Еңбек өнімділігі.Еңбек төлемі және оны ұйымдастыру. Еңбек өнімділігі туралы түсінік.Өлшеу әдістері. Кәсіпорынның қызметшілер санын жоспарлау



Еңбек өнімділігі – бұл өндіріс нәтижесінің адам еңбегінің шығынына қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек үдерісі тиімділігінің көрсеткіші.
Еңбек өнімділігінің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1. Дербес еңбек өнімділігі – бұл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімінің өнімділігі.
2. Жергілікті еңбек өнімділігі – аймақтағы немесе саладағы еңбек өнімділігі.
3. Қоғамдық еңбек өнімділігі –бұл халық шаруашылығы бойынша, толығымен ел экономикасының еңбек өнімділігі.
Еңбек өнімділігі жөнінде айтқанда біздің қоғамымызда бұл сұрақтың маңыздылығы материалдық игіліктер мен қызметті тұтынудың жан басына шаққандағы орташа шамасын арттыру қажеттілігімен анықталады.бұл мақсатқа жету үшін, еңбек өнімділігі деңгейін арттырудың басқа жолын пайдалану өндірісте тиімсіз,өйткені, нәтижесінде олар белгісіз сыртқы экономикалық тәуелділікке соқтырады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімділікті басқару технологиясын жасайтын арнайы мекемелер қызмет етеді. Мысалы; Батыс Еуропада еңбек өнімділігінің көптеген ұлттық орталықтары Өнімділіктің ұлттық орталығының еуропалық ассоциациясы болып бірігеді. Оңтүстік – Шығыс Азияда – Еңбек өнімділігінің азиялық ұйымы, АҚШ-та – Еңбек өнімділігінің америкалық орталығы қызмет етеді.
Экономиканың кез-келген саласында , әрбір шаруашылық жүйеде, өнімділікті өлшеуде өндірістің іс-әрекетінің нәтижесін, яғни өндірілген тауарлар көлемін мүмкіндігінше дәл өрнектеуді қамтамасыз ету маңызды. Әсіресе сала , кәсіпорын, жекелеген шаруашылық субъект деңгейінде өнім, қызмет, жұмыс көлемін неғұрлым дәл өрнектейтін табиғи көрсеткіштер болып табылады. Өнім түрлері ұқсас өндірісте, еңбек өнімділігін бағалауда өнімді өлшеудің шартты - табиға бірлігі қолданылады. Бұл үшін тауарлардың ұқсас түрлері, техникалық көрсеткіштері тұтынушылық қасиеттердің айырмашылығын көрсететін коэффициенттердің негізінде алдын ала анықталынған тауарлар өкілі деп аталатын бірлікте өрнектеледі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек өнімділігі.Еңбек төлемі және оны ұйымдастыру.

Еңбек өнімділігі туралы түсінік.Өлшеу әдістері.

Кәсіпорынның қызметшілер санын жоспарлау.

Еңбек өнімділігі – бұл өндіріс нәтижесінің адам еңбегінің шығынына
қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек үдерісі тиімділігінің көрсеткіші.

Еңбек өнімділігінің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1. Дербес еңбек өнімділігі – бұл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның
өндірістік бөлімінің өнімділігі.

2. Жергілікті еңбек өнімділігі – аймақтағы немесе саладағы еңбек
өнімділігі.

3. Қоғамдық еңбек өнімділігі –бұл халық шаруашылығы бойынша, толығымен ел
экономикасының еңбек өнімділігі.

Еңбек өнімділігі жөнінде айтқанда біздің қоғамымызда бұл сұрақтың
маңыздылығы материалдық игіліктер мен қызметті тұтынудың жан басына
шаққандағы орташа шамасын арттыру қажеттілігімен анықталады.бұл мақсатқа
жету үшін, еңбек өнімділігі деңгейін арттырудың басқа жолын пайдалану
өндірісте тиімсіз,өйткені, нәтижесінде олар белгісіз сыртқы экономикалық
тәуелділікке соқтырады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімділікті басқару технологиясын
жасайтын арнайы мекемелер қызмет етеді. Мысалы; Батыс Еуропада еңбек
өнімділігінің көптеген ұлттық орталықтары Өнімділіктің ұлттық орталығының
еуропалық ассоциациясы болып бірігеді. Оңтүстік – Шығыс Азияда – Еңбек
өнімділігінің азиялық ұйымы, АҚШ-та – Еңбек өнімділігінің америкалық
орталығы қызмет етеді.

Экономиканың кез-келген саласында , әрбір шаруашылық жүйеде,
өнімділікті өлшеуде өндірістің іс-әрекетінің нәтижесін, яғни өндірілген
тауарлар көлемін мүмкіндігінше дәл өрнектеуді қамтамасыз ету маңызды.
Әсіресе сала , кәсіпорын, жекелеген шаруашылық субъект деңгейінде өнім,
қызмет, жұмыс көлемін неғұрлым дәл өрнектейтін табиғи көрсеткіштер болып
табылады. Өнім түрлері ұқсас өндірісте, еңбек өнімділігін бағалауда өнімді
өлшеудің шартты - табиға бірлігі қолданылады. Бұл үшін тауарлардың ұқсас
түрлері, техникалық көрсеткіштері тұтынушылық қасиеттердің айырмашылығын
көрсететін коэффициенттердің негізінде алдын ала анықталынған тауарлар
өкілі деп аталатын бірлікте өрнектеледі.

Өнім, жұмыс және қызмет көлеменің өнімділігін табиғи немесе шартты-табиғи
бірлікпен өлшегенде келесідей формула қолданылады:

Ө=ТЕШ

Мұнда: Т – тауарлар көлемі;

ЕШ – еңбек шығындары.

Қоғамдағы өндірістің басты факторының бірі – ол жұмыс күші. Нарықты
экономикаға негізделген тауарлы өндірісте жұмыс күші тауар болып табылады.
Оның басқа тауарлардан ерекшелігі :

- Ол өзінің құнынан анағұрлым артық тұратын құн құрайды;

- онсыз кез-келген кәсіпорынның мүмкіндіктері жүзеге аса алмайды ;

- барлық өндірістік және айналым қорын пайдаланудың тиімділігіде осы
жұмыс күшіне тікелей байланысты .

Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау оны тиімді
пайдалану, кадр саясатын дұрыс жүргізу дегенді білдіреді . Оның негізгі
бағыттары :

- жұмыс күшінің саны мен сапасы, олардың негізгі және қосымша
нысандары ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметшілерді басқару
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің ұйымдастырудың жіктемесі
Еңбекақы түрлері мен мағнасы
Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру «Доссормұнай» МГӨБ
«Жартаc» ЖШС-ндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау, оны арттыру мақсатында кәсіпорын тарапынан жасалатын шаралар жүйесіне баға беру, оның кемшіліктерін анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну
Қызметшілер санын анықтау
Жұмысқа алу мен жұмыстан
Шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың есебі
Персоналды дамытуды басқару
Кәсіпорын жұмысшысының еңбекақы құрылымы
Пәндер