Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Классикалық мектеп теориясы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1 Классикалық мектептегі нарықтың макроэкономикалық тепе.теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Еңбек нарығындағы тепе.теңдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Игіліктер нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.4 Ақша нарығындағы тепе.теңдік. LM қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2. Ж. Б. Сэйдің экономикалық ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Ж.Б. Сэй заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Өндірістің 3 басты фактор теориясы ( Құн, табыс, ұдайы өндіріс теориялары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
3. Классикалық дихотомия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Нақты және ақша рыноктарының әрекет етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Жалпы, экономикалық ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің «денсаулығын » зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.
Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды.
1. Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика Алматы, 2003.

2. Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика»,2000.

3. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов., «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе 2004 С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі.

4. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

5. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248б.

6. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

7. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

8. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .

9. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

10. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

11. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

15. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы Классикалық дихотомия

Орындаған ______________________

Тексерген _______________________

Астана 2016

Мазмұны

бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1. Классикалық мектеп теориясы 4
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
1.1 Классикалық мектептегі нарықтың макроэкономикалық
тепе-теңдігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2 Еңбек нарығындағы 6
тепе-теңдік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .
1.3 Игіліктер 11
нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
1.4 Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM 13
қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Ж. Б. Сэйдің экономикалық 15
ілімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ж.Б. Сэй 16
заңы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
2.2 Өндірістің 3 басты фактор теориясы ( Құн, табыс, ұдайы өндіріс
теориялары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3. Классикалық 20
дихотомия ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
... ... ...
3.1 Нақты және ақша рыноктарының әрекет
етуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Пайдаланылған әдебиеттер 23
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Жалпы, экономикалық ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: микроэкономика
және макроэкономика. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының
нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және
өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың
бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының
беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономикалық жағдайды,
толығымен елдің денсаулығын зерттейді. Макроэкономикада өндірістің
ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен
қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық
шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық
сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс
көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-
теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және
экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi
экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда
экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен
қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының
жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң,
жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ
мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi
тербелiстерiн зерттейдi.
         Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның
құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен
жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк
бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде
экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы
байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк
бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму
барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық
проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн,
ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын,
нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл
шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал
баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң
бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата
бiлу қарастырылады.
         Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке
өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң
бағаларын назардан тыс қалдырмайды.

1. Классикалық мектеп теориясы.

Классикалық мектеп – классикалық саяси экономияны жасаған экономикалық
ой-пікір мектебі. Классикалық теория өкілдері нарықтық экономиканың
қалыптасып, дамуын зерттеді, экономика санаттар мен заңдар жүйесін,
экономикалық құбылыстарды танып-білудің себеп-салдарлық әдісін талдап
жасады. Олар мемлекеттің экономикаға араласпауын және еркін нарықтық
бәсекені қолдауды көздейтін экономикалық либерализм тұжырымдамасын
әзірледі. Мектеп 17-ғасырдың аяғында дүниеге келіп, 200 жыл өмір сүрді.
Оның дамуы 4 кезеңді қамтиды:
1. 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың ортасы классикалық теория идеясының
пайда болуы. Англияда У.Петти (1623 – 87), Францияда П.Буатильбер
бір мезгілде еңбек құны теориясын ұсынды. Олар ақшаны адамдарға
қасірет әкелетін бірінші зұлымдық деп қарады. Олардың идеяларын
физиократтар мектебіне біріккен француз экономистері дамытты, бұл
мектептің негізін қалаушы – Ф.Кенэ (1694 – 1774) болды.
2. 18-ғасырдың аяғында ағылшынның ұлы экономисі Адам Смит классикалық
саяси экономияны қалыптастырды.
3. 19-ғасырдың алғашқы жартысында Ұлыбританияда Д.Рикардо, Т.Р.
Мальтус, Францияда Ж.-Б. Сэй, Америкада Г.Ч. Кэри бұл ілімді ары
қарай дамытты.
4. 19-ғасырдың 2-жартысында ағылшын экономисі Дж. С. Милль мен неміс
экономисі К.Маркс Классикалық теорияны жаңа сатыға көтерді.
Классикалық теорияның негізгі зерттеу нысаны ретінде өндіріс үдерісі
қарастырылды. Қоғамдық ұдайы өндірістің қалған кезеңдері өндірістің
заңдылықтарымен байланысты туындайтын тәуелді кезеңдер ретінде
қарастырылды. Классикалық теория қаржы, ақша және несие теориясының
дамуына үлкен үлес қосты.

1.1 Классикалық мектептегі нарықтың макроэкономикалық тепе-теңдігі

Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-теңдік
үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан.
Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (17721823)
жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар
сондайақ тұтынушы болып табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды
сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс шығынға тең. Сондықтан
сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең. Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы
әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады табыс
толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір
бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй
моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді.
Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады.
Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен
жиынтық ұсыным тепетеңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген
инвестиция теңдігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық
шеңбер
айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға
кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды. Демек, жинақтау макроэкономикалық
тепетеңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы
деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі
қаржыға) айналады.
Сонымен классикалық мектеп тұрғысынан экономикалық жүйе тепе-теңдігін
сипаттаудың екінші ерекшелігі: тепе-теңдік үш рынокта орнайды: еңбек,
игіліктер және ақша рыноктарында. Нәтижесінде қоғамда екі рынок
қалыптасады: біріншісі тауарлар мен қызметтер және жұмыс күші сатылатын
нақты нарық, екіншісі – бірінші нарыққа қызмет ететін ақша рыногі. Сөйтіп,
экономикада классикалық дихотомия деген түсінік пайда болды, яғни екі
парлелльді нарықтардың: нақты және ақша рыноктарының әрекет етуі.

1.2 Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.

Еңбек нарығының ең негізгі айырмашылығы онда ұсынылған тауар қасиетіне
байланысты. Сонда осы нарықта не сатылады, не сатып алынады? Бұл сұрақтың
жауабы мынадай - әрине, еңбек. Бірақ еңбек дегеннің өзі жұмысшының қызметі,
оның игіліктер өндіргенде дене және ой еңбегіне жұмсалған энергиясы. Еңбек
адамнан бөлінбейді, ол - жеке түлғаның өмір сүру формасы. Яғни осыдан
еңбекті экономикалық, саяси тұрғыдан еркін қоғамда не сатуға, не сатып
алуға болмайды. Ерікті адам сатылмайды (қүлиеленушілік мемлекеттер сияқты)
және де адамға тиісті қызметтерді де сату, сатып алуға жатпайды, еңбекті де
осы тұрғыдан қарастыруға  болады.          Еңбек  нарығында  еңбек  емес,  
жұмыс  күші сатылады. Жүмыс күшінің саны мен сапасы көптеген факторларға
байланысты: жұмысшының кәсіби дайындылығы, квалификациясы, тәжірибесі,
жауапкершілігі және де т.б. Жүмыс күшін сату - сатып алуы ерікті жұмысшының
келісіліп алынған шарттар бойынша жұмысқа орналасуы ( алынуы ) арқылы
жүзеге асады. Шарттар көбінесе жұмыс күнінің үзақтығына, жалақының
көлеміне, лауазымына және т.б. аспекттер бойынша жасалынады. Жүмысшыны
жұмысқа алған уақытта - мемлекет немесе кәсіпкерлік қызмет көрсетуді
қолдануды сатып алады, ал еңбектің иегері болып жұмысшының өзі қалады. Сол
себептен еңбек нарығы дегенде біз еңбекті тікелей сату немесе сатып алу
емес, жұмыс күшін сату немесе сатып алуды қарастырамыз. Әрі қарай еңбек
нарығы дегенде біз осы үғымда қарастырамыз.
Еңбек нарығындағы сұраныс басқа да ресурстар нарығындағы сияқты
туынды, ол тікелей осы ресурсты қолданып өндірілген тауарлар сұрнысына
байланысты. Мысалға, сапалы жолдарға деген қажеттіліктің жоғарылауы жол
жұмысшыларына сұранысты арттырады, ал автокөлікке сұраныстың түсуі
автокөлік жасаушы жұмысшылардың қызмет көрсетуіне сұранысты түсіреді.
Жоғарыда айтылған тауардың ерекшелігі мен формасының нарықтағы сату,
сатып алуы осы нарықтың төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді:
• біріншіден, сатушы мен сатып алушының үзақ мерзімді қарым қатынасы.   
Басқа    түтыну    нарықтарында    сатушы    мен    сатып алушының  
қарым-   қатынасы   сату   объектісін   сатып   алушының меншігіне
берумен аяқталады. Ал еңбек нарығында сатушы мен сатып алушының  
қарым - қатынасы келісім - шартта белгіленген уақыт аралығында
жүргізіледі. Сатушы мен сатып алушының қарым - қатынасының үзақтығы
қызмет көрсетуді  сату мен сатып алу операцияларына байланысты.
• екіншіден, еңбектің ақшалық емес факторлары ( жоғары мәртебе, еңбек
ету жағдайы, денсаулыққа қауіпсіздігі, кәсіби өсу, жұмыс орнындағы
моральді климат) үлкен роль атқарады.
• үшіншіден,  әр түрлі институционалды қүрылымдардың      кәсіби
бірлестіктер,    мемлекеттің    жұмыспен    қамтамасыз    ету,   
кәсіби деңгейін көтеру саясаты, кәсіпкерлер бірлестігі, т.б. Бүл
негізінен қызмет көрсетуді сатушылар - жалданған жұмысшылар халықтың
басты тобын қүрайтынына тікелей байланысты. Ал жалданып жұмыс істеу
олардың табыс көзі.
Жалақы тұтынушылардың ең негізгі табыс көзі, сол себептен жалақы
тұтынушылардың сұрнысы мен тауарлардың бағасына әсер етеді. Жалақы дегенде
біз еңбек деген өндіріс факторынан алғандағы табысты айтамыз. Егер
түптеп қарастыратын болсақ, жалақы дегенде біз бір уақыт көлеміндегі еңбек
бірлігін қолданғанды айтамыз.
Жалақының номиналды және нақтылы екі түрі бар. Номиналды жалақы
дегеніміз жалданған жұмысшының жұмыс істеген сағатына, күніне, аптасына,
айына, жылына алатын ақша көлемі. Номиналды жалақыныңкөлеміне қарай
жалақының деңгейін, табысты біле аламыз.Нақтылы жалақы дегеніміз алынған
ақша көлеміне сатып алуға болатын игіліктер мен қызметтер жиынтығы. Ол
номиналды жалақыға тікелей байланысты және керісінше, түтыну тауарларының,
ақылы қызметтердің қүнына, сонымен қатар жұмысшының төлейтін салығына
байланысты.
Жүмыс күшіне баға сұрныс пен ұсынысқа байланысты қойылады. Еңбек   
нарығында    сұрныс    субъектісінің    ролін    мемлекет    немесе
кәсіпкерлік, ал үй шаруашылығы - ұсыныс субъектісі болады.
Жетілген бәсеке жағдайында кәсіпкерлердің жұмысқа жалдаған жұмысшылар саны
мынадай екі көрсеткішпен анықталады: жалақының көлемі мен тауардың шекті
қүндылығы ( ақшалай өлшемде ). Жалданған жұмыскерлердің саны көбейген сайын
шекті өнімнің көлемі азаяды. Қосымша еңбек бірлігінің көбею шекті еңбек
өнімінің ақшалай қүны жалақы көлемімімен теңесетін болған жағдайда
тоқтатылады.
Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста. Жалақының өсуі
кезінде басқа жағдайларды түрақты деп алсақ, кәсіпкер тепе - теңдікті
сақтау мақсатында еңбекті қолдануды азайту керек, ал жалақы көлемі
төмендеген кезде еңбекке сұрныс көлемі көбейеді. Жалақының көлемі мен
еңбекке сұрныс көлемінің арасындағы қатынасты еңбекке сұрныс қисығы арқылы
көре аламыз.
Еңбеккке сұраныс пен ұсыныс қисықтарын қосу арқылы өнірістегі оңтайлы
жұмысшылар санын көрсететін нақты жалақы деңгейін анықтаймыз.

Абцисса осінде қажет ететін жұмыс күшінің көлемі ( L), ал ординат
осінде жалақының мөлшері (W ) көрсетілген. DL қисығындағы әрбір нүкте
жалақының әр мөлшеріндегі еңбекке сұрныс көлемін көрсетеді. Қисықтың кері
бағыты жалақының өте аз мөлшерінде сұраныс көлемінің көп екендігін және
керісінше, жалақының ең көп мөлшерінде еңбекке сұраныс мөлшерінің аздығын
байқаймыз.Еңбекке сұраныс көлемінің функциясы басқаша. Абцисса осінде қажет
ететін қызмет көрсетудің көлемі ( L ), ал ординат осінде жалақының мөлшері
( W ) көрсетілген.
Еңбек ұсыныс көлемі де жалақының мөлшеріне байланысты. Еңбек нарығында
сатушылар жетілген бәсеке жағдайында жалақы мөлшерінің өскен кезінде қызмет
көрсетуге ұсыныс көлемін үлғайтуға тырысады. Сол себептен еңбек ұсыныс
қисығы оң бағытта.
Еңбек ұсынысының SL қисығы жалақының мөлшері өскен жағдайда жұмыс
күшіне ұсыныс көлемі өскенін, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке ұсыныс
көлемі азайғанын көрсетеді. Қоғамдағы көптеген факторлар жалпы ұсыныс
көлеміне, саны мен сапасына әсер етеді. Факторларға халықтың жалпы саны,
экономикалық белсенді халықтың мөлшері, жұмыс күнінің орташа үзақтығы,
кәсіби қүрамы және т.б. жатады.
Еңбекке сұраныс пен ұсыныс қисықтарын қоспай тұрып тағы да бір өте
қызық экономикалық құбылысқа тоқталайық. Яғни бұлар : алмастыру эффектісі
мен табыс эффектісі. Бүл жағдайды біз жеке индивидумның еңбек ұсынысы
жалақының мөлшері өскен кезде қалай өзгеретінін зерттегенде көре аламыз.
Бір қарағанда, еңбекке ұсыныс көлемі өсу керек. Бірақ олай емес.
Графикте жалақының берілген мөлшерінде жұмысшының істейтін уақытының
жалпы мөлшері берілген. Бұл қисық сұраныс немесе ұсыныс қисықтарынан
өзгеше.
W L SL қисығы Li
I нүктесінде бізді қызықтыратын қисықта еңбек күшіне ұсыныс көлемінің
жалақының жоғары мөлшерінде жоғары екенін анықтаймыз. Бірақ
I нүктесінен өткеннен соң SL қисығы бағытын өзгертеді. Қисық өз бағытын
кері бағытталып ордината осіне барынша таянады. Бүл өте қызық парадокс,
жалақының жоғары мөлшерінде жұмыс күшінің ұсынысы азаяды. Осыдан жалақының
тек белгілі бір мөлшеріне дейін ғана ұсыныс көлемі артады, ал одан кейін
кеми бастайды. Жалақы мөлшерінің өсуі ұсыныс көлемінің үлғаю мен кішіреюіне
әкеледі. Бүл сонда қалай?
Жалақы мөлшері ұлғайған сайын бір сағаттағы істелген жұмыс көлеміне
төлем де жоғары болады, ал әр бос өткізілген уақыт жұмысшы үшін бос, далаға
кеткен уақыт, сол уақытта табыссыз қалдық дейді. Осы табыс бос уақытты
жұмыс уақытына айналдырған кезде ғана мүмкін болады. Сәйкесінше, бос уақыт
жұмыс уақытымен ауыстырылады, осы қосымша уақыт аралығында қосымша өнім
өндіріледі. Жоғарыда айтылғандарды алмастыру эффектісі деп атаймыз.
Берілген графикте I нүктесіне дейінгі аралықта алмастыру эффектісі
көрсетілген.
Табыс эффектісі алмастыру эффектісіне қарағанда керісінше және
жұмысшының жоғары материалды қамтамасыз етілуі кезінде байқалады.
Күнделікті нан табудың мәселелері шешілген кезде бос уақытты өткізу жайлы
біздің көзқарасымыз өзгереді. Оған бос уақыт бүрынғыдай қосымша жалақы
сияқты көрінбейді. Жоқ, бүл демалу уақыты болып көрінеді және жалақыға
қосылмай қалған қаржыны есептемейді. Жоғары деңгейлі жалақы да бүған
мүмкіншілік береді. Осыдан тек қана көбірек тауарлар сатып алу ғана емес,
көбірек бос уақыт алуға да талаптанады. Ал осыны еңбекке ұсыныс көлемін
азайту арқылы ғана іске асыруға болады. Ол үшін бос уақытты қода бар ақшаға
емес, бос уақыт үшін жалақыдан алынатын алымға сатып алу керек. Қисық I
нүктесінен өткеннен кейін табыс эффектісі басым бола бастайды, бүл жоғары
жалақы мөлшерінде ұсыныстың төмендеуіне әкеледі. Жүмысшы көбірек дем алуға
үмтылады.
Қай эффектінің басымырақ екеніне жауап табылмаған. Бірақ айта кететін
бір жайт, бүл қарастырып отырғанымыз тек жеке индивидтің ұсынысымен
байланысты.
Ұсыныс және сұрныс қисықтарын біріктіре отырып өз зерттеуімізді әрі
қарай жалғастырайық.
Сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу Е нүктесіне көңіл аударайық.
Бұл нүктеге графиктеде көрсетілген жалақы мөлшері WE мен осы мөлшердегі
LE ұсынысты көрсетеді. Е нүктесінде еңбекке сұрныс көлемі еңбекке ұсыныс
көлеміне тепе тең жағдайда. Бүл дегеніміз осы мөлшерде жалақы төлейтін
кәсіпкер өзіне қажетті жұмыс күшін ала алады, яғни жұмыс күшіне сұрныс
толығымен қанағаттандырылады. Нарықтық тепе - тең жағдайында барлық
жұмысшылар жұмыспен қамтамасыз етілген. Е нүктесі жұмысшылардың толығымен
жұмыспен қамтылғанын көрсетеді.
Жалақының WE басқа мөлшерінде еңбек нарығындағы тепе - теңдік жағдайы
бұзылады. Еңбекке сұрныс пен ұсыныстың сәйкес келгенінде жалақы нарықта
тепе - теңдік мөлшері ретінде анықталады.
Жалақы мөлшерінің тепе - тең жағдайынан жоғары болуы W еңбек нарығындағы
ұсыныстың сұрныстан жоғары болғанын көрсетеді ( О - Ls ) . Осы жағдайда
толық жұмыспен қамтылудан ауытқу болады, барлық жұмыс күшін сатушыларға
жұмыс орны жетіспейді.Жүмыс күшіне ұсыныс артып кетеді, графикте абцисса
осінде LD - Ls көрсетілген.
Жалақы мөлшерінің нарықтық тепе - тең жалақы мөлшерінен төмендеген кезінде
( мысалы W ) еңбек нарығындағы сұрныс ұсыныстан асады Ls - LD . Себебі
ретінде төменгі жалақы мөлшеріне келіспейтін жұмысшылар жетіспегендіктен
бос жұмыс орындары пайда болады.
Осы екі жағдай да ( жұмыссыздық пен бос жұмыс орындарының болуы ) жетілген
бәсекелі нарықта тұрақты бола алмайды, олар нарық механизмдері әсерінен
толық жұмыспен қамтылуға дейін өзгертіледі.
Шындығында да, еңбекке ұсыныс сұраныстан жалақы мөлшерінің тепе - тең
деңгейінен жоғары болған жағдайында көп болғандықтан жұмыссыздар төмен
жалақы деңгейіне қарамастан жұмыс істеуге дайын тұрады. Сондықтан жұмысы
барлар жұмысынан айырылып қалмау үшін төмен жалақы мөлшеріне жұмыс күшін
ұсынуға мәжбүр болады. Кәсіпкерлер төмен жалақы деңгейінде көбірек
жұмысшыларды алуға ынталанады. Осыдан жалақының төмендеуіне тек сұрныс
емес, сонымен қатар ұсыныс та әсер етеді.
Сұраныс ұсыныстан асқан жағдайда жұмыс берушілер бос орындарды толтыру
үшін жалақы деңгейін көбейту арқылы жұмысшыларды жұмыс орындарына шақырады.

1.3 Игіліктер нарығы

Игілік нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы
қарастырылады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар,
дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен
инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы
шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табысқа
байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты
болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну
мен инвестицияланған тауарлар нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың
салыстырмалы бағаларын білу керек. IS-LM моделінде экономикалық тепе-
теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Осы
нүктеде пайыздық мөлшерлеме мен пайданың мөлшерін анықтап, тауар нарығының
тепе-теңдігі мен ақша нарығының тепе-теңдігін қанағаттандырады. Басқаша
айтқанда, екң қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған
шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең
екендігін көрсетеді.
IS–LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) – жиынтық
сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын
тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі.
IS – тауар нарығындағы тепе-теңдік үлгісі, ал LM – ақша нарығындағы тепе-
теңдіктің үлгісін анықтайды. Сонымен, IS – LM үлгісі екі нарықта да тепе-
теңдікті орнатады. Оның теңдеулері келесідей:
1. Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Мұндағы:
2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;
3. I = e – d×i – инвестиция функциясы;
4. Xn = g – m¢×Y – n×i – таза экспорт функциясы.
5.  – ақшаға сұраныс функциясы.
Үлгінің ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
Жалпы теория
Ж.Б. Сэйдің экономикалық көзқарасы
Ұсақ буржуазиялық саяси экон-ң мәні
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Инфляциялық трансмиссионды (тасымалданды) механизм
А.Смит еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның онан арғы дамуы
Кәсіпкерліктің мәні формалары мен бағыттары
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
Пәндер