Оқушының оқуға белсенділігі мен қызығушылығын арттыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Оқушылардың оқу белсенділігін, қызығушылығын арттыру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ..2.3
Негізгі бөлім

1. Тұлғаға бағытталған білім беру туралы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.10

2. Оқушының оқуға қызығушылығын дамыту туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.19
3. Баланы дамытуға қолайлы мүмкіншіліктер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қосымша материалдар
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып отыр:
- білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу;
- оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге бағыттау;
- оқыту процесін жеке тұлғаның мүдесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге асыру.
Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше.
Білім – мұғалім мен оқушының субъект – субъект әрекеті негізінде мақсатқа жетуге бағытталған педагогикалық процесс.
Педагогикалық процесс - негізгі іс-әрекет мақсаты білім беруге (оқыту мен тәрбиені бірлікте қарастырған) бағытталған біртұтас динамикалық жүйе, мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары: адамзат тәжірибесін меңгеру баланың өзінің белсенді шығармашылық әрекеті негізінде ғана мүмкін болады: оқушы - тұлғаның дамуы әлеуметтену негізінде ғана, социумда жүзеге асады: ұстаздар мен оқушылар педагогикалық процесс барысында бағытталған, бірлескен және әрқайсысы өзіне тән іс-әрекетке түсіп, әрқайсысы өз бағытында жетістіктерге жетеді т.б. Осыдан педагогикалық процестің басты қағидалары: оқушының оқуға қызығуы,мұғалім - оқушы ынтымақтастығы, бірлескен іс-әрекет, нәтижелі оқу, шығармашылық өнімді оқу, « мен білдім!» деген қуанышқа негізделген оқу,өздігінен дамитын тұлға тәрбиесі сияқты түсініктерден тақырыбымыздың өзектілігі туындайды.
1. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика – Алматы, 2004.
2. Сейталиев Қ.Жалпы психология.-«Білім»,2007
3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. – Алматы: Ғылым, 2003.
4. Сабыров Т. Оқушының оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы.: Мектеп, 1978.
5. Нургалиева Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности: Дис. докт. – Алматы, 1993.
6. С. Жәнібекова Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту.// Бастауыш мектеп. 1999. - № 7. - 13-15 б.
7. Педагогика Бабанский ред.М.,2006
8. Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде – Шымкент, «Шикула и К», 2003.
9. Құмарова Қ. Ұстаз тағылымы.-Атырау,2006
10. Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын жетілдіру/конференция материалдары жинағы .-Атырау2005
11. Фридман Л.М. Психологическая наука-учителю.-М.,1985
12. Бастауыш мектеп журналдары №7,2007;
13. №2-2008.
14. Жантану №4- 2008
15. Қызықты психология №1-2008

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Атырау облыстық білім беру
басқармасы
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Мектеп бөлімі

Бекітілді
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_________Ботағариева Г.Ж.
______ _________2013ж .

02-13

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Оқушының оқуға белсенділігі мен қызығушылығын арттыру

Жетекшісі: Асқарова Армангүл Қаленқызы
Орындаған: Бөлегенова Алтынай 49 инк тобы студенті

Басталуы: қазан 2012 ж

Аяқталуы: мамыр 2013ж

Сақтау мерзімі: 5 жыл 524 – бап

Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
Оқушылардың оқу белсенділігін, қызығушылығын арттыру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ...2-3
Негізгі бөлім

1. Тұлғаға бағытталған білім беру туралы
зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-10

2. Оқушының оқуға қызығушылығын дамыту
туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11-19
3. Баланы дамытуға қолайлы
мүмкіншіліктер: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20-23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...25

Қосымша материалдар

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген
жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын
көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние
жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей
түсуіне себеп болып отыр:
- білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп
сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу;
- оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге
бағыттау;
- оқыту процесін жеке тұлғаның мүдесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта
өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге
асыру.
Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы
әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А.
Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті
ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам
белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады (И.В.
Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.
Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи
жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында
қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген
қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу
белсенділігінің мәні ерекше.
Білім – мұғалім мен оқушының субъект – субъект әрекеті негізінде
мақсатқа жетуге бағытталған педагогикалық процесс.
Педагогикалық процесс - негізгі іс-әрекет мақсаты білім беруге (оқыту
мен тәрбиені бірлікте қарастырған) бағытталған біртұтас динамикалық жүйе,
мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары: адамзат тәжірибесін
меңгеру баланың өзінің белсенді шығармашылық әрекеті негізінде ғана мүмкін
болады: оқушы - тұлғаның дамуы әлеуметтену негізінде ғана, социумда жүзеге
асады: ұстаздар мен оқушылар педагогикалық процесс барысында бағытталған,
бірлескен және әрқайсысы өзіне тән іс-әрекетке түсіп, әрқайсысы өз
бағытында жетістіктерге жетеді т.б. Осыдан педагогикалық процестің басты
қағидалары: оқушының оқуға қызығуы,мұғалім - оқушы ынтымақтастығы,
бірлескен іс-әрекет, нәтижелі оқу, шығармашылық өнімді оқу, мен білдім!
деген қуанышқа негізделген оқу,өздігінен дамитын тұлға тәрбиесі сияқты
түсініктерден тақырыбымыздың өзектілігі туындайды.
Зерттеу маңызды мәселелері мектептегі білімнің сапалы болуы үшін,
оқушылардың белсенділігін арттыру үшін, жалпы мектеп үшін басты
мәселелердің бірі деп айтуға болады. Оқу мотивтерінің қалыптасуы білім мен
тәрбиенің негізінде жатыр. Адамның белсенділігі, қызығушылығы, еңбекке
жауапкершілікпен қарауы, мектеп қабырғасынан басталады, яғни баланың оқу іс-
әрекеті процесінде қалыптасады. Жеке адамның қоғамдық маңызы бар
мотивтерінің, қажеттіліктерінің қалыптасуы мектеп алдында тұрған маңызды
мәселелерге жатады.
Оқу мотивтерін зерттеу барысында оқушылардың не үшін оқығысы келмейтінін,
мотивтерінің қандай жақтары онда қалыптаспаған, қандай жағдайда ол оқығысы
келмейді, оқуға деген мотивтерін қалай қалыптастыруға болатындығын
түсіндіруге, анықтауға тырысу керек.
Мектеп оқушыларының оқу мотивтерін зерттеу өте көп қарастырылған. Оқу
мотивтерін зерттеу оқушылардың оқуға, білім алуға деген түрткілерін ашып
білуге жол ашып береді. Бұл бастауыш сынып оқушылары үшін, әсіресе І және 2
сынып оқушылары үшін басты болуы тиіс. Себебі, білімнің сапалы болуы,
нәтиже беруі, төменгі сыныпта қалыптасқан оқушының қызығушылығымен, оқуға
қарым-қатынасы, оқу мотивтер жүйесі дұрыс қалыптасса, оқушының әрі қарай
білім алуы, кез-келген пәнді игеруі жылдам әрі нәтижелі болмақ . Демек, оқу
мотивтерінің қалыптасуы қоғам, мектеп және жеке адам үшін психологиялық
маңызы, мәні бар мәселелер қатарына жатады.
Оқушы білімге қызығуы үшін мұғалім педагогикалық процестің субьектісі
ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастық негізде іскерлік қарым-қатынас
және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас
қалыптастыруға бағыттауы керек.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері
Жұмысымыздың негізгі мақсаты-әр түрлі ортадан, әр түрлі дайындықпен келген
бірінші сынып бітіруші оқушылардың оқу мотивтерін анықтау.
Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білімі мен
білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу, оқуға
қызығу, ынталану, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру бағытындағы
ізденістерді зерттеу және өз тәжірибеммен байланыстыру.
Зерттеу объектіміз. Атырау қаласындағы №13 Байбосынов атындағы орта
мектебінің 1 және 2-ші сыныптары.
Зерттеу пәні: мектептегі оқу- тәрбие процесі,

Негізгі бөлім
Бүгінгі таңда білім беруде тұлғаға бағытталған көзқарасты
жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселе. Кейбір оқушылар не себептен оқуға
үлгермейді, неліктен оқымайды? Осы сұраққа жауап іздеу кезінде -оқушының
үлгермеу себебі оның оқу процесіне қызықпауынан;
-оқу процесінің бірқалыпты, дәстүрлі болуы оқушыны жалықтырады;
- оқу процесінде мұғалімнің өзі басшы әрекет иесі болып, оқушылар тек
орындаушы, тыңдаушы болуы баланың өздігінен еңбек етіп, оқуына мүмкіндік
бермеуі себепті оқымайды;
-сондай-ақ, оқушыларды ынталандыратын бағалау әдістерінің тиімсіздігі,
мұғалім тарапынан сабақты түрлендіретін әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана
алмауынан, т.б. себептер анықталды. Бір сөзбен айтқанда, мұғалім-Тұлға –
оқушы тұлғасына шеберлікпен серіктестік, шығармашылық әрекет арқылы білімді
өз бетімен алуына, дпмуына жағдай жасай білуі керек деген ой туады.
Аталған тақырып төңірегінде зерттеушілердің (Е.Степанов, И. Якиманская,
А.Хуторская) еңбектеріне сүйене отырып, "Тұлғаға бағытталған көзқарас
дегеніміз, бұл- педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты, яғни
баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өз-өзін жетілдіре
отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар,
түсініктер және іс-әрекеттердің жиынтығы" деген анықтама беруге болады.
Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас ұғымын айқындау үшін негізгі үш
компонентке тоқталайық:
-бірінші- тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын түсініктер:
-даралық ұғымы-адамның немесе белгілі бір топтың ешкімге ұқсамайтын өзіндік
ерекшеліктері;
тұлғалық ұғымы-дара тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысының
сапалық қасиеттері;
-өзін-өзі белсендіретін тұлға- бойындағы өз мүмкіндіктерімен қасиеттерін
барынша аша түсуге саналы және белсенді түрде үнемі ұмтылатын тұлға;
-өзін-өзі көрсету-тұлғаның өзіне тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін таныту
процесі;
-субъект-өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік
көрсететін жеке тұлға немесе топ;
-"мендік" тұжырымдама- адамның күнделікті өмірде және басқа адамдармен
қарым-қатынасқа түскенде негізге алатын өзі және өзгелер туралы ішкі
ұғымдары;
-таңдау-адамның немесе топтың өз белсенділігін көрсету үшін әр түрлі
мүмкіндіктерді таңдай білуі;
-педагогикалық қолдау- педагогтардың балалардың білім алуына, өмірлік,
кәсіби көтерілуіне, жеке басы проблемаларының шешілуіне, дене, психикалық,
денсаулық, қарым-қатынас бойынша алдын-ала жедел көмек беру іс-әрекеті.
екінші - оқушыларға білім беру құрылымының негізгі ережелері мен бастапқы
жағдайы.
Аталған компоненттер тұлғаға бағытталған көзқарастың негізгі
принциптерінен құралады. Олар:
- өзін-өзі белсендіретін тұлға принципі;
-дарашылдық принципі;
-субъективтілік принципі;
-таңдау принципі;
-шығармашылық табыс принципі;
-сенім және қолдау принципі.
үшінші-технологиялық.
Бұл бөлік осы бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бөлігі болып
табылады. Ол профессор И.В.Бондаревскийдің айтуынша төмендегі әдіс-
тәсілдерді қамтиды:
- диалогтық;
- шығармашылық іс-әрекет;
- баланың жеке басының дамуын қолдауға бағыттау;
- оқушыларға өз бетінше шешім қабылдауына, шығармашылыққа, білім алудың
мазмұны мен оның жолдарын таңдауға еркіндік беру. Мектептегі оқушыларды
дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстар мақсаты:
1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.
2.Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде
тәрбиелеу.
3.Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
4.Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Оқытудың негізгі мотиві – таным мотиві, өйткені таным арқылы балаға оқу
қуаныш пен тұрақты қызығу әкеледі.
- Шынымен-ақ, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім
алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені
айқын.
Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық
белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете
анықтау мұғалімінің басты міндеті.
Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және
іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі
тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында
байқалады. Көбінесе балардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы,
өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса
бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы
өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты
тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға,
керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетенымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне
бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен,
үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер болады. V–VI
сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас
болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық,
қайырымдылық, қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің
қылықтары жайлы жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-
6 жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені
құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр
нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру
тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың,
құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге,
алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың
таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің
теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Жеке адамның санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі
ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін-өзі жетілдіру мақсатын көздей
талаптанып әр түрлі әрекет жасайды.
Оқушылардың өзі-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес
ерекшеліктерін еске алып, оқу тәрбие жұмысының барысында сана сезімін ояту,
өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті.
Кеңес педагогикасында адамның қоғамдық-саяси белсенділігі күрделі моральдық-
еріктік сана ретінде қаралады. Онда қоғамдық жұмысқа деген ынтасы,
тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі, орындаушылығы мен инициативтілігі,
өзіне және жолдастарына талап қойғыштығы, қоғамдық тапсырмаларды орындаған
кезде басқаларға көмектесуге әзір тұруы, ұйымдастырушылық іскерлігінің
болуы осылардың барлығы бірінен-бірі ажырамастай ұштасып жатады.
Осы көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының қоғамдық іс-әрекетке қатынасын және
оның белсенділік дәрежесін сипаттайды. Кейбір жеке оқушыларда бұл
көрсеткіштердің көрінуі түрліше болуы мүмкін және жас ерекшеліктеріне,
сондай-ақ мектеп оқушыларының жеке бас тәжірибелеріне және белсенділік
дәрежесіне байланысты. Коллективте қоғамдық жұмысқа деген ынтасы тұрақты
дамыған оқушыны әрқашан да кездестіруге болады, олар мұғалімнің айтуынсыз-
ақ оған кірісіп кете береді, өйткені олай істемей тұра алмайды. Бірақ
мұғалім алдында, жолдастары алдында өздерін мадақтау мақсатында тек өздері
үшін ең қызықты нәрселерді ғана жасайтындар да аз кездеспейді.
Тапсырманы орындау үстінде бір оқушы өзі жауапты бола тұрып, тапсырма
орындауға басқаларды да мәжбүр етуі мүмкін, екіншісі өзі ұқыпты орындайды,
бірақ жолдастары туралы ойламайды, ал үшіншісі өзгелерді бар ынтасымен
құмарландырады, бірақ өзі еш нәрсе істемейді. Бұл қоғамдық белсенділіктің
түрлі компононттердің дамуындағы теңсіздіктерді тәрбиелеудің нақтылы
процесінде ескеріп отыру, сөйтіп, осы арқылы кейбір оқушыда нашар, немесе
мүлдем дамымаған жақтарына ықпал жасау керек.
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психалогияның
ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам пассивті жеміс емес,
ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) түрде өзгерте
алады деп жазған болатын. Бұл тұжырым тәрбие процесін ұйымдастырудың
маңызды жолын ашады. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И.Г.
Песталоцци, Я.А. Коменский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің
белсенділігіне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің
жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы
болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер өзімен
өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра алса, белсенді болады (S.M.
Fishman, L. McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі
бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында алдағы ізденістерге қажет
болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп
есептейді ол. Оқушыға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс
проблемаларды; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу
барысында меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру
біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс
білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).
С. Фишман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда
көрсетіледі:
1. Не үшін? Балалар не үшінсіз мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің
болашағының арасындаға ұзақтықты құрастыра алмайды.
2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау
керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген
ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән
мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы керек.
3. Не арқылы? Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін
қолданатын бұрынғы тәжірибесі.
Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі
оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық
қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби
жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсендігі
(немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсатпен міндеттерін дұрыс қоя
алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлғаның қоршаған ортамен тәрбиелік (сыртқы)
әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда
қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса,
ол тәрбиешісі қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың
білімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған
ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған
әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады.
Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы
мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып
отырады.
Осының нәтижесінде, жеке тұланың дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын
барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа - ішкі және сыртқы болып бөлінетін
болды. Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы
факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейімділік пен әуестік, сонымен
қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен
пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға
жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара
байланысының нәтижесі болып табылады.
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсенділігіне деген
іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші
рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның
жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана түбінде оның
дамығанын анықтайды. Осылайша бұл процесс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту,
өзін-өзі тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н. Толстойдың адамның дамуын жеміс
ағашының өсуімен салыстыруы тегін емес. Өйткені, сөздің тура мағынасында
оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек қана топырағын қопсытады,
тыңайтқыштар себеді, артық бұтақтарын кеседі, яғни оның өзіндік мүмкіндік
беретін қажетті сыртқы жағдайларын жасайды, оған дем береді. Ал өзіндік
даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.
Баланың, оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні
психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным
белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту
белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде
өмірдің жадайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда
(үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін
енгізеді. Ол адамға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек,
керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын
көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін
жасай отырып пайда болады.
Қарым-қатынас-генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі.
Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-
қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі
ренктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға,
құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол
адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым–қатынас іздейді, ол басқаларға
ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады.
Қарым–қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына
жағдай жасайды, олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін,
адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілігі.
Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – сабақта жаңа
технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу. Көптеген инновациялар
арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы
технология – Сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам
негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр
мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар
басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын
зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту қарапайымнан күрделіге деп аталады.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
1. Қызығушылықты ояту. Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталынады,
белсенділігі артады.
2. Мағынаны ажырату. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра
түседі.
3. Ой толғаныс. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпаратарды өз сөздерімен
айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.
Осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолданса,
оқушылардың оқу белсенділіктері, сабаққа деген қызығушылықтары артып,
олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары
қалыптасады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз
ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы мектеп оқушыларының
бойында адамгершілік және салауаттық тұрмыс негіздерін
қалыптастыруға,азаматтықты тәрбиелеуге, білімге қызығушылық, шығармашылық
қабілетін дамытуға жұмылдырылады .
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі,мектеп оқушыларының тәрбие
ісін бағыттауы және ұйымдастыруы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарларға, сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне жүктеледі .
Олардың біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген педагогикалық
білім екендігі даусыз.
Қазір біз нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық
жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді елміз. ХХІ ғасыр табалдырығын аттай
отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен
ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды
жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты
міндет етіп қойып отыр.
Оқу-білімді дұрыс жолға қою, тәлім-тәрбие ісін жүйелі ұйымдастыру,
ұстаз бен шәкірт, ата-ана орны – ұлы ойшылдардың басты тақырыбы, көкейкесті
мәселесі, өзекті арнасы болып табылады. Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-
баршаның ісі, әркімнің төл міндеті. Бұл талап-міндет кеше де қымбат болған,
бүгін де аса маңызды. Өйткені: болашақ бағбаны-жас ұрпақ тәрбиесіне ата-ана
мектеп, қоғам мемлекет, Мұғалім жауапты.
Әлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім, ең алдымен, қоғамдық
құндылық болып табылады. Әрбір қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық,
ғылыми-техникалық, рухани-мәдени және экономикалық мүмкіндіктері білім беру
саласының даму деңгейіне тәуелді. Сонымен, білім – салыстырмалы дербес
жүйе. Ол төмендегідей қызметтер атқарады (Н.В.Берклвений, А.А.Реал
бойынша):
- білім адамның ғылым мен мәдениет әлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел
жолы;
- тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі;
- адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтың
рухани санасын қалыптастыру тетіктері;

-ғасырлар сынынан өткен жеке мінез-құлық пен іс-әрекет түрлерін, қоғамдық
өмірдің қалыптасқан формаларының ұрпақтан-ұрпаққа ауысуын қамтамасыз
етуін;
- аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дәстүрлердің даму әдісі;
- тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын жүзеге
асырушы әлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме);
- жеке адам мен қоғамдық өмірдегі қайта құрулардың белсенді қозғаушы
күші т.б.
Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және
адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы - оқыту.
Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге
асырылады. Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық
материал көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласына, оқушылардың
танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге
баса назар аударылуы қазіргі педагогикалық технологияны объективті
қажеттілік тұрғысынан зерттеп тануды талап етеді.
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі –
дидактикалық жүйелердің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі
жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-
иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік). Енді
осылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталайық:
1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатын тарихта
ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан
пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп
отырады. Бұл жүйедегі негізгі оқыту әдіс-тәсілдеріне көрнекіліктерді
пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті:
берілген білімнің мазмұны тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай
оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұны
қатесіз қайталап айтып беру.
Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы
жақтары:
- уақытты үнемдейді;
- мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
- күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
- оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
- оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;
- шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;
- дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.
2.Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды
жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу.

Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету
оқыту) машиналары қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.
Скиннер, Н. Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және
кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Пәндер