Тігу технологиясы



1. Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Тақырыптың маңыздылығы, құндылықтар мен мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ..
2.Модельдеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Эскиздік жоба ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Бұйымның сыртқы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Мата таңдау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1Матаны таңдау және негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.Жабдықтарды таңдау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.Құрастыру бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.1Бұйымның базалық конструкциясының есебі, жетекші өлшем нышандары.
5.2Лекало, градация, техникалық өлшем табелі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6.Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6.1Түйінді өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6.2Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7.Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7.1Өндіріс экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.2Мата, уақ.. түйек шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7.3Бұйымды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8.Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шаралары (ережелері, өрт қауіпсіздігі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9. Экологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11.Пайдаланылған құжаттар мен оқулықтар тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді.Жақсы киіне білу де өнер.
Кәсіпорынның өндірістік іскерлігін нақты жобалау және басқару көбінесе өндірістің конструкторлық және технологиялық дайындығымен анықталады.
Конструкторлық дайындық мәселесіне модель коллекциясын таңдау, жаңа модельдер жасап шығару бірізділігін жоспарлау, олардың конструкциясын жобалау, еңбек күшін, рентабельділігін және жоспарлы өзіндік құнын есептеу кіреді.
Технологиялық дайындыққа инженерлік қамтамасыздандыру, әрбір нақты модельдің немесе модель сериясын материалдармен, қажетті түсті гаммалы және белгілі бір артикулды фурнитурамен комплектеу, модельдер жіберу бірізділігін жоспарлау, бар жабдықтарды ескере отырып, технологиялық үдерістерді жобалау.
Өндірістегі конструкторлық дайындық құрамына төрт маман топтары: модельдеу, конструкторлеу, технологиялық және нормалауға кіретін көркемдік – конструкторлық бюромен жүзеге асырылады.
Тігін өндірісінде киім дайындағанда әртүрлі құрылымы мен қасиеттері арқылы ерекшеленетін материалдар таңдалады. Материалдарды дұрыс таңдау ол киімнің сапасын, сыртқы түрін, пішімін және тозуға, еңбек төзімділігін анықтайды. Текстильді материалдарды таңдағанда тек қана бөлік қасиеттерінің сипаттамасымен ғана тоқталып қоймай, материалдарды эксплуатациялау кезіндегі мінезін анықтайтын комплексті бағалауды, киімді дайындаған кездегі модельдік ерекшеліктерін, құрастырылуын және технологиясын қарау қажет.
Тігін өнідірісі халықты сәнді әрі ұнамды киіммен қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да оларға қойылатын талаптары болады. Негізінен тігін өндірісінде рационалды және жоғарғы дәлдіктегі конструкцияны талап ететін бұйым формасын қалыптастыру қажет. Соған байланысты тігін бұйымының экономикалығында өңдеу уақытын, модельдің конструкциясы мен технологиясында мата шығынын және өндіріс шығынын қадағалауды қажет етеді. Сонымен қатар тігін бұйымының сапа деңгейі тұтыну және өндірістік талабына сай ең жоғарғы категория деңгейін көрсетуі керек. Тігін өндірісі бұйымды ең алдымен сол сезондағы сән бағытына сәйкес етіп жасауы керек, бірақ сән тек бұйым силуэтіне байланысты емес, ол маталар түс және фактурасының сән тенденциясына сәйкес келуі керек.
Тігін өнімі үшін оңтайлы материалды таңдау және оларды тігін өндірісінде рационалды пайдалану тек қазіргі заманғы матаны және олардың сапасының бағалау әдістері негізінде болу керек.
Сатыбалдинова Б.С., Сәлімбаева М.А.
Тігін өндірісінің технологиясы
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
2. Тәкішева Г.Ә., Асанова Б.Е.
Киімді модельдеу және көркемдік безендіру
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
3. Асанова С., Птицина А.
Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнер тарихы
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
4. Асанова А., Айдынбекова Ж., Нұрпейісова С.
Киімді конструкциялау
Оқулық. – Астана: Фолиант,2008 ж.
5 . www.fashion.ru
6 . www.moda-online.ru
7. www.fashion details.ru
8. М.Нұржасарова, К. Кучарбаева, А.Рүстемова
Киім дайындау технологиясы
Оқулық. – Астана : Фолиант, 2008 ж.
9. Назарова А.И. Технология швейных изделий по индивидуальным заказам. М., Легкая индустрия. 1975 г.
10. Савостицкий А.В., Меликов Е.Х., Технология швейных изделий. М., Легкая и пищевая промышленность. 1982 г.
11. Кельберт Д.Л., Охрана труда в текстильной промышленности. М., Легкая индустрия, 1977 г.
12. Мейірбекова А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә., Экономика, А., 2003 ж.
13. Оспанова Г.С., Бозшатева Г.Т., Экология, Оқулық – А., 2003 ж.
14. С. Асанова “ Ұлттық киімдерді жобалау және тігу технологиясы”
Оқулық. – Астана: Фолиант,2008 ж.
15. Т. Сүлейменова “Бұйымның түйіндік өңделуі”
Оқулық. – Астана: Фолиант,2009 ж.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Бет
1. Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Тақырыптың маңыздылығы, құндылықтар мен мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ...
2.Модельдеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Эскиздік жоба ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Бұйымның сыртқы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Мата таңдау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1Матаны таңдау және негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.Жабдықтарды таңдау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.Құрастыру бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5.1Бұйымның базалық конструкциясының есебі, жетекші өлшем нышандары.
5.2Лекало, градация, техникалық өлшем табелі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
6.Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6.1Түйінді өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6.2Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7.Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7.1Өндіріс экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7.2Мата, уақ.- түйек шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.3Бұйымды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8.Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шаралары (ережелері, өрт қауіпсіздігі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9. Экологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11.Пайдаланылған құжаттар мен оқулықтар тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

1.Жалпы бөлім

1.1.Кіріспе

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді.Жақсы киіне білу де өнер.
Кәсіпорынның өндірістік іскерлігін нақты жобалау және басқару көбінесе өндірістің конструкторлық және технологиялық дайындығымен анықталады.
Конструкторлық дайындық мәселесіне модель коллекциясын таңдау, жаңа модельдер жасап шығару бірізділігін жоспарлау, олардың конструкциясын жобалау, еңбек күшін, рентабельділігін және жоспарлы өзіндік құнын есептеу кіреді.
Технологиялық дайындыққа инженерлік қамтамасыздандыру, әрбір нақты модельдің немесе модель сериясын материалдармен, қажетті түсті гаммалы және белгілі бір артикулды фурнитурамен комплектеу, модельдер жіберу бірізділігін жоспарлау, бар жабдықтарды ескере отырып, технологиялық үдерістерді жобалау.
Өндірістегі конструкторлық дайындық құрамына төрт маман топтары: модельдеу, конструкторлеу, технологиялық және нормалауға кіретін көркемдік - конструкторлық бюромен жүзеге асырылады.
Тігін өндірісінде киім дайындағанда әртүрлі құрылымы мен қасиеттері арқылы ерекшеленетін материалдар таңдалады. Материалдарды дұрыс таңдау ол киімнің сапасын, сыртқы түрін, пішімін және тозуға, еңбек төзімділігін анықтайды. Текстильді материалдарды таңдағанда тек қана бөлік қасиеттерінің сипаттамасымен ғана тоқталып қоймай, материалдарды эксплуатациялау кезіндегі мінезін анықтайтын комплексті бағалауды, киімді дайындаған кездегі модельдік ерекшеліктерін, құрастырылуын және технологиясын қарау қажет.
Тігін өнідірісі халықты сәнді әрі ұнамды киіммен қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да оларға қойылатын талаптары болады. Негізінен тігін өндірісінде рационалды және жоғарғы дәлдіктегі конструкцияны талап ететін бұйым формасын қалыптастыру қажет. Соған байланысты тігін бұйымының экономикалығында өңдеу уақытын, модельдің конструкциясы мен технологиясында мата шығынын және өндіріс шығынын қадағалауды қажет етеді. Сонымен қатар тігін бұйымының сапа деңгейі тұтыну және өндірістік талабына сай ең жоғарғы категория деңгейін көрсетуі керек. Тігін өндірісі бұйымды ең алдымен сол сезондағы сән бағытына сәйкес етіп жасауы керек, бірақ сән тек бұйым силуэтіне байланысты емес, ол маталар түс және фактурасының сән тенденциясына сәйкес келуі керек.
Тігін өнімі үшін оңтайлы материалды таңдау және оларды тігін өндірісінде рационалды пайдалану тек қазіргі заманғы матаны және олардың сапасының бағалау әдістері негізінде болу керек.

Тігін өндірісі саласының техникалық жабдықталынуы бүгінде қарқынды жүргізілу үстінде. Автоматты және компьютермен басқарылатын соңғы үлгідегі машиналарда физико-химиялық өңдеу әдісі, ылғалды жылу, престеу сияқты әдістері бір машинада орнатылған және осы машиналар сапалы өнімді алуға мүмкіндік береді. Біздің Отандық жіберушілер мұндай соңғы үлгідегі жабдықтарды шетелден алып келеді.
Халықтың сұранысын қанағаттандыру және көркемділік құндылығын, талғамын шеше білу үшін ассортимент түрлеріне көп көңіл бөлу қажет. Киілген киім адам үстінде алдымен қонымды әрі қолайлы болу керек, сосын адамның ажарын ашып, дене сұлулығы мен сымбаттылығын айқындап, адамға рухани және моральдік жағынан дем беруі тиіс. Сондықтан бұйымның өзіне матаны тиімді қолдануға мүмкіндік беріп, шығындарды азайтып, жоғары сапалылығымен қамтамасыз ететін кең технологияларды қолдану қажет.
Қазақстан Республикасының халық жағдайын жақсарту ең негізгі мақсаттардың бірі. Жеңіл өнеркәсіптерді дамытудың халық жағдайын жақсартуға зор ықпалын тигізеді.
Жалпы жеңіл өнеркәсіптің негізгі мақсаты қазіргі заманғы халықтың талаптарын қанағаттандыратын, соңғы сән бағытына сай, сапалы өнім шығару.
Қазіргі күнде Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған елдердің қатарында. Еліміздің экономикасының дамуына байланысты көптеген бәсекеге қабілетті тауарлар шығарылуда.
Қорыта келгенде тұтынушылардың киімге деген сұранысын қанағаттандыру үшін тігін өндіріс саласында шығарылатын өнім ассортиментін жақсарту және көлемін ұлғайту, жетілдірілген озық техника мен технологияда өңдеу әдістерін қолдану өндірістік шығындарды азайту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнім сапасын жоғарлату қажет.

1.2. Тақырыптың маңыздылығы, құндылықтар мен мәселелер

Қазақ халқының киімдерінде халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан.
Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сипат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Қазақтарда киімдер бірнеше топқа бөлінеді:
1.Әлеуметтік дәрежесіне қарай.
2. Жас ерекшеліктеріне қарай.

3. Жөн - жорағылға сәйкес.
4. Бір киер киімдер.
5. Діни киімдер.
Ұлттық киімдер қызметіне қарай іштік киімдер, сыртқы киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киідері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер болып бөлінеді.
Қазақша көйлек - әйелдер киімі. Түсі ашық жақсы маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір немесе екі қатар бүрмелеп қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек - әйел қауымының бұйрықты киімі.
Бұл көйлектер түрлі жібек, креп- сәтен, органзы, креп - шифон маталарынан тігілген, баулармен, моншақпен, стразбен, жылтырақ түймелермен, шыны моншақтармен, ызбамен және алтын қамқамен өңделген. Әшекейлері жапсырма, біз кесте, тығыз кесте, ришелье, аралас техника тәсілдерімен кестеленген.


Қазақ әйелдері мен қыздарының ұлттық көйлектері аса бай әшекейленеді. Ұлттық көйлектер жібек, креп-сәтен, органзы, креп-шифон маталарынан тігіледі. Көйлектер белінен бөлінеді де белі резеңкемен жаналады. Белдемшесі төрт қиықты және толық шеңбер немесе жарты шеңбер пішінді болуы мүмкін.


Әдетте белдемше етегін айналдыра бір немесе бірқатар қиықты желбірлер тігіледі. Желбір ені жиілігіне және санына байланысты өзгереді. Кей түрлерінде белдемше қиықтарына қосымша қиықтар қосылуы мүмкін. Осындай қосымшалар бұрыштан басталып екіге айырылады, гофре немесе плиссе техникалары арқылы орындалады. Белдемше етегі ызбамен, жиектікпен, алтын немесе күміс шашақтармен әшекейленеді, желбірлері бұрымды жиектікпен жиектеледі. Көйлектің омыраушасы шағын көлемді болып келеді. Жағалары мойын түбінен дөңгелене ойылған болуы мүмкін. Сондай-ақ қайырма жазық жағалы, тіктеме жағалы да болады. Көйлек омыраушасының түймелігі артқы бойдың орта тігісіне түсірілетін сыдырма арқылы немесе түймелі ілгекпен бекітіледі. Мойын ойындысы желбірлермен, алтын және күміс қамқамен әшекейленіп, біз кестелеу арқылы өсімдік тектес және аралас ою-өрнек түрлерімен кестеленуі де мүмкін. Қондырма жеңінің көлемдері әр түрлі, мысалы, жең тардан басталып желбірлі, желбіршекті қатарларымен жең аузына қарай кеңітіледі немесе қаттамаға бүрмеленіп жинақталады. Көйлектер трапеция тәрізді силуэтті болып келуі мүмкін. Ертеде осындай пішінді көйлектерді төре тұқымының әйелдері киген.
Қазақ халқының әйелдер киімдерінің силуэті, пішімі және әшекейлеу ұқсас болғанымен, материал таңдауына, түр-түстер үйлесімділігіне және пропорцияларының әр түрлілігіне қарай айырмашылықтары болады. Бұл Қазақстанның кейбір аймақтарында қолөнер дәстүрлерінің ертедегі пішіндерінің ұзақ сақталуымен де түсіндіріледі. Әр аймақтың өзіне тән ерекшелігіне байланысты.
Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, жаға - жеңі , кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келеді. Келіншектер ашық маталардан, бүрмелермен әшекейлі кестеленген көйлектерді кимейтін. Бірақ жас келіншектерге көйлек сыртынан тығыз матадан тігілген, құнды әшекейленген көкірекшені киюге рұқсат етілетін.
Қыздар киімі алтын және күміс жіптермен, майда моншақтармен әшекейленген жиектерімен, сондай-ақ алтыннан, күмістен жасалған салпыншақтарымен, қымбат және жартылай қымбат тастардан тұратын әшекейлерімен, үкі тағылған бас киімдерімен ерекшеленеді.Қыздардың көйлегі айрықша көз тартарлықтай етіп дайындалған. Өте жеңіл, ұзын көйлектердің етектерін, жеңдер аузын жағалай, жағаларын айналдыра желбіршектер салынған. Өте әдемі көрінетін көйлектері жұқа жібекпен әрленген. Қыздар мойнының әсемдігін одан сайын әдемі көрсету мақсатында көйлектің жағасы аса нәзік талғаммен қондырылған.
Күнделікті көйлек - өте жұқа матадан дайындалған, етегі ағындатылған, белінің қою бүрмесі бар көйлек. Жеңі ұзын, ол да бүрмеленген. Еркін жататын дөңгелек жағалы.
Қазақ халқының киімдерін зерттеген белгілі зерттеуші Р.Ходжаеваның айтуы бойынша жоғарыда сипатталған көйлектер XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Ал, одан ертеректе қазақ әйелдері ерлер жидесі сияқты, бірақ одан ұзындау және кең пішімді көйлектер киген.

Халық киімдері қоршаған орта, тұрмыс жағдайлары, климаты әсерімен, сондай-ақ, көшпелі халықтың талап-сұраныстары (мысалы, ерте қимылдамай ұзақ отыру қажеттігі және т.с.с.) есебінде дамып қалыптасты.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері де басқа халықтардың киім түрлері сияқты ерлер, әйелдер және балалар, сыртқы, маусымдық, мерекелік және күнделікті киімдер болып бөлінеді.
Ұлттық киімнің қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени - тарихы өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені, ұлттық киім - ұрпақтан - ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан керекті үлгідегі киімдермен танысып, матаға, киетін адамның жас мөлшеріне және сол киім қандай орынға арналғанын ойланып Сіздерге осы киімді ұсынып отырмын .

2. Модельдеу бөлімі

2.1Эскиздік жоба

Эскиздік жобаға рационалды ассортимент сериясын және өндірістік киім коллекциясының моделін жасауда компазиция мен конструкторлық бұйым жобалауындағы дайындалған макет жатады.
Эскиздік жобаның кезеңі, сондай-ақ тәжірибелі конструкторлық жұмыс негізгі принцип бойынша жан-жақты орындалады және тұратын жері, болашақта бұйыммен жұмыс жасау жолы анықталған, оны эскиздік жобаны өңдеу деп аталады.
Жобадағы эскиздік бөліктерді жасауда, келер жылдағы сән бағытына байланысты материалдар қолданылады. Эскиздік жобаны өңдеу 3 этаптан тұрады. Олар:
1. Композициялық және конструкторлық өңдеу жұмысының нұсқасы;
2. Модель үлгісі, бұйым макетін немесе бұйым бөлшектерін сынау;
3. Принцип бойынша анықтап алу.
Материалды таңдауда және моделдік қатарына байланысты 2 негізгі шешім қабылданады: бұйым формасы, материал және түстік шешім.

2.2 Бұйымның сыртқы көрінісі
Ұлттық нақышта оюланып бисерленген қазақша көйлек(2 - сурет).
Көйлектің үсті қамзолға ұқсас. Үстіңгі бөліктің алды екі бөліктен тұрады: сыртқы ( өсімдіктектес оюмен қиғашталып бисерленген кеуде бөлігі және бұл бөлік негізгі матадан өңір әдіппен өңделіп бүйір жақ бөлікпен біріктіріліп артқы бөліктін жан қиығымен тігілген), екінші ішкі бөлік (алдыңғы бойдың орта кеуде бөлігі бүйір жақ бөлікпен тігіліп, сыртқы бүйір жақ бөлігімен және артқы бөліктін жан қиығымен бірге тігілген ) .
Көйлектің үстіңгі артқы бөлігі орта тігісті, сырып тігілген және айыра үтіктелініп торланған, артқы бойдың бүйір жақ бөлігімен тігіліп жатқыза үтіктелінген, торланған.
Жеңсіз бұйым болғандықтан қолтық ойындысы әдіппен өңделген.
Мойын ойындысы жөрмеу тігіспен мойын ойындысы әдібімен өңделінген.
Көйлектің үсті белдікпен қосылып баскамен жалғасады. Баскада өсімдік- тектес оюмен қиғашталып бисерленген, астарланып белдікке тігілген.
Көйлек етегі жартылай күн белдемше, ұзындығы тобыққа дейін.
Ұсынылатын өлшем:42

3. Мата таңдау бөлімі

3.1Матаны таңдау және негіздеу

Тігін бұйымдарын өндіруде алуан түрлі материалдар қолданылады. Қолданылатын материалдардың құрылымын талдау мен қасиеттерін бағалау киімді конструкциялау мәселелерін оң шешуге, тігін бұйымдарының конструкциясын, киім тігудің технологиялық әдістері мен ылғалдық - жылулық өңдеудің рационалды режимін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұйымға қажетті материалды дұрыс таңдай білу өз алдына бөлек мәселе: негізгі материалдар, астар, астарлық, бекіткіш, әрлеуіш материал, сондай-ақ шытыра (фурнитура). Материалдар әр дайым бір-біріне сай келуі керек. Бұл бұйымның сыртқы түрінің әдемілігін, қажетті пішінін, төзімділігі мен ыңғайлылығын, оңай күтім жасалуын, яғни тігін бұйымының жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Киім өндіру оған қажетті материалды таңдаудан басталады. Негізгі сыртқы материалды таңдағанда екі мәселе шешіледі. Бір жағынан материалдың алуан түрлі ассортиментінен көркем бейнеге, сұлбаға, үлгінің пластикалық пішініне, жоғары қабаттың фактурасына, түр-түсіне сай келетіндей материал таңдалынады. Материалдың талшықтық құрамы, өрімі, әрлену сипаты, қалыңдығы, қаттылығы, түсі, жылтырлығы сияқты қасиеттерін назарда ұстаған жөн.
Материалдардың қасиеттері оларды құрайтын талшықтардың қасиеттеріне, олардың құрылысы мен әрлеу сипатына байланысты.

Материалдың құрылысын білу, олардың қасиеттерін анықтау ассортиментті білу, сапасын бағалау - жоғары сапалы киімді жоспарлау, өндірудің, өңдеу әдістерін дұрыс таңдаудың, тігін бұйымдарын өндіру процесінде материалды өңдеу тәртібін белгілеудің қажетті шарттары.
Мата - өзара перпендикуляр орналасқан жіптердің екі жүйесімен - матада тігінен орналасқан негіздік және көлденең орналасқан арқаулық, түзілген көпбұрышты және шаршы ұяшықтардан тұратын торлы кеңістік. Негізгі және арқаулық өрімнің түрлі реттілігімен матада алуан түрлі өрнектер түзіледі. Негіз бен арқаулық жіптер матаның оң беті мен теріс бетінде бірін - бірі орай орналасады немесе бірден бірнеше жіпті жабады. Өрім матаның сыртқы түріне әсер етіп қоймай, оның қасиеттерін де өзгертеді. Жіптер жиі қиылысқан сайын, олардың байланысуы артып, матаның құрылымы қатқылдана береді және беріктігі артады.

1 - кесте.Тоқыма өрімдерін топтастыру

Түкті ірі өрнектілер
Ірі өрнекті
Күрделі ірі өрнектілер

Қосарлы ірі өрнектілер
Қарапайым
Махерлі
Қосбетті
Қаптық
Қосқабатты
Арқаулық түктілер
Негіздік түктілер
Қосарлы
Түкті
Еспелі
Күрделі

Пике



Полотнолық өрім туындылары
Селдір
Тік және көлденең жолақтылар
Қарапайым өрім туындылары
Құрастырылған
Ұсақ өрнекті
Саржалық өрім туындылары
Атластық өрім туындылары
Крептік
Бедерлі

Қарапайым (тегіс )
Атластық

Саржалық

Полотнолық саржа 11

Негізгі мата. Атластық (сәтендік) өрімде матаның жоғары қабатты тегіс, негіз бен арқаулық жіптердің сирек өрімделуі салдарынан жылтырлығы жоғары. Атластық өрімнің оң беті негіздік жіптердің төсемінен тұрады. Әрбір негіздік жіп раппортта арқаулық жіптің астынан бір рет өткізіледі.Атластық өрім уR=ax теңдеуіне сәйкес келеді.Атластық өрімнің R раппорты 5 - тен кіші бола алмайды.
Атластық өрім құрғанда бұрыштық коэффициент пен жіптердің жылжуы төмен болады:1a(R - 1).
Сәтен және атластық өрім маталары тығыздығының жоғарылығымен сипатталады: біреулері - арқаулық бойынша, екіншілері - негіз бойынша. Матаның оң бетіндегі жіптің тығыздығы үлкен, яғни сәтенде - арқаулық жіптер, атласта - негіз жіптері. Сол себепті матаның оң бетінде матаға жылтырлық беретін ұзын айқасулардан жасалған тығыз төсем түзеледі, матаның теріс беті мұндай тегіс, жылтыр болмайды. Бұл маталар үйкеліске төзімді, жұмсақ, эластикті, сусымалы.
Атластық өрім туындылары - күшейтілген сәтен (күшейтілген арқаулық атлас).
Атластық өрім туындыларына күшейтілген сәтен (күшейтілген арқаулық атлас) жатады. Әрбір негіздік айқасуларға тағы бір немесе қосымша айқасулар қосылады. Осындай құрылымда арқаулық жіптер жақсы бекітіледі.
Атлас матасының беті жылтыр,жібек,жүн немесе зығырлық мата боп келеді.Орта ғасырлардан бері атлас матасын сәндік және мерекелік кештер үшін пайдаланған.Атлас матаның шеті ширатылады, ілмектегі жіп үзілгенде ілмектік бағанның бағыты бойынша тарқатылады.
Капрон синтетикалық талшыққа жатады. Капрон кешенді жіп, штапельді талшық, моноталшық түрінде шығарылған. Жейделік, жеңіл көйлектік маталар өндіру үшін түр өзгертілген полиамидті талшық - шелон қолданылады.
Капронның созғылағандағы беріктігі шойыннан 2,5 есе асып түседі. Оның талшықтары қоспалы қышқылдар мен фенолда ериді. Капронды отқа салғанда жалыны көгілдір, ұшында балқытылған қошқыл түсті шар түзіледі. Кемшілігі - гигроскоптылығы төмен, термотөзімділігі аз.
Астарлық маталар. Бұйымға астарлық мата ретінде жібек, жартылай жібек, синтетикалық және мақта маталы астарлық маталар, жұқа тегіс синтетикалық жаймалар, табиғи және жасанды үлбірлер қолданылады. Астарлық маталар - тегіс, тафталық, саржалық және атластық, астарлық жаккардты өрімдерден алынады.
Астарлық маталар негізінен саржалық өріммен өндіріледі, матаның оң бетінде негіздік жіп басым. Саржалық өрім матаның жоғары қабатына тегістік, үйкеліске төзімділік береді.
Киімге астарлық салудағы басты мақсат - бұйымның кеуде тұсына серпімділікпен тұрақтылық беру.
Олардың құрамы да әртүрлі болады: вискоза, полиэстр, араластар вискозамақта, полиэстрмақта, полиэстрштапель.
Вискоза және вискоза-ацетатты астарлық маталар комплексті жіптерден сызықтық тығыздығы 11; 13,3; 16,6 текс атласты, саржалық, майда өрнекті және ірі өрнекті өрімдерден дайындалады, олардың беттік тығыздығы 70-440 гм2. Табиғи ауыр астарларды жылы бұйымдар, яғни пальто және қыстық костюмдерде, таза вискозадан Белоруссия мен Молдавияда шығарылады.
Аралық маталар. Тігін бұйымдарының бөлек бөлшектеріне форма беру үшін және кию кезіндегі сол форманы сақтау үшін аралық маталар қолданылады. Бұлар классикалық аралық маталар - коленкор, мақта маталы, жартылай шұғалы өңімдер; желімдік және аралас әдістермен дайындалған бейматалар - флизелин, спанбонд, прокламелин, дублерин, фильц, Сюнт, Вива, Лийва.
Дублерин - аралық мата. Негізгі бұйымның ішкі жағынан орналасып, матаның форма ұстағыш қасиеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуші мата, негізгі мата бөлшектерін қатырмалау үшін қолданылады, бұйымның формасын сақтап тұрады.
Коленкор - мақта маталы, жұқа аралық мата. Ол тегіс боялған, ағартылған. Беттік тығыздығы - 92,97,105 гм2. Оны форма беру үшін қолданылады ( қалта бойлығына, жаға іштігі ретінде, қақпақша мен жапырақшаларды және т.б.).
Флизелин - аралық жайма, мақта (80%) және капроннан (20%) дайындалады, біртекті структуралы, ені 125 см, беттік тығыздығы 90-110 гм2, матаның орташа қалыңдығы 0,6 мм. Флизелиннің ерекшеліктері ол тығыздылығы, беріктілігі, ауа өткізгіштігі жоғары, гигроскопиялығы жоғары, химиялық тазалауға және ылғалды жылумен өңдеуге төзімділігі және бағасының қымбат еместігі.
Дипломдық жобада негізгі матадан атлас және капрон, астарлық матадан синтетикалық мата , аралық мата түрінен флизилин қолданылды.
Жалпы бұйымға мата таңдағаннан кейін, бұйымды бекіту, түймелеу үшін тігін жіптерін қолданамыз.
Тігін жіптерін табиғи және химиялық талшықтар мен жіптерден дайындайды. Соңғы жылдары жіптерді көбінесе химиялық талшықтар мен жіптерден дайындайды. Соған қарағанда, олар үзілу күшінің жоғарылығымен, бұйымды жуған кездегі жіптің сызықтық өлшемінің аз өзгеруімен ерекшеленгендіктен.
Жалпы бұйымның дайындалуына байланысты тігін жіптерінің классификациясы:
1. Қолданылуына байланысты - киімге, аяқ киімге, әрлеп тігуге және т.б. арналған;
2. Талшықтық құрамына байланысты - мақталы, шұғалы, жібек, синтетикалық, жасанды талшықтар мен жіптер;
3. Жіптің түр-түсіне байланысты - бір түсті, жылтыр, ақ, қара, түрлі-түсті және т.б.
2- кестеде бұйымға қолданылған тігін жібінің, иненің сипаттамасы берілген.
Таңдап алынған жіп талшықтық құрамына байланысты синтетикалыққа жатады.
Синтетикалық талшықтардан өндірілген жіптер( капрон және лавсан) кеңінен қолданылады.Синтетикалық жіптерді өндіру төмендегі процестерден тұрады: иірмей қосу, иіру, қайнату, ағарту немесе бояу, әрлеу.
Капрон мен лавсаннан алынған жіптер үзілуге беріктігінің жоғарылығымен, үйкеліске төзімділігімен, созымталдығымен ерекшеленеді.Синтетикалық жіптердің ылғалдың әсерінен отыруы шамамен 0,2%.
Штапельді тігіншілік жіптер - синтетикалық талшықтардан тоқылған жіптер. Олар синтетикалық талшықтардан алынған филаментті жіптермен салыстырғанда тігін машинасымен жұмыс жасауда орын алатын жылудың әсеріне төзімдірек келеді, берік, төзімді және мақта - маталық тігіншілік жіптермен салыстырғанда отырғыштығы төмен.
Синтетикалық жіптермен жұмыс жасаудың ерекшеліктері.Синтетикалық жіптермен жұмыс жасамас бұрын тігін машинасының күйін тексеріп алу қажет. Ине мен шөлмектің керілуі барынша босатылып , ал инешаншымның өрімдік түйіні тігілетін материалдардың ортасында болуы керек. Жіп жіпбағыттауыш құрылғыдан кедергісіз өтіп, орамнан бірқалыпты ағытылып отыруы керек. Жіпті шпулькаға кермей орайды; жіпті орау шпулька көлемінің 90%-ымен шектеледі.
Тігілетін материалдың инеге тесілгіштігін азайту үшін жіңішке инелерді қолданады.
2 - кесте. Тігін жібінің, иненің және тігістің өлшемі

Тігін жібінің
Аталуы
Жіптің сауда номері
Киімде қолданылуы
Ине номері
1см тігістің саны
1
2
3
4
5
Ideal
T 750
Көйлектің етегі
№110,120
3-4
Ideal
Т714
Көйлетің үстіңгі бөлігімен баскасы
№11,9
3-4
Ideal
T414,T737
оюларда
Бисер инесі №10
Қол тігіс

Фурнитура - тігін бұйымын түймелеуде, біріктіруде және де киімдерді эксплуатациялаудағы ыңғайлылығы ретінде қолданылады. Тігін өндірісіндегі фурнитураларға: түймелер, сыдырмалар, ілгектер,ілмектер және бисер т.б. жатады.
Таңдап алынған модельде күңгірт көк түсті сырма (замок - молния) қолданылады. Сырма мақта - маталық екі жолағына бекітілетін екі қатар тісшелерден және осы тісшелерді қосып - айыратын құлыпшадан тұрады. Конструкциясы бойынша сырманың екі түрі болады: 1) құлыптың сырғуын алынып - салынбайтын (неразъемный) шектеуішті; 2) алынып - салынбалы (разъемный) шектеуішті. Сырманың бірінші түрі түрлі киімдерге (көйлек, костюм, пальто, т.б.), екінші түрі арнайы жұмыс киімдеріне , спорттық күртелерге, терігалантереялық бұйымдарға салынады.
Тісшелер, құлыпша, шектеуіш жезден , болат лентадан , сондай-ақ пластмассадан өндіріледі. Звенолар жабық күйіндегі еніне байланысты сырма өте ұсақ(3мм-ге дейін), ұсақ(3-5мм), орташа(5-7мм), ірі(7-10мм), өте ірі (10мм және одан жоғары) деп бөлінеді. Ұзындықтары :120, 150, 180, 200, 250, 300 мм және одан жоғары.
Сырмаға қойылатын талаптар: жылтырақ болуы керек, бойында дақтары жоқ, тот баспаған болуы керек. Ілмектің тісшелері өлшемі бойынша бірдей болып, лентаға мығым бекітіліп, өздігінен ашылмауы керек. Құлыпша ілмектің өн бойында еркін жылжитындай болуы шарт. Ілмектің үзілуге беріктігі жабық күйінде борттық лентаның беріктігінің 50% - ынан төмен болмауы керек.
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ , сопақша, әр түрлі - хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды. Стеклярустың бисерден айырмашылығы - ол ұзындығы 3мм түтікше тәріздес болып келеді.
Бисерді ең көп шығаратын жерлер - Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.
Бисерді таңдау - үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері , түстері алуан түрлі. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды, қандай түсін алуды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті таңдай білу керек.
Бисермен кестеленетін мата тым қатты немесе жұқа емес, орташа қалыңдықта болуы керек.
Бисер тігу үшін арнайы жіңішке №10 ине қолданған жөн.
Жіптің мықтылау, жұмысқа кедергі жасамайтын, жіптің түсі қолданатын бисер түсімен сәйкес келуі керек.
Бисерлерді шыныдан жасалған қауашақтарда және қораптарда сақтаған дұрыс. Өйткені мұндай қораптардан бисердің түрі, түсі жақсы көрінеді.
Диплом жобасында бисер оюда қолданылған , ою туралы тоқталсақ:
Ою - өрнектер туралы түсінік. Халық даналығы өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық дейді. Қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай өнер, қандай қазына бар десек, оның бірі ою - өрнек болмақ. Оларды жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз.
Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою - таңбалар келе киізге, алаша, кілем, т.б. бұйымдарға салынатын болған. Ол белгі - таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Тіпті өз тұрмысына керекті заттардың бәрін қолөнер арқылы жасаған. Тарихи жазба деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, ұсталық, зергерлік, қырнаушылық, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік, т.б. қол өнер кәсіптері болған. Ою -өрнек таңбалары бертін келе сән - салтанат белгілеріне айналды. Табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана білген. Мысалға білезікті алайық. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауысып, әр дәуірде , әр қоғамда, әр түрлі сипат алып, күні бүгінге дейін жетіп отыр. Білезікті дүние жүзіндегі барлық елдерде салған. Бір таңданатын нәрсе, ол кезде адамдар білезікті кездейсоқ бәлекеттен, яғни тілден, көзден, бақытсыздықтан сақтайтын құдірет деп санаған.
Жалпы оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен атаулары күнделікті тұрмыстағы тұтыну тәсіліне қарай алуан түрлі. Мәселен, әшекейлі түр салудың кестелеу, ою зерлеу, сыру, теру, көз салу, бастыру, гүлдеу, таңдайлау, кереге көздеу, өткермелеу, шаршылау сияқты салалары ілмеліп, қайып, бүгіп, тепшіп, шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады.Сонымен қатар өру, бұрау, жону, ойып салу, құю, сызу, бояу, сүйектеу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілері қолданылады.Халық қолөнерінде жие қолданылатын мүйіз тектес ою - өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алды. Қошқар мүйіз, арқар мүйіз,марал мүйіз, бұғы мүйіз, қос мүйіз, қырық мүйіз,сыңар мүйіз, тармақ мүйіз, т.б. сияқты өрнектер өзіндік кескін таңбасымен, белгілі бір мән-мағынаны білдірумен көзге түскен. Бірақ солардың ішінде қошқар мүйізге көп мән берілген. Киетін киім мен аяқ- табанынан бастап, үйінің киізі мен керегесі, сықырлауық, ертұрман, үзеңгі, жүгеніне дейін қошқар мүйіз оюының элементтері бар.Онымен қоса қошқар мүйіз өрнегімен кілем, түскиіз, текеметтер, сандықтар, ағаш төсектер өрнектелген. Әшекей өрнек өнерінің осындай бір мәнерінің өзі де араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдениетін байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсетеді. Осы бір өнер ғасырлар бойы сыннан өтіп, бүгінгі өресі биік өнерімізге ұласып отыр. Оюлар өзінің мән - мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді:
1. Өсімдік өрнектер (жапырақ, шиыршық гүл, ағаш,т.б.);
2. Зооморфтық өрнек (жан - жануардың табиғи және фантастикалық бейнелері,қошқар және оның түрлері,нұсқалары);
3. Космогениялық өрнектер (дөңгелек, төрт құлақ, шимай, шұғыла, шексіздік,т.б.);
4. Геометриялық ою - өрнектер (төртбұрыш, үшбұрыш, ромб,т.б.):
Енді ою-өрнектер атауларын былай жіктеуге болады:
1. Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;
3. Аңға, аңның денесіне,ізіне байланысты ою- өрнектер;
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер;
5. Құстарға байланысты ою- өрнектер;
6. Жер, су, өсімдік, гүл, бұтақ бейнелі ою-өрнектер;
7.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер:
Қазақ ою-өрнектерінің өте жие қолданылатын 200-ден астам түрі бар.Олар: аймүйіз, алақан, айыртұяқ, баған өрнек, бес жапырақ, қаз мойын, жауқазын, жұлдыз, жүрекше, күмбез, құс қанаты, құс құйрығы,самұрық, тармақ, үркер, шөміш өрнек, салпыншақ, тұмар тіс, тұмар ою, түйе табан,түйе мойнақ, құс табан,т.б. мүйіз өрнектерінің мәнерлеріне қарай, қазақ арасында ғасырлар бойы қалыптасқан қошқар мүйіз,арқар мүйіз, сыңар мүйіз,өркеш мүйіз, сыңар өкше сияқты байырғы түрлері бар.Сонымен қатар ою-өрнектер тек эстетикалық мағлұмат емес, өмір салты, түйсік тағылымы туралы мағлұмат береді. Әрбір жануар мен затты бейнелейтін оюдың қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы, ырғағы мен колориті, соған арналған философиялық мәні де байқалады. Композиция дегеніміз - өрнекті заттың бетіне реттеп орналастыру. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағынан тең болуы. Колорит дегеніміз - ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы. Ырғақ - ою-өрнекте бір элементтіңқайталанып келуі.
Қошқар мүйіз - ою-өрнегі - байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқар мүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік, пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер иірім, шиыршық, иық, үшкіл, түйе табан, қос ирек, жұлдыз гүл т.б. аттарымен аталады.
Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:
1. Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
2. Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
3. Уақытқа қарай бейімделу.
Ертеден қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:
1. Мал өсіру мен аңшылық.
2. Жер-су, көшу-қону.
3. Заттардың сыртқы бейнесі.
Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюы қолданылып араласып отырады. Ою, сызу, бедерлеу ру, тайпалардың таңбаларында, малдың , ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдауда орын алады. Шеберлер сүйекті ойған, ағашты иген, тасты қашаған, мүйізді өңдеген, металды балқытқан өңдеген. Әсемділікті таңдай да, жасай да білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептеледі.
Таңдап алынған көйлектің үстіңгі кеуде алды бөлігі және баскасында өсімдік тектес ою бейнеленген . Ою бисерлермен қиғашталып қолтігіспен тігіліп сәнделген .

4.Жабдықтарды таңдау бөлімі

Тігін бұйымдары өндірісінің нәтижелігінің жоғарылауына киімнің технологиялық конструкциясын өндіру және енгізу үлкен маңыздылық береді. Бұл еңбек өнімділігінің пайызын 10-35%-ке ұлғайтып,нәтижесінде еңбек шығындары, қиын өңдеулерді азайтып, қол жұмыстарын қысқартады, жоғарлы сапалы желімдеу маталларын қолдану арқылы, түйіндерді өңдеу әдістерін жетілдіреді.
Жоғары сапалы тігін бұйымдары өндірісінің ұлғаюы техникалық қайта жабдықталу, бүгінгі өнеркәсіптің реконструкциясы, жаңа жабдықтардың енгізілуі және киім өндірісінде жаңа прогресивті технологияны қолдану негізінде еңбек өнімділігін жоғарылатуға себеп болады.
Өңдеу әдісін таңдау шығарылатын бұйымның жоғарғы сапасына тікелей әсер етіп, еңбек өнімділігін арттырып және бұйымның бағасын төмендетеді. Әртүрлі бұйымдарды дайындауда өңдеу әдісінің үш түрі қолданылады:
Рет-реттілікпен өңдеу, бұл бұйымның барлық бөлігінде барлық операцияларды бір немесе бірнеше құрал-жабдықпен рет-ретімен жасау. Бұған тігін машиналарында әртүрлі тігістер орындалады.
Параллельді рет-реттілікпен өңдеу, операцияның орындалуы реттілік және параллельді әдістерінің үндестігімен орындалады. Ең тиімді әдіс параллельді өңдеу әдісі.
Еңбек өніміділігінің үлкен мүмкіндіктерінің бір өтім кезінде бірнеше бөлінбейтін жинау операцияларын орындау немесе түйіндерді жасау мүмкідіктерін береді. Механизация және автомотизация құралы ретінде аз операциялы технологияны қолдану бір текті технологиялық операциялардың максимальды концентрациясына әсерін тигізеді.
Технологиялық конструкциялар сонымен бірге бұйымды дайындауға кететін мата шығынын азайтады.
Машина жабдықтарынан бөлек бұйым дайындағанда ЫЖӨ жабдықтарының алар орны орасан зор. Қазіргі таңда бұл жабдықтардың түрлі дизайындағы және мата талшықтарының құрамына қарай олардың ерекшеліктеріне назар аударылып шығарылуда.Соның ішінде ЫЖӨ - де престеу, буманекендері және әр түрлі компания үтіктері қолданылады.
Euroflex үтігі . Бұл үтік су толтыратын тетік, суға арналған резервуар, клапан, булы камера, булы тетікті табаннан тұрады. Ішкі құрылымында температура реттегіш, сушашқыш кнопкасы, сушашқыштың басы, бу реттегіш, реттеуіш инесі, табан, терморегулятор, бау тогы, бау ұстағыш, бау қыстырғыш планкасы, индикатор, қыздырғыш элементі бар. Үтіктің ерекшелігі: өзінің автоматты түрде жұмыс істеуінде, резервуарды сумен толтырып керекті температураны қоямыз. Үтікті қосқанда эндикатор қызыл түспен жанып, қажетті температурада қызғанда автоматты түрде өшеді.Егер қызу температурасы төмендесе автоматты түрде қайта қосылады.
УТП - 2ЭП үтігі:
Үтіктің салмағы - 2кг, электр қозғаушының қуаты - 1кВт, қызу температурасы - 100 - 200оС , қызу уақыты - 10 минут.
УТП - 2ЭП үтігінің құрамы мынадай бөліктерден тұрады: тұрық, табан, тұтқа, тұтқаның бүйір жағында клавиша орналасқан. Клавишаны басқан уақытта табанның саңылауынан бұйымға бу жіберіледі. Диск табанның қызу температурасын реттейді. Температура үтік табанының ойығына орналасқан термореттегішпен реттеледі.
TEFAL үтіктерінің сипаттамалық ерекшеліктері:
Ультраглисс үтігі
Профиль - 70, 1655 коды
Техникалық сипаттамасы:
Қуаты - 1400 Ватт
Реттелетін бу минутына - 0-20 гмин
Үтік конструкциясы құбырдағы суды қолданады.
Крахмалды қолдану кезінде матаға шашылғаны дұрыс . Әк дағынан өзін-өзі тазартатын бу - камерасы ескерілген .
ЫЖӨ - киім дайындау кезіндегі басты процесс болып табылады және технологиялық, конструкторлық есептеулердің логикалық аяқталуы болып есептеледі. Бұйымның сыртқы түріне, сапасына ылғалды жылумен өңдеу жұмыстары елеулі әсерін тигізеді. Бұл процесс өнімнің дайын болуына 20-25% пайызын қамтамасыз етеді.Капрон талшықты матаны ЫЖӨ - де төмен температурада құрғақ немесе дымқыл мата арқылы 10сек. аспай үтіктейді.
Janome машинасы Кореядан шыққан қазіргі заманауи жеңіл өнеркәсіпке арналған жартылай автоматты аяқ машинасы. Машинада түзеу тігіс, қиғаш тігіс түрі, түйме қадайтың лапкасы мен түйме орның торлау тігісі, сыдырма салатың лапкасы т.б құралдары мен тігіс түрлері бар.
51 класс торлау машинасы. Әр түрлі бұйымдарды тіккен кезде, қиықтарын торлау үшін машиналарын қолданады.
Торлау машиналары былайша жіктелінеді, олар:
oo бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау;
oo екі жіпті тізбекті айқаспалы торлау;
oo үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау;
Тері үлбірін қайып тігу кезінде бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасын қолданады.
Пальто және костюм қиықтарын торлау кезінде екі жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасын қолданады.
Көйлектік, ішкиімдік, трикотаждық бұйымдарды тіккен кезде үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау машинасын қолданады.
Бір жіпті тізбекті айқаспалы торлау тігісі тез тарқатылады. Оны жабық тігістерде қолданады.
Екі және үш жіпті тізбекті айқаспалы торлау тігісі тез тарқатылмайды, сондықтан онымен тез сетінейтін бұйымдарды торлайды.
51А класс торлау машинасы көйлектік, ішкиімдік, трикотаж бұйым бөліктерінің қиықтарын екі немесе үш жіпті тізбекті айқасумен торлайды. Машина Подольск механикалық зауыты шығарған.
51 класс машинасының техникалық сипаттамасы:
Тепшім ұзындығы, мм - 1,5-4.
Торлау ені, мм - 3-6.
Ине 0029N60-75ГОСТ 22249-82Е.
Негізгі білік жылдамдығы, тепмин - J3500 тепмин
Ине механизмі - айналшақты-иінтірмелі.
Матаны жылжыту механизмі - дифференциалды рейкалы типті (алдыңғы жіне артқы). 2 рейкадан тұрады.
Тігін машинасы. 1022 м класс машинасы. Бұл машина Орша Легмаш зауытында шығарылған, 1022 класс машинасының негізінде жасалған.
1022 класс машинасының негізгі артықшылығы - кейбір механизм конструкциясын өзгерту есебінен шудың азайтылуы.
Бұл машина ауыр пальтолық материалдардан бұйымдар тігуге арналған.
Техникалық сипаттамасы
Бұл машинаның электр жетегі және жоғарғы жіпті керіп босатуы автоматтандырылған.
Машинаның габариті, мм:
Ұзындығы, мм - 520;
Биіктігі, мм - 360
Ені, мм - 210
Машина салмағы, кг - 108
Негізгі біліктің максималды айналу жиілігі, мин - 4000.
Берілген қуаты, кВт - 0,37
Табанның көтерілу биіктігі, мм - 8.
Ине - 0203N90, 100, 110, 120, 130, 150 (ГОСТ 22249-82)
Тепшім ұзындығы, мм - 1,7-4,5.
Дипломдық жұмыста таңдалған матаға сай физико-механикалық қасиеттерін ескере отырып, тігін машиналарын және пресс құрал-жабдықтарын, жеңіл ассортиментке сәйкес өңдеу тәртібі таңдалады.

3 - кесте .Тігін машиналарының тізбесі мен технологиялық сипаттамасы


Құрал-жабдықты дайындаған кәсіпорын
Машина классы, түрі
тігістің түрі
Негізгі біліктің айналу жылдамдығы
Тігістің ұзындығы
Мата жылжытқыш механизмі
Ине (ГОСТ 22249761)
жіп
Өңделетін мата
Мата қалыңдығы, мм
Берілген қосымшалар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

1
Janome машинасы
392
Сырып тігіс
2800
1.5-4 мм дейін
Төменгі және жоғарғы тісті рейка
№9, 11
№T 750
Ат лас
0.5мм дей ін
-

2
Торлау машинасы Подольск механи калық зауыты

51
Тор лау
3500
1.5-4 мм дейін
2 рейк кадан тұра ды
№60,75Е.
0029
№ Т 750
Ат лас
0.5мм дей ін
Тор лау ені 3-6 мм
33

Орша Лег маш зауыты
1022 класс

Сырып тігіс
4000

1.7-4.5мм дейін

Төменгі және жоғарғы тісті рейка

0203N90, 100, 110, 120

№T 445
капрон

0.3 мм дей ін

-

5.Құрастыру бөлімі
Пропорциялық есепті құрастыру жүйелері алғашқы рет жаппай өндірісте кең пайдаланылды. Осы әдістердің негізінде адам денесінең өлшемдері туралы мәліметтер және кеңдікке берілетін қосымшалар қойылған. Бастапқы мәліметтер қазіргі уақытта келесі әдістемелер қолданылады.
ЕМКО, ЦОТШЛ, ЦНИШП, киім құрастырудың біріңғай әдістемесі ЕМКО СЕВ, МТИЛП, және т.б.
ЦНИШП тәсілінде 27 өлшем нышаны және 20 шақты қосымшалар қолданылады. Бұл тәсілге негізгі сызбаны сызбай тұрып, бірнеше конструкциялық бөлшектер параметірінің алдын-ала есептерін табамыз.
ЦОТШЛ тәсілі ЦНИШП тәсілігіндегі барлық есептеу тәсілінің формулаларын жеңілдетіп, ықшамдап жасалады.
ЕМКО СЕВ - сандық құрастыру жүйесі. Осы тәсілде негізгі конструкциялық нүктелер екі араб санымен белгіленеді.
Киімді конструкциялау кезінде ең маңызды мәселе силуэт формасы, типтік фигура формасына байланысты. Соңғы кездері конструкциялық тәсілдердің түрлері көп.
Адам денесінің негізі сүйек қаңқасынан тұрады. Сүйектер өзара буынмен немесе сіңірлермен бекіген. Адамның бас сүйегі жұлын омыртқамен бекітілген. Омыртқаға кеуде сүйек пен жамбас сүйектері бекіп орналасқан. Кеуде сүйектің жоғары бөлігіне иық сүйектері орналасқан: алдыңғы жағынан бұғана сүйектер, артқы жағынан жауырын сүйектер. Бұлар кеуде бөліктің сүйектерін ұстап тұрады. Жамбас сүйектерге адам денесінің төменгі бөліктері бекіген. Сүйектерге бұлшық еттер бірге бітіседі. Бұлшық еттің сырты тері қабатымен көмкерілген. Тері мен бұлшық еттің ортасына май қабаттары орнығады. Сүйек бітімі, бұлшық етер мен май қабаттарының қалыңдауы адам денесінің өлшемі мен қалпына әсер етеді. Адам дене мүсінінің қалпы мына белгілер арқылы ажыратылады: негізгі өлшемдік белгілер, дене тепе - теңдігі, сымбаты.
Негізгі өлшемдік белгіге адам бойы мен кеуде айналымын жатқызады. Бұл мөлшерлік белгілер сантиметрмен өлшенеді. Бой негізінен сүйек қаңқасының мөлшерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар киімінің ерекшеліктерін тігу технологиясы
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
Ұлттық киімдер тігу, оюлар ою
Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеуде оқушылардың шығармашылық және ісмерлік дағдыларын қалыптастыру
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Оқушыларды кәсіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясының маңызы
Машина инешаншым тігімдері
«Жеңіл киімнің технологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың тапсырмасы
Биыл сәнде баулы аяқ киімдер
Пәндер