Белдемшелер тігу



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім
2.1 Белдікті өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Белдігі жоқ белдемшенің үстіңгі қимасын өңдеу ... ... ... ... .
2.3 Жартылай шеңберлі белдемше ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Қатырма салынбаған белдік пен белдемшені өңдеу ... ... ... ..
2.5 Қорсаждық таспамен белдемшенің үстіңгі қимасын өңдеу.
2.6 Белдемше үшін астарды өңдеу және негізгі мата белдемшесімен
қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 Қайырма белдікпен белдемшенің үстіңгі қимасын өңдеу...
2.8 Қатты белдікті өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.9 Иілгіш таспасы бар бүктелген тігіспен белдемшенің үстіңгі
қимасын өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.10 Сырма белдікпен белдемшені қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.11 Белдемше түймеліктерін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар-белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тік, етегіне кеңейе түскен және енсіз болады. Олар пішілуіне қарай үш топқа бөлнеді : тік, иықты және клеш.
Тік белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін.
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, және орташа. Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге және камзолга ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сэні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы.
1. А. Асанова, Айдынбекова, С. Нұрпейісова.
« Киімді конструкциялау ».
Астана. Фолиант, 2008.
2. Г.Ә. Тәкішева, Асанова. Б.Е. « Киімді модельдеу және көркемдік
безендіру »
Астана. Фолиант, 2008.
2. Е. Никитина,Талғатбекова. А.
«Киімді конструкциялау».
Астана.Фолиант, 2010.
3. Е.Б. Коблякова, Савостицкий.А.В,Ивлева. Г.С.
«Конструирование одежды» с элементами САПР. – М., - 1988
4. Сатыбалдинава Б.С., Сәлімбаева М.А.
«Тігін өндірісінің технологиясы»
Астана.Фолиант. 2008.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
II. Негізгі бөлім
2.1 Белдікті
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2.2 Белдігі жоқ белдемшенің үстіңгі қимасын
өңдеу ... ... ... ... .
2.3 Жартылай шеңберлі
белдемше ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Қатырма салынбаған белдік пен белдемшені өңдеу ... ... ... ..
2.5 Қорсаждық таспамен белдемшенің үстіңгі қимасын өңдеу.
2.6 Белдемше үшін астарды өңдеу және негізгі мата
белдемшесімен

қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
2.7 Қайырма белдікпен белдемшенің үстіңгі қимасын өңдеу...
2.8 Қатты белдікті
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.9 Иілгіш таспасы бар бүктелген тігіспен белдемшенің үстіңгі
қимасын
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2.10 Сырма белдікпен белдемшені
қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.11 Белдемше түймеліктерін
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

Кіріспе

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады.
Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар-белдікті
топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты
бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше
костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін.
Силуэт бойынша белдемшелерді тік, етегіне кеңейе түскен және енсіз болады.
Олар пішілуіне қарай үш топқа бөлнеді : тік, иықты және клеш.
Тік белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен
немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін.
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін
құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен
клеш, кішкене, орташа, және орташа. Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің
бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр
түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен
орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Әр қиықтың кеңеюі қиық
белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп
мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады.
Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек:
блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай
(күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің
ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге және камзолга ауыр және тығыз
мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш.
Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта,
зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы
драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сэні
матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді
және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса,
енді матадан тікекен ыңғайлы.
2.1 Белдікті өңдеу

Белдікті бойлай өң жағын ішіне қаратып екі бүктейді,
қиықтарын теңестіреді және жан қиығын сырып тігеді, белдіктің
ұштарын теңестіреді. Тігістің ені – 5 – 7 мм. Бұрыштарындағы тігістерін
қиып қысқартады, белдікті өң жағына айналдырады, тігістері мен
бұрыштарын жазады, ал жібек, жүн маталары және синтетикалық талшықтары
бар маталар бұйымдарында үтіктеп тегістейді. Белдіктің іштігі
біржақты желімдік жабындысы бар матадан пішілгенде, іштікті теріс
жағымен белдіктің ішкі жағына келтіреді, іштіктің үстіңгі шетін
белдікті бүктеу сызығымен сәйкестендіреді және преспен немесе үтікпен
желімдейді.
Прокламилиннен жасалған іштікті теріс жағымен белдіктің ішкі
жағына келтіреді, іштіктің жоғарғы шетін белдіктің бүктелу сызығымен
сәйкестендіреді және іштіктің үстіңгі шетінен 5 мм қашықтықта сырып
тігеді. Белдіктің сыртқы бөлігіне ышқырлық баудың үстіңгі шеттерін
сырып тігеді, оларды өң жақтарын астына қаратып белдіктің ішкі
бөлігіне орналастырады, сырып тігу тігісін бүктеудің белгіленген
сызығы бойынша өткізіп сырып тігеді. Бұдан кейін ышқырлық бауды
бүктейді, тігісін жабады және үтіктеп тегістейді. Одан кейін
белдіктің өң жағын ішіне қаратып ортасынан бойлай бүктейді және
белдіктің ұштарын іштігі жоқ белдіктегі сияқты жөрмеп тігеді.
Белдікті үтіктеп тегістейді және бүкпелерімен, тігістерімен және
қатпарларымен сәкестендіру үшін бормен сызылған бақылау жырмаларын
белгілейді.
Белдікті қосып тігуде, өңделген белдікті ішкі бөлігімен
белдемшенің теріс жағына теңестіреді және қосып тігеді, белдіктің
жырмасын, бүкпелерін, тігістерін және қатпарларын белдемшедегі
алдыңғы және артқы бөліктің ортасына сәйкестендіреді, өң жағын
жоғары қаратып ілгектері мен аспа бауларын бір мезгілде салады.
Белдікте іштік болған кезде белдікті белдемшеге қосып тіккеннен кейін,
іштікті тігісінен қырқып алады. Белдікті қайырып, тігісті белдік
жағына бүктейді, жеке тапсырыс бойынша бұйымдарды дайындаған кезде
тігісті жатқыза үтіктейді.
Сырып тігілген аспа бауды белдік жағына қарай бүктейді және белдік
жағынан бүктелу сызығы бойынша машинамен бастыра тігеді. Белдікті
өң жағына қайырады, белдіктің қиығын және белдік ұстағыш ұштарын
ішіне қарай 5 – 7 мм бүктейді және бүктелген шетінен 1 мм қашықтықта
белдіктің бүктелген шеті оның ішкі бөлігінің сырып тігу тігісін
жабатындай етіп бастыра тігеді. Белдікті дайын түрінде үтіктейді.
Белдік пен белдемшенің жоғарғы қиығын өңдеу үшін арнайы тетік
болған кезде белдікті тетікке салады, белдемшенің жоғарғы қиығын, өң
жағын үстіне қаратып, екі бөліктің арасына салады және белдемшемен
бір тігіспен белдіктің ішкі және сыртқы бөліктерінің қиығын бүгіп
қосып тігеді. Бұл жерде тігісті белдіктің аяғына дейін 3 – 5 см
жеткізбейді.

2.2 Белдігі жоқ белдемшенің үстіңгі қимасын
Белдігі жоқ үстіңгі қимасын өңдеген кезде үстіңгі қимасын
негізгі материалдан немесе астарлық матадан жалаң немесе қос қабат
бейкамен жөрмеп тігеді.
Әуелі бейка шеттерін түймелікті өңдейтін әдіптерінің
қималарына сырып тігеді, сосын әдіптерінің жоғарғы шеттерін өң жағына
бүктейді, бейканы белдемшенің жоғарғы шетімен өң жақтарын ішіне
қаратып келтіреді, қималарын теңестіреді және бейка жағынан көктеп
тігеді, өңделген ышқырлық бауды жырмаулары бойынша салады. Тігістің
ені 0,7 см. Бұдан кейін тігігсін бейкамен жабып тігіс әдібін
белдемше жағына қарай бүктейді. Бейка қимасын жалаң қабат ішіне
қарай 0,5 – 0,7 см бүктейді және бүктелген шетінен немесе қос бейка
бүктемесінен 0,1 – 0,2 см қашықтықта қайып тігеді.
Ышқырлық баудың ұштарын қайып тігеді немесе үлгісіне
байланысты қолдан скрепкамен немесе ұсақ түймемен бекітеді, белдікті
еркін өткізу үшін ышқырлық баудың шағын салпыншағын жасайды.

2.3 Жартылай шеңберлі белдемше

Белдемше өлшемі – 44 – 48. Жұмсалатын мата ені – 110 см болса, 2 м
60 см қажет.
Астарлық матадан 50 см кетеді. Машина тігісіне №90 ине, көктеуге №7
ине, машина тігісіне №50 жіп, көктеуге №50 жіп, 20 см – лік сыдырма қажет.

Белдемшенің бел өлшемі 18 см, ұзындығы 80 см.
Үлгіні өлшемі алынғаннан кейін сызамыз, қиямыз. Астарын да алынған
өлшем бойынша пішеміз. Сосын белдігін 3 см болатындай пішіп аламыз да,
белдігін қоспай тұрып белдемшенің матасы мен астарын қосып тігеміз.
Содан кейін 20 см – дей сыдырмаға орын қалдырып, белдікті пішіп
тігеміз. Тігілген белдікке сыдырма орнатылады. Соңында етегін торлап 1
см – ге бүгеміз, етегін тіккенде созбай өз қалпында тігілуін мұқият
қадағалау керек. Белдемшені конструкциялау тәсілі. Шеңбердің төрттен
үш бөлігіне тең белдемшенің сызбасын құру үшін мына өлшемдер қажет.
Бел сызығы. Ұзын көлденең сызық жүргізіп оң жақтан А нүктесін
белгілейміз. А нүктесінен төмен қарай перпендикуляр сызық жүргіземіз. А
нүктесінен оңға, солға және төмен қарай бел айналымын перпендикулярынан 4
см алып, осы өлшемді салып А1,А2 және А3 нүктелерін белгілейміз.
АА1 = АА2 = АА3 = 38 : 2 – 4 = 15 см. А2 және А3 нүктелерін
пунктир сызықпен қосамыз. Пунктир сызықты екіге бөліп сол нүктені А
нүктесіне қосамыз және осы сызықты төмен қарай сызамыз. Осы сызыққа А
нүктесінен төмен қарай АА1 нүктелерінің аралығына тең өлшемді салып А4
нүктесімен белгілейміз. А1, А2 және А4 нүктелерін А нүктесін ортасы
етіп доға сызықпен қосамыз.
Белдемше ұзындығы. А1, А2 және А4 нүктелерінен белдемше ұзындығын
салып, Н, Н1 және Н2 нүктелерімен белгілейміз.
Төменгі сызық. Н, Н1 және Н2 нүктелерін шеңбер доғасымен қосамыз.
АА2 = АА1 = АА3 = ЖАбел : 2 – 4; АА4 = ЖАбел : 2 – 4; А1Н = А2Н1 = А4Н2 =
ДЮ.

2.4 Қатырма салынбаған белдік пен белдемшені өңдеу

Белдік тігісі көйлектің бүйір тігіс сызықтарында көлденең
бағытта орналасқан екі бөліктен пішілуі мүмкін. Белдік бөліктерін
өң жақтарымен іш жағына қаратып салады, қималарын теңестіреді және
қайып тігеді. Тігіс ені – 0,5 – 0,7 см. Жүн және жібек мата
бұйымдарында тігісті үтіктейді, ал мақта мата бұйымдарында екі жаққа
ажырата жазады.

Бір бөліктен тұратын белдік пен белдікшені өң жағын
ішіне қаратып орта кезінен көлденең бүктейді және үш жағынан жөрмеп
тігеді, айналдыру үшін ортасында ұзындығы 2 – 3 см саңылау қалдырады
немесе бір ұшын жөрмеп тікпей қалдырады. Ұштары бүйір тігістеріне
немесе бүкпесіне белдікшеде, бұл ұштарын жөрмеп тікпейді және олар
арқылы бөліктерді айналдырады. Қайып тіккеннен кейін бұрыштарындағы
тігістерді 0,2 – 0,3 см қайырма қалдырып қияды. Арнайы тетіктің
көмегімен белдікті өң жағына айналдырады, жібек және жүн мата
бұйымдарында тігістерін түзетеді, көктейді, тігісін бүктемесіне
орналастырады немесе ені 0,1 см көмкерме жасайды және үтіктейді.
Белдік қиынды жиектерін іштеріне бүктеп қайып тігіліп өңделуі
мүмкін.
Қайып тігуді барлық жақтарынан жиегінен 0,1 – 0,2 см қашықтықта
жүргізеді. Көмкермені ылғалдық – жылулық өңдеу процесінде жасап және
бекітіп белдікті жиектерін көктемей – ақ үтіктеуге болады. Үтіктеуді
белдіктің астыңғы жағынан қатырма арқылы үтіктейді. Айналдыру үшін
қалдырған саңылауды ұзындығы 0,2 – 0,3 см болатын жабық қабулар мен
қолдан тігеді. Белдіктің жөрмеп тігілмеген ұшын қайып тігетін
машинамен жиегінен 0,1 – 0,2 см қашықтықта тігеді.

2.5 Қорсаждық таспамен белдемшенің үстіңгі қимасын өңдеу

Қорсаждық таспаны шеттері бойынша ( өңдеуге ) 1 см әдібі бар
мықымын жартылай қаусыратын өлшемені сәйкес кеседі. Қондырманы
белдемшенің үстіңгі шеті бойынша біркелкі бөлу үшін таспаға көмекші
лекалмен алдыңғы және артқы құрақтарының ортасына, белдемшенің
тігістеріне және бүкпелеріне сәйкес келетін бормен бақылау
таңбаларын белгілейді. Қорсаждық таспаның ұштарын 1 см бүктейді және
белгілеу бойынша оның астыңғы бөлігінде арнайы машинамен металл
ілмектер мен ілгектерді тігеді. Дайындалған таспаны белдемшенің (
енгізу шамасы 0,9 – 1 см ) теріс жағына келтіреді және таспның
шетінен 0,2 – 0,3 см қашықтықта қайып тігеді, бормен сызылған
белгілерін тігістермен және бүкпелерімен сәйкестендіреді және киім
ілгішке арналған екі бүктелген арнайы таспаның кесіндісін бір
мезгілде салады. Оларды алдыңғы құрағы жағынан бүйір тігістерінен 2 –
2,5 см қашықтықта салады.
Қорсаждық таспаның басқа шетін белдемшенің өң жағына бүктейді
және таспаның шеті оны қайып тіккен бірінші тігіспен бір деңгейде
өтетіндей етіп келтіреді және шетінен 0,1 см қашықтықта қайып
тігеді. Қорсаждық таспаның бүктелген шетін қолдан тігеді. Белдемшенің
өңделген үстіңгі шетін үтіктеп тегістейді, қорсаждық таспаны теріс
жағына бүктейді және таспа жағына 0,2 – 0,3 см көмкерме жасайды.

Жеке заказдар бойынша дайындаған кезде белдемшенің үстіңгі шеті
екі бүктелген қорсаждық таспамен өңделуі мүмкін. Бұл үшін дайындалған
қорсаждық таспаны бір шетін 0,1 – 0,2 см артық шығарып ортасынан
бойлай қақ бөліп бүктейді, таспаның ұштарын ішіне қарай 1 см
бүктейді, сәйкес пішін бере отырып бүктемесін үтіктеп созады.
Белдемшенің үстіңгі қимасын дайындалған таспаға салады және таспаның
кең бөлігі астында болатын етіп, ал тар бөлігі белдемшенің өң
жағында болатын етіп көктеп тігеді. Қайып тігуді таспаның тар
бөлігімен оның шетінен 0,1 – 0,2 см қашықтықта жүргізеді. Көктеу
жіптерін алып тастайды. Таспаны белдемшенің теріс жағына айналдырады
және негізгі бөліктен ені – 0,3 – 0,4 см көмкерме жасайды. Өңделген
шетін үтіктеп тегістейді.
2.6 Белдемше үшін астарды өңдеу және мата белдемшесімен қосу

Белдемше үшін астар негізгі мата белдемшесіне сәйкес пішілуге
тиіс. Белдемше үшін астардың құрақтарындағы бүкпелер белдемшедегі
негізгі бүкпелерге сәйкес орналасуға тиіс.
Белдемше үшін астардың бүкпелерін және тігістерін негізгі
белдемшедегі сияқты өңдейді. Белдемшенің түймелігі орналасқан астар
тігісін түймеліктің аяқталғанын анықтайтын белгілеуге дейін қайып
тігеді. Түймелікті өңдеу әдіптерінің қималарын ашық қимасы бар
бүктелген тігіспен көктеп және қайып тігеді немесе түймелікті
өңдегеннен кейін негізгі белдемшенің түймелігінің жиектеріне
қапсырма – түймеліктің жиектерін қайып тіккен тігістернің жанынан
сырып тігеді. Үлгісіне және белдемше еніне байланысты бүйір
тігістерінде астарының етегі бойынша бір немесе екі қима тіліктер
болуы мүмкін. Тіліктердің жиектерін алдын ала көктелген ашық
қималары немесе жабық қималары бар бүктелген тігіспен өңдейді,
тігістерін тіліктердің бүктелген жиектерінен 0,5 – 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белдемшенің тарихы
Киім тігу өнері
Киім және оның түрлері
Тігін студия қызметтерінің тізбесі
Іскерлік әйел костюмін конструкциялау және үлгілеу
Тігін бұйымдарының технологиясы - практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
«Жеңіл киімнің технологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың тапсырмасы
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Белдемше тігу технологиясы
Киімнің адам тіршілігіндегі маңызы
Пәндер