Эйкозаноидтар



Кіріспе
Эйкозаноидтар
Негізгі бөлім
а)Простагландиндер мен тромбоксандар. Лейкотриндер
б)Химиялық табиғаты
с)Линетол.Г дәрумені
д) Әсер ету механизмі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Эйкозаноидтар (гректің eikosi – жиырма деген) молекулаында 20 көміртек атомы бар актиті органикалық қосылыстар.Осылардың алғы заты арахидон қышқылы С204.
Эйкозаноидтар клетка ішіндегі химиялық реакцияларды реттеуші белгілі биологиялық заттардың ішіндегі ең күрделі және активтілері. Олар әрбір клеткада түіледі және сол клетка ішінде циклды АМФ немесе циклды ГМФ арқылы өздерінің рөлін орындайды. Олардың әсері бірнеше минутте іске асады, одан кейін ыдырайды, қаиетін жоғалтады. Сондықтан қалыпты денсаулық үшін полиқанықпаған май қышқылдары күнделікті тағамда болуы керек.
Химиялық табиғаты. Катехоламиндер тромбин және бақада биологиялық активті заттар клетка ішінде Са2+ мөлшерін көбейту арқылы А2 фосфолипазаны активтейді.Бұл фермент мембренадағы фофолипидтерден арахидон қышқылының бөліні шығуын жылдамдатады.Циклооксигеназа ферментінің әсерінен эйкозаноидтар синтезі басталады. Арахидон қышқылы линол қышқылынан түзіледі.
1. Ә.Қ.Патсаев, Шитыбаев С.К., Төребекова Г.А. «Физикалық және коллоидтық химия» Шымкент-2010ж.
2. Ә.Қ.Патсаев., С.Ж.Жайлау., Ш.С.Шыназбекова., Б.Қ.Махатов. «Аналитикалық химия» Шымкент-2007ж.
3. Б.Өтелбаев «Химия» 2-том. Шымкент-1999ж.
4. З. Сейітов «Биологиялық химия» Алматы 1992ж.
5. Интернет деректерінен

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Эйкозаноидтар
Негізгі бөлім
а)Простагландиндер мен тромбоксандар. Лейкотриндер
б)Химиялық табиғаты
с)Линетол.Г дәрумені
д) Әсер ету механизмі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Эйкозаноидтар (гректің eikosi - жиырма деген) молекулаында 20 көміртек атомы бар актиті органикалық қосылыстар.Осылардың алғы заты арахидон қышқылы С204.
Эйкозаноидтар клетка ішіндегі химиялық реакцияларды реттеуші белгілі биологиялық заттардың ішіндегі ең күрделі және активтілері. Олар әрбір клеткада түіледі және сол клетка ішінде циклды АМФ немесе циклды ГМФ арқылы өздерінің рөлін орындайды. Олардың әсері бірнеше минутте іске асады, одан кейін ыдырайды, қаиетін жоғалтады. Сондықтан қалыпты денсаулық үшін полиқанықпаған май қышқылдары күнделікті тағамда болуы керек.
Химиялық табиғаты. Катехоламиндер тромбин және бақада биологиялық активті заттар клетка ішінде Са2+ мөлшерін көбейту арқылы А2 фосфолипазаны активтейді.Бұл фермент мембренадағы фофолипидтерден арахидон қышқылының бөліні шығуын жылдамдатады.Циклооксигеназа ферментінің әсерінен эйкозаноидтар синтезі басталады. Арахидон қышқылы линол қышқылынан түзіледі.

Эйкозаноидтар

Простагланиндер
Простациклиндер
Тромбокандар
Лейкотриендер

Простагландиндер -- дәрі-дәрмектілік белсенді касиеті бар простан қышқылынын туындысы. Простагландиндер антиген әсерінен болатын лимфоциттердің әртүрге ажыратылуы мен бөлінуіне және Т, В-торшаларының бір- бірімен байланысын реттеуге қатысады; антигенге сезімталдығы күшейтілген торшалардың реакциясына ұқсас жауап береді және I, III және IV түрдегі аллергиялық реакциялар кезінде туатын әртүрлі медиаторлардың бөлініп шығуын реттейді; лейкоциттердің сезімталдығын өзгертеді.
Простагландиндер өте аз мөлшерде адам және жануарлар ағзаларының барлық жасушаларында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта болады.Простагландиндерді зерттеу 1933ж. бұлшық етті ынталандыру және қан қысымын төмендететін биогенді тұзды физиологиялық белсенді зат анықталған соң кеңнен өріс тапты.Кейіннен ол простогландин (ПГ) деп аталды,себебі ол қуық түбі безінде түзіледі деп болжамданды (glandula prostata ). Бұл простогландиннің құрылысы 1962 ж анықталды,ал 1968 ж оны алғаш рет алу мүмкіндігі туды. Қазіргі кезде бірнеше ондаған простогландиндер белгілі.Олардың бірнеше карбоксил тобы бар және молекуласы 20 көміртек атомдарынан тұрады,яғни бұл заттарды эйкозан қышқылының туындылары ретінде қарауға болады.
Ағзадағы простагландиндердің биосинтезі,ең алдымен архидон қышқылы және т.б. полиқанықпаған майлы қышқылдардың көмегімен іске асады.Өте аз мөлшерде простогландиндер адам және жануарлар ағзаларының барлық дерлік жасушаларында кездеседі,бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта (0.3гг ) болады.
Простагланиндер(ПГ) - жоғарғы активті органикалық заттар, олар бір жерде әсер ететін гормондар. Бұл гормондарды 30 - жылдары ең алғаш швед ғалымы У.Эйлер тапты. Ол адам спермасында,бұлшық еттің жиырылуына жағдай жасай алатын және қан қысымын төмендететін зат бар екенін анықтады. Простогланин деп аталу себебі ол ең алғаш қуық түбі безінің (простаттың) ұрықтық сұйық затынан бөліп алынды.
Қазір ПГ сүтқоректі жануарлардың эритроциттерінен басқа, барлық клеткаларынан табылды, бірқатар өсімдіктерден де алынды.
ПГ затының мүшелердегі, тканьдердегі мөлшері шағын, 10-9 г шамасындай. Осындай аз мөлшерінің өзі организмге өте күшті әсер етеді. Олар организмде жиналып калмайды, клетка аралығына үздіксіз шығып отырады. Гормондардан айырмасы ПГ өзі бөлініп шыққан жердің маңына әсер етеді және клеткалардан тыс жағдайда тез бұзылады(секундтың бірнеше бөлігінен - 2 минут аралығында).
Химиялық табиғаты. Қазіргі кезде 20 шамасындай простагланиндер белгілі. Олардың бәрі - полиқанықпаған арахидон қышқылының туындысы, молекуласында 20 көміртегі атомдары және төрт қос байланыс бар(С20:4).
ПГ латын алфавитінің бас әріптері - А,В,С,D,Е,F, т.с.с. белгіленеді, молекуланың циклдық бөлігінен тыс орналасқан қос байланыс саны цифрмен көрсетіледі. Мысалы, ПГЕ 2 - Е простагландин молекуласында екі қос байланыс бар дегенді білдіреді.
ПГ клетка мембранасында алғы заттан түзіледі, ол зат фосфолипаза көмегімен фосфолипидтерден бөлініп шығады. Мұнда, ең алдымен, линоль қышқылы босап шығады, оның молекуласы көміртегінің екі атомына ұзарады және екі қос байланыс қалыптасады да, арахидон қышқылы пайда болады. Бұдан кейін циклопентандық немесе циклопентендік сақинаның арахидон қышқылы молекуласы тізбегінің ортасында тотығып түйісуі нәтижесінде ПГ түзіледі.
Сонымен, ПГ дегеніміз- полиқанықпаған гидроксимай қышқылы.
Биологиялық қызметі. ПГ клеткалардағы зат алмасуды белсенді реттеуші қызметін атқарады. Тәжірбие жүзінде мыналар дәлелденген: ПГ - ның жылтыр бұлшық етті, әсіресе жатыр бұлшық етін және жұмыртқа жолының бұлшық етін жиырылдыратыны, қан тамырын кеңейтетіні, қанның ұюын баяулататыны (тромбоциттар бірігуін баяулату арқылы) және асқазан сөлінің бөлінуін тежейтіні дәлелденеді. ПГ ішек - қарын, өкпе мен қолқа жұмысын жақсартады, жүрек қызметінің ырғақтылығын өзгертеді, әйелдердің жыныс циклына әсер етеді, орталық нерв жүйесінің жұмысын активтендіреді, қабыну процестеріне жауапы.
ПГ химиялық құрылымдары ұқсас болғанына қарамай, олар организмге кереғар әсер етеді. Мысалы, олар әйелдің жыныс қынабы қабырғасына оңай сіңеді, аналық клетканың ұрықтануын жеңілдетеді. Мұнда ПГ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лейкотриендердің биологиялық маңызы
Эйкозоноидтардың физиологиялық рөлі
Қанның тасымалдаушы липопротеиндерінің құрамы, құрылысы және жіктелуі
Адам ұлпаларының маңызды липидтері және олардың қызметтері
Бейспецификалық қорғаныс факторлары
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Пәндер