Тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болу гипотезасы



І. Кіріспе.
1) Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары туралы негізгі көзқарастар.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) Абиогенез дегеніміз не?
2) Абиогенез гипотезасын ұсынған ғалымдар.
3) Абиогенез гипотезасын ұсынған ғалымдардың ұстанған тұжырымдары.
4) А.И.Опариннің өмірбаяны және негізгі ұсынған теориясы.
ІІІ.Қорытынды
1)Абиогенез гипотезасын дәлелдеу мақсатындағы ғалымдардың тәжірибелері, зерттеу жұмыстары, қорытындылары.
2) Пайдаланылған әдебиеттер
Тіршіліктің пайда болуы және дамуы жаратылыстану ғылымындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Тіршіліктің пайда болуы- адам баласын өте ерте кездерден бастап-ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Ол жайында көптеген болжамдар бар.
Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды мазмұндарына сәйкес 5 топқа біріктіруге болады. Оның біріншісі креационистік (лат. Жаратушы) тұжырымдама деп аталады. Бұл тұжырымдаманы идеалист философтар және дін қызметкерлері (теологтер) қызу түрде қолдады.
Креационистік тұжырымдаманы қолдаушылар тіршіліктің пайда болуын Жаратушы күшпен байланыстырды. Мұндай пікірлер Ежелгі Қытайда, Вавилонияда, Мысырда кеңінен таралды. Бұл болжам бойынша тіршілік Құдайдың құдіретінің арқасында жаратылған және ол белгілі бір мақсатқа негізделген, оның өзгеруі тек Құдайға байланысты деп түсіндірген.
Бұл көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, Ч.Лайель және т.б. қолдады. Олар табиғаттағы сан алуан түрлер өзгермейді, әуел баста қалай жаратылса, сол қалпында сақталады деп түсіндірді.
Тіршіліктің пайда болуы туралы екінші тұжырымдама «тіршіліктің өздігінен» пайда болуы деп аталады. Бұл көзқарас бойынша тіршілік қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан (судан, балшықтан, шіріген еттен, лас шүберектен) бірнеше рет қайтадан пайда болып отырады деп түсіндіреді. Мысалы, ежелгі грек философы Аристотель бит-еттен, кандала-жануар шырышынан, жауынқұрт балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.
Тіршіліктің аяқастынан бірден бейорганикалық заттардан пайда болмайтындығын ХVІІ ғасырда арнайы тәжірибелері арқылы италиялық ғалым Францеско Реди және француз ғалымы Луи Пастер нақты дәлелдеп берді.
Тіршіліктің пайда болуы туралы үшінші тұжырымдама «тіршіліктің мәңгілігі» деп аталады. Бұл көзқарас ғарыштағы басқа жұлдыздар, ғаламшарлар сияқты тіршілік те мәңгі деп түсіндіреді. Тіршіліктің мәңгі теориясы- тіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы В.Прейер ұсынды. Оның пікірі бойынша тіршіліктің пайда болуы деген сұрақты қоюдың қажеті жоқ. Өйткені тіршілік мәңгілік. Жер шарын қоршап жатқан қыртысты қабат алып тірі организмдердің жиынтығы, оның өзіне тән зат алмасу процесі болады. Бұл теория тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ деген пікірге келіп тіреледі.
1.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
2.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
3. Биология пәні 11 сынып.
4. Интернет көздері

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болу гипотезасы
І. Кіріспе.
1) Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары туралы негізгі көзқарастар.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) Абиогенез дегеніміз не?
2) Абиогенез гипотезасын ұсынған ғалымдар.
3) Абиогенез гипотезасын ұсынған ғалымдардың ұстанған тұжырымдары.
4) А.И.Опариннің өмірбаяны және негізгі ұсынған теориясы.
ІІІ.Қорытынды
1)Абиогенез гипотезасын дәлелдеу мақсатындағы ғалымдардың тәжірибелері, зерттеу жұмыстары, қорытындылары.
2) Пайдаланылған әдебиеттер

Тіршіліктің пайда болуы және дамуы жаратылыстану ғылымындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Тіршіліктің пайда болуы- адам баласын өте ерте кездерден бастап-ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Ол жайында көптеген болжамдар бар.
Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды мазмұндарына сәйкес 5 топқа біріктіруге болады. Оның біріншісі креационистік (лат. Жаратушы) тұжырымдама деп аталады. Бұл тұжырымдаманы идеалист философтар және дін қызметкерлері (теологтер) қызу түрде қолдады.
Креационистік тұжырымдаманы қолдаушылар тіршіліктің пайда болуын Жаратушы күшпен байланыстырды. Мұндай пікірлер Ежелгі Қытайда, Вавилонияда, Мысырда кеңінен таралды. Бұл болжам бойынша тіршілік Құдайдың құдіретінің арқасында жаратылған және ол белгілі бір мақсатқа негізделген, оның өзгеруі тек Құдайға байланысты деп түсіндірген.
Бұл көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, Ч.Лайель және т.б. қолдады. Олар табиғаттағы сан алуан түрлер өзгермейді, әуел баста қалай жаратылса, сол қалпында сақталады деп түсіндірді.
Тіршіліктің пайда болуы туралы екінші тұжырымдама тіршіліктің өздігінен пайда болуы деп аталады. Бұл көзқарас бойынша тіршілік қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан (судан, балшықтан, шіріген еттен, лас шүберектен) бірнеше рет қайтадан пайда болып отырады деп түсіндіреді. Мысалы, ежелгі грек философы Аристотель бит-еттен, кандала-жануар шырышынан, жауынқұрт балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.
Тіршіліктің аяқастынан бірден бейорганикалық заттардан пайда болмайтындығын ХVІІ ғасырда арнайы тәжірибелері арқылы италиялық ғалым Францеско Реди және француз ғалымы Луи Пастер нақты дәлелдеп берді.
Тіршіліктің пайда болуы туралы үшінші тұжырымдама тіршіліктің мәңгілігі деп аталады. Бұл көзқарас ғарыштағы басқа жұлдыздар, ғаламшарлар сияқты тіршілік те мәңгі деп түсіндіреді. Тіршіліктің мәңгі теориясы- тіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы В.Прейер ұсынды. Оның пікірі бойынша тіршіліктің пайда болуы деген сұрақты қоюдың қажеті жоқ. Өйткені тіршілік мәңгілік. Жер шарын қоршап жатқан қыртысты қабат алып тірі организмдердің жиынтығы, оның өзіне тән зат алмасу процесі болады. Бұл теория тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ деген пікірге келіп тіреледі.
Тіршіліктің пайда болуы туралы төртінші тұжырымдама ғылымда пансперми теориясы деген атпен белгілі. Панспермия теориясын 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынған. Ол: Жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан микроорганизмдері және олардың споралары арқылы таралған әрі олар сыртқы ортаның түрлі әсерлеріне өте төзімді боладыдеген пікір айтты.
Тіршіліктің пайда болуы туралы негізгі тұжырымдама және біздің негізгі тақырыбымыз- тіршіліктің химиялық және биологиялық эволюция жолмен пайда болуы абиогенез теориясы деп аталады.

Абиогенез (гр. 'a' -- болымсыздық, жоққа шығару, bіos -- тіршілік, genesіs -- пайда болуы), жансыздан өрбу -- тірі табиғаттаферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында -- эволюциялық дамубарысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.

Жердегі тіршіліктің пайда болуы
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны -- А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік -- табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.
Осы тұжырымдаманы қолдаушылар химиялық қосылыстардың ұзақ уақыт аралығында бірте-бірте өзгеруі нәтижесінде тіршілік пайда болады деп түсіндіреді. Бұл тұжырымдаманы орыс ғалымы А.И.Опарин және ағылшын биохимигім Дж.Холдейн бір-біріне тәуелсіз ұсынғандықтан ғылымда Опарин-Холдейн теориясы деп аталады.
Александр Иванович Опарин (2 наурыз 1894 жыл, Ресей, Ярославль губерниясы Углич қаласы - 21 сәуір 1980 жыл, Мәскеу) - биохимик-ғалым, КСРО ғылым академиясының академигі (1946). Мәскеу университетін бітірген (1917). Негізгі ғылым еңбектері өсімдік шикізатын өңдеудің биохимиялық негізін, өсімдік құрамындағы ферменттердің әсерін және Жердегі тіршіліктің пайда болуын зерттеуге арналған. Опарин биокатализ - азық-түлік өндірісі технологиясының негізі екенін дәлелдеді. Ол Жердегі тіршіліктің пайда болуы - көміртектік қосылыстар эволюциясының қорытындысы деп тұжырымдады; оны ғарыштық тұрғыдан зерттеумен шұғылданды. Опарин - тіршіліктің пайда болуын зерттеудің Халықараралық ұйымының президенті (1970 жылдан өмірінің соңына дейін) болды. Лениндік сыйлық лауреаты (1974).

Александр Иванович Опарин

Орыс биохимигі Александр Иванович Опарин (1894-1980) 1922 жылы тіршіліктің Жер бетінде шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдады. Содан бері ол ең дұрыс және арнайы ғылым ретінде мойындаған тұжырым болып есептеледі. А. И. Опарин 1970 жылдан бастап тіршіліктің шығу тегін зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамды басқарды. А. И. Опарин коацерваттардың - сулы ерітіндідегі ағзалық заттардың тұрақты конгломераттарының (ұйығының) пайда болу мүмкіндігін сынақтәжірибе арқылы дәлелдеді. Олар химиялық (ағзалық) заттардың құрам бөлігі бола тұра кейбір тірі нәрсенің қасиеттерін көрсете алады (карапайым жарғақшалардың түзілуі, ұдайы өсу қасиеті, энергетикалық алмасу). Сөйтіп коацерваттар протобионттар, яғни тіршілік жолашары деп атай бастады.
Опариннің гипотезасының негізгі түсінігі келесідей: жер бетінде тіршіліктің қалыптасуы- көптеген эволюциялық өзгерістер арқылы өлі материядан тірі материя қалыптасуы болып саналады. Бұл өзгеріс химиялық реакция арқылы жүзеге асады, нәтижесінде жәй органикалық зат бейорганикалық заттарға әсер еткен физико-химиялық процесстер арқылы түзіледі.
Опарин тіршіліктің қалыптасуын биохимиялық эволюцияға негіздей отырып үш негізгі этапты атап көрсетті:
Бірінші кезең: химиялық эволюция. Бұл эволюциялық кезеңде Жердегі болған түрлі табиғат құбылыстары,оның ішінде: жанартаулардың атқылауы нәтижесі, атмосферадағы су түзілістерінің суып, жерге жауын болып жауған кездегі түзілген су кеңістіктер(қазіргі теңіз, мұхит сулары). Су кеңістіктері пайда болған соң бейорганикалық заттар суда еріп, түрлң органикалық заттар түзілген.
Екінші кезең: ақуыз заттарының пайда болуы. Протобионттар, коацерваттар.
Үшінші кезең: Тірі ағзаның пайда болуы, тіршіліктің дамуы.
Ағылшын биологі Джон Холдейн 1925-1929 жылдары Опариннің ойын одан әрі дамытты. Ол коацерваттардың тұрақтылығын көрсетіп, ағзалық заттарды қалыптастырудағы энергия көзі ретінде ультракүлгін сәуле шығарудың рөлі туралы болжам айтты.

Джон Холдейн

Америкалық жас ғалым Стенли Миллер 1953 жылы Опарин мен Холдейннің болжамын сынақтәжірибемен тексеру мақсатында тәжірибелер топтамасын жүзеге асырды. Ол осы заманғы жанартау (вулкан) газдарын негізге алып, аузы дәнекерленген кұты- да Жердің 4,5 млрд бұрынғы алғашқы атмосферасын жасап көрді. Онда тиісті температура мен қысым сақталды. Осы қоспа арқылы найзағай разряды сияқты 1000 вольтқа дейін электр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі Опариннің теориясы
Мұнайдың табиғи пайда болуы
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы
А.опарин және оның тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясы
Адамның дамуы, геннерализациялау, демография
Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары
Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуы
Биологиядағы маңызды теориялар
Атмосферадағы оттегі эволюциясы
Тіршілік
Пәндер