Әйгілі химиктер өмірінен



Эрнест Резерфорд 1908 жылы өзіне Нобель сыйлығы тағайындалғанын естігенде : «Барлық ғылым –не физика ,немесе маркілерді коллекциялау»деп мәлімдеді.Ол зерттеулерінің бәрін физика саласында жүргізгенімен Нобель сыйлығын химия ғылымы саласы бойынша алды.Ол физикалық-химия ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан еді.
Резерфорд Эрнест -ағылшын физигі, радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы Лондон король қоғамының мүшесі (1903). Резерфордқа ғылымға сіңірген еңбегі үшін “лорд Нельсон” атағы берілді (1931). Румфорда (1904) және Копли (1922) медальдары иегері.
Резерфорд 1871жылы Жаңа Зеландияның Спринг-Грув атты шағын поселкесінде фермер отбасында дүниеге келген.Ол обасындағы он екі баланың төртіншісі болатын.Ол табиғатынан таңғажайып есте сақтау қабілетімен ,алып күш иесі болуымен және денсаулығы мықтылығымен ерекшеленетін.Мектепті үздік бітіргеннен соң,Нельсон қаласында колледжде оқуын жалғастырып,одан Жаңа Зеландия университетін(Крайстчерч қаласында) жақсы бағамен бітіріп шықты. (1894) англия ғыл. жұмысын жалғастыру үшін Кавендиш лабораториясына аттанады. Бұл жерде Резерфорд Дж.Томсон жетекшілігімен газдағы иондалу процестерін, ал 1896 ж. француз физигі А.Беккерель (1852 — 1908) радиоактивтілікті ашқан соң осы құбылысты зерттеумен айналысты. 1897 ж. Монреаль, Канада ,Кембридж (Англия) физика кафедраларында жұмыс істеді. 1919 жылдан өмірінің соңына дейін Кембридж университетінің профессоры және Кавендиш лабораториясының директоры қызметтерін атқарды. Резерфордтың негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Алғашқы жұмыстарында Резерфорд радиоактивтіліктің корпускула және электро-магнитті сәуледен тұратынын көрсетті. -бөлшектер деп атады. Зерттеулер - және -корпускул. сәулелерді -бөлшектердің электрон немесе позитрон екендігін -гелий атомының ядросы екендігін дәлелдеді. Резерфорд 1903 ж. Ф.Соддимен (1877 — 1956) бірге радиоактивтілікті бір атом ядросының басқа атом ядросына айналуымен түсіндіретін теория ұсынып, осы жұмыстары үшін Нобель сыйлығын алды (1908). 1911 жылы -бөлшектермен жұқа алтын пластинканы атқылап, және олардың шағылуын зерттеу арқылы атомның массасы мен оң заряды оның центріне шоғырланғанын анықтады. Осы зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып Резерфорд атом құрылысының күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынды. Н.Бор осы модель негізінде атом ядросы мен спектрінің теориясын жасады.. 1921 ж. ол бейтарап бөлшектер — нейтронның болу мүмкіндігі жөнінде болжам айтты. Одан кейінгі жұмыстары әр түрлі элементтердің жасанды радиоактивтіліктерін зерттеуге арналды. Резерфорд атақты физиктердің (Г.Мозли, Дж.Чедвик, Дж.Кокрофт, Н.Бор, В.Тейтлер, П.А. Капица, т.б.) үлкен тобын тәрбиелеп шығарды. Резерфорд 1919 жылы Кембридж университетінде экспериментальді физика профессоры,Кавендиш лабораториясының директоры қызметтерін атқарды.1921 жылы жаратылыстану ғылымдары профессоры атанды.Кембридж университетінде көптеген талантты физиктерді ғылыми зерттеулерге баулыды, олар; П.М. Блэкетт, Джона Кокрофт, Джеймса Чедвик и Эрнеста Уолтон т.б.Ол табиғатынан көреген,дәл болжағыш адам болды,кейбір есептеулер мен зерттеулердің нәтижесін алдын ала болжап айтатын қасиеті бар болатын.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әйгілі химиктер өмірінен Эрнест Резерфорд 1908 жылы өзіне Нобель сыйлығы тағайындалғанын естігенде : Барлық ғылым - не физика ,немесе маркілерді коллекциялаудеп мәлімдеді.Ол зерттеулерінің бәрін физика саласында жүргізгенімен Нобель сыйлығын химия ғылымы саласы бойынша алды.Ол физикалық-химия ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан еді.
Резерфорд Эрнест -ағылшын физигі, радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы Лондон король қоғамының мүшесі (1903). Резерфордқа ғылымға сіңірген еңбегі үшін "лорд Нельсон" атағы берілді (1931). Румфорда (1904) және Копли (1922) медальдары иегері.
Резерфорд 1871жылы Жаңа Зеландияның Спринг-Грув атты шағын поселкесінде фермер отбасында дүниеге келген.Ол обасындағы он екі баланың төртіншісі болатын.Ол табиғатынан таңғажайып есте сақтау қабілетімен ,алып күш иесі болуымен және денсаулығы мықтылығымен ерекшеленетін.Мектепті үздік бітіргеннен соң,Нельсон қаласында колледжде оқуын жалғастырып,одан Жаңа Зеландия университетін(Крайстчерч қаласында) жақсы бағамен бітіріп шықты. (1894) англия ғыл. жұмысын жалғастыру үшін Кавендиш лабораториясына аттанады. Бұл жерде Резерфорд Дж.Томсон жетекшілігімен газдағы иондалу процестерін, ал 1896 ж. француз физигі А.Беккерель (1852 -- 1908) радиоактивтілікті ашқан соң осы құбылысты зерттеумен айналысты. 1897 ж. Монреаль, Канада ,Кембридж (Англия) физика кафедраларында жұмыс істеді. 1919 жылдан өмірінің соңына дейін Кембридж университетінің профессоры және Кавендиш лабораториясының директоры қызметтерін атқарды. Резерфордтың негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Алғашқы жұмыстарында Резерфорд радиоактивтіліктің корпускула және электро-магнитті сәуледен тұратынын көрсетті. -бөлшектер деп атады. Зерттеулер - және -корпускул. сәулелерді -бөлшектердің электрон немесе позитрон екендігін -гелий атомының ядросы екендігін дәлелдеді. Резерфорд 1903 ж. Ф.Соддимен (1877 -- 1956) бірге радиоактивтілікті бір атом ядросының басқа атом ядросына айналуымен түсіндіретін теория ұсынып, осы жұмыстары үшін Нобель сыйлығын алды (1908). 1911 жылы -бөлшектермен жұқа алтын пластинканы атқылап, және олардың шағылуын зерттеу арқылы атомның массасы мен оң заряды оның центріне шоғырланғанын анықтады. Осы зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып Резерфорд атом құрылысының күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынды. Н.Бор осы модель негізінде атом ядросы мен спектрінің теориясын жасады.. 1921 ж. ол бейтарап бөлшектер -- нейтронның болу мүмкіндігі жөнінде болжам айтты. Одан кейінгі жұмыстары әр түрлі элементтердің жасанды радиоактивтіліктерін зерттеуге арналды. Резерфорд атақты физиктердің (Г.Мозли, Дж.Чедвик, Дж.Кокрофт, Н.Бор, В.Тейтлер, П.А. Капица, т.б.) үлкен тобын тәрбиелеп шығарды. Резерфорд 1919 жылы Кембридж университетінде экспериментальді физика профессоры,Кавендиш лабораториясының директоры қызметтерін атқарды.1921 жылы жаратылыстану ғылымдары профессоры атанды.Кембридж университетінде көптеген талантты физиктерді ғылыми зерттеулерге баулыды, олар; П.М. Блэкетт, Джона Кокрофт, Джеймса Чедвик и Эрнеста Уолтон т.б.Ол табиғатынан көреген,дәл болжағыш адам болды,кейбір есептеулер мен зерттеулердің нәтижесін алдын ала болжап айтатын қасиеті бар болатын.
Өмірінің соңына дейін денсаулығы мықты болды.1937 жылы аз уақыт ауырып қайтыс болды.
Резерфорд Жаңазеландия, Кембридж, Висконсин, Пенсильван и Макгилл университеттерінің құрметті дәрежелеріне ие болды.Көптеген алдыңғы қатардағы дамыған мемлекеттердің король қауымдастығының мүшесі атанды. Кейіннен Резерфордтың 12 шәкірті физика ,химия салалары бойынша Нобель сыйлықтарының лауреаттары болды.Олар: Мозли,Генри, Н.Бор,П.Капица т.б.

ТИЩЕНКО Вячеслав Евгеньевич 1861жылы Санкт-Петербург қаласында туған. Химик-органик. СССР ҒА Корреспондент-мүшесі (1928). СССР ҒА Академигі (1935).Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1941).
1879 жылы гимназияны аяқтап, Петербург университетінің жаратылыс бөлімінің физико-математика факультетіне түсті.. В 1884 жылы университетті үздік аяқтап, университетте қалдырылды.Үлкен ғалым болуына Д.И. Менделеев және А.М.Бутлеров сияқты атақты ғалымдардың дәріс беруі ықпал етті.Осы ғалымдардың зертханасында жұмыс істей отырып, органикалық заттар синтездеуге қатысып, ғылыми-зерттеу мақалаларын жазды.Д.И.Менделеевке ассистент және лаборант ретінде қызмет етті. Мұнайдың химиялық табиғатын зерттеді , ол туралы ғылыми журналға (Орыс физика-химия қоғамының журналы)зерттеу еңбегін жазды. . после окончания.
1894 жылы В.Н.Тищенко приват-доцент болып тағайындалды. Ол кезде студентерге минерал заттар технологиясы курсынан дәріс оқыды. 1901 жылдан бастап органикалық заттар технологиясы курсынан дәріс берді. Канифоль және скипидар (1895) атты монографиясын жазды..
1906 жылы В.Н. Тищенко докторлық диссертациясын қорғады,бұл жұмыс күрделі эфирлерді алуға байланысты болды, бұл реакция Тищенко реакциясы деп аталады,практикалық және теориялық маңызы зор. Ол техникалық химия саласына үлкен үлес қосты. Мұнайдың әртүрлі сорттарын зерттеді (1909), химиялық шыны жасау әдісін, фарфор жасауда сұйық алтын алу әдісін ұсынды. Газ тазартатын шыны ыдыстарды ойлап тапты, олар қазіргі кезге дейін Тищенко ыдысы деген атпен зертханада кеңінен қолданылады. Әртүрлі конфигурациядағы сіңіргіш шынылар газдарды қоспалардан сұйық немесе қатты сіңіргіштер арқылы өткізіп тазартуға пайдаланылады.Мұндай ыдыстарды пайдалануды ең алғаш ұсынған - неміс химигі және физиологы Эмиль (Эдмунд) Дрексель (1843-1897) және орыс химик - органигі Вячеслав Евгеньевич Тищенко (1861 -1941).Газдарды тазартуға және алдын ала сақтауға арналған шыны ыдыстар ойлап тапқан адамдардың атымен аталады, олар : Дрексель, Мюнке, Тищенко, Салюцо-Вульф және белгісіз авторлар. Зертханалық тәжірибеде Дрексель шынысы жиі қолданылады (а).Сіңіргіш (тазартқыш) сұйықты ыдыстың (12) бөлігіне дейін құяды, ал тығын арқылы киілген түтікті ыдыстың ішіне түбіне дейін жеткізіп,газ жібере бастайды.Екінші түтік арқылы тазартылған газ жинап алынады.Бұдан да жақсы нәтижеге жету үшін (б) шыны ыдысын алуға болады.Бұл ыдыстың түбінде саңылаулы шыны диск бар.Газ түтік арқылы ыдыс түбіне барады да көлденең орналасқан саңылаулы шыны дискіден тазарып өтеді.Келесі (в,г) шыны ыдыстарда газ жүретін түтіктің аузына саңылаулы шыны пластинка балқытылып киілген.Ол газ көпіршіктерін бөлшектеп жіберіп тазартады.Шыны ішіне концентрлі күкірт қышқылын құйып, қысыммен газ жібереді.Бұл ыдыстар (в,г) кемшілігі : ыдыс ішінде тұман түзіліп, ластанады.
Сілті ерітіндісін пайдаланатын Дрексель ыдыстары полиэтилен және полипропиленнен жасалады, орталық түтікшесі сүзгілі фторопластан кең етіп жасалады 1914-1918 жылдары теңіз балдырларынан иод алу әдісін ұсынды.Хибин аппатиттерінің өндірісте қолданылуына өз үлесін қосты.Ол университетте дәріс беріп қана қоймай, проректор ,декан тәрізді әкімшілік қызметтерді де атқарды.
В.Н.Тищенко 1941 жылы Ленинград қаласында қайтыс болды.
Мен химик боламын деген кім?
Юстус Либих (1803-1873) көптеген әйгілі химиктерімен белгілі Германияның Дармштад аймағында Георг Либих отбасында дүниеге келген.Оның әкесі қала сыртында өз тауарларын дайындайтын қомақты зертханасы бар , дәріханалық дүкеннің иесі еді. .Ол оқитын гуманитарлық пәндерді оқуға бағытталған гимназия жасөспірімнің қызығушылығы мен қабілетіне мүлдем сәйкес келмейтін.Балалық шағында болашақ әйгілі химик ұлы герцог кітапханасынан химия кітаптарын оқуға алып, көптеген тәжірибелер жасаған.Кітапханашы Гесстен химия кітаптарын түгелдей дерлік алып ,оқып шыққан.Әкесінің дәріханасында шөп тұнбасын алу, сұйықтарды айдау сияқты химиялық тәжірибелерді бақылай отырып,химия ғылымына қызығушылығы артты, өмірінің мәні , тағдыры химия ғылымымен байланысып , осы жерден бастау алды.Либих көршісі Эйснердің отбасына жиі баратын , олар сабын қайнатумен шұғылданатын . Ол көп уақытын Бауэрдің бояу шеберханасында , Шиндлердің тері өңдейтін шеберханасында өткізетін .Әкесіне көмектесіп ,дәрі жасауды меңгерді. Дәрі , қопарғыш заттарды жасап , сатып отбасына қаражат кіргізді.Әкесі баласының дарындылығын байқап, оған жоғары білім қажеттігін түсінді.
Либих Бонн және Эрланген университеттерінде білім алды.1822 жылы Париж қаласына ғылыми еңбектерін Александр Гумбольдқа ұсынып, сол ғалым арқылы Гей-Люссакпен тығыз байланыс жасады.1824 жылы Гессеннің экстраординар , ал 1826 жылы химия профессоры ( ординарлы) атағын алды.Аса таланттылығы арқасында ол Германияда ғылыми мектепті, үлгілі химиялық лабораторияны ширек ғасыр уақыт басқарды.Оның лабораториясында органикалық заттар: хлораль ,хлороформ ,ацетальдегид , органикалық қышқылдар және тыңайтқыштар т.б. синтездеп алынды.Ол талантты экспериментатор болды, ол заттарды дәл танып , болжауы нәтижесінде көптеген заттар белгілі болды. Әйгілі ғалымдар оның шәкірттері болды: Гофман,Кекуле ,Бутлеров А.Воскресенский , Н.Зинин,А.Ходнев,П.Ильенков ,Н.Соколов,К.Шмидт.Либих студенттердің сүйікті ұстазы болды , оның лекциялары химия ғана емес , биология,агрономия , философия ғылымдарынан мол мағлұмат берді. Барон атағын ала отырып, 1852 жылы Мюнхен университеті профессоры , 1860 жылы ғылым академиясы президенті болды. Германия,Франция,Англия,Ресей,Швеци я елдерінің университеттерінің құрметті мүшесі атанды.Либих - энциклопедист ғалым. Ол жаратылыстану ғылымдарының барлық саласында көптеген еңбектер жазып қалдырды.Олар бірнеше тілдерге аударылды.
Химия оқулығы , Формация оқулығы т.б. еңбектерін жазды, ,техникалық химия, агрохимия,аналитикалық химия ,бейорганикалық және органикалық химияға көп үлес қосты.Органикалық заттарды жағатын пеш (Либих пеші) ойлап тапты.Экология ғылымында шектеуші фактор заңын ашты.Ол сонымен бірге асқан шешен және философ еді. Индукция және дедукция , Жаратылыстану идеясының дамуы еңбектері бар.
Дүние жүзіне әйгілі химик Мюнхен қаласында 1873 жылы қайтыс болды.
Қайтыс болғаннан кейін Либихке химиялық қоғам ескерткіш қойды. 1887 жылы Дармштадта Либих құрметіне ескерткіш орнатылды.
Бұл химик кім?
Фриц Габер-неміс химигі,1868ж.Польша жеріндегі Бреслау қаласында дүниеге келген.Бала кезінде Гете шығармаларын көп оқып, өлең шығарумен шұғылданады, актер болсам деген ойға да беріледі.Түптеп келгенде химия саласына біржалата бет бұрады.
Габер 1886 жылы химияны оқып-үйрену үшін ,Берлин университетіне түсіп,көп ұзамай Гейдельберг университетіне ауысады.1891ж. докторлық дәрежені иеленеді,химиялық қолданбалы зертханаларда жұмыс істейді.Содан кейін Цюрихтегі федералдық технологиялық институтқа ауысып,жаңа химиялық және өндірістік үрдістермен танысады.Бұлар уақыт өте келе Германияны әлемдік химиялық технологияның көшбасшысына айналдырқан болатын.1896 ж.ол Ханс Бунтенің ассистенті болады.1896 ж.
"Көмірсутектердің ыдырауы мен жануы туралы тәжірибелік зерттеулер"деген кітабын шығарады.Сол жылы Карлсруэ университетінде дәріс оқиды.1906 жылы Габерге физикалық химия және электрохимия профессоры атағы беріліп,зерттеу институтына директор етіп сайланады.Зерттеу нәтижесінде 3 кітабы жарық көреді.
Ол 1905 жылы аммиак өндірумен шұғылданып,оны әрі қарай нитратқа айналдыруды мақсат етеді.Габер аммиак алу үшін атмосфералық азотты сутекпен байланыстыруға тырысады.Габер аммиакты 3000С төмен температурада да синтездеуге болатынын түсінеді.Сондай-ақ ,ол қалыпты өршіткі ретінде пайдаланылған темірдің орнына осмий мен уранды алса,аммиактың мол шығатынын байқады.Габердің аммиакты синтездеу жөніндегі зерттеулерін қаржыландырған германиялық БАСФ фирамасының инженері Карл Бош ғалымның әдісін жетілдіріп,зауыттардағы аммиак өндіру ісіне енгізеді.Габер-Бош үрдісі аталған бұл әдіс әлемдегі кең көлемде аммиак өндірудің негізі болып табылады.
Берлиндегі зерттеу институтында директор долып жүрген габер бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Германия әскери министрлігінің кеңесшісі қызметіне алынады.Оған жау әскерін жасырынған жерінен шығуға мәжбүр ететін улы затты ойлап табу тапсырылады.Бірнеше айдан кейін Габер әріптестерімен бірге газ тәрізді хлорды қолданатын қару жасайды.Ол 1915 ж.Ипра түбінде Антанта әскеріне қарсы қолданылып,150 мың адамды улап тастайды.Габер соғысты жек көрсе де ,Батыс майдандағы жан қинарлық траншеялық соғысты тоқтату арқылы химиялық қаруды қолдану көп адамның өмірін сақтайды деп есептейді.Ғалымның әйелі Клара да химик болатын,ол күйеуінің әскери жұмыстарына батыл түрде қарсы шықты.Осындай өзара жанжал кезінде әйелі өзіне-өзі қол жұмсайды.Араларында бір ұлдары бар еді,Габер 1917ж. екінші рет үйленіп,бір қыз,бір ұлы болады.
Габер химиялық қару өндіруді зерттеуге жауапты мекеменің бастығы болып тағайындалады.Оның жасанды тыңайтқыш өндіру үшін ойлап тапған әдісі ең алдымен Германияның жарылғыш заттар жасаудағы әскери мағсаттарына пайдаланылады.
1918ж.белгіленген Нобель сыйлығы Габерге келесі жылында ұсынылады.Бұл сыйлық оның "Құрамдас элементтердің ішінен аммиакты синтездегені үшін"беріледі.Габердіңжаңалығы ауыл шаруашылығы үшін және адамзаттың өркендеуі үшін өте маңызды деп бағаланады.Габерді химиялық қару жасауға қатысқан әскери қылмыскер деп санаған Антанта елдерінің ғалымдары оған сыйлықтың берілуін қатты сынға алады.Отбасындағы және ғылыми өміріндегі осындай қолайсыз жағдайлар оның денсаулығына нұқсан кетіреді.Соған қарамастан,теңіз суынан алтын алу жолдарын зерттей бастайды.Алайда бұл тәжірибе сәтсіз аяқталады.Жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химия сабақтарының жіктелуі
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері
Әйгілі химиктер -Дмитрий Иванович Менделеев, Михаил Васильевич Ломоносов, Александр Михайлович Бутлеров, Сергей Васильевич Лебедев
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Қазақстандық химик ғалымдар
Дмитрий Иванович Менделеев
Кванттық химия
Бірімжанов Батырбек Ахметұлы
Пәндер