“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер



№1 дәріс
Тақырыбы: “Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні”
№2 дәріс
Тақырыбы: “Клиникалық витаминология және ферментология (энзимология)”
№3 дәріс
Тақырыбы: “Клиникалық эндокринология”
№4 дәріс
Тақырыбы: “Көмірсулар алмасуының бұзылуы”
№5 дәріс
Тақырыбы: “Белоктар (нәруыздар) алмасуының бұзылуы”
№7 дәріс
Тақырыбы: “Липидтер алмасуының бұзылуы”
№8 дәріс
Тақырыбы: “Кетонды денелер”
№9 дәріс
Тақырыбы: «Иммунноглобулиндер, иммуногенез және иммундық жүйенің бұзылуы»
№10 дәріс
Тақырыбы: “Су және минералды заттар алмасуының бұзылуы”
Клиникалық биохимия биохимияның қолданбалы саласы. Биохимия — тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, клеткалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметтерін зерттейтін ғылым.
Клиникалық биохимия жануарлар организмінің патологиялық немесе ауру жағдайындағы өзгерістерін, осы өзгерістерді анықтайтын әдістерді зерттейді.
Клиникалық биохимия пәнінің негізін салушы ғалымдар
Қазіргі кезде Биохимия саласындағы жүйелі зерттеулермен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеу орталығының институттары, медициналық, ауыл шаруашылығы оқу орындары айналысады. Витаминдер Биохимиясы, бұғақ ауруы мен қан ұю әсерінен туатын биохимиялық өзгерістер зерттелді (Б.И. Ильин-Какуев). Гистохимия мәселелері, миоглобин, гемоглобин ақуыздары, тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысатын ферменттер биохимиясы (З. Қайыпова, А. Өтешев, т.б.), зерттелді. Микроорганизмдер мен вирустар Биохимиясы дамытылды (Х. Жұматов, Е. Исаева). Гипоксия (оттегі жетіспеуі) кезінде адамға қажетті ақуыз, май, көмірсулар, витамин мөлшерлері анықталды (А. Алдашев). Қой организміндегі биохимиялық өзгерістер, төл организміндегі зат алмасу процесі зерттелді (Ө.Ташмұхаметов, Ә. Сәрсенов, Е. Ертаев, Б. Қарабалин), малда сүт шығару механизмі ашылды (Қ. Тәшенов). Сиыр мен бие сүтіндегі ақуыздар, липидтер зерттеліп, осының нәтижесінде төлдің тіршілікке бейімділігін арттыру шаралары белгіленді (З. Сейітов, Ж. Жұмашев). Аусыл, сарып, эхинококкоз, ценуроз патогенезіне биохимиялық тұрғыдан сипаттама берілді (В.М. Красов, Т. Омаров, т.б.). Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класы — ақпараттық рибонуклеин қышқылы (аРНҚ) ашылды (М. Айтхожин).
Клиникалық биохимияның міндеттері:
 Әртүрлі жануарлардың паталогиялық жағдайдағы организмнің биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу;
 Биохимиялық зерттеудің дәстүрлі және перспективті (жаңа) әдістерін меңгеру;
 Биохимиялық зерттеулердің нәтижелеріне клиникалық түсініктер беру;
 Зертханалық саралауларды (талдауларды) есепке ала отырып, емдеу-профилактика-лық шараларды әзірлеу.
Клиникалық биохимияның зерттеу объектілері
Клиникалық биохимияның объектісі – зерттеуге алынған жануардан алынған түрлі биологиялық материалдар, сонымен қатар биологиялық зерттеулерге әртүрлі мүшелер мен ұлпалар алынады.
Тәжірбиелік клиникалық биохимия

Әмбебеап Арнаулы Дәстүрлі емес
Тәжірбиелік клиникалық биохимия саласы бойынша жануарлардан алынған биоматериалдар әмбебеп (қан, зәр, нәжіс, лимфа) және арнаулы (организмнен бөлінетін сұйықтар, қарын және асқазаннан алынған үлгілер, қақырық) бөленеді, ал қазіргі кезде медицинада дәстүрлі емес биоматериалдарға (шаш, түкірік, тырнақ ж/е т.б.) көп көңіл бөлінеді.
Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір ережелері

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
“Клиникалық биохимия” пәні
№1 дәріс
Тақырыбы: “Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні”
Дәрістің мақсаты:
Клиникалық биохимияның қысқша даму тарихы және оның зерттеу объектісі мен
әдістері туралы жалпы түсінік беру.
Негізгі терминдер:
КЛИНИКАЛЫҚ БИОХИМИЯ, ҚАН, ЗӘР, НАТРИЙ ЦИТРАТЫ, ОКСАЛАТТАР, ТРИЛОН Б,
ГЕПАРИН, ТОЛУОЛ, ТИМОЛ, ХЛОРОФОРМ, ФОРМАЛИН, ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ,
ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ, ЭЛЕКТРОАНАЛИТИКАЛЫҚ, ОПТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР.
Дәрістің жоспары:
1. Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні.
2. Клиникалық биохимияның зерттеу объектісі.
3. Клиникалық биохимияда қолданылатын әдістер.
Кіріспе. Клиникалық биохимия пәні
Клиникалық биохимия биохимияның қолданбалы саласы. Биохимия — тірі
организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың
синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын,
клеткалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметтерін
зерттейтін ғылым.
Клиникалық биохимия жануарлар организмінің патологиялық немесе ауру
жағдайындағы өзгерістерін, осы өзгерістерді анықтайтын әдістерді зерттейді.
Клиникалық биохимия пәнінің негізін салушы ғалымдар
Қазіргі кезде Биохимия саласындағы жүйелі зерттеулермен Ұлттық
академиялық аграрлық зерттеу орталығының институттары, медициналық, ауыл
шаруашылығы оқу орындары айналысады. Витаминдер Биохимиясы, бұғақ ауруы мен
қан ұю әсерінен туатын биохимиялық өзгерістер зерттелді (Б.И. Ильин-
Какуев). Гистохимия мәселелері, миоглобин, гемоглобин ақуыздары, тотығу-
тотықсыздану процестеріне қатысатын ферменттер биохимиясы (З. Қайыпова, А.
Өтешев, т.б.), зерттелді. Микроорганизмдер мен вирустар Биохимиясы
дамытылды (Х. Жұматов, Е. Исаева). Гипоксия (оттегі жетіспеуі) кезінде
адамға қажетті ақуыз, май, көмірсулар, витамин мөлшерлері анықталды (А.
Алдашев). Қой организміндегі биохимиялық өзгерістер, төл организміндегі зат
алмасу процесі зерттелді (Ө.Ташмұхаметов, Ә. Сәрсенов, Е. Ертаев, Б.
Қарабалин), малда сүт шығару механизмі ашылды (Қ. Тәшенов). Сиыр мен бие
сүтіндегі ақуыздар, липидтер зерттеліп, осының нәтижесінде төлдің
тіршілікке бейімділігін арттыру шаралары белгіленді (З. Сейітов, Ж.
Жұмашев). Аусыл, сарып, эхинококкоз, ценуроз патогенезіне биохимиялық
тұрғыдан сипаттама берілді (В.М. Красов, Т. Омаров, т.б.). Эукариоттық
клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класы — ақпараттық
рибонуклеин қышқылы (аРНҚ) ашылды (М. Айтхожин).
Клиникалық биохимияның міндеттері:
← Әртүрлі жануарлардың паталогиялық жағдайдағы организмнің биохимиялық
көрсеткіштерін зерттеу;
← Биохимиялық зерттеудің дәстүрлі және перспективті (жаңа) әдістерін
меңгеру;
← Биохимиялық зерттеулердің нәтижелеріне клиникалық түсініктер беру;
← Зертханалық саралауларды (талдауларды) есепке ала отырып, емдеу-
профилактика-лық шараларды әзірлеу.
Клиникалық биохимияның зерттеу объектілері
Клиникалық биохимияның объектісі – зерттеуге алынған жануардан алынған
түрлі биологиялық материалдар, сонымен қатар биологиялық зерттеулерге
әртүрлі мүшелер мен ұлпалар алынады.
Тәжірбиелік клиникалық биохимия

Әмбебеап Арнаулы Дәстүрлі
емес
Тәжірбиелік клиникалық биохимия саласы бойынша жануарлардан алынған
биоматериалдар әмбебеп (қан, зәр, нәжіс, лимфа) және арнаулы (организмнен
бөлінетін сұйықтар, қарын және асқазаннан алынған үлгілер, қақырық)
бөленеді, ал қазіргі кезде медицинада дәстүрлі емес биоматериалдарға (шаш,
түкірік, тырнақ же т.б.) көп көңіл бөлінеді.
Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір ережелері
← Тәуліктік өзгерісін есепке ала отырып жиналуы және қайта зерттеу
жүргізу үшін биоматериалдар бір уақытта алынуы керек (мысалы, ірі
қарааның қан сарысуындағы глюкозаның қалыпты жағдайдағы мөлшері 2,2 -
3,2 ммолъл болса, азықтандырғаннан кейін 1-2 сағаттан соң оның
мөлшері 2-4 есе көбейеді, ал көмірсулы азық шектен тыс берілсе глюкоза
зәрмен де бөлінеді);
← Биоматериалдарды алу процесі (үдерісі) максимальды түрде ауыртпай
және тез жүргізілуі керек;
← Биоматериалдар емдеу шаралары жүргізілместен бұрын алынуы керек;
← Алынған биоматериалдар жедел түрде таза және жабық ыдыстарға құйылуы
керек (мысалы, билирубин, витамин В2 және т.б. жарыққа сезімтал
болғандықтан жарық өткізбейтін құтыларға алынуы керек)
Биологиялық процестер (үдерістер) үздіксіз және in vitro жағдайында
жүргізілетіндіктен зерттеу барысын мүмкіндігінше азайту керек (бұл жағдайда
консерванттар қолданылмайды және биоматериалдар төмен температурада сақталу
керек).
Қанды зерттеуге дайындау
Клиникалық биохимияның негізгі және жиі биохимиялық зерттеуге алынатын
зерттеу объектісі – қан және оны малды азықтандырудан 5-6 сағат бұрын алу
және қан ұйымау керек.
Жиі қолданылатын антикоагулянттар:
o қымыздық қышқылының тұздары (калий немесе натрий оксалаттары, 10 мл
қанға 10-20 мг немесе 0,15мл 10% ерітіндісі);
o натрий цитраты (лимонқышқылды натрий, 10 мл қанға 16 мг немесе 3,2%
ерітіндісінің 1:19 қатынаста);
o трилон Б (ЭДТА-ның динатрилі немесе дикалилі тұзы, 10 мл қанға
10 мг немесе 0,1-0,2 мл 10% ерітіндісі, пробиркаға 3-4 тамшы);
o гепарин (10 мл қанға 50 ЕД ерітіндісі 50 ЕД на 10 мл крови.
Зәрді зерттеуге дайындау
Жануарлардан зәр төмендегідей тәсілдермен:
← табиғи зәр шығару жолымен;
← катетер көмегімен (катетеризация);
← ұсақ малды арнаулы торларға салу арқылы алынады.
Зерттеулер жаңадан алынған зәрмен немесе 2 сағаттан кем емес уақыт ішінде
жүргізіледі, ал мүмкін болмаған жағдайда зәр жабық ыдыста тоңазытқышта (36
сағаттан кем емес) немесе төмендегідей қосылыстармен консервіленеді:
← толуол – 100 мл зәрге 2 мл;
← тимол – 100 мл зәрге 1-2 кристалы;
← хлороформ немесе формалин – 100 мл зәрге 1-2 тамшы;
← бор қышқылы – 120 мл зәрге 0,3 г.
Бактериологиялық зерттеулерде зәрді консервілеуге болмайды.
Клиникалық биохимияда қолданылатын сандық сараптау (анализ) әдістері
Зерттеуге алынған биоматераилдардың биохимиялық сараптау жасауда сандық
әдістерді қолданылады және олар екіге жіктеледі:
физико-химиялық;
иммунохимиялық.
Физико-химиялық әдістер химиялық реакциялардың әсерінен жүйедегі физикалық
шамалардың (түс, электрөткізгіштік, т.б.) өзгеруіне негізделген.
Иммунохимиялық әдістер антиген мен антидененің бір-біріне әсеріне
негізделген.
Негізгі зерттеу әдістері:
1. Гравиметриялық анализ реакция нәтижесінде алынған затты тұрақты салмаққа
дейін кептіріп, аналитикалық таразыда өлшеуге негізделген.
2. Титрометриялық анализ - эвивалентті мөлшерде реакцияласатын заттардың
нақты көлемін өлшеуге негізделген.
3. Электрокөлем (электроаналитиалық) әдістер ерітінділердің электро-
химиялық қасиеттеріне негізделген.
4. Оптикалық сараптау әдістері - фотометрия (абсорбционды және эмиссионды),
рефрактометрия, поляриметрия болып жіктеледі. Олар зерттелетін заттан өткен
жарықтың қасиеттерінің өзгеруіне негізделген.
Бақылау сұрақтары:
1. Клиникалық биохимия нені зерттейді?
2. Клиникалық биохимия пәнінің негізін салуға қандай ғалымдар үлес қосты?
3. Клиникалық биохимияның міндеттері қандай?
4. Биоматериалдарды алу мен сақтаудың кейбір ережелері қандай?
5. Қан мен зәрді зерттеуге қалай дайындайды?
6. Клиникалық биохимияда қандай сандық сараптау (анализ) әдістері
қолданылады?

Әдебиеттер:
1. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: Қазақ университеті, 2001.
2. Букин В.Н. Биохимия витаминов. Избранные труды. М.: Наука, 1982, 272-
302.
3. Шилов П.И., Яковлек П.Н. Основы клинической витаминологии. Л., 1974.

№2 дәріс
Тақырыбы: “Клиникалық витаминология және ферментология (энзимология)”
Дәрістің мақсаты:
Клиникалық витаминология мен ферментологияның (энзимология) негізгі
проблемаларын атап көрсете отырып, ауыл шаруашылық малдары организміндегі
барлық аурулар витаминдердің жетіспеушілігі мен ферменттердің құрылымындағы
және қызметіндегі ауытқушылық салдары ретінде қарастыру.
Негізі терминдер:
ВИТАМИНДЕР, МАЙДА ЕРИТІН ВИТАМИНДЕР, РЕТИНОЛ, ТОКОФЕРОЛДАР, КАЛЬЦИФЕРОЛДАР
(ХОЛЕКАЛЬЦИФЕРОЛ, ЭРГОКАЛЬЦИФЕРОЛ), ФИЛЛО-ХИНОН, МЕНАХИНОН, ВИКАСОЛ, ЛИНОЛ,
ЛИНОЛЕН ЖӘНЕ АРАХИДОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ (ПОЛИҚАНЫҚПАҒАН ҚЫШҚЫЛДАР), АВИТАМИНОЗ,
ГИПОВИТАМИНОЗ, ГИПЕРВИТАМИНОЗ, КСЕРОФТАЛЬМИЯ, РОДОПСИН, РЕТИНАЛЬ, РАХИТ,
ОСТЕОМАЛЯЦИЯ, ОСТЕОПОРОЗ, ГЕМОРРАГИЯ, ФИБРИН (ФИБРИНОГЕН), ТРОМБИН,
ЭССЕНЦИАЛ ҚЫШҚЫЛДАР. КЛИНИКАЛЫҚ ФЕРМЕНТОЛОГИЯ (ЭНЗИМОЛОГИЯ), ЭНЗИМДЕР,
КЛЕТКА ФЕРМЕТТЕРІ, ЭНЗИМОПАТИЯ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ, ЭНЗИМОДИАГНОСТИКА,
ЭНЗИМОТЕРАПИЯ.
Дәрістің жоспары:
1. Клиникалық витаминология және ферментология (энзимология) жөнінде жалпы
түсінік.
2. Мал организмінде майда витаминдердің авитаминозының клиникалық белгілері
3. Ферменттер белсенділігінің бұзылуы.
4. Клетка ферменттері.
5. Ферментопатологияның (энзимопатия) жіктелуі.
6. Витаминдер мен ферменттердің биологиялық маңызы.
Витамин – тіршілік амині
Витаминдердің негізгі белгілері (≈ 13 витаминдер бар)
← Тағам құрамында өте аз мөлшерде кездеседі (микрокомпоненттер);
← Организмде мүлдем синтезделмейді (түзілмейді) немесе аз мөлшерде
ішек микрофлорасында синтезделеді (түзіледі);
← Құрылымдық қызмет атқармайды;
← Қуат көзі болып табылмайды;
← Өте аз мөлшерде биологиялық қызмет атқарады және зат алмасу
үдерісіне әсер етеді;
← Ферментативті жүйенің кофакторлары болып табылады.
Егер затта осы витаминнің келтірілген белгілерінің 1-інен (кейбір жағдайда
2-інен) басқасы кездессе, онда ол - витаминтәрізді заттар.
Клиникалық витаминология жөнінде жалпы түсінік
Витаминология – өте жас ғылым, негізін салушы Н.И.Лунин (1881ж).
Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады.
Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitamin – тіршілік амині деген
мағынаны білдіреді.
Клиникалық витаминология – азық-түлік және жем-шөп құрамында витаминдердің
жетіспеуінен немесе мүлде болмауынан организмдегі зат алмасу процесінің
бұзылуын (авитаминоз, гиповитаминоз) зерттейтін клиникалық биохимияның
саласы.
Ауыл шаруашылық малдары организміндегі витаминдердің жетіспеуінен немесе
мүлде болмауынан туындайтын аурулардың табиғатын: эндогенді және экзогенді
деп жіктейді.
Витаминдер:
➢ тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-
өнуіне әсерін тигізеді;
➢ организмнің қорғаныштық қабілетін арттырады;
➢ жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен
дамуы үшін қажетті;
➢ белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың
алмасуын жылдамдатады және реттейді.
Витаминдерді 4 топқа бөледі:
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
2) алициклды витаминдер қатары;
3) ароматикалық витаминдер қатары;
4) Гетероциклды витаминдер қатары.
Гиповитаминоз (авитаминоз) өте жиі кездеседі. Гиповитаминоздың (авитаминоз)
себептері (экзогенді):
1) Әлеуметтік факторлар:
витаминдер мөлшері жеткіліксіз біртекті немесе бір азықпен (тағаммен)
қоректену, тұрмыс жағдайының төмен болуы;
2) Азықтың (тағамның) өңдеу технологиясының қателігі: ұзақ уақыт қыздыру
немесе азықты бірнеше рет қыздыру витаминдерді жояды;
3) Темекі шегу, этанолды (арақ) ішу (алкоголизм)
4) Биологиялық факторлар:
сәбилік немесе қартаңдық, жүктілік, лактация кезеңі.
Гиповитаминоздың (авитаминоз) себептері (эндогенді):
5) организмнің патологиялық жағдайы:
а) асқазан-ішек жолдарында сіңірілуі;
б) ішек инфекциясы:
қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметіне әсер ете отырып, В
витаминдер тобының синтезін бұзады;
в) Бауыр қызметінің бұзылуы:
- провитаминдердің витаминдерге айналуын
- әртүрлі биосинтезге витаминдердің қатысуын
- бауырда витаминдердің жиналуын тежейді.
6) Өте көп мөлшерде дәрі-дәрмек қабылдау – бірінші кезекте антибиотиктерді
қабылдау қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметін бұзады.
А витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– көздің тор қабығының зақымдануы (ксерофтальмия, панафтальмия, іріңді
конъюктивтит);
– эпителийдің қабынып, зақымдануы (тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмей,
бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі
органдарының кілегей қабаты қабыршақтанып, тері құрғақ тартып, оның
беті кедір – бұдырланады, өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп,
қабынады, организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, фолликулярлы
гиперкератозға, дерматитке ұшырайды);
– ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған
соң төлдің бекуі нашарлайды, жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып,
іш тастауы мүмкін немесе төлі кішкентай болады өлі туады;
– жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып,
жұмсарып, қабынып, жарылады;
– Еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез немесе ұрықтың пайда
болуы бұзылады.
А витаминінің жануарлар организміне қажетті мөлшері: тірідей салмағының 1
кг мөлшеріне 6 мкг (1 микро-грамм = 10-6 г).
Д витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– Рахит грекше Rhachis – арқа қыры, омыртқа бағанасы - мешел құныс
ауруы организдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады.
Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы
нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
– Остеомаляция грекше ostean – сүйек, malakia – жұмсару сүйек жұмсаруы,
басқаша – остеодистрофия ауруы.
– Остеопороз грекше ostean – сүйек, poros – саңылау, тесік сүйек
қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілу процесінен анағұрлым басым
болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады. Фосфор-кальций
алмасуындағы тепе-теңдік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен
құрылысында күрделі өзгерістер туады.
– D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың
жұмыртқасы кемиді.
Ауыл шаруашылығы малдарының D витаминің мөлшері: тірідей массасының әр 100
кг мөлшеріне 25 мкг
Е витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– Токоферолдың ұзақ уақыт жетіспеуі аталық малдың енін аздырып,
ұрықтандыру қабілетін жояды.
– Е витамині жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен
жүйке ткандерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады.
Зақымданған қозылар мен бұзаулар аяғының, жүрегінің және тыныс алу
органдарының еттері семіп қалады. Бұл індетті ақбұлшықет ауруы дейді.
Селен микроэлементі жетіспегенде де осындай өзгерістер қой мен шошқа
шаруашылығында кездеседі. Мұндай ауру қояндарда, тышқандарда, иттерде
және теңіз шошқаларында да кездеседі.
Е витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: сиырдың 100 кг тірі салмағына
165 мг, бұқа үшін – 44-176 мг, шошқаға берілетін 1 кг азыққа 40 мг
К витамині авитаминозының клиникалық белгілері
– К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның
ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Себебі, К
витамині қанның қалыпты жағдайда ұюына қажет. Ол осы құбылысқа керекті
протромбин мен тромботропиннің бауырда түзілуіне әсер етеді. К
авитаминозы кезінде протромбиннің ұюы баяулайды.
– К витамині жетіспегенде организмдегі фосфорлану процестері тежеледі.
– АТФ – бұлшық еттердің жиырылуына керекті зат. Сондықтан К витамині
жетіспесе, бұлшық еттердің қызметі нашарлап, көптеген ферменттердің
активтігі төмендейді.
К витаминінің берілетін тәуліктік мөлшері: шошқаға берілетін 1 кг азыққа 60-
65 мкг
Клиникалық ферментология (энзимология) жөнінде жалпы түсінік
Клиникалық энзимология ферменттердің катализдеу әрекетінің механизмін,
құрамы мен молекулалық құрылымын қалыпты және ауытқу жағдайында зерттейді
және клиникалық биохимияның маңызды бөлімі.
Ферменттердің тазартылуы мен бөлінуі проблема-ларын шешумен, олардың
топтасуын, ферментативті катализдің кинетикасын, ферменттердің ерекшелігін,
тежелу мен белсенділігінің арттырылуын зерттеумен, олардың кофакторларын,
сондай-ақ энзимдердің биосинтез процесін, олардың биологиясын, практикалық
қолданылуын, оның ішінде энзимодиагностика мен энзимотерапиясын зерттеумен
айналысады.
Ферменттер белсенділігінің бұзылуы
Организмде тіршілік процестерінің бірқалыпты жүрісі ферменттер әсеріне
байланысты. Ферменттік реакциялардағы қандай болмасын жайсыз өзгеріс әр
түрлі патологияға, дертті өзгеріске әкеліп соғады. Клеткалардағы немесе
биологиялық сұйықтықтағы (мысалы, қан плазмасындағы) белгілі бір ферменттің
активтілігін анықтау арқылы әр түрлі мүшелерде және ұлпаларда болып жатқан
өзгеріс жөнінде тұжырым жасауға болады. Мұндай фермент активтілігіне
қатысты зерттеулер адамның және жануарлардың ауруы жағдайын, оның
диагностикасын бақылау үшін қажет.
Организмдегі жалпы патологиялық үдерістерге тән ферменттердің белсенділігі
(активтілігі) өзгерісінің 3 түрі бар:
1. қан құрамында болатын ферменттердің белсенділігінің (активтілігінің)
жоғарылауы;
2. қан құрамында болатын ферменттердің белсенділігінің (активтілігінің)
төмендеуі;
3. қалыпты жағдайда қан құрамында болмайтын фермент-тердің анықталуы
(кездесуі);
Клетка ферменттері
Ферменттер клетка ішінде басым түрде орналасқан, митохондрия - клетканың
пішіні эллипске ұқсас органелласы және митохондрияларда лимон қышқылының
циклы (Кребс циклы) және тотыға фосфорлану сияқты тіршілік үшін аса маңызды
процестер іске асады. Клеткалардың өсуіне және тіршілігіне қажетті барлық
энергия дерлік осындай процестер нәтижесінде пайда болады. Тотығу энергиясы
АТФ молекуласына жиналады. Сондықтан физиологиялық тұрғыдан митохондриялар
биохимиялық машина немесе қуат беруші станция деп аталады. Сонымен
катар митохондрияларда тыныс алу тізбегі ферменттерінің:
пируватдегидрогеназалық кешен, цитратсинтетаза, изоцитрат-, малат-,
сукцинат-, альфа-кетоглутарат-, ацетил-КоА-дегидрогеназалар, аспартат-
аминотрансфераза (ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) және т.б. синтезі
жүзеге асырылады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ
Аминотрансферазалар (трансаминазалар) амин қышқыл-дарынан кетоқышқылдарға
амин топтарының тасымалдануын катализдейтін және олар баур мен жүрек
бұлшықеттерінде кездесетін органоспецификалық ферменттер. Оларға: аспартат-
аминотрансфераза (ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) жатады.

Аминотрансферазалар ACT және АЛТ
Аминотрансферазалар (трансаминазалар) немесе аспартат-аминотрансфераза
(ACT), аланинамино-трансфераза (АЛТ) ферменттерінің белсенділігі
(активтілігі) жеке қарастыру және паталогиялық үдеріс жайында тұжырым
жасауға болмайды, сондықтан оларды кешенді түрде зерттеп, қорытынды жасау
үшін клиникалық тәжірбиеде Ритис коэффициенті қолданылады. Осы
коэффициенттің үй жануарлары үшін қалыпты мөлшері: иттерде 1,0-1,5;
мысықтарды 1,3-1,7; сиырлада 0,9-1,4 болады.
Аминотрансферазалар ACT және АЛТ (нақты ғылыми жұмыс нәтижелері)
Кесте 2. Әртүрлі физиологиялық топтардағы де Ритис коэффициентінің мәні
№ Физиологиялық топтар Үлгінің саны де Ритиса коэффициенті
1 Қой 10 2,46±0,287
2 Буаз қойлар 10 4,32±0,123
3 Қысыр қойлар 10 3,1±0,067

Алкогольдегидрогеназа катализдейтін реакция:

CH3 ─ CH2OH + НАД+ CH3 ─ CHO + НАД – H +
H+
Этил спирті
Сірке альдегиді Тотықсызданған НАД

Алкогольдегидрогеназа ферменті көп мөлшерде бауырда кездеседі, ал сау
адамда қан сарысуында бұл фермент болмайды. Қан сарысуында
алкогольдегидрогеназа ферментінің пайда болуы бауырдың клеткаларының және
бауыр қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады және мөлшерінің кенеттен көбеюі
жіті гепатитте (острых гепатитах) байқалады.

Лактатдегидрогеназа катализдейтін реакция:

CH3 ─ CH(OH) ─ CОOH + НАД+ CH3 ─ CO ─ CОOH +
НАД – H + H+
Сүт қышқылы
Пирожүзім қышқылы Тотықсызданған НАД

Лактатдегидрогеназа ферменті жылтыр, қаңқа және жүрек бұлшықеттерінде,
клетканың денелі элементтерінде, сонымен қатар қатерлі ісік ұлпаларында
кездеседі.
Миокард инфаркті, Боткин ауруы (вирусты гепатит), жіті панкреатит,
пернициозды анемия, қатерлі ісік аруларында лактатдегидрогеназа ферментінің
белсенділігінің айтарлықтай өзгеруі байқалады.
Ферментопатологияның (энзимопатия) жіктелуі
Энзимопатиялар:
1. Туа біткен энзимопатиялар – туғаннан метаболизмінде ауытқуы
салдарынан болатын аурулар, олардың патогенезі қандайда бір ферменттің
жоқтығы, жетіспеушілігі немесе фермент құрылымында ақау болуы салдарынан
туындайды.
2. Жүре бара пайда болған (немесе иемденген) энзимопатиялар –
патогенезі екінші рет қайталанған аурулар салдарынан болады.
Энзимопатиялардың толық жіктелуін А. Покровский (1966) келтірген:
1. Тұқым қуалайтын энзимопатиялар;
2. Улы энзимопатиялар;
3. Тағамдық энзимопатиялар;
4. Нейро-гуморальдық реттеудің бұзылуына байланысты болатын энзимопатиялар;
5. Ферментативті процестердің клеткаішілік реттілігінің бұзылуынан болатын
энзимопатиялар.
Энзимодиагностика
Клиникалық энзимологияның басты бағыты - энзимодиагностика, ол қан сары
суындағы, зәрдегі, асқазан сөліндегі және т.с.с. биологиялық сұйықтықтарда
ферменттер-дің өзінің патологиясы кезінде ашылу және сандық жағынан
анықталу барысында, нормадағы не нормадағы емес химиялық заттарды ашу және
сандық жағынан анықтау үшін сезімтал реагенттер ретінде ферменттерді
пайдалану барысында дамиды. Сонымен қатар кейбір мүшелер мен ұлпалардың
органикалық және функциональдық зақымдалуының диагностикасы үшін жоғары
сезімталдығымен, әрі өзіндік ерекшелігімен жекелеген ферменттік тестілер
қолданылады.
Ферменттер диагностикалық мақсатқа орай әртүрлі биологиялық материалда:
қанның сарысуында, зәрде, терде, түкірікте, жұлында, ұйыма, синовиальды
және көз жасы сұйықтықтарында, асқазанда, 12 елі ішекте, қида, спермада,
әйелдің жыныс мүшесінен бөлінетіндерге, ұлпалар мен субклеткалық
құрылымдарда зерттеледі.
Энзимотерапия
Клиникалық энзимологияның басты бағыттарының бірі - энзимотерапия.
Клиникада асқазан-ішек ауруларына пепсин, трипсин, химотрипсин және
олардың қоспалары (абомин, химопсин) қолданылады. Протеиназа, ДНКаза,
РНКаза, гиалуронидаза, коллагеназалар және эластазалардан басқа, жеке
немесе протеиназалармен қоспасы жараларды, қабыну бөліктерін, күйікті,
ісіктерді жоюға, өкпе туберкулезін емдеуге пайдаланылады. Энзимдер сонымен
катар жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге және қанды сұылтуға
қолданылады.
Бірақта олардың тұрақсыздығы, жөнсіз антигенді касиеттері мен
зақымдалған мүшелер мен ұлпаларға жеткізілу қиындығы ферменттік
препараттарды пайдалану мүмкіндігін едеуір шектейді. Сондықтан
ферменттердің иммобилизациялау әдістерін жасау аталған қиындыктарды жоюға
жол ашып берді.

Бақылау сұрақтары:
1. Клиникалық ферментология (энзимология) нені зерттейді?
2. Ферменттер дегеніміз не? Ферменттер қалай жіктеледі және қалай
аталады?
3. Қандай клетка ферменттерін білесіз?
4. Энзимопатияның түрлері.
5. Энзимопатияның шешімі неде?
6. Қандай энзимодиагностика әдістерін және энзимотерапияларды білесіз?
Тапсырма:
1. “Витаминдердің авитаминозының белгілері” тақырыбына глоссарий жазу
(тәжірбиелік сабаққа).

№3 дәріс
Тақырыбы: “Клиникалық эндокринология”
Дәрістің мақсаты:
Клиникалық эндокринология негізгі проблемаларын атап көрсете отырып,
клиникалық эндокринологияның әмбебап тұжырымдарын барлық аурулар
гормондардың құрылымындағы және қызметіндегі ауытқушылық салдарын
қарастыру.
Негізі терминдер:
КЛИНИКАЛЫҚ ЭНДОКРИНОЛОГИЯ), ГОРМОНДАР, ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ, ГИПОФИЗ, ҚАЛҚАНША
БЕЗІ, ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АРАЛЫҚ АППАРАТЫ, БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІ, АТАЛЫҚ БЕЗІ,
АНАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗІ, ТҮЙІН ТӘРІЗДЕС БЕЗ (ЭПИФИЗ), АЙЫРША БЕЗІ (ТИМУС),
ЭКЗОФТАЛЬМ, ЭНДОФТАЛЬМ, ГИПОТИРЕОЗ, ГИПЕРТИРЕОЗ, ЭНДОКРИНОПАТИЯ.
Дәрістің жоспары:
1. Ішкі секреция бездері, қызметі.
2. Клиникалық эндокринология жөнінде жалпы түсінік.
3. Ішкі секреция бездері белсенділігінің бұзылуы.
4. Гормондар бөлетін бездердің ағзаға әсері.
5. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдары.
6. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.

Ішкі секреция бездері, қызметі.
Эндокриндік жүйеге (грекше endon – ішкі және crino – бөлемін деген сөз)
қанға өздерінің гормондарын бөліп отыратын ішкі секреция бездері жатады. Ол
бездерге: гипофиз, қалқанша безі, ұйқы безінің аралық аппараты, бүйрек үсті
бездері, аталық безі, аналық жыныс безі, түйін тәріздес без (эпифиз),
айырша безі (тимус) жатады. Эндокриндік жүйенің жұмысы жүйке жүйесімен
тығыз байланысты: аралық ми бөлігінің (гипоталамустың) бөліп шығарған
гормондары ми астындағы бездің (гипофиз) алдыңғы бөлігінің клеткаларының
белсенділігін арттырады, не төмендетеді, ал бұл клеткалар эндокриндік
жүйеге әсер ететін тропты гормондар бөледі. Ішкі секреция бездерінің
қызметі шектен тыс күшейгенде, олардың бөлетін гормондары ми астындағы
бездің және барлық ми бөлігінің гормондарының бөлінуін азайтады.
Клиникалық эндокринология жөнінде жалпы түсінік.
Клиникалық эндокринология гормондардың зат алмасу процесіндегі
әрекетінің механизмін, құрамын және молекулалық құрылымын зерттейді
клиникалық биохимияның маңызды бөлімі және гормондардың биосинтез процесін,
олардың биологиясын, практикалық қолданылуын, негізгі тексеру (зерттеу)
әдістерін зерттеумен айналысады.
Ішкі секреция бездері белсенділігінің бұзылуы.
Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады 1)
гиперфункция — без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп
бөледі; 2) гипофункция — без қызметінің әлсіреуі, мұндай жағдайда без
гормонды аз, жеткіліксіз мөлшерде бөледі. Организм үшін бездің
гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады.
Бездер бөлетін гормондардың ағзаға әсері.
Тироксин: Қалқанша безі негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады;
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция
бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына
орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға
тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде
іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны
бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің
салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы
1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің
қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін
гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше myxa - шырыш және oidema -
ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы
бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі
ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий
түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның,
шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық
жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем
болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. сrtinismе - жарымес) дейді. Ауру
асқынбаса, емдеп жазуға болады.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек
соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты
көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және
терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады.
Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс
дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған. Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша
бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін
рентген сәулесімен де емдейді. Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін
гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді.
Паратгормон: Қалканшамаңы безі кальций және фосфор алмасуын реттейді;
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың
глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін
азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді;
Инсулин гормонының физиологиялық маңызы:
1. Бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының
жиналуын арттырады: сондықтан инсулинді сараң сарбаз деп атайды.
2. Жасушалардың қантты пайдалануына әсер етеді.
3. Көмірсулардың майға айналуына әсер етеді.
4. Гликонеогенезді, яғни май мен белоктан көмірсулардың пайда болуын
тежейді. Инсулин, диабетпен ауырған адамның бұзылған зат алмасуын жөнге
келтіреді. Бірақ тамақтың құрамына, қасиетіне, қандағы қанттың мөлшеріне
қарай ауру оны күнделікті қабылдап отыру керек. Инсулинді тек қана тері
астына жібереді, себебі оның негізі белок болғандықтан, ішкенде асқорыту
ферменттері оны ыдыратып жібереді.
Глюкагон: бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді;
Адреналин: Бүйрек үсті бездің сұр заты симпатикалық жүйкелердің әсерін
арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді;
Норадреналин: қантамырларын тарылтады;
Өсу гормоны (соматропты гормон): гипофиздің алдыңғы бөлігі сүйектің
және ағзаның калыпты өсуін реттейді, белоктың, көмірсудың және майдың
алмасуына әсер етеді;
Тиреотропты гормон: қалқанша бездің өсуіне және тироксиннің түзілуіне
әсер етеді;
Адренокортикотропты гормон (АКТГ): бүйрек үсті бездердің өсуіне және
оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді;
Окцитоцин: гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) жатыр бұлшық еттерінің
жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді;
Вазопрессин: бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды,
зәрдің бөлінуін азайтады;
Тестостерон (андрогендер): аталық бездер аталық жыныс белгілердің
дамуына және сақталуына әсер етеді;
Эстрадиол (экстрогендер); аналық бездер аналық жыныс белгілердің дамуын
әрі сақталуын қамтамасыз етеді, алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз
етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі
жүзеге асады.
Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдары.
Эндокриндік жүйе қызметінің бұзылуы үш патогенездік жолдармен дамуы
ықтимал:
1. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуынан;
2. Бездердің өздеріндегі орналасқан дерт-терден;
3. Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылуынан.
Орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуынан:
Орталық жүйке жүйесі эндокриндік бездердің қызметтеріне реттеуші әсер
етеді, сондықтан әртүрлі жандүниелік күйзелістер ж. б. стрестік жағдайлар
кездерінде орталық жүйке жүйесі құрылымдарынан гипоталамусқа жүйке
жолдарымен ақпарат бағытталады. Ұзаққа созылған жандүниелік зақымданулардың
әсерлерінен тиреотоксикоз (Базед ауруы) немесе қантты диабетінің кейбір
түрлері дамуы ықтимал. Бұндай эндокриндік жүйенің бұзылыстарын психогендік
эндокринопатиялар деп атайды.
Эндокриндік бездерді реттеудегі гипоталамустың маңызы өте ерекше. Оның
шеткі эндокриндік бездерді реттеуінің бұзылуы көптеген себептерден болуы
мүмкін. Оларға инфекция, қабыну, қан құйылу, тромбоз, жарақаттану,
жандүниелік зақымдану ж. б. жатады.
Бездердің өздеріндегі орналасқан дерттерден:
Шеткі эндокриндік бездерде көптеген дерттік өзгерістер байқалуы мүмкін.
Сол себептен бұл бездерде гормон өндірілуі, оның қанға шығарылуы бұзылады.
Эндокриндік бездерде дерттік өзгерістер: микробтардың және олардың
уыттарының әсерлерінен, қан тамырларымен ағзаның дұрыс қанмен қамтамасыз
етілмеуінен, қан құйылудан, қабынудан, өспе өсуінен, без тіндерінің
аутоиммундық бүліністерінен, туа пайда болған гормон түзілуінің
бұзылыстарынан, ұзақ уақыт артық дене қызметімен айналысу бездердің қызметі
әлсіретеді, т.с.с. жағдайлардан пайда болады.
Гормондардың белсенділігінің безден тыс бұзылуынан:
Организмде иммундық жауап қайтару ерекшеліктері әртүрлі болатындықтан
аутоантиденелер бір ғана антигенге өндіріліп қоймай, көптеген антигендерге
өндірілуінен бір эндокриндік бездің қызметі бұзылып қоймай, басқа да
бездердің қызметтері бұзылады. Мәселен, бүйрек үсті бездерінің
жеткіліксіздігі тиреотоксикозбен, қантты диабетпен ж. б. қабаттасады.
Жүре пайда болған иммундық жүйенің ерекшеліктері әртүрлі созылмалы
стрестік жағдайлардың, жандүниелік күйзелістердің нәтижесінде немесе кейбір
вирустардың (гепатит, паротит, қызамық ж. б.) әсерлерінен дамуы ықтимал.
Стрестік жағдайлардың әсерлеріне жауап ретінде эндокриндік бездер гормон
өндіруін арттырады. Қанда гормондардың деңгейі көтерілуіне шеткі ағзалар
мен тіндер рецепторлардың санын азайтуымен жауап қайтарады. Жасушалардың
қабықтарында май қышқылдарының асқын тотығуынан рецепторлардың
нәруыздарында конформациялық өзгерістер пайда болуы ықтимал. Осыдан
рецепторлар бөтен зат ретінде танылып, оларға қарсы аутоантиденелер
өндірілуі мүмкін.
Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.
1. Лабораториялық зерттеу
Биохимиялық әдіс. Гликемия деңгейі аш қарынға анықталса
(глюкозооксидазды және ортотолуидинді әдістер) қалыпты жағдайда 3,3 – 5,5
ммольл (60- 100мг100мл), ал Хагерон – Иенсен бойынша 3,8 – 6,6 ммольл
(70 – 120мг100мл) болса, қантты диабет ауруын күмәнданбай – ақ қоюға
болады. Қант мөлшері 8,88 ммольл (160мг100мл) – ден жоғары болса –
глюкозурия пайда болады. Сирек жағдайларда глюозурия гипергликемиясыз
өтеді, оны бүйректің қантты өткізу шегінің төмендеуімен түсіндіреді және
керісінше, гломерулосклерозбен асқынған қантты диабет ауруында жоғары
деңгейдегі гипергликемия тұсында зәрде қант анықталмайды немесе ол өте аз
мөлшерде кездеседі.
Қантты диабетті анықтау үшін, глюкозотолерантты сынақ (ГТС)
жүргізіледі. Науқас 75г. мөлшердегі глюкозаны қабылдайды. Гликемия мөлшерін
үш рет анықтайды: глюкозаны қабылдаудан бұрын, глюкоза қабылдаған соң 1
және 2 сағаттан кейін. Сау адамдардың қанындағы қант мөлшері 2 сағаттан соң
әдеттегі қалпына келеді. Егер ГТС диабеттік сипат алса, онда 1 сағаттан соң
гипергликемия дамып, 2 сағаттан соң сол деңгейде сақталады, не аздап
азаяды, бірақ қалыпты жағдайдан жоғары болып қала береді. Ал диабет ауруы
белгілері болмаса, гликемия деңгейі 2 сағаттан соң бастапқы қалпына келеді.
Кетоацидоз жағдайын анықтау үшін, қанда немесе зәрде кетон денелерін
анықтайды. Егер организмдегі майлардың мөлшері сіңірілетін көмірсулардан
артық болса, гиперкетонемия және гиперкетонурия байқалады. Көмірсулар
жеткіліксіз енгізілсе, майлардың әдеттегі қалпы кезінде ацетон пайда
болады. Сау адам тәулігіне 20 – 50 мг. кетон денелерін шығарады. Соңғы
жылдары экспресс тест әдістері кеңінен қолданылады: әдейі диагностикалық
қағаздары арқылы гликемия деңгейін (декстранол, декстростикс), глюкозурияны
(глюкотест, лобстикс т.б.), гиперкетонурияны (кетостикс) анықтайды.
Гликолизданған гемоглобин. Белоктар, оның ішінде гемоглобин, глюкозасы
бар ерітіндінің ішінде ұзақ тұрса, химиялық үдерістер нәтижесінде
глюкозаның қалдықтарын өзіне қосып алады. Неғұрлым глюкоза ертіндісі жоғары
болса және ұзақырақ тұрса, соғұрлым гемоглобин молекуласының көп мөлшері
гликолизденеді. Гликолизденген гемоглобин (Gly-Hb) молекуласының өмір сүру
уақыты аралығындағы глюкоза шоғырының орташа деңгейін көрсетеді. Қалыпты
жағдайда (Gly-Hb) ол жалпы гемоглобиннің 4,6% құрайды, ал диабетпен
ауыратын адамдарда бұл көрсеткіш 2 – 3 есе жоғарылайды.
2. Радиоиммундық зерттеу
Қанның құрамындағы гормондарды анықтайтын әр түрлі әдістер бар. Олардың
ішінде радиоиммундық зерттеу әдістері соңғы жылдары кеңінен қолданылуда.
Зерттейтін затымызға (антиген) алдын ала антиденелер дайындалады. Антигенді
йод – 125 немесе йод – 131 мен таңбалап антигенге қосамыз. Осы қосындыға
науқастың қанының сарысуын қосамыз, ол таңбаланған антигеннің орнына
таласады. Анықталып отырған затымызда неғұрлым гормондар көп болса,
соғұрлым антиген-антидене кешендерін бөлектеп алып, оның радиоактивтілігін
өлшейді. Ол неғұрлым аз болса, антиген соғұрлым көп болады. Бұл әдіспен
инсулиннің, тропты гормондардың, кортикостероидтардың мөлшерін өте дәл
анықтаймыз.
3. Рентгенологиялық зерттеу
Рентгенография әдісін қолдана отырып бастың ішіндегі түрік ерін
пішінінің өзгеруін (гипофиз өспелері), бастың, аяқ-қол сүйектерінің үлкеюін
(акромегалия), түтікті сүйектер мен омыртқаның остеопорозын
(гиперпаратиреоз, Иценко – Кушинг синдромы) байқаймыз. Компьютерлік
томограмма мен ЯМР томография гипофизбен бүйрек үсті безінің өспелерін
дәлірек анықтайды. Қажетті жағдайда бүйрек үсті бездерін пневмоперитонеум
жасау арқылы зерттейді (оксигеносупрарентгенография).
4. Ультрадыбыстық зерттеу
Адам өміріне қатерсіз, техникалық жағдайынан оңай жүргізілетін
ультрадыбыспен зерттеу әдісі кеңінен қолданылады. Әсіресе қалқанша безінің
түйінді түрі мен қуысты үдерістерін анықтауды, бүйрек үсті бездерін
зерттеуде кеңінен қолданылады. Ультрадыбыспен қадағалай отырып, қалақанша
безінің биопсиясы өткізіледі, алынған материал кейін гистологиялық жолмен
зерттеледі.
5. Радиоизотоптық зерттеу
Ішкі секреция бездерін зерттеуде радиоизотоптық әдістер кеңінен
қолданылады. Мысалы, қалқанша безінің ауруларын анықтау үшін, радиоактивті
йод-131 немесе пертехнитат (технеций-99 бен таңбаланған) қолданылады. Гамма
камераның көмегімен жарық сезгіш қағазға гамма сәулелерін жазады, осылайша
сканерлеу арқылы бездің мөлшерін, пішінін, зақымдану ошақтарын, не оның
біркелкілігін анықтайды. Радиоизотоптық сканерлеу бүйрек үсті бездерін
зерттеуде қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Клиникалық эндокринология нені зерттейді?
2. Гормондар дегеніміз не? Гормондар қалай жіктеледі?
3. Эндемиялық зоб (жесау) ауруы қандай гормонның гипофункиясы салдаыныан
туындайды?
4. Қант диабеті ауруы қайнда гормонның гипофункиясы салдаыныан туындайды?
5. Қандай энзимодиагностика әдістерін және энзимотерапияларды білесіз?
Әдебиеттер:
1. Шамрай Е.Ф., Пащенко А.Е. Клиническая химия-М.: Медицина, 1970.
2. Зильва Дж.В., Лауден Дж.А. Клиническая химия в диагностике и лечении.
М., 1988.
3. Сеитов З.С. Биохимия. Алматы: Қазақ университеті, 2001.
4. Өтешов А.Б., Мақашев Ж.Қ., Өтешова Ж.А. Химия және зат алмасудың
патохимиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2006.
5. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия - Алматы : Эверо, 2009. - 608 б.

6. Тапбергенов, С.О., Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия -
Павлодар, 2004. - 428 с.
Тапсырма:
“Эндокринді жүйе” тақырыбына глоссарий жазу (тәжірбиелік сабаққа).

№4 дәріс
Тақырыбы: “Көмірсулар алмасуының бұзылуы”
Дәрістің мақсаты:
Көмірсулар алмасуында ауытқушылық тудыратын заттарды және оның салдарыныан
туындайтын аурулардың басты себептері атап көрсете отырып, барлық аурулар
көмірсулардың құрылымындағы және алмасуын катализдейтін ферменттер
қызметіндегі ауытқушылық салдарынан болатынын түсіндіру.
Негізі терминдер:
ГАЛАКТОЗЕМИЯ (GALACTOSMIA), ГИПЕРГАЛАКТОМЕЗИЯ, ГИПОГЛИКЕМИЯ,
ФРУКТОЗУРИЯНЫҢ, ФРУКТОЗЕМИЯНЫҢ, ГИПОГЛИКЕМИЯНЫҢ, ГИПОФОСФАТЕМИЯ,
ПЕНТОЗУРИЯ, МАННОЗИДОЗ, САХАРОЗУРИЯ, ЛАКТОЗУРИЯ, МУКОПОЛИСАХАРИДОЗ,
ГЛИКОГЕНОЗ.
Дәрістің жоспары:
1. Көмірсулардың ағзадағы биологиялық қызметі және алмасуының жалпы
сызбанұсқасы.
2. Ағзадағы көмірсулар алмасуының реттелуі.
3. Көмірсулар алмасуының бұзылуы:
1. Моносахаридтер алмасуының бұзылуы.
2. Олигосахаридтер алмасуының бұзылуы.
3. Полисахаридтер алмасуының бұзылуы.
4. Көмірсулар алмасуын сипаттайтын көрсеткіштердің клиникалық-
диагностикалық мәні.

Жануарлар ағзасында көмірсулар маңызды биологиялық қызметтер атқарады:
- Энергетикалық - барлық тірі организмде негізгі энергия беретін зат және
жануарлар клеткасы мен ми үшін қуат көзі (глюкоза, фруктоза және т.б.);
- Пластикалық – күрделі ферменттер, белоктар мен нуклеин қышқылдары
синтезі, клетка мембранасы құрамына кіреді, тірек-қимыл аппаратының
құрамына кіреді;
- Қорғаныс – көмірсулар сілекей мен бездерден бөлінетін сұйықтар
құрамында бола отырып, улы заттардың ағзадан шығарылуына және
залалсыздануына көмектеседі (глюкоурон қышқылы);
- Қор заттары – қоректік заттар есебінде бауырда гликоген күйінде
жинақталады, ұзақ уақыт ашыққанда глюкозаға дейін ыдырайды;
- Рецепторлық (арнайы) - адам қанының қандай топқа жататынын анықтаудағы
және клеткаларды ажыратып білудегі клетка сыртының рецепторлы қызметі
маңызды.
Өсімдектекті азық пен жем-шөпте көмірсулар крахмал, клетчатка,
сахароза, лактоза түрінде, ал жануартекті азықта гликоген және т.б.
полисахаридтер түрінде кездеседі.
Көмірсулар алмасуының реттелуі
Ағзадағы көмірсулар (глюкозаның) алмасуының реттелуі 3 жағдайда:
- жүйкелік деңгей;
- гормональды деңгей;
- ұлпалық деңгейде жүзеге асады.
1. Жүйкелік деңгейде глюкоза мөлшері (концентрациясы) қалыпты жағдайдан
төмендеген кезде көмірсулы (энергетикалық) ашығуына ұшыраған ұлпалар мен
мүшелердегі торшалар хеморецепторларынан жүйкелік импульс гипоталамуста
орналасқан жоғары метаболиттік орталықтың рефлекторлы қозуына әкеледі.
Қозу ОЖЖ-нің жүйкелік тарамдарымен симпатикалық жүйке жүйесіне беріліп,
осының нәтижесінде бауырдағы фосфорилаза активтеніп, гликогенді
глюкозаға дейін ыдыратады. Қандағы глюкозаның мөлшері қалыпты жағдайға
жеткенде импульс баяулап, гликогеннің ыдырауы төмендейді.
2. Гормональды деңгейде глюкоза мөлшері жоғарлаған жағдайда парасимпатика-
лық жүйке талшықтары арқылы импульс таралып, олар ұйқы безінен
инсулиннің бөлінуіне әкеледі. Бөлінген инсулин ұлпалар арқылы глюкозаның
қорытып, оның деңгейін төмендетеді. Ұйқы безінен бөлінентін
(секрецияланатын) екінші гормон – глюкагон глюкоза мөлшерін
жоғарылатады. Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормондары –
гликокортикоидтар (кортизол, кортизон, кортикостерон) глюконеогенезді
активтей отырып қандағы глюкоза мөлшерін жоғарылатады. Бүйрек үсті
безінің ми затының (сұр денесінің) гормондары – катехоламиндер
(адреналин) активті фосфорилаза әсерімен бауырдағы гликогенді ыдырату
арқылы қандағы глюкоза мөлшерін жоғарылатады. Глюкагоннан айырмашылығы
бауырдағы фосфорилазаны ғана емес, сонымен қатар бұлшық ет
фосфорилазасын активтейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны –
кортикотропин (адренокортикотропты гормон, АКТГ) гликокортикоидтардың
секрециясын ықпал етіп, глюконеогенезді активтейді де қандағы глюкоза
мөлшерін жоғарылатады.
3. Ұлпалық деңгейде қандағы глюкоза мөлшерінің реттелуіне бауыр мен бүйрек
қызтеті қатысады. Гликоген ыдыраған кездегі глюкоза негізгі қуат көзі
ретінде алдымен миға, жүйкелік торшаларға және т.б. ұлпаларға түседі,
ағза көмірсулармен қаныққан кезде тағаммен түскен глюкоза бауырға
жинақталып гликоген синтездейдіү

Көмірсулар алмасуының бұзылуы
Көмірсулардың сіңірілуінің бұзылуы – поли- және дисахаридтердің
ыдырауына қажетті α-амилазасы бар ұйқы безінен бөлінетін сөлдің түзілуінің
немесе бөлінуінің бұзылуы салдарынан болады. Бұл жағдай ұйқы безінің
ұлпаларының зақымдануынан (панкреатитте) және сөл бөлетін өзекшелердің
бітелуінен (тас немесе ісіктің түзілуінен) болады. Көмірсулардың
сіңірілуінің бұзылуы көп жағдайда малдардың жаңа туған төлдерінде
байқалады.
Гликогеннің түзілуі мен ыдырауының бұзылуы – гликогеннің жоғары
деңгейде ыдырауынан немесе түзілуінің бұзылуынан болады. Гликогеннің жоғары
деңгейде ыдырауы (гликогенолиз): бұлшық етке жоғары деңгейде салмақ
түскеде, ұзақ уақыт ашыққанда және стресс жағдайында, сонымен қатар
қалқанша безі, бүйрек үсті безінің ми затының (сұр денесінің) және гипофиз
гормондарының гиперфункциясында жүреді. Ал гликогеннің төмен деңгейде
түзілуі: гипоксия, гипо- және авитаминоз жағдайында, сонымен қатар қант
диабеті, тиреотоксикоз, т.б. жүреді
Моносахаридтер алмасуының бұзылуы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Клиникалық биохимия пәні
Медициналық жоғары оқу орнында тиімді оқыту негіздері - әдістемелік құрал
Білім берудің жаңа технологиялары
Моногендік және полигендік аурулар адамның тұқым қуалайтын аурулары
Патологиялық физиологияның даму тарихы
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Пәндер