа формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың
болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға,
менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын төлеу т.б.
Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз
иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға
бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес
шығындар көрсетілмейді.
Өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері
болады.

Кесте 2 - Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі
Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Калкуляцияның өзіндік құнның баптары
Өзіндік құнның баптары
Негізгі және үстеме шығындар
Технологиялық процесс Бір элементтік, кешендік, жанама
Құрамы бойынша
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу Тікелей және жанама
тәсілі бойынша Өндірістік , өндірістен тыс
Өндіріс процесіндегі ролі
Шығын жасаудың мақсатқа сай Өнімділік және өнімділік емес
келетіндігі Жоспарланған, жоспарланбаған
Жоспарға енгізу мүмкіншілігі Тұрақты және өзгермелі
Өндіріс көлеміне қатысты Ағымды және біржолғылық
Пайда болуының кезектілігі Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын
Дайын өнімге қатынасы өнім шығындары

Практикада көбінесе шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөледі.
Тұрақты шығындарға – осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемімен
құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін
абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.
Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне
сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың
амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары
дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандардың еңбекақысы.
Тұрақты шығындардың бастапқы және қалдық шығындар деп екі топқа
бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа
толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты
шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің
қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі
жатады.
Өзгермелі шығындарға осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу
мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға,
шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім
тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды
кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып, болжап, басқара алады.
Өндіріс пен сату өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен
танысайық. Мұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1.Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олар салыстырмалы
өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең
болады.
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы
көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны.
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады,егер өзгермелі шығындардың
өсуі өндірістің көлемінен артық болса.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп ТС – оның тұрақты және өзгермелі
шығындарының сомасы түсіндіріледі.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың
сомасындай шамаға өсіп отырады.
Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілейтін
шығындардың көлемі көп болады, мысалы, шикізатқа негізгі және көмекші
материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген
түрлеріне шығындар, т.с.с.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін
өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай
шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығындар деп атайды. Шығыстардың
басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды. Мысалы, кәсіпорынның
әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі
құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде
жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, Олар кәсіпорынның тек қызмет ету
шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдайды белгілемейтін шығыстар деп
атайды.
Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді. Ұзақ
мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер жұмыстан босату
мерзімі жұмыскерлер үшін 1апта болса, онда жалақыға жұмсалатын шығындар
жұмыскерлер үшін 1апта және одан артық. Егер уақыт мерзімін 1жыл деп алсақ,
онда еңбек үшін төлем шығындарының барлығы өзгермелі болады.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болады.
Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ.
Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің сипаты шешім
қабылданған ситуатциядан тәуелді деп тұжырымдалады.
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер
етеді, ал барлық тұрақты шығындар әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге
жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың
белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар
көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген
сұрақтың жауабы екі факторға тәуелді болады: Кезең мерзімінің ұзақтығынан
және өндірістік факторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығару үшін жұмсалған шығындар, яғни
орташа шығындар туралы информация, өте маңызды.
Орташа шығындар АТС – бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын
жалпы шығындар.
Ұзақ мерзімде кәсіпорынның масштабының және оның өндіріс көлемінің
орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы
мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорынның кеңеюіне
сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі.
Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштадының өсуінің оң
немесе теріс эффектісімен дәлелденеді.
Ауқымының оң нәтижесі шығарылым өсуіне сәйкес фирманың ұзақ мерзімдік
орташа шығындары кеміегнде орын алады.
Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлімінің өсуіне
байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті
ұйымдастыру мәселелері құрады. Мұның басты себебі – фирманың әртүрлі
буындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы
аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік проценттен
алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндіріс
тікелей және үстеме шығыстарын өсіреді.
Дағдарыс кезінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің
мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымының теріс нәтижесінен аулақ болуы үшін
бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.
Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді
болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.
Кәсіпорынның тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ
мерзімдік орташа шығышдардың барынша төмендетуге мүмкіндік беретін,
өндірістің ең аз көлемі.
Өндіріс көлемі туралы сұрақ қаралғанда тек орташа шығындармен ғана
емес, шекті шығындармен есептеу қажет.
Шекті шығындар МС – бұл өнімнің қошымша бірлігін өндіру үшін қажетті
қосымша шығындар.
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда
шекті шығындар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте
береді.Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі
табыстылықты өсіретін
Қорларды бағалау үшін шығындарды жіктеу
Өнім шығындары дайын өнім өндірумен байланысты. Бұл шығындарға негізгі
материалдар, негізгі еңбек шығындары және өндірістік жанама шығындар
жатады.
Мерзім шығындары сол кезеңде ғана пайда болып, қалдық құнға
қосылмайтын шығындарды айтамыз. Бұл шығындарға сату және административтік
шығындарды жатқызуға болады.

Тікелей шығындар Үстеме
шығындар

Сурет-1 - Өндірістік және өндірістік емес шығындар

1.2 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары

Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу
тиімдлігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика
жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын
төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
• ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану ;
• өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
• экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір
жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия
ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа
машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты
жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр.
Тек қанша өнім өндіргенін ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек
жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады:
шикізат пен материалды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді
пайдалана отырып, шикізаттың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір
станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын
бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге,
өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып
пйдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға таппыныс жасалса, онда оларды
үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс
қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларды
неғұрлім тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының
нәтижелігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл
процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да
тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі
кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті
үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда
өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық
және жапонық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз
ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер.
Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс
жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың
шарттқа айналған обьективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты
нысаны, осыған сәйкес өндіріс шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі
өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш
күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін
бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
• өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
• өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын
төмендету;
• басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
• технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды
пайдалануды жақсарту, т.б.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік қүнын
калькуляциялаудың нормативтік өдісін негізінен жаппай өндіріспен
шүғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және
жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке
алу өнімнін езіндік қүнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша
жұмыстардың технологиялық жәңе нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол
карталарда материалдардын, жалақының жүмсалуы жөне өнім дайындауға қажетті
басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталардын негізінде өнім
бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары
бойынша жасалады. Оларды жасау кезіңде қолданыста жүрген өндірістік
технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен
сатып алынған шала фабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып,
бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған
шалафабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске
қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық
сметасы ескеріледі.
Нормалардың жөне шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп,
сондай-ақ кәсіпорынның мудделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық
процесстерін жөне басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы төртібін
ретгеу аркылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және
таразылау-өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудін, материалдарды сақтау және
өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген
түрлері бойынша (егер энергия және баска да шығындар тікелей жолмен өнімге
жатқызылса) және тұтастай алғанда судың, будың, газдын, электр энергиясының
тұтыньшуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың
маңыздылығы зор.
Нормативтік әдістің кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы
шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер ендірісті үйымдастыру
мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жендеуге, ресурстардың тиімсіз
пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді.
Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе
артық жүмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпорынның
ұйымдық-техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін
баяндайды.
Өндірістегі шығындардык жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі
ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелеген түрлері немесе
тобы калькуляциялау объектілері болатындығын, біртектес өнімнің бірін
немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үщін ведомоста
осыған үксас шоттар ашылады.
Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен
шығындарды (егер үстеме шығындардың бұл тобы есепте бөліп көрсетілетін
болса) өнім түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде
қолданған құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске
қажет болған машинасағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды
пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық
(нормативтік) ставкасын пайдалану керек, ал олар, өдетте, бұйымды өзірлеу
үшін қажет технология бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс істеген
машинасағатының саны бойынша, құрал-жабдықтың әрбір топтары бойынша
белгіленген, шығын коэффициенті бойынша, және бір машинасағатының жоспарлы
өзіндік құны бойынша есептелінеді. Бұйымдарға (бөлшектер комплексіне)
сметалық ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен
байланысты шығындар мен механикаландырылған (станоктык) және
механикаландырылмаған (колмен атқарылатын) жұмыстар бойынша бөлек-бөлек
алғанда, өндірістік жұмысшыларының негізгі жалақысының аракатынастарынын
негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп-үстау мен пайдалану
жөніндегі нақты шығындар сметалык ставкалар бойынша белгіленген шығындарға
тепе-тең дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасына белінеді.

1.3 Өндірістік шығындар туралы концепциялар

Шығындарды зертеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.
Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардосалыстырмалы
шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар, бірлікке
жұмсаған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке
бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың
барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер
шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те
дәлелдеді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың
не тұратыны көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған
шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан,
тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын –
ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу еңбек шығындарына және
капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процессіне марксистік
талдау жүргізудің бастапқы принціптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғ. соңында бірнеше жаңа концепцилар пайда болды. Маржиналистер
(Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген
психолгиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен
белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төленетін соманың шамасы
белгіленеді. Маржинаналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек
жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептеледі. Осы кәсіпорынның табысы мен
шығындары өндіріс масштабының функциясы түсініледі.
Австралиялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының
субьективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары,
өндірісресурстарын басқаша пйдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға
түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австралиялық мектептің
өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен
байланысты, шығындарды барынша төмендету (минималзация) теориялары пайда
болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері
Дж.К.Кларк және Джон А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар әр қилы типтерін
индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зеттеген. Гобсон адамға жасалатын
шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның
қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жтады.
Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс
факторларына жұмсалатын шығындар сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік транакциодық шығындар теориясы
пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу
шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.).
Транакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз
енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы
үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционалистер нарықтық функциясы
трансакцтондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның
артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын
шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.
Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың өзiнiң бiр салаға
мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте
қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы,
сапаның жоғарылығы.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың
сомасындай шамаға өсіп отырады. Өндіріс көлемі жиынтық шығындардың шамасын
белгілейтін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа, негізгі және
қосымша материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген
түрлеріне шығындар.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте
тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес
шығындарға бөленеді. Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп
классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден
көре аламыз:

Кесте 1- Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі
Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Калкуляцияның өзіндік құнның баптары
Өзіндік құнның баптары
Негізгі және үстеме шығындар
Технологиялық процесс Бір элементтік, кешендік, жанама
Құрамы бойынша
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу Тікелей және жанама
тәсілі бойынша Өндірістік , өндірістен тыс
Өндіріс процесіндегі ролі
Шығын жасаудың мақсатқа сай Өнімділік және өнімділік емес
келетіндігі Жоспарланған, жоспарланбаған
Жоспарға енгізу мүмкіншілігі Тұрақты және өзгермелі
Өндіріс көлеміне қатысты Ағымды және біржолғылық
Пайда болуының кезектілігі Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын
Дайын өнімге қатынасы өнім шығындары

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша
формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы
ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге
жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.
Айқын емес шығындар – дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз
иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға
бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар
көрсетілмейді.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс
шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі
болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен
жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты
жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады.
2 ГЕРМЕС ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметі мен өнімді өткізуДІ
ТӨМЕНДЕТУ ФАКТОРЛАРЫН талдау

2.1 ГЕРМЕС ЖШС өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарын талдау
ЖШС Гермес 1998 жылы сатушы кәсіпорын негізінде құрылған. Қазіргі
таңда ЖШС Гермес сусын өнімдері (СОСО-СОЛА, ПЕПСИ) нан, макарон,
кондитер, пряник, печенье, балмұздақ, сүт өнімдерін таратудан ірі
кәсіпорындар қатарында.
Қазіргі таңда кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылар саны 90 адам,
соның ішінде негізгі өндіріс жұмысшылары 60 адамды құрайды.
Кәсіпорын құрамыны келесідей сату бөлімдері кіреді:
1. Тоқаш - нан
2. Сусын, напиток
3. Макарон өнімдері
4. Печенье және пряник
5. Торт
6. Кондитерлік
7. Балмұздақ
8. Сүт өнімдері
9. Ет және шұжық өнімдер 12
ЖШС Гермес кәсіпорын шет елден және отандық жоғары сапалы
технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын құрылған күннен бастап
онда өнімнің сапасын бақылап отыратын ішкі фирмалық жүйе (лаборатория)
жұмыс істейді.
Кәсіпорын стратегиясы:
- тұтынушыларға өнімдерді жеткізу, толық қызмет көрсету,
ассортиментті кеңейту;
- тұтынушы нарығын зерттеу, өнім бәсекелестігін жоғарылату, жеке
тапсырыстарды орындау;
- сауда жүйесінің жұмысын бақылау.
Фирма саясаты тауар айналымын және өндіріс шығындарын азайту,
бұл нарықтың көп бөлігін жаулап алуға көмектеседі.
Осы стратегияны жүзеге асыратын, барлық бөлімшелердің қызметін
байланыстыратын маркетинг бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлім фирманың жарнама
саясатымен айналысады және кәсіпорынның жұмысында жаңа бағыттарды анықтау
үшін нарықты зерттейді.
Кәсіпорын жоспары өнімді өткізу жоспарымен тығыз байланысты.
Шикізат пен құралдарды жеткізушілер ЖШС Мұнайтрейринг, ЖШС
Ардагер, ЖШС Әділет, АМЗ – Семей, сонымен қатар Новосібірдегі Союз
продукт және тағы басқа ресейлік фирмалар.
Кәсіпорын нан, макарон және кондитер өнімдерін қаламыздағы сауда
нүктелеріне жеткізуді жеңілдету үшін маманданған машиналар саябағы бар.
Шығарылған өнімді тарату фирманың сауда нүктелері арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда ЖШС Гермес нарыққа 250 әртүрлі өнім түрін
таратады. Тауар Алматы, Астана, Караганды қалаларынан жеткізіледі.
Кәсіпорынның барлық өнімдері экологиялық таза шикізаттан дайындалады.
Технологиялық процесстің үздіксіздігі және нан өнімдері мен сүт өнімдерінің
сақталу мерзімдерінің шектеулілігі аяқталмаған өнім резервтерін
қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Өнім сауда жүйелерінің тәуліктік
тапсырыстары бойынша таратылады.
Дайын өнім сапасын бақылауды стандартқа және республикалық
техникалық жағдайларға сай тәуліктік технологтар жүзеге асырады.
Жоғары сапалы өнімнің қажетті мөлшерін және ассортиментін қамтамасыз
ету үшін дайын өнімнің тағайындалған нормасын және өндірістің
технологиялық тәртібін қатаң сақтауға бағытталған өнімнің технологиялық
жоспары құрылады.
Өнімнің әрбір түрі үшін бекітілген технологиялық нұсқаулар
негізінде өндірістік рецептура, дайындау тәртібі және технологиялық
мөлшері анықталады. Технологиялық нұсқаны таңдау кезінде өнімнің жоғары
сапасы және тауарлық түрі шешуші мәнге ие болады.
ЖШС Гермес тұтынушылары болып қаланың 112 кәсіпкерлері,
дүкендері, дүңгіршектері және басқа да әріптестері, сонымен қатар қала
тұрғындары табылады.Кәсіпорын оларға өзінің өнімін жеткізеді және бірлесіп
жұмыс атқарады.Оның ішінде: Саясат сауда үйі, Мерей-Адлен, Роза,
Восход, Диафлор, Әйгерім, Нива, Жібек Жолы, Семей сауда
дүкендері, Арлан фирмасы, ЖШС Арбис, Экспресс, Байжан, Наятиль-
Нафис, ТПФ Арна, Семей–Коонтрог, ФК Ромат, Балапан-Транс,
Бунашам, Сенім LTD.
Кез - келген өндірістік кәсіпорында өндірістік шаруашылық қызметті
ұйымдастыру үшін басқарушылық құрылымның болатыны сөзсіз.
ЖШС Гермес кәсіпорында -өзіндік құнды жоспарлау және есептеу
шығындар элементі және шығыстардың калькуляциялық статьялары
бойынша есептеленеді. 12
Шығындар элементтері: материалды шығындар (шикізат, шикізат,
материал, бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, отын, қуат құны), еңбекті
төлеуге шығындар. әлеуметтік қажеттілікке шығарулар, негізгі қор
амортизациясы, басқа да шығындар (өнімнің өзіндік құнына кіретін материалды
емес активтердің тозуы, міндетті сақтандыру төлемі, салықтар және банк
несиелер бойынша пайыздар).
Элементтер бойынша шығындарды топтастыру шығындар құрылымына
техникалық прогресс әсерін қалыптастыру үшін, қор сиымдылығын, енбек
сиымдылығын, қуат сиымдылығын, материал сиымдылығын зерттеу үшін қажет.
Егер енбекақы үлесі төмендесе, ал амортизация үлесі көбейсе, онда
кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғарылағандығын, еңбек өнімділігін
көрсетеді. Еңбек ақы төмендейді, егер де бұйым, жартылай фабрикат үлесі
жоғарыласа. Бұл мамандану мен кооперациялау деңгейінің жоғарлағандығын
көрсетеді. Калькуляция етатьялары бойынша шығындарды топтастыру ресурстар
қайда, қандай мақсатпен және қандай мөлшерде жүмсалғандығын көрсетеді. Енді
әр өндіріс бойынша шығындардың калькуляциясын қарастырайық:

Кесте 2 - 2007 жылға сусын сату бөлімі бойынша шығын элементтерінің
топталуы.

Шығын элементтері Барлығы Нәтиже
Жоспар Нақты
1 . Шикізат 8412 7469,5 -942,5
2. Өндірістік сипаттың 856 424 -432
қызмет көрсетуі
3. Отын және қуат 987 753 -234
4. Негізгі еңбекақы 485 459 -26
5. Әлеуметтік салық 56,3 52,7 -3,6
6. Құралдарды құрау
бойынша қосымша 265 238 -27
шығындар
7. Бөлімдерді құрау бойынша
қосымша шығындар 412,8 289,5 -123,3
Негізгі өндіріс бойынша
жиынтығы 11474,1 9685,7 -1788,4
8. Жалпы әкімшілік
шығындар 546,6 546,6 -
9. Пайыздар бойынша
шығындар 375,9 375,9 -
10. Өткізу бойынша
шығындар 133 133 -
11. Өзіндік құн жиынтығы 12529,6 10741,2 -1788,4

Көзі: Гермес ЖШС-нің 2007 жылғы Жылдық қорытынды есебі
ЖШС Гермес-де осы сусын сату бөліміте бір тәулік күні бойынша 2,5
тонна шикізатты өндейді. Тауарлы өнімнің 1 тоннасына шығындар келесі
кестеде көрсетілген:

Кесте 3 -2007 жыл тауарлы өнімнің 1 тоннасына шығындар (мың теңге).
Шығын элементтері Барлығы Нәтиже
Жоспар Нақты
1 . Шикізат 9,34 8,78 -0,56
2. Өндірістік сипаттың 0,95 0,49 -0,46
қызмет көрсетуі
3. Отын және қуат 1,09 0,88 -0,21
4. Негізгі еңбекақы 0,53 0,57 0,04
5. Әлеуметтік салық 0,062 0,062 -
6.Құралдарды құрау
бойынша қосымша 0,29 0,28 -0,01
шығындар
7. Бөлімтарды құрау бойынша
қосымша шығындар 0,45 0,34 -0,11
Негізгі өндіріс бойынша
жиынтығы 12,712 12,636 -0,076
8. Жалпы әкімшілік
шығындар 0,64 0,64 -
9. Пайыздар бойынша
шығындар 0,44 0,44 -
10. Өткізу бойынша
шығындар 0,15 0,15 -
1 1 . Өзіндік құн жиынтығы 13,942 13,866 -0,076

Көзі: Гермес ЖШС-нің 2007 жылғы Жылдық қорытынды есебі

ЖШС Гермес кәсіпорынның 2007 жылда нақты шығындары кесте
көрсетілгендей жоспардан 1788,4 мың теңге төмен, немесе барлық шығын
түрлері, әсіресе материалды шығындар төмендеген. Өзгермелі және тұрақты
шығындар сомасы өзгерді. Шығынның бірнеше құрылымы өзгерді:
материалды шығындар, негізгі қорлардың амортизация үлесі азайды.
Кәсіпорынның нақты шығындарының төмендеуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтардың экономикалық-қаржылық негіздері, даму жолдары
Корпорация табыс салығының мәні және бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі
Әкімшілік шығыстардың есепте көрініс табуы және есептен шығарылуы
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Қаржының экономикалық маңызы және қажеттігі
Салықтардың экономикалық мәнін ашып, олардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлін айқындап, олардың бюджет кірісін қалыптастырудағы маңыздылығын арттыру бағыттары
Азаматтардың табысына салынатын салық
Тауарлы өндіріс пен өткізілетін өнім шығындарын жоспарлау
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер