Тіршілік және тірі материя туралы түсінік



Біз өмір сүріп отырған әлемде, тіпті он сегіз мың ғаламда табиғаттың тірі және өлі түрі, басқаша айтқанда, жаны бар және жансыз заттар кездеседі. Екеуі бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Мысалы, өлі табиғатқа жататын су мен топырақ тірі табиғаттың өкілдері үшін тіршілік ортасы бола алады. Тірі табиғатқа кіретін жаратылыстар – тірі организмдер немесе тіршілік иелері. Олар тіршілік ете алады, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Ал өлі табиғатқа кіретін жаратылыстар тірі организмдер сияқты болмайды. Оларды тек материал (жансыз зат) ретінде қарастырамыз. Тірі организмдер жасушадан турады. Алып піл де, кішкентай ғана маса да жасушалардан тұрады. Жасуша (клетка) – тірі табиғат өкілдеріне тән кішкентай ғана бөлшек. Тірі организмдерде зат алмасу процесі жүреді. Айналадағы ортадан енген зат (азық, көректік заттар) түрлі реакциялардың әсерінен организмнің денесін түзуші заттарға айналады, жай заттардан күрделі заттар түзіледі, немесе керсінше жағдайда, күрделі заттар жай заттарға ыдырайды. Тіршілік иелерінің қоректенуі арқылы энергия қоры пайда болады. Зат пен энергияның алмасуы нәтижесінде жасушаның және ұлпалардың саны мен көлемі артады, тіршілігі жалғасады. Тірі организмдерге тән қасиеттердің бірі – қозғалу. Қозғалыс – өмірдің негізгі себебі. Өйткені тіршілік етуге қажетті қоректік заттар мен жаулардан қорғану процестері қозғалыс арқылы іске асады.Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен ортасы деп аталады. Қоршаган орта (немесе коршаған табиғат ортасы) терминінде адамның ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі. Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі - экологиялық фактор деп аталады. Өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай ол үш негізгі топқа бөлінеді: - абиотикалық факторлар - бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер бедері т.б.) - тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның (индивидтің) тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса өздері әсер етеді. - антропогенді факторлар - организмдердің мекен ортасына, табиғаттың өзгеруіне, олардың өмір сүруі жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам әрекетінің барлық факторлары.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тіршілік және тірі материя туралы түсінік
Біз өмір сүріп отырған әлемде, тіпті он сегіз мың ғаламда табиғаттың тірі және өлі түрі, басқаша айтқанда, жаны бар және жансыз заттар кездеседі. Екеуі бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Мысалы, өлі табиғатқа жататын су мен топырақ тірі табиғаттың өкілдері үшін тіршілік ортасы бола алады. Тірі табиғатқа кіретін жаратылыстар - тірі организмдер немесе тіршілік иелері. Олар тіршілік ете алады, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Ал өлі табиғатқа кіретін жаратылыстар тірі организмдер сияқты болмайды. Оларды тек материал (жансыз зат) ретінде қарастырамыз. Тірі организмдер жасушадан турады. Алып піл де, кішкентай ғана маса да жасушалардан тұрады. Жасуша (клетка) - тірі табиғат өкілдеріне тән кішкентай ғана бөлшек. Тірі организмдерде зат алмасу процесі жүреді. Айналадағы ортадан енген зат (азық, көректік заттар) түрлі реакциялардың әсерінен организмнің денесін түзуші заттарға айналады, жай заттардан күрделі заттар түзіледі, немесе керсінше жағдайда, күрделі заттар жай заттарға ыдырайды. Тіршілік иелерінің қоректенуі арқылы энергия қоры пайда болады. Зат пен энергияның алмасуы нәтижесінде жасушаның және ұлпалардың саны мен көлемі артады, тіршілігі жалғасады. Тірі организмдерге тән қасиеттердің бірі - қозғалу. Қозғалыс - өмірдің негізгі себебі. Өйткені тіршілік етуге қажетті қоректік заттар мен жаулардан қорғану процестері қозғалыс арқылы іске асады.Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен ортасы деп аталады. Қоршаган орта (немесе коршаған табиғат ортасы) терминінде адамның ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі. Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі - экологиялық фактор деп аталады. Өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай ол үш негізгі топқа бөлінеді: - абиотикалық факторлар - бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер бедері т.б.) - тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның (индивидтің) тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса өздері әсер етеді. - антропогенді факторлар - организмдердің мекен ортасына, табиғаттың өзгеруіне, олардың өмір сүруі жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам әрекетінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. Әсіресе, соңғы жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету жылдамдығы арта түсуде. Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар. Организмнің қарқындылыққа немесе әсер ету күшінің факторына реакциясын жатқызуға болады. Жетімсіз немесе шамадан артық әсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін. Алуан түрлі тіршілік иелерінің әр түрлі жағдайларда өздерін өте жақсы сезінулері бірдей емес. Мәселен, ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды топырақты (капуста, қант қызылшасы), гүлді капуста көлеңкелі салқынды ұнатады, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты (қауын) ұнатады. Осы факторлар өсімдіктің өсу жағдайына өте маңызды ықпал жасайды. Бақылау нүктесінен барынша өсуі - оңтайлылық деп аталады. Бұл әдеттегідей - температураның көлеміне жатады. Жағымды күш әсерінің факторы (мөлшері) осы организм түріне оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азынан (минимум) көбіне (максимум) дейін бар аралық температура кезінде өсуге мүмкіндігі барды диапозон (көлемінің) тұрақтылығы дейді. Шектелу нүктесінен, яғни төмен мен жоғарының аралығы тіршілікке қолайлы температура - тұрақтылықтың шегі немесе сол түрдің шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторға қатысы бойынша шыдамдылық дәрежесін экологиялық валенттілік деп атайды. Организмнің экологиялық валенттілігі оның әр алуан ортаға қоныстану қабілеттілігін көрсетеді.

Деңгейлер
Дене құрылымы
Қай ғылым зерттейді
Молекулалық, жасушалық, жасушаішілік
ағза жасушалары, сондай-ақ біржасушалылардың жасушаішілік кұрылымдары молекулалардан күралады
генетика, химия, физика
Мүшелік-ұлпалық
көпжасушалы ағзалар мүшелер мен ұлпалардан қүралады
цитология гистология
Ағзалық
жеке түрлері құралады
өлкетану, жануар
тану, вирусология, анатомия, физио - логия, морфоло - гия, гигиена
Популяциялық-түрлік
белгілі түрлер өзара еркін шағылысады
Экология, эволюциялық ілім, мате - матика, генетика
Биогеоценозды
зат алмасуы және қуат алмасуы негізінде тірі ағзалармен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи күрделі жүйе
экология және жалпы биологиялық ғылымдар
Биосфералық
Барлық биогеоценоздардың жиынтығы. Жердегі барлық құбылыстар кіреді
экология, физика, химия, геология, география

Әлемнің сыр - сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін -- "болмыс" деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой - толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған.
Болмыс философиядағы негізгі түсінік болмыс туралы ілім, антология философия күні бүгінге дейін әртүрлі көз қарастар дискуциялар болып түрады себебі болмыс проблемасы күнделікті уақытта адам адамзатқа күрделі сұрақтар қояды.
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік -- әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде
Платонның жан мен тән туралы ұғым жайлы
Рухани болмыс
Бірінші табиғат екінші табиғат
Платонның жан мен тән туралы ұғымы
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
Табиғат болмысы
Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік
Пәндер