Доғалаң ауыз суының микрофлоралық құрамын анықтау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1 Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1 Судың органолептикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2 Судың химия.физикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 Зерттеу нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.1 Су сынамаларын алу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2 Су сынамаларында қолданылатын әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3 Тәжірбиелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
3.1 Доғалаң сутартқысының гидрохимиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...46
3.2 Микробиологиялық көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланылған әдебедиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Тақырыптың өзектілігі. Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Қуанышқа қарай, судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несіппен бірге ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды. Ендеше, ағзаңызды қажетсіз заттардан тазартқыңыз келсе, су ішіңіз.
Зерттеу мақсаты: Доғалаң ауыз суының микрофлоралық құрамын анықтау болып табылады.
Жұмыстың негізігі міндеттері:
1. Судың органолептикалық қаситтерін анықтау.
2. Судың химиялық физикалық қасиеттерін анықтау.
3. Судың микрофлорасын анықтау.
Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Кейбір теңіз жәндіктері, мысалға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. Мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. Ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегімен су жануарлары желбезек арқылы тыныс алады. Қыста көлдер мен тоғандардың қатуы су жанураларына қиындық туғызады. Оттегінің жетіспеуі салдарынан жануарлардың жаппай қырылып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мұзды бірнеше жерден ойып, суды оттегімен байытып отыру керек. Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген - жүзбе қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады. Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырдың кейбіреуі су бетінде қалқып жүрсе, енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырларды су жануарларының қорегі ретінде, кішігірім балықтар тұрақты мекені ретінде пайдаланады. Ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады.
1 «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.
2 Путьков А.В., Акимов О.В. Водоснабжение. Водопроводная сеть города: учеб. Пособие. – Хабаровск : Изд-во ДВГУПС, 2006.- 420 с.
3 СанПиН РК 3.02.002-04 "Санитарно-эпидемиологические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения".
4 http://www.maek.kz/produkciya-i-uslugi/vodosnabzhenie/proizvodstvo-pitevoi-vody
5 Абрамов Н. Н. Водоснабжение: Учебник для вузов. Изд. 2-ег перераб. и доп. - М.: Стройиздат, 1974. - 480 с.
6 Фрог Б.Н., Левченко А.П. Водоподготовка.Учебное пособие.-М.: Издательство Ассоциации строительных вузов, 2006. – 656с.
7 Журба М.Г., Говорова Ж.М. Водоснабжение. Том 2. Улучшение качества воды: Учебник для вузов. – М.: Издательство АСВ, 2010. – 544 с
8 Журба М.Г., Говорова Ж.М. Водоснабжение. Том 1. Системы забора, подачи и распределения воды: Учебник для вузов.-М.:Издательство АСВ, 2010.–262 с.
9 Мартынова О. Водоподготовка. Процессы и аппараты. – М.: Атомиздат, 1997-352 с.
10 Кедров В.С. Водоснабжение и водоотведение: Учеб.для вузов. – М.: Стройиздат, 2002. – 336 с.
11 Сайт http://vodecofilter.com/sbornik-statej/stati-o-vode/filtry-mekhanicheskoj-ochistki
12 Каталог установки обеззараживания питьевой воды ультрафиолетовым излучением. – СПб.: ЭКО технологии НТ, 2012. – 81с.
13 Сайт http://www.a-filter.ru/ultrafioletovoe_obezzarazhivanie_vody
14 Строительные нормы и правила: СНиП 2.04.01-85 "Внутренний водопровод и канализация зданий".
15 Щелоков Я.М., Евпланов А.И. /Показатели фун
16 Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.
17 Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж.
18 Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.
19 Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж.
20 Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
21 “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
22 Облыстық экологиялық орталық. 2006 ж. мәліметтер.
23 Аширов А. Ионообменная очистка сточных вод,растворов и газов. Л.,Химия 1983.-295 б.
24 Авакян А., Шарапов В.А.Основные направления научных исследовании в области создания и комплексного использования водохранилищ. – В сб: Проблемы изучения и использования водных ресурсов. М. 1972. – 132 б.
25 Брежнев В.И. Обеззараживание питьевой воды на городских водопроводах. М. Стройиздат, 1970 – 144с.
26 Девис К., Дэй ДЖ. Вода – зеркало науки. Л. Гидрометеоиздат, 1964. – 150 с.
27 Киссин И.Г. Вода под землей. М. Наука, 1976. – 224 с.
28 Кожиков В.Ф.,Кожиков И.Ф. Озонирование воды. М.Стройиздат, 1974.-160с.
29 Курчаев Е.Ф. Освежители воды. М. Стройиздат,1977 – 192с.
30 Бабенков Е.Д. Очистка воды коагулянтами, М. Наука, 1977 – 356с.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1 Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .11
1.1 Судың органолептикалық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2 Судың химия-физикалық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 Зерттеу нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...28
2.1 Су сынамаларын алу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .28
2.2 Су сынамаларында қолданылатын
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3 Тәжірбиелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...33
1. Доғалаң сутартқысының гидрохимиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ...46
2. Микробиологиялық
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Пайдаланылған әдебедиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі
алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су.
Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында
кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы
судан тұрады. Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі.
Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі
біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек, тамақты
қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін
тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Қуанышқа қарай, судың көптігінен біздің
бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несіппен бірге ағзадағы қажетсіз заттарды
шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей
алмайды. Ендеше, ағзаңызды қажетсіз заттардан тазартқыңыз келсе, су ішіңіз.
Зерттеу мақсаты: Доғалаң ауыз суының микрофлоралық құрамын анықтау болып
табылады.
Жұмыстың негізігі міндеттері:
1. Судың органолептикалық қаситтерін анықтау.
2. Судың химиялық физикалық қасиеттерін анықтау.
3. Судың микрофлорасын анықтау.
Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Кейбір
теңіз жәндіктері, мысалға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. Судың
құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете
береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып
саналады. Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре
бермейміз. Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде
жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді. Мұхиттер мен
теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен қараңғы болып келеді. Ол
жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар
мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегімен су
жануарлары желбезек арқылы тыныс алады. Қыста көлдер мен тоғандардың қатуы
су жанураларына қиындық туғызады. Оттегінің жетіспеуі салдарынан
жануарлардың жаппай қырылып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мұзды бірнеше
жерден ойып, суды оттегімен байытып отыру керек. Көптеген жануарлар суда
өмір сүруге бейімделген - жүзбе қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және
саусақтарының арасында жарғақтары болады. Мұхиттар мен теңіздердің тұзды
суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырдың кейбіреуі су бетінде
қалқып жүрсе, енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырларды су
жануарларының қорегі ретінде, кішігірім балықтар тұрақты мекені ретінде
пайдаланады. Ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады.
Таяз болып келетін тұщы суларда қамыс, қоға сияқты өсімдіктер тамырымен
су түбіне бекініп өседі. Олардың жоғарғы жағы су бетіне шығып, жайқалып,
бір жерге жинақталып өседі. Бұл өсімдіктерде балық, көлбақа, инелік және
т.б. жануарлардың қоректенетін және жауыннан корғанатын аймағы ретінде
пайдаланады. Жағалаудан біраз қашықтықта су бетінде көрініп тұрған сары
тұңғиықты және тұңғиықты көруге болады. Тұщы суларда бұлардан басқа
көптеген балдырлардың түрлері, балықтар, шаян тәрізділер тіршілік етеді
[1].
Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-
шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық
арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады.
Сонымен бірге су зауыт-фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте кажет.
Бірде-бір тірі ағзалар сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы
топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа
жеткізеді, жапырақ өз кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады. Топырақтың
құнарлығын арттыру үшін де су кажет. Ол арқылы топырақтағы өсімдіктер
шіріп, қарашіріктің пайда болып, тұқымнан өсімдіктің өніп шығуын тездетеді.
Мысалға, 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет екен. Көптеген
баубақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді (қызанақ, қарбыз,
қауын, картоп, пияз және т. б.). Сол себепті де әрбір тірі ағза үшін су
белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Егер оған кажетті су жетіспесе немесе
артып кетсе де тірі ағзаның өліп қалуы әбден мүмкін.
Табиғаттагы су, құм, көмір, күйдірген топырақ тәрізді кеуек заттар
арқылы сүзіліп, тазартылады. Ауыз суын бактериялардан тазарту үшін суды
хлорлау әдісі колданылады. Ол үшін 1 тонна суға 0,72 грамм хлор қосады.
Қазіргі кезде суды өңдеудің әртүрлі тәсілдері бар, бірақ олардың
ешқайсысы судың микроорганизмдерден толық тазалануына кепілдік бере
алмайды. Ішуге қолданылатын суды толық залалсыздандыру мүмкін емес. Себебі,
суды пайдаланған кезде стерильдік жадайларды үнемі сақтап отыру мүмкін
емес: залалсыздандырылған су таратқыш құбырлар арқылы өткен ыдыстарда
сақталған кезде және т.б. жағдайларда міндетті түрде микроорганизмдермен
ластанады. Сондықтан ауыз су үшін пайдаланылатын судың үлкен көлемдерін
үнемі стерильдеп отыру мүмкін еместігін ескеріп, БСДҰ өз кеңестерінде тек
адам денсаулығы үшін ең қауіпті микроорганизмдерді анықтауға күш салады.
Бұндай микроорганизм ауыз суда болмауы қажет және судың экологиялық және
микробиологиялық жағынан қауіпсіз болу нормативтерін жасап шығарған [2].
Қазіргі кезде барлық әлемде, оның ішінде Қазақстанда да, ауаның,
топырақтың, судың әртүрлі заттармен ластану мәселелері күн тәртібінде
алғашқы орындарда тұр.Кез-келген қала, кез-келген өндіріс орны суды
пайдаланбай тіршілік ету мүмкін емес. Әр түрлі қажеттерге пайдаланылған су
одан әрі пайдалануға сәйкес келмейтін жағдайлар жиі кездеседі, яғни
ластанады: осындай жолмен тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық қалдық
сулар пайда болады.
Тұрмыстық қажетке жұмсалатын су алдын – ала су тазалағыш қондырғыларда
тазаланып, залалсыздандырылады. Бұл сулар жер беті көздерінен алынады.
Тазалау кезінде тәртіп бойынша ең жоғарғы санитарлық талаптарға сәйкес
келеді. Бірақ тотталуға бейім шойын немесе болат трубалардан тұратын көп
километрді магистральдар арқылы өткен кезде оның сапасы нашарлайды, иіс
пайда болады, мөлдірлігі азаяды, темір, мыс мырыш және басқа да ауыр
металдар мөлшері артады, суда зиянды компоненттер бактериялар көбейеді.
Бұлардың барлығы аллергия және қан ауруларының дамуына әкеліп соқтыруы да
мүмкін.
Табиғатта қоспасы жоқ су кездеспейді. Тіпті атмосфералық ылғалдың да
құрамында 100 мл әр түрлі ластаушы заттар болады. Ал пайдалануға болатын
мөлшері гидросфераның не бары 0,3% құрайды. Оның қоры шектеулі және
біркелкі таралмаған. Тұщы судың үлкен мөлшері өндіріс орындарының қалыпты
жұмыс істеуіне қажет. Ауыл шаруашылығында, балық өсіретін шаруашылықтарда
тұщы судың одан көп мөлшері пайдаланылады. Халықтың тұрмыстық деңгейінің
артуы да шаруашылық және тұрмыстық қажетке жұмсалатын тұщы судың көлемінің
артуына ықпал жасайды. Бір адам орташа есеппен тәулігіне 250 литр су
жұмсайды. Тұщы судың табиғи қоры мен оны пайдалану арасында диспорация
пайда болады. Су жетіспеушілік қаупі туындайды. Сондықтан су ресурстарын
тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.
Судың толық анализі бірнеше ондаған тексерулерден тұрады:
микроэлементтер мен адам және жануарлардың организміне әсер ететін уытты
заттардың үлесіне тексерудің басым көп бөлігі тиеді. Уытты заттарға мыс,
қорғасын, мышьяк, сынап, фтор, метил, мұнай өнімдері, пестицидтер,
радиоактивті заттар жатады.
Судың сапасын күнделікті бақылау жекелеген анализдермен шектеледі, оның
ішіндегі ең бастылары: лайлылық, түстілік, дәмі, рН, температурасы, иондық
құрамы, кермектік, сілтілік, газдардың мөлшері, азот, темір, марганец
қосылыстары, сульфаттар, хлоридтер, силикаттар, құрғақ қалдық тотыққыштығы,
бактериялдық ластануы.
Лайлылық. Жүзгін заттар. Су құрамында бейорганикалық ерімеген және
коллойдты заттардың кремний қышқылы, темір, альюминий гидроксидтері және
органикалық заттар илдер, микроорганизмдер, плактон бар болса, су лайлы
болады. Лайлылықты анықтау әртүрлі әдістермен жүргізіледі. Дистильденген
суға суспензиялы кремний диоксидінің SiO стандарт ерітіндісі қосылады да
зерттелетін пробаны осы ерітіндімен салыстыру арқылы лайлылық дәрежесі
анықталады, мгл белгіленеді. Ауыз су үшін санитарлық норма бойынша
лайлылық іздің елімізде 2 мгл жоғары болмау керек.
Табиғи суды сипаттау үшін жиі қолданылытын көрсеткіштердің бірі – жүзгін
заттарға мөлшерін анықтау, қалыпты қысымды қағаз сүзгілер арқылы пробаны
сүзгенде сүзгіде қалатын ластарды жүзгін заттар деп атайды. Ластанған суды
сүзу үшін саңылауы кең ленталы сүзгілер пайдаланылады. Ал егер жүзгін 25
мгл көп болмаса, онда мембраналы сүзгілер қолданылады.
Түстілік. Жер беті суы көп жағдайда боялған болып келеді. Жер беті
суының түстілігі олардың құрамында гумин заттары мен үш валентті темірдің
қосылыстарының болуына байланысты.
Гумин заттары – органикалық қосылыстар, олар өсімдік қалдықтарының
химиялық және биохимиялық ыдырау процестерінен пайда болған. Бұл заттар
топырақтан суға өтеді. Олардың концентрациясына байланысты су сары немесе
қоңыр түске боялады. Ішуге жарамды судың түстілігі 20 – тан аспауы керек.
Ерекше жағдайларда 35 – қа дейін түстілігі бар суды пайдалануға рұқсат
етіледі.
Иісі мен дәмі. Судың иісі мен дәмі оның органолептикалық көрсеткіштері.
Табиғи судың иісі ұшқыш иісті заттардың су құрамына табиғи жолмен немесе
лас су арқылы қосылуынан пайда болады. Құрамында тек бейорганикалық заттары
бар табиғи суда күкіртті сутектің иісі болуы мүмкін. Ауыз суының иісі
өңделмеген су мен өңдеу тәсілдеріне байланысты. Суды хлорлаған соң, ол суда
хлорфенолдық жағымсыз иісі болуы мүмкін. Судың иісін әуелі сапасына қарай
анықтайды содан соң иістің күштілігін 5 балдық шкала бойынша анықтайды.
рН.Температура. Шаруашылық қажеттері мен ауыз су үшін қолданылатын судың
Мемлекеттік стандарт бойынша рН 6,5 – 9,5 арасында болады. Көптеген табиғи
судың рН көрсеткіші бұл шамалардан өзгеше [3].
1 Әдебиеттерге шолу

1.1 Судың органолептикалық қасиеттері

Табиғи су көздерінің температурасы жыл бойы кең аралықта 0 ден 25 С –ге
дейін өзгеріп отырады.
Табиғи суды ауыз су және шаруашылық қажеттеріне пайдалану үшін
физикалық, химиялық, және биологиялық әдістерді комплексті қолданып, оның
алғашқы құрамын өзгертіп өңдеуге тура келеді. Су өңдеу оның құрамындағы
қажетті емес зиянды қоспалардан тазарту ғана емес, жетіспейтін
ингредиенттерін қосып табиғи су қасиеттерін жақсарту да кіреді.
Шаруашылық қажеттеріне пайдаланылатын су мен ішуге жарамды су
мемлекеттік стандарт 2874 – 82 талаптарын түстілігі, лайлығы, иісі, сөлі
бактериялар тағы басқа бойыша қанағаттандыру керек.
Су өңдейтін әдістердің комплексін негізгі мынадай топтарға бөлуге
болады:
1. Судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту мөлдірлеу, деодарация,
түссіздендіру, жұмсарту т.б.
2. Эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету хлорлау озондау
ультракүлгін сәулереі арқылы заларсыздандыру
3.Минералдық құрамын шартқа сәйкестендіру фторлау, фторсыздандыру,
темірсіздендіру, жұмсарту т.б.
Пайдаланатын су көзінің сапасы мен қасиетін алдын ала зерттеп,
қолданылатын жері мұқтажына байланысты су өңдеу әдістері таңдалады.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерден басқа жер беті көздерінің сапасын
бақылау үшін қосымша оттегіге биохимиялық қажеттілік және еріген оттегінің
мөлшері, ауыр металдар радиоактивті элементтер, зиянды қоспалар.
Бұл көрсеткіштер су сапасын толық көрсет аламайды. М емлекеттік стандарт
бойынша шаруашылық ауыз су үшін қосымша көптеген элементтердің шамасына
регламентбелгіленген.
Тұтынушыларға берілетін су мен су көздеріне бақылау жасаудың жиілігін
санитарлық бақылау органдары белгілейді. Судың қасиеті мен құрамын
көрсететін тұрақты көрсеткіштері сирек анықталады, ал тез өзгертіп отыратын
және судың санитарлық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіштері жиі
тексеріліп отырады [4].
Микроорганизмдер – топырақ, су ауа барлығына таралған. Олардың тіршілік
ету ортасына өсімдіктер, суық және жылы қанды жануарлар және адам организмі
жатады. Қоршаған орта мен микроорганизмдерде олардың мөлшері мен түрлі
құрамы әртүрлі микробтың биоценоздың қалыптасуы – күрделі биологиялық
құбылыс. Олар берілген тіршілік жағдайларына неғұрлым бейімделген және
мутация, рекомбинация, селекция нәтижесінде эволюциялық процесте
қалыптасқан.
Ашық су қоймалары әртүрлі микроорганизмдер үшін тіршілік етудің табиғи
ортасы болып табылады. Жер асты суларында микробтар аз кездеседі, себебі
олар топырақ арқылы өткенде сүзіліп, тазартылады. Судағы микро-
организмдердің саны және құрамы әртүрлі физикалық, химиялық, жағдайларға СО
және О ерігіштігі, рН мәні, тұздар және т.б. қоректік заттардың мөлшері, су
қоймасының флора және фаунасы, тереңдігі тазаланбаған ағынды және өндіріс
суларының құйылуына және басқа факторларға байланысты.
Суда еріген қоректік заттар тығыз бөлшектерде, қуыс материалдардың ұсақ
қуыстарында жинақталады. Сондықтан су микроорганизмдері өзендер мен
көлдердің түбін, жағаларын көбірек мекендейді. Су микробтарының
биоценозының қалыптасуы да су қоймаларының жағалық аймағы мен түбінде
өтеді. Бұл жағдайда су көздерінің басқа да тіршілік иелері – планктондардың
маңызы зор, Планктон суда қалқып жүретін органимдердің, қарапайымдар мен
бактериофагтардың жиынтығы. Өзендердің, ағынды сулардың микробтық
биоценоздары аса тұрақсыз. Олар су құрамының өзгерісіне және басқа да
факторларға байланысты жылдам өзгеріп отырады.
Табиғи және лас су құрамында микроорганизмдердің мынадай топтпры
кездеседі: ультрамикробтар, бактериялар, актиномицитттер, саңырауқұлақтар,
балдырлар, қарапайымдар, коловраткалар. Әр топтағы микроорганизмдерде
өздерінің сыртқы түрі, тіршілік ету жағдайлары басқа да белгілі бір
қасеттері мен атқаратын қызметтеріне қарай өз алдына жеке-жеке тармақтарға
бөліп қарастырады.
Ультрамикробтарға вирустар мен фагтар жатады. Вирустарда ядро,
цитоплазма, клетка қабықшасы жекеленбеген. Олардың шамасы 10-350мм – ге
жетеді. Вирустар микробтардың микробтардан да өте ұсақ, соның салдарынан
бактериялар өтпейтін арнаулы сүзгілерден өтеді. Лабороторияларда жасалған
жасанды қоректік ортада өсіп дамымайды. Олар тек тірі клеткада ғана
тіршілік етеді. Төмен температурамен құрғақшылыққа төзімді. Бірақ
ультракүлгін сәулелері бұларға күшті әсер етеді.
Вирустардың мөлшері – вириондар нуклеин қышқылдары мен белоктан тұрады.
Вирустардың жекелеген топтары тірі организмнің белгілі бір жерлерін
зақымдайды. Су құрамында жиі кездесетіні – энтеровирустар.
Бактериялар – микроорганизмдердің ішіндегі табиғатта ең көп тарағаны
және адам мен жануарларға тигізетін зиянды әсерін, әсіресе ластанған
суларды тазартудағы әрекетін зерттеудің маңызы зор.
Бактериялардың көбінің клеткасының құрамында хлорофилі жоқ, сондықтан
жасыл өсімдіктерден қасиеттері айрықша болады.
Қала маңынан немесе қала арқылы өтетін өзендерде адамның ішек
микрофлорасының көптеген мүшелері кездеседі. Тұрғылықты мекеннен алыстаған
сайын судағы ішек бактерияларының концентрациясы азая береді. Суда
микроорганизмдердің бұлайша таралуы оларда паралель жүретін екі процеспен –
ластау және өзіндік тазалануына байланысты.
Су көздерінің патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен
ластануы оларға тұрмыстық және өндірістік қалдық сулардың құйылуына
байланысты. Қалдық сулар бұл микроорганизмдердің қорегі болып табылатын
органикалық қосылыстара бай келеді.
Су көздері қалдық сулармен ластанған кезде оларда Esherichia coli ,
Citrobacter, Enterobacter, str. faecalis Clpertringens сонымен қатар
спирильдер, фибриондар, лептоспирлер және т.б. адам вирустары табылған.Адам
ішегінде тіршілік ететін ішек бактериялары басқа патогенді
энтеробактериялар сияқты атохонды тіршілік етуге қабілетсіз. Олар қалыпты
жағдайда да көбейе және ұзақ уақыт сақтала алмайды. Кейбіреулерінің
тіршілік қабілеті бірнеше күн болса, басқаларыныкі апталар кейде айларға
жетеді.
Судың микроорганизмдерден өздік тазалануы көптеген физикалық, химиялық
және биологиялық факторларға тәуелді. Мысалы, су ағысының жылдамдығы
ақпайтын суларға қарағанда су ағысы жылдам ағынды су көздері тез
тазаланады. Бұл сұйылудың жылдамдығының жоғарылығының микробтардың су
түбіне тұнуына, су мөлдірлігіне байланысты. Сонымен қатар көптеген
патогенді микроорганизмдердің тіршілігі және көбеюіне қажет қоректік
заттардың болмауы да олардың тіршілігіне қолайсыздық жасайды. Биологиялық
факторлардың әсері негізінен су көзінің тұрақты тіршілік иелерінің шартты
патогенді және патогенді микроорганизмдерге антигонистік әрекет жасауымен
байқалады. Су көздерінің шартты – патогенді және патогенді
микроорганизмдерден өздігінен тазалану процесіе қарамай, бұл микробтар су
эпидемияларының өткір ішек инфекцияларының пйда болуына себеп болуы мүмкін.
Мұндай жағдайлар канализация жүйелеріндегі апаттар және ашық су көздеріне
қалдық сулар құйылған кездерде орын алады. Осымен қатар – су, су буы және
бұлт бөлшектері түрінде атмосфера құрамында болады, кейбір мәліметтер
бойынша онда 10 мың миллиард тонна су бар, бұл жер шарындағы барлық судың
0,001 пайызынан кем. Табиғатта өте таза су кездеспейді, оның ішінде еріген
қатты газ ерімеген заттар әр түрлі бактериялар, микроорганизмдер болады.
Бұлақ өзен, көл, құдықтың тұщы деп есептелетін суларының өзінде де, еріген
түрлі заттардың мөлшері 0,1-0,5 болады [5].
Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.)
және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи
су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты
ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері:
иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен,
мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мгл-ден аз, кермектілігі 7 – 100
ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний,
тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз
судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мгл-ден төмен болуы – флюороз және кариес,
темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан,
никельдің кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы
8 – 150С аралығында, минералдығы 1 гл-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға
сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының
саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады.
Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 4 бөлігін алады, тірі
ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.
Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл
тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін
физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу
сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы,
мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа
қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар
жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр
түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне
себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың
жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың
болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде
сіңіреді.
Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі
ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және
оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар
тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері
атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады. Жарық 200 м тереңдікке
өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршітк ететін ағзалар жарьмсыз
ортада өмір сүруге бейімделеді. Теңіз және тұщы су құрамьндағы тұздар
мөлшері біркелкі болмайды. Мәселен, теңіз суы натрий хлориды мен магний
сульфатының тұздарына бай, ал тұщы су құрамында кальций және карбонат
иондары көп мөлшерде болады. [6]. Сулы ортаны мекендейтіп ағзалар сан
алуан, олар бір биологиялық топқа — гидробионттарға бірігеді. Олардың
барлығы сулы орта факторларының әр түрлі құбылуына бейімделді. Сулы ортада
ауаға қарағанда дыбыс тезірек тарайды. Сондықтан гидробионттарда көру
мүшелеріне қарағанда есту мүшелері жақсы дамыған. Кейбір түрлер тіпті өте
төмен жиіліктегі (инфрадыбыс) толқындардың ырғақтарының өзгеруін дер
кезіңде сезіп, дауыл тұрардың алдында су тереңдігіне қарай төмендейді
Кейбір гидробионттардың (кит тәрізділерде) бағыт-бағдар алуы, қорегін іздеп
табуы — толқындардың шағылған дыбыстарын қабылдау (эхолокация) арқылы
жүзеге асады. Көпшілігі жүзу кезінде әртүрлі жиіліктегі электр зарядтарын
тудырып, шағылған электр импульстарын қабылдайды. Электр зарядтарын
тудырып, оны өзінің бағыт-бағдар алуында және сигнал үшін пайдаланатьін 300-
ге тарта балық түрлері белгілі Мысалы, тұщы суда тіршілік ететін су пілі
балығы (Моrrуtus kannume) секундына 30 импульс жіберіп, су түбіндегі
тұнбадан өзі қоректенетін омыртқасыздарды оңай табады. Импульстары
секундына 2000-ға дейін жететін теңіз балықтары да бар. Кейбір қорғану
көптеген шұңқырлы, ойық жерлерінде өзендердің тасуынынан, қатты нөсер
жауыннан соң, қардың еруінен жіне тағы басқа жағдайларда уақытша көлшіктер,
тоғандар пайда болады. Мұндай көлшіктерде де қысқа уақытта тіршілік ететін
әт-түрлі гидробионттар кездеседі. Бұлардың ерекшелігі сол, аз ғана уақыт
ішінде көбейіп, өзінен соң көптеген ұрпақтарын қалдырып келесі ылғал
болатын уақытқа дейін тұнбаға көміліп иабиоз жағдайға түседі (кейбір
шаяндар планариилер, аз қылтанды құрттар моллюскалар, тіпті кейбір
балықтар— африка протоптерусы және оңтүстік америка лепидосирені). Көптеген
майда организмдер құрғақшылық жағдайда циста түзеді (инфузорилар,
тамыраяқтылар, кейбір ескекаяқты шаяндар, турбеллярий және т.б.).
Су ортасының өзіндік оттегі режимі де бар. Суда оттегі атмосферамен
салыстырғанда 21 есе аз. Судың температурасы, терендігі, тұздылығы артқан
сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын
оттегі мөлшері көбейеді. Басқа орталармен салыстырғанда судың
температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда
тұщы сулардың температурасы 0,9°С-25°С аралығында (ыстық су көздерін
есептемегенде, онда су температурасы 100°С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың
терең қабатында температура 4°С-5°С-ты құрайды.
Су ортасының жарық режимінің әуе-құрылық ортасынан айырмашылықтары көп.
Жарықтың су бетінен шағылысуына және су ішінен өтуі кезінде сіңірілетін
болғандықтан суда жарықтың мөлшері аз болады. Сондықтан терең суларды үш
аймаққа: жарық , алакөлеңке және толық қараңғы бөліктерге бөледі.
Мұхиттың қараңғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі
организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс
биолюминесценция деп аталады. Мысалы, кейбір балықтардың арқа жүзу
қанаттарының алғашқы сәулесі жоғарға жақ сүйегіне жақын майысқан, қармақша
тәрізді болып орналасқан. Осы қармақшаның ұшында шырышты жарық беретің
бактериялары бар. Оттегімен бактерияларды қамтамасыз етуі арқылы жарық
беріп, қорегін өзіне еліктіреді. Үнемі қараңғылықта тіршілік ету немесе
жарықтың жетіспеуі гидробионттардың көру мүмкіншіліктерін шектейді [7].
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде
орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан
толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп
жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы
өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол
астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.
Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де
толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері
қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды,
өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі
қабатты ұйымдастырады.
Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы
қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте
қиын, ал жоғарғысында — су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы
қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады — жоғарғы, ортаңғы және төменгі,
әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта
адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады [8].
Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс
жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген
құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын
өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.
Бірінші түрі жетекші деп аталады.
Бұл— жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті
тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы
мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
Екінші атауы — артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ
рельефіне байланысты.
Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ
сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады
[9].
Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына
қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы
тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы
тазартады.
Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен
қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан
кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау
және озондау өдістері колданылады.
Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы
қондырғыларда жүргізіледі [10].
Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да
тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу
қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі.
Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен
қолданыла бастады.
Дистильденген су — айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр
суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-
дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер
дайындауда қолданылады.
Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай
тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі
көрсетті [11].
Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай
тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді.
Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп
аталды.
Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда
қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен
тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды.

1.2 Судың химия-физикалық қасиеттері

Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал
бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай
мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі
келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын
арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан
бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады
[12].
Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су
негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің
арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам
үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.
Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені
ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су
ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан
денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген.
Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын
адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде
ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді,
бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген
су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады [13].
Судың физикалық қасиеті
Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда
көгілдір түсті болып көрінеді.
Қалыпты қысымда100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 гсм3)
айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға
артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік
иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.
Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1гсм3 (судың ерекшелігі). Судың
жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап
ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады,
сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.
Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді,
сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан
дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны
суынудан сақтап тұрады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және
ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп
кездессе, (3,5 %) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары
болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі
газдар (02, N2, С02, S02, т. б) кездеседі.
Су — сутек оксиді, Н2О — қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік
қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. Табиғатта ең көп
таралған, бүкіл гидросфера Судан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте
зор. Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) Суды төрт
құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар18 ғасырдың
аяғына дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды.
Суды алғаш ағылшын ғалымы Г.Кавендиш (1731—1810) зерттеді (1781\—1782),
ал француз ғалымы А.Лавуазье (1743—1794) сутек жанғанда Су түзілетінін
дәлелдеп (1783), Ж.Млньемен бірге сандық құрамын анықтады (1785).
Судың құрамында массасы бойынша 11,19 % сутек, 88,81 % оттек болады;
молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18,0160,
иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н
(дейтрий) бар Су — ауыр су(D2O) деп аталады. ауыр судың физиқалық
қасиеттері өзгешелеу болады. Су С-та қайнайды.(С-та қатып, 100(0 20 °С-тағы
тығыздығы 0,99823 гсм3, 0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 гсм3 (мұзда) [14].
Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу
сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар.
Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі
тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен
әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде
гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑). Су әр түрлі жағдайда
бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар
(HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді.
Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде
кездеседі. Су оттек, сутек, азот қышқылын, спирт, альдегидтер\, сілтілер,
т.б. аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын химиялық
реагентер. Оның катализатор ретінде маңызы зор [15].
Химиялық қасиеті
Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.
- Массалық құрамы: Н —11,19 %, О — 88,81 %.
- Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған
заттардың бірі; ол үш түрде — бу, су және мұз күйінде ұшырасады; күшті
еріткіш.
Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су
өтімі (шығыны) мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр
тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-бетоннан жасалған шаннан және оны
көтеріп тұратын тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның биіктігі 25—30 м-ге,
шанының сыйымдылығы ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан
жасалады. Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол
жылу өткізгіштігі төмен жеңіл материалдармен қапталып, үсті шатырмен
жабылады [16].
Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі
сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.
Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер
сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар:
2H2O→2H2↑+O2↑
Күрделі заттың құрамдас бөліктеріне айырылуы — анализ деп аталады.
Жай заттармен әрекеттесуі:
I. Судың металдармен әрекеттесу реакцияларын сутегін ал әдістерінде
қарастырған болатынбыз:
2Na + 2НОН = 2NaOH + Н2↑
Са + 2НОН = Са(ОН)2+ Н2↑
Белсенділігі тым жоғары емес металл сумен әрекеттескенде оның оксиді
түзіледі:
Mg + НОН = MgO + H2
Белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді.
II. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су кейбір бейметалдармен де әрекеттесе
алады. Қыздырға көмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы түзіледі — ол су
газыдеп аталады [17]:
С +НОН=СО↑+Н2↑
Көмірді жағарда оған су қосып шылайтынын білесіңдер, сонда түзілген екі
газ да жанғыш екен. Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі.
Сl2 + НОН = НСlO + HCl
Күрделі заттармен әрекеттесуі:
I. Активті металдардың оксидтерімен әрекеттесіп гидроксидтер (негіздер)
түзеді.
Na20 + Н20 = 2NaOH
Әктасқа су қосқанда оның қайнай бастағанын көреміз, реакция жылу бөле
жүреді: СаО + Н20 Са (ОН)2 + Q
Металл оксидтері + су = негіз

II. Кейбір бейметалдардың оксидтері сумен әрекеттескенде қышқыл түзеді.
Күкірттің бір түйірін алып жақсак оның оксиді түзіледі:
S + O2 =SO2
Жану өнімін суға жіберсек: S02 + Н20 = H2S03 күкіртті қышқыл түзіледі,
көк лакмус қызарады. Дәл осындай реакциялар басқа бейметалдардың да
оксидтерімен жүреді. Сl20 + H20 = 2HCl0 N2O3 + H20 = 2HN02
Бейметалл оксидтері + су = қышқыл

III. Белсенділігі жоғары металдардың гидридтері де сумен әрекеттесіп
гидроксидтер береді.
NaH + НОН = NaOH + Н2↑
IV. Кейбір тұздар сумен химиялық әрекеттесіп кристаллогидраттар түзеді:
CuS04 + 5H20 = CuS04 * 5H20 мыс купоросы;
FeS04 * 7H20 темір купоросы;
Na2S04 * 10H20 глаубер тұзы.
Кристаллогидраттардың молекулалық массасын — тұздың молекулалық
массасына су молекулаларының массаларын қосып табамыз.
Mr(Na2C03*10H20) =106+180=286.

1 сурет. Сутектік байланыс моделі су молекулалары арасында

Су — еріткіш. Су — біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда
кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың
ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде,
ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды
қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі
заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат
болмайды екен [18].
Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-
химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің
молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе
де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты
құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті
ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып
теңіз суында — 260 г л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына
сай.
Ерігіштік — берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000
грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г100
г, г1000 г Н20, мольл).
Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк
нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен
температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады,
ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін
температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.
Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты,
мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады. Мысалы,
Каспий тендзінде 13 г л , Қара теңізде19 гл, Өлі Ерітінді деп еріткіш
пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады.
Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де
ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса — қаныққан деп
аталады.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам
тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды,
батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су
қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар,
атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп,
онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген
процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы
ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер
бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін
мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте
аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір
пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы
сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа
Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан
Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда
1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті
[19].
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді.
Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да
қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау
қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-
18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы
орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр [20].
Су ресурстарының “мұхит – атмосфера – жер - мұхит” системасындағы
айналым процестерінде тамаша бір қасиеті — өздігінен қайта қалпына келу
қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі
табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың
ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.

Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы
жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында
пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай
өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су
жұмсалады [21].
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға
түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді,
мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді.
Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және
жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы
органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің
жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып,
онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар-
механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Механикалық әдісі –
суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту.
Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық
торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы
сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор,
хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады [22].
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді
қауіпсіздендіреді. Бірақ соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы
ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар
туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен
шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды
көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп
күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш
(сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып
қою керек, сонда хлор ұшып кетеді [23].
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі –
нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын
нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен
жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты
ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық
заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп,
органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын
ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.

Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе
бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары
біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға
қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар,
саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады
[24]. Солардың бірқатарына тоқталамыз.
Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша
қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі
болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің
қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.
Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-
ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың
тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді.
Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі
ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың
негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория
жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.
Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы
дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су
насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің
личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында
өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың
өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар
ілінеді [25].
Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын
арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал
бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур
ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық.
Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен
шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.
Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы
Қарқаралы өңірі топонимдері
Қыз ұзату дәстүрі
Шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру
Қарқаралы аймағына толық физикалық -географилық және экономикалық сипаттама
Тоқ ішекке жалпы түсінік
Бұқар жыраудың толғауынан үзінді, Ш. Құдайберді ұлының "Ұждан" аттты әңгімесін, Кенже бидің нақылдары мен Абайдың "он төртінші" қара сөзін оқып шығып, талдау жасау
Қазақстан топонимдері
Жер үсті суларының химиялық құрамын ластану деңгейін зерттеу
Бейспецификалық жаралы колиттің патогенезі
Пәндер