Балалар киімінің ерекшеліктерін тігу технологиясы



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім
2.1 Балалар киімінің ерекшеліктерін тігу технологиясы ... ... ... ..
2.2 Балалар жейдесін тігу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қыз бала көйлегін тігу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Қыз бала көйлегін модельдеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ..
2.5 Балаларға арналған сыртқы киімдерін тігу техноогиясы ... ..
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Сән әлемі алуан, оның ішінде балалар киімдерінің де маңызы зор. Балалар киімдерінің қазіргі замандағы стилі – спорттық стиль. Балалар киімінің түрпішіні олардың еркін қозғалуына ыңғайлы болуы тиіс.
Бүлдіршіндерден бастап жеткіншек жасына дейін балалар киімдерінің сұлбасы тік және трапециялы болып келеді. Бала тұлғасының тепе – теңдігі ересек адамдардың тұлға тепе – теңдігінен айқын ерекшеленеді. Балалар басының биіктігі біршама үлкен болады. Балалар бойы жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай ажыратылады – ұл балалар өздерімен жасты қыздарға қарағанда ұзынырақ болады. Балалардың киімдері түрлі түсті болады. Балалардың көйлектері сән бағытына қарай көп өзгере бермейді және пішімі неғұрлым қарапайым әрі ыңғайлы, балалардың жас ерекшелігіне сай таңдалады. Балалардың көйлектері сәндеу безендірумен ерекшеленеді, яғни сәндік бөлшек, әрленетін материал, сәндік тігістер мен инешаншымдар бұйымның кез - келген бөлшегін өңдеуге қолданылады. Балалар киімінде гигиеналық және эстетикалық талаптар бір – бірін толықтырып, өңдеу әдісінің жетілген түрін қолдануды талап етеді. Балалар киімдерін өңдеуде мүмкіндгігінше материл мен уақыт шығынын аз жұмсауға ұмтылады. Балалар тез өсіп жетілетіндіктен, бұйымдардың көп мақсаттағы үлгілері қолданылады – көйлек, сарафан, шалбар, шорты, жакет, жилет және т.б. Бұйымдар көп жуылатындығынан және қимыл – қозғалыстағы ойын балалары екенін ескеріп, тегіс және бөлшектерді өңдеудің шыдамдылығы жоғары тәсілі мен сәйкес материалдар таңдалады.
1. А. Асанова, Айдынбекова, С. Нұрпейісова.
« Киімді конструкциялау »
Астана. Фолиант, 2008.
2. Г.Ә. Тәкішева, Асанова. Б.Е.
« Киімді модельдеу және көркемдік
безендіру »
Астана. Фолиант, 2008. –
3. М. Н., « История костюма » 1972.
4. Энциклопедия кройки и шить. – Москва. Софит – Принть. 2000.
5. Э.Н. Литвинец « Учитесь вышивать ». Москва, Знание. 1991.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
II. Негізгі бөлім
2.1 Балалар киімінің ерекшеліктерін тігу технологиясы ... ... ... ..

2.2 Балалар жейдесін тігу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Қыз бала көйлегін тігу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Қыз бала көйлегін модельдеу
технологиясы ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Балаларға арналған сыртқы киімдерін тігу техноогиясы ... ..
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Сән әлемі алуан, оның ішінде балалар киімдерінің де маңызы
зор. Балалар киімдерінің қазіргі замандағы стилі – спорттық стиль.
Балалар киімінің түрпішіні олардың еркін қозғалуына ыңғайлы болуы
тиіс.
Бүлдіршіндерден бастап жеткіншек жасына дейін балалар киімдерінің
сұлбасы тік және трапециялы болып келеді. Бала тұлғасының тепе –
теңдігі ересек адамдардың тұлға тепе – теңдігінен айқын ерекшеленеді.
Балалар басының биіктігі біршама үлкен болады. Балалар бойы жас
және жыныс ерекшеліктеріне қарай ажыратылады – ұл балалар өздерімен
жасты қыздарға қарағанда ұзынырақ болады. Балалардың киімдері түрлі
түсті болады. Балалардың көйлектері сән бағытына қарай көп өзгере
бермейді және пішімі неғұрлым қарапайым әрі ыңғайлы, балалардың жас
ерекшелігіне сай таңдалады. Балалардың көйлектері сәндеу безендірумен
ерекшеленеді, яғни сәндік бөлшек, әрленетін материал, сәндік тігістер
мен инешаншымдар бұйымның кез - келген бөлшегін өңдеуге қолданылады.
Балалар киімінде гигиеналық және эстетикалық талаптар бір – бірін
толықтырып, өңдеу әдісінің жетілген түрін қолдануды талап етеді. Балалар
киімдерін өңдеуде мүмкіндгігінше материл мен уақыт шығынын аз
жұмсауға ұмтылады. Балалар тез өсіп жетілетіндіктен, бұйымдардың көп
мақсаттағы үлгілері қолданылады – көйлек, сарафан, шалбар, шорты, жакет,
жилет және т.б. Бұйымдар көп жуылатындығынан және қимыл – қозғалыстағы
ойын балалары екенін ескеріп, тегіс және бөлшектерді өңдеудің
шыдамдылығы жоғары тәсілі мен сәйкес материалдар таңдалады.

Балалар киімінің ерекшеліктерін тігу технологиясы
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі.
Жаңа туған нәрестенің, әдетте басы үлкен, мойны қысқа, табаны
ішке қарай майысқан қолы ұзын болады. Бас айналымы кеуде
айналымымен, иығы мықынмен бірдей болады. Балаға кигізілетін киім ауа
өткізгіш, жеңіл, үтіктеуге және жууға жеңіл болуы қажет. Сәбилердің
алғаш киетін киімі – нәресте жейдесі, қалпақ, бас киім.
Ерекшеліктері:формасы кең, пішімі қарапайым, тігістері аз. Бала қимылдай
бастағаннан ползунки кигізіледі.

Ақ түс көбірке пайдаланылады. Негізі қыз балалар үшін
қызғылтым, ал ұл балалар үшін көгілдір түсті киімдер қолданылады, мата
түстерінде ұсақ жай гүлдер болғаны дұрыс.

Жас кезең Қыздар Ұлдар
Сәбилік кезең 1 жасқа дейін 1 жасқа дейін
Балабақша жасы 1 – 3 жасқа дейін 1 – 3 жасқа дейін
Естияр кезең 3 – 7 жасқа дейін 3 – 7 жасқа дейін
Бастауыш сынып 7 – 11 жасқа дейін 7 – 12 жасқа дейін
Жоғары сынып 11 – 14 жасқа дейін 12 – 15 жасқа дейін
Жасөспірім 14 – 18 жасқа дейін 15 – 18 жасқа дейін

Екінші кезеңде балалардың бойы ұзара түседі. Бас денеге
қарағанда 1:4, 4:5 қатынасы есебімен ұзарады, мойыны да ұзара түседі.
Бала енінен үлкейіп, іші үлкен арқасы томпақ, арқа иініштері пайда
болады. Киім силуэті трапетциялы белден, кеудеден тұрады, кеңейтілген,
иінішті және иінішсіз болады. Балалар үшін тік төртбұрышты силуэтті
киімдер қолданылады. Шалбарлары қысқа, жіңдері ұзын, қаттамалы да,
қаттамасызда болуы мүмкін.
Үшінші кезеңде бойы ұзарып кеудесі тегістеле түседі, әрі
үлкейеді. Киім формасымен силуэті трапетция тәріздес болып келеді. Бұл
топтағы балаларға алжапқыш жасалынады. Киімдері ашық түсті, сәнді,
кең және жұмсақ пішінді болып келеді, кез келген киімде аппликация
пайдаланылады. Кейде аппликация қалта орнына да ( шебер, алма, аңдар,
т.б. ) пайдаланылады.
Төртінші кезең. 8 – 10 жас аралығында сүйегі қатайып аяқтары
ұзара түседі. Жетінші омыртқа тартылып, бел пайда бола бастайды. Дене
пропорциясы 1: 6 немесе 1 : 6, 5 есебімен өзгереді. Негізгі силуэттері
төртбұрышты және төртбұрышпен трапециялы бола бастайды. Белі жоғары
қиылған немесе етегі кеңейтілген болады, қалта, қалта ауызы, ойып
бастырылған түймелік, белдік орналасады. Силуэттер 7 – 8 жасар қыздар үшін
төртбұрышты, екі трапециялы немесе екі үшбұрышты болуы мүмкін. 9 – 10
жасар балалар үшін тік төртбұрыш, екі трапециялы силуэттер қолданылады.
Сырт киімдері екі трапециялы силуэтте белдіктер, бүкпелер, бүрмелер
пайдаланылады. Мектеп киімі, спорт киімі, жұмыс киімі, сәнді киімдер жеке –
жеке құрастырылады.
Бесінші кезең. Бала денесі өсіп жетіле түседі. 12 – 13 жаста қыздар,
13 – 14 жаста ұлдар тез жетіле бастайды. Қыздардың белі жіңішкеріп,
мықыны, балтыры, кеудесі үлкейе түседі. Ұлдардың иықтары кеңейіп, белдері
жіңішке болып көрінеді. Киім төрт силуэтте орындалады: төртбұрыш
трапетция (тізеге дейін ), төртбұрышты ( спорт киімі ), трапетция тәріздес
( сырт киімдер ), екі бұрышты.
Алтыншы кезең. 1 – 8 қатынасы есебімен үлкейіп, дене тұлғасына
сәйкестене бастайды. Бірақ дене қысқа, қол аяғы жіңішке болады. Қыздар үшін
төртбұрышты, төртбұрышты трапетциялы, екі үшбұрышты спорттық типтегі
киімдер ; ұлдар үшін төртбұрышты, тік төртбұрышты, екі трапециялы спорттық
стильдегі киімдер тігіледі.

Балалар жейдесін тігу технологиясы

Балалардың сәтеннен, шыттан, бәйкіден ( помази ) тігілетін киімі. Бұл
киім мақта – матадан тігілгендіктен жұмсақ, денсаулыққа зиянсыз, тез
кебетін киім. Күнделікті балалардың киіп жүруіне қарапайым да қолайлы осы
көйлекті тігеміз. Бұл көйлекті көктемей – ақ тігін машинасының көмегімен
бірден тігуге болады. Алдыңғы әдібі тұтас пішіліп, қайырылып тігіледі.
Жең, жаға берілген өлшемдегідей дайындалып, тігіледі. Жең, жағаны қондыра
сала түбін торлау керек. Тігістерін, түйме баулығын торлап, түйме қадап,
үтіктейміз. Жұмсалатын мата – 1м, 5 түйме, №75 машина инесі қажет.

Жейде өлшемі мынадай :
1. Жең ұзындығы – 28 см
2. Кеуде ені – 30 см
3. Бел айналымы – 54 см
4. Мықын айналымы – 60 см
5. Иық үсті тігісті – 9 см
6. Мойын айналымы – 15см
7. Арқа ұзындығы – 35 см
8. Жаға биіктігі – 6 см
9. Қаттама ұзындығы – 7 см,
10. Қаттама биіктігі – 4 см.

Қыз бала көйлегін тігу технологиясы

Кішкентай қыз баланың сәнді көйлегі, өлшемі – 32.
Жұмсалатын мата – жібек, егер ені 140 см болса, 60 см аламыз. Көркемдеу
жұмысына – жағасын, кеудесін, жеңін әрлеуге 10 см ақ жібек, 15 см сыдырма,
№75 тігін машинасы инесі, №1 қол ине қажет.
Тігу технологиясы : киім үлгісін таңдау ; киім дизайнын құрастыру
; өлшем алу ; қағазға түсіріп, сызбасын алу ; үлгі дайындау ; үлгіні
матаға түсіріп, пішу; көктеп, өлшеу ; көйлек ойындысының дәлдігін анықтау;
машинаға тіккенде алдымен көйлектің көркемдеу, сәндеу жұмыстарын орындап,
тігісін үтіктеу ; алдыңғы, артқы бойларын қосу тігістерін орындап,
тігістерін үтіктеу ; жартылай шеңберлі пішілген көйлек етегін беліне
қондыру, тігісті үтіктеу ; қондыруға қажетті жағаны дайындау ; пішілген
жағаны тігіп қондыру ; тігісін үтіктеу ; жең түбін тігіп, тігісін үтіктеу ;
көйлек етегін бүгіп тігіп, тігістерін үтіктеу ; белдігін тігіп, үтіктеу ;
жұмысты аяқтау, көктеу жіптерін алу ; көйлекті толық үтіктеу.
Киім мына бөліктерден тұрады:
1. Артқы бойы 2 бөліктен
2. Алдыңғы бойы 3 бөліктен
3. Жаға 2 бөліктен
4. Жең 2 бөліктен
5. Етегі 2 бөліктен.

Киім алдын кестелеу. Көйлек алдындағы кестеленетін өрнек ( аю )
айқас кесте түрімен орындалады. Бұл кестені орындамас бұрын көйлек алдына
осы өрнектің көлемін сәл үлкен етіп ақ матамен астарлап, көктеп қоямыз.
Берілген өрнекті жіп санап кестелей бастаймыз. Аюдың екі көзі қара, бет
пішіні ақ, қалған жері айқас тігіспен толтырылады. Көп кестеленетін
орны екі қолы, басы айналдыра тігіледі. Қалған жері бір қатар айқас
тігіспен безендіріледі. Аюдың екі көзі бір – бір айқас тігістен тұрады.
Мойны төрт айқас тігістен тұрады, қалған бөліктерін де дәл солай
есептеп кестелей беруге болады.

Қыз бала көйлегін модельдеу технологиясы

Бұл көйлекті пішу үшін тек қана кеуде айналымы өлшемін
ғана алсақ жеткілікті. Бұл киім де әйелдер киіміндегідей базистік
тор, артқы және алдыңғы бөліктен тұрады. Пішер алдында пропорционалды
есептеу кестесін құрып аламыз. ЖАК : 2 немесе 30 : 2 = 15;
ЖАК : 3 = 30 : 3 = 10;
ЖАК : 4 = 30 : 4 = 7,5; ЖАК : 8 = 30 : 8 = 30 : 8 = 3,7.
Базистік тор. Қағаз бетінде тік бұрыш жасай тік және
көлденең сызық жүргіземіз. Тік сызық арқа бөлігінің ортасы деп, ал
көлденең сызық мойын сызығы деп аталады. Арқа сызығынан оңға қарай
мойын сызығы мен кеуде айналымына 4 – 5 см қосып өлшеп сол нүктеден
төмен қарай тік сызық жүргіземіз. Бұл сызық алдыңғы бөліктің ортасы
деп аталады.
ЖАК + 4 : 5 = 30 + 4 = 34.

Мойын сызығынан арқа сызығымен төмен қарай жартылай кеуде
айналымының 13 – не 3 см қосып өлшеп, сол нүктені алдыңғы бөліктің
сызығына қосамыз. Бұл кеуде сызығы. ЖАК : 3 + 3 = 30 + 3 = 13.
Кеуде сызығынан арқа сызығымен төмен қарай кеуде айгалымының
13 – не 1 : 3 см – ге ( бойға байланысты ) қосып, сол нүктені алдыңғы
бөліктің сызығына қосамыз. Бұл – бел сызығы. ЖАК : 3 + 3 = 30 : 3 + 3 =
30.
Бел сызығынан арқа сызығымен төмен қарай 12 – 14 см өлшеп, сол
нүктені алдыңғы бөліктің сызығына қосамыз. Бұл – мықын сызығы.
Мықын сызығынан төмен қарай 5 : 20 см – ге дейін түсіріп, сол
нүктені алдыңғы сызыққа қосамыз. Бұл – төменгі сызық.
Арқа сызығынан кеуде сызығымен оңға қарай кеуде айналымының 13
– не 3 см қосып өлшеп, сол нүктені мойын сызығына тік сызықпен қосамыз.
ЖАК : 3 + 3 = 30 : 3 + 3 = 13.
Бұл арқа ені сызғы.
Арқа ені сызығынан оңға қарай кеуде айналымының 14 – не 2 см
қосып өлшеп сол нүктені мойын сызығына тік сызықпен қосамыз.
ЖАК : 4 + 2 = 30 : 4 +2 = 9,5.
Бұл – қолтық ойындысы ені.
Осы нүктеден жоғары қарай кеуде айналымының 18 – ін салып
өлшеп, қолтық ойындысының шығыңқы нүктесін белгілейміз. ЖАК : 8 = 30 : 8
= 3,7 см.
Қолтық ойындысы енін тең бөліп, сол нүктені төменгі сызыққа
тік сызық пен қосамыз. Бұл – бүйір тігісі сызығы.
Арқа бөлігі. Арқа сызығынан мойын сызығына оңға қарай кеуде
айналымының 18 – іне 0,5 см қосып өлшеп, сол нүктеден жоғары қарай 1 см
тік сызық жүргіземіз. ЖАК : 8 + 0,5 = 30 : 8 + 0,5 = 4,2. 1 см нүктеден
арқа сызығына 2 см өлшеп нүкте қоямыз, бұл – иықтың еңкею нүктесі.
Мойын ойындысының жоғары жағынан иықтың еңкею нүктесіне сызық
жүргіземіз, ол сызық арқа ені сызығынан 1 см асады. Бұл сызық иық сызығы.

Иықтың еңкею нүктесі мен кеуде сызығы аралығын тең бөліп
көмекші нүкте қоямыз. Кеуде сызығынан бүйір сызығымен төмен қарай 2 см
өлшеп нүкте қоямыз. Бұл – қолтық ойындысы тереңдігі.
Иық сызығының соңғы жағынан көмекші нүкте және қолтық
ойындысы тереңдігі нүктесіне ойық сызық жүргіземіз. Бүйір тігісі
сызығынан оңға қарай мықын сызығымен 1 см өлшеп, сол нүктені бүйір
тігісті сызығының қолтық ойындысы енінде қиылысқан жерінен және
төменгі сызыққа түзу сызық жүргіземіз. Бұл – арқа бөлігінің тігіс
сызығы.
Арқа сызығымен төменгі сызықтан төмен қарай 1 см өлшеп
бүйір қиығы сызығын дөңестеу сызық жүргіземіз. Бұл – етекті теңестіру
сызығы.
Алдығы бөлік. Алдыңғы бөлік сызығынан солға қарай мойын
сызығына жартылай кеуде айналымының 18 – ін 2 см қосып өлшеп нүкте
белгілейміз. Бұл – мойын ойындысы ені. ЖАК : 8 + 2 = 30 : 8 + = 5,7.
Кеуде сызығынан мойын ойындысы ені нүктесі арқылы пунктир тік
сызық жүргіземіз. Тік сызықтың ұзындығы кеуде айналымының 1 2 – не 1
см қосқандағы өлшемге тең. ЖАК : 2 + 1 = 30 : 2 + 1 = 16. Бұл – мойын
биіктігі.
Мойын сызығынан алдыңғы бөлік сызығымен төмен қарай 2,5 есе
өлшейміз ( барлық өлшемге ), бұл – мойын ойындысы тереңдігі.
Мойын ойындысының 2 нүктесін түзу сызықпен қосып, сол сызықтың
ортасын тауып, табылған нүктеден солға қарай 1,5 см перпендикуляр
тұрғызып, сол нүктені мойын ойындысы нүктелерімен ойық сызықпен қосамыз.
Мойын сызығынан арқа ені сызығымен төмен қарай жартылай кеуде
айналымының 18 – не 1 см қосып өлшеп алдыңғы бөліктің иығының еңкею
нүктесін белгілейміз. ЖАК : 3 + 1 = 30 : 3 + 1 = 4,7 см. Мойын ойындысының
жоғарғы нүктесін иықтың еңкею нүктесімен қосамыз. Бұл сызық – алдыңғы
бөліктің иық сызығы.
Арқа бөлігіндегі иықтың енін алдыңғы нүктесінен иық сызығына
салып, сол нүктені қолтық ойындысының шығыңқы нүктесіне түзу сызықпен
қосамыз. Осы сызықты тең бөліп оңға қарай 0,3 см өлшеп көмекші неүте
белгілейміз. Кеуде сызығынан қолтық ойындысының шғыңқы сызығына 1 см
өлшеп нүкте белгілейміз. Бұл екінші көмекші нүкте.
Иық енінің соңғы жағынан көмекші нүктелер арқылы арқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
«Жеңіл киімнің технологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың тапсырмасы
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
8-сынып оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда дәстүрлі мәдениетке баулу
Ұлттық киімдер тігу, оюлар ою
Киімнің негізгі міндеттері
Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы
Қос етекті көйлек
Үлгілер жиынтығы бойынша Лентамен кестелеу технологиясы
Пәндер