Көлік жүйелерінде экологиялық тәуекелдерді басқару



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәуекелдерді идентификациялау
2. Оқыс жағдайлардың орын алу ықтималдығын бағалау
3. Болуы мүмкін зардаптарды анықтау
4. Қауіптен туатын қатерлерді төмендету шараларын анықтау
5. Қауіптерді жоюдағы міндетті бағалаудың тиімділігі
6. Тәуекелдерді басқаруда нақты шешімдерді қабылдау

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі. Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады. Көлік адамның, тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз, өзен, әуе көлігі) және жекеменшік болып екіге бөлінеді. Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес, айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Қоршаған атмосфералық ауаның ластануын төмендету мәселесі, көлік құралдарының белсенділігі, әсіресе қаланың орталығында жыл сайын 5-10% көбеюі әсерінен өршелене түсуде, ол өз кезегінде қозғалыс жылдамдығының төмендеуі, зиянды заттардың бөлінуінің көбеюіне және бірлік көлік жұмысының жанармай шығынына тікелей әсер етеді. Қаланың орталық көшелерінде СО концентрациясының 5-10 ШРК асатын көрсеткіштерінің шыңы тіркеледі. Тәулік көлемінде СО құрамының тербелісі, қозғалыс белсенділік тербелісіне сәйкес келеді. Ауаның ластану дәрежесі көлік ағымының қозғалысының жылдамдығына байланысты. Қозғалыс жылдамдығының өсуінен толық емес жану өнімдері кеміп, ал NOх шығарындысы көбейеді. Қалада пайдалану жағдайына байланысты еркін қозғалыс кезіндегі шығарындылармен салыстырғанда, СО шығарындысы 1,46 – 2,2 есе, ал CnHm 2,1 – 2,8 есе көп. Қаланың орталық бөлігінде атмосфералық ауа сапасын жақсартудың ең тиімді жолы автокөлік қозғалысын бірқалыпты жүруін қамтамасыз ету.
Көлік ағымы құрамының әртүрлілігі (ауыр – динамикалық, тежегіш, жекелеген көлік құралдарының жылдамдық сапасынан) қозғалыс режимінің жиі өзгеруінің себебі болып келеді. Жол қозғалысын ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Жол қозғалысын бағдарлау құралдарының карбюраторлы қозғалтқышпен орта кластағы жеңіл автокөліктердің бөлетін зиянды заттарына әсері (кесте 1) көрсетілген. Бақылаулар көрсеткендей, улы компоненттердің концентрациясы жол қиылыстарында, түзу жолға қарағанда 2,5-4 есе жоғары. Жол қиылыстарының әсер ету аймағы (жоғары концентрация аймағы) 200 м жетеді.
1. Ризеденова А.Е. Автокөліктердің атмосфералық ауаға жағымсыз әсеріне баға беру. – Өскемен, 2015. - 645 бет.
2. Жидебай Ж.Т., Аханова Р.М., Музафарова Ж.Д., Сидикалиева Ф.М., Байдуйсеков П. Автокөлік жүргізушілердің бронх-өкпе жүйесі патологияларының алдын алу мәселелері. – Шымкент, 2009. – 265 бет.
3. Қауіпсіздік техникасы жөнінде этил бензинін қолданатын автотранспорт қызметкерлеріне арналған естелік, қазақ мемлекет баспасы. – Алматы, 1956 ж. – 19 бет.
4. http://massaget.kz/
5. Малыбаев С.К., Дедов А.Н., Балгабеков Т.К. Общий курс транспорта: Учебное пособие. - Караганда: КарГТУ, 2005. - 82 с.

Реферат
Көлік жүйелерінде экологиялық тәуекелдерді басқару

Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәуекелдерді идентификациялау
2. Оқыс жағдайлардың орын алу ықтималдығын бағалау
3. Болуы мүмкін зардаптарды анықтау
4. Қауіптен туатын қатерлерді төмендету шараларын анықтау
5. Қауіптерді жоюдағы міндетті бағалаудың тиімділігі
6. Тәуекелдерді басқаруда нақты шешімдерді қабылдау

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Көлік жүйелерінде экологиялық тәуекелдерді басқару
Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі - көлік жүйесі. Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады. Көлік адамның, тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз, өзен, әуе көлігі) және жекеменшік болып екіге бөлінеді. Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес, айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Қоршаған атмосфералық ауаның ластануын төмендету мәселесі, көлік құралдарының белсенділігі, әсіресе қаланың орталығында жыл сайын 5-10% көбеюі әсерінен өршелене түсуде, ол өз кезегінде қозғалыс жылдамдығының төмендеуі, зиянды заттардың бөлінуінің көбеюіне және бірлік көлік жұмысының жанармай шығынына тікелей әсер етеді. Қаланың орталық көшелерінде СО концентрациясының 5-10 ШРК асатын көрсеткіштерінің шыңы тіркеледі. Тәулік көлемінде СО құрамының тербелісі, қозғалыс белсенділік тербелісіне сәйкес келеді. Ауаның ластану дәрежесі көлік ағымының қозғалысының жылдамдығына байланысты. Қозғалыс жылдамдығының өсуінен толық емес жану өнімдері кеміп, ал NOх шығарындысы көбейеді. Қалада пайдалану жағдайына байланысты еркін қозғалыс кезіндегі шығарындылармен салыстырғанда, СО шығарындысы 1,46 - 2,2 есе, ал CnHm 2,1 - 2,8 есе көп. Қаланың орталық бөлігінде атмосфералық ауа сапасын жақсартудың ең тиімді жолы автокөлік қозғалысын бірқалыпты жүруін қамтамасыз ету.
Көлік ағымы құрамының әртүрлілігі (ауыр - динамикалық, тежегіш, жекелеген көлік құралдарының жылдамдық сапасынан) қозғалыс режимінің жиі өзгеруінің себебі болып келеді. Жол қозғалысын ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Жол қозғалысын бағдарлау құралдарының карбюраторлы қозғалтқышпен орта кластағы жеңіл автокөліктердің бөлетін зиянды заттарына әсері (кесте 1) көрсетілген. Бақылаулар көрсеткендей, улы компоненттердің концентрациясы жол қиылыстарында, түзу жолға қарағанда 2,5-4 есе жоғары. Жол қиылыстарының әсер ету аймағы (жоғары концентрация аймағы) 200 м жетеді.

Кесте 1 - Қозғалыс режиміне байланысты жеңіл автокөліктен бөлінетін зиянды заттар шығарындысы.

Қозғалыс режимі
Жеңіл автокөліктен бөлінетін зиянды заттар шығарындысы, гкм;

СО
CnHm
NOх
Тоқтаусыз айдауда келе жатқан автокөлік қозғалысы
18,2
1,37
1,09
Бағдарлау құралдары бар жерде келе жатқан автокөлік қозғалысы
19,6
1,5
1,07
Бір жол бұрылысы бар айдауда келе жатқан автокөлік қозғалысы
21,5
1,56
1,06
Екі жол бұрылысы бар айдауда келе жатқан автокөлік қозғалысы
24,2
1,62
1,05

Француз ғалымы Ж.Детридің есептеулері бойынша, автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы - 9%, көміртек оксиді - 4%, көмірсутектер - 0,5%, оттек - 4%, сутек - 2%, альдегидтер - 0,004%, азот оксидтері - 0,06%, күкірт оксидтері - 0,006%, барлығы 200-ге жақын компоненттер бар екенін анықтады.
Бұның негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автокөлік қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады. Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін канцерогенді заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен 25-27% қорғасын болатындығы анықталған. Олар адам ағзасына өте зиянды. Сонымен қатар автокөлік двигателінің жану камерасы - бұл улы заттар синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық редактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады. Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170-тен аса зиянды компоненттерден тұрады. Оның ішінде 160-қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары. Шыққан газда зиянды заттардың болуы ақыр соңында жанармайдың түрі мен жағдайына негізделеді.
Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс режиміне, оның техникалық күйіне және т.б. байланысты.
Карбюрательдік двигательден бөлініп шыққан газдың уыттылығы көміртек оксидімен азот қышқылынан, ал дизельдік двигательден азот қышқылы мен қаракүйеден тұратынымен негізделеді.
Автокөлік дыбысбасқышынан бір қарағанда ешқандай зияны жоқ сияқты көгілдір түтін түрінде шығып жатқан улы газ және азот оксиді бас ауруы, шаршау, тітіркенгіштік, төмен еңбек қабілеттілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Күкіртті газ ұрпақсыздық пен туа біткен мүгедектікке алып келетін генетикалық аппаратқа әсер етуге қабілетті, ал бұл факторлардың барлығы стресс, нервтік ауруларға, өте жақын адамдарына немқұрайлылықпен қарап, жекеленуіне тырысуға алып келеді. Үлкен қалаларда сонымен қатар, қан айналым жүйесінің аурулары және тыныс алу, инфаркт, гипертония кеңінен таралған. Мамандардың есептеуі бойынша атмосфераға автомобильдік транспорттың қосқан үлесі 90%-ке дейін көміртек оксиді мен 70%-ін азот оксиді құрайды. Автокөлік сонымен қатар ауа мен топыраққа металдар және басқа зиянды заттар қосады. Ауа қабатын автокөлікпен ластандырудың негізгі көзі ретінде іштен жану двигателінен шыққан газдар, картер газдары, жанармайдың булануы саналады.
Автокөліктің карбюраторлы қозғалтқышынан бөлініп шыққан газдың құрамында улы компоненттің негізі көміртегі оксидінің болуы, автокөліктің қозғалыс режиміне байланысты.
Автокөлік ауадағы оттегіні пайдаланады. Егер адам тәулігіне 20 кг (15,5 м3), ал жылына 7,5т оттегі пайдаланса, онда қазіргі кездегі автокөлік 1 кг бензинді жағу үшін 12 м3 ауа немесе оттегіні 250л эквивалентте пайдаланады. Осылайша, қалаларда барлық автокөліктер территориядағы барлық табиғаттан бөлінетін оттегіден 2 есе көп пайдаланады.
Көмірсутек, көмірқышқыл газы, азотты қышқылдың ең жоғарғы концентрациясы барлық көлік магистральдарында кездеседі, соның ішінде: көліктер тоқтаусыз жүретін көшелерде кездеседі.
Соңғы кезде сапасы төмен мұнай өнімдері көптеп қолданылады. Соның іщінде көлік жанармайы. Көліктің зиянды заттарды лақтыру мөлшері ең алдымен олардың қалада қозғалыс белсенділігі мен көлеміне, көліктердің техникалық жағдайына және қалалық көлік жүйесін қадағалау ұжымдарына байланысты. Сондай-ақ айта кететін бірінші - көлік лақтыратын зиянды заттар атмосфераның ең төменгі қабатында, яғни адамның өмір сүретін жерде таралады. Екінші - лақтырылатын газ құрамында жоғары концентрлі токсинді компоненттер болады. Көлік газында 200-дей химиялық қоспалар болады, оның көбі әртүрлі көмірсутектер. Үшіншіден, қауіпті лақтырылатын газдың өзі емес, оның фотохимиялық реакцияға түсе алуы төндіреді. Нәтижесінде өте күрделі және токсинді заттар түзіледі.
Қорыта келгенде, материя қозғалысын көлік қамтамасыз етеді. Көліктің дамуы проблема тудырады. Жыл сайын әлем бойынша көлік апатынан 0,2 млн адам қаза болады, 0,5 млн адам мүгедек, 10 млн адам жарақат алады. Әлемде ауданды қолдану бойынша, қаланың үштен бір бөлігі жол мен автотұраққа кетеді. Жолдарды салу көптеген жағдайда транспорт ағынының артуына алып келеді, оның салдары орташа жылдамдықты орын ауыстыруды төмендету. Автокөлік паркі санының артуымен қатар, техникалық құралдар қозғалысын реттеу қиындап, жол көлік жарақаттары, атмосфералық орта, топырақ, су қоймалары және грунт суларының ластануы артады. Автокөліктің дамуын жоспарлау және бағалау кезінде, экологиялық ортаға тигізетін әсердің деңгейін есептеу керек. Қаланың қоршаған ауа ортасына автокөлік құралдарының әсер ету деңгейін төмендетуде, автокөлік қозғалтқышынан бөлініп шыққан газдардың улылығын төмендетуге бағытталған техникалық шаралар, шектеулі қозғалыс жағдайын қамтамасыз ететін, қозғалысты ұйымдастыру шараларымен бірге тиімді әрі оперативті түрде жүріп жатыр. Осы жағдайда, қозғалыс режимінің параметрлері (жүру циклы) стандартты параметрлерден кем емес мүмкіндігін жүзеге асыру негізінде орнатылу керек, зиянды заттарды шығару ағымдағы әрбір көлік үшін тексерілу қажет. Қозғалысты ұйымдастыру потенциалдық мүмкіндігінің мәні атмосфераның ластануын төмендету немесе ауа сапасының санитарлы-гигиеналық талаптарына сай деңгейде ұстап тұру.
Атмосфералық ауаға автокөліктерден шығатын экологиялық зиянды төмендетудің негізгі жолдары мынадай:
oo қалаларда, жол жиектеріне ағаштар, ағаштектес өсімдіктерді көптеп өсіру (көгалдандыру жұмыстарын жүргізу);
oo көлік неғұрлым бірқалыпты тоқтаусыз жүрсе, соғұрлым зиянды заттар аз бөлінеді. Көлік құралдарының режимдерін дұрыс ұйымдастыру көлік процесінің жақсаруына, нәтижесінде ауаның ластануының азаюына әкеледі.
oo көліктерді тексеретін экологиялық посттар ұйымдастыру; заңдарды күшейту;
oo ескі көліктерді істен шығарып орнына жаңа, атмосфераға аз зиян келтіретін көліктерді қолдану. Олар: велосипедтер, биожанармайлармен жүретін көліктер және т.б.
oo биожанармайлар қолдану. Биожанармайлар дегеніміз - бұл биологиялық шикізаттан, соның ішінде қамыс, қант өркенінен, рапстың тұқымынан жүгері және сояларды қайта өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер. Сонымен қатар биожанармайларды алудың басқа да жолдары бар. Мысалы, органикалық қалдықтардан алуға болады, бұл биожанармайлар сұйық болуымен ерекшеленеді (ішкі двигательдің жануы этанол, метанол орнына). Бірақ, технологиялар әлі дамымағандықтан бұл жанармайларды алу әлі мүмкін емес [1, 39-42 бб].
Қазіргі таңдағы адамзат қоғамының дамуы бірінші кезекте автокөліктің тұрмыстың бар саласына кеңінен қолданысқа ие болуымен сипатталып отыр. Кез келген ғылыми бағыттың дамуы адамзаттың алдында тұрған маңызды бір, мәселені шешуге бағытталғандығы белгілі.
Елімізде ірі автокөлік өндірісі дами бастады, ал оларда адамдар саны бұл саланың үлкен әлеуметтік-қоғамдық ұйымға айналуына себеп болды. Осыған байланысты автотранспорт өндірісі саласында гигиеналық, әлеуметтік-медициналық және экологиялық зерттеу жұмыстары қолға алына бастады. Бұл саланың тиімділігін арттыру үшін автокөлік жүргізушілер денсаулығын жоғары дәрежеде қамтамасыз ету қажеттігі туындады.
Көптеген әлеуметтік-гигиеналық және клиникалық зерттеулер автокөлік саласының өзіне тән патологиялар мен кәсіби аурулары бар екендігін анықтады. Осы патологиялардың алдын алу, емдеу, қалпына келтіру жұмыстарын тек қана арнайы құрылған медициналық-санитарлық қызмет қамтамасыз ету қажет. Себебі осы қызметтің дәрігер мамандары ғана автокөлік жүргізушілер ауруларымен және кәсіби патологияларымен жете таныс. Ол патологиялардың клиникалық ерекшеліктерін жақсы біледі. Автокөлік жүргізушілерін жан-жақты тексеру, анамнезін жинау, дәрігер мамандарына, оның ішінде кардиолог, невропатолог, психиатр, окулист, лор және травматолог дәрігеріне көрсетіп, олардың қорытынды диагнозын алу осы сала қызметіне дені сау және жұмысқа жарамды адамдарды тартуға жағдай туғызады.
Жаңадан жұмысқа тұратын мамандар ағзасында ауыр және созылмалы патологиялардың белгілері байқалса, оларды лабораториялық-аспаптық тексеруден немесе ауруханаға жіберіп, стационарлық жағдайда тереңдете тексеру жүргізуге мүмкіндік туады.
Автокөлік жүргізушілер арасындағы бронх - өкпе патологияларын туындататын қатерлі себептер аз емес. Олардың қатарында автокөлік салонындағы микроклиматтық жағдайдың алатын орны ерекше. Климаты өте қатаң солтүстік өңірлерде әсіресе қыс мезгілінде автокөлік салонындағы температура өте төмен болып келеді. Көбінесе осы себептер бойынша жолаушылар мен автокөлік жүргізушілер денсаулығына аса жайсыз микроклиматтық жағдай қалыптасады.
Салондағы микроклиматтық ауытқулар автокөлік жүргізушінің кабинасындағы микроклиматқа да күшті әсерін тигізіп отырады. Гиподинамикалық және статикалық жағдайдағы автокөлік жүргізушілердің ағзасына микроклиматтық, оның ішінде ауа қызуының төмендегі бронх - өкпе жүйесіне патологиялық әсерін тигізбей қоймайды. Микроклиматтың жайсыздығы тек ауа температурасына байланысты емес, сонымен қатар оның ылғалдылығы да маңызды роль атқарады. Ылғалдылық жоғарылаған сайын ауа қызуының төмендігінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері арта түседі.
Алдын алу жүйесінде бірінен соң бірі орындалатын 3 кезең бар екендігі белгілі. Оның бірінші кезеңінде ағзада бронх - өкпе жүйесі ауруларын туындататын қатерлі себептері бар тұлғаларды анықтайды. Екінші кезеңінде осы жүйке аурулары бойынша диспансерлік топтарды құрастыру. Әрбір ауруға арналған алдын алу шаралардың және динамикалық тұрғыда бақылау жоспарын жасау мәселесі шешіледі. Үшінші кезеңде алдын алу шараларды жүзеге асыру диспансерлік есептегі ауруларды динамикалық тұрғыда бақылау және алдын алу шара тиімділігін бағалау шаралары іске асырылады [2, 231-233 бб].

Этил бензині және оның қасиеттері
Жай бензинмен салыстырғанда, этил бензинінің уландырғыш қасиеті күшті келеді, сондықтан оны пайдалануда сақтану қажет.
Этил бензині деген аттың өзі мұнда этил сұйығының бар екенін көрсетеді. Әдетте ол 1 кг бензинде 1,5 мл шамасында кездеседі.
Этил сұйығының құрамында бензиннің іштен тұтанатын двигательде жану қасиетін арттыратын зат болады. Этил сұйығы құрамының ең маңызды бөлігі - тетраэтил қорғасыны (ТЭС). Бұл - қорғасынның тез әрекеті антидетонациялық қасиеттер мен ұшпалы органикалық қосындысы. Тетраэтил қорғасыны өте улы зат.
Этил сұйығының буымен дем алса, сондай-ақ денесіне тисе, оның адам организміне жиналып, уландыруы да мүмкін.
Этил сұйығына қарағанда этил бензинінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктерді контейнерден аралық түсірусіз әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдау мүмкіндігі
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Отын брикеттерін өндіру бойынша бизнес жоспар
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Жобаларды басқару
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)
Ғарыштық мониторинг технологиялары
Қалалар атмосферасының экологиялық мәселелері
Басқару жүйелерінің архитектурасы
Мәліметтер базасының схемасын құру
Пәндер