Ұйқы гигиенасы



Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Адам немесе жануарлар көп уақыт ұйықтамаса, онда жоғарғы нерв әрекетіне едәуір зиян әкеледі, ал кейде тіршілігі де жойылуы мүмкін. Ұйқысы қашқан адамдардың нерв клеткаларының құрылымында тосын өзгерістердің болатыны анықталған. Ми қыртыстарының нерв клеткаларына қозу ұзақ уақыт әсер еткен кезде организмде шаршау және әлсіреу процесі байқалады. Ондай жағдайда организм тынығуды талап етеді.
Ұйқы организмнің нерв системасын әлсіреуден сақтайды да, жұмсалған энергияны қалыпқа келтіреді. Ұйқы кезінде организмнің сергектік жағдайда қабылданған сигналдары жөнге салынып отырады және ұзақ мерзімді ес қалыптасады. Ұйқы кезінде тыныс алу мен жүректің соғуы, өкпе, вентиляциясы, қан қысымы, зат алмасу, дене температурасы, несеп бөлу, рецепторлардың барлық тонусы төмендейді.
Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бұлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене түлғасының бұлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқы дағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай да болмасын организмге өте қажет.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бүзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, невроз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады.
И. П. Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу нерв клеткаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал ұйықтағанда күллі ми қыртыстары мен қыртысасты құрылымдарына тарайды. И. П. Павловтың айтуынша, ұйқы -мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс тежелуі.
Қазіргі мәліметтер бойынша ми бағанасында ұйқы мен сергектікке әсер етуші нерв клеткаларының шоғырланған топтары болады. Ұйқының пайда болуына таламус, гипоталамус пен торлы құрылымның маңызы бар екені анықталды. Таламус пен гипоталамуста арнайы ұйқы орталықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталығы бар деп есептейді.
1. Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы / Оқу құралы.-Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 125б.
2. https://kk.wikipedia.org/wiki

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасың ғылым және білім министрлігі

БАӨЖ

Тақырыбы: Ұйқы гигиенасы

Семей 2016
Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Адам немесе жануарлар көп уақыт ұйықтамаса, онда жоғарғы нерв әрекетіне едәуір зиян әкеледі, ал кейде тіршілігі де жойылуы мүмкін. Ұйқысы қашқан адамдардың нерв клеткаларының құрылымында тосын өзгерістердің болатыны анықталған. Ми қыртыстарының нерв клеткаларына қозу ұзақ уақыт әсер еткен кезде организмде шаршау және әлсіреу процесі байқалады. Ондай жағдайда организм тынығуды талап етеді.

Ұйқы организмнің нерв системасын әлсіреуден сақтайды да, жұмсалған энергияны қалыпқа келтіреді. Ұйқы кезінде организмнің сергектік жағдайда қабылданған сигналдары жөнге салынып отырады және ұзақ мерзімді ес қалыптасады. Ұйқы кезінде тыныс алу мен жүректің соғуы, өкпе, вентиляциясы, қан қысымы, зат алмасу, дене температурасы, несеп бөлу, рецепторлардың барлық тонусы төмендейді.
Ұйқы түрлері:
Тәуліктік
Барлық жануарларға тән
Маусымдық
Кейбір сүтқоректі жануарларға және құстарға тән
Гипноздық
Адамды сөзбен сендіру арқылы пайда болады
Наркотикалық
Химиялық заттарға байланысты болады (морфин, эфир, хлороформ т.б.)
Патологиялық
Мидың әр түрлі жағдайларына байланысты өзгерістер
Кесте.Организмнің толық дамуына қажетті бір тәуліктегі ұйқының мөлшері.
Баланың жасы.
Ұйқының уақыты, сағат.
Баланың жасы.
Ұйықтау уақыты, сағат.
Жаңа туған сәби.
1-3 ай.
6 ай-1 жас.
2-3 жас.
4-5 жас.
21-22
18-20
14-16
13-14
11-12
5-6
8-10
13-14
16-17
Ересек адам.
10-11
9-10
8-9
7-8
6-8
Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бұлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене түлғасының бұлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқы дағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай да болмасын организмге өте қажет.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бүзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, невроз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады.
И. П. Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу нерв клеткаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал ұйықтағанда күллі ми қыртыстары мен қыртысасты құрылымдарына тарайды. И. П. Павловтың айтуынша, ұйқы -мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс тежелуі.
Қазіргі мәліметтер бойынша ми бағанасында ұйқы мен сергектікке әсер етуші нерв клеткаларының шоғырланған топтары болады. Ұйқының пайда болуына таламус, гипоталамус пен торлы құрылымның маңызы бар екені анықталды. Таламус пен гипоталамуста арнайы ұйқы орталықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталығы бар деп есептейді.
Ұйқыдағы организмнің ЭЭГ-сын зерттегенде әрбір 80-90 минут сайын баяу ырғақтар ояу кездегіге ұқсас жылдам ырғаққа ауысатынын бақылаған. Ондай кезде көз алмасы жылдам-жылдам қозғалып, пульс пен тыныс жиілігі артады. Бұл мезгілді ұйқының парадоксты кезеңі, яғни жылдам ұйқы деп белгілеген. Бұл кезеңде электр белсенділігі сергек кездегідей болғанымен организмнің сыртқы ортамен байланысы болмайды, оның сигналдарын қабылдау тежелген. Кезекті күнделікті ұйқы кезіндегі ЭЭГ-ның белсенділік ырғақтары нейрохимиялық жүйенің белгілі бір жұмыстарына байланысты деп есептеледі. Ұйқыдағы адам осы кезде түс көреді. Жылдам ұйқы адам организміне аса қажетті. Егер ұйықтағанда ол пайда болмаса, бір түннің ішінде адамның жүйке жүйесінің козғыштығы күшейіп, күндіз ашуланшақ болады, ал Ұзақ мерзімге созылса, адам науқастанады. Жылдам ұйқы кезінде адам оянбайды.
Ұйқының баяу толқындары байқалатын кезендерін баяу ұйқы немесе ортодоксты ұйқы деп атайды. Кезекті түндегі бір ұйқы бірнеше циклдан тұрады. Әр циклда жылдам және баяу ұйқы кезендері бар. Таңға жақын оянар кезде жылдам ұйқы байқалады, сондықтан оянған адамда түс көру сезімі туады. Түс көру сезімі түс көріп жатқанда оянса ғана пайда болады, оянбаса ондай сезім тумайды.
Кезекті күнделікті ұйқы 5 кезеңнен құралады: бір белсенді жылдам ұйқы кезеңі жөне 4 баяу кезендер. Олардың биологиялық ырғақтары шамамен 1 сағат 30 минут сайын қайталанып отырады.
Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. Біртіндеп оның ұйқысы азайып, сергек мерзімі ұзарады. Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: Бұл кезде күндізгі ұйқы тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге ғана бөлінеді: ояу жүру немесе сергектік және ұйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді.
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бұрын кемінде 2-3 сағат бұрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран не сүт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22° С болғанда ұйқысы дұрыс болады. Сондықтан бала ұйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқай-шу келмейтіндей, пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс. Баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуда қойылатын гигиеналық талаптар
Оқушыны медициналық- гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу туралы ақпарат
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Ішкі секрециялық бездер
Денсаулық - зор байлық. Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Пәндер