Өнеркәсіптің табиғат қорғаушылық қызметтің құқықтық реттелуі. ҚР экологиялық аудиттің қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық негіздері



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Экологиялық аудит
2. Экологиялық аудиттің қалыптасуының әлеуметтік.экономикалық негіздері.
3. Қоршаған ортаға əсер ету бағамы

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
2006 жылдың наурыз айының басында ҚР Президенті 2006 жылдың соңына дейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кодекс жасау шартын ортаға салды. Берілген қысқа мерзімге қарамастан, Экологиялық кодекс 2007 жылдың қаңтар айында қабылданды. Халықаралық жəне қазақстандық, сонымен қатар халықаралық ұйымдар тарапынан түсіндірме беруге де сұраныс жасалынды. Жұртшылықпен ашық талқылаулар арқылы консультациялар алынды. Басты мақсат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ағымдағы заңнаманың жаңа стандарттарды қамтамасыз етуі жəне бақылау жүйесін жетілдіруі тиіс озық халықаралық стандарттармен үйлесуіне негізделді. Рұқсат беру жүйесі Экологиялық кодекстің құрамдас бөлігі болып саналады. Кодекс күшіне енгенге дейін рұқсат бір жылға берілетін, ал енді рұқсаттың үш жылға берілуі кодекспен енгізілген басты өзгеріске айналып отыр. Лицензиялауға тиесілі қызметтің төрт түрлі санаты бар. Олар Денсаулық сақтау Министрлігімен жасалған, Министрліктің 2005 жылғы “Санитарлық-эпидемиологиялық норма жəне ережелер туралы”, “Өнеркəсіптік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы” Бұйрығына сəйкес жіктелген. Бірінші санатқа қауіптің 1 жəне 2 класына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ жай
минералдарды қоспағанда, минералды ресурстарды барлау жəне қазу жұмыстары енгізілген. Қауіптің 3 кластағы қызметі, жай минералдар кені, орман қызметінің барлық түрлері жəне ерекше су қолдану II санатқа кіреді. III санатқа қауіптің 4 класындағы барлық қызмет түрлері жатады. Қауіптің 5 класы мен фауна қолдану, əуесқой (спорттық) балық жəне аң аулауды қоспағанда, IV санатқа тиесілі. ҚОҚМ I санат қызмет түрін атқаруға рұқсат, ал қалған үш санаттағы қызметтерге рұқсатты жергілікті басқару органдары береді. 2002 жылдан бастап қызметтің бір ғана түріне берілетін рұқсат шешімдері кешендік экологиялық рұқсатпен алмастырылды.
1. ҚР Экологиялық Кодексі
2. http://www.unece.org/e.gov.kz
3. google.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Экологиялық аудит
2. Экологиялық аудиттің қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық негіздері.
3. Қоршаған ортаға əсер ету бағамы

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Өнеркәсіптің табиғат қорғаушылық қызметтің құқықтық реттелуі. ҚР экологиялық аудиттің қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық негіздері.
2006 жылдың наурыз айының басында ҚР Президенті 2006 жылдың соңына дейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кодекс жасау шартын ортаға салды. Берілген қысқа мерзімге қарамастан, Экологиялық кодекс 2007 жылдың қаңтар айында қабылданды. Халықаралық жəне қазақстандық, сонымен қатар халықаралық ұйымдар тарапынан түсіндірме беруге де сұраныс жасалынды. Жұртшылықпен ашық талқылаулар арқылы консультациялар алынды. Басты мақсат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ағымдағы заңнаманың жаңа стандарттарды қамтамасыз етуі жəне бақылау жүйесін жетілдіруі тиіс озық халықаралық стандарттармен үйлесуіне негізделді. Рұқсат беру жүйесі Экологиялық кодекстің құрамдас бөлігі болып саналады. Кодекс күшіне енгенге дейін рұқсат бір жылға берілетін, ал енді рұқсаттың үш жылға берілуі кодекспен енгізілген басты өзгеріске айналып отыр. Лицензиялауға тиесілі қызметтің төрт түрлі санаты бар. Олар Денсаулық сақтау Министрлігімен жасалған, Министрліктің 2005 жылғы "Санитарлық-эпидемиологиялық норма жəне ережелер туралы", "Өнеркəсіптік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы" Бұйрығына сəйкес жіктелген. Бірінші санатқа қауіптің 1 жəне 2 класына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ жай
минералдарды қоспағанда, минералды ресурстарды барлау жəне қазу жұмыстары енгізілген. Қауіптің 3 кластағы қызметі, жай минералдар кені, орман қызметінің барлық түрлері жəне ерекше су қолдану II санатқа кіреді. III санатқа қауіптің 4 класындағы барлық қызмет түрлері жатады. Қауіптің 5 класы мен фауна қолдану, əуесқой (спорттық) балық жəне аң аулауды қоспағанда, IV санатқа тиесілі. ҚОҚМ I санат қызмет түрін атқаруға рұқсат, ал қалған үш санаттағы қызметтерге рұқсатты жергілікті басқару органдары береді. 2002 жылдан бастап қызметтің бір ғана түріне берілетін рұқсат шешімдері кешендік экологиялық рұқсатпен алмастырылды. Экологиялық аудит Экологиялық кодекспен реттеледі. Кəсіпорын заңды тұлға қоршаған ортаға елеулі залал келтірсе, кəсіпорын қызметінің бірігуі, ажырауы жəне қайта таратылуы арқылы қайта ұйымдастырылса, сонымен бірге кəсіпорын банкротқа ұшырағандығы туралы мəлімдегенде аудит жүргізу міндетті болып саналады. Ерікті аудиттер де міндетті экологиялық аудит процедурасы сияқты жүргізіледі. Аудит сəйкес кəсіпорындар арқылы қаржыландырылады. Қазақстанда кəсіпорындар үшін жекелеген реттеу талаптары ҚОƏБ-ні есепке ала отырып, рұқсат беру арқылы орнықтырылады. Реттеуші талаптар бойынша шешім қабылдау процесін негіздеуші барлық материалдар (ҚОƏБ бойынша зерртеулер мен есептер, ашық мəжілістердің хаттамалары, рұқсат алу үшін берілген өтініштер мен басқа да ретеуші құжаттар) тиісті лауазымдағы экологиялық органдар арқылы экологиялық сараптама деп аталатын процедура шеңберінде тексерілуі шарт. І-ші категориядағы кəсіпорындардың экологиялық сараптамасын (ЭС) ЛРТЫБ қызметкерлері ал ІІ-ші жəне ІІІ-ші категорияның сараптамасын ҚОҚАБ жүргізеді. Халықаралық сарапшылардың көмегіне де жүгінуге болады, алайда ол тек кеңесші мəннен аспайды. Сарапшылардың қызметін жобаларды жасаушылар қаржыландырады. Ал қоғамдық сараптама деп аталатын сараптаманы тəуелсіз сарапшылар жүргізеді. Қортынды құжаттар (сараптама қортындылары мен рұқсаттар) қалың жұртшылыққа кейде тіпті қатардағы инспекторларға да берілмейді.
Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау заң жобасының негізгі көздегені. Бүгінгі күнге дейін заңнамалық актілерде тиісті нормалардың болмауы салдарынан, экологиялық аудит кеңінен таралмай келген. Қоршаған ортаны қорғау министрі, аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық тексерістердің қажет болатын жағдайлары реттелмеген", дейді. Осыған орай заң жобасында экологиялық аудит ұғымы нақтыланған. Кәсіпорындардың ауа қабатына келтіріп отырған зиян көлемін анықтау үшін экологиялық тексеріс қажет. Халық қалаулылары да аталған заң жобасының ауа қабатын қорғау бағытында таптырмайтын құжат екендігін мойындап отыр.
Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде қоршаған ортаның авариялық ластану нәтижесінде келтірілген зиянды бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.
1. Уәкілетті орган сақтанушының қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.
2. Экологиялық аудит жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Экологиялық аудит - экономикалық субъектілер қызметінен келетін экологиялық тәуекелдің ауқымын айқындау жоне оларды төмендету, болдырмау мақсатымен олардың қызметінің ұлттық табиғат қорғау заңдарының талаптарына, таңдаулы экологиялық іс-тәжірибеге немесе компанияда қабылданған саясатқа сай келуін тәуелсіз бағалаудың арнаулы рәсімі. Ішкі және сыртқы Экологиялық аудит түрлеріне бөлінеді.
9-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТ
80-бап. Экологиялық аудит
1. Экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргiзуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға аудиттелетiн субъект болып табылады.
2. Экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiлердiң қоршаған ортаға әсер ету туралы есептiлiгiне талдау жасау жолымен жүргiзiледi.
Парниктік газдар шығарындылары экологиялық аудит жүргізу кезінде талдау нысанасы болып табылмайды.
3.Экологиялық аудиттi жүргiзу кезiнде:
1) қоршаған ортаға әсер туралы ұсынылған есептiлiктiң дұрыстығын тексеру;
2) өндiрiстiк-технологиялық процестiң экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау;
3) өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау;
4) қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн бағалау мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер жасалуы мүмкiн.
4. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар және аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негiзiнде туындайды.

Қоршаған ортаға əсер ету бағамы
ҚОƏБ пен экологиялық сараптаманың процедуралары 2007-ші жылғы 28-маусымда ҚОҚМ бекіткен экологиялық кодекс пен оны толықтырушы екі құжатта бұйрық бекітілген. Бұл процедура реттелетін қауымдастықтың, реттеуші орындардың, кеңесші компаниялардың жəне бұқара халықтың қатысуы арқылы көрсетілген бірнеше дəрежеден тұрады. ҚОƏБ кəдімгі
жоспарлау мен экологиялық шаралар үшін жарайды, дегенмен оны іріктеудің айқын көрсетілген тұсы жоқ. ҚОƏБ əртүрлі дəрежеде, көлемі мен қоршаған ортаға əсеріне қарамастан кез-келген жоба мен кəсіпорын үшін қажет етіледі.
Жаңа жобалар дүниеге келгенде, (мəселен, жаңа кəсіпорындар құрылғанда) табиғат қорғаушылармен арада жерге орналасу(жерді алу) жайын кеңесу қажет. Бұл ретте жерді пайдалануға рұқсатты тек əкімдіктер (ұлттық деңгейден төменгі əкімшіліктер) беретіні жеткіліксіз болады. Осы жағдайда, жобаны жасаушылар ағымдағы экологиялық ахуал турасында есеп беруі шарт. Мұндай есеп экологиялық сараптамаға берілетін өтінішпен қатар
ұсынылады. өтініштің өзі халықтың қалың тобымен кеңесілуі қажет. Экологиялық шолу жағдайына оң баға берілсе, жер жобаны іске асырушыға беріледі. Алдын-ала ҚОƏБ техникалық-экономикалық негіздеу сатысында технологиялық шешімдерге баға беру үшін талап етіледі. Ірі жобалар үшін əр сатыда əр орында зерттеулер жүргізіледі. Олардың əсері бағаланады. Бірақ қанша қалдықтың шығарылатынының дəлме-дəл есебі талап етілмейді. Барлық экологиялық құжаттарды қамтитын техникалық-экономикалық негіздеме ЭС-ға ұсынылады. ЭС-ны ұлттық немесе жергілікті деңгейде жобаның маңыздылығын есепке ала отырып, ҚОҚМ жүргізеді. ҚОƏБ-нің алғашқы бекітілген нұсқасы жобаны жүзеге асыру үшін несие алудың басты шарты болып табылады. Келесі сатыда ҚОƏБ-нің барлық деңгейі сараланады. Бұл кезеңде шығарындының жоғарғы шамасы көрстелген есептер, төтенше жағдайларға дайындық, барлық ортада мониторинг-
бақылау жүргізу бағдарламасы сияқты егжей-тегжейлі мəлімет талап етіледі. Аталған құжаттар мемлекеттік органдардың шолуына ұсынылуы керек. Егер жобалық құжаттар соңғы кезеңде қайсыбір өзгерістерге ұшырайтын болса, (мəселен, технологиялық түзетулер) жобаны жасаушы тарап осы өзгерістерді ҚОƏБ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
Экологиялық аудит туралы
Экология құқығының объектілері
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Қазақстан Республикасының экология құқығы
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiнің жалпы сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер