Дипломалды тәжірибе есебі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
БӨЛІМ 1. МЕКЕМЕМЕН ТАНЫСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Саланың даму перспективалары және жағдайына жалпы сипаттама. Зауыттың ағымдық сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Аға оператордың міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... .
БӨЛІМ 2. МЕКЕМЕНІҢ НЕГІЗГІ ПРОЦЕСТЕРІ МЕН АППАРАТТАРЫ.
2.1 Процестің мақсаты және физика . химиялық негізі ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Процестің технологиялық сызбасы, технологиялық режим нормасы...
2.3 Негізгі аппараттары, оның конструкциясы, жұмыс принципі, тоқтату және іске қосу, коррозиядан қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Технологиялық процесті бақылау және реттеу. Дабыл беру, қорғау, қоршау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
БӨЛІМ 3. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ИНСТРУКТАЖЫ ... ... ... ... ..
3.1 Техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ... ... ... ... .
3.2 Атмосфералық ауаны және су ресурсын зиянды заттармен ластанудан қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Қондырғы жұмысындағы маңызды орындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Жабдықтарды жөндеу түрлері, кестесі. Жөндеуге дайындау ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тәжірибенің басты мақсаты - теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсету. Өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын меңгеру. Өзін өз ісіне жауапты, еңбекқор, жоғары теориялық білімі жеткілікті жұмыскер ретінде ұсыну. Ұжымда жұмыс істеуді үйрену.
Осы техникалық тәжірибе арқылы аппараттардың қалай жұмыс істеу тәртібін, шикізатқа қандай процесстер қолданылатынын және қандай дәрежеде берілетінін түсіну.
Тәжірибе өту барысында теориялық білімді тәжирибие жүзінде көрсетуім, көп тәжірибе жинауға, көптеген жаңа кәсиби білім және дағдылар алу қажет .
Өндірістік қызметтің технологиялық қондырғыларына кіреді:
- Процесстердің технологиялық параметрлерін өлшеп-тексеру аппараттары арқылы қадағалау;
- Технологиялық процесстерге енгізу аппараттарында шикізатты және қосымша материалдарды дайындау ;
- Технологиялық процесстерге сәйкес келетін орнатылған режимдерге байланысты параметрлерді реттеу;
- Анализдің нәтижесі және ӨТҚ дайын өнім мен жартылай өнімнің көрсеткіштері бойынша шикізаттың сапасын қадағалауын жүзеге асыру;
- технологиялық қондырғының режимін іске қосу, тоқтату және тұжырымдау.
- техникалық аппараттарды жөндеуге қатысу, өлшеп-тексеру қондырғылары және техникалық аппараттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
- Өндірістік және экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау.
1. Соколов Б.А. Устройство и эксплуатация оборудования газомазутных котельных.-М.,2007.
2. T.C. Санатова, С. Е. Мананбаева. Экология и устойчивое развитие.– Алматы: АУЭС, 2010 – 26 с
3. http://adilet.zan.kz/
4. Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа. М.: Химия, 2001.568с. ил.
5. Нефти СССР. Справочник. М: Химия. 1971-74.
6. Мановян А.К. Проектирование установки атмосферно-вакуумной перегонки нефти (ЭЛОУ-АВТ) (методическое пособие), АГТУ. 1996. 51с.
7. Танатаров М.А. Технологические расчеты установок переработки нефти. М.: Химия. 1997.352с.
8. Дытнерский Ю.И. Процессы и аппараты химической технологии. М.: Химия. 2000.
9. Сарданашвили А.Г., Львова А.И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа, М.: Химия, 2003. 256 с.
10. Мановян А.К., Тараканов Г.В. Технологический расчет аппаратуры установок дистилляции нефти и ее фракций. Астрахань, АГТУ. 1998.
11. Кагерманов С.М., Кузнецов А.Л., Судаков Е.И. Расчеты процессов и аппаратов нефтеперерабатывающей промышленности. Л.: Химия. 1994. 342 с.
12. Рудин М.Г. Драбкин А.Е. Краткий справочник нефтепереработчика. Л.: Химия, 2000. 328 с.
13. Жирнов Б.С. Технологический расчет нагревательных трубчатых печей. Уфа. 2007. 56 с.
14. Основные процессы и аппараты химической технологии. Пособие по проектированию. Под ред. Ю.И. Дытнерского. М.: Химия, 1991. 496 с.
15. Горячев В.П. Основы автоматизации производства в нефтеперерабатывающей промышленности. М. Химия. 1997г.;
16. Голубятников В.А., Шувалов В.В. Автоматизация производственных процессов и химической промышленности. М. Химия. 2006г
17. Шкатов Е.Ф., Шувалов В.В. Основы автоматизации технологических процессов химических производств. М. Химия. 2005г.;
18. Дианов В.Г. Автоматическое регулирование и регуляторы в химической промышленности. М. Химия. 2008г.;
19. Хакимжанов Т.Е. Охрана труда. Учебное пособие для вузов:-Алматы: Эверо, 2006-264с.
20. Давыдова С. Л., Тагасов В. И. Нефть и нефтепродукты в окружающей среде: Учеб. Пособие.-М.: Изд-во РУДН,2007
21. Ермаков В.И., Шеин В.С. Ремонт и монтаж химического оборудования: Учебное пособие для вузов. 2-е изд., перераб. – М.: Машиностроение, 1992. – 208 с., ил.
22. Фарамазов С.А. Ремонт и монтаж оборудования химических и нефтеперерабатывающих заводов. – М.: Химия, 1971. – 296 с., ил.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
БӨЛІМ 1. МЕКЕМЕМЕН ТАНЫСУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Саланың даму перспективалары және жағдайына жалпы сипаттама. Зауыттың ағымдық сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Аға оператордың міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ...
БӨЛІМ 2. МЕКЕМЕНІҢ НЕГІЗГІ ПРОЦЕСТЕРІ МЕН АППАРАТТАРЫ.
0.1 Процестің мақсаты және физика - химиялық негізі ... ... ... ... ... ... ..
0.2 Процестің технологиялық сызбасы, технологиялық режим нормасы...
2.3 Негізгі аппараттары, оның конструкциясы, жұмыс принципі, тоқтату және іске қосу, коррозиядан қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
2.4 Технологиялық процесті бақылау және реттеу. Дабыл беру, қорғау, қоршау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
БӨЛІМ 3. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ИНСТРУКТАЖЫ ... ... ... ... ..
3.1 Техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ... ... ... ... .
3.2 Атмосфералық ауаны және су ресурсын зиянды заттармен ластанудан қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Қондырғы жұмысындағы маңызды орындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Жабдықтарды жөндеу түрлері, кестесі. Жөндеуге дайындау ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4

4
6
9
9
10

11

14
16
16

21
23
26
31
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
32
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Тәжірибенің басты мақсаты - теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсету. Өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын меңгеру. Өзін өз ісіне жауапты, еңбекқор, жоғары теориялық білімі жеткілікті жұмыскер ретінде ұсыну. Ұжымда жұмыс істеуді үйрену.
Осы техникалық тәжірибе арқылы аппараттардың қалай жұмыс істеу тәртібін, шикізатқа қандай процесстер қолданылатынын және қандай дәрежеде берілетінін түсіну.
Тәжірибе өту барысында теориялық білімді тәжирибие жүзінде көрсетуім, көп тәжірибе жинауға, көптеген жаңа кәсиби білім және дағдылар алу қажет .
Өндірістік қызметтің технологиялық қондырғыларына кіреді:
Процесстердің технологиялық параметрлерін өлшеп-тексеру аппараттары арқылы қадағалау;
Технологиялық процесстерге енгізу аппараттарында шикізатты және қосымша материалдарды дайындау ;
Технологиялық процесстерге сәйкес келетін орнатылған режимдерге байланысты параметрлерді реттеу;
Анализдің нәтижесі және ӨТҚ дайын өнім мен жартылай өнімнің көрсеткіштері бойынша шикізаттың сапасын қадағалауын жүзеге асыру;
технологиялық қондырғының режимін іске қосу, тоқтату және тұжырымдау.
техникалық аппараттарды жөндеуге қатысу, өлшеп-тексеру қондырғылары және техникалық аппараттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
Өндірістік және экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

БӨЛІМ 1. МЕКЕМЕМЕН ТАНЫСУ
1.1 Саланың даму перспективалары және жағдайына жалпы сипаттама. Зауыттың ағымдық сызбасы

Гелиос компаниясының стратегиясы
Біздің мақсатымыз Қазақстанда көп функцияналды жанармай құю кешендерінің ең заманауи желісін құру болып табылады. Желіні кеңейту және кәсіпті дамыту үшін өзімізге келесі міндеттерді қойдық:
-- Қазақстанның барлық өңірінде Клиент үшін ыңғайлы ЖҚС инфрақұрылымын дамыту -- тек қана жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерді ұсыну;
-- бәсекелестерімізден бір қадам алда жүру және осы артықшылығымызды олар қамтымаған өңірлерде пайдалану.
Біздің ЖҚС желісі Қазақстанда ең кеңінен тараған желі болып табылады: 61 елді-мекенде 260 жанармай құю станциялары бар. Жақын арада сізге қолайлы болу үшін, тағы 100 станция іске қосылады.
Гелиос компаниясының шығаратын өнімдері
Гелиос желісінің ЖҚС-да мұнай өнімдерінің келесі түрлері сатылады:
Этилденбеген автомиль жанармай маркалары: АИ-80, АИ-92, АИ-95, АИ-98(қосымшаны қара), Premium 95 және Super 98
Дизельді қозғалтқыштар үшін жанармай маркалары: Л-0,05-62, Л-0,05-40 (жазғы) Б-ПЗ-0,2 минус 25, А-ПЗ-0,2 минус 30 (қатудың төмендетілген температурасымен)
Қазақстан нарығында Қазақстанның үш - Павлодар, Шымкент, Атыраудың, сонымен қатар Ресей мен Қытайдың мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өнімдері ұсынылады.
Сатылатын жанармайдың жоғары сапасы, қызметкерлердің сыпайылығы мен жедел жұмысы, станциялардың тәулік бойғы жұмысы мен жанармайға ақы төлеудің ыңғайлы рәсімі тұрақты клиенттерді көптеп тарту есебінен ЖҚС желісін кеңейтуге ықпал етеді.
Гелиос ЖШС ең соңғы әзірлемелердің бірі - автоматты автожанармай құю станциясын ( АЖҚС) ұсынады - бұл 2009 жылдың басты оқиғаларының бірі болды. Алматы қаласында Райымбек көшесінде Бөкейханов көшесінен шығысқа қарай орналасқан. Бұл АЖҚС тек желіде ғана емес, жалпы Қазақстанда бірінші болып отыр. Бұл кассирлер мен жанармай құюшыларсыз жұмыс істейтін бірінші станция, осының өзі автомобильге өздігінен жанармай құюға мүмкіндік береді және ЖҚС ұстау үшін шығын көлемін барынша азайтады. Жанармай үшін ақы операторсыз жұмыс үшін әзірленген қолма қол ақшаны қабылдау құрылғысы және жинақтық Гелиос-Кардты қабылдау құрылғысы бар төлем терминалдары арқылы жүзеге асырылады. Осы АЖҚС-да жанармайдың үш түрі бар: Аи-98, Аи-95 және Аи-92 жанармайы. Көлікке жанармай құю уақыты жүргізу үшін 3 минуттан аспайды.
Келешекте Гелиос компаниясы АЖҚС-ты тек Алматы қаласында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де салуды жоспарлап отыр. Біз үнемі жаңа жобалармен жұмыс істейміз, және АЖҚС сияқты жаңалықтарды енгізу озық технологияларды қолдануда бір қадам алға басуға септігін тигізеді.
Қоғаммен 2013 жылы 1281 мың тонна мұнай өнімдері мен газ өткізілді. Сонымен қатар 94 % мұнай өнімдері мен газ Қоғамның бөлшек сауда да өткізу желілерінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, 6 % өнім көтерме өткізу үшін жеткізілді. Мұнай өнімдері мен газды бөлшек сауда арқылы өткізудің орташа айлық көлемі 2013 жылға 1 ЖМҚС-ға 322 тоннаны құрады.
Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу құрылымында үлкен үлесті дизель отыны мен Аи-92 маркалы бензині алып отыр, бөлшек сауда арқылы өткізудің жалпы көлемінде оның үлесі сәйкесінше 43% және 42 % құрайды. Мұнай өнімдеріне ішкі нарықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін есептік жылы 1 322 мың теңге көлемінде мұнай өнімдері мен газды сатып алу жүргізілді, оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауыты ЖШС-дан 481 мың тонна, ҚМГ-ӨМ АҚ-дан 593 мың тонна, PETROSUN ЖШС-дан 99 мың тонна, ҚазГӨЗ ЖШС-дан 17 мың тонна, өзге ұйымдардан 16 мың тонна көлемінде сатып алынды.
Сондай-ақ, Қоғам арқылы Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы мұнай өнімдерін өткізу 4 мамырдағы NoП-453 қаулысын орындау мақсатында 116 мың тонна Аи-92 маркалы бензині жеткізілді.
Бөлшек тауар айналымының қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ету үшін тек ашық түсті мұнай өнімдері қосымша сатып алынғанын атап өтуге болады.
2013 жылы мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу 74,5 мың. тоннаны құрады. Жер қойнауын пайдаланушылар (жеткізушілер) мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арасында қарым-қатынас пен серіктестік туралы меморандум бағдарламасы аясында 1 мың тонна мұнай өнімі өткізілді.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 13,2 мың тонна мұнай өнімі өткізілді. Мемлекет атынан қатыса отырып, Қоғам 2013 жылы егін жинау науқанында Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жеңілдікті бағамен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін отынмен қамтамасыз етті.
Клиенттермен қолма-қол ақшасыз төлем жасау бойынша жұмысты Қазақстанның барлық ірі қалаларында жұмыс істейтін ГЕЛИОС 29 абоненттік секторы іске асырады. 2013 жылы Теміртау, Құлсары қалаларында 3 жаңа абоненттік сектор және Павлодар қаласында қосымша абоненттік сектор ашылды. Компания алдағы уақытта да абоненттік секторлардың желісін кеңейтуді көздеп отыр
2013 жылға арналған мұнай өнімдерін және газды бөлшек сауда арқылы өткізудің ай сайынғы серпіні келесі диаграммада көрсетілген

Сурет 1.1 - Мұнай өнімдерін және газды бөлшек сауда арқылы өткізудің ай сайынғы серпіні

Бөлшек сауда арқылы өткізудің жалпы көлемінде мұнай өнімінің әрқайсысының меншікті салмағы келесі диаграммада көрсетілген.

Сурет 1.2 - Бөлшек сауда арқылы өткізудің жалпы көлемінде мұнай өнімінің әрқайсысының меншікті салмағы.

1.2 Аға оператордың міндеттері мен құқықтары

Аға оператор өндірістің техникалық дайындығының қажетті деңгейін және оның үнемі өсуін, еңбектің өнімділігі мен тиімділігін арттыруды, шығыстардың (материалдық, қаржылық, еңбектік) азаюын, өндірістік ресурстардың тиімді пайдалануды, өндірілетін өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің жоғары сапалылығын және бәсекелестікке қабілеттілігін, техникалық шарттарға және техникалық эстетика, дизайн талаптарына сәйкес болуын, сондай-ақ сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз етеді. Тиісті өндірістік құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етеді және әкімшілік мәселелерді шешеді олардың жұмыс нәтижесін, еңбек және өндірістік тәртіпті қамтамасыз етеді. Ұйымның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға бекітілген бизнес-жоспарларына сәйкес ұйымды қайта жабдықтау және модернизациялау, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау, табиғи ресурстарды ұқыпты қолдану, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістің техникалық мәдениетін көтеру бойынша шаралардың даярлануын басқарады. Жаңа техника мен технологияны енгізудің жоспарларын даярлау мен жүзеге асыруды, ұйымдық-техникалық шаралардың, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өнертапқыштық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. Жобалық шешімдердің тиімділігін, өндірісті уақытылы және сапалы дайындауды, жабдықты техникалық пайдалануды, жөндеуді және модернизациялауды, өнімді (тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді) даярлау және өндіру барысында жоғары сапаға жетуді қамтамасыз етеді. Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерінің, патенттік зерттеулердің, сондай-ақ нарықтың конъюнктурасын есепке ала отырып, озат тәжірибенің негізінде ассортиментті және сапаны жақсарту, өндірілетін өнімді, жұмыстарды (қызметтерді), техника мен технологияны жетілдіру және жаңалау, бәсекелестікке қабілетті түбегейлі жаңа өнім түрлерін өндіру, технологиялық процестерді кешенді механизациялау және автоматтандыру, өнімділігі жоғары арнайы жабдықты бақылау және сынау құралдарын жобалау және өндіріске енгізу, құралдардың еңбек қажеттілік нормативтерін және оны жасау үшін материалдардың шығыс нормаларын даярлау, үнемдеу режимін және шығыстарды азайтуды жүйелеп жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жобалық, өнертапқыштық және технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелерінің және нормаларының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің, табиғатты қорғау, санитарлық органдардың, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарының сақталуына бақылау жүргізеді. Техникалық құжаттамалардың (сызбалардың, сипаттамалардың, техникалық шарттардың, технологиялық карталарды) уақытылы дайын болуын қамтамасыз етеді. Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен жаңа техниканы және өндіріс технологиясын даярлау, кәсіпорын мен оның бөлімшелерін қайта жаңарту, жабдықты, өндірістік процестерді, өндірісті басқарудың автоматты жүйелерін кешенді механизациялау және автоматтандыру бойынша шарттарды жасайды, олардың даярлануына бақылау жүргізеді, өзге ұйымдар даярлаған техникалық қайта жарақтандыру жобаларын қарастыруды және енгізуді, лизинг шарттарында жабдықты сатып алуға тапсырыстарды құрастыруды ұйымдастырады. Патенттік-өнертапқыштық қызмет, өнімді біріздендіру, стандарттау және сертификаттау жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, оған механикалық-энергетикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді. Инженерлік және басқару жұмыстарын орындаудың жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдарын енгізудің негізінде өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шараларды қабылдайды. Ғылыми зерттеулер мен эксперименттерді, жаңа техника мен технологияны сынақтан өткізуді, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпарат, рационализациялау және өнертапқыштық, озат өндірістік тәжірибені тарату саласындағы жұмысты ұйымдастырады. Енгізілген ғылыми-техникалық шешімдердің басымдылығын қорғау, оларды патенттеу үшін материалдарды дайындау, зияткерлік меншікке лицензиялар мен құқықтарды алу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жұмысшылар мен мамандардың оқуын және біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастырады және персоналды дайындаудың үнемі жетілдірілуін қамтамасыз етеді. Ұйымның техникалық қызметтерін басқарады, олардың жұмыстарының нәтижелерін, бағынышты бөлімшелердегі еңбек және өндірістік тәртіптің жағдайын бақылайды. Өндірістік қызметтің нәтижелері мен тиімділігіне жауапты болып табылады.
Білуге тиіс. Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, экономиканың және экономиканың тиісті саласының басым бағыттарын белгілейтін мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімдері, ұйымның қызметіне байланысты басқа органдардың әдістемелік және нормативтік-техникалық актілері, ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшелігі, экономикалық қызмет түрінің техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасы және ұйымның бизнес-жоспары, ұйымның өндірістік қуаты, ұйым өнімін өндіру технологиясы, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын даярлау және келісу ережесі, шаруашылықты жүргізу және ұйымды басқару әдістері, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі, экономиканың тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озат ұйымдардың тәжірибесі, стандарттау негіздері, экономика және өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, еңбек заңнамасын, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі ұйым бейінінде басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс[3].
БӨЛІМ 2. МЕКЕМЕНІҢ НЕГІЗГІ ПРОЦЕСТЕРІ МЕН АППАРАТТАРЫ
2.1 Процестің мақсаты және физика - химиялық негізі

Зауыт мұнайды отын жолымен өңдеуге арналған және үздік дүниежүзілік өндірістердің деңгейіне сай мұнайды 80-85 пайызға дейін тереңдете өңдеуді қамтамсыз етеді[4].
Мұнай өңдеу мынадай процесстерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
oo мұнайды электрмен сусыздандыру және тұзсыздандыру;
oo cусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды алғаш айдау;
oo бензиндерді, реактивті және дизел отындарын гидротазалау;
oo бензин фракцияларының каталитикалық риформингі;
oo каталитикалық крекинг;
oo газбен фракциялау;
oo мұнай битумдарын өндіру;
oo кокс өндіру.
Мұнайды алғашқы өңдеу бойынша негізгі технологиялық процесс ЛК-6у - құрама қондырғысында жүргізіледі. Оның артықшылығы өндіріс циклінің толық және мынадай қондырғылар жиынтығының болуында:
oo 100-Секция - мұнайды электрмен сусыздандыру мен тұзсыздандыру және оны ауамен айдау. Бұл қондырғы ЛК-6У құрама қондырғысында негізгісі;
oo 200-Секция - каталитикалық риформинг, автокөлік бензиндері мен техникалық сутегінің жоғары октанды компоненттерін алуға арналған;
oo 3001-Секция - дизелді отынды сумен тазалау, күкіртті, азотты және тағы басқа зиянды қосылыстарды тазалауға арналған;
oo 3002-Секция - керосинді сумен тазалау, күкіртті, азотты және тағы басқа зиянды қосылыстардан фракцияларды тікелей айдауға арналған;
oo 400-Секция - газбен фракциялау, техникалық және коммуналды-шаруашылыққа арналған сұйытылған көмірсутекті газдар мен автомобилді бензиндердің компоненттерін алуға арналған.
Мұнай өңдеу сапасын одан әрі тереңдете түсу мақсатымен зауытта КТ-1 мазутты тереңдете өңдейтін комплекс салынып, іске қосылған. ТМД-да бірінші салынған бірегей қондырғы:
oo 001-Секция - мазутты вакуумды айдау;
oo 100-Секция - күкіртті, азотты, оттекті қосылыстардан вакуумды газойлді сумен тазалау;
oo 200-Секция - бензиндердің жоғары октанды компоненттерін алуға арналған каталитикалық крекинг;
oo 300-Секция - абсорбциялау және газбен фракциялау. Каталитикалық крекинг секциясынан келіп түсетін тұрақсыз бензин мен қаныққан газды фракциялауға, абсорбциялау және газбен фракциялауға арналған[5].
Ауыр фракцияны тереңдетіп өңдеу мақсатында зауытта мынадай қондырғылар жұмыс істейді:
oo Битум өндіретін қондырғы (мазутты вакуумды айдау блогынан және тотықтыру колонналарынан тұрады);
oo мұнай коксін алуға арналған баяулатып кокстейтін қондырғы, ректификация және реакторлық қондырғыдан тұрады;
oo күкірт өндіретін қондырғы, су ерітіндісін регенерациялауға және күкірт алуға арналған.
Шығарылатын өнімнің сапасын зауыттың Орталық зертханасы қадағалайды және оның:
oo Тауар;
oo Бақылау;
oo Зерттеу;
oo Санитарлық бөлімшелері бар.
Зауытта, дүниежүзілік мұнай өңдеу практикасында қолданып жүрген стандарт бойынша өндіретін өнімнің сапасын бақылайтын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді[6].

2.2 Процестің технологиялық сызбасы, технологиялық режим нормасы.

Мұнайды өндеудің технологиялық сызбасы мұнайдың фракциялық құрамына байланысты: мұнайды айдаудың технологиялық негізінде мұнайды фракция деп аталатын құрамды бөліктерге физикалық бөлу процесі жатыр. Айдау мұнайды біртіндеп қайнатудың әртүрлі әдістерімен, пайда болған жеңіл ұшатын компоненттермен байытылған будың конденсациясы мен жинау арқылы жүргізіледі. Айдау процесін жүргізу үрдісіне қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым айдау сұйық қоспалардың біртіндеп, біррет және көпреттік булау жолымен жүргізіледі.
Біртіндеп булау жолымен айдау (2.1 сурет) сұйық қоспаны 1 кубта біртіндеп үздіксіз бастапқыдан соңғы температураға дейін ысытудан үздіксіз шығарғанда бу пайда болады, олардың конденсациясы 3 аппаратта және 4 қабылдағышта немесе олардан жеке фракциялармен шығады.

а - біртіндеп, б -бірреттік, в - екіреттік,
1 - куб, 2 -қайнатқыш, 3 - конденсатор, 4 -қабылдағыш, 5 - сепаратор,
I -шикізат, II -айдау, III -қалдық, IV - екінші сатының айдауы, V - екінші сатының қалдығы.
Сурет 2.1 - Қарайым айдаудың схемасы

Мұнай айдау вариантын мұнай шифры негізінде және берілген мұнайдан алынатын негізгі мұнайөнімдерінің сапасына қарай таңдайды[7].
Қазақстан мұнайы - жоғарыаүкіртті, құрамында түссіз фракциялары төмен, май фракциялары төмен (тұтқырлық индексі жоғары) жоғарыпарафинді мұнай. (2.1 кестеде көрсетілген).
Мұнайды қайта өңдеу варианты мұнайдың топтары мен ішкі топтарына қарай анықталатындықтан, қайа өңдеудің отындық вариантын таңдаймыз.
Атмосфералық блокта технологиялық схема келесі параметрлер бойынша таңдалады[8]:
Мұнайдың құрамындағы күкірт (0,5%; 0,5 -- 1%; 1%) - 0,06 %
Мұнайда 200°С дейін фракцияның болуы (15%; 15%) - 10,2 %;
Бір реттік булану мен бір реттік ректификация схемасын пайдаланамыз (бір атмосфералық бағанамен).

Кесте 2.1 - Қазақстан мұнайының шифрын анықтайтын қасиеттер
Атауы
Мәні
1) құрамындағы күкірт (%мас.)
- мұнайда
- бензинде
- керосинде
- дизельдік отында
0,080
0,027
0,031
0,046
Мұнайдың класы
3
2) фракцияның шығуы 350°С дейін (%мас.)
38,4
Мұнайдың типі
3
3) бастапқы майдың сомалық құрамы (%мас.)
- мұнайға
- мазутқа
17,7
28,73
Мұнайдың тобы
3
4) майдың тұтқырлық индексі
98
Мұнайдың ішкі топтары
1
5) құрамындағы парафиндер (%мас.)
22,7
Мұнайдың түрі
3
6) мұнайдың шифры
3.3.3.1.3

2.3 Негізгі аппараттары, оның конструкциясы, жұмыс принципі, тоқтату және іске қосу, коррозиядан қорғау

Мұнай өңдеуші заводтарында отын, автобензин, авиабензин және дизель отынын өндірудің төмендеуінің байқалғаны, ішкі нарықтың жанар-жағар майға үнемі тапшы болғандығынан орын алды[9].
Мұнай өндеу зауытының негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі - КТ-1 кешені (вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялайтын қондырғы). ЛК -6У технологиялық цехі - зауыттағы басты және жетекші цех болып табылады. Бұл оның өндіріс көлемінде ғана емес, сондай-ақ негізгі өнімді шығарудағы алатын орны. ЛК-6У қондырғысы - зауыттың басты қондырғысы, бұл жерде АИ-92Н, АИ-95Н маркалы тауарлық бензиннің компоненттері, дизель отыны, ТС-1 маркалы реактивтік қозғалтқышқа арналған отын, мазут, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газдар шығарылады. КТ-1 кешені мазуттан құнды мұнай өнімдерін алуға мүмкіндік береді: АИ-92Н, АИ-95Н бензин маркаларының жоғары октан компонентін, гидротазартылған дизель отынының компонентін, пропан- пропилен және бутан-бутилен фракциясын алкирлеуге арналған және мұнай химия шикізаты, пеш отыны (сурет 2.2)

Сурет 2.2 - КТ-1 қондырғысының схемасы

КТ-1 кешені технологиялық қондырғылар жиынтығы бойынша ерекше болып табылады:
-мазутты вакуумдік айдау қондырғысы;
-каталитикалық крекинг шикізатын гидротазалау қондырғысы;
-каталитикалық крекинг және ректификация қондырғысы;
-абсорбция және газ фракциялау қондырғысы;
КТ-1 Секцияларының сипаттамасы
001 секциясы - мазутты вакуумдік айдау қондырғысы, вакуум астында ректификациялау әдісімен мыналарды алу үшін мазутты өңдеуге арналған:
oo вакуумдік дистиллят - вакуумдік газойльді гидротазартуға арналған шикізат (С-100);
oo гудрон - баяу кокстеу және битум өндіру қондырғысының шикізаты;
oo жеңіл дизель фракциясы - 100 секциясының гидратазалау шикізаты;
oo қарайған өнім - қазандық отынының компоненті.
oo 100 секциясы - вакуумдік дистиллятты гидротазарту қондырғысы, күкірт, азот, оттегі құрамдас, металл органикалық қосындылары мен полициклдік ароматиканың құрамын төмендету мақсатында, бір уақытта оның кокстенуін төмендете отырып, сондай-ақ күкіртті сутектен моноэтаноламинмен газдарды тазарта отырып, каталитикалық крекинг шикізатын алғашқы гидрогенизациялық жақсартуға арналған[10].
Каталитикалық крекинг шикізатын гидротазалау қондырғысы барлық гидротазалауға тән дәстүрлі технология бойынша жүзеге асырылады және оған мыналар кіреді:
oo гидротазалау процесі және гидрогенизаттың циркуляциялаушы су құрамды гидрогенизаттан және көмірсутектес газдардан бөлінуі жүзеге асырылатын реакторлық блок;
oo ректификацияның (стабилизацияның) гидрогенизаттан айырылуы, мұнда кейін гидрогенизат бензинге, дизель отыны мен гидротазаланған вакуумдік дистиллятқа бөлінеді;
oo реакторларға кірер алдындағы газқоспа қосындыны қыздыру және атмосфералық колоннада кейін бөлінуі үшін тұрақсыз гидрогенизат кіретін пештер блогы;
oo бутан-бутилен фракцияның сілтілену блогы, мұнда реактор жұмыс істемей тұрған кезде висбрекингтің көмірсутектес газын тазалау колоннасы бутан-бутилен фракициясын сілтімен тазалаудың сұлбасында пайдаланылады.
Алынатын өнімдер:
-гидротазартылған вакуумдік газойль;
-тұрақсыз бензин (фракция н.к. - 180°С);
-дизельдік отын (фракция 180-350°С);
-технологиялық пештер отын газдарының компоненттері;
-қою МЭА ерітіндісіндегі күкіртті сутек.
200 секциясы- құрамалы КТ-1 қондырғысының құрамындағы 200 секциясына каталитикалық крегингтің реакторлық блогы, технологиялық конденсатты ректификациялау (аршу) және тазалау блогы, ауа компрессорлық қондырғысы кіреді. Реакторлық блоктың негізіне микросфералық катализатордың псевдо сұйылтылған қабатымен тік ағатын лифт-реакторы бар Г-43-107 қондырғыларының типі бойынша каталитикалық крекинг сұлбасы қабылданған[11,12]. Гидротазартылған шикізаттың каталитикалық керекинг процесі КТ-1 қондырғысының процестері жиынтығында мақсатқа сай болып табылады және мына өнімдерді алуға мүмкіндік береді:
oo пропан-пропилен, бутан-бутилен фракцияларын, құрғақ көмірсутектес газ, автобензиннің жоғары октанды компонентін алу мақсатында абсорбциялау және газ фракциялау секциясында шикізат ретінде қолданылатын қою газ бен тұрақсыз бензин (фр. н.к. - 205°С);
oo дизель отыны немесе тауарлық пеш отынының компоненті ретінде пайдаланылатын жеңіл газойль (фр. 195-270°С);
oo техникалық көміртегі немесе қазандық отынының компонентін өндіру үшін шикізат компоненті ретінде пайдаланылатын 270-420°С фракциясы;
oo техникалық көміртегі немесе қазандық отынының компонентін өндіру үшін шикізат компоненті ретінде пайдаланылатын 420°С фракциясы.
300 секция.Абсорбция және газ фракция секциясы каталитикалық крекинг секциясынан түсетін қою газ бен тұрақсыз бензинді абсорбциялауға, тұрақтандыруға және фракциялауға арналған. Абсорбциялау және газ фракциялау секциясы мына блоктардан тұрады: қою газ бен тұрақсыз бензиннің деэтанизациясы мен абсорбциясы жүзеге асырылатын абсорбция блогынан; абсорбция процесі сумен және ауамен салқындатылған төмен температурада жүргізіледі, бұл фракцияның потенциалдың 80% кем емес С3 және одан жоғары шығарылуын қамтамасыз етеді[13]

2.4 Технологиялық процесті бақылау және реттеу. Дабыл беру, қорғау, қоршау

Химиялық өндірісте механизация және автоматизация кешендеріне үлкен көңіл аударған жөн. Бұл ауыр жұмыстарды жеңілдетеді және үлкен технологиялық процестің жылдамдығының және режимінің бұзылуын, жұмыс шарттарының болмауын, заттардың өртенуін болдырмайды[14].
Автоматиканы ұйымдастыру, өндіру, яғни өнімнің үлкен көлемде өндірілуіне, сапасының жақсаруына және өндіріс өнімділігінің жоғарылауына, қалдықтың азаюына, энергияның аз жұмсалуына септігін тигізеді.
Автоматтандыру өндірістің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің жоғарылауына және мөлшерінің жоғарылауына, сапаның жақсаруына, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, еңбек өнмділігінің жоғарылауына алып келеді. Автоматты құрылғыларды енгізу өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді, ақаулар және қалдықтар азаяды, шикізатқа жұмсалатын шығындар және энергия төмендейді, ғимараттар құрылысына жұмсалған капиталдық шығындар қысқарады, сонымен қатар жабдықтарды апатсыз жұмыс істеуіне себепші болып зақымдану жағдайларын азайтады, атмосфералық ауаның ластануын болдырмайды және су қоймаларының ластануы шектеледі [15,16].
Аталып отырған процесс оңтайлы шарттарда жүзеге асырылады, сондықтан осы шарттарды ұстап тұру үшін біз оны автоматтандыруымыз қажет болады.
Технологиялық процесті автоматтандыру, бақылау және басқару үшін приборлар мен автоматтандыру құрылғыларын таңдау процестің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.
Гидротазарту қондырғысын автоматтандыру схемасында келесі параметрлер бақыланып реттеледі:
1 температура - шикізатты жылуалмастырғыштарда, пеште, реакторда ;
2 қысым;
2 шығын.
Автоматты стабилизация жүйесінің (АСЖ) есебі - бақарылатын шаманың берілген және мәндерінің арасындағы келіспеушілікті жою болып табылады. Шығарылатын есептерге байланысты пештердің АСЖ-сі бір, екі немесе үш контурлы болуы мүмкін.
Көптеген құбырлы пештер үшін АСЖ температурасы қатынасты реттеу контурларынан тұрады.
Қатынасты реттеу объектісінің (құбырдың бөлігі) динамикалық қасиеттерін анықтайтын параметрлері температураны реттеу объектісінің (пеш) сол параметрлерінен едәуір аз болады. Сондықтан есептеген кезде қарапайымдылық үшін қатынасты реттеу объектісінің бірінші ретті апериодикалық буын ретінде алуға болады.
Температураның АРЖ-сін есептегенде қатынасты реттеу контурын, сонымен қатар отынның шығыны мен қысымның стабилизация контурларын ескермесе де болады, себебі олардың динамикасы температураны реттеу контурының динамикалық қасиеттеріне байқалатындай әсер етпейді. Сонымен, пештердің АСЖ-сін есептегенде басқару контурлары өзара байланысты емес деп қарастыруға болады. Демек, әр басқару контурын бөлек қарастыру керек. Бұл жағдайда қатынас реттегішін апериодты өтпелі үрдісіне икемдеу керек, себебі құбырдағы тербелмелі өтпелі үрдіс пен пульсациялардың болуынан резонанс құбылысының болуы ықтимал.
Тиімділеу. Автоматты оптималдау жүйесінің (АОЖ) есебі басқарылатын объектінің ең тиімді жұмыс шарттарын анықтаудан тұрады. Анықталған шарттарды қанағаттандыратын қатынастарды автоматты түрде іздеу АОЖ-ң ерекшелігі болып табылады[17].
Ауаның шектелуі аз артықшылығы кезіндегі жану үрдісін басқаратын жүйені жасаған кезде ауа артықшылық коэффициентін өлшеу және стехиометриялыққа өте жақын етіп ұстап тұруы негізгі мәселе болып табылады.
Ауа артықшылық коэффициентінің шамасы жану өнімдерінің компоненттерінің біреуінің құрамы бойынша есептеуге болады. Бірақ жану өнімінің компоненттерін дұрыс өлшеумен қоса ауа артықшылық коэффициентін дұрыс есептеу де маңызды болып табылады. Дұрыс жұмыс істейтін құбырлы пештердің уа артықшылық коэффициенті 1,051,6 аралығында өзгереді.
Жоғарыда баяндалғаннан, ауа артықшылық коэффициентін өлшемей, отын жануының стехиометриялық шартын қамтамасыз ететін күрделі жану объектілердегі жану үрдісін автоматты түрде басқаратын әдісті жасау қажеттілігі айқындалып тұр. Бұл жану өнімдеріндегі СО2-ң максималды мәнін автоматты түрде қамтамасыздандыру жолы арқылы іске асырылу мүмкін.
Жасалған жүйеде қадам типті экстремалды реттегішті қолдануға болады; СО2-ң мөлшерін тура өлшеу оптимизацияның синтезделген жүйесін қолданудың шектеуі бола алмайды, себебі соңғы нәтижеде, басқарылатын сигнал таңдап алынған уақыт интервалына бір-бірінен қалып отыратын СО2-ң екі мәндерінің айырымы бойынша анықталады[18].

БӨЛІМ 3. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ИНСТРУКТАЖЫ
3.1 Техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария

Қоғамның табысты қызметінің маңызды факторларының бірі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі мен еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысы бір жүйелілік сипатта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ ГЕЛИОС ҰК АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген ГЕЛИОС ҰК АҚ еңбекті қорғауды бірыңғай басқару жүйесінің нормаларына (бұдан әрі ЕҚББЖ) қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Барлық өндірістік нысандарда қауіпсіз еңбек талаптары мен экологиялық қауіпсіздікті жасау бойынша жұмыстар мен бірқатар кешенді іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға келесілер енеді: Қоғамның басшылық және инженерлік-техникалық қызметкерлері жүзеге асыратын кезеңдік бақылау жүргізу арқылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек талаптарының жай-күйін ішкі бақылау жүйесі; еңбек талаптары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау, нысандардың, учаскелердің, өндірістік бірліктердің санитарлық-техникалық күйін бақылау, пайдалану мерзімі аяқталған негізгі қорлардың техникалық аудиті; технологиялық режимдер, регламенттер мен нұсқаулықтарды сақтау; қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша жұмыстардың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқыту, қызметкерлердің өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі саласындағы білімдерін тексеру; кәсіби аурулардың алдын-алуға бағытталған сауықтыру және емдеу-профилактикалық іс-шаралар; өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік нысандарды декларациялау; персоналды арнайы киіммен, сүтпен, аяқ киіммен және жеке қорғау құралдарымен толық қамтамасыз ету;
өндірістік нысандарды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, өрт сөндіру құрал-сайманымен және дабылнамамен толық қамтамасыз ету. Сондай-ақ, өндірісте қауіптілік пен қауіпті уақытылы анықтау және оларды төмендетуге, өндіріс тиімділігін арттыру және өнімнің сапасын жақсарту мақсатында еңбек процесінде адамның денсаулығы мен еңбек қабілеттігін сақтауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Өндірістік нысандардағы бекітілген кестеге сәйкес апатқа қарсы жаттықтырулар, өрт сөндіру алғашқы құралдарын куәландыру және сынақтау, уақытылы қайта толтыру, өрт сөндіру дабылнамасының техникалық қызмет көрсетуі, технологиялық жабдықтарды ауыстыру және жөндеу өткізіледі. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижесі 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қоғамның өндірістік нысандарындағы үздіксіз жұмысты 5 015 білікті маман қамтамасыз етті. Олардың 2 230 адамы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Жол-көлік оқиғасы саны - 0 жағдай; өндірістегі жазатайым оқиғалар саны - 0 жағдай. 2013 жылы Қоғам еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша 254,59 млн. теңге жұмсады. Жаттығулар мен оқулар Қоғамның көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын-алу шараларын өткізу үшін жылына екі рет Көліктегі қауіпсіздік айлығы, сондай-ақ өрт пен электр қауіпсіздігінің айлықтары өткізілді. Өрт-техникалық минимумы бойынша өрт қауіпсіздігінің нұсқаулықтары мен сабақтары, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы бойынша сабақтарды өткізу жоспарына сәйкес, әр айдың соңғы бейсенбісі Қоғамда Өндірістік нысандардағы еңбек қауіпсіздігі күні болып жарияланды. Бұл күні теориялық сабақтар мен практикалық жаттығулар ұйымдастырылып, өткізіледі. Сабақтарды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмекті көрсету, алғашқы өрт сөндiру құралдарын пайдалану бойынша оқу бейнефильмдерін көрсету ұйымдастырылады. Өртті сөндіру бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелерінің біріккен әрекеттеріндегі өрттің алдын-алу мен қайта жұмыс істеу мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары мен сабақтар өткізіледі. Қоғамның өндірістік нысандарында ҚАЖ мұнай өнімдерін құю кезінде бензовоздың өртенген жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеті, Құрғаған ағаштардың өртенгенін байқаған уақыттағы арнайы бөлімше мен қызметкерлердің іс-әрекеті тақырыптарында апаттың алдын-алу мен тақырыптық дайындықтар өткізілді. Дайындыққа қатысу үшін аймақтық ТЖ органдарының ӨКСБЖ мемлекеттік инспекторлары шақырылды. 2013 жылы Қоғамның өндірістік нысандарындағы қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі бойынша білім деңгейлерін көтеру мақсатында төмендегі бағдарламалар бойынша оқулар өткізілді: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау - 293 адам; өндірістік қауіпсіздік - 281 адам; өрт-техникалық минимум - 124 адам. 2013 жылы Қоғам өндірістік қауіпсіздік аясында мамандар біліктілігін көтеру, қайта даярлау, даярлау құқығы бойынша аттестат алды. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қоршаған ортаны қорғау аясындағы Қоғамның негізгі тапсырмалары Киот хаттамасы жүзеге асыру шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, қоршаған ортаны қоршау қызметін жақсарту, экологиялық тәуекелдерді тиімді басқаруды үнемді жақсарту болып табылады. Аталған мақсатта тоқсан сайын экологиялық мониторинг, жерасты сулардың мониторингі және т.б. жүргізіледі. Барлық өндірістік нысандар қауіпті қалдықтар төлқұжатымен, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарымен, экологиялық бақылау бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Дер кезінде май сіңген топырақты, ескірген және люминесцентті шамдарды кәдеге жаратуды қамтамасыз етеді. Экологиялық заңнаманың талаптарын орындау мақсатында Қоғам 2013 жылғы 15 қаңтарда № 12 Экологиялық заңнаманың талаптарын сақтаудың кейбір мәселелері туралы бұйрық шығарды. Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметкерлері қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған өтініштерді қоршаған ортаны қорғау уәкілетті органдарына жаңа нысандар пайдалануға берілгенге дейін немесе қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған қолданыстағы рұқсат қағаздардың мерзімдері аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей тапсырады; Қазақстан Республикасы агенттігінің аймақтық бөлімшесіне белгіленген мерзімдерде 2-ТП (ауа) нысанында статистика бойынша жартыжылдық және жылдық есептер, Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер мен табиғи ресурстар үшін төлем туралы есеп 4-ҚО нысанында жылдық есептер жіберіледі; парниктік газдар шығарындыларын түгендеу белгіленген уақытта жүргізіліп, түгендеудің нәтижелері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдарына тапсырылады; қалдықтардың жиналу уақытынан бастап үш ай бойы қауіпті қалдықтардың төлқұжаты құрастырылып, оларды тіркеу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдарына тапсырылады; Қоршаған ортаны қорғау аясындағы көрсеткіштер Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды ластаушы заттардың көлемі - 1483 тоннаны құрады. Өндірістік қалдықтар мен қолдану көлемі - 7545 тонна. Қоғамның өндірістік нысандары ТҚҚ мен ТСҚ шығару талаптарымен және қауіпті қалдықтар төлқұжаттарымен қамтамасыз етілген. Өндірістік экологиялық бақылау Экологиялық заңнаманың талаптарын орындау мақсатында Қоғамның өндірістік нысандарында тоқсан сайын ECO AIR ЖШС шарт негізінде экологиялық мониторингті жүргізу бойынша қызмет көрсетеді. Негізгі бақыланатын заттар көмірсутектер мен күкіртті сутек. Зертханалық зерттеулерге сәйкес ШМШ нормативтерінің асуы байқалмады. Өндірістік экологиялық мониторингтің тоқсан сайынғы есептері тіркеу үшін уәкілетті органдарға жіберіледі. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі Өндірістік нысандардың жоғарғы өрт қауіпсіздігін ескере отырып, Қоғамда заңнамалық талаптардың нормаларына сәйкес, өрт пен өртенудің алдын-алу бойынша толық кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Өндірісте апаттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Талшик Астык LTD ЖСШ бухгалтерлік қызметінің құрылымы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша дипломалды іс-тәжірибе есебі
Оқу практиканың бағдарламасы
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту
Барыс Мунай ЖШС
Қылмыстық процестегі тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасы. Кәсіптік практика есебі
Пәндер