Кедендік одақтың Қазақстан Республикасының экономикасына әсері



Қазақстан нарықтық экономиканы қалыптастырып, ашық сауданы жолға қойып үлгерген егеменді мемлекет. Тәуелсіздіктен бері қарай экономикадағы ықпалдастықты дамыту жолымен жүріп келеміз. Ендеше Кедендік одақ секілді саудалық-бірлестікке енгеннен кейінгі даму ел экономикасына, ішкі нарық парқына қаншалықты әсер етпек? Бүгінгі қоғам назарына алып отырған сауалдың бірі осы болып отыр.
Кедендік одақ – бұл одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік баждардың келісілген мөлшері. Осының негізінде 2010 жылы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасында баж алымынсыз сауда жүргізілетін болды. Бүгінгі күні сарапшылар сауда-экономикалық байланыс, кедергісіз тауар айналымын арттыру, негізгі өнімдер арасындағы бәсекелестік пен кедендік тарифтер мәселесін қоса алғанда, жаңадан қалыптасқан кедендік одақтың экономикамызға тигізер әсері жөнінде әрқилы пікір айтуда. Ең алдымен, аталған үш мемлекеттің арасында кедендік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге асырылмайды. Яғни, алдағы уақытта Кедендік одақтың ішкі шекараларынан бақылаудың барлық осы түрлері алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалады. Мұның тауарларды еркін жылжыту тұрғысында айтарлықтай әсер ететіні түсінікті. Сондай-ақ, әкімшілік кедергілер азайған соң, Одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы сауда да жылдам жүрмек. Кедендік одақ аясында Біртұтас экономикалық кеңістік құру еліміз үшін шикізаттық емес экономиканы дамытуға мүмкіндік береді. Ол үшін ең алдымен, сату нарығы маңызды. Егер сату нарығы болмаса - ешқандай да бәсекелестікке қабілетті өндіріс те болмайды. Өйткені, біздің экономикамыздың шикізаттық бағыты оның әлсіз жағы. Дегенмен, қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымын мұнай және өзге де қазба байлықтар қалыптастырып отырғаны анық. Әйтсе де, шикізатқа кіндігінен байланып қалған экономикамыз республика халқының өмір сүру деңгейін арттыруға тікелей ықпал ете алмайтынына көзіміз жетіп отыр. Сол себепті, отандық тауар өндірушілер өнімін үлкен нарыққа шығарғанда ғана бәсекелестік қабілетке ие болмақ. Бір есептен осы олқылықтардың орнын толтыру үшін де еліміз Кедендік одаққа мүше болып кірді. Ең бастысы, аталған Одақ көлемінде – 170 миллион адамы бар, жалпы ішкі өнімінің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық ашылады. Мұның өзі тұтыну нарығының айтарлықтай әлеуетке ие екенін көрсетіп тұр. Қазақстан үшін шамамен 400 аталымнан тұратын тауарлардың арнайы тізбесі бар, сол тізбе бойынша біздің еліміз, 2013 жылды қоса алғанда, белгілі ауыспалы кезеңдегі тарифтерді өзі анықтайтын болады. Осылайша, алдағы 4 жылда тарифтер өзгеріп отырады: алғашқы екі жылда жоғарыдағы 400 аталым бойынша нөльдік ставка жүреді, одан кейін - 2012 және 2013 жылдары бірыңғай кедендік тариф ставкасы қолданылады.
1. www.google.kz
2. “Айқын” газеті, №3(16).
3. www.yandex.kz

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қалимұратқызы Б. –
Маркетинг, 4к., 407 топ
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Сүлейменова Н.Ж.

Кедендік одақтың Қазақстан Республикасының экономикасына әсері

Қазақстан нарықтық экономиканы қалыптастырып, ашық сауданы жолға
қойып үлгерген егеменді мемлекет. Тәуелсіздіктен бері қарай экономикадағы
ықпалдастықты дамыту жолымен жүріп келеміз. Ендеше Кедендік одақ секілді
саудалық-бірлестікке енгеннен кейінгі даму ел экономикасына, ішкі нарық
парқына қаншалықты әсер етпек? Бүгінгі қоғам назарына алып отырған сауалдың
бірі осы болып отыр.
Кедендік одақ – бұл одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж
алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік баждардың
келісілген мөлшері. Осының негізінде 2010 жылы қаңтардың 1-інен бастап
Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасында баж алымынсыз сауда
жүргізілетін болды. Бүгінгі күні сарапшылар сауда-экономикалық байланыс,
кедергісіз тауар айналымын арттыру, негізгі өнімдер арасындағы бәсекелестік
пен кедендік тарифтер мәселесін қоса алғанда, жаңадан қалыптасқан кедендік
одақтың экономикамызға тигізер әсері жөнінде әрқилы пікір айтуда. Ең
алдымен, аталған үш мемлекеттің арасында кедендік бақылау, санитарлық-
эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге
асырылмайды. Яғни, алдағы уақытта Кедендік одақтың ішкі шекараларынан
бақылаудың барлық осы түрлері алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалады.
Мұның тауарларды еркін жылжыту тұрғысында айтарлықтай әсер ететіні
түсінікті. Сондай-ақ, әкімшілік кедергілер азайған соң, Одаққа мүше-
мемлекеттер арасындағы сауда да жылдам жүрмек. Кедендік одақ аясында
Біртұтас экономикалық кеңістік құру еліміз үшін шикізаттық емес экономиканы
дамытуға мүмкіндік береді. Ол үшін ең алдымен, сату нарығы маңызды. Егер
сату нарығы болмаса - ешқандай да бәсекелестікке қабілетті өндіріс те
болмайды. Өйткені, біздің экономикамыздың шикізаттық бағыты оның әлсіз
жағы. Дегенмен, қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде Қазақстанның негізгі
экспорттық ұстанымын мұнай және өзге де қазба байлықтар қалыптастырып
отырғаны анық. Әйтсе де, шикізатқа кіндігінен байланып қалған экономикамыз
республика халқының өмір сүру деңгейін арттыруға тікелей ықпал ете
алмайтынына көзіміз жетіп отыр. Сол себепті, отандық тауар өндірушілер
өнімін үлкен нарыққа шығарғанда ғана бәсекелестік қабілетке ие болмақ. Бір
есептен осы олқылықтардың орнын толтыру үшін де еліміз Кедендік одаққа мүше
болып кірді. Ең бастысы, аталған Одақ көлемінде – 170 миллион адамы бар,
жалпы ішкі өнімінің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық ашылады.
Мұның өзі тұтыну нарығының айтарлықтай әлеуетке ие екенін көрсетіп тұр.
Қазақстан үшін шамамен 400 аталымнан тұратын тауарлардың арнайы тізбесі
бар, сол тізбе бойынша біздің еліміз, 2013 жылды қоса алғанда, белгілі
ауыспалы кезеңдегі тарифтерді өзі анықтайтын болады. Осылайша, алдағы 4
жылда тарифтер өзгеріп отырады: алғашқы екі жылда жоғарыдағы 400 аталым
бойынша нөльдік ставка жүреді, одан кейін - 2012 және 2013 жылдары бірыңғай
кедендік тариф ставкасы қолданылады. Бұл Қазақстан экономикасына әсер етуі
мүмкін негізгі өзгертулер.
Кеден одағының негізгі мақсаттарының бірі - Бірыңғай экономикалық кеңістік
құру. Яғни, енді бірыңғай кедендік аумаққа кіретін үш елдің бірлескен
өндірістер құруларына, яғни өндірістік кооперацияны күшейтулеріне,
кәсіпорындарды ықпалдастыруға және шикізат өндіру- өндіріс- сауда
толыққанды тізбектерін жасауға мүмкіндіктері зор [1].
Кез келген теорияны, оның ішінде К. Маркстің ілімін қоса алып
қарасаңыз, бұнда - шекарадағы  кедергілер неғұрлым аз болса, соғұрлым
өндіріс дамып, тұтынушылар үшін таңдау да көбейе түсетіні анық айтылады.
Яғни, кедендік кедергілердің аз болуы мемлекеттің экономикасына, капиталдың
қозғалысы, тауар мен қызметтердің жандануына, жұмыс күшінің толық болуына
үлкен әсер береді. Бұл таза теория. Ал егер біздің жағдайымызды алып
қарастырсақ, Қазақстан осы жылдар ішінде тікелей инвестицияны жақсы тарта
алды. Тікелей инвестиция дегеніңіз экономиканы дамытудың негізгі
қозғалтқышы. Егерде  бүгінге дейін тартылған инвестиция 107 млрд. долларды
құраса, оны жан басына шағып көрсек, Қазақстанның бұл мәселеде ең табысты
мемлекетке айналғанына көз жеткіземіз. Бірақ, Қазақстан осы нәтижеге
негізінен шикізатқа бай мемлекет ретінде қол жеткізгені белгілі. Ендігі
біздің мақсатымыз шикізаттық емес секторға тікелей шетелдік инвестицияны 
тарту болып табылады. Ал ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Еуразиялық экономикалық одақ
Біріңғай кеден одағы
Кедендік-тарифтік саясат
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау
Еуропалық Одақтағы экономикалық интеграциялық элементтері
ҚР-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
Қазақстанның интеграциялануы және біртұтас кеден одағының құрылуы
Пәндер